Конституциялық Сот 🇰🇿
✔
6.5K subscribers
1.7K photos
267 videos
1.6K links
🇰🇿Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

🇰🇿Конституционный Суд Республики Казахстан

https://taplink.cc/consud.kz
Download Telegram
Конституционный Суд: вопрос об отнесении документа к охраняемой законом тайне решается по конкретному уголовному делу

Конституционный Суд рассмотрел обращение о проверке на соответствие Конституции части первой статьи 254 Уголовно-процессуального кодекса, регулирующей порядок выемки документов, содержащих государственные секреты или иную охраняемую законом тайну.

Поводом для обращения стало уголовное дело, по которому заявитель была признана виновной в использовании заведомо подложного документа. Заявитель не согласилась с выводом суда о том, что лист о временной нетрудоспособности не содержит сведений, составляющих охраняемую законом тайну.

По мнению заявителя, неопределенность понятия «иная охраняемая законом тайна» в оспариваемой норме не позволяет однозначно определить необходимость санкции следственного судьи при выемке соответствующих документов.

Конституционный Суд отметил, что Конституция гарантирует неприкосновенность частной жизни, личную и семейную тайну, а также защиту персональных данных. Законодательство предусматривает различные виды охраняемой законом тайны, включая тайну медицинского работника, и устанавливает процессуальные гарантии при выемке документов, содержащих такие сведения.

В частности, выемка документов, содержащих государственные секреты или иную охраняемую законом тайну, производится с санкции следственного судьи. Сведения, полученные с нарушением требований уголовно-процессуального закона, не могут использоваться в качестве доказательств.

Вопрос о том, содержит ли конкретный документ охраняемую законом тайну и требовалась ли санкция следственного судьи при его выемке, связан с оценкой обстоятельств конкретного уголовного дела и относится к компетенции суда, рассматривающего дело.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐 Әлемдегі конституциялық сот төрелігі жаңалықтары

Түркияның Конституциялық Соты электрондық сауда алаңдарын тұтынушылар алдындағы жауапкершіліктен босатуды конституцияға қайшы деп таныды

Түркияның Конституциялық Соты электрондық сауда алаңдарының операторларын сатушылар ұсынатын ақпараттың, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заңнама талаптарына сәйкес келмеуі үшін жауапкершіліктен босатуды көздейтін заңнамалық ережелердің конституциялылығы туралы мәселені қарады.

Сот электрондық делдалдарды жауапкершіліктен толық босату жекелеген жағдайларда тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғауға кедергі келтіруі мүмкін екенін атап өтті. Атап айтқанда, бұл сатушыны іс жүзінде жауапкершілікке тарту мүмкін болмаған жағдайларға қатысты.

Өз шешімінде Сот сатушы мен сатып алушы арасындағы техникалық байланысты ғана қамтамасыз ететін делдалдар мен тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді таныстыру және ілгерілету бойынша неғұрлым белсенді қызмет атқаратын делдалдардың аражігін ажыратты.

Сот белгілі бір мән-жайларда белсенді делдалды жауапкершіліктен босату оның мүліктік мүдделері мен тұтынушылардың құқықтары арасындағы әділ тепе-теңдікті бұзуы мүмкін екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Сот мемлекеттің мүліктік құқықтар мен тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету міндетіне назар аударды.

Осыған байланысты қаралған нормалар конституцияға қайшы деп танылды. Заң шығарушыға жаңа құқықтық реттеу тетігін әзірлеуге мүмкіндік беру мақсатында аталған нормалардың күшін жою тоғыз айға кейінге қалдырылды.

Дереккөз: Түркия Республикасының Конституциялық Соты https://normkararlarbilgibankasi.anayasa.gov.tr/kbb/pages/search/NormDenetimi?id=a2JiOjk1ZDJlM2RjLTFhM2YtMzgzNC1iOTY1LWVhMWMwOTM2MzY0Zg&type=NormDenetimi

#КонституциялықСот #Конституция #АдамҚұқықтары #ҚұқықҮстемдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐 Новости мира конституционного правосудия

Конституционный Суд Турции признал неконституционным освобождение электронных торговых площадок от ответственности перед потребителями

Конституционный Суд Турции рассмотрел вопрос о конституционности положений законодательства, освобождавших операторов электронных торговых площадок от ответственности за незаконность содержания, товаров или услуг, предлагаемых продавцами.

Суд отметил, что полное освобождение электронных посредников от ответственности в определенных случаях может препятствовать эффективной защите прав потребителей, в том числе когда продавец фактически недоступен для привлечения к ответственности.

Суд в своем решении разграничил посредников, обеспечивающих исключительно техническую связь между продавцом и покупателем, и посредников, осуществляющих более активную деятельность по представлению и продвижению товаров или услуг. Суд отметил, что освобождение от ответственности активного посредника при определенных обстоятельствах может нарушать справедливый баланс между его имущественными интересами и правами потребителей.

Суд также указал на обязанность государства обеспечивать эффективную защиту имущественных прав и прав потребителей. В связи с этим проверенные нормы признаны неконституционными, а их отмена отложена на девять месяцев для предоставления законодателю возможности установить новое правовое регулирование.

Источник: Конституционный Суд Турции https://normkararlarbilgibankasi.anayasa.gov.tr/kbb/pages/search/NormDenetimi?id=a2JiOjk1ZDJlM2RjLTFhM2YtMzgzNC1iOTY1LWVhMWMwOTM2MzY0Zg&type=NormDenetimi

#КонституционныйСуд #Конституция #ПраваЧеловека #ВерховенствоПрава
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты дегеніміз не?

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты – конституциялық бақылауды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының Конституциясының бүкіл ел аумағында үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган. Конституциялық Сот Төрағадан және өкілеттік мерзімі сегіз жыл болатын он судьядан құралады. Конституциялық Соттың ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Что такое Конституционный Суд Республики Казахстан?
 
Конституционный Суд Республики Казахстан – независимый государственный орган, осуществляющий конституционный контроль и обеспечивающий верховенство Конституции Республики Казахстан на всей территории страны.
Конституционный Суд состоит из Председателя и десяти судей, срок полномочий которых восемь лет.
Организация и деятельность Конституционного Суда регулируются конституционным законом.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐 Әлемдегі конституциялық сот төрелігі жаңалықтары

Индонезияның Конституциялық Соты дербес деректерді трансшекаралық тасымалдау кезінде оларды қорғау мәселелерін қарады

Индонезияның Конституциялық Соты дербес деректерді ел аумағынан тыс жерлерге беруді реттейтін «Дербес деректерді қорғау туралы» заң ережелерінің конституциялылығына қатысты істі қарады.

Конституциялық Сотқа төрт студент шағымданып, дербес деректерді шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға беру кезінде оларды құқықтық қорғау деңгейінің төмендеу ықтималдығына алаңдаушылық білдірді.

Сот өтініш берушілердің талаптарын қанағаттандырудан бас тарта отырып, дербес деректерді трансшекаралық беру кезінде олардың тиісінше қорғалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Соттың ұстанымына сәйкес, бұл саладағы мемлекеттік бақылау кешенді сипатта болуы, ал деректерді қабылдаушы мемлекет олардың белгіленген талаптарға сай қорғалу деңгейін қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен қатар, Сот деректерді қабылдаушы мемлекеттің заңнамасы мен дербес деректерді қорғау тетіктерін бағалауда дербес деректерді қорғау жөніндегі уәкілетті органның маңызды рөлін атап өтті.

Дереккөз: Индонезияның Конституциялық Соты https://en.mkri.id/news/details/2026-05-25/State_Must_Control_Personal_Data_Transfer_Holistically?utm_source

#КонституциялықСот #Конституция #АдамҚұқықтары #ҚұқықҮстемдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐 Новости мира конституционного правосудия

Конституционный Суд Индонезии рассмотрел вопросы защиты персональных данных при их трансграничной передаче

Конституционный Суд Индонезии рассмотрел дело о конституционности положений Закона о защите персональных данных, регулирующих передачу персональных данных за пределы страны.

С жалобой обратились четыре студента, выразившие обеспокоенность возможным снижением уровня правовой защиты персональных данных при их передаче иностранным государствам и международным организациям.

Суд отклонил требования заявителей, одновременно указав на необходимость обеспечения надлежащей защиты персональных данных при их трансграничной передаче.

Суд указал, что государственный контроль в данной сфере должен носить комплексный характер, а государство-получатель — обеспечивать уровень защиты данных, соответствующий установленным требованиям.

Суд отметил роль уполномоченного органа по защите персональных данных в оценке законодательства и механизмов защиты данных государства-получателя.

Источник: Конституционный Суд Индонезии https://en.mkri.id/news/details/2026-05-25/State_Must_Control_Personal_Data_Transfer_Holistically?utm_source?

#КонституционныйСуд #Конституция #ПраваЧеловека #ВерховенствоПрава
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты қандай мәртебеге ие?

Конституциялық Сот өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде дербес және азаматтардан, ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, лауазымды және өзге де адамдардан тәуелсіз болады, Қазақстан Республикасының Конституциясын және «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын басшылыққа алады.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Каким статусом обладает Конституционный Суд Республики Казахстан?
 
При осуществлении своих полномочий Конституционный Суд самостоятелен и независим от граждан, организаций, государственных органов, должностных и иных лиц, руководствуется Конституцией Республики Казахстан и Конституционным законом Республики Казахстан «О Конституционном Суде Республики Казахстан».

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐 Әлемдегі конституциялық сот төрелігі жаңалықтары

Испанияның Конституциялық соты өңірлердің тұрғын үй бағасының өзіндік индекстерін белгілеу құқығын растады

Испанияның Конституциялық соты Баск елі үкіметінің «Тұрғын үйге құқық туралы» заңның жекелеген ережелеріне қатысты шағымын қанағаттандырмады.

Сот аталған заңда қолданылатын ұғымдар тек осы заңның ережелерін түсіндіру және қолдану үшін белгіленгенін атап өтті. Заң тұрғын үй саласындағы мемлекеттік органдар қызметінің жалпы қағидаттарын айқындайды. Оның негізгі мақсаты – меншік иелерінің құқықтарын қорғау және азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, Сот тұрғын үй бағасының мемлекеттік индексі өңірлер белгілейтін индекстерден жоғары тұрмайтынын түсіндірді. Яғни Испанияның автономиялық өңірлері өз құзыреті шегінде тұрғын үй бағасын бағалауға арналған жеке индекстерін әзірлеп, қолдануға құқылы.

Дереккөз: Испанияның Конституциялық соты https://www.tribunalconstitucional.es/NotasDePrensaDocumentos/NP_2026_084/NOTA%20INFORMATIVA%20N%C2%BA%2084-2026.pdf?utm_source=

#КонституциялықСот #Конституция #АдамҚұқықтары #ҚұқықҮстемдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐 Новости мира конституционного правосудия

Конституционный Суд Испании подтвердил право автономных сообществ устанавливать региональные индексы цен на жилье

Конституционный Суд Испании отклонил жалобу Правительства Страны Басков на отдельные положения Закона о праве на жилье.

Суд отметил, что содержащиеся в законе определения установлены для целей его применения и не имеют характера субсидиарных норм для автономных сообществ. Закон определяет общие ориентиры деятельности компетентных органов в жилищной сфере, направленные на обеспечение прав, связанных с собственностью, и содействие доступу к жилью.

При этом Суд указал, что государственный индекс цен на жилье не имеет приоритета над региональными индексами. Автономные сообщества вправе устанавливать собственные справочные индексы в пределах предоставленных им полномочий.

Источник: Конституционный Суд Испании https://www.tribunalconstitucional.es/NotasDePrensaDocumentos/NP_2026_084/NOTA%20INFORMATIVA%20N%C2%BA%2084-2026.pdf?utm_source=

#КонституционныйСуд #Конституция #ПраваЧеловека #ВерховенствоПрава⁠
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық Сот Аппаратының қызметкерлері Азия конституциялық соттары қауымдастығының Жазғы мектебінде білім алды

2026 жылғы 4–9 қазан аралығында Түркия Республикасында Азия конституциялық соттары және оларға теңестірілген институттар қауымдастығының (AACC) «Құқықтар мен бостандықтарды шектеудің негізгі қағидаттары» тақырыбындағы XIV Жазғы мектебі өтті.

Түркия Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Кадыр Өзкаяның бастамасымен және қолдауымен Қауымдастықтың Адами ресурстарды оқыту және дамыту орталығы базасында ұйымдастырылған іс-шараға 39 елден 74 қатысушы, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жазғы мектеп жұмысына Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының қызметкерлері – Өтініштерді бастапқы қарау және қабылдау бөлімі Құжаттамалық қамтамасыз ету секторының меңгерушісі М. Төлендиева және Халықаралық ынтымақтастық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты А. Нұрушева қатысты.

Іс-шара бағдарламасы аясында конституциялық бақылау органдары мен жоғары сот органдары өкілдерінің баяндамалары тыңдалып, сарапшылық талқылаулар өткізілді және адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы ұлттық тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.

Тақырыптық сессия барысында қазақстандық қатысушылар Қазақстан Республикасында адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеудің конституциялық қағидаттары туралы таныстырылым жасады. Онда адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайтуға бағытталған жаңа Конституцияның ережелері, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын ескере отырып, құқықтар мен бостандықтарды шектеудің жол берілетін шектеріне қойылатын конституциялық талаптар баяндалды.

Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етудегі және конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғаудағы Конституциялық Соттың рөліне, оның ішінде нормативтік құқықтық актілердің конституциялылығын тексеру арқылы жүзеге асырылатын қызметіне ерекше назар аударылды.

Жазғы мектепке қатысушылар ұлттық конституциялық нормаларды қолдану тәжірибесімен алмасып, құқықтар мен бостандықтарды шектеудің жол берілетін шектерін айқындау тәсілдерін, сондай-ақ адам құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарын іске асыру мәселелерін талқылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының өкілдеріне XIV Жазғы мектепке қатысқаны және оның табысты өтуіне қосқан үлесі үшін Түркия Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының атынан сертификаттар табысталды.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сотрудники Аппарата Конституционного Суда прошли обучение в Летней школе Ассоциации азиатских конституционных судов

С 4 по 9 октября 2026 года в Турецкой Республике состоялась XIV Летняя школа Ассоциации азиатских конституционных судов и эквивалентных институтов (ААCC) на тему «Основные принципы ограничения прав и свобод».

Мероприятие, организованное по инициативе и при поддержке Председателя Конституционного Суда Турецкой Республики Кадыра Озкая на базе Центра обучения и развития человеческих ресурсов Ассоциации, объединило 74 участника из 39 стран, а также представителей международных организаций.

В работе Летней школы приняли участие сотрудники Аппарата Конституционного Суда Республики Казахстан – заведующий Сектором документационного обеспечения Отдела первичного рассмотрения обращений и приема М. Тулендиева и главный консультант Отдела международного сотрудничества и организационного обеспечения А. Нурушева.

Программа включала выступления представителей органов конституционного контроля и высших судебных органов, экспертные дискуссии и обмен национальным опытом в сфере защиты конституционных прав и свобод человека.

В рамках тематической сессии казахстанцы представили презентацию о конституционных принципах ограничения прав и свобод человека в Республике Казахстан. Были освещены положения новой Конституции, направленные на укрепление гарантий прав и свобод человека, а также конституционные требования к допустимым пределам их ограничения с учетом общепризнанных принципов и норм международного права.

Отдельное внимание было уделено роли Конституционного Суда в обеспечении верховенства Конституции и защите конституционных прав и свобод, в том числе посредством проверки конституционности нормативных правовых актов.

Участники Летней школы обменялись опытом применения национальных конституционных норм, обсудили подходы к определению допустимых пределов ограничения прав и свобод и вопросы реализации международных стандартов защиты прав человека.

По итогам мероприятия представителям Аппарата Конституционного Суда Республики Казахстан вручены сертификаты за участие и вклад в успешное проведение XIV Летней школы от имени Председателя Конституционного Суда Турецкой Республики.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM