Конституциялық Сот 🇰🇿
✔
7.01K subscribers
1.76K photos
272 videos
1.64K links
🇰🇿Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

🇰🇿Конституционный Суд Республики Казахстан

https://taplink.cc/consud.kz
Download Telegram
📌 ӨТКЕН АПТАДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСТІ
 
📆 26.10.2026 – 01.11.2026
 
✅ Қазақстан Конституциялық Сотының делегациясы конституциялық сот төрелігінде жасанды интеллектті қолдану мәселелері жөніндегі өңірлік талқылауға қатысты
🔗 толығырақ
 
✅ Конституциялық Сот қайта ұстап алу кезіндегі адамдардың құқықтық жағдайындағы айырмашылықтарды түсіндірді
🔗 толығырақ
 
✅ Конституциялық Сот: тұрғын үйді меншікке алуға арналған тұрғын үй төлемдері бір рет қана беріледі
🔗 толығырақ
 
✅ Конституциялық Сот пен АХҚО соты құқықтық қорғау мәселелерін талқылады
🔗 толығырақ 

✅ Конституциялық Сот бала құқықтары жөніндегі уәкілдерді балаларды қорғауға қатысты шешімдерімен таныстырды
🔗 толығырақ 

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 ДАЙДЖЕСТ НОВОСТЕЙ КОНСТИТУЦИОННОГО СУДА ЗА МИНУВШУЮ НЕДЕЛЮ
 
📆 26.10.2026 – 01.11.2026
 
✅ Делегация Конституционного Суда Казахстана приняла участие в региональной дискуссии о применении искусственного интеллекта в конституционном правосудии
🔗 подробнее
 
✅ Конституционный Суд разъяснил различия в правовом положении лиц при повторном задержании
🔗 подробнее
 
✅ Конституционный Суд: жилищные выплаты для приобретения жилья в собственность предоставляются однократно
🔗 подробнее

✅ Конституционный Суд и Суд МФЦА обсудили вопросы правовой защиты
🔗 подробнее

✅ Конституционный Суд ознакомил омбудсменов по правам ребенка со своими решениями по защите детства
🔗 подробнее

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық Сот: талап қою арызын қайтару сот арқылы қорғалу құқығынан айырмайды

📨 Конституциялық Сотқа Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің талап қою арызын қайтару негіздерін реттейтін 152-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасының, сондай-ақ мемлекеттік баж төлеу бойынша жеңілдіктерді белгілеген 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық кодексінің 616-бабының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш келіп түсті.

Өтініш беруге денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарына, сондай-ақ мемлекеттік органдарға олардың әрекеттерін заңсыз деп тану және келтірілген зиянды өтеу туралы берілген талап қою арызының процестік талаптардың сақталмауына байланысты сот тарапынан қайтарылуы негіз болған. Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот актісін өзгеріссіз қалдырған.

Өтініш берушінің пайымдауынша, Азаматтық процестік кодекстің дауланып отырған нормасында талап қою арызын қайтарудың нақты негіздері айқындалмаған. Сонымен қатар кәмелетке толмаған баланың денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар бойынша мемлекеттік баж төлеу жеңілдігінің болмауы сот төрелігіне қол жеткізу мүмкіндігін шектейді.

Конституциялық Сот сот арқылы қорғалу құқығына Конституция кепілдік беретінін, ал оны іске асыру тәртібі заңмен айқындалатынын атап өтті. Заңнамада көзделген процестік талаптар сот төрелігін тиісінше жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған және сотқа жүгінуге негізсіз кедергілер келтірмеуге тиіс.

Сот белгіленген талаптардың, оның ішінде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың ұсынылмауы талап қою арызын қайтаруға негіз болуы мүмкін екенін түсіндірді. Бұл ретте азамат жол берілген кемшіліктерді жойғаннан кейін сотқа қайта жүгінуге құқылы, сондай-ақ талап қою арызын қайтару туралы ұйғарымға шағым жасауға болады. Демек, қолданыстағы Азаматтық процестік кодекске сәйкес, арызды қайтару сот арқылы қорғалу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Азаматтың Салық кодексінің 616-бабына қатысты талабын қарау барысында Конституциялық Сот өтініште көрсетілген Кодекстің қолданысын тоқтатқанын атап өтті. Жалпы қағида бойынша, қолданысын тоқтатқан нормативтік құқықтық актілерге қатысты өтініштер конституциялық іс жүргізуге қабылданбайды. Бұған аталған актілер тиісті құқықтық қатынастарға әлі де қолданылатын жағдайлар кірмейді.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституционный Суд: возвращение искового заявления не лишает права на судебную защиту

📨 В Конституционный Суд поступило обращение о проверке на соответствие Конституции подпункта 3) части первой статьи 152 Гражданского процессуального кодекса, регулирующего основания возвращения искового заявления, а также статьи 616 Налогового кодекса от 25 декабря 2017 года, устанавливавшей льготы по уплате государственной пошлины.

Поводом для обращения стало возвращение судом искового заявления к организациям здравоохранения, образования и государственным органам о признании их действий незаконными и возмещении вреда в связи с несоблюдением процессуальных требований. Апелляционная инстанция оставила судебный акт без изменения.

Заявитель полагал, что оспариваемая норма ГПК не определяет четких оснований для возвращения иска, а отсутствие льготы по уплате государственной пошлины по требованиям о возмещении вреда здоровью несовершеннолетнего ограничивает доступ к правосудию.

Конституционный Суд отметил, что право на судебную защиту гарантировано Конституцией, а порядок его реализации определяется законом. Предусмотренные процессуальные требования призваны обеспечивать надлежащее осуществление правосудия и не должны создавать необоснованных препятствий для обращения в суд.

Суд разъяснил, что несоблюдение установленных требований, в том числе отсутствие документа об уплате государственной пошлины, может повлечь возвращение искового заявления. При этом гражданин вправе повторно обратиться в суд после устранения допущенных недостатков, а определение о возвращении иска может быть обжаловано. Следовательно, согласно действующему ГПК возвращение заявления не исключает возможности судебной защиты.

Рассматривая требование гражданина в отношении статьи 616 Налогового кодекса, Конституционный Суд указал, что указанный в обращении Кодекс утратил силу. По общему правилу обращение в отношении утративших силу нормативных правовых актов не принимается к конституционному производству, за исключением случаев, когда они продолжают применяться к соответствующим правоотношениям.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық Сот: кассациялық тәртіппен қайта қарау – сот арқылы қорғалудың қосымша кепілдігі

📨 Конституциялық Сотқа Қылмыстық-процестік кодекстің жекелеген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау мүмкіндігін шектейтін 484-бабы екінші бөлігінің 2) тармақшасын Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан тексеру туралы өтініш келіп түсті.

Өтініш беруге апелляциялық сатыдағы соттың арыз иесіне жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырудан бас тартуы негіз болды. Бұған дейін бірінші сатыдағы сот сотталған адамның өтінішхатын қанағаттандырған, алайда апелляциялық саты бұл шешімнің күшін жойған.

Өтініш берушінің пікірінше, мұндай сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау мүмкіндігінің болмауы оның сот арқылы қорғалу, жеке бас бостандығы, сондай-ақ заң мен сот алдындағы теңдікке қатысты конституциялық құқықтарын бұзады.

Конституция әркімнің сот арқылы қорғалу құқығына кепілдік беретінін, алайда сот сатыларының санын және сот актілерін қайта қарау тәртібін белгілемейтінін Конституциялық Сот атап өтті. Бұл мәселелер процестік заңнамамен реттеледі.

Сот арқылы қорғалу ісі бірінші сатыдағы сотта қаралып, оны апелляциялық тәртіппен қайта қарау мүмкіндігі арқылы қамтамасыз етілетінін Конституциялық Сот түсіндірді. Ал заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау сот төрелігінің қосымша кепілдігі болып табылады. Оны іске асырудың негіздері мен тәртібін заң шығарушы айқындайды.

Сонымен қатар Конституциялық Сот дау айтылып отырған норманы соттар өтініш берушінің ісін қарау кезінде қолданбағанын анықтады. Азаматтың Конституциялық Сотқа жүгінуінің жол берілетіндігін айқындайтын міндетті шарттардың бірі – дау айтылып отырған құқық нормасының нақты іс бойынша мемлекеттік органдар мен соттардың шешімдерінде қолданылуы.

Аталған шарттың сақталмауына байланысты Конституциялық Сот өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдаудан бас тартты.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституционный Суд: кассационный пересмотр является дополнительной гарантией судебной защиты

📨 В Конституционный Суд поступило обращение о проверке на соответствие Конституции подпункта 2) части второй статьи 484 Уголовно-процессуального кодекса, ограничивающего возможность кассационного пересмотра отдельных судебных актов.

Поводом для обращения стал отказ суда апелляционной инстанции в замене заявителю неотбытой части наказания более мягким видом наказания. Ранее суд первой инстанции удовлетворил ходатайство осужденного, однако апелляционная инстанция отменила это решение.
По мнению заявителя, невозможность кассационного пересмотра такого судебного акта нарушает его конституционные права на судебную защиту, личную свободу и равенство перед законом и судом.

Конституционный Суд отметил, что Конституция гарантирует каждому право на судебную защиту, но не определяет количество судебных инстанций и порядок пересмотра судебных актов. Эти вопросы регулируются процессуальным законодательством.

Суд разъяснил, что судебная защита обеспечивается возможностью рассмотрения дела в первой инстанции и его пересмотра в апелляционном порядке. Кассационный пересмотр вступивших в законную силу судебных актов выступает дополнительной гарантией правосудия, основания и порядок реализации которой определяются законодателем.

Вместе с тем Конституционный Суд установил, что оспариваемая норма не применялась судами при рассмотрении дела заявителя. Применение оспариваемой нормы права в решениях государственных органов и судов в конкретном деле является обязательным условием допустимости обращения гражданина в Конституционный Суд.

В связи с несоблюдением данного условия Конституционный Суд отказал в принятии обращения к конституционному производству.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық Сот жәрдемақы тағайындау кезінде ескерілетін наградалар мәселесін қарастырады

➤ Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты ана болуға байланысты берілген тиісті атақтар мен наградаларды ескере отырып, жәрдемақы тағайындауды реттейтін Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 93-бабы 1-тармағының бірінші бөлігі мен 94-бабының 1-тармағын Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан тексеру туралы азаматшаның өтініші бойынша отырыс өткізді.

Өтініш берушінің ұстанымы

Өтініш беруші кеңестік кезеңде бала туып, тәрбиелегені үшін берілген наградалар жәрдемақы тағайындау кезінде Қазақстан Республикасының тиісті наградаларымен тең дәрежеде ескерілуі тиіс деп есептейді.

Оның пікірінше, марапаттау өлшемшарттары «Күміс алқа» алқасымен ұқсас болғанына қарамастан, басқа танылған наградалардан айырмашылығы – III дәрежелі «Ана даңқы» ордені мен I дәрежелі «Ана медалі» Әлеуметтік кодексте көзделмеген.

Өтініш берушінің пайымдауынша, мұндай айырмашылық теңдік қағидатына және азаматтардың конституциялық құқықтарына әсер етеді.

Істің мән-жайлары

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1971 жылғы 26 сәуірдегі және 1975 жылғы 30 қазандағы жарлықтарымен өтініш беруші бес баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелегені үшін II дәрежелі «Ана медалімен», ал алты баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелегені үшін I дәрежелі «Ана медалімен» марапатталған.

Ол соттан I дәрежелі «Ана медалін» «Күміс алқа» наградасына тең деп тануды, тиісті жәрдемақы тағайындауды және моральдық зиянды өтеуді сұраған. Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан.

Отырысқа қатысушылар

Отырысқа Құрылтайдың, Бас прокуратураның, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Әділет министрлігінің, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының, Парламентаризм институтының өкілдері, сондай-ақ сарапшы қатысты.

Баяндамашы-судья – Б.М. Нұрмұханов.

❗Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес Конституциялық Соттың ресми сайтында, сондай-ақ «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланады.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституционный Суд рассмотрит вопрос о наградах, учитываемых при назначении пособия

➤ Конституционный Суд Республики Казахстан провел заседание по обращению гражданки о проверке на соответствие Конституции части первой пункта 1 статьи 93 и пункта 1 статьи 94 Социального кодекса Республики Казахстан, регулирующих назначение пособий с учетом соответствующих званий и наград за материнство.

Позиция заявительницы

Заявительница считает, что советские награды за рождение и воспитание детей должны учитываться при назначении пособия наравне с соответствующими наградами Республики Казахстан.

По ее мнению, несмотря на сходство критериев награждения с подвеской «Күміс алқа», в отличие от других признанных наград из Социального кодекса исключены орден «Материнская слава» III степени и медаль «Медаль материнства» I степени. По мнению заявительницы, такое различие затрагивает принцип равенства и конституционные права граждан.

Обстоятельства дела

Указами Президиума Верховного Совета Казахской ССР от 26 апреля 1971 года и 30 октября 1975 года заявительница награждена медалями «Медаль материнства» II степени за рождение и воспитание пятерых детей и I степени — за рождение и воспитание шестерых детей.

В суде она просила признать медаль I степени равнозначной награде «Күміс алқа», назначить соответствующее пособие и взыскать моральный вред. Суды первой и апелляционной инстанций отказали в удовлетворении иска.

Участники заседания

В заседании приняли участие представители Курултая, Генеральной прокуратуры, Министерства труда и социальной защиты населения, Национального центра по правам человека, Министерства юстиции, Института законодательства и правовой информации, Института парламентаризма, а также эксперт.

Судья-докладчик — Б.М. Нурмуханов.

❗️Итоговое решение Конституционного Суда будет опубликовано в соответствии со статьей 65 Конституционного закона на официальном сайте Конституционного Суда⁠, а также в газетах «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда».

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық Сот әке ретінде тіркеудің құқықтық негіздерін қарайды

➤ Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты азаматтың «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 51-бабы 2-тармағының бірінші бөлігі мен Жоғарғы Соттың әке болуды даулау тәртібін реттейтін нормативтік қаулысының 15-тармағы бірінші абзацының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініші бойынша отырыс өткізді.

Дауланып отырған нормаларға сәйкес, егер адам баланың тууын тіркеу кезінде өзінің оның биологиялық әкесі емес екенін білген болса, кейіннен әке болуды даулау туралы талабын қанағаттандыруға жол берілмейді.

Өтініш берушінің ұстанымы

Өтініш беруші мұндай құқықтық реттеу адамның сот арқылы қорғалу құқығын негізсіз шектейді деп есептейді.

Оның пікірінше, баланың анасымен неке бұзылған жағдайда да биологиялық әкесі болып табылмайтын адамның баланы күтіп-бағу және тәрбиелеу жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттері сақталады. Бұл өзге де құқықтық салдарға әкеп соғады.

Істің мән-жайлары

Өтініш материалдарына сәйкес, азамат баланың биологиялық әкесі емес екенін біле тұра, туу туралы акт жазбасында оның әкесі ретінде көрсетілуіне өз еркімен келісім берген.

Неке бұзылғаннан кейін ол баланың туу туралы акт жазбасынан өзі туралы әкесі ретіндегі мәліметтерді алып тастау туралы талап қою арызымен сотқа жүгінген.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар дауланып отырған нормаларды басшылыққа алып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан. Соттар азаматтың әке болуды өз еркімен мойындағанын және оның ерік білдіруіне қысым жасалғанын немесе еркінің бұзылғанын растайтын дәлелдердің жоқтығын негізге алған.

Отырысқа қатысушылар

Отырысқа өтініш берушінің өкілі, Құрылтайдың, Бас прокуратураның, Оқу-ағарту министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Әділет министрлігінің, Республикалық адвокаттар алқасының, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының, сондай-ақ Парламентаризм институтының өкілдері қатысты.

Іс бойынша баяндамашы-судья – А.Е. Жатқанбаева.

❗Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес Конституциялық Соттың ресми сайтында, сондай-ақ «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланады.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM