Конституциялық Сот 🇰🇿
✔
6.4K subscribers
1.68K photos
267 videos
1.6K links
🇰🇿Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

🇰🇿Конституционный Суд Республики Казахстан

https://taplink.cc/consud.kz
Download Telegram
🌐 Әлемдегі конституциялық сот төрелігі жаңалықтары

Италияның Конституциялық соты жаңартылатын энергия нысандарына рұқсат беруді тоқтатқан заң нормасын Конституцияға қайшы деп таныды

Италияның Конституциялық соты Сардиния өңірінің күн және жел электр станцияларын орналастыруға жарамды аумақтар тізіміне енгізілмеген жерлерде мұндай нысандардың құрылысына рұқсат беруді уақытша тоқтатқан заң нормасын Конституцияға сәйкес келмейді деп таныды.

Соттың қорытындысына сәйкес, өңір өзіне берілген өкілеттіктердің шегінен шыққан. Соттың пікірінше, мұндай тыйым жаңартылатын энергия көздерін дамыту жөніндегі ұлттық және Еуропалық одақтың мақсаттарына қайшы келеді. Сонымен қатар, бұл шектеу қаралу сатысына және жобаға салынған инвестициялар көлеміне қарамастан, барлық жобаларға ешқандай ерекшеліксіз қолданылған.

#КонституциялықСот #Конституция #АдамҚұқықтары #ҚұқықҮстемдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐 Новости мира конституционного правосудия

Конституционный суд Италии признал неконституционным положение закона, приостанавливавшее выдачу разрешений на объекты возобновляемой энергетики
 
Конституционный суд Италии признал не соответствующим Конституции положение закона региона Сардиния, которым была приостановлена выдача разрешений на строительство солнечных и ветровых электростанций на территориях, не включенных в перечень пригодных для их размещения.

Суд пришел к выводу, что регион вышел за пределы своих полномочий. По мнению Суда, такой запрет противоречит государственным и европейским целям по развитию возобновляемой энергетики. Кроме того, он затронул все проекты без исключения, независимо от стадии их рассмотрения и уже вложенных инвестиций.

#КонституционныйСуд #Конституция #ПраваЧеловека #ВерховенствоПрава
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа Конституция отбасын дербес конституциялық құндылық ретінде бекітті – Конституциялық Соттың Төрағасы
 
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясы отбасыны дербес конституциялық құндылық ретінде бекітіп, оны қорғаудың кепілдіктерін едәуір күшейткенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Астанада өткен «Отбасы саясаты мен гендерлік әділеттіліктің конституциялық кепілдіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстелді ашу барысында айтты.

Конституциялық Сот Төрағасының айтуынша, Ата Заңның 30-бабының конституциялық мәні оның сөзбе-сөз мазмұнынан әлдеқайда кең.

«Отбасы тек әлеуметтік қорғау объектісі ретінде ғана емес, сонымен қатар адамның қадір-қасиетіне, бостандығына, ерлі-зайыптылардың теңдігіне, отбасы мүшелерінің өзара жауапкершілігіне және ұрпақтар сабақтастығына негізделген дербес конституциялық құндылық ретінде бекітілген», – деп атап өтті Эльвира Азимова.


Ол сондай-ақ отбасын қорғау мен гендерлік әділеттілікті қамтамасыз ету бірін-бірі толықтыратын міндеттер екенін айтты.

«Гендерлік әділеттіліктің қазіргі заманғы түсінігі формалды теңдік шеңберінен әлдеқайда кең. Ол әйелдер мен ерлердің кәсіби қызметті, отбасылық міндеттерді және қоғамдық өмірге қатысуды ұштастыра отырып, өздерінің конституциялық құқықтарын тең дәрежеде жүзеге асыруына мүмкіндік беретін құқықтық әрі әлеуметтік жағдайларды қалыптастыруды көздейді», – деді Конституциялық Соттың Төрағасы.


Эльвира Азимова Конституциялық Соттың жаңа конституциялық өкілеттіктеріне де ерекше тоқталды. Оның айтуынша, жаңартылған Конституция Сот шешімдерінің құқықтық маңызын едәуір арттырды. Конституциялық Соттың шешімдері қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылады, түпкілікті саналады және шағым жасауға жатпайды.

Сонымен қатар, Ата Заң Конституциялық Сот берген конституциялық-құқықтық түсіндіруде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолданудың міндеттілігін бекітті. Сондай-ақ Конституциялық Сотқа халықаралық ұйымдар мен олардың органдары шешімдерінің орындалуының Конституцияға сәйкестігін қарау жөніндегі жаңа өкілеттік берілді. Эльвира Азимованың айтуынша, бұл өзгерістер Конституцияның үстемдігін нығайтуға, құқықтық айқындықты қамтамасыз етуге, сот практикасының біркелкілігін қалыптастыруға және адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын неғұрлым тиімді қорғауға бағытталған.

Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Конституциялық Соттың бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.

Іс-шараға Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Жақып Асанов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, сондай-ақ сот жүйесінің, мемлекеттік органдардың, ғылыми және сарапшылық қоғамдастықтың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қатысушылар отбасы саясатының конституциялық-құқықтық негіздерін, отбасыны, ана мен әкені және баланы қорғаудың конституциялық кепілдіктерін іске асыру мәселелерін, теңдік пен кемсітушілікке жол бермеу қағидаттарын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдарының құқық қолдану практикасының бірізділігін қалыптастырудағы маңызын талқылады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар отбасы саясатын одан әрі дамыту жаңа конституциялық кепілдіктерді тиімді іске асыруға, отбасы институтын нығайтуға, жауапты ата-ананы қолдауға және гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталуға тиіс екенін атап өтті.
Новая Конституция закрепила семью как самостоятельную конституционную ценность - Председатель Конституционного Суда
 
Председатель Конституционного Суда Эльвира Азимова заявила, что вступившая в силу 1 июля 2026 года обновленная Конституция Республики Казахстан закрепила семью как самостоятельную конституционную ценность и существенно усилила гарантии ее защиты. Об этом она сообщила, открывая в Астане круглый стол «Конституционные гарантии семейной политики и гендерного равенства».

По словам Председателя Конституционного Суда, конституционный смысл статьи 30 Основного Закона значительно шире ее буквального содержания.

«Семья закрепляется не только как объект социальной защиты, но и как самостоятельная конституционная ценность, основанная на достоинстве личности, свободе, равенстве супругов, взаимной ответственности членов семьи и преемственности поколений», - подчеркнула Эльвира Азимова.


Она отметила, что защита семьи и обеспечение гендерной справедливости являются взаимодополняющими задачами.

«Современное понимание гендерной справедливости выходит за рамки формального равенства. Оно предполагает создание правовых и социальных условий, при которых женщины и мужчины могут в равной мере реализовывать свои конституционные права, сочетая профессиональную деятельность, семейные обязанности и участие в общественной жизни», - сказала Председатель Конституционного Суда.


Отдельное внимание Эльвира Азимова уделила новым конституционным полномочиям Конституционного Суда. По ее словам, обновленная Конституция существенно повысила значение решений Суда. Они вступают в силу со дня принятия, являются общеобязательными на всей территории страны, окончательными и не подлежат обжалованию.

Кроме того, Основной Закон закрепил обязательность применения законов в том конституционно-правовом истолковании, которое дает Конституционный Суд, а также наделил Суд новым полномочием - рассматривать вопросы соответствия Конституции исполнения решений международных организаций и их органов. Эти изменения, отметила Эльвира Азимова, направлены на укрепление верховенства Конституции, правовой определенности, единообразия судебной практики и более эффективную защиту конституционных прав и свобод человека.

Круглый стол был организован Национальной комиссией по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте Республики Казахстан совместно с Конституционным Судом. В обсуждении приняли участие Уполномоченный по вопросам семьи Снежанна Имашева, Уполномоченный по правам человека Артур Ластаев, председатель Комиссии по правам человека при Президенте Республики Казахстан Жакип Асанов, вице-министр культуры и информации Евгений Кочетов, а также представители судебной системы, государственных органов, научного и экспертного сообщества и общественных организаций.

Участники обсудили конституционно-правовые основы семейной политики, реализацию гарантий защиты семьи, материнства, отцовства и детства, обеспечение равенства и недискриминации, а также значение правовых позиций Конституционного Суда для формирования единообразной правоприменительной практики.

По итогам дискуссии участники подчеркнули, что дальнейшее развитие семейной политики должно быть направлено на эффективную реализацию новых конституционных гарантий, укрепление института семьи, поддержку ответственного родительства и обеспечение гендерного равенства.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎦 Елордада отбасы саясаты мен гендерлік әділеттіліктің конституциялық кепілдіктері талқыланды.

🔗 https://youtu.be/GYMp_uVzq28?si=bskN5uzViwYqYk91
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎦 В столице обсудили конституционные гарантии семейной политики и гендерного равенства.

🔗 https://youtu.be/CNEq_ene_cI?si=3zU9yLPge6qnk13o
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎦 «Отбасы саясаты мен гендерлік әділеттіліктің конституциялық кепілдіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында Конституциядағы отбасы мәселелері талқыланды.

🔗 https://youtu.be/3YRRpiCyj4o?si=suZHN5H9rbb8rpYC
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎦 Конституционные основы защиты семьи обсудили на круглом столе «Конституционные гарантии семейной политики и гендерного равенства».

🔗 https://youtu.be/eetzmcy7iyE?si=TDQwAGb3Pz7jYJLS
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐 Әлемдегі конституциялық сот төрелігі жаңалықтары

Таиланд Конституциялық Соты 400 млрд бат көлеміндегі төтенше қарыз алу туралы жарлықты Конституцияға сәйкес деп таныды

Таиланд Конституциялық Соты Қаржы министрлігіне энергетикалық дағдарыстың салдарын еңсеру және елдің энергетикалық көшуін қолдау мақсатында 400 млрд бат көлемінде қарыз тарту өкілеттігін беретін төтенше жарлықты Конституцияға сәйкес деп таныды.

Конституциялық Сотқа Өкілдер палатасының 133 депутаты жүгінді. Олардың пікірінше, төтенше жарлық Таиланд Конституциясының 172-бабының бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес келмейді. Аталған нормаға сәйкес мұндай актілерді тек мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне қатысты және өзге де шұғыл әрі бұлтартпас мән-жайлар туындаған жағдайда ғана қабылдауға болады.

Сот бірауыздан қарыз қаражатын энергетикалық дағдарыстан зардап шеккен халықты, фермерлерді және кәсіпкерлерді қолдауға бағыттауды көздейтін жарлықтың бөлігін конституциялық деп таныды.

Жарлықтың 200 млрд батты энергия тиімділігін арттыруға, қазба отыннан жаңартылатын және баламалы энергия көздеріне көшуге, сондай-ақ осы саладағы дағдылар мен инновацияларды дамытуға бағыттауды көздейтін екінші бөлігі жеті судьяның қолдауымен, екі судьяның қарсылығына қарамастан, Конституцияға сәйкес деп танылды.

Осылайша, Конституциялық Сот төтенше жарлықтың екі бөлігінің де Таиланд Конституциясының 172-бабы бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес келетінін растады.

#КонституциялықСот #Конституция #АдамҚұқықтары #ҚұқықҮстемдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐 Новости мира конституционного правосудия

Конституционный Суд Таиланда признал конституционным чрезвычайный заем на 400 млрд батов
 
Конституционный Суд Таиланда признал соответствующим Конституции чрезвычайный указ, предоставляющий Министерству финансов полномочия привлечь заем в размере 400 млрд батов для преодоления последствий энергетического кризиса и поддержки энергетического перехода страны.

В Конституционный Суд обратились 133 депутата Палаты представителей. Они полагали, что чрезвычайный указ не отвечает требованиям части первой статьи 172 Конституции Таиланда, допускающей принятие таких актов только в неотложных и неизбежных обстоятельствах, связанных, в частности, с экономической безопасностью государства.

Суд единогласно признал конституционной часть указа, предусматривающую использование заемных средств для поддержки населения, фермеров и предпринимателей, пострадавших от энергетического кризиса.

Вторая часть указа, предусматривающая направление 200 млрд батов на повышение энергоэффективности, переход от ископаемого топлива к возобновляемым и альтернативным источникам энергии, а также развитие соответствующих навыков и инноваций, признана соответствующей Конституции большинством голосов – семь против двух.

Таким образом, Конституционный Суд признал обе части чрезвычайного указа соответствующими требованиям части первой статьи 172 Конституции Таиланда.

#КонституционныйСуд #Конституция #ПраваЧеловека #ВерховенствоПрава
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қазақтың домбырасын Памир шыңына көтерді

Қазақстандық альпинист, музыкант, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрының әртісі Әлібек Қайырбек Памир тау жүйесіндегі биіктігі 6148 метр болатын Раздельная шыңына Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы мен қазақтың домбырасын алып шықты.

Бұл экспедиция Қазақстанды, оның мәдениетін, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтарын халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған «Әлем шыңдарындағы домбыра» халықаралық мәдени-патриоттық жобасы аясында жүзеге асырылды.

Жоба аясында Әлібек Қайырбек Еуропа, Африка, Гималай, Тянь-Шань және Памирдің ең биік шыңдарына көтеріліп, қазақтың күй өнерін әлемге танытып келеді. Әрбір экспедиция Қазақстан Республикасын лайықты таныстыруға, қазақ халқының бай тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі мен жетістіктері туралы халықаралық қауымдастыққа кеңінен ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Раздельная шыңында Әлібек Қайырбек домбырамен қазақ күйлерін орындап, Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясын көтерді. Халықаралық экспедициялар барысында ол әртүрлі мемлекеттерден келген альпинистерге Қазақстанның тарихы, мәдениеті, мемлекеттік рәміздері және еліміздің Ата Заңы туралы таныстырады.

2025 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Әлібек Қайырбек тарихта тұңғыш рет Конституцияны Гималайдағы Айленд-Пик шыңына алып шыққан болатын. Ал 2026 жылы ол осы патриоттық дәстүрді жалғастырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясын Памир шыңына көтерді.

Бұл бастама Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға, конституциялық құндылықтарды, ұлттық мәдениетті және отансүйгіштік рухты дәріптеуге ықпал етеді.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | X (Twitter)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституцию Республики Казахстан и казахскую домбру подняли на вершину Памира

Казахстанский альпинист, музыкант и артист Казахского национального музыкально-драматического театра имени Калибека Куанышбаева Алибек Кайырбек поднял действующую Конституцию Республики Казахстан и казахскую домбру на вершину Пик Раздельная (6148 метров) в Памире.

Восхождение состоялось в рамках международного культурно-патриотического проекта «Домбыра на вершинах мира», направленного на популяризацию Казахстана, его культуры, государственных символов и национальных ценностей на международной арене.

За годы реализации проекта Алибек Кайырбексовершил уникальные восхождения на высочайшие вершины Европы, Африки, Гималаев, Тянь-Шаня и Памира, где исполнял казахские кюи на домбре. Каждая экспедиция становится возможностью достойно представить Республику Казахстан, рассказать мировому сообществу о богатой истории, культуре, традициях и достижениях казахского народа.

На вершине Пика Раздельная Алибек Кайырбекисполнил казахские кюи на домбре, а также поднял действующую Конституцию Республики Казахстан. В ходе международных экспедиций он знакомит альпинистов из разных стран с историей Казахстана, его культурой, государственными символами и Основным Законом страны.

В 2025 году, в честь 30-летия Конституции Республики Казахстан, Алибек Кайырбек впервые в истории поднял Конституцию на вершину Айленд-Пик в Гималаях. В 2026 году он продолжил эту патриотическую традицию, подняв действующую Конституцию Республики Казахстан на вершину Памира.

Данная инициатива способствует укреплению международного имиджа Казахстана, популяризации конституционных ценностей, национальной культуры и патриотизма.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | X (Twitter)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 ӨТКЕН АПТАЛАРДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСТІ
 
📆 20.07.2026 – 02.08.2026
 
 ✅ Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының толық мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде аудио және бейне форматтарда қолжетімді
🔗 толығырақ
 
✅ Жаңа Конституция отбасын дербес конституциялық құндылық ретінде бекітті – Конституциялық Соттың Төрағасы
🔗 толығырақ
 
✅ Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қазақтың домбырасын Памир шыңына көтерді
🔗 толығырақ
 
📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | X (Twitter)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 ДАЙДЖЕСТ НОВОСТЕЙ КОНСТИТУЦИОННОГО СУДА ЗА МИНУВШИЕ НЕДЕЛИ
 
📆 20.07.2026 – 02.08.2026
 
 ✅ Полный текст новой Конституции Республики Казахстан доступен в аудио- и видеоформатах на государственном и русском языках
🔗 подробнее
 
✅ Новая Конституция закрепила семью как самостоятельную конституционную ценность - Председатель Конституционного Суда
🔗 подробнее
 
✅ Конституцию Республики Казахстан и казахскую домбру подняли на вершину Памира
🔗 подробнее

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | X (Twitter)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Конституциялық Сотта ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясымен кездесу өтті
 
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) миссия басшысы Винсент Пикет жетекшілік еткен делегациясымен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда жүргізіліп жатқан, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, Конституцияның үстемдігі қағидатын нығайтуға және жария биліктің тиімділігін арттыруға бағытталған конституциялық реформаны талқылады.

Миссия өкілдеріне мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының, азаматтық қоғам институттарының және ел азаматтарының кеңінен қатысуымен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия әзірлеген Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы туралы ақпарат ұсынылды. Конституция жобасын талқылау ашық қоғамдық консультациялар форматында өтіп, азаматтардың ұсыныстарын жинауға арналған цифрлық тетіктер кеңінен қолданылғаны атап өтілді.

Кездесуде азаматтардың сайлау құқықтарының конституциялық кепілдіктеріне және Конституциялық Соттың сайлау процесі саласындағы өкілеттіктеріне ерекше назар аударылды. Конституциялық Сот Конституцияда айқындалған субъектілердің өтініштері бойынша Құрылтай депутаттарын сайлаудың дұрыс өткізілуіне қатысты дауларды қарай отырып, сайлау процесінің заңдылығына конституциялық бақылауды қамтамасыз ететіні айтылды.

Эльвира Азимова Қазақстанның ЕҚЫҰ ДИАҚБ-мен ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытып келе жатқанын атап өтіп, халықаралық сарапшылық диалогты демократиялық институттарды нығайтудың, сайлау процестерінің ашықтығын қамтамасыз етудің және конституциялық сот төрелігін одан әрі жетілдірудің маңызды тетігі ретінде қарастыратынын жеткізді.

Кездесуге қатысушылар Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету, адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелерін талқылап, конституциялық бақылау институтын одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар конституциялық сот төрелігі, құқық үстемдігі және адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сындарлы ынтымақтастық пен кәсіби диалогты жалғастыруға өзара мүдделілік танытатынын растады.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM