DALA INSIDE
10.2K subscribers
412 photos
136 videos
1 file
1.17K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⛽️Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнай өнімдері тиісті көлемде жөнелтіледі

🚧Атырау мұнай өңдеу зауыты өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың талаптарына және ҚР Энергетика министрлігінің бекітілген кестесіне сәйкес 1 қазанға жоспарланған алдын ала тексеру жұмыстарына дайындалуда.

🔵Жоспарланған алдын ала тексеру жұмыстары жыл сайын өткізіледі және бөлшектердің, тораптардың, механизмдердің мерзімінен бұрын тозуын болдырмауға, олардың жарамдылығын ұзартуға бағытталған технологиялық жабдықты күту, қадағалау, пайдалану және жөндеу жөніндегі іс-шаралар кешенін білдіреді.
👍38🤮4👏1😁1😱1💯1
🔵Жоспарланған алдын ала тексеру жұмыстарына 1 600-ге жуық мердігерлік ұйымдардың қызметкері, сондай-ақ 116 бірлік арнайы техника жұмылдырылатын болады. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы "азаматтық қорғау туралы" Заңының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

🔵Бұл кезде өндірістің тоқтауы мұнай өнімдерін жөнелтуге әсер етпейді. Зауыттың резервуарларында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталмас бұрын жинақталған мұнай өнімдері 36 мың тонна автобензин мен 32 мың тонна дизель отынын құрайды.

🔵Сонымен қатар, қазан айында 16 мың тонна автобензин және 28 мың тонна дизель отынын өндіру жоспарланып отыр.
Мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру мен жөнелту ҚР Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес жүзеге асырылмақ.
👍31👏3💯2
🇰🇿👑 "Жаңа Қазақстан" Әлия Назарбаеваға жақындап келеді

РОП операторына қатысты бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваның үстінен іс қозғау туралы пікір алмасулар жүруде. Оның фабуласы, барлығы дайын. Тек нақты саяси сигнал керек.

Арнайы прокурорлар Әлия Назарбаеваға Қазақстаннан қашып кетіп, Дубайда құрықталған Шынар Мұхтарованың тергеуде келтірген дәйектері арқылы шыға алады. РОП операторының халық пен мемлекеттен алған қаржысы талан-таражға салынғанда, оның негізгі пайдақоры Әлия Назарбаева болды деген күдік бар.

Негізі РОП ісін сот Назарбаевасыз жауып тастаған болатын.

Бұрынғы экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, "Оператор РОП" ЖШС-ні түрлі кезеңде басқарған Светлана Коротенко мен Медет Құмарғалиев 7 жылға сотталып кетті. РОП ісі бойынша келтірілген шығынның жалпы сомасы 26,8 млрд теңгені құрады.

Ал ұсталған Шынар Мұхтарова Светлана Коротенконың қатысуымен бюджеттің 920 миллион теңгесін жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Мұхтарова өз кезегінде тергеу барысында сөйлей бастады. Және Әлияға қатысты тұстарында ерекше ашылып, бәрін айтты дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Аmаnаt» партиясының депутаты Ерлан Саиров арқылы Әлия Назарбаеваны соттау бойынша алғашқы қадам жасап үлгерді. Депутат «РОП операторына» қатысты тұңғыш президенттің кенже қызы Әлия Назарбаевадан жауап алу қажет екенін мәлімдеген еді. Енді тергеу системасы ақырындап айнала бастайтын болады.

Әсілі, Назарбаевтың үш қызын да отырғызуға компромат толық жетеді. Тек ол "Жаңа Қазақстанға" керек пе, кланаралық соғыс ушығып кетпей ме деген сұрақ қана "Сол жағалаудың" батыл қимылдарын бөгеп тұр. Сол үшін бәрін бірдей асамай, бірінші Әлия арқылы дәмін татып көрмек.

Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
👍212👏16🔥14😱6🙏4😡4
✋ Ақмола облысының Бестөбе ауылындағы алтын кеніші соңғы екі жыл бойы игерілмей, тұралап тұр

Жергілікті жұрт кенішті іске қосуға үзілді-кесілді қарсы. Алтын өндіретін кәсіпорынның аузына құлып салынып, қаңырап тұрғаны ақылға сыймайды. Кенішті қажетке жаратса, аймақ бюджетіне қомақты түсім түсер еді.

Салдарынан алтынды астыртын, заңсыз игеретін цехтардың саны күрт көбейіп барады. Күні кеше Ақмола полициясы осындай келеңсіз жайттың үстінен түсті.
Цех бір кездері шахтада еңбек еткен азаматтың ауласынан анықталған. Алтын игерудің амал-тәсілін жетік білетін азамат жертөледен жасырын кәсіпорын ашқан. Осы күнге дейін ел көзінен тасада «табыс» тапқан шахтердің қанша көлемдегі руданы «игеріп» жібергенін бір құдай біледі. Белгілісі, қолдан соғылған тас үгіткішке 10 шелек құнды материал оңай сияды екен.
Полицейлердің айтуынша цехтің жұмыс істегеніне 10 күннен асып кеткен. Ауладағы алтын игерушіні анықтауға «Қазақалтын» ЖШС-нің қызметкерлері атсалысқан.

Ілгерідегі Бестөбе кеніші осы «Қазақалтынға» қарайды. Бұл соңғы жыл жарым ішінде тіркелген 7-ші оқиға. Бестөбедегі астыртын цехтар бірінің соңынан бірі балалап, «қой» дегенге көнер емес. Заңсыз кәсіпорын ашып, көлеңкелі бизнесті көркейтіп жатқандардың түгелі жергілікті тұрғындар... Олар полицияның әміріне де бағынар емес. Күні кеше полицейлер Бестөбедегі шахтаның түбіне түсіп, алтын рудасын аршып алып жатқан тағы бір топты әшкереледі. Әлгі топтың шахтаға түсіп, қымбатты металды қалтаға басуына жергілікті тұрғынның жәрдемдескені мәлім болды.
«Қазақалтынның» «қарақшылар» дейтін тізіміне кірген тұрғын бұған дейін де алтын ұрлап бірнеше рет істі болған.

Бұл соңғы бір жарым жылда шахтаға заңсыз кірген осымен 25-ші оқиға. Бізге жеткен мәлімет бойынша, бестөбеліктер осы арқылы табыс табуды кәсіп көзіне айналдырған. Олардың Бестөбеден зауыт ашуға қарсы шығып жатқаны тегін емес.

Мұндағы мотив: алтын игеретін кәсіпорын ашылар болса, оның есігінің аузында күзет тұрады, видеобақылау жүргізіледі, заманауи техника жеткізіледі. Бұл ауылдағы алтын ұрлаумен айналысатын баукеспелердің бизнесін банкротқа ұшыратады. Кәсіпорын ашуға ниетті компания бұл іске білек түре кірісер болса, ауылдағы қарақшы топтың тарапынан саботаж жасалуы мүмкін деп қауіптенеді. Бұған дейінгі қоғамдық тыңдауда алтын ұрлап дәндегендер шараның шырқын бұзып, айғай-шу шығарған. Кәсіпорынды модернизациялауға ниетті компания қарақшылармен бетпе-бет келуден қаймығып отыр.

Бұған негіз бар. Бестөбедегі алтын ұрлауға дағдыланған топты полицейлер соңғы он жыл бойына ауыздықтай алмай келеді. Осы аралықта мемлекеттің меншігіне қол сұққан 45 мың факті тіркеліп, астыртын ашылған жүздеген цех тәркіленді. Соңғы бір жарым жылдың ішінде мыңға жуық азамат ұсталып, жауапқа тартылыпты.

Демек, бұл істің артында криминалды күш тұр деп топшылауға болады. Олар жергілікті тұрғындарды провокацияға итермелеп, өздері олардың тасасында тығылып жүр. Соның кесірінен аймақ экономикасы салықтан қағылуда. Ұры-қарылар Бестөбеде алтын өндіретін заманауи инфрақұрылымның орнағанын қаламайды. Ілгеріде айтқандай, осынау криминалды жүйенің бастауын анықтау қажет. Бестөбеде өндірілген алтын ауылда ұзақ аялдамайтыны белгілі. Демек, бұл істен ауыл тұрғындары да және олардың «крышалары» да күреп табыс тауып отыр.

Жергілікті жұрттың Бестөбеден кәсіпорын ашуға қарсы шығып жатқаны да содан!

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз                    
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c

Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
👍72😱10💯3😡3👏2🔥1
⚡️ Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел! Қазақтар 🇦🇪Араб әмірлігіне ағылуға әзір отыр...

Жақсы өмірге ұмтылған қазақтар үшін Англия мен Кореядан кем түспейтін әлтернәтива табылды. Назарбаев әулеті ауа көшкен Араб әмірліктеріне жұмыс күші қажет!

Ауыр жұмыстан қашпайтын, тек сонысы үшін лайықты ақы сұрайтын қазақтар бұл мүмкіндікті мүлт жібермеуі тиіс.

Санаулы сағаттан кейін үміткерлерді іріктеу кампаниясы басталады. Жоба жетекшілері өзіміздің ҚазМұнайГаз бен араптың Abu Dhabi Ports компаниясы. Екі алпауыт ақылдаса келе осындай ортақ жобаны іске асыруға ұйғарысқан.

Abu Dhabi Ports туралы аз-кем инфо: компания 🇦🇪 Араб Әмірліктерінің порт, өнеркәсіп және логистика саласындағы ірі операторы. Компания порттар мен терминалдарға (контейнерлер, жалпы жүктер, Ро-Ро, круиз) иелік етіп, олардың жұмысын жүйелейді.

❗️ Арабтарға қандай маман керек?

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша порт басшылығы келесідей мамандарға сусап отыр. Бұлар: боцман, механик, электрик, дәнекерлеуші, сылақшы, теңізші, құммен тазалаушы, дайвинг жөніндегі супервайзер, инженер және тағы басқа.

Бас-аяғы 3️⃣5️⃣ мамандық бойынша байқау өтеді.

Конкурстың кішігірім нюанстері бар. Іріктеуде Маңғыстау өңірінің тұрғындарына басымдық беріледі. Мұны бір деп қойыңыз.

Байқауға қатысатын азаматтар азды-көпті болсын ағылшынша білуі тиіс. Онсыз араптармен коммуникация орнату ауыр болары анық.

Іріктеуді Abu Dhabi Ports-тың өкілдері жүргізеді. Компанияның корпоративтік талап-үдесінен шыққан қазақтар ағылшын тілінің жедел курсынан өтіп, тұрақты жалақысы, комфортты ортасы қалыптасқан жұмысқа орналасады.

Уақыты? Байқау ертең, 29 қыркүйекте басталады.

Іріктеу Samruk Business Academy ұйымдастырады. Үміткерлер 29 қыркүйектен бастап QSamruk.kz платформасына тіркеліп, өтінім бере алады.

DALA INSIDE өз тарапынан толық ақпарат беруге тырысты. Қосымша мәлімет алғыңыз келсе, 📞 +7 (708) 035 6575 жедел желісіне хабарласуға болады.

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c

Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
👍109👏8🔥4💯4😁1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Мемлекет басшысының Euler Hermes агенттігінің басқарма мүшесі Эдна Шёнемен өткізген кездесуінің нәтижесі жөнінде пікір білдірді

🎦 t.me/aqorda_resmi
💯23👍7🔥4👏2
⚡️ Тоқаев ресейлік БАҚ-тың айыптауына жауап қатты...

Президент Тоқаевтың 🇩🇪 Германия сапары ресейлік медиа алаңда қызу талқыға түсті деп жазады DALA INSIDE.

Берлиндегі басқосуда Мемлекет басшысы Ресейге салынған санкцияларға тоқталып, «Қазақстанға қатысты күдік болмауы тиіс» деген-ді.

"Қазақстан санкциялық талапты ұстанатынын шегелеп айтты. Біз санкцияны сақтау бойынша тиісті ұйымдармен байланыстамыз. Берлиннің санкцияны айналып өтуге бағытталған ықтимал әрекеттерге қатысты мысқалдай күмәні болмасын", – деген болатын Тоқаев.

Президенттің мәлімдемесі 🇷🇺 ресейлік ақпарат құралдарының дүрбісіне ілігіп, дүрлігісіп жатыр. «Астана Мәскеуден іргесін аулақ салып, біртіндеп 🇪🇺 Батысқа бет бұруда...» деген риторика күшейе түсті.

Осыған орай қойылған журналистің сауалына президент Тоқаев келесідей жауап қатты.

«Қазақстан «антиресей» емес. Екі елдің шекарасы жеті мың шақырымға созылып жатыр. Ресеймен жан-жақты, сан-салалы әріптестік орнату ұстанымынан айныған жоқпыз. Сауда және гуманитарлы байланыстан бөлек, өзге салаларда да ертеден келе жатқан сабақтастық бар», - деді Президент.

Тоқаевтың атап өткеніндей санкциялық текетірестің түбі тұйыққа тірейді.

«Мен бұл туралы 🇺🇳 БҰҰ-ның Бас Ассемблеясында егжей-тегжейлі айтқанмын. Санкциялық шайқас халықаралық қарым-қатынастың іргетасын шайқалтып, осы күнге дейінгі атқарылған шаруаны эрозияға ұшыратады.

Қазақстан санкциялық тізімге енген тауарларды алып-сатумен айналыспайтынын баса айтқым келеді! Тиісінше, Ресейге бағытталған паралеллді импортқа да біздің қатысымыз жоқ», – деді кесіп айтты Мемлекет басшысы.

«Алайда», - дейді Тоқаев. Қазақстан санкциялық шектеулер мен тыйымдарды қаперге алуға мәжбүр. Бұл мәселеде халықаралық ұйымдармен ұдайы байланыстамыз. Осы сәтті пайдаланып, барша дипломаттарға үн қатқым келеді: Ресей мен 🇺🇦 Украинаның мүддесіне сай келетін, келіссөз тетігін табу қажет. Бұл мәселені кейінге шегеруге болмайды. Адамзат баласы қауіпті өткелдің табалдырығында тұр», – деді Тоқаев.

Айта кетейік, президент ресми сапармен Германияға барды. Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Канцлері Олаф Шольцпен кездесті. Келіссөздерден кейін Мемлекет басшысына Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасы жөнінде, Украина төңірегіндегі қақтығыстарға қатысты сұрақтар қойылған.

«Ресей де, Украина да келіссөз жүргізуге дайын екенін растайды. Олар бірін-бірі айыптауды доғарып, екі жаққа да тиімді келіссөздің жолын табуы керек.

Қазақстан Украина қақтығысын шешудің қандай да бір жолдарын ұсынып жатқан өзге елдер мен мемлекеттер тобының күш-жігерін қолдайды. Біз өз тарапымыздан барлық қажетті шараны қабылдаймыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c

Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍126🔥8👏3🙏2💯1😡1
💸 Қазақстанды ұтса, Стати қайтадан миллиардер атанбақ

Оның жеңісі бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев пен Назарбаевтың кластасының баласы Бауыржан Бәйбектің жағдайын нашарлата алады. Бекетаев-Бәйбек тандемі "Стати ісі" бойынша мемлекет мүлкін талан-таражға салды деп айыпталуы мүмкін.

Әкелі-балалы Статилер иелік ететін ASCOM Group жағдайы тым мүшкіл болып барады. Соңғы 2 жылда компания 50 миллион лей шығынға батып қалған. Молдоваға салық берешегі көбейіп кеткендіктен, оның мемлекеттік органдармен арасы суып жатыр.

Бірақ жағдайды Қазақстан құтқарып қалмақ. Швеция соты Стати пайдасына 76 миллион доллар, ал Гибралтар соты 2 миллион доллар кесіп берді. Енді ол ақшаны Қазақстан тез арада Статиге төлеуі тиіс. Бұл жағдайда Анатоли Стати өз қарыздарын жауып, жағдайын түзеп алады.

Қазақстан Стати ісінен 1 миллиард доллар жоғалтуы мүмкін. Еліміз қазірдің өзінде 500 миллион доллар болатын өтемақы төлеуді кейінге қалдыру үшін сот шығындарына 300 миллион долларын жұмсады. Бұған қоса, 500 миллион долларға проценттер жүріп жатыр.

Анатоли Стати «Біз Қазақстаннан өтемақыны асықпай, бірақ сенімді түрде өндіртіп жатырмыз. Бірнеше жыл бұрын Қазақстанның 1 миллиард доллардың жартысын төлеп құтылатын мүмкіндігі болып еді. Бірақ осы қомақты шығындардан жеке пайда көргендер басқаша шешім қабылдады», - деп отыр.

Стати ісін тыныш жасырып қойып, архивке жібере салу мүмкін емес. Кейін осы қателіктер үшін бәрінен жауап сұралатын болады. 1 миллиард доллар оңай ақша деп айта алмаймыз.

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c

Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
👍95😱24🤯6😁3💯3👏2🔥1🤝1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Президент "Қазпошта" басшысы Әсел Жанасованы қабылдап, компанияны қаржылық жағдайын жақсарту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Айта кету керек, "Қазпошта" 5 жылда алғаш рет шығыны аз, табысты мекемеге айналып отыр.
👍137👏8💯3🤯2🤝2
⚡️ Қазақстанға қатысты «Барбаросса» жоспары әзірленді: «ресейлік агентураға» ақша құйылды...

Биліктің Батыс елдерінен грант алатын тұлғалардың тізімін жариялауы, еліміздегі 🇷🇺 ресейлік агентураның батыл қимылына жол ашып берді.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Қазақстандағы «проресейлік» телеграм арналар мен өзге де платформалар ұжымдасып қимылдау туралы ұйғарымға келген.

Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға кедергі болып келген ең басты фактор – қаржы мәселесі шешімін тапқан. Бұлардың кураторы боп өткенде бұғатқа түскен "Царьград" сайтының иесі, олигарх Канстантин Малапеев бекітілген.

Бірігу мотиві белгілі. Басты мақсат - сіз бен бізді "орыс әлемінің" арбитасынан ұзатпау. АҚШ пен Батысты қаралайтын контент көлемі күрт ұлғаятыны айтпаса да түсінікті. Тек бір нюанс бар...

Ресей пропагандасы трансформацияға ұшырап, оң-солын танып алған қазақ қоғамына қай жағынан келерін білмей дағдаруда. Малапеевтің (куратордың) ұсынысы бойынша телегадағы орыстілді арналар еліміздегі Ресейге елегізіп отырған аудиторияны үрей құшағына енгізуі тиіс. Оның жалғыз жолы – дезинформацияны үйіп-төгу.

DALA INSIDE-тың анықтағанындай жұмыс 3️⃣ бағыт бойынша жүреді.

Куратордан түскен алғашқы тапсырма «Қазақстанда АҚШ-тың биолаботориясы ашылады...» деген өтірік әңгімені өрттей өршіту.

Телегадағы «Бараева», «Взляд на восток», Balbaltas, Asia Today, «Сегодня.kz» секілді арналар: «ГосДеп Украинадағы 30-ға тарта биолабораторияны Қазақстанға көшіреді. Үш миллионға жуық орысы бар ел биологиялық сынақ алаңына айналады» деген қауесетті бірінен соң бірі іліп әкетуде.

Екінші бағыт: қазақ билігіндегі ұлтшыл азаматтарға соқтығу. Асхат Ниязов пен Берік Әбдіғалидің сұхбатын көрген бұлар Ұлытау әкімінің орыстілді блогерлерден қаймығатынын аңғарған.

Әбдіғалидің әлсіз жерінен ұстау процесі басталып кетті. 🇺🇸 «АҚШ-та идеологиялық дайындықтан өткен адам басшылық қызметте отыр» деген ақпаратты «проресейлік» аудиторияның құлағына құюда.

Үшінші бағыт Малапеевтің (куратор) өзіне қатысты. «Царьградтың» қожайыны қаласа Ақпарминнің басшысын орнынан қозғай алады» деген тезис дайын тұр.

❗️ Айта кетелік, экс-Ақпарат министрі Асқар Омаровты «русофоб» деп алғаш айыптаған осы «Царьград» еді. Омаров бұл орында ұзақ аялдаған жоқ. Малапеевке тиесілі сайтты бұғаттаған Дархан Қыдырәлі де көп ұзамай қызметтен кетті. Ресейлік олиграхтың бұлардың отставкасына ықпал етпегені анық. Десе де, еліміздегі «проресейлік» арналарға ақпаратты осы тұрғыдан тарату міндеті жүктелген.

DALA INSIDE атын атап, түсін түстеген арналар бір орталықтан басқарылады, олардың контентін әзірлеуге еліміздегі ресейшіл сарапшылар атсалысады (бұларды бұғаттау мәселесінде көмек көрсетуге дайынбыз).

Ал Балаеваның бас ауруы көбейейін деп тұр. Аида Ғалымқызы провокацияны қалай ауыздықтайды? Жаңа Қазақстан Ресейге жұмыс істейтін агенттердің есім-сойын жария етуге батылы бара ма, мәселе сонда.

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c

Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍155🔥19😡19😱12🤮5😁3💯3
🇷🇺🔪🇦🇲 Ресей Бас штабына Кремльден "Армения операциясын" жоспарлау туралы бұйрық келді

Ресей көктемде Арменияны толық басып алып, оның билігін ауыстырып, Ресей-Беларусь одағына біріктіру жоспарын сызуға кірісті. Арменияның Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутын ратификациялауы Путиннің эмоционалды ашуға ерік беруіне себеп болды дейді, Мәскеудегі DALA INSIDE дереккөзі. Бас штаб басшысы Валерий Герасимовке әскери операция дайындау, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Николай Патрушевке армян оппозициясын күшейтіп, Еревандағы қоғамдық пікірді реттеу тапсырылды.

Жоспар екі сценарийден тұрады. Біріншісі, қарусыз саяси операция.

Қазір ФСБ армян парламентіндегі оппозициялық фракциялармен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Ресейдің Қарабақтың Әзірбайжанға қайтуына қарсылық білдірмеуі, осы арқылы Армения премьері, еуросаясаткер Пашинянды биліктен кетіруге бағытталған еді. Ресей оппозиция серкесі Ишхан Сагателянді билікке алып келуге мүдделі. Артынан Сагателян "Ресеймен бірге болмасақ, Әзірбайжан Зангезур коридорын жасау үшін Сюник облысын тартып алады" деген желеумен, Арменияны одақтық мемлекетке (Ресей-Беларусь) кіргізуі керек.

Егер Пашинян блогы жеңілмей, Армения еуроинтеграцияны күшейтсе, онда Ресей Арменияны ОДКБ-дан шығуға итермелемек. Ресми Ереван ОДКБ-дан кеткеннен кейін, "өзін НАТО-дан қорғау" сылтауымен, Арменияға 30 батальонды тактикалық топтан құралған әскер енгізіліп, артынан Росгвардия жіберу жоспары ойластырылды. Ресей Арменияның әскери потенциалын, территориалдық қорғаныс құру мүмкіндігін барынша барлап қойды.

Ресей Арменияны тым әлсіз деп санап отыр. Сондықтан Украинадағы соғыспен бір уақытта Арменияны да реттеп тастайтын қауқар бар деген пікірде. Тек, бас штабтың ойынша, операция мерзімі бір аптадан аспауы тиіс. Бұл ретте, Ресейдің Францияның соғысқа араласу мүмкіндігін неге ескермей отырғаны түсініксіз. Францияда армян лоббиі мықты болғандықтан, шетел легиондарын көмекке жіберу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.

НАТО Ресейдің Кавказдағы әскери маневрларын барлап үлгере алады. Және Ресейдің Украинамен қатар Армениядағы соғыс балшығына батып қалуы альянс үшін тамаша шешім болмақ. Францияға толық карт-бланш ұсынылатыны анық. Бастысы, Ресейдің соғыстан тез шығып кетуіне мүмкіндік бермеу керек. Ресейдің бөлшектенуі осы Кавказдағы соғыстан басталады деген де жоспар бар.

Ал Ресейдің 15 жылдық стратегиялық жоспарында керісінше: ол Арменияны реттеп тастайды да, Молдовамен айналысады. Содан кейін Қазақстан жақты көреді. Генштаб жоспарынша, Қытаймен саяси уағдаластық болмайынша, Қазақстанмен соғысуға болмайды. Ал Қауіпсіздік кеңесі Қытайдың Қазақстан мәселесінде Ресеймен келіспейтінін және қатаң ескерту жасайтынын болжаған. Немесе Сахалин мен Благовещенскті Қытайға сыйлаулары керек.

Ресей жоспарында Қазақстан-Өзбекстан блогымен гипотетикалық соғыстың орасан қиын болатыны ескерілген. Қазақстанның модернизацияланып жатқан әскери потенциалы, оған қоса 100 пайыз Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркияның әскери қолдауы болатыны есепке алынып отыр. Және Өзбекстан мен Қазақстанның демографиясы, халқы жас екені, мобилизациялық потенциалы Ресейден кем түспейтіні жазылған. Ең бастысы, Қытай келіспесе Ресей Қазақстанға мүлде кіре алмайды. Келіспей соғыс бастайтын болса, Қытайдың әскери әлеуетімен күш сынасуға мәжбүр болады.

Бірақ Ресей Қазақстандағы соғысқа жетемін дегенше, батыс фронтынан-ақ әбден әлсіреп, өзі ыдырап кететін жағдайда отыр. Жоспар - қағазға жазылған өтірік дүние. "Киевті 3 күнде басып алатындар", өздерінің сөзі мен ісі қаншалықты қабыспайтынын бүкіл әлемге дәлелдеп үлгерді.

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c

Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
👍283🔥19🤮13😁5😱5💯5👎2
💻💰 Антивирус мафиясы: ресейліктердің астыртын заңсыз монополия орнатқаны анықталды

Мемлекеттік тендерлерді ресейлік антивирус жасаушылар білдірмей иемденіп алған. Осының кеңінен таралған бір схемасы анықталып отыр.

Алдымен тапсырыс беруші Doctor Web, Касперский сынды ресейлік компаниялармен астыртын сөз байласып алады. Сосын тендердегі техникалық спецификация Doctor Web, не Касперский өнімдерін айна қатесіз сипаттайды да, «антивирус өндірушісінің рұқсат хаты болсын» деген шарт қояды. Болды, енді тендерге Doctor Web, Касперскийлер қай компанияға рұқсат қағаз берді, сол ойыншы ғана қатысады.

Ал антивирус өндірушілері өз кезегінде тек ресейлік компанияларға ғана рұқсат хатын беріп отыр.

Рұқсат хат демекші, осы тұсты ежіктей кетейік: компаниялардың мұндай ірі ұтыстарына (лоттарына) отандық кәсіпкерлерді маңайлатпады. Ілгеріде айтылған антивирустың кепілхаты тек "проресейлік" компанияларға беріледі. Осының кесірінен еліміздегі ноутбук, планшет, моноблок құрастыратын қазақ кәсіпкерлері "техспеці" сай емес деген желеумен тендерден шеттетіліп отыр.

Тендердің лоттарын зерттеген DALA INSIDE мына көрініске куә болды:

- № 7617770-1 – сомасы 168 239 283 теңге, жеңімпаз «Альянстелеком» ЖШС, 2 орын «Ұлттық инновациялық орталық» ЖШС;

- № 8000947-1 – сомасы 145 982 142 теңге, жеңімпаз «Ұлттық инновациялық орталық» ЖШС, 2 орын «Logicom» акционерлік қоғамы;

- № 7326908-1 – сомасы 75 015 556, жеңімпаз «Adancom» ЖШС, 2 орын «Artson Build Invest» ЖШС;

- № 6417312-1 - сомасы 83 143 124 теңге, жеңімпаз «Артсон Билд Инвест» ЖШС, 2 орын «Аданком» ЖШС;

- № 6428319-1 - сомасы 54 720 000 теңге, жеңімпаз «Аданком» ЖШС, 2 орын «F3.kz» ЖШС;

- № 6428512-1 - сомасы 51 000 000 теңге, жеңімпаз «Ұлттық инновациялық орталық» ЖШС, 2 орын «PC4U» ЖШС.

❗️ Сонда, тендерден анықталған азғантай факттің өзінде 578 миллион теңге Ресейге кетіп отырған.

Жоғарыда аталған тендерлерде 2 ортақ фактор байқалады:

1. Конкурсқа тек 2 компания қатысады;
2. Техникалық сипаттама Ресейдің Dr.WEB немесе Kaspersky Lab антивирустық бағдарламаларына лайықталып жазылған.

Осылайша, Қазақстандағы барлық тендердегі миллиард теңгелер Ресейге ашық жолмен кетіп жатыр.

Антивирусты АҚШ-тың, Израильдың да керемет жасайтынын ескерсек, неге Ресейге ғана жығып беріп отырмыз деген сұрақты антимонополды орган баяғыда қоюы керек еді. Бірақ, олардың компьютерлеріне де ресейлік антивирус орнатылғандықтан, өздері ештеңе айта алмай отыр..

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз 👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c

Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
😱121👍63😡38👎5🔥3💯1
📝🤜 Түймебаевты Кемел Тоқаевтың киесі ұрды

Ақорда келесі дүйсенбіде Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевты орнынан алып тастау мәселесі бойынша ішкі консультациялар өткізбек.

DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша, университеттің көрнекті жазушы, қазақ детективінің негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың атын дауға араластырып жібергені, осылайша жазушының атына кір келтіргені Сол жағалаудың шамына тиіп отыр. Мемлекет басшысына өзіне қатысты жағымпаздық әрекеттердің жер-жерде көбейіп кетуі мүлде ұнамады және жақын арада осыған орай қатқыл мәлімдеме жасауы мүмкін.

ҚазҰУ екі күн бұрын "Ескі Қазақстандағы" әдетіне басып, Журналистика факультетінің бос аудиториясына Кемел Тоқаевтың атын бергізеді. Ол университеттің өз бастамасы болған. Алайда, шараға келген тәуелсіз БАҚ - "Азаттық радиосы" алдында ректор Түймебаев ұстамсыздық танытып, ол әрекеті ютубта кең таралады. Артынан журналистика факультетінің деканаты "Азаттық радиосына" пікір бергені үшін дәріс оқып жүрген жас мұғалім Дастан Қастайды қудалай бастайды. Нақтырақ айтсақ, деканаттағы хатшы қыз Дастан Қастайға папкадағы делосын әкеліп беріп, "сіз өтпей қалдыңыз, енді сабаққа келмеңіз" деген.

Алайда Дастан Қастайдың осы мәселеге қатысты фейсбуктағы жазбасы үлкен резонанс тудырып, іске Жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек араласты.

Мұның бәрі жаңа даудың өршіп, қаптаған сыни материалдардың ішінде Кемел Тоқаевтың аты аталып жатуына алып келді.

Осылайша ҚазҰУ ебедейсіз, тұрпайы жағымпаздық әрекетімен керісінше істі насырға шаптырып, биыл 100 жылдық мерейтойы атап өтіліп жатқан зиялы жазушы Кемел Тоқаевтың атын былғап қойды. Онымен қоймай, ҚазҰУ аудиторияның ашылуына Мемлекет басшысы келеді деп ойлап, журфакты әктеу мен сылауға, қабырғаға суреттер салу үшін жоспарланбаған жерден қаржылық шығынға ұшыраған. Онысы Президент келмегендіктен ақыр-аяғында бюджет қаржысын тиімсіз жұмсау болып шықты.

Келесі аптада Астана барлық өңірлер мен мекемелерге қызметтік құпия белгісі соғылған (ДСП - для служебного пользования) "антижағымпаздық" телеграммасын жібермек. Мұнда жергілікті басшыларға асыра сілтеуге, жағымпаздыққа жол беруге болмайтыны ескертіледі.

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз                    
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c

Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
👍282😁23👏15🔥8👎4🤯1💯1😡1