DALA INSIDE
10.2K subscribers
412 photos
136 videos
1 file
1.17K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Президент "Қазпошта" басшысы Әсел Жанасованы қабылдап, компанияны қаржылық жағдайын жақсарту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Айта кету керек, "Қазпошта" 5 жылда алғаш рет шығыны аз, табысты мекемеге айналып отыр.
👍137👏8💯3🤯2🤝2
⚡️ Қазақстанға қатысты «Барбаросса» жоспары әзірленді: «ресейлік агентураға» ақша құйылды...

Биліктің Батыс елдерінен грант алатын тұлғалардың тізімін жариялауы, еліміздегі 🇷🇺 ресейлік агентураның батыл қимылына жол ашып берді.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Қазақстандағы «проресейлік» телеграм арналар мен өзге де платформалар ұжымдасып қимылдау туралы ұйғарымға келген.

Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға кедергі болып келген ең басты фактор – қаржы мәселесі шешімін тапқан. Бұлардың кураторы боп өткенде бұғатқа түскен "Царьград" сайтының иесі, олигарх Канстантин Малапеев бекітілген.

Бірігу мотиві белгілі. Басты мақсат - сіз бен бізді "орыс әлемінің" арбитасынан ұзатпау. АҚШ пен Батысты қаралайтын контент көлемі күрт ұлғаятыны айтпаса да түсінікті. Тек бір нюанс бар...

Ресей пропагандасы трансформацияға ұшырап, оң-солын танып алған қазақ қоғамына қай жағынан келерін білмей дағдаруда. Малапеевтің (куратордың) ұсынысы бойынша телегадағы орыстілді арналар еліміздегі Ресейге елегізіп отырған аудиторияны үрей құшағына енгізуі тиіс. Оның жалғыз жолы – дезинформацияны үйіп-төгу.

DALA INSIDE-тың анықтағанындай жұмыс 3️⃣ бағыт бойынша жүреді.

Куратордан түскен алғашқы тапсырма «Қазақстанда АҚШ-тың биолаботориясы ашылады...» деген өтірік әңгімені өрттей өршіту.

Телегадағы «Бараева», «Взляд на восток», Balbaltas, Asia Today, «Сегодня.kz» секілді арналар: «ГосДеп Украинадағы 30-ға тарта биолабораторияны Қазақстанға көшіреді. Үш миллионға жуық орысы бар ел биологиялық сынақ алаңына айналады» деген қауесетті бірінен соң бірі іліп әкетуде.

Екінші бағыт: қазақ билігіндегі ұлтшыл азаматтарға соқтығу. Асхат Ниязов пен Берік Әбдіғалидің сұхбатын көрген бұлар Ұлытау әкімінің орыстілді блогерлерден қаймығатынын аңғарған.

Әбдіғалидің әлсіз жерінен ұстау процесі басталып кетті. 🇺🇸 «АҚШ-та идеологиялық дайындықтан өткен адам басшылық қызметте отыр» деген ақпаратты «проресейлік» аудиторияның құлағына құюда.

Үшінші бағыт Малапеевтің (куратор) өзіне қатысты. «Царьградтың» қожайыны қаласа Ақпарминнің басшысын орнынан қозғай алады» деген тезис дайын тұр.

❗️ Айта кетелік, экс-Ақпарат министрі Асқар Омаровты «русофоб» деп алғаш айыптаған осы «Царьград» еді. Омаров бұл орында ұзақ аялдаған жоқ. Малапеевке тиесілі сайтты бұғаттаған Дархан Қыдырәлі де көп ұзамай қызметтен кетті. Ресейлік олиграхтың бұлардың отставкасына ықпал етпегені анық. Десе де, еліміздегі «проресейлік» арналарға ақпаратты осы тұрғыдан тарату міндеті жүктелген.

DALA INSIDE атын атап, түсін түстеген арналар бір орталықтан басқарылады, олардың контентін әзірлеуге еліміздегі ресейшіл сарапшылар атсалысады (бұларды бұғаттау мәселесінде көмек көрсетуге дайынбыз).

Ал Балаеваның бас ауруы көбейейін деп тұр. Аида Ғалымқызы провокацияны қалай ауыздықтайды? Жаңа Қазақстан Ресейге жұмыс істейтін агенттердің есім-сойын жария етуге батылы бара ма, мәселе сонда.

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c

Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍155🔥19😡19😱12🤮5😁3💯3
🇷🇺🔪🇦🇲 Ресей Бас штабына Кремльден "Армения операциясын" жоспарлау туралы бұйрық келді

Ресей көктемде Арменияны толық басып алып, оның билігін ауыстырып, Ресей-Беларусь одағына біріктіру жоспарын сызуға кірісті. Арменияның Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутын ратификациялауы Путиннің эмоционалды ашуға ерік беруіне себеп болды дейді, Мәскеудегі DALA INSIDE дереккөзі. Бас штаб басшысы Валерий Герасимовке әскери операция дайындау, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Николай Патрушевке армян оппозициясын күшейтіп, Еревандағы қоғамдық пікірді реттеу тапсырылды.

Жоспар екі сценарийден тұрады. Біріншісі, қарусыз саяси операция.

Қазір ФСБ армян парламентіндегі оппозициялық фракциялармен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Ресейдің Қарабақтың Әзірбайжанға қайтуына қарсылық білдірмеуі, осы арқылы Армения премьері, еуросаясаткер Пашинянды биліктен кетіруге бағытталған еді. Ресей оппозиция серкесі Ишхан Сагателянді билікке алып келуге мүдделі. Артынан Сагателян "Ресеймен бірге болмасақ, Әзірбайжан Зангезур коридорын жасау үшін Сюник облысын тартып алады" деген желеумен, Арменияны одақтық мемлекетке (Ресей-Беларусь) кіргізуі керек.

Егер Пашинян блогы жеңілмей, Армения еуроинтеграцияны күшейтсе, онда Ресей Арменияны ОДКБ-дан шығуға итермелемек. Ресми Ереван ОДКБ-дан кеткеннен кейін, "өзін НАТО-дан қорғау" сылтауымен, Арменияға 30 батальонды тактикалық топтан құралған әскер енгізіліп, артынан Росгвардия жіберу жоспары ойластырылды. Ресей Арменияның әскери потенциалын, территориалдық қорғаныс құру мүмкіндігін барынша барлап қойды.

Ресей Арменияны тым әлсіз деп санап отыр. Сондықтан Украинадағы соғыспен бір уақытта Арменияны да реттеп тастайтын қауқар бар деген пікірде. Тек, бас штабтың ойынша, операция мерзімі бір аптадан аспауы тиіс. Бұл ретте, Ресейдің Францияның соғысқа араласу мүмкіндігін неге ескермей отырғаны түсініксіз. Францияда армян лоббиі мықты болғандықтан, шетел легиондарын көмекке жіберу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.

НАТО Ресейдің Кавказдағы әскери маневрларын барлап үлгере алады. Және Ресейдің Украинамен қатар Армениядағы соғыс балшығына батып қалуы альянс үшін тамаша шешім болмақ. Францияға толық карт-бланш ұсынылатыны анық. Бастысы, Ресейдің соғыстан тез шығып кетуіне мүмкіндік бермеу керек. Ресейдің бөлшектенуі осы Кавказдағы соғыстан басталады деген де жоспар бар.

Ал Ресейдің 15 жылдық стратегиялық жоспарында керісінше: ол Арменияны реттеп тастайды да, Молдовамен айналысады. Содан кейін Қазақстан жақты көреді. Генштаб жоспарынша, Қытаймен саяси уағдаластық болмайынша, Қазақстанмен соғысуға болмайды. Ал Қауіпсіздік кеңесі Қытайдың Қазақстан мәселесінде Ресеймен келіспейтінін және қатаң ескерту жасайтынын болжаған. Немесе Сахалин мен Благовещенскті Қытайға сыйлаулары керек.

Ресей жоспарында Қазақстан-Өзбекстан блогымен гипотетикалық соғыстың орасан қиын болатыны ескерілген. Қазақстанның модернизацияланып жатқан әскери потенциалы, оған қоса 100 пайыз Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркияның әскери қолдауы болатыны есепке алынып отыр. Және Өзбекстан мен Қазақстанның демографиясы, халқы жас екені, мобилизациялық потенциалы Ресейден кем түспейтіні жазылған. Ең бастысы, Қытай келіспесе Ресей Қазақстанға мүлде кіре алмайды. Келіспей соғыс бастайтын болса, Қытайдың әскери әлеуетімен күш сынасуға мәжбүр болады.

Бірақ Ресей Қазақстандағы соғысқа жетемін дегенше, батыс фронтынан-ақ әбден әлсіреп, өзі ыдырап кететін жағдайда отыр. Жоспар - қағазға жазылған өтірік дүние. "Киевті 3 күнде басып алатындар", өздерінің сөзі мен ісі қаншалықты қабыспайтынын бүкіл әлемге дәлелдеп үлгерді.

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c

Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
👍283🔥19🤮13😁5😱5💯5👎2
💻💰 Антивирус мафиясы: ресейліктердің астыртын заңсыз монополия орнатқаны анықталды

Мемлекеттік тендерлерді ресейлік антивирус жасаушылар білдірмей иемденіп алған. Осының кеңінен таралған бір схемасы анықталып отыр.

Алдымен тапсырыс беруші Doctor Web, Касперский сынды ресейлік компаниялармен астыртын сөз байласып алады. Сосын тендердегі техникалық спецификация Doctor Web, не Касперский өнімдерін айна қатесіз сипаттайды да, «антивирус өндірушісінің рұқсат хаты болсын» деген шарт қояды. Болды, енді тендерге Doctor Web, Касперскийлер қай компанияға рұқсат қағаз берді, сол ойыншы ғана қатысады.

Ал антивирус өндірушілері өз кезегінде тек ресейлік компанияларға ғана рұқсат хатын беріп отыр.

Рұқсат хат демекші, осы тұсты ежіктей кетейік: компаниялардың мұндай ірі ұтыстарына (лоттарына) отандық кәсіпкерлерді маңайлатпады. Ілгеріде айтылған антивирустың кепілхаты тек "проресейлік" компанияларға беріледі. Осының кесірінен еліміздегі ноутбук, планшет, моноблок құрастыратын қазақ кәсіпкерлері "техспеці" сай емес деген желеумен тендерден шеттетіліп отыр.

Тендердің лоттарын зерттеген DALA INSIDE мына көрініске куә болды:

- № 7617770-1 – сомасы 168 239 283 теңге, жеңімпаз «Альянстелеком» ЖШС, 2 орын «Ұлттық инновациялық орталық» ЖШС;

- № 8000947-1 – сомасы 145 982 142 теңге, жеңімпаз «Ұлттық инновациялық орталық» ЖШС, 2 орын «Logicom» акционерлік қоғамы;

- № 7326908-1 – сомасы 75 015 556, жеңімпаз «Adancom» ЖШС, 2 орын «Artson Build Invest» ЖШС;

- № 6417312-1 - сомасы 83 143 124 теңге, жеңімпаз «Артсон Билд Инвест» ЖШС, 2 орын «Аданком» ЖШС;

- № 6428319-1 - сомасы 54 720 000 теңге, жеңімпаз «Аданком» ЖШС, 2 орын «F3.kz» ЖШС;

- № 6428512-1 - сомасы 51 000 000 теңге, жеңімпаз «Ұлттық инновациялық орталық» ЖШС, 2 орын «PC4U» ЖШС.

❗️ Сонда, тендерден анықталған азғантай факттің өзінде 578 миллион теңге Ресейге кетіп отырған.

Жоғарыда аталған тендерлерде 2 ортақ фактор байқалады:

1. Конкурсқа тек 2 компания қатысады;
2. Техникалық сипаттама Ресейдің Dr.WEB немесе Kaspersky Lab антивирустық бағдарламаларына лайықталып жазылған.

Осылайша, Қазақстандағы барлық тендердегі миллиард теңгелер Ресейге ашық жолмен кетіп жатыр.

Антивирусты АҚШ-тың, Израильдың да керемет жасайтынын ескерсек, неге Ресейге ғана жығып беріп отырмыз деген сұрақты антимонополды орган баяғыда қоюы керек еді. Бірақ, олардың компьютерлеріне де ресейлік антивирус орнатылғандықтан, өздері ештеңе айта алмай отыр..

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз 👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c

Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
😱121👍63😡38👎5🔥3💯1
📝🤜 Түймебаевты Кемел Тоқаевтың киесі ұрды

Ақорда келесі дүйсенбіде Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевты орнынан алып тастау мәселесі бойынша ішкі консультациялар өткізбек.

DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша, университеттің көрнекті жазушы, қазақ детективінің негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың атын дауға араластырып жібергені, осылайша жазушының атына кір келтіргені Сол жағалаудың шамына тиіп отыр. Мемлекет басшысына өзіне қатысты жағымпаздық әрекеттердің жер-жерде көбейіп кетуі мүлде ұнамады және жақын арада осыған орай қатқыл мәлімдеме жасауы мүмкін.

ҚазҰУ екі күн бұрын "Ескі Қазақстандағы" әдетіне басып, Журналистика факультетінің бос аудиториясына Кемел Тоқаевтың атын бергізеді. Ол университеттің өз бастамасы болған. Алайда, шараға келген тәуелсіз БАҚ - "Азаттық радиосы" алдында ректор Түймебаев ұстамсыздық танытып, ол әрекеті ютубта кең таралады. Артынан журналистика факультетінің деканаты "Азаттық радиосына" пікір бергені үшін дәріс оқып жүрген жас мұғалім Дастан Қастайды қудалай бастайды. Нақтырақ айтсақ, деканаттағы хатшы қыз Дастан Қастайға папкадағы делосын әкеліп беріп, "сіз өтпей қалдыңыз, енді сабаққа келмеңіз" деген.

Алайда Дастан Қастайдың осы мәселеге қатысты фейсбуктағы жазбасы үлкен резонанс тудырып, іске Жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек араласты.

Мұның бәрі жаңа даудың өршіп, қаптаған сыни материалдардың ішінде Кемел Тоқаевтың аты аталып жатуына алып келді.

Осылайша ҚазҰУ ебедейсіз, тұрпайы жағымпаздық әрекетімен керісінше істі насырға шаптырып, биыл 100 жылдық мерейтойы атап өтіліп жатқан зиялы жазушы Кемел Тоқаевтың атын былғап қойды. Онымен қоймай, ҚазҰУ аудиторияның ашылуына Мемлекет басшысы келеді деп ойлап, журфакты әктеу мен сылауға, қабырғаға суреттер салу үшін жоспарланбаған жерден қаржылық шығынға ұшыраған. Онысы Президент келмегендіктен ақыр-аяғында бюджет қаржысын тиімсіз жұмсау болып шықты.

Келесі аптада Астана барлық өңірлер мен мекемелерге қызметтік құпия белгісі соғылған (ДСП - для служебного пользования) "антижағымпаздық" телеграммасын жібермек. Мұнда жергілікті басшыларға асыра сілтеуге, жағымпаздыққа жол беруге болмайтыны ескертіледі.

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз                    
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c

Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
👍282😁23👏15🔥8👎4🤯1💯1😡1
⚡️ Нұрәлі Әлиев Жаңа Қазақстанға ұстатпай жүр...

Өткен жылғы топалаңда жылы жаққа тайып тұрған Нұрәлі содан бері төбе көрсеткен жоқ, қалбырға құйған сынап сынды ұстатпай жүр.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Әлиевке іздеу салынар күн жақын.

Оның елге оралғысы келмейтін логикасын түсінуге болады.

Назарбаев кланының жілік майы жұқарып, үзілуге шақ тұр. Әулет өкілдерінің алды тергеліп, істі болуда. Олардың ішіп-жегенін желкесінен шығару процесі ілдебайлап болса да, ілгері жүруде. Әйтсе де, халыққа “қос Қайратты қан құстырдық...” деген аргумент аздық етуде. “Тоқаевтың Әлияға тісі батпай ма?” деген сауал актуалды болып тұр.

Бізге жеткен тағы бір инсайд бойынша Қазақстанның жарты байлығын жамбасына басып жатқан Тимур Құлыбаевтың қазіргі хәлі мүшкіл. Назарбаевтың күйеубаласы Алматыдан ұзап шыға алмайды, оның “невыездной” деген статусы бар. Құлыбаев Қазақстанда қамалып қалғанына қайғырып, ойсоқты боп жүр.

“Жаңа Қазақстан осы арқылы Асқарұлының ең басты активі “Халық банкіндегі” 70 пайыз үлесінің 30 пайызын сатуға мәжбүрлеуде”, - дейді арнамыздың дереккөзі. Айта кетелік, Құлыбаев қаржы институтын “Алмэкс” холдингі арқылы басқарады.

Мұның бәрін көріп, біліп отырған Нұрәлінің жақын уақытта елге оралуы неғайбыл. Назарбаевтың сүйікті немересі өзі иелік ететін “Транстелеком” байланыс операторының осымен үшінші әлде төртінші отырысына қатысқан жоқ.

Оның Қаңтарға дейінгі жоба-жоспарларына шынымен де ғаламат-тұғын.

Қаңтарға дейінгі Нұрәлі атасы мен анасының қалқасынан (опекасынан) шығып, әулеттің саяси доминациясын ұзарту миссиясын өз мойнына алуға тас-түйін дайын отырған.

Бұл туралы ескі Қазақстанның ұңғыл-шұңғылына үңілген танымал британ журналисі Жоанна Лиллистің “Қара көлеңке” дейтін еңбегінде егжей-тегжейлі айтылады. Кітапты оқуға ерінсеңіз, “Дариға билікті басып алуды көздеді...” деген КНБ-ның экс-төрағасы Амангелді Шабдарбаевтың сұхбатын тағы бір шолып шықсаңыз болады.

DALA INSIDE-қа белгілі болғандай “шетел асқан активті қайтару туралы” заң күшіне енгелі Әлиевтың PR қызметі мен шетел лоббистері Нұрәлінің ұнамды бейнесін қалыптастыруға шұғыл кіріскен.

Алдымен “Назарбаевтың немересі жабайы табиғаттың жанашыры. Қар барысының қамқоршысы, түз тағысын сақтап қалуға өлшеусіз үлес қосқан адам...” деген бағытты байқастап көрмек.

Ескі Қазақстанның өкілдерін жауапқа тартпай көңілі көншімейтін қазақ қоғамын мұндай тұзы жоқ, су татыған ақпаратпен алдай алмайсың. Соған қарағанда әлгіндей контент шетелдік аудиторияға арналған сынды.

Біздіңше, мұның астарында саяси және қаржылық стратегия жатыр. Әлтуристің образын сомдайтын Нұрәлі осы арқылы шетелдегі активін заңдастыра алады әрі салықтық жеңілдіктерге ие болады.

Әлиевтің 💰бизнес-империясы туралы аз айтылған жоқ.

"Unit Telecom" ТОО-сы арқылы “Транстелекомның” 75 пайызына иелік ететін Нұрәлі 🚉 теміржолдағы баға саясатына ықпал етті. Оператор пойыз билетінің бағасын мың құбылтып, бұдан түскен түсім тікелей Әлиевтың әмиянына ауып отырған. Мұны әдетте афера деп айтады. Компания (25 пайыз үлесі ҚТЖ-ға тиесілі) былтыр өзінің топ-менеджерлеріне 560,9 млн теңге дивидент төлеген.

Бұған дейін Қаржымин Жамаубаев “компания мемлекетке қайта ма?” деген сауалға жауап бере алмай дағдарған еді.

Әлиевтің қазіргі тұрғылықты мекені 🇦🇪Араб Әмірліктері деп тұспалдаймыз. Астана әкімінің орынбасары болған тұста (2014-2016 ж) Нұрәлі шетелдік инвестицияға жауап берген. Сол жылдары Абу-Дабидың шейхі Әл-Нақаянмен жиі жүздескен Әлиев өзінің Capital Holding компаниясы арқылы Емираттағы жылжымайтын мүлікке инвестицияны үйіп-төкті деуге негіз бар. Capital Holding бертінге дейін даңқты боксшы Геннадий Головкинге демеуші болғанын білеміз.

Ал Сол жағалау әлі күнге “Ескі Қазақстаннан төнетін қауіп сейілген жоқ” есептейді. Бұл туралы алдағы уақытта тарқатып айтамыз.

DALA INSIDE бұл туралы әлі де айтады. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
👍181🔥8👏7💯5🙏3😁2
⚡️ «Қазатомпромда» хаос орнады. Компанияға кімдер қысым көрсетуде?...

Парадокс: Соңғы екі жылда «Қазатомпромға» басшы тұрақтамай қойды. Компанияға өткен күзде келген Ержан Мұқановтың отставкаға кеткенін естіп, ойланып қалдық. Мұқановтан бөлек талай жыл кәсіпорынның отымен кіріп, күлімен шығып келген топ-менеджерлер де топ-тобымен кетіп жатыр.

Ауыс-түйістің астарына үңілген DALA INSIDE-қа Energy Intelligence-тегі әріптестер қол ұшын созды. Агенттікке пікір білдірген дереккөздің айтуынша, «Қазатомпромның» басшылық құрамын қызметтен кетуге мәжбүрлеген...

Кейбірі «Самұрық-Қазынаның» тепкісіне ұшырарын күні бұрын сезіп, арыз жазып тынған (қор «Қазатомпромның» 7️⃣5️⃣ пайыз акциясына иелік етеді).

«Қор тарапынан «Қазатомпромның» топ-менеджерлеріне қысым жасалды. «Самұрық-Қазына» кәсіпорын жетекшілерін компанияның саясатына қайшы келетін шешім қабылдауға итермеледі. Бұл үрдіс қорға Нұрлан Жақыпов келгелі күшейе түсті. Компанияның қазіргі басшылығы «Самұрықтың» айтқанын екі етпейтін, бас еркі жоқ тұлғалар.

Соңғы уақытта тағы бір қауіпті тенденция белең алуда. 🇷🇺 Росатом «Қазатомпромның» ішкі «кухнясына» тұмсық тығуға талпына бастады...», - дейді дереккөз.

DALA INSIDE-тың пайымдауынша ел үшін стратегиялық маңызы бар нысан сырт күштердің жетегінде кетсе, осы саладағы Батыспен бірлескен жобаларға қауіп төніп, компанияның репутациясы оңбай ойсырайды.

«Пірматовтың тұсында «Қазатомпром» дербес шешім қабылдайтын, тәуелсіз компания еді. Кейін оның орнын басқан басшылар да осы үрдісті сақтауға талпынды. Бірақ, жоғарыдан түскен қысым күшейе түсті. Компанияның активтерін талан-таражға салу науқаны басталды. Бұған қолын малғысы келмеген кәсіпорынның топ-менеджерлері жаппай қызметтен кете бастады», дейді осы тұста Energy Intelligence.

Соңғы екі жылда «Қазатомпромда» үш бірдей басшы ауысқан. Осы аралықта кәсіпорынның commerc директоры, finance директоры, бас операциялық директор және де басқа да маңызды құрылымдардың басшылары арты-артынан арыз жазып, жұмыстан кетіпті.

❗️ Енді мына жайтқа көңіл бөлейік:

«Бұлардың басым бөлігі Буденовское кен орнының 49% сатып алған «Росатоммен» арадағы келісімнің әділ өткеніне күмәнмен қарады. «Қазатомпром» акционерлері бұған әуел бастан қарсы шықты. Келіссөз нәтижесінің елеусіз, көзге көрінер көрінбестей етіп жарияланғаны да содан.

Осыдан кейін-ақ компанияда 14 жыл тер төккен үш тәуелсіз директор доғарысқа кетті. Компанияның қазіргі директоры Дастан Көшербаев кезінде Жақыпов басшылық еткен Инвестқорда еңбек еткен. «Қазатомпромның» тендер директоры Мұхит Мағажанов та «Самұрықтың» сарбазы», - дейді Energy Intelligence.

Росатом? DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша орыстардың араны ашылып барады. Ресейлік монополист Буденовтен бөлек, Қазатомпромға қарасты басқа да кен орындарына көз тігіп отыр.

«Путиннен толық карт-бланш алған Росатомпром келесі кезекте уранға бөгіп жатқан «Инкай-3» кенішіне ауыз салуы мүмкін. Кеніш толықтай «Қазатомпромға», яғни сіз бен бізге тиесілі. Кәсіпорын басшылығы мен Энергетика министрлігі осы мәселе бойынша консультация өткізді, компания кенішті игеруге рұқсат беретін сәтті күтіп отыр. Рұқсат берілген мезетте Росатом кеніштен үлес қарпып қалуға тырысады...», - дейді арнамыздың дереккөзі.

DALA INSIDE бұл туралы әлі де айтады. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
😡145👍48😱30🔥2😁2🙏2💯2
DALA INSIDE
⚡️ Біз мәңгүрт екенбіз! Қазақстанға қашып келген якут әншісінің ащы шындығы... Соғысқа жол жоқ! No war! Сэрии суох буоллун! Тәуелсіздік таңы ататын күн жақын... Әлемжелідегі "Азат Якутия" парақшасының қақ маңдайында осы үндеу менмұндалап тұр. Соғыс басталған…
❗️ Мен Игорь емес, Айхалмын! Қазақстанды паналаған якут әншісі жоғалып кетті...

Саха тәуелсіздігінің символына айналған белсендіні азаматтық киімдегі адамдар көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Содан бері хабар жоқ.

DALA INSIDE Путинге ашық қарсы шыққан якут белсендісі туралы көлемді материал әзірлеген.

"Сіздер, қазақтар бақыттысыздар! Мұнда келгеннен кейін өзіміздің мәңгүрт екенімізді түсіндік. Сөз саптауымыз, жүріс-тұрысымыз, ішер ас, киер киімімізге дейін орыстың исі сіңіпті.

Якут көшелерінде мен секілді "Игорь" мен "Ивандар" өріп жүр. Олар бұл есімдерді басқыншылардың күшпен таңғанын білгісі де келмейді", - деген еді Айхал.

Өз тарапымыздан якут белсендісінің орналасқан орнын анықтауға тырысамыз.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Айхал Алматыдағы полиция бөлімшесінде. Оны Ресейге депортациялауы мүмкін...

https://t.me/dalainside
😱133😡58👍23😢12🤯4
🇦🇫 Қазақтар кеңірдекте тұр: Орталық Азияны жаулаған салафизм ауыр артиллерияны шақырды

Қазақтар берілмей жатқандықтан, Орталық Азия бойынша салафизм офисі Pronto алпауыт ботофермасын Қазақстан жаққа бұруға шешім қабылдады. Салафизм офисі осы іске басшылық етуді кәсіби PR-маман, әлеуметтік желілердің профессионалы, аудиториясы үлкен блогер Өркен Кенжебекке тапсыруды ойластырып отыр. Эмиссарлар осы абыройлы іс бойынша Өркен Кенжебекпен жабық консультациялар өткізбек. Өркен Prontoны толық қолына алса, қазақтілді әлеуметтік желілерді (инстаграм, фейсбук) жалғыз өзі билеп-төстейтін болады.

Салафизм офисі Қазақстандағы бөлімшеге жалпы жалоба тастап, Ринат Зайытов, Арман Әубәкір, Оңғар Қабден, Шоқан Тортуыл, Бауыржан Қарипов сынды авторлардың парақшасын барынша бұғаттау бойынша алғашқы тапсырмасын жіберді.

Қазір Pronto Метаның Кипрдегі офисіне осы тізімді жіберіп, зерттеу жасап, бұғаттауын сұрауда.

Pronto сонымен бірге Тоқтар Абызды барлық әлеуметтік желілерден аластату бойынша арнайы жартыжылдық жоспарын әзірледі. Pronto мамандары қазақтардың өз домбырасы мен салтына жабысып алып, салафизмге неліктен қарсы шыққанын түсіне алмауда. Олар басқа Орталық Азия халықтарын оңай сындырып жіберген болатын.

Қазақтар сын сағатының алдында тұр. Pronto алпауыт жау. Талай халықты жұтып жіберді. Соған төтеп бере аламыз ба? Бұл үлкен сұрақ.

DALA INSIDE бұл туралы әлі де айтады. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
😱115👍54😡13🔥9💯6👎5😁5👏4
🇪🇺 🇰🇿Шенген қақпасы: Астана мен Брүссел консенсуске келуге жақын...

DALA INSIDE Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың Брүссел сапарын жіті бақылап отырды. Жаңа Қазақстан мен Еуроодақ өкілдері визалық режімді жеңілдету бойынша консультация жүргізуде.

Еуроодақтың миграция жөніндегі директорат төрағасы Йоханнес Лүхнермен жүздескен Сәденов Шенген визасын жұмсартып, Батыс елдерінің Қазақстанға жылы қабақ танытуын сұраған.

Алайда алмақтың салмағы да бар. Еуропаға емін-еркін кіру үшін Брүсселдің стандартына сай реформа жүргізуге, соның ішінде көші-қон саясатын жетілдіруге міндеттіміз.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Сәденов Лүхнер мырзаға елдегі миграциялық ахуал туралы ақпарат беріп, «жұмыссыз қазақтардың Еуропаға ағылмасына» кепілдік еткен.

Шенген визасының талап-шартын жеңілдету Қазақстанның Батысқа бет бұруына жол ашатын фактор екені ашық айтылған.

Шенген аймағына еркін кірер болсақ, «Қазақстанға санкция салынады» деген 🇷🇺 Ресей пропагандасының аузына құм құйылып, әлгіндей әңгімелер сап тыйылар еді.

Десе де, ЕО шенеуніктері бұған қатысты позитив жауап қатуға асығар емес. Брүсселдегі бюрократтар «мұндай тәуекелге барудың қажеті бар ма, жоқ па» деген сауалдың төңірегінде он ойланып, жүз толғануда. Бұлардың арасында қазақ билігімен сөз байласып, «Шенгеннің шаруасын шешіп беруге» уәде еткен лоббистер де отыр.

Ал Лүхнер өз тарапынан 📇 визалық процесті оңтайландыру бойынша жан-жақты анализ жүргізу керектігін айтыпты. Анализ аяқталғасын, екі тараптың өкілдері үстел басына жиналып, Шенген бойынша шешім қабылдайды.

Сәденов осы мәселені алға тартып, Брүсселдің босағасын тоздырған алғашқы шенді емес. Бұған дейін Еуроодақтың ішкі мәселелер жөніндегі комиссары Илва Йоханссонмен жүздескен Мұрат Нұртілеу де Шенгеннің жайын сөз еткен еді.

Сыртқы істер министрі виза алудағы қыруар қағаз-құжаттың санын азайтып, виза берудің процессін жеделдету керектігін жеткізген.

«Шенген аймағына кіргісі келетін Қазақстан азаматтары бюрократиялық кедергілерге шырматылып, алтын уақытын жоғалтады », - деп мұңын шаққан болатын Нұртілеу.

Еуропаны шарлағысы келетін қазақтар алдымен виза алуға қажетті өтініш жазуы тиіс. Кейін туристік полис сатып алады, артынша үй-жайы бар екенін растайтын құжат өткізеді, бұдан өзге де машақаты жетіп артылады.

Шенген визасын алу үшін қай жерге құжат тапсыру қажет?

Шенген визасының құны қанша?

Виза алу үшін банктегі есепшотыңда қанша ақша жатуы тиіс?

Шенгеннің туристік полисін қай жерден аласыз?

DALA INSIDE бұл жайлы алдағы уақытта егжей-тегжейлі айтады. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍109💯8👏5🙏3👎1🔥1😡1
🧿📿 "Ыбырай операциясы": Pronto алғашқы жүріс жасады

Салафизмнің Қазақстандағы офисі жалдап алған Pronto ботофермасы ислам сектасына қарсы шыққан танымал тұлғалардың абыройына кір келтіру жобасын бастап кетті дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Дәл қазір салафизмнің Орталық Азия бойынша барлық бюджеті Қазақстандағы идеологиялық күреске жұмылдырылған.

Сақалды пропагандистер тобы үшке бөлінді. Бірінші топ архивтерді (газет, аудио, видео, жеке аккаунт) ақтарып, компромат жинақтауды бастады. Екінші топ видео/аудио монтаж, дипфейк пен жасанды интеллектті қолданып, айтпағанды айтқызатын шынайы роликтер, записьтер дайындауға тапсырма алды. Аудиториясы үлкен блогерлер, журналистер мен әншілер үшінші топқа жиналды. Олар осы жасалған материалдарды әлеуметтік желілері арқылы барынша таратуы тиіс. Және БАҚ-тарға сұхбат бере бастауы керек. Топтың жасырын кураторлығы блогер Өркен Кенжебек пен журналист Нұрбек Бекбауға тапсырылды. Электронды БАҚ-пен жұмыс істеуді журналист-редактор Ардабек Солдатбай өз мойнына алды.

Жоспар бойынша, алдымен Мәжіліс депутаты, салафизмге ашық қарсы шыққан ақын Ринат Зайытовты қаралау кампаниясы жүретін болады. Ол 15-ші қарашада аяқталуы тиіс. Ринат Зайытовқа қатысты үш ролик дайындалған. Біріншісінде Ринаттың Ыбырай Алтынсаринді шоқынған деуі, екіншісінде Абайға қатысты монтаждалған сөздері, ал үшіншісінде жасанды интеллект арқылы жасалған Ринат Зайытовтың өзін тәңіршілер пайғамбары деп атаған ватсап аудиосы болмақ.

Үшінші топ Алтынсаринге қатысты даулы роликті сәтті тарата білді. Көп нәрседен хабары жоқ аудитория алдында Ринат Зайытовқа күйе жағылғандай болды. Алайда, оның жақтастары сұхбаттың оригиналын тауып, жариялап жатыр. Онда Зайытовтың мүлде басқа мағынада сөйлегені көрінеді.

Зайытовты реттегеннен кейін сақалды пропагандистер Ермұрат Бапи (Датты сату оқиғасы), Мақсат Толықбай (отбасылық бизнес және Қаңтар оқиғасы), Арман Әубәкір (мемлекеттік тендерлер), Оңғар Қабден (алкоголь), Тортуыл Шоқан (есірткі), Садық Шерімбек (түрлі былапыт сөздер) туралы компроматтар қиюластырып, видеороликтер таратпақ. Депутаттарға екі ролик, қалғандарына бір ролик арналатын болады. Барлық жұмысты жаңа жылға дейін реттеу жоспарланған.

Pronto әлі талай лаң салмақ. Бізге жазылып қойыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
😱162👍114😁11🔥10😢10🤮9🤯6😡5💯3
⚡️Жаңаөзен қаласының мүмкіндігі шектеулі тұрғыны ауыл шаруашылығын дамыту үшін грант алды...

Маңғыстаулықтар үшін мұнайшы болудан басқа жолдар да бар екенін дәлелдейді.

Жаңаөзен қаласының тұрғыны Эрик Жұмабаев бірінші топтағы мүгедектігі бар азамат, бірақ соған қарамастан жеке ауыл шаруашылығы ісін жүргізеді.

Ол жақында ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттен 1,3 млн теңгені құрайтын грант алды.

Алдағы уақытта сүт, құрт және ірімшік сияқты табиғи сүт өнімдерін өндіру үшін өз кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Жаңаөзен қаласына жұмыс сапары аясында өңір басшысы Нұрлан Ноғаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Әрі қарай да қолдау көрсетеміз деп айтты.

Сонымен қатар, кәсіпкер 🏭 "Өзенмұнайгаз" компаниясымен тамақ қалдықтарын алуға келісімшарт жасаған. Тағам қалдықтарын алған соң сұрыптаудан өткізіп, өзінің фермасындағы арнайы, құрылғы арқылы кептіреді. Бұл өңделген қалдықтар құрғақ мал азығы ретінде пайдаланылады.

💬 Жоғары табыс табу үшін, мұнай өнеркәсібінің жұмысшысы болу міндет емес. Мұнайға қарамастан экономикасын өркендетіп отырған аймақтар қаншама. Қол қусырып отырып, мен үшін басқалары жұмыс істейді деу қате.

Үлкен жетістікке адам адал жұмыс істеп, жүз пайыз еңбектенген кезде ғана қол жеткізеді.

Ең бастысы-өз ісіңе деген сүйіспеншілік. Қазіргі уақытта менің 🐄 екі сиырым бар және мен жергілікті тұрғындарға сүт, қаймақ және ірімшік сияқты табиғи өнімдерді ұсынамын. Менің мақсатым - ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту, - деді Эрик Жұмабаев.

https://t.me/dalainside

#PR
👍82💯5🔥3🙏3👏2
⚡️ Жаңа Қазақстан дау-дамайдан шаршады: "Тіл патруліне" тыйым салу туралы шешім қабылданды...

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Риддердегі айғай-шудан кейін төбе жақта тілге қатысты қызу талқылау өткен. Осы отырыста "Тіл патрулінің" тағдыры түбегейлі айқындалған.

Мемлекет тіл мәселесін толықтай өз қолына алмақ.

"Риддердегі рейдке" ұқсас инсидентке бұдан былай жол берілмейді. Әрідегі Қуат Ахметов пен берідегі Диас Құзайыровтың әрекетін қайталағысы келгендерге қатаң шара қолданылып, жауапқа тартылады.

Жаңа Қазақстан тілдің төңірегіндегі жанжалдың жиілеп кеткеніне алаңдаулы. Теріскей көршімен арадағы сыйластыққа сызат түсірмеу маңызды.

Сол жағалаудағы азды-көпті мемлекетшіл азаматтар қазақтілді аудиторияның "ана тіліміз жоғалу алдында тұр" деген үрейден арылғанын қалайды.

Құзайыров?

DALA INSIDE-қа белгілі болғандай билік тарапынан Диасқа бір жолға рақымшылық жасалған. Риддердің шенділерінен қазақша сөйлеуді талап етіп, кейіннен кешірім сұраған тіл белсендісі сотталмайды. Диастан кейінгі тіл жанашырларына ілгеріде айтқандай мұндай кеңшілік жасалмайды.

Ал "Тіл патрулінің" орнын "Қазақ тілі" қоғамы алмастырмақ.

Түнеукүні Тоқаевтың қабылдауында болған ұйым төрағасы Рауан Кенжеханұлына мекемені жаңа форматқа көшіру туралы талап қойылған. Ұйым мемтілдің қолданыс аясын арттыруда агрессиясыз, ақылмен, сабырмен жұмыс істеуі тиіс (соның ішінде теорияны тастап, практикалық жұмысқа тездетіп көшуі керек).

DALA INSIDE мемлекеттің осы тараптағы позициясын қолдайтынын жасырмайды, десе де...

"Тіл патрулі" қазақтілді ортаның сұранысынан пайда болған стихиялық ұйым. Оны уақытша тежеуге болады, бірақ мүлде шектеп тастау мүмкін емес.

1) Осы жыртықты жамағысы келетін "Қазақ тілі" қоғамы өзіне жүктелген ауыртпалықты арқалай ала ма?

2) Мемтілді есіктен сығалатпай отырған мекемелермен сауатты күрес жүргізуде қандай стратегия қолданады?

3) "Тіл патруліне" қатысы жоқ, бірақ осы бағытта ың-шыңсыз, дау-дамайсыз, заңға сүйеніп іс тындырып жүрген белсенділермен (мәселен, Жандос Өстемірұлы) тіл табыса ма?..

Бұл жайлы алдағы уақытта егжей-тегжейлі айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
👍105😱36👎13😢6🔥5👏3🤯1😡1
👊🏦 Назарбаевтың әмияны емеспіз! Әулетпен байланысты холдинг ақтала бастады...

Jysan Holding бұған дейін екі бірдей белді басылымның үстінен шағымданған.

Британдық The Telegraph пен openDemocracy: "Jysan-ның түп иесі - Назарбаев. Компания әулеттің активін басқару үшін құрылды" деп жазған.

Мұны теріске шығарған компания жалма-жан сотқа жүгірген.

"Күні кеше осы істің алғашқы раунды өтіп Jysan Holding басым түсті", - деп хабарлайды DALA INSIDE.

Холдинг юристері компанияның экс-президентке қатысы жоқтығын айтып, ақталып бақты.

"Отбасының активін сақтаумен айналыспаймыз. Соның кесірінен холдинг беделіне дақ түсті. Британиядағы бірқатар жобалар жүзеге аспай, қалды», - дейді.

Сот барысын бақылаған DALA INSIDE-қа бұлардың тезистері таңсық емес. Формалды түрде, Назарбаев та, оның көмекшілері де еш жерде емес, Жусан тақырыбына мүлде қатысы жоқ. Компанияның мекенжайы да Қазақстаннан жырақта, АҚШ-тың Невада штатында тіркелген.

"Jysan Holding" өз кезегінде "New Generation Foundation" қорына қарайды. Бұл қор өткенде ғана "NU (Nazarbayev University) Generation" деп аталатын.

Назарбаевтың атын Жусанға қатысты барлық жерден алып тастау операциясы аясында қордың аты өзгерді, оның басшылығынан Қазақстан азаматтары, кезінде Назарбаевтың жанында жүрген көмекшілері Ербол Орынбаев, Аслан Сәрінжіпов, Рүстем Хамзин, Евгений Пан түгел кетті. Оның орнына басқармаға американ лоббистері келді. 2000 жылдары бізде Білім және ғылым министрі болған Нұралы Бектұрғанов қана қалды. Бірақ ол да АҚШ азаматы.

❗️ Бұдан секем алған шетелдік БАҚ: "Jusan Назарбаевқа тиесілі 7,3 млрд 💲 -ды сұқ көзден сақтап отыр. Холдинг экс-президенттің Британ аралығындағы сандығы сынды. Әулеттің жиған-тергені осы сандықта сүрленіп жатыр" деп жазған.

Семьяның бизнес-империясын әшкерелеген материал жанжалға ұласып, тараптар сотта кездесті.

Даулы істің алғашқы раунды Jusan- ның пайдасына шешілді.

Судиа Жереми Жонсон мақаланың мақамы «айыптау сарынында жазылған» деген холдинг өкілдерінің сөзін сөйлей жөнелді.

The Telegraph пен openDemocracy Jusan-ның шағымын сөз бостандығын шектеу деп бағалап, мақаладағы Назарбаевқа қатысты тезистерді алып тастаудан бас тартты.

Бұл әулетпен байланысты холдингтің түпкілікті жеңісі емес. Британ басылымдары біраз жерге барысқалы отыр.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍110😱16🔥11😁7😢3💯2
🏦 Лоббилер соғысы: Үкімет банктерге қарсы күресте Парламентті көмекке шақырды

Кредиттің ставкасы жоғары болғандықтан, 2022 жылы отандық банктер 1,47 триллион теңге таза пайда алған болатын. Ал биыл 7 айдың өзінде олар 1,24 триллион теңге табысқа кенелген.

Бірақ банктер бизнесті несиелеуін азайтып, негізінен халыққа тұтынушылық кредиттер берумен айналысып келеді. Ал президент банктерді экономиканы кредиттеуге бұрғысы келген. Банктер залогпен қиналып жүргісі келмей отыр. Және текетірес күшейіп барады.

Бүгінгі Мәжілістегі талқылауды Үкімет ҚНРДА көмегімен заң актілеріне айналдыру арқылы ауыр соққы жасамақ. Ал банк лоббиінің жауабы қандай болады?

DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша, коллекторлар бойынша ұсынысқа банк лоббиі қарсы болмайды. Және банкирлер біршама капиталын микроқаржы ұйымдарына аударып, солар арқылы бизнестерін жүргізбек. Кек қайтару да жоспарда бар. "Қошановты жазалау" операциясы аясында анонимді телеграм арналарда бір-екі компромат пайда болады.

Халыққа кредит берудің негізгі қызығын Тимур Құлыбаев, Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе сынды акулалар көріп отыр. Каспи мен Халық банк өзара бәсекелес болса да, осы мақсатта күш біріктіруге қарсы емес.

Ал Қошанов не деп еді? Мәжіліс төрағасының айтуынша Қазақстанда 8,4 млн адам банктерге берешек. Соңғы 1,5 жылда бұл көрсеткіш 28 процентке өскен.

“1,7 миллион адам қарызын уақтылы төлей алмай отыр. Осының бәрі несие проблемасының қаншалықты асқынғанын көрсетеді. Кредитті оңды-солды таратуды доғару керек”, – деген-ді Қошанов.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
👍120🔥15😱10👏5💯4
⚡️ Пакуем чемоданы, братья! Ресейліктер Байқоңырдан кетіп жатыр...

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Байқоңырдағы Ресей азаматтары ат-көлігін сайлап, буынып-түйініп отыр. Қазақстанмен келісімшарт 2050 жылға дейін күшінде, десе де, ғарыш айлағындағы Ресейдің белсенділігі біртіндеп бәсеңдеп келеді.

Зымыран ұшыру кешендері сирек қолданылып, алда не болады деген сұрақ көбейген. Қала көптеген қиындықтарға тап болуда.

Роскосмос рейстерін Ресейдің қиыр шығысында жаңадан салынған «Восточный» космодромына ауыстырмақ. Әмірика да космодромдағы ғарыштық бағдарламасын тәмәмдаған. Бұған Роскосмостың монополиясына қарсы тұратын 🚀 SpaceX-тің бәсекелестігі және қосылған. Әмірикалық компания халықаралық ғарыш станциясына арзан және сенімді зымыран ұшыру қызметін ұсынып отыр.

Ресей мен Украина арасындағы соғыс та мәселені ушықтырып, Батыспен қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған деңгейде шиеленісті.

DALA INSIDE-қа белгілі болғандай қақтығыс басталғалы Ресей экипаж мүшелерінің семьясынан басқа батыстық қонақтарды Байқоңырға кіргізбеген.

Кремльді шырмап тастаған санкциялар ғарыш айлағындағы Қазақстанмен бірлескен бірнеше жобаға да кедергі келтіруде.

Ресей халықаралық ғарыш станциясына ресейлік және шетелдік экипаждарды жіберу үшін ғарыш айлағын пайдалануды жалғастыруда.

Бірақ Байқоңырдағы ресейліктер бір кездері тіршілігі қайнаған қаладан қоныс аударуды ойластыру үстінде. Оған ескірген инфрақұрылым мен шектеулі экономикалық перспективалар себеп болып отыр.

❗️ Мұндағы орыстар: «Қалаға қазақтар көптеп қоныстанып, ресейліктер кетіп жатыр. Бұл жердің болашағы жоқ...» деген ұйғарымға іштей бекіп қойған.

Байқоңырда туып-өскен орыстың көпшілігі мектеп бітірген соң атажұртына, Мәскеуге, Санкт-Петербургке ағылады. Қаладағы 57 мыңға жуық халықтың 16 мыңы Ресей азаматтары.

Осындай мәселелерге тап болған Кремль Байқоңырда тұратын азаматтарын көшіруге арналған бағдарлама әзірлеген. 2021 жылдың соңында президент Путин Ресейге кеткісі келетіндерге баспана алуды жеңілдететін жарлыққа қол қойды.

Қала әкімшілігінің мәліметінше, 1000-нан астам отбасы осы бағдарлама бойынша Ресейге оралуға өтініш берген. Бұл қаладағы орыс халқының айтарлықтай бөлігі.

– Бағдарлама мақсаты – ресейлік азаматтардың жұмыссыз қалмауын қамтамасыз ету. Қалада өндіріс орны атымен жоқ. Роскосмос кетсе, 7,5 мың жұмыс орны жабылады, – дейді Байқоңыр қаласының әкімі Константин Бусыгин Agence France-Presse агенттігіне берген сұхбатында.

Айтуынша, ғарыш айлағы жабылса, көп өтпей қаланың жүрек қағысы тоқтайды.

Айта кетсек, екі ел арасындағы келісім бойынша Ресей Қазақстаннан "Байқоңырды" 2050-ші жылға дейін жалға алған (арендасы жылына 115 млн 💲). Бірақ санкция қыспағындағы солтүстік көршіге көнерген және мол инвестицияны талап ететін ғарыш айлағын ұстап тұру аса қымбатқа түсуде.

DALA INSIDE бұл туралы әлі де айтады. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
👍292👏10💯8🔥7😱5🙏4🤮1
🔥Милан - Ювентус матчынан ₸20 000 дейін қайтару мүмкіндігі

🏆Қызу қанды Италия жанжалсыз өмір сүре алмайды. Заңсыз ұтыс тігулер туралы іске 200-ге жуық футболшының қатысы бар. Бірақ жаза осы уақытқа дейін тек біреуіне – "Ювентустың" жартылай қорғаушысы Николо Фаджолиге қолданылды.

Барлық күңгірт оқиғаларға қарамастан, итальяндық футбол өзіне назар аудартады! "Милан" мен "Ювентус" үздік 3-ке кіреді, демек, бізді итальяндық колоритпен ымырасыз шайқас күтеді!

🔵1XBET  компаниясы осы матчта жеңіске жету мүмкіндігін арттыруға дайын! Арнайы дайындалған "Тәуекелсіз ұтыс тігу" акциясы сіздің болжамыңыз сәтсіз болған жағдайда 20 000 дейін қайтаруға көмектеседі.

🔥 Ойынға ұтыс

Барлық оқиғалардан, сондай-ақ супержүлделер мен фрибеттерден хабардар болыңыз
👎50👍12🤮7🔥2💯2😡2
🎬 "Үш Б" операциясы: арнайы прокурорлар Германияға қашан барады?

"Боранбаев - Бекетаев - Бәйбек" тергеу операциясы өзінің орталық фазасына жетті. Қайрат Боранбаевтың соңғы дамбалы қалған күні тергеушілер экс әділет министрі Марат Бекетаевті құрықтады. Бекетаев "Стати ісі", "Әбілазовты қудалау" барысында, Мәсімов схемасын пайдаланып, мемлекеттік қаржыны сыртқа жіберіп отырған. Стати ісі бойынша Бекетаевтың 300 миллион доллар шығын әкелгенін біз талай рет жазғанбыз.

"Кешеден бастап Марат Бекетаев сөйлей бастады", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Тергеушілерге "Bolachak Consulting" эпизоды бойынша Бауыржан Бәйбектің үстінен қылмыстық іс қозғауға мүмкіндік ашылады. Одан кейін Назарбаевтың кластасының баласын Германияда құрықтап, экстрадициялау бойынша шаралар жасалмақ. Бәйбектің сотталуы "Үш Б" операциясына нүкте қояды.

Стати трагедиясы...

Мәсімов, Боранбаев пен Бекетаев елімізді 1 миллиард долларға "қораға" кіргізген еді. 2013 жылы елімізге келген инвестор Анатол Статидің "Толқын" мен "Боранкөл" мұнай кеніштерін Мәсімов пен Боранбаев рейдерлік жолмен тартып алады. Стати халықаралық арбитражға шағымданады. 2016 жылы Әділет министрлігіне келген Бекетаев Статилерді мүлде жоқ қылып жіберу үшін онымен соттасуға қыруар мемлекет қаржысын оңды-соңды шаша бастайды. Бұл банкетке Бауыржан Бәйбек те қосылады. Алайда кейбір шетел соттары Статиді қолдап, Бекетаев-Бәйбек тандемінің жоспары іске аспай қалған. Швеция соты Стати пайдасына 76 миллион доллар, ал Гибралтар соты 2 миллион доллар кесіп берді. Енді ол ақшаны Қазақстан тез арада Статиге төлеуі тиіс. Еліміз қазірдің өзінде 500 миллион доллар болатын өтемақы төлеуді кейінге қалдыру үшін сот шығындарына 300 миллион долларын жұмсады. Бұған қоса, 500 миллион долларға проценттер жүріп жатыр. Анатоли Стати «Біз Қазақстаннан өтемақыны асықпай, бірақ сенімді түрде өндіртіп жатырмыз. Бірнеше жыл бұрын Қазақстанның 1 миллиард доллардың жартысын төлеп құтылатын мүмкіндігі болып еді. Бірақ осы қомақты шығындардан жеке пайда көргендер басқаша шешім қабылдады», - деп отыр.

"Үш Б" операциясының сәтті өтуі "Жаңа Қазақстанның" тарихи процесі - "Отбасы" операциясына толық жол ашады. Тек қана Сара Алпысқызына еш сұрақтар болмайды. Жалпы, қазақ халқының өзінде Отбасы мүшелерінің ішінен осы Сара Алпысқызына ғана сәл де болса құрмет бар сияқты.

DALA INSIDE бұл туралы әлі де айтады. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
👍180👏14💯10🔥7😱5🙏4😡1