⛽ Көліктер істен шығып, жүргізушілер шығынға батуда. Энергетика министрлігі бұған дейін қайда қарады?
Қазақстанның бірнеше өңірінде жүргізушілер АИ-95 және АИ-98 бензинін құйғаннан кейін көліктерінде ақау пайда болғанын айтып, жаппай шағымдануда. Бірінде қозғалтқыш тұрақсыз жұмыс істей бастаған, енді бірі көлігін жөндеуге жүз мыңдаған теңге жұмсауға мәжбүр болған.
Сонда жанармай сапасын бақылауға жауапты мемлекеттік органдар осы уақытқа дейін не істеді? Энергетика министрлігі мәселе қоғамда резонанс тудырып, жүргізушілерден көптеген шағым түскеннен кейін ғана Павлодар мұнай-химия зауытында тексеру жүргізіп, бензиннен сынама ала бастаған.
Сонда сапаны бақылау жүйесі тек көліктер бұзылып, халық шығынға батқаннан кейін ғана іске қосылды ма? Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов әзірге мәселенің нақты себебі анықталмағанын мәлімдеді. АЗС өкілдері зауытқа сілтейді, ал зауыт өз өнімінің сапасына қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Осы аралықта қарапайым жүргізуші нақты жауапсыз қалып отыр.
Егер сараптама нәтижесінде көліктердің бұзылуына сапасыз бензин себеп болғаны дәлелденсе, бірнеше маңызды сұрақ туындайды.
Бұл жерде мәселе бір партия бензинде ғана емес. Мәселе - жанармай сапасын мемлекеттік бақылау жүйесінің қаншалықты тиімді жұмыс істеп отырғанында. Халық көлігі істен шыққаннан кейін тексеру жүргізу бақылау емес, салдармен күресу деп айтар едік.
Енді Энергетика министрлігі тек бензиннің қайдан шыққанын анықтап қана қоймай, неге бұл жағдайдың алдын алмағанын да қоғамға түсіндірсін.
https://t.me/dalainside

- Кім жауап береді?
- Жүргізушілердің шығынын кім өтейді?
- Сапасыз жанармайдың АЗС-ке дейін жетуіне кім жол берді?
- Ең бастысы, мұндай жағдайды алдын ала анықтауы тиіс бақылау жүйесі неге жұмыс істемеді?
Бұл жерде мәселе бір партия бензинде ғана емес. Мәселе - жанармай сапасын мемлекеттік бақылау жүйесінің қаншалықты тиімді жұмыс істеп отырғанында. Халық көлігі істен шыққаннан кейін тексеру жүргізу бақылау емес, салдармен күресу деп айтар едік.
Енді Энергетика министрлігі тек бензиннің қайдан шыққанын анықтап қана қоймай, неге бұл жағдайдың алдын алмағанын да қоғамға түсіндірсін.
https://t.me/dalainside
👍34😡8🔥4👎1
🧠 Қариннің келуімен Қазақстан Think tank жүйесіне өтетін болады
Вице-президент институты Қазақстанның аналитикалық қуатын күшейтуі тиіс. Ерлан Қариннің стратегиялық талдау тәжірибесі жоғары. Ол кезінде Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтын басқарды, мемлекеттік басқару жүйесінде қоғамдық-саяси процестерді талдаумен ұзақ айналысты.
Үкімет кез келген реформаның экономикалық тиімділігін есептей алса да, оның үш жылдан кейін инфляцияға, бизнеске, өңірлерге, халықтың табысына немесе қоғамдық көңіл-күйге қалай әсер ететінін кешенді бағалау әлдеқайда күрделі.
Вице-президент институтының маңызды функцияларының бірі осындай стратегиялық аналитикалық сүзгі болатыны сөзсіз. Үкімет белгілі бір бастама ұсынса, Президентке тек сол бастаманың артықшылықтары емес, оның балама сценарийлері, тәуекелдері мен ұзақ мерзімді салдары да қатар беріле бастамақ. Бұл система Think tank деп аталады. Оның басты фокусы бүгінгі мәселені ғана емес, ертеңгі салдарын көруге бағытталған.
Демек Қазақстан шешім қабылдаудың жаңа архитектурасына ауыспақ. Мысалы, қыркүйек-қазан айларында осы жүйе арқылы қабылданған алғашқы шешімдерді көретін боламыз.

Қазақстанда аналитика жоқ емес. Министрліктер, Президент Әкімшілігі, Ұлттық банк, ҚСЗИ, зерттеу институттары мен сарапшылар жеткілікті. Бірақ көбінде осы ақпараттың барлығы бір жерге жиналып, мемлекеттік шешім қабылдауға арналған тұтас аналитикалық өнімге айнала бермейді.
Үкімет кез келген реформаның экономикалық тиімділігін есептей алса да, оның үш жылдан кейін инфляцияға, бизнеске, өңірлерге, халықтың табысына немесе қоғамдық көңіл-күйге қалай әсер ететінін кешенді бағалау әлдеқайда күрделі.
Вице-президент институтының маңызды функцияларының бірі осындай стратегиялық аналитикалық сүзгі болатыны сөзсіз. Үкімет белгілі бір бастама ұсынса, Президентке тек сол бастаманың артықшылықтары емес, оның балама сценарийлері, тәуекелдері мен ұзақ мерзімді салдары да қатар беріле бастамақ. Бұл система Think tank деп аталады. Оның басты фокусы бүгінгі мәселені ғана емес, ертеңгі салдарын көруге бағытталған.
Демек Қазақстан шешім қабылдаудың жаңа архитектурасына ауыспақ. Мысалы, қыркүйек-қазан айларында осы жүйе арқылы қабылданған алғашқы шешімдерді көретін боламыз.
https://t.me/dalainside
👍34🤮12😁6
🏦 Мемлекет банктерді экономикаға кредит беруге толық мәжбүрлей алмады
Банктерден ақша шықпағандықтан, Ұлттық қордан келесі жылы көбірек қаржы алып, түрлі жобаларды қаржыландыру бойынша жоспар құрылды. Оған қоса, «Бәйтерек» қоры сыртқы және ішкі нарықтан қарыз алып, оны бірнеше кәсіпорын ашуға бағыттайтын болады. Есесіне, мемлекет енді банктерге мүлде көмектеспеуге ниетті.
Еліміздегі банктерде ақша қоры аз емес. 1 тамыздағы жағдай бойынша банк жүйесінің активтері 75,6 трлн теңгеге жетті. Оның 23,2 трлн теңгесі жоғары өтімді активтер қатарында. Бір айдың өзінде өтімді активтер тағы 4%-ға көбейген. Демек, ақша бар. Ұлттық банктің 7 күндік депозиттік аукциондары тамыз-қыркүйекте 16,75% кірістілікпен өтті. 4 қыркүйектегі бір ғана аукционға банктер 2,7 трлн теңге әкелген. Сонда банктердің экономика мен бизнесті қаржыландырғаннан көрі, ноталар мен облигацияларға ақша сала салып, оңай табыс табуға үйреніп алғанын көреміз.
Бір ғана мысал. 2026 жылдың алғашқы алты айында мемлекет алдындағы қарызы 900 миллиард теңгеден кем түсейтін Alatau City банкінің инвестициялық бағалы қағаздары клиенттерге берген кредитінен де көп болған. Оның 1,4 триллион теңгелік инвестициялық портфелінің кемінде 756,8 миллиард теңгесі мемлекеттік облигациялар мен Ұлттық банк ноталарына салынған. Сонда банктің облигация мен басқа инвестициялық қағазға салған ақшасы клиенттерге берген кредитінен 218 миллиард теңгеге көп.
Қазіргі қалыптасқан жағдайда банктер экономиканы кредиттеуге мүлде құлықсыз. Ал мемлекет кәсіпкерлікті күшейтіп, түрлі нысандар салу үшін сырттан қарыз алуға мәжбүр. Үкіметтің банктерді ортақ іске тарту бойынша ниеті мүлде орындалмады.

«Банктер экономиканы қолдай қоймағандықтан, мемлекет ҚНРДА арқылы өзінің риторикасын қатаңдатты. Тіпті келесі жылы банктер ұстап отырған мемлекеттік қарызды толық қайтарып алу керек деген консенсус бар. Қазір банктер график бойынша борыштарын төлеп отыр. Бірақ ол мемлекетті қанағаттандырмайды. Банктер барлық қарызын бірден қайтарса, дәл сол ақшаны мемлекет «Бәйтерек» қорына беріп, кәсіпкерлік пен бизнесті қаржыландыра бастауы мүмкін», - дейді, дереккөз.
Еліміздегі банктерде ақша қоры аз емес. 1 тамыздағы жағдай бойынша банк жүйесінің активтері 75,6 трлн теңгеге жетті. Оның 23,2 трлн теңгесі жоғары өтімді активтер қатарында. Бір айдың өзінде өтімді активтер тағы 4%-ға көбейген. Демек, ақша бар. Ұлттық банктің 7 күндік депозиттік аукциондары тамыз-қыркүйекте 16,75% кірістілікпен өтті. 4 қыркүйектегі бір ғана аукционға банктер 2,7 трлн теңге әкелген. Сонда банктердің экономика мен бизнесті қаржыландырғаннан көрі, ноталар мен облигацияларға ақша сала салып, оңай табыс табуға үйреніп алғанын көреміз.
Бір ғана мысал. 2026 жылдың алғашқы алты айында мемлекет алдындағы қарызы 900 миллиард теңгеден кем түсейтін Alatau City банкінің инвестициялық бағалы қағаздары клиенттерге берген кредитінен де көп болған. Оның 1,4 триллион теңгелік инвестициялық портфелінің кемінде 756,8 миллиард теңгесі мемлекеттік облигациялар мен Ұлттық банк ноталарына салынған. Сонда банктің облигация мен басқа инвестициялық қағазға салған ақшасы клиенттерге берген кредитінен 218 миллиард теңгеге көп.
Қазіргі қалыптасқан жағдайда банктер экономиканы кредиттеуге мүлде құлықсыз. Ал мемлекет кәсіпкерлікті күшейтіп, түрлі нысандар салу үшін сырттан қарыз алуға мәжбүр. Үкіметтің банктерді ортақ іске тарту бойынша ниеті мүлде орындалмады.
https://t.me/dalainside
👍22👎3🤯3
⛽ Мұнайшылар дабыл қағуда. Әңгіме бензин маржасына қатысты болып отыр
DALA INSIDE-қа белгілі болғандай, қазақстандық мұнай өндіруші компаниялар Мемлекет басшысына ұжымдық түрде жүгініп, жанар-жағармай нарығын либерализациялаудан түскен қосымша маржаның мемлекетке алынатын үлесін қазіргі 50%-дан 95%-ға дейін көтермеуді сұраған.
Әңгіме жай ғана акциз мөлшерін индексациялау туралы емес. Егер мұнайшылардың келтірген дерегі рас болса, Үкімет нарықтық бағаға көшуден өндірушілер алған қосымша табыстың іс жүзінде барлығын дерлік фискалдық механизм арқылы бюджетке қайтаруды қарастырып отыр.
Алайда мұнай өндірушілерінің есебінше, мәселе тек осы 50%-бен шектелмейді. ҚҚС пен басқа да жанама салықтарды қосқанда, либерализациядан пайда болған маржаның нақты фискалдық алынуы қазірдің өзінде орта есеппен 64–70%-ға жетеді. Ал қосымша акциз арқылы алынатын үлес 95%-ға көтерілсе, ішкі нарыққа мұнай жеткізудің экономикасы түбегейлі өзгеруі мүмкін. Егер ішкі нарықтағы бағаны еркін жібергеннен кейін пайда болған маржаның 95%-ы қайта алынатын болса, компаниялар үшін либерализацияның экономикалық мәні жоғалады деген уәж айтылып отыр.
Нәтижесінде өндірушілер ішкі нарыққа мұнай жеткізуден шығын шегуі, жаңа кен орындары мен өндіріске инвестиция салуға ынтасы төмендеуі мүмкін. Ал ұзақ мерзімде бұл жанар-жағармаймен тұрақты қамтамасыз ету мәселесіне де әсер етуі ықтимал деп қауіптенеді сала өкілдері.
Айта кетейік, жаңа Салық кодексі аясында 2026 жылдан бастап мұнай өнімдеріне қолданылатын базалық акциздер де өсті. Бензиннің көтерме саудасындағы базалық ставка 38 134 теңге/тонна деңгейінде белгіленген.
DALA INSIDE бұл бастаманың Үкіметте қандай деңгейде қаралып жатқанын және 95% көрсеткішінің нақты қай мемлекеттік органнан шыққанын анықтауды жалғастырады.

Қазір механизм былай жұмыс істейді. Бензин мен дизельдің көтерме бағасы белгіленген деңгейден жоғарылаған жағдайда қосымша маржаның 50%-ы акциз арқылы алынады. Мәселен, бензин бойынша акциз формуласына көтерме бағаның шекті деңгейден асқан бөлігінің 50%-ы енгізілген. Дизельге де ұқсас механизм қолданылады. Бұл формула Үкіметтің қолданыстағы қаулысында бекітілген.
Алайда мұнай өндірушілерінің есебінше, мәселе тек осы 50%-бен шектелмейді. ҚҚС пен басқа да жанама салықтарды қосқанда, либерализациядан пайда болған маржаның нақты фискалдық алынуы қазірдің өзінде орта есеппен 64–70%-ға жетеді. Ал қосымша акциз арқылы алынатын үлес 95%-ға көтерілсе, ішкі нарыққа мұнай жеткізудің экономикасы түбегейлі өзгеруі мүмкін. Егер ішкі нарықтағы бағаны еркін жібергеннен кейін пайда болған маржаның 95%-ы қайта алынатын болса, компаниялар үшін либерализацияның экономикалық мәні жоғалады деген уәж айтылып отыр.
Нәтижесінде өндірушілер ішкі нарыққа мұнай жеткізуден шығын шегуі, жаңа кен орындары мен өндіріске инвестиция салуға ынтасы төмендеуі мүмкін. Ал ұзақ мерзімде бұл жанар-жағармаймен тұрақты қамтамасыз ету мәселесіне де әсер етуі ықтимал деп қауіптенеді сала өкілдері.
Айта кетейік, жаңа Салық кодексі аясында 2026 жылдан бастап мұнай өнімдеріне қолданылатын базалық акциздер де өсті. Бензиннің көтерме саудасындағы базалық ставка 38 134 теңге/тонна деңгейінде белгіленген.
DALA INSIDE бұл бастаманың Үкіметте қандай деңгейде қаралып жатқанын және 95% көрсеткішінің нақты қай мемлекеттік органнан шыққанын анықтауды жалғастырады.
https://t.me/dalainside
🤯5👍2👎2
🇰🇿 Салық түсімі артса да бюджет Ұлттық қор мен қарыздан ажырай алмады
Қазақстандағы салық реформасы бюджет кірісін ұлғайта бастағанымен, мемлекеттің Ұлттық қор трансферттері мен қарызға тәуелділігін әзірге айтарлықтай төмендете алған жоқ. Мұндай қорытындыны Ұлттық банктің тамыз айындағы ақша-кредит саясаты жөніндегі баяндамасындағы деректерден көруге болады.
2026 жылдың бірінші жартысында салық түсімдері нақты мәнде 5,7%-ға өскен. Өсімге негізінен қосылған құн салығы мен пайдалы қазбаларды өндіру салығы ықпал еткен. Бірақ экономиканың көлемімен салыстырғанда өзгеріс аса үлкен емес. Себебі салық түсімдерінің ЖІӨ-дегі үлесі бір жыл ішінде небәрі 17,5%-дан 17,7%-ға көтерілген. Яғни мемлекет көбірек салық жинай бастағанымен, бюджеттің өзінің тұрақты кіріс базасы сапалық тұрғыдан күрт кеңейді деуге әлі ерте.
Сонымен бірге бюджетті ұстап тұрған негізгі тіректердің бірі әлі де Ұлттық қор болып отыр. Қаңтар-шілде аралығында бюджетке 2,80 трлн теңге трансферт түскен. Оның 2,32 трлн теңгесі Ұлттық қордан берілген кепілдендірілген трансферт. 2026 жылға мұндай трансферттің жалпы көлемі 2,77 трлн теңге болып бекітілген. Демек жеті айдың өзінде жылдық лимиттің басым бөлігі пайдаланылып қойған. Заң бойынша биыл Ұлттық қордан нысаналы трансферт қарастырылмаған.
Ұлттық банк бюджеттегі консолидация әзірге кірісті күрт өсіру арқылы емес, шығыстарды шектеу арқылы жүріп жатқанын атап өтеді. Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік шығыстар номиналды түрде 11,7%-ға ұлғайғанымен, олардың ЖІӨ-дегі үлесі 24,7%-дан 23,5%-ға төмендеді. Мұнайлы емес дефицит 7,1%-ға дейін қысқарды. Бірақ жалпы бюджет тапшылығы, керісінше, ЖІӨ-нің 3,2%-ына дейін өскен.
Оған қоса, бюджетке қарыздың өзі барған сайын қымбатқа түсіп келеді. Жеті айда мемлекеттік борышты өтеуге 2,43 трлн теңге жұмсалған. Ал бүкіл жылға жоспарланған сома 3,47 трлн теңге болып отырб Яғни қарыз бойынша пайыздар мен төлемдердің өсуі білім, денсаулық сақтау, инфрақұрылым секілді басқа бағыттарға жұмсалатын бюджет ресурсын біртіндеп тарылтады.
Бұдан бөлек, кіріс пен шығыс арасындағы алшақтық та кеңейіп отыр. Қаңтар-шілдеде республикалық бюджет шығыстары 14,75 трлн теңгеге жетсе, кірістер 12,36 трлн теңге болды. Бюджет тапшылығы бірінші жартыжылдықтағы 2,13 трлн теңгеден жеті ай қорытындысында 2,8 трлн теңгеге дейін өсті. Оны қаржыландыру үшін жыл басынан бері 4,68 трлн теңге көлемінде қарыз тартылған.
Осылайша салық реформасының алғашқы нәтижесі парадоксалды болып шықты. Иә, салық көбірек жиналып жатыр. Бірақ ол бюджеттің құрылымдық проблемасын жойған жоқ. Сондықтан оған болашақта реформа деп атау емес, коррекция деген атау берілуі мүмкін. Себебі реформа - фундаменталды нәрселерді өзгертетін ұғым. Қазір фундаменталды ештеңе өзгермеді.
DALA INSIDE реформа барысын бақылап отырмақ. Бірге бақылайық 👇

Жеті айдың қорытындысы да осы картинаны көрсетеді. Республикалық бюджет кірісі 12,36 трлн теңгені құраса, оның 9,34 трлн теңгесі салықтан түскен. ҚҚС бюджетке 4,26 трлн теңге әкелгенімен, жоспар небәрі 90,3%-ға орындалған. Корпоративтік табыс салығынан 2,73 трлн теңге жиналып, жоспардың 96,8%-ы орындалды.
Сонымен бірге бюджетті ұстап тұрған негізгі тіректердің бірі әлі де Ұлттық қор болып отыр. Қаңтар-шілде аралығында бюджетке 2,80 трлн теңге трансферт түскен. Оның 2,32 трлн теңгесі Ұлттық қордан берілген кепілдендірілген трансферт. 2026 жылға мұндай трансферттің жалпы көлемі 2,77 трлн теңге болып бекітілген. Демек жеті айдың өзінде жылдық лимиттің басым бөлігі пайдаланылып қойған. Заң бойынша биыл Ұлттық қордан нысаналы трансферт қарастырылмаған.
Ұлттық банк бюджеттегі консолидация әзірге кірісті күрт өсіру арқылы емес, шығыстарды шектеу арқылы жүріп жатқанын атап өтеді. Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік шығыстар номиналды түрде 11,7%-ға ұлғайғанымен, олардың ЖІӨ-дегі үлесі 24,7%-дан 23,5%-ға төмендеді. Мұнайлы емес дефицит 7,1%-ға дейін қысқарды. Бірақ жалпы бюджет тапшылығы, керісінше, ЖІӨ-нің 3,2%-ына дейін өскен.
Оған қоса, бюджетке қарыздың өзі барған сайын қымбатқа түсіп келеді. Жеті айда мемлекеттік борышты өтеуге 2,43 трлн теңге жұмсалған. Ал бүкіл жылға жоспарланған сома 3,47 трлн теңге болып отырб Яғни қарыз бойынша пайыздар мен төлемдердің өсуі білім, денсаулық сақтау, инфрақұрылым секілді басқа бағыттарға жұмсалатын бюджет ресурсын біртіндеп тарылтады.
Бұдан бөлек, кіріс пен шығыс арасындағы алшақтық та кеңейіп отыр. Қаңтар-шілдеде республикалық бюджет шығыстары 14,75 трлн теңгеге жетсе, кірістер 12,36 трлн теңге болды. Бюджет тапшылығы бірінші жартыжылдықтағы 2,13 трлн теңгеден жеті ай қорытындысында 2,8 трлн теңгеге дейін өсті. Оны қаржыландыру үшін жыл басынан бері 4,68 трлн теңге көлемінде қарыз тартылған.
Осылайша салық реформасының алғашқы нәтижесі парадоксалды болып шықты. Иә, салық көбірек жиналып жатыр. Бірақ ол бюджеттің құрылымдық проблемасын жойған жоқ. Сондықтан оған болашақта реформа деп атау емес, коррекция деген атау берілуі мүмкін. Себебі реформа - фундаменталды нәрселерді өзгертетін ұғым. Қазір фундаменталды ештеңе өзгермеді.
DALA INSIDE реформа барысын бақылап отырмақ. Бірге бақылайық 👇
https://t.me/dalainside
🤯9😁4👍2👎2
🇺🇲 Қазақстан ФРЖ ставкасының көтерілуін мұқият бақылап отыр
АҚШ Федералдық резерв жүйесі өткен түнде базалық мөлшерлемені 25 базистік пунктке көтеріп, 3,75–4,00% диапазонына жеткізді. Бұл АҚШ-тың ақша-кредит саясаты қатаңдау траекториясына түскенін байқатады. Таңертең нарық бірден реакция беріп, АҚШ облигацияларының кірістілігі көтеріліп, доллар нығайды. Қазақстанның монетарлық билігі ФРЖ ставкасының өсетінін алдын-ала болжап отырған еді. Сол болжам расталғандықтан, біздің тарап бүгіннен бастап осы сценарийдегі өз жоспарын іске асыруға кірісті.
Ұлттық Банк тамызда валюталық интервенция жасамаған еді. Теңге сол айда 2,6%-ға нығайып, бір доллар 461,57 теңгеге дейін түскен. Ал кеше 444 деңгейіне дейін құлады. Осы қыркүйекте бюджет трансферттері үшін Ұлттық қордан 200-300 млн доллар сату жоспарланған және бұған қоса бұрынғы операцияларды «айна» қағидаты бойынша өтеуге байланысты нарыққа валюталық ұсыныс түседі. Демек қысқа мерзімде ішкі нарықта доллар тапшылығы байқалып отырған жоқ.
Сыртқы қарыз жағынан да бір маңызды нюанс бар. Қазақстанның жалпы сыртқы борышы 2026 жылғы 1 сәуірде шамамен 182,8 млрд доллар болған. Бұл үлкен сан болып көрінеді. Бірақ оның шамамен 87,4 млрд доллары тікелей инвестиция аясындағы компанияаралық қарыз. Оны түгелдей Үкімет қайтаруға тиіс мемлекеттік борыш ретінде қарау қате. Мемлекеттік сыртқы қарыздың өзі керісінше биыл қысқарып отыр. Ол 1 шілдеде шамамен 8,35 трлн теңге болды. Сондықтан ФРЖ ставкасының өсуі Қазақстанның ертең сыртқы борышын өтеу қабілетіне тікелей қауіп төндіріп тұрған жоқ. Дегенмен де, енді жаңа долларлық қарыздар мен еуробондтарды орналастыру қымбаттайды.
Біздің осал жеріміз төлем балансына келіп тірелетін сияқты. 2026 жылдың бірінші тоқсанында ағымдағы шот тапшылығы шамамен 1,8 млрд долларға жетті. Оның негізгі себептерінің бірі инвестициялық жобаларға қажетті жабдық пен аралық тауарлар импортының қатты өсуі еді. Экспорт бірінші тоқсанда 19,1 млрд долларға жетсе, импорт $14,8 млрд болды. Алайда инвестициялық табыстардың шетелге шығарылуы ағымдағы шотты минусқа түсірді. Ұлттық Банктің бастапқы болжамы бойынша 2026 жылы ағымдағы шот тапшылығы ЖІӨ-нің шамамен 3,7%-ын құрауы мүмкін.
Сонымен қатар екінші тоқсанда жағдайдың едәуір жақсарғаны байқалады. Қазіргі есеп бойынша II тоқсанда ағымдағы шот шамамен 3 млрд доллар профицитке шығып, жартыжылдық қорытындысында шамамен 1 млрд доллар оң сальдо қалыптасуы тиіс. II тоқсанның нақты дерегі осы айдың соңында жарияланады.
Әзірге қорғаныс жастығы жеткілікті. Бірақ Федералды резерв жүйесінің Вашингтондағы түнгі шешімі біздегі Ұлттық Банктің базалық ставканы ары қарай жылдам төмендету мүмкіндігін азайтты. ФРС ставкасы өсіп жатқан кезде бізге енді ставканы төмен түсіру аса қауіпті. Сондықтан ставка бойынша 23 қазанда өтетін комитет отырысы қызу болатын сияқты.
DALA INSIDE жағдайды бақылап отыр. Өзгерістер болса жазамыз 👇

«Біздікілер оған дайындалып қойған. Бірақ Қазақстанның қазіргі қорғаныс жастығы бұрынғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда мықты. Шілде соңында Ұлттық Банктің халықаралық резервтері шамамен 63,7 млрд доллар болды. Оның ішінде алтынның құны 48 млрд доллардан асады. Бұған Ұлттық қордың валюталық активтерін қоссақ, резерв көлемі 120 млрд доллардан асады. Қазір біз ФРЖ ставкасының өсуінен негатив күтіп отырған жоқпыз», - деді, DALA INSIDE дереккөзі.
Ұлттық Банк тамызда валюталық интервенция жасамаған еді. Теңге сол айда 2,6%-ға нығайып, бір доллар 461,57 теңгеге дейін түскен. Ал кеше 444 деңгейіне дейін құлады. Осы қыркүйекте бюджет трансферттері үшін Ұлттық қордан 200-300 млн доллар сату жоспарланған және бұған қоса бұрынғы операцияларды «айна» қағидаты бойынша өтеуге байланысты нарыққа валюталық ұсыныс түседі. Демек қысқа мерзімде ішкі нарықта доллар тапшылығы байқалып отырған жоқ.
Сыртқы қарыз жағынан да бір маңызды нюанс бар. Қазақстанның жалпы сыртқы борышы 2026 жылғы 1 сәуірде шамамен 182,8 млрд доллар болған. Бұл үлкен сан болып көрінеді. Бірақ оның шамамен 87,4 млрд доллары тікелей инвестиция аясындағы компанияаралық қарыз. Оны түгелдей Үкімет қайтаруға тиіс мемлекеттік борыш ретінде қарау қате. Мемлекеттік сыртқы қарыздың өзі керісінше биыл қысқарып отыр. Ол 1 шілдеде шамамен 8,35 трлн теңге болды. Сондықтан ФРЖ ставкасының өсуі Қазақстанның ертең сыртқы борышын өтеу қабілетіне тікелей қауіп төндіріп тұрған жоқ. Дегенмен де, енді жаңа долларлық қарыздар мен еуробондтарды орналастыру қымбаттайды.
Біздің осал жеріміз төлем балансына келіп тірелетін сияқты. 2026 жылдың бірінші тоқсанында ағымдағы шот тапшылығы шамамен 1,8 млрд долларға жетті. Оның негізгі себептерінің бірі инвестициялық жобаларға қажетті жабдық пен аралық тауарлар импортының қатты өсуі еді. Экспорт бірінші тоқсанда 19,1 млрд долларға жетсе, импорт $14,8 млрд болды. Алайда инвестициялық табыстардың шетелге шығарылуы ағымдағы шотты минусқа түсірді. Ұлттық Банктің бастапқы болжамы бойынша 2026 жылы ағымдағы шот тапшылығы ЖІӨ-нің шамамен 3,7%-ын құрауы мүмкін.
Сонымен қатар екінші тоқсанда жағдайдың едәуір жақсарғаны байқалады. Қазіргі есеп бойынша II тоқсанда ағымдағы шот шамамен 3 млрд доллар профицитке шығып, жартыжылдық қорытындысында шамамен 1 млрд доллар оң сальдо қалыптасуы тиіс. II тоқсанның нақты дерегі осы айдың соңында жарияланады.
Әзірге қорғаныс жастығы жеткілікті. Бірақ Федералды резерв жүйесінің Вашингтондағы түнгі шешімі біздегі Ұлттық Банктің базалық ставканы ары қарай жылдам төмендету мүмкіндігін азайтты. ФРС ставкасы өсіп жатқан кезде бізге енді ставканы төмен түсіру аса қауіпті. Сондықтан ставка бойынша 23 қазанда өтетін комитет отырысы қызу болатын сияқты.
DALA INSIDE жағдайды бақылап отыр. Өзгерістер болса жазамыз 👇
https://t.me/dalainside
🔥9👍5😁1
🧠🇰🇿 Қазақстан Шевронмен «ғасыр контрактын» ұзартуға қатысты өз ұсыныстарын жасақтауды аяқтап қалды
DALA INSIDE дереккөзінің сөзінше, позицияларды дайындап біткеннен кейін бейресми саудаласу 2027 жылы жүрсе, нақты коммерциялық ауыр келіссөздер 2028-2030 жылдар аралығында өтеді деп жоспарланған. «Қазір контракт бітетін 2033 жылға дейін күту Chevron үшін де, Қазақстан үшін де тиімсіз», - дейді дереккөз.
Биыл Шевронның Теңізге арналған негізгі капиталы салынып болды. Future Growth Project аяқталып, 2025 жылы өндіріс 39 млн тоннаға мұнайға жетті. Жобада әу бастан қуатты жылына шамамен 40 млн тонна деңгейіне жеткізу бекітілген еді. Ол орындалды. Демек Қазақстан инвестициялық тәуекелдің басым бөлігі өтелгендіктен рентаның бөлінуін қайта қарауды талап ете алады.
Дереккөз сөзінше Қазақстан екі түрлі стратегияны таңдауы мүмкін. Біріншісі – қаржылық cost, яғни ТШО-дан елімізге келетін ақша ағынын арттыру. Оны ТШО-дағы Қазмұнайғаздың үлесін 20 пайыздан 25 пайызға арттыру мен ТШО үшін салық режимін қатаңдату арқылы жасауға болады. Ал екінші жол өндірістік-инвестициялық бағытқа келеді. Оның аясында ТШО-ның ішкі нарыққа мұнай беруін бекітіп, осы мұнайға арнап төртінші мұнай өңдеуі зауытын салу, ТШО сатып алуларын толық қазақстандық қызметтер мен тауарларға көшу сынды талаптар болуы ғажап емес.
2025 жылы Теңіз кенішінен 39 млн тонна мұнай өндірілді. ТШО-ның Қазақстанға тікелей қаржылық төлемдері 10,6 млрд долларды құрады. Қазір ТШО-дағы акционерлер үлесі Chevron - 50%, ExxonMobil - 25%, ҚМГ - 20%, Lukoil - 5%.

«Себебі Теңіз сияқты алып кен орнында жаңа инвестициялар, бұрғылау бағдарламасы, газды кері айдау, жабдықтарды жаңарту бірнеше жыл бұрын жоспарлануы керек. Оның үстіне ТШО-ның өз құжаттарында 2033–2040 жылдарға дейін жаңа горизонталды ұңғымалар бұрғылау мүмкіндігі қарастырылған. Яғни кен орнының экономикалық өмірі 2033 жылмен бітпейді. Ондағы технологиялық шешімдердің барлығы Теңізшевройлдікі. Сондықтан басқа компания келе салып, бұл жұмысты жалғастырып алып кете алмайды. Қазақстан, Chevron мен ExxonMobil контрактты ұзарту мен оның жаңа шарттарын 2030 жылдан қалдырмай шешуі тиіс».
Биыл Шевронның Теңізге арналған негізгі капиталы салынып болды. Future Growth Project аяқталып, 2025 жылы өндіріс 39 млн тоннаға мұнайға жетті. Жобада әу бастан қуатты жылына шамамен 40 млн тонна деңгейіне жеткізу бекітілген еді. Ол орындалды. Демек Қазақстан инвестициялық тәуекелдің басым бөлігі өтелгендіктен рентаның бөлінуін қайта қарауды талап ете алады.
Дереккөз сөзінше Қазақстан екі түрлі стратегияны таңдауы мүмкін. Біріншісі – қаржылық cost, яғни ТШО-дан елімізге келетін ақша ағынын арттыру. Оны ТШО-дағы Қазмұнайғаздың үлесін 20 пайыздан 25 пайызға арттыру мен ТШО үшін салық режимін қатаңдату арқылы жасауға болады. Ал екінші жол өндірістік-инвестициялық бағытқа келеді. Оның аясында ТШО-ның ішкі нарыққа мұнай беруін бекітіп, осы мұнайға арнап төртінші мұнай өңдеуі зауытын салу, ТШО сатып алуларын толық қазақстандық қызметтер мен тауарларға көшу сынды талаптар болуы ғажап емес.
2025 жылы Теңіз кенішінен 39 млн тонна мұнай өндірілді. ТШО-ның Қазақстанға тікелей қаржылық төлемдері 10,6 млрд долларды құрады. Қазір ТШО-дағы акционерлер үлесі Chevron - 50%, ExxonMobil - 25%, ҚМГ - 20%, Lukoil - 5%.
https://t.me/dalainside
👍21😡5
☀️ Маңғыстаудағы жасыл ертегі. «Hyrasia One» жобасының шоураннерлері 50 миллиард еуро таба алмайтын сияқты
Маңғыстауда Каспий суын электролизден өткізіп, жылына 2 миллион тонна жасыл сутегі немесе 11 миллион тонна аммиак өндіруі тиіс «Hyrasia One» жобасының жоспарлаған инвестиция тартуында үлкен кедергілер пайда болды. Бұл жобаны Svevind Energy Group басшысы Вольфганг Кропп бастаған еді. 40 гигаватт жел мен күн энергиясын пайдаланып, содан жасыл сутегі өндіруді көздейтін жобаның іске асуы үшін 50 миллиард еуро қажет. Кропп мырза оны инвесторлар пулынан жинап аламын деп үміттенген. «Бірақ инвесторлардың барлығы ол үшін Еуроодақтың қаржылық гарантиясын және офтейк контрактарды көрсетуін сұрап отыр», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
АҚШ президенттігіне Дональд Трамп келгелі климаттың өзгеруіне қатысты қозғалыстар, жасыл энергия тақырыбы бүкіләлемдік алаяқтық деп таныла басталды. АҚШ-та сутекке берілетін 45V салық жеңілдігі қысқара бастаған соң, Thyssenkrupp Nucera сияқты алпауыттар бірқатар жобалардан бас тартты. Бұл әлемдік инвесторларға қатал сабақ болды. Олар бүгін мемлекет субсидия берсе де, ертең саяси билік ауысып, ережені өзгерте салатынын байқады.
АҚШ тұрмақ Еуропадағы саяси ландшафт та өзгеруде. Оңшылдар мен еуроскептиктер күшейді. 2022 жылы Қазақстан мен Svevind Energy Group «Hyrasia One» жобасына қол қойғанда «жасыл энергия» саяси трендтің шыңында еді. Қазір Еуропарламентте «жасылдар» позициясынан айырылып, 74 орыннан тек 53 орынды ғана сақтап қалды. Олардың орнын Patriots for Europe және ECR сияқты оңшыл фракциялар басуда.
Қазақстан «Hyrasia One» жобасына 50 миллиард еуро инвестиция келуі мүмкін деген жылы үмітпен қараған еді. Сол себепті Вольфганг Кропптың жер, тағы да басқа мәселелерін еш қиындықсыз шешіп берген. Еуропалық инвесторлар пулы қолдамай қойса, онда жасыл сутегі өндіретін бірегей ел боламыз деген үмітіміз желге ұшпақ.
DALA INSIDE осы маңызды жобаның тағдырын бақылайтын болады. Бізбен бірге болыңыздар 👇

«Еуроодақтан тек Германия ғана 1,2 миллиард еуроға қаржылық кепілдік ұсына алды. Ол қаржы бұл жобаның жұмырына жұқ болмайды. Сосын сутегі зауытының өнімін кепілді түрде сатып аламыз деген ешқандай офтейк контракттар да жарияланбады. Ал қазір жасыл тақырып күн тәртібінен кетіп барады. Оған Трамп факторы мен Еуропадағы саяси аренада әсіре оңшылдардың бас көтеруі әсер етуде», - дейді, дереккөз.
АҚШ президенттігіне Дональд Трамп келгелі климаттың өзгеруіне қатысты қозғалыстар, жасыл энергия тақырыбы бүкіләлемдік алаяқтық деп таныла басталды. АҚШ-та сутекке берілетін 45V салық жеңілдігі қысқара бастаған соң, Thyssenkrupp Nucera сияқты алпауыттар бірқатар жобалардан бас тартты. Бұл әлемдік инвесторларға қатал сабақ болды. Олар бүгін мемлекет субсидия берсе де, ертең саяси билік ауысып, ережені өзгерте салатынын байқады.
АҚШ тұрмақ Еуропадағы саяси ландшафт та өзгеруде. Оңшылдар мен еуроскептиктер күшейді. 2022 жылы Қазақстан мен Svevind Energy Group «Hyrasia One» жобасына қол қойғанда «жасыл энергия» саяси трендтің шыңында еді. Қазір Еуропарламентте «жасылдар» позициясынан айырылып, 74 орыннан тек 53 орынды ғана сақтап қалды. Олардың орнын Patriots for Europe және ECR сияқты оңшыл фракциялар басуда.
Қазақстан «Hyrasia One» жобасына 50 миллиард еуро инвестиция келуі мүмкін деген жылы үмітпен қараған еді. Сол себепті Вольфганг Кропптың жер, тағы да басқа мәселелерін еш қиындықсыз шешіп берген. Еуропалық инвесторлар пулы қолдамай қойса, онда жасыл сутегі өндіретін бірегей ел боламыз деген үмітіміз желге ұшпақ.
DALA INSIDE осы маңызды жобаның тағдырын бақылайтын болады. Бізбен бірге болыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
🤯9😁6😢3👍2
😠 Теңгенің күшеюі Үкіметтің "жынына тие" бастады
Қыркүйек айының қорытындысы бойынша теңге әлем бойынша долларға шаққанда барынша күшейген валюталар көшін бастап келеді. Өткен ай нәтижесінде теңге 4,6 пайызға нығайып, доллар 440,49 теңге деңгейіне құлдырады. Халық үшін бұл импорттық тауарлардың қымбаттауын тежеуге мүмкіндік болса, бюджет үшін валютамен байланысты түсімдердің теңгелік көлемі азаятынын білдіреді.
Бұл өз кезегінде Құрылтай депутаттары мен Жоғары аудиторлық палатаның бюджеттік жоспарлау процесін сынауына алып келді.
Қыркүйектегі валюталық нарық статистикасы біраз нәрсеге көзді ашады. Бір айдағы биржалық сауда көлемі 10,4 миллиард доллар болған. Орташа күндік айналым 415 миллионнан 474 миллион долларға өскен. Ұлттық қордан сатылған валюта небәрі 200 миллион долларды, сәйкесінше жалпы сауданың 1,9 пайызын құраған. Демек, теңгенің күшеюі мемлекеттің Ұлттық қордан доллар сатуына қатты байланысты емес.
Тіпті, Ұлттық Банк Ұлттық қор операцияларын айналау аясында жоспарланған қосымша 200–300 миллион долларлық операцияны кейінге қалдырды. Себебі мемлекетсіз ақ биржада доллар тым көп сатылып жатыр.
Үкіметтің алдында ыңғайсыз таңдау тұр. Инфляцияны төмендету үшін теңгенің сатып алу қабілеті сақталғаны жақсы. Бюджеттің теңгелік түсімін көбейту тұрғысынан доллардың қымбат болғаны қолайлырақ. Бірақ бюджет жоспарын орындаудың ең оңай жолы ретінде әлсіз теңгеге сүйенсек, оның құнын халық импорттық тауарлар мен күнделікті шығындар арқылы төлейді.

"Біз биылға доллар курсын 540-пен болжап, импорттық қосымша құн салығынан келетін сома параметрін анықтағанбыз. Ал іс жүзінде ұлттық валюта долларға шаққанда 90 теңгеге қымбат шықты да, болжанған жоспардан 700 миллиард теңгеге қалып қалдық", - деп түсіндірді, Ұлттық экономика министрлігіндегі дереккөз.
Бұл өз кезегінде Құрылтай депутаттары мен Жоғары аудиторлық палатаның бюджеттік жоспарлау процесін сынауына алып келді.
Қыркүйектегі валюталық нарық статистикасы біраз нәрсеге көзді ашады. Бір айдағы биржалық сауда көлемі 10,4 миллиард доллар болған. Орташа күндік айналым 415 миллионнан 474 миллион долларға өскен. Ұлттық қордан сатылған валюта небәрі 200 миллион долларды, сәйкесінше жалпы сауданың 1,9 пайызын құраған. Демек, теңгенің күшеюі мемлекеттің Ұлттық қордан доллар сатуына қатты байланысты емес.
Тіпті, Ұлттық Банк Ұлттық қор операцияларын айналау аясында жоспарланған қосымша 200–300 миллион долларлық операцияны кейінге қалдырды. Себебі мемлекетсіз ақ биржада доллар тым көп сатылып жатыр.
Үкіметтің алдында ыңғайсыз таңдау тұр. Инфляцияны төмендету үшін теңгенің сатып алу қабілеті сақталғаны жақсы. Бюджеттің теңгелік түсімін көбейту тұрғысынан доллардың қымбат болғаны қолайлырақ. Бірақ бюджет жоспарын орындаудың ең оңай жолы ретінде әлсіз теңгеге сүйенсек, оның құнын халық импорттық тауарлар мен күнделікті шығындар арқылы төлейді.
https://t.me/dalainside
👍21👎3🤮2
🚗 Автокөлік таситын "сұр дилерлер" бюджет пен экономикаға орасан зиян тигізген
Биыл 21 шілдеде Үкімет “сұр” автокөліктер импортына қарсы шара қабылдайтынын мәлімдеген еді. Премьер-министр Олжас Бектенов Қаржы министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне заңсыз көлік тасымалына тосқауыл қоятын кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды. Кедендік бақылаудың 1 қыркүйектен бастап күшейетіні де сол кезде айтылды.
Алайда бұл жаңа шектеу емес. Бұған дейін де бір адам шетелден жеке пайдалану үшін жылына бір ғана көлік әкеле алатын. Бірнеше автомобиль кіргізген жағдайда, кеден оны сауда мақсатында әкелінген деп есептейді. Осы талапты айналып өту үшін кейбір делдалдар сатуға арналған көліктерді компанияның емес, қызметкерлері мен туыстарының атына рәсімдеп келген. Құжат жүзінде автомобиль жеке адамға тиесілі болғанымен, іс жүзінде ол тапсырыс берген клиентке сатылған. Осы тәсіл арқылы делдалдар коммерциялық импортқа салынатын салықтар мен кедендік төлемдерден жалтарып, көлікті арзан бағамен ұсынған.
Қаржы сарапшысы Айбар Олжаевтың есептеуінше, Қазақстан «сұр импорттан» жылына кемінде 23 миллиард теңгеден айрылуда.
Қазір кейбір делдалдар елге жеткізіліп қойған көліктерді бұрынғы тәртіппен рәсімдеуге мүмкіндік беруді сұрап отыр. Алайда кедендік бақылаудың күшейетіні екі ай бұрын ескертілді. Соған қарамастан тапсырыс қабылдап, клиенттің ақшасын алған брокерлер енді туындаған мәселенің жауапкершілігін мемлекетке ысыруға тырысып отыр.
Егер оларға жеңілдік жасалса, заң талабын сақтап, барлық салық пен кедендік төлемді толық өтеген компаниялармен арада теңсіздік туады. Өйткені біреулер көлікті ресми тәртіппен әкелсе, енді біреулер оны жеке адамның атына рәсімдеп, арзан баға ұсынған. Сондықтан бақылаудың күшеюін ресми дилерлерді қолдау деп қана қарауға болмайды.

"Себебі мұндай әрекеттерден бюджет шығыны артып барады. Жоғары аудиторлық палатаның Үкіметке жолдаған құжатында 2021–2023 жылдары жеке пайдалануға әкелінген жеңіл автомобильдер мен өзге көлік құралдарын жолаушылар кедендік декларациясының орнына тауар декларациясымен рәсімдеуден бюджетке 71,2 миллиард теңге шығын келгені көрсетілген. Көлікті тауар декларациясымен емес, кедендік декларациясымен рәсімдеу керек. Сол 2021–2023 жылдары жеке тұлғалардың тауар декларациясымен рәсімдеген импорты 6,5 есе өскен. Оның 94 пайызын құны 1,4 трлн теңге болатын көлік құралдары құраған", - деп жазады ол.
Қазір кейбір делдалдар елге жеткізіліп қойған көліктерді бұрынғы тәртіппен рәсімдеуге мүмкіндік беруді сұрап отыр. Алайда кедендік бақылаудың күшейетіні екі ай бұрын ескертілді. Соған қарамастан тапсырыс қабылдап, клиенттің ақшасын алған брокерлер енді туындаған мәселенің жауапкершілігін мемлекетке ысыруға тырысып отыр.
Егер оларға жеңілдік жасалса, заң талабын сақтап, барлық салық пен кедендік төлемді толық өтеген компаниялармен арада теңсіздік туады. Өйткені біреулер көлікті ресми тәртіппен әкелсе, енді біреулер оны жеке адамның атына рәсімдеп, арзан баға ұсынған. Сондықтан бақылаудың күшеюін ресми дилерлерді қолдау деп қана қарауға болмайды.
https://t.me/dalainside
👍9😁7🤮1💯1
🏦 Депозиттің пайызы түссе де, халық үшін несие арзандамай жатыр
Банкте ақша ұстайтындар депозит табысының азая бастағанын байқады. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені түсірген соң банктер де бірден депозит пайызын төмендетіп жатыр. Бірақ дәл осы кезде несие пайызы да арзандау керек еді. Банктер доллар өссе бағаны өсіріп, ал түссе бағаны арзандатпайтын сатушы сияқты әрекет етуде. Халықтың депозиттен пайдасы азайып, ал кредиттен шығыны көбейді.
Биыл Ұлттық банк базалық мөлшерлемені үш рет қатарынан төмендетті. Маусымда 18 пайыздан 17 пайызға, шілдеде 16,75 пайызға, қыркүйекте 16,25 пайызға түсірді. Яғни бірнеше айдың ішінде базалық ставка 1,75 пайыздық тармаққа азайды. Бұл экономикадағы ақшаның құнын біртіндеп төмендетуге бағытталған қадам.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының мәліметі бойынша тамызда 11 банк депозит мөлшерлемелерін қайта қараған. Толықтыруға болатын жинақ салымдары бойынша бес банк пайызын төмендетіп, бір банк көтерген. Банктердің басым бағыты түсінікті. Олар халықтан тартатын ақшаның құнын азайтқысы келеді.
Ұлттық банктің жаңа берілген теңгелік несиелер жөніндегі дерегін қарасақ, заңды тұлғалар үшін орташа мөлшерлеме мамырдағы 20,30 пайыздан тамызда 19,35 пайызға дейін төмендеген. Маусымда да, шілдеде де, тамызда да біртіндеп түскен. Яғни компаниялар үшін несие орта есеппен арзандаған.
Жеке тұлғаларға берілген несиелерде жағдай басқаша. Мамырда орташа мөлшерлеме 22,66 пайыз болған. Маусымда 20,86 пайызға түсіп, шілдеде қайтадан 21,64 пайызға, тамызда 21,93 пайызға көтерілген. Бұл қатарға жеке кәсіпкерлердің несиелері де кіреді.
Кредиттер бизнес үшін төмендеген. Ал халық, яғни жеке тұлғалар үшін еш арзандамай отыр. Дегенмен, қазіргі қолжетімді соңғы статистика тамыз айы бойынша берілген. Қыркүйектегі базалық мөлшерлеменің төмендеуіне банктер қалай жауап бергенін бұл дерек әлі көрсетпейді. Оны келесі есептерден көреміз.
Биыл банктердің табысы азайды. Осы сегіз айда олардың жалпы таза пайдасы 1,61 триллион теңгеге шыққан. Бұл былтырғы көрсеткіштен 254 миллиард теңгеге төмен. Осы орайда кредит пайызын жоғары ұстау проценттік табысты өсіріп, шығысты азайтудың бір амалы болуы мүмкін. Онымен бірге банктер комиссиясы да қымбаттап келеді. Бір сөзбен айтқанда, банктер өздері үшін "супертабыс дәуірінің" аяқталғанымен мүлде келіспей отыр. Мүмкіндігінше баяғы табыс деңгейін сақтап қалуға жанталасуда.

👍16🤯8
🤱 Қазақстанда бала туудың азайып кеткені «жабық есік жағдайында» талқылана бастады
Қазақстанда халық саны өсіп жатса да, соңғы бес жылда бала туу қауіпті қарқынмен төмендеп барады. 2021 жылы елімізде 446,4 мың бала дүниеге келсе, 2022 жылы - 403,9 мың, 2023 жылы - 388,4 мың, 2024 жылы - 365,9 мың, ал 2025 жылы небәрі 335 мың бала туған. Төрт жылдың ішінде жылдық туу 111 мың балаға немесе шамамен 25%-ға қысқарды. Көрсеткіштің төмендеуі 2026 жылы да жалғасқандықтан, «жабық есік жағдайында» бұл жағымсыз құбылыстың себебін анықтап, салдарын болжау бойынша консультациялар жүруде.
Қазақстанда 2022 жылы туғандар мен қайтыс болғандардың айырмасы 270,4 мың адам болған. Яғни демография жылына +270 мың адам беріп келді. 2025 жылы осы жағымды сальдо 200 мың адамға дейін азайды. Ал халық өсімінің екінші көзі болып табылатын миграция осы олқылықты жаба алмай отыр. 2025 жылдың қаңтар–тамызында Қазақстанға кеткендерден 10 210 адам артық келген болса, биыл осы кезеңдегі оң миграциялық сальдо 5 558 адамға дейін түсті. Яғни табиғи өсім әлсіреп жатқанда, миграциядан келетін қосымша өсім де екі есеге жуық қысқарған.
2024 жылы Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелсе, 2025 жылы ол 115,9 мыңға дейін төмендеді. Бір жылда неке саны шамамен 6,2%-ға азайды. Биылғы көрсеткіш осы деңгейден аспайды деген болжам бар. Ал 2024 жылы 40,5 мың ажырасу тіркелсе, 2025 жылы 45,7 мың жұп ажырасқан. Неке саны 6,2%-ға азайып отырған кезде ажырасу саны 12,8%-ға көбейді.
Мамандар құбылыстың негізгі себебін, яғни отбасы институтының психологиялық-құлықтық әлсіреуінен немесе экономикалық төмен жағдайдан туындағанын анықтауы тиіс. Егер мәселе экономикаға қатысты болса, онда қосымша бюджеттік стимулдар енгізу талқылануы мүмкін. Ал психологиялық-құлықтық себепті тек идеология ғана түзете алады.

«Қазіргі сегіз айдағы статистикаға қарасақ, 2026 жылдың қорытындысы шамамен 300–305 мың бала болуы мүмкін. Ал біз өсу, оның ішінде қауіпсіздік және экономикалық моделімізді жылына 400 мың нәресте өмірге келеді деген есеппен болжаған болатынбыз. Туу көрсеткішінің азаюы 30 жылдан кейін бізге «Жапония синдромы» сияқты экономикалық проблемалар алып келеді. Зейнеткерлердың саны жұмыс істейтін жастардан артып кетсе, бюджет әлеуметтік қамтамасыз ету секторын бұрынғыдай алып жүре алмайтын болады», - деп түсіндірді, мәселеге қатысы бар DALA INSIDE дереккөзі.
Қазақстанда 2022 жылы туғандар мен қайтыс болғандардың айырмасы 270,4 мың адам болған. Яғни демография жылына +270 мың адам беріп келді. 2025 жылы осы жағымды сальдо 200 мың адамға дейін азайды. Ал халық өсімінің екінші көзі болып табылатын миграция осы олқылықты жаба алмай отыр. 2025 жылдың қаңтар–тамызында Қазақстанға кеткендерден 10 210 адам артық келген болса, биыл осы кезеңдегі оң миграциялық сальдо 5 558 адамға дейін түсті. Яғни табиғи өсім әлсіреп жатқанда, миграциядан келетін қосымша өсім де екі есеге жуық қысқарған.
2024 жылы Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелсе, 2025 жылы ол 115,9 мыңға дейін төмендеді. Бір жылда неке саны шамамен 6,2%-ға азайды. Биылғы көрсеткіш осы деңгейден аспайды деген болжам бар. Ал 2024 жылы 40,5 мың ажырасу тіркелсе, 2025 жылы 45,7 мың жұп ажырасқан. Неке саны 6,2%-ға азайып отырған кезде ажырасу саны 12,8%-ға көбейді.
Мамандар құбылыстың негізгі себебін, яғни отбасы институтының психологиялық-құлықтық әлсіреуінен немесе экономикалық төмен жағдайдан туындағанын анықтауы тиіс. Егер мәселе экономикаға қатысты болса, онда қосымша бюджеттік стимулдар енгізу талқылануы мүмкін. Ал психологиялық-құлықтық себепті тек идеология ғана түзете алады.
https://t.me/dalainside
🤯16🤮6👎3😁3👍2
🏡 «Біздің қала»: «Әділет» партиясы тұрғындар тілегін орындады
Ақтөбеде «Әділет» партиясының «Біздің қала» жобасы аясында көпқабатты үй жаңғыртылды. Бұған дейін осы үйдің тұрғындары ұзақ уақыт бойы күрделі жөндеуге қол жеткізе алмай келген еді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін құрылыс қарқынын жеделдетудің, оның ішінде тұрғын үй саласын дамыту, сондай-ақ коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту қажеттігін атап өткен болатын.
Осы орайда, «Әділет» партиясының өкілдері ПИК төрағасымен бірге Ақтөбе қаласындағы Есет батыр көшесі, 73А мекенжайындағы көпқабатты үй тұрғындарымен кездесіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын зерделеді. Нәтижесінде тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді.
Осылайша, партияның атсалысуымен үйдің кіреберісі жөнделіп, шатыр жабындысы және инженерлік желілер, соның ішінде апатты жағдайдағы құбырлар ауыстырылды. «Әділет» партиясы осы бағыттағы жұмысты алдағы уақытта да жалғастыра береді.
Партияның қызметі туралы басқа да жаңалықтарды ресми Telegram-арнадан оқи аласыздар 👇
https://t.me/adilet_partiyasy

«Бүгінде үйіміз жылы әрі жайлы. Тұрғындардың мәселесіне назар аударып, осы жұмыстарды ұйымдастыруға атсалысқан «Әділет» партиясына, әкімдікке және Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз», – деді осы үйдің тұрғыны Галина Клопотовская.
Осылайша, партияның атсалысуымен үйдің кіреберісі жөнделіп, шатыр жабындысы және инженерлік желілер, соның ішінде апатты жағдайдағы құбырлар ауыстырылды. «Әділет» партиясы осы бағыттағы жұмысты алдағы уақытта да жалғастыра береді.
Партияның қызметі туралы басқа да жаңалықтарды ресми Telegram-арнадан оқи аласыздар 👇
https://t.me/adilet_partiyasy
👍22👎4😁4🤮2
🍔 Дональдсон макдональдс бола жаздады
Әлемдегі ең танымал YouTube блогерінің Өзбекстанға сапары үлкен дүрбелеңге ұласты. MrBeast деген атпен танымал америкалық Джимми Дональдсонды Самарқанда мыңдаған жанкүйері қоршап алып, көшеде нағыз бейберекет жағдай қалыптасты.
Оқиға 10 қазанда Самарқанның әйгілі Регистан алаңында болған. Әлеуметтік желіге тараған видеоларда блогерді көрмек болған жұрттың қоршаулардан өтіп, оған қарай лап қойғаны байқалады. Қалың көпшіліктің арасынан жол ашу үшін Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық гвардия қызметкерлері жұмылдырылған.
Блогер көлігіне әрең жеткенімен, оқиға мұнымен аяқталмады. Жүздеген адам оның автомобилін қоршап, қозғалысқа кедергі келтірген. Кейбір жанкүйерлер көліктің соңынан жүгірген.
MrBeast-тің өзінің айтуынша, бір сәтте оның автомобилін мыңнан астам адам қуалаған.
Әлеуметтік желілерде адамдардың бірін-бірі итеріп, балалардың құлап қалғаны туралы да ақпарат тарады. Алайда зардап шеккендердің нақты саны жөнінде ресми мәлімет жоқ.
Қызығы, осындай дүрбелеңнен кейін MrBeast Өзбекстандағы сапарын мерзімінен бұрын тоқтатты деген әңгіме тараған. Бірақ Өзбекстанның Мәдениет пен өнерді дамыту қоры бұл ақпаратты жоққа шығарып, блогердің елден кетуі алдын ала жоспарланғанын хабарлады.
Бұл оқиғаның тағы бір қызық тұсы бар. Әлеуметтік желідегі пікірлерде жиналғандардың бәрі бірдей MrBeast-тің шығармашылығын білмеуі мүмкін деген болжам айтылды. Кейбіреулер оның адамдарға қомақты ақша мен қымбат сыйлықтар тарататынын естіп, сол үмітпен барған болуы ықтимал.
Қалай болғанда да, әлемдегі ең ықпалды блогерлердің бірі Орталық Азиядағы танымалдығын өз көзімен көрді. Бірақ бұл жолы жанкүйерлердің махаббаты қауіпті жағдайға айнала жаздады.

😁13👍1
🍌 DALA INSIDE "порношабуылдан" бас алар емес. Боттар нені көздейді?
Соңғы уақытта DALA INSIDE телеграм арнасының пікірталас чатын порноботтар мекендей бастады. Күніне 200-ден астам бот бұғатталса да, бірен-сараны бәрібір өзінің порно гифкаларын жариялап үлгеруде.
Порношабуыл қай кезде жасалады? Бірінші сценарий - арнаны Телеграм әкімшілігіне шағым арқылы бұғаттау. Шабуыл жасаушылар арнаның өзін бұзып кіруге тырыспайды. Әкімшінің құпиясөзін ұрлаудың немесе аккаунтын тартып алудың қажеті жоқ. Олар редакция бақылауындағы пікірталас алаңына заңсыз немесе платформа ережелерін бұзатын материалдар орналастырып, сол арқылы ақпараттық ресурстың беделіне және жұмысына қауіп төндіреді.
Екінші сценарий – беделді түсіру. Әдетте экономика мен сәясатты талқылауға арналған чат аяқ астынан порнографиялық материалдарға толса, оқырманның сол ортаға деген сенімі төмендейді. Адамдар пікір жазуды тоқтатып, топтан шыға бастайды. Нәтижесінде ақпараттық ресурс пен оқырман арасындағы байланыс әлсірейді.
DALA INSIDE кей кездері кейбір топтарға кедергі келтіріп қоятыны жасырын емес. Әрине, ол әдейі жасалмайды. Бірақ инсайд сол уақытқа кездейсоқ сәйкес келіп қалады. Әсіресе ықпалды кландар жабық есіктің ар жағында саудаласып жатқанда біздің инсайдтар "туф, керек емес кезде аяққа оратылған материал екен" деген бағаға ие болады. Арна сонысымен құнды және қазір оны еліміздегі ықпалды топтардың барлығы оқиды. Және санасады.
Қазір DALA INSIDE арнасының мүлде жауы жоқ деп ойлаймыз. Бір ұсақ құрылысшыны есепке алмағанда ешбір тараппен арамыз суымаған. Керісінше, еліміздегі ең ірі үш клан да біздің ақпараттық жұмысымыздың мәнін түсінеді және құрметпен қарайды. Себебі біз диалогқа ашық алаң деп саналамыз. Және осы ашықтығымызды қандай шабуыл болса да сақтай бермекпіз.

Шабуыл жасаушы өзі жариялаған материалға өзі шағым түсіре алады. Осылайша контентті орналастырған адам мен оны бұғаттауды талап еткен аккаунттар бір ұйымдасқан топтың бөлігі болуы ықтимал.
Екінші сценарий – беделді түсіру. Әдетте экономика мен сәясатты талқылауға арналған чат аяқ астынан порнографиялық материалдарға толса, оқырманның сол ортаға деген сенімі төмендейді. Адамдар пікір жазуды тоқтатып, топтан шыға бастайды. Нәтижесінде ақпараттық ресурс пен оқырман арасындағы байланыс әлсірейді.
DALA INSIDE кей кездері кейбір топтарға кедергі келтіріп қоятыны жасырын емес. Әрине, ол әдейі жасалмайды. Бірақ инсайд сол уақытқа кездейсоқ сәйкес келіп қалады. Әсіресе ықпалды кландар жабық есіктің ар жағында саудаласып жатқанда біздің инсайдтар "туф, керек емес кезде аяққа оратылған материал екен" деген бағаға ие болады. Арна сонысымен құнды және қазір оны еліміздегі ықпалды топтардың барлығы оқиды. Және санасады.
Қазір DALA INSIDE арнасының мүлде жауы жоқ деп ойлаймыз. Бір ұсақ құрылысшыны есепке алмағанда ешбір тараппен арамыз суымаған. Керісінше, еліміздегі ең ірі үш клан да біздің ақпараттық жұмысымыздың мәнін түсінеді және құрметпен қарайды. Себебі біз диалогқа ашық алаң деп саналамыз. Және осы ашықтығымызды қандай шабуыл болса да сақтай бермекпіз.
https://t.me/dalainside
💯24
💥 «El Media» журналисі Боқаевтың Мәсімов пен Майлыбаевтың ізін ала сот алдында жауап беруінің себебін түсіндірді
Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында «Нұр Отан» партиясының бұрынғы идеологы Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Осыған байланысты El Media журналисі Аян Шәріпбаев Facebook парақшасында жазба жариялап, Боқаевтың бұрынғы саяси қызметі мен оның бүгінгі жағдайына қатысты өткір пікір білдірді.
Шәріпбаевтың пікірінше, утильалымға қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүрген, Алматы әкімдігін ымырасыз сынаушы ретінде танылған Боқаевтың қазіргі бейнесінің тасасында ұзақ жылдар бойы сөз бостандығын шектеуге қатысып, саяси мансап құрған тәжірибелі технолог тұр.
Шәріпбаев Боқаевтың оппозициялық көзқарастағы қоғам белсендісі ретінде таныла бастағаннан бері кезінде өз әрекетінен зардап шеккен адамдардан кешірім сұрамағанын да алға тартады.
Журналистің пайымдауынша, Боқаевтың қоғамдық белсенділігі белгілі бір шеңберден аспайды. Ол жекелеген министрлер мен шенеуніктерді өткір сынағанымен, «ескі Қазақстанның» ықпалды өкілдеріне қатысты мәселелерді айналып өтеді. Атап айтқанда, Шәріпбаев Боқаевтың «ҚазТрансГаздағы» ықтимал қаржылық заңбұзушылықтар, Дариға Назарбаеваның активтері, ЭКСПО бюджетіне қатысты даулы мәселелер жөнінде зерттеу жүргізбегеніне назар аударды. Мұндай таңдамалы сынның себебін Шәріпбаев Боқаевтың бұрынғы қызметтік байланыстарымен түсіндіреді.
Оның жазуынша, 2014 жылы Кәрім Мәсімов билікте ықпалды қызмет атқарып, ақпарат кеңістігіне бақылау күшейген тұста Боқаев Алматы қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды. Кейін Нұрлан Нығматулиннің ықпалымен қызметін жалғастырып, Президент Әкімшілігі басшысының сол кездегі орынбасары Бағлан Майлыбаевтан тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін шектеуге қатысты тапсырмалар алып отырған деп мәлімдейді журналист.

«Бұл адам жылдар бойы Алматыдағы қуғын-сүргін жүйесінің негізгі тетіктерінің бірі болды. Тәуелсіз редакцияларды тұншықтыру ісін тікелей өзі үйлестірді, «сенім ұялатпайтын» журналистердің тізімін жасады, билік мүддесіне қызмет ететін арандатушылық әрекеттерді ұйымдастырды», – деп жазды журналист.

👍10👎4