💣 КТК-ға биыл тиіспейміз. Астана Киевті Вашингтон арқылы әрең ұстап отыр
Қазақстан жабық дипломатиялық каналдар арқылы Киевтің Каспий құбыр консорциумының Новороссийсктегі терминалдарын бомбыламау туралы уәдесін алды. Оған Шеврон лоббиі аясында жүретін АҚШ конгрессмендері ат салысқан.
Украинаның 2024 жылғы ұрыс бағдарламасы Ресейдің отын-жанармай инфрақұрылымын жоюды көздейді. Осыған сәйкес, қазір дрондар арқылы Ресейдегі ірі мұнай өңдеу кешендері мен жанармай терминалдарына соққы беріле бастады. Новороссийскідегі КТК мұнай терминалы да әу баста осы тізімге кірген болатын. Себебі, ол арқылы Ресей 2023 жылы экспортқа 7,4 миллион тонна мұнай шығарып, одан түскен пайданы соғыс қажетіне жаратты.
Бірақ бүкіл Қазақстан экономикасы КТК құбырына қарап отыр. Еліміз 2023 жылы 90 миллион тонна мұнай өндіріп, оның 70,5 миллион тоннасын экспортқа жіберген. Соның 56 миллион тоннасы КТК арқылы Еуропаға кетті. Теңіз кенішінен 27,4 миллион тонна, Қашағаннан 17,8 миллион тонна, Қарашығанақтан 9,6 миллион тонна КТК құбырына құйылды. Бір сөзбен айтқанда, КТК құбырына дәл қазір балама жоқ. Новороссийскідегі терминалға бомба түссе, қазақ экономикасы тоқтайтын болады. Одан Shevron, Shell, Eni сияқты алпауыттар да орасан зиян шегеді.
КТК Ресей территориясы арқылы жүретіндіктен, осы елдің құбырға ықпалы зор. Ресей Каспий құбыр консорциумының "Транснефть" арқылы 24%, "МК КТК Компани" арқылы 7%, LUKARKO арқылы 12,5% үлесіне иелік етеді. Сонда КТК-ның 43,5 пайызы де-факто Ресейдің қолында. Украинаның КТК-ны Ресейдің стратегиялық активі деп тауып, жойғысы келетіні де осыдан болып отыр.
АҚШ тарапы КТК жүйесі арқылы қазақ мұнайын тасымалдауды көбейтіп, "орыс мұнайына құбырда орын қалдырмайық" деген ұсыныспен шыққан. Сонда Киев тынышталатын болады.
Бірақ КТК құбырын қазақ мұнайымен толтыруда проблема бар. Анығын айтсақ, бізде ондай көлемде мұнай жоқ. 2023 жылы КТК құбыры модернизациядан өтіп, тасымалдау қуаты жылына 83 миллион тоннаға дейін өсті. Соның 72,5 миллион тоннасын КТК Қазақстанға бөліп отыр. Бірақ біз сол 72,5 миллион тонна мұнайды құбырға құя алуымыз неғайбыл. Тіпті осы көлемді әрең толтырсақ та, КТК қуатының артық 10 миллион тоннасы қалады. Оны биржадан орын алған ресейлік мұнай компаниялары бөліп алмақ. Демек Киев тағы да "температурить" ете бастайды.
Біз неге КТК-дағы 72,5 миллион тонна мұнай квотасын толтыра алмаймыз? 2024 жылы Қазақстан максимум 90,3 миллион тонна мұнай өндіреді. Оның 2 миллион тоннасын уәде бойынша "Баку-Тбилиси-Джейхан" құбырына құюымыз керек. "Дружба" құбыры арқылы Германияға кемі 1 миллион тонна жіберу контракталған. 9 миллион тонна "Атырау-Самара" арқылы кетеді. Қытайға "Атасу-Алашанькоу" бойымен 1,2 миллион тонна баруы керек. Сонда 77,1 миллион тонна қалады.
Былтыр ішкі нарықтың мұнайға деген сұранысы 18 миллион тоннадан асты. Биыл кемінде 18,5 миллион тонна болуы тиіс. Сонда біздің КТК-ға бере алатын көлеміміз 60 миллионнан тонна шамасында ғана болмақ.
Киевке Вашингтоннан "КТК-ға тиіспе" деген сигналдар көп келді. Бірақ келесі жылы жағдайдың қалай өзгерері белгісіз. Стив Дэйнс Астана ұшып келген соңғы сенатор емес екенін ішіміз сезеді.
DALA INSIDE қазақ экономикасының күретамырын бақылап отыр. Сіз де осындай шытырман геосаясаттан хабардар болыңыз 👇
https://t.me/dalainside

АҚШ сенаторы Стив Дэйнс негізінен осы мәселе бойынша Астанаға ұшып келді дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Түйткілді сұрақ Президент Тоқаевпен жабық есік жағдайында талқыланған.
Украинаның 2024 жылғы ұрыс бағдарламасы Ресейдің отын-жанармай инфрақұрылымын жоюды көздейді. Осыған сәйкес, қазір дрондар арқылы Ресейдегі ірі мұнай өңдеу кешендері мен жанармай терминалдарына соққы беріле бастады. Новороссийскідегі КТК мұнай терминалы да әу баста осы тізімге кірген болатын. Себебі, ол арқылы Ресей 2023 жылы экспортқа 7,4 миллион тонна мұнай шығарып, одан түскен пайданы соғыс қажетіне жаратты.
Бірақ бүкіл Қазақстан экономикасы КТК құбырына қарап отыр. Еліміз 2023 жылы 90 миллион тонна мұнай өндіріп, оның 70,5 миллион тоннасын экспортқа жіберген. Соның 56 миллион тоннасы КТК арқылы Еуропаға кетті. Теңіз кенішінен 27,4 миллион тонна, Қашағаннан 17,8 миллион тонна, Қарашығанақтан 9,6 миллион тонна КТК құбырына құйылды. Бір сөзбен айтқанда, КТК құбырына дәл қазір балама жоқ. Новороссийскідегі терминалға бомба түссе, қазақ экономикасы тоқтайтын болады. Одан Shevron, Shell, Eni сияқты алпауыттар да орасан зиян шегеді.
КТК Ресей территориясы арқылы жүретіндіктен, осы елдің құбырға ықпалы зор. Ресей Каспий құбыр консорциумының "Транснефть" арқылы 24%, "МК КТК Компани" арқылы 7%, LUKARKO арқылы 12,5% үлесіне иелік етеді. Сонда КТК-ның 43,5 пайызы де-факто Ресейдің қолында. Украинаның КТК-ны Ресейдің стратегиялық активі деп тауып, жойғысы келетіні де осыдан болып отыр.
Киев Астананы ренжіткісі келмейді дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Бірақ 2024 жылы Ресей КТК арқылы кемінде 8 миллион тонна өз мұнайын айдаса, онда Украина оған көз жұмып қарап отыра алмайды.
АҚШ тарапы КТК жүйесі арқылы қазақ мұнайын тасымалдауды көбейтіп, "орыс мұнайына құбырда орын қалдырмайық" деген ұсыныспен шыққан. Сонда Киев тынышталатын болады.
Бірақ КТК құбырын қазақ мұнайымен толтыруда проблема бар. Анығын айтсақ, бізде ондай көлемде мұнай жоқ. 2023 жылы КТК құбыры модернизациядан өтіп, тасымалдау қуаты жылына 83 миллион тоннаға дейін өсті. Соның 72,5 миллион тоннасын КТК Қазақстанға бөліп отыр. Бірақ біз сол 72,5 миллион тонна мұнайды құбырға құя алуымыз неғайбыл. Тіпті осы көлемді әрең толтырсақ та, КТК қуатының артық 10 миллион тоннасы қалады. Оны биржадан орын алған ресейлік мұнай компаниялары бөліп алмақ. Демек Киев тағы да "температурить" ете бастайды.
Біз неге КТК-дағы 72,5 миллион тонна мұнай квотасын толтыра алмаймыз? 2024 жылы Қазақстан максимум 90,3 миллион тонна мұнай өндіреді. Оның 2 миллион тоннасын уәде бойынша "Баку-Тбилиси-Джейхан" құбырына құюымыз керек. "Дружба" құбыры арқылы Германияға кемі 1 миллион тонна жіберу контракталған. 9 миллион тонна "Атырау-Самара" арқылы кетеді. Қытайға "Атасу-Алашанькоу" бойымен 1,2 миллион тонна баруы керек. Сонда 77,1 миллион тонна қалады.
Былтыр ішкі нарықтың мұнайға деген сұранысы 18 миллион тоннадан асты. Биыл кемінде 18,5 миллион тонна болуы тиіс. Сонда біздің КТК-ға бере алатын көлеміміз 60 миллионнан тонна шамасында ғана болмақ.
Киевке Вашингтоннан "КТК-ға тиіспе" деген сигналдар көп келді. Бірақ келесі жылы жағдайдың қалай өзгерері белгісіз. Стив Дэйнс Астана ұшып келген соңғы сенатор емес екенін ішіміз сезеді.
DALA INSIDE қазақ экономикасының күретамырын бақылап отыр. Сіз де осындай шытырман геосаясаттан хабардар болыңыз 👇
https://t.me/dalainside
👍122😱11🔥6💯4😁3
⚖️ Деболатизация: "Алтын ордада" ауқымды реформа жүруде
Орталық Азияның ең ірі сауда жүйесі, ел экономикасының күретамыры "Алтын Орда" базарында әділдік орнап, барлық процестер цифрландырылды. Ол өз кезегінде бюджет табысын толықтырып, саудагерлердің ертеңге деген сенімін нығайтып отыр.
"Big City Market" басқарушы компаниясы келгелі бері, базарда ауқымды реформалар жүруде. Қазіргі уақытқа дейін, базар модернизациясына 600 миллион теңге жұмсалды. 2024 жылға да келелі инвестициялар көзделген.
Не істелді?
Көліктердің кіруі мен тұрағы цифрландырылды. Қазір төлем ақысы QR код пен POS терминалдар арқылы жүзеге асуда. "Алтын Орда" басқармасы арнайы LED экранды іске қосты. Әр көліктің мемлекеттік нөмірі мен уақыт сессиясы көрсетіліп тұрады. Тауарын сатқысы келген әр көлікке жол ашық. Тек заңды ақысын төлесе болғаны. Одан бірден мемлекетке салық есептеледі. Сауда жасап тұрған кәсіпкерлер де ақыны QR, POS терминал арқылы қабылдап, салықтарын төлеуде.
Қауіпсіздік мәселесі де цифрландырылды. 300 камера, 8 ПТС, 360 градусты камералар жұмыс істеуде. Адамды бет әлбетінен анықтайтын жүйе нәтиже беруде. Ол ұры-қарылар базасына қосылған. Ондай ұры пайда болса, камераға ілінсе, бірден құқық қорғау органдарына сигнал жіберіледі.
Аренда, оның төлемі, келісім-шарт сынды кәсіпкерлермен жұмыс цифрлануда. Қазір altynordaresmi.kz сайты пилотты режимде іске қосылды. Ол ірі базардың еговы сияқты болмақ. Енді барлық жұмыс онлайнда атқарылады.
Базарда болашақта 10 мыңнан астам толық цифрланған сауда орны жұмыс істемек. Базар күніне 100 мың келушіні қабылдай алмақ. Әр операция ашық өтіп, одан салық төленетіндіктен, "Алтын Орда" сауда кешенінің ел экономикасын дамытудағы рөлі бірнеше есеге артатын болады.
Осы жұмыс бірден нәтиже берді. Болат Назарбаев дәуірінде, 2014-2022 жылдары "Алтын Орда" 9 жыл ішінде 250 миллион теңге салық төлесе, базардың иесі ауысқалы 500 млн теңгеден аса салық берді. Яғни, соңғы екі жылда бұрынғыдан 14 есе көп салық жиналатын болған.
DALA INSIDE Алтын Ордадағы реформаларды бақылап отыр.
Осы тақырып төңірегіндегі келелі репортаж 👇
https://youtu.be/fnVykvZJKlc

"Алтын Орда шекарасын кеңейтпек. Жаңа үшінші павильон бой көтеруде. Ол қосымша жаңа мың сауда орнын жасақтайды. Одан кейін төртінші павильон салынбақ. Жаңа қоймалар бар", - дейді "Big City Market" ЖШС директоры Данияр Дүзбаев.
Базарда болашақта 10 мыңнан астам толық цифрланған сауда орны жұмыс істемек. Базар күніне 100 мың келушіні қабылдай алмақ. Әр операция ашық өтіп, одан салық төленетіндіктен, "Алтын Орда" сауда кешенінің ел экономикасын дамытудағы рөлі бірнеше есеге артатын болады.
Осы жұмыс бірден нәтиже берді. Болат Назарбаев дәуірінде, 2014-2022 жылдары "Алтын Орда" 9 жыл ішінде 250 миллион теңге салық төлесе, базардың иесі ауысқалы 500 млн теңгеден аса салық берді. Яғни, соңғы екі жылда бұрынғыдан 14 есе көп салық жиналатын болған.
DALA INSIDE Алтын Ордадағы реформаларды бақылап отыр.
Осы тақырып төңірегіндегі келелі репортаж 👇
https://youtu.be/fnVykvZJKlc
👍155😁18🔥5💯4👎2👏1
⚡ Шұғыл амал: Бозымбаевтың вице-премьер болуы еш сценарийде қарастырылмаған еді
Қазақстандағы тоғыз облыстың су астына кетуі Қытайдағы форумнан оралған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың форс-мажор жағдайында кадрлық шешім қабылдауына ықпал етті. Жексенбі демалыс екеніне қарамастан президент кеңесшісі Қанат Бозымбаев Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Бұл бағытқа бұған дейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жауап беретін. Роман Васильевич профессиясын ауыстырмады. Қатаң сөгіс алғаны болмаса, ол да қызметінде.
Бозымбаевтың келуімен Үкімет құрамы күшейді. Ол зардап шеккендермен жұмыс, сынған дүниені қалпына келтіру, ақша бөлгізу, жер-жердегі жұмысты ұйымдастыру сияқты жұмыстарға жақсы маманданған. Бұл бағыттағы оның стилі марқұм Бердібек Сапарбаевқа ұқсайды.
Негізі, Бозымбаевқа қатысты жоспар басқа еді. Бірақ топан су барлық жоспарды бұзды. Мемлекет басшысы жақсы көмекшіден айрылды. Есесіне Үкімет аймақтармен жұмыс істей алатын вице-премьермен толықты.
Оның ойынша, судың барлығы жерге сіңбей, ағып кеткендіктен, жазда ауыл шаруашылығы саласында үлкен апаттар басталады. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа үлкен сынақ келе жатыр.
Бұл жолғы "цунами" үкіметтің тең жартысының жаза арқалауына алып келді. Шұғыл кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен Абай облысының әкімі Абай Нұрлан Ұранхаевқа қатаң сөгіс берілді. Ал Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров және Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қызметтік талапқа толық сай еместігі туралы ескертулер алды.
Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсетіліп, шығын өтелетінін айтты. Қазір оның көлемі есептеліп жатыр.
DALA INSIDE су мен Үкімет арасындағы шайқасты бақылап отыр. Бізбен бірге болыңыздар 👇

"Бозымбаев аймақтық саясатқа, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесіне, төтенше жағдайлар мен су ресурстарына жауапты болады. Әсіресе соңғы екі бапқа басты күш салу тапсырылды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Бұл бағытқа бұған дейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жауап беретін. Роман Васильевич профессиясын ауыстырмады. Қатаң сөгіс алғаны болмаса, ол да қызметінде.
"Склярға өзі жақсы білетін өндіріс, автопром саласы қалдырылды. Шын айтқанда төтенше жағдаймен күресу оның профилі емес еді", - дейді, дереккөз.
Бозымбаевтың келуімен Үкімет құрамы күшейді. Ол зардап шеккендермен жұмыс, сынған дүниені қалпына келтіру, ақша бөлгізу, жер-жердегі жұмысты ұйымдастыру сияқты жұмыстарға жақсы маманданған. Бұл бағыттағы оның стилі марқұм Бердібек Сапарбаевқа ұқсайды.
Негізі, Бозымбаевқа қатысты жоспар басқа еді. Бірақ топан су барлық жоспарды бұзды. Мемлекет басшысы жақсы көмекшіден айрылды. Есесіне Үкімет аймақтармен жұмыс істей алатын вице-премьермен толықты.
"Бозымбаев биылғы апаттың салдарын реттеп, келесі жылы еріген қар суы мен жаңбыр суының барлығы тоғандар мен су құймаларына жиналатындай система жасауы тиіс", - дейді, дереккөз.
Оның ойынша, судың барлығы жерге сіңбей, ағып кеткендіктен, жазда ауыл шаруашылығы саласында үлкен апаттар басталады. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа үлкен сынақ келе жатыр.
Бұл жолғы "цунами" үкіметтің тең жартысының жаза арқалауына алып келді. Шұғыл кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен Абай облысының әкімі Абай Нұрлан Ұранхаевқа қатаң сөгіс берілді. Ал Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров және Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қызметтік талапқа толық сай еместігі туралы ескертулер алды.
Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсетіліп, шығын өтелетінін айтты. Қазір оның көлемі есептеліп жатыр.
DALA INSIDE су мен Үкімет арасындағы шайқасты бақылап отыр. Бізбен бірге болыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
🤮73👍64🔥6😁5👏3🤯2💯1
💥 Полиция Сәтмағамбетов компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғады
Астана мәслихатының бұрынғы депутаты Ғабит Сәтмағамбетов құрылтайшы болып табылатын "Нұр-Сұлтан Финанс" ЖШС үлескерлерінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚазТАГ жазады.
Оның алдында, «Нұр-Сұлтан Финанс» ЖШС инвесторы Әділбек Ахметов Астана мәслихатының экс-депутаты Ғабит Сәтмағамбетовтің бақылауындағы құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғамақшы деп жазған болатынбыз. Компра мәліметінше, осы фирманың құрылтайшысы - Ғабит Сәтмағамбетов.
Ахметовтың айтуынша, G-Park құрбандары аз емес. WhatsApp-та топта зардап шеккен 600-ге жуық адам бар. Онда видео, прокуратураға жазған хаттар, барлығы жиналған.
Полицияның Сәтмағамбетовтың DALA INSIDE үстінен жазған арызын бірден қабылдап, қылмыстық іс қозғап жібергенін еске салған бастамашыл топ өз арыздарын органдардың қараусыз қалдырғанына таң қалған еді. Себебі, бұл оқиғада 600-ден астам жәбірленуші, қолындағы сот шешімін орындата алмай жүрген 15-20 адам болды. Сайып келгенде іс оңынан туып, полиция олардың арызын қараусыз қалдырмады.
DALA INSIDE телеграм арнасы мен ҚазТАГ ақпарат агенттігі осы қылмыстық істі бақылауда ұстайды 👇
https://t.me/dalainside
Астана мәслихатының бұрынғы депутаты Ғабит Сәтмағамбетов құрылтайшы болып табылатын "Нұр-Сұлтан Финанс" ЖШС үлескерлерінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚазТАГ жазады.
"Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы үлескерлердің өтініші бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Оның негізінде істің мән-жайын анықтау үшін тиісті шаралар қабылданады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесі бойынша кінәлі тұлғалардың іс - әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, аталмыш іс бойынша шешім қабылданатын болады", - деп жауап берді Ішкі істер министрлігі ҚазТАГ редакциясының жолдаған сауалына.
Оның алдында, «Нұр-Сұлтан Финанс» ЖШС инвесторы Әділбек Ахметов Астана мәслихатының экс-депутаты Ғабит Сәтмағамбетовтің бақылауындағы құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғамақшы деп жазған болатынбыз. Компра мәліметінше, осы фирманың құрылтайшысы - Ғабит Сәтмағамбетов.
"Заңгер және бірнеше инвестормен полицияға «Нұр-Сұлтан Финанс» ЖШС-не және жалпы G-Park компаниясына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы арыз жазуға бардық. Олар бізден бас тартты, содан кейін біз аудандық прокуратураға бардық, олар да бізден бас тартты. Енді біз қалалық прокуратурадан жауап күтеміз", - деген еді, сол кезде Ахметов ҚазТАГ агенттігіне.
Ахметовтың айтуынша, G-Park құрбандары аз емес. WhatsApp-та топта зардап шеккен 600-ге жуық адам бар. Онда видео, прокуратураға жазған хаттар, барлығы жиналған.
Полицияның Сәтмағамбетовтың DALA INSIDE үстінен жазған арызын бірден қабылдап, қылмыстық іс қозғап жібергенін еске салған бастамашыл топ өз арыздарын органдардың қараусыз қалдырғанына таң қалған еді. Себебі, бұл оқиғада 600-ден астам жәбірленуші, қолындағы сот шешімін орындата алмай жүрген 15-20 адам болды. Сайып келгенде іс оңынан туып, полиция олардың арызын қараусыз қалдырмады.
DALA INSIDE телеграм арнасы мен ҚазТАГ ақпарат агенттігі осы қылмыстық істі бақылауда ұстайды 👇
https://t.me/dalainside
👍59👏3💯3🔥2
🇺🇲 АҚШ елшілігі мен ЦРУ Қазақстанмен басқаша ойнау туралы шешім қабылдады
Теңіз кенішіне қатысты аймақтық ойыншылар, оның ішінде Ресейдің амбициясы ояна бастағандықтан, американдықтар да қазақ мұнайының басында қала беру үшін ақырына дейін күреспек ниетте. Және түрлі қитұрқы жолдардан да қашпайды.
Теңізшевройл АҚШ-тың еліміздегі басты экономикалық рычагы болып келеді. Ресей басты ықпал ету тетігі ретінде КТК құбырын таңдаса, Қытай уран мен транзиттік жобалар арқылы Қазақстанды байлап, матап отыр.
АҚШ Қазақстандағы Ресейге қарсы жұмысын паралельді импортты толық шектеу мен санкцияның орындалуын арқылы жүргізсе, Қытайға қарсы балансты Шыңжаңдағы лагерьлер мәселесін ұмыттырмау арқылы реттеуде.
АҚШ Қазақстан үшін шантажист мемлекетке айнала ма? Теңіздегі контракт аяқталатын 2033 жылға жақындап қалған сайын, Вашингтонның маскасы сыпырыла бастамақ. Егер ЦРУ түрлі ойындар бастаса, американдықтарға демократия емес, тек мұнай керек екені анықталатын болады. Қадірі кеткен "демократия" деген термин АҚШ қолында тек желеу, түпкі мақсатқа жету құралы болып қала бермек.
DALA INSIDE ЦРУ мен АҚШ елшілігі қадамдарын да байқап отырмақ. Әдемі ертегіге сіздер де сене бермеңіздер 👇

"Қысым екі бағыт бойынша жүрмек. Бастысы - деңгейі жоғары саяси кездесулер. Сенаторлар жиі келе беретін болады. Және Қазақстан басшылығын Вашингтон жиі шақыртпақ. Екінші қосымша бағыт - грантта отырған үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ арқылы демократия мәселесінде қоғамдық қысым көрсету" - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Теңізшевройл АҚШ-тың еліміздегі басты экономикалық рычагы болып келеді. Ресей басты ықпал ету тетігі ретінде КТК құбырын таңдаса, Қытай уран мен транзиттік жобалар арқылы Қазақстанды байлап, матап отыр.
АҚШ Қазақстандағы Ресейге қарсы жұмысын паралельді импортты толық шектеу мен санкцияның орындалуын арқылы жүргізсе, Қытайға қарсы балансты Шыңжаңдағы лагерьлер мәселесін ұмыттырмау арқылы реттеуде.
"Осы орайда ЦРУ тарапынан біздегі биліктің жоғарғы эшелонында отырған адамдарды уыстан шығармау үшін, олардың есеп-шоттары, транзакциялары бойынша ақпарат жиналған. Сырттағы активтерді кез-келген уақытта бұғаттау мүмкіндігі бар АҚШ осы опциясын кез-келген елдің билігіне қарсы ұтымды пайдаланады дейді", - дереккөз.
АҚШ Қазақстан үшін шантажист мемлекетке айнала ма? Теңіздегі контракт аяқталатын 2033 жылға жақындап қалған сайын, Вашингтонның маскасы сыпырыла бастамақ. Егер ЦРУ түрлі ойындар бастаса, американдықтарға демократия емес, тек мұнай керек екені анықталатын болады. Қадірі кеткен "демократия" деген термин АҚШ қолында тек желеу, түпкі мақсатқа жету құралы болып қала бермек.
DALA INSIDE ЦРУ мен АҚШ елшілігі қадамдарын да байқап отырмақ. Әдемі ертегіге сіздер де сене бермеңіздер 👇
https://t.me/dalainside
👍88👎21😁6🤯5👏2😱2
🌱 ҚазМұнайГаздың қолдауымен Арал теңізінің құрғаған табанына 4,4 млн-нан астам сексеуіл көшеттері егілмек
5 сәуірде ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, сондай-ақ Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуіл көшеттерін отырғызу жобасына қатысты.
Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді көгалдандыру жөніндегі экологиялық бастамасын қолдау мақсатында іске асырылып отыр.
Егілген сексеуіл көшеттері Арал теңізінің құрғау салдарынан жыл сайын пайда болатын шаң мен тұздан қорғауға көмектеседі. Сонымен бірге бұл өңірдегі жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап қалып, шөлейттену процесін баяулатуға мүмкіндік береді.
Осылайша, ҚазМұнайГаз еліміздің экономикалық дамуына үлес қосып қана қоймай, әлеуметтік салаға және экологиялық жобаларға көрсеткен қолдауын арттырып отыр.
Жобаны ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» іске асыратын болады.
Жалпы, «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы елімізді көгалдандыру ісіне өз үлесін қосып, өңірлерде ағаш егуді дәстүрге айналдырған. Мысалы, 2023 жылы ҚазМұнайГаз өз күшімен шамамен 40 мың жасыл желек отырғызды.

«Қазақ халқы сексеуіл ағашын ежелден қасиет тұтқан. Табиғаттың қорғаны, тіршіліктің жаңаруын білдіретін бұл өсімдіктің бағасы бөлек болған. Біз кәсіпорындарымыз орналасқан өңірлерді көгалдандыру жұмысына белсенді атсалысып келеміз.
ҚМГ құрғаған Арал түбінде 15 мың гектар алқапқа 4 миллионнан астам сексеуіл көшетін отырғызу бойынша міндеттеме алды. Осылайша, компанияның жасыл экономиканың дамуына және табиғатты болашақ ұрпақ үшін қорғап қалуға қосқан үлесін арттырамыз. Сондай-ақ бұл — тұрақты даму қағидаттарын берік ұстанатынымыздың іс жүзіндегі көрінісі», — деді Мағзұм Мырзағалиев.
Егілген сексеуіл көшеттері Арал теңізінің құрғау салдарынан жыл сайын пайда болатын шаң мен тұздан қорғауға көмектеседі. Сонымен бірге бұл өңірдегі жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап қалып, шөлейттену процесін баяулатуға мүмкіндік береді.
Осылайша, ҚазМұнайГаз еліміздің экономикалық дамуына үлес қосып қана қоймай, әлеуметтік салаға және экологиялық жобаларға көрсеткен қолдауын арттырып отыр.
Жобаны ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» іске асыратын болады.
Жалпы, «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы елімізді көгалдандыру ісіне өз үлесін қосып, өңірлерде ағаш егуді дәстүрге айналдырған. Мысалы, 2023 жылы ҚазМұнайГаз өз күшімен шамамен 40 мың жасыл желек отырғызды.
👍120👏6😁3💯3😡2🙏1
🏭 Бір рет қана беруге болады. Ары қарай Лукашенко өзі көмектессін
Ресей қажет жағдайда Қазақстаннан 100 000 тонна бензинді резервте ұстауын бейресми каналдар арқылы сұраған болатын, дейді DALA INSIDE дереккөзі. Энергетика министрлігінің ресми хат алмағаны да сондықтан.
Екінші жағынан Беларусь Мозырь мұнай өңдеу зауытының қуаты Ресейдің бүкіл қажеттілігін өтеуге жетеді деп сендіріп отыр. Онымен бірге Минск Мозырьдің күші жетпей жатса Нафтандағы қосымша өңдеу қуаттарын іске қоса аламыз деген ойда.
Ресейге бензин сата бастау Беларусь экономикасына бірден қан жүгіртетін болады. Александр Лукашенконың көп жылдар бергі арманы осы болатын. Қазақстан Беларусь мұнай өңдеу зауыттарының күші жетпей жатса ғана назарға алынбақ.
Наурызда украин дрондары Ресейдің мұнай зауыттарына дамылсыз шабуыл жасап, көрші елдің мұнай өңдеу әлеуетін 14 пайызға дейін кеміткен. Әзірше Кремль ішкі нарықта жаран-жағармаймен қапту тұрақты, жанармай қоры жеткілікті деп ақпарат таратуда.
Сәуірде Украина мұнай зауыттарына шабулды үдете түсуді жоспарлап отыр. Ол жоспар іске асса, Ресей мұнай өнімдерін экспорттаудан, импорттаушы елге айналуы бек мүмкін. Кремль наурыздан бастап алты айға дейін Ресей аумағынан бензинді сыртқа шығаруға шектеу қойды.
Керек болса, отандық мұнай өңдеу зауыттары қуатын арттыра алады. Дәл қазір күнделікті сұранысты толық өтеуде.
DALA INSIDE бұл нарықты да бақылауда ұстап отыр. Дағдарыс жақындап қалса ескертеміз 👇

"Бізде энергоаудит ай сайын жүреді. 100 мың тонна резерв әрине бар" - дейді, дереккөз. "Ресей ЕАЭС аясында ресми сұраса, Астана оның қолын қайтармайды деп ойлаймын. Екінші жағынан, ЕАЭС ортақ энергетикалық нарығы іске қосылмады. Яғни сұраған нәрсені беруге міндеттіміз деген шарт жоқ".
Наурызда украин дрондары Ресейдің мұнай зауыттарына дамылсыз шабуыл жасап, көрші елдің мұнай өңдеу әлеуетін 14 пайызға дейін кеміткен. Әзірше Кремль ішкі нарықта жаран-жағармаймен қапту тұрақты, жанармай қоры жеткілікті деп ақпарат таратуда.
Сәуірде Украина мұнай зауыттарына шабулды үдете түсуді жоспарлап отыр. Ол жоспар іске асса, Ресей мұнай өнімдерін экспорттаудан, импорттаушы елге айналуы бек мүмкін. Кремль наурыздан бастап алты айға дейін Ресей аумағынан бензинді сыртқа шығаруға шектеу қойды.
Қазір елімізде халық көп тұтынатын Аи-92 маркалы бензиннің 307 700 тонна қоры бар. Ал Аи-95 маркалы бензин резерві - 58 000 тонна, дизель резерві - 435 300 тонна.
Керек болса, отандық мұнай өңдеу зауыттары қуатын арттыра алады. Дәл қазір күнделікті сұранысты толық өтеуде.
DALA INSIDE бұл нарықты да бақылауда ұстап отыр. Дағдарыс жақындап қалса ескертеміз 👇
https://t.me/dalainside
👎50👍24😱11😡7🔥1
📺 Дамымай жатқан сала: Қазақстан журналистикасы ірі сот процестеріне дайын емес
Қуандық Бишімбаев процесіндегі алқабилер "утечкасынан" кейін журналистер сот залынан қуылды. Алқабилер құрамы құпия ұсталады және заңмен қорғалады. Ол туралы процеске қатысып жатқан ақпарат құралдарының өкілдеріне алдын-ала ескертілген болатын.
Журналистер тексеру біткенннен кейін сот залына қайта орала алады. Тек ереже бұзған БАҚ не ескерту алады, не процестен аластатылмақ. Оның шешімін судья Айжан Құлбаева шығарады. Әзірге тілшілер сотты басқа бөлмеде онлайн қарайтын болды.
Отандық журналистикада белгілі бір регламентке, этикалық нормаларға мойынұсынбау фактілері аз емес. Өзін-өзі реттеу де әлсіз жүреді. Сонымен бірге, нақты фактілер мен сараптамадан көрі жанжалдық хайпке көп арқа сүйеп кеткен. Кезінде брифингтерде министрлер пен әкімдерге су тасқынына дайындық туралы сұрақ емес, "жалақыңыз қанша?", "қолыңыздағы не сағат?" сынды ортақ іске қажетсіз сұрақтар көп қойылды. Оның нәтижесінде мемлекетшіл шенеуіктер тарапынан журналистикаға деген құрмет азайып кетті және аудитория да арзан тақырыптарға бой үйрете бастады.
Журналистика сыртқы регуляторлы фактордан емес, ішкі талаптар мен өзара келісім негізінде дамитын салаға жатады. Сондықтан осы трансформациялық кезеңде бас редакторлардың өз жауапкершілігін түсінуі аса маңызды.
DALA INSIDE журналистердің сот залына оралғанын қадағалап отырмақ. Бізбен бірге болыңыздар 👇

"Елімізге белгілі телеарна сенсация жасаймын деп ережені өрескел бұзды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде ол ашық айтылатын болады.
Журналистер тексеру біткенннен кейін сот залына қайта орала алады. Тек ереже бұзған БАҚ не ескерту алады, не процестен аластатылмақ. Оның шешімін судья Айжан Құлбаева шығарады. Әзірге тілшілер сотты басқа бөлмеде онлайн қарайтын болды.
Отандық журналистикада белгілі бір регламентке, этикалық нормаларға мойынұсынбау фактілері аз емес. Өзін-өзі реттеу де әлсіз жүреді. Сонымен бірге, нақты фактілер мен сараптамадан көрі жанжалдық хайпке көп арқа сүйеп кеткен. Кезінде брифингтерде министрлер пен әкімдерге су тасқынына дайындық туралы сұрақ емес, "жалақыңыз қанша?", "қолыңыздағы не сағат?" сынды ортақ іске қажетсіз сұрақтар көп қойылды. Оның нәтижесінде мемлекетшіл шенеуіктер тарапынан журналистикаға деген құрмет азайып кетті және аудитория да арзан тақырыптарға бой үйрете бастады.
Журналистика сыртқы регуляторлы фактордан емес, ішкі талаптар мен өзара келісім негізінде дамитын салаға жатады. Сондықтан осы трансформациялық кезеңде бас редакторлардың өз жауапкершілігін түсінуі аса маңызды.
DALA INSIDE журналистердің сот залына оралғанын қадағалап отырмақ. Бізбен бірге болыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
👍70💯11👎2😱2🔥1🤝1
🥬 Боялған ақша: тасқын су жемқорлықты шайып кете ме?
Егер Антикор мен Ұлттық Банк мемлекеттік шығынға дайындалған ақшаны екі айда цифрлі теңгеге конверттесе, «Жаңа Қазақстан» биыл орнауы мүмкін дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Су тасқыны аяқталғаннан кейін, оның зардабын жойып, елді мекендерді қайта қалпына келтіруге қыруар қаржы кетпек. Және оның кейбір жемқор шенеуіктер тарапынан талан-таражға түсу қаупі бар.
«Сол жағалау» дәл осы төтенше жағдайдан кейінгі жұмысқа Үкімет резервін жұмсауда цифрлі теңге системасын тест ретінде пайдаланып көру туралы жабық консультациялар өткізуді ойластыра бастады.
Әу баста, цифрлі теңге биылдан бастап жол құрылысында тест ретінде өтуі тиіс болатын. Күптеген төтенше жағдай, және оның салдарына қыруар мемлекеттік қаржы жұмсалуы тиіс болып тұрғандықтан, билік цифрлі теңге күшін уақыт оздырмай осы бағытта тексеріп көру мүмкіндігін қарастыруға көшкен.
Цифрлі теңге қолма-қол ақша емес. Тура сол теңге, бірақ электронды әмианда болады. Үкімет цифрлі теңгеге белгі соқса (ақшаны бояу), оның қайда аударылғанын, қандай мақсатта жұмсалғанын, кімнің қолында жүргенін көріп отырады. Белгі соғылған цифрлі теңгені ұрлау, ол арқылы жемқорлық жасау өте қиын. Сондықтан болашақта тендерлер, мемлекет тарапынан төленетін барлық қаржы осы цифрлі теңге форматына өтпек.
Су тасқынының зардаптарын жоюға кемінде 250-300 миллиард теңге қажет болуы мүмкін. Бұл 700 миллион долларға тең. Өте үлкен, қыруар ақша. Бюджет дефициті кезінде жемқорлыққа жол беруге мүлде болмайтынын орталық билік жақсы түсініп отыр.
DALA INSIDE жемқорлықпен цифрландыру арқылы күрес барысын бақылап отыр. Бізбен бірге болыңыздар 👇

«Соңғы сөз Антикор мен Ұлттық Банкта. Технологиялық тұрғыдан дайынбыз ба, барлық сатып алу жүйелері бейімделді ме деген сұрақтарға Ұлттық Банкке қарасты Ұлттық төлем корпорациясы жауап беруі керек. Антикор өз тарапынан жедел анализ жасауы тиіс. Егер Үкімет цифрлі теңгені апаттан кейінгі қайта қалпына келтіруге енгізіп үлгере алмаса, онда ескі жоспарға оралады. Ондай жағдайда цифрлі теңге жол құрылысында пилоттан өтпек», - дейді, дереккөз.
Цифрлі теңге қолма-қол ақша емес. Тура сол теңге, бірақ электронды әмианда болады. Үкімет цифрлі теңгеге белгі соқса (ақшаны бояу), оның қайда аударылғанын, қандай мақсатта жұмсалғанын, кімнің қолында жүргенін көріп отырады. Белгі соғылған цифрлі теңгені ұрлау, ол арқылы жемқорлық жасау өте қиын. Сондықтан болашақта тендерлер, мемлекет тарапынан төленетін барлық қаржы осы цифрлі теңге форматына өтпек.
Су тасқынының зардаптарын жоюға кемінде 250-300 миллиард теңге қажет болуы мүмкін. Бұл 700 миллион долларға тең. Өте үлкен, қыруар ақша. Бюджет дефициті кезінде жемқорлыққа жол беруге мүлде болмайтынын орталық билік жақсы түсініп отыр.
DALA INSIDE жемқорлықпен цифрландыру арқылы күрес барысын бақылап отыр. Бізбен бірге болыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
👍155😁9😡4
🇺🇲⚡🇷🇺 "Парасат" операциясы: Ресей ТЭЦ-ті реттегеннен кейін Теңіз мұнайына ауыз салады
Қазақстанды толық өз орбитасында қалдыру үшін Ресейге қазақ мұнайына иелік ету қажет. ФСБ жабық докладтарында "Шеврон мен Тоталдың Қазақстанға келуі Ресей лоббиінің салғырттығы" деп бағаланған. Енді алдағы 2-3 жылда Ресей өзі қаржыландыратын ақпараттық агенттер арқылы Қазақстандағы американдықтарға қарсы қаралау кампаниясын жүргізбек.
Операцияның алғашқы кезеңінде «Парасат» кәсіпкерлер альянсының үйлестіру кеңесі лоббистік қадам жасады. Олар Президентке Ресейдің батыста бұғатталып жатқан активтері есебінен Шеврон, басқа да батыс инвесторларының Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы үлесін сатып алуды ұсынып отыр. Сонда мұнай саласына қазіргі батыс компанияларының орнына Ресей келсін деген ұстаным айтылды. Онымен бірге, Қазақстан Ресей ақшасын бұғаттан шығара алса, Росатом бізге АЭС салып бере алады деген идея көтеріп отыр.
"Парасат" кәсіпкерлер альянсын даулы кәсіпкер Олег Пак басқарса, оның үйлестіру кеңесінің төрағасы - Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи. Ал мұнайға қатысты бастама ресейшіл сарапшы Олжас Байділдинов тарапынан көтерілген. Оның есебінше, қазіргі контракттар ел бюджеті үшін мүлде тиімсіз.
Батыс Ресейдің 300 миллиард долларға парапар алтын-валюта резервін бұғаттады. Оны Ресей басқара алмайды. Бұғатталған ақшаны шешу тіпті сондай шешім қабылданса да бірнеше жылдарға созылатыны белгілі. Сондықтан Ресей бұғатталған қорды Қазақстан атына аударады, сол кезде Батыс ақшаны шешіп бізге береді деген іске аспайтын бос сөз. Батыс ол 300 миллиард долларды ешкімге берейін деп отырған жоқ.
Шеврон контракты аяқталуға жақындап қалған сайын Орталық Азиядағы текетірес бәсі жоғарылап барады. Ресей ашық лоббимен белсенді қимылдай бастады. АҚШ та өз қарымта қадамын жасайтыны анық. Мұндай істе олар өте шебер.
Ресей де, АҚШ та осы ретте қазақтілді депутаттарды пайдаланып қалуға мүдделі. Жыл аяғында қай депутаттың қай алпауыттың етегінен ұстағаны белгілі болмақ.
DALA INSIDE жақында уран, Ескі Қазақстанның Дариға арқылы жасалған кегі мен PRONTO-ның қайта оралуы туралы жазатын болады. Бізден алшақтамаңыздар 👇

Батыс облыстарда "Мас американдық Атырауда қазақ қызын зорлады", "АҚШ Қазақстанды "гейлерге тиіспе" деп қысымға алып жатыр" деген тұрмыстық сценарийлер ойластырылатын болады. Дереккөз сөзінше, халық бір шулағаннан кейін, қоғамдық қозғалыс құрылып, ол "Шевронның кетуін" талап етіп, шерулер ұйымдастыру жоспарланған.
Операцияның алғашқы кезеңінде «Парасат» кәсіпкерлер альянсының үйлестіру кеңесі лоббистік қадам жасады. Олар Президентке Ресейдің батыста бұғатталып жатқан активтері есебінен Шеврон, басқа да батыс инвесторларының Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы үлесін сатып алуды ұсынып отыр. Сонда мұнай саласына қазіргі батыс компанияларының орнына Ресей келсін деген ұстаным айтылды. Онымен бірге, Қазақстан Ресей ақшасын бұғаттан шығара алса, Росатом бізге АЭС салып бере алады деген идея көтеріп отыр.
"Парасат" кәсіпкерлер альянсын даулы кәсіпкер Олег Пак басқарса, оның үйлестіру кеңесінің төрағасы - Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи. Ал мұнайға қатысты бастама ресейшіл сарапшы Олжас Байділдинов тарапынан көтерілген. Оның есебінше, қазіргі контракттар ел бюджеті үшін мүлде тиімсіз.
"Кез-келген утопиялық ұсыныс белгілі бір дәрежеде ой тастауға бағытталған. Оны Парасаттағылар жақсы біледі және маневрларын Ресей мүддесін қорғау үшін жасап отыр", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Батыс Ресейдің 300 миллиард долларға парапар алтын-валюта резервін бұғаттады. Оны Ресей басқара алмайды. Бұғатталған ақшаны шешу тіпті сондай шешім қабылданса да бірнеше жылдарға созылатыны белгілі. Сондықтан Ресей бұғатталған қорды Қазақстан атына аударады, сол кезде Батыс ақшаны шешіп бізге береді деген іске аспайтын бос сөз. Батыс ол 300 миллиард долларды ешкімге берейін деп отырған жоқ.
Шеврон контракты аяқталуға жақындап қалған сайын Орталық Азиядағы текетірес бәсі жоғарылап барады. Ресей ашық лоббимен белсенді қимылдай бастады. АҚШ та өз қарымта қадамын жасайтыны анық. Мұндай істе олар өте шебер.
Ресей де, АҚШ та осы ретте қазақтілді депутаттарды пайдаланып қалуға мүдделі. Жыл аяғында қай депутаттың қай алпауыттың етегінен ұстағаны белгілі болмақ.
DALA INSIDE жақында уран, Ескі Қазақстанның Дариға арқылы жасалған кегі мен PRONTO-ның қайта оралуы туралы жазатын болады. Бізден алшақтамаңыздар 👇
https://t.me/dalainside
👍90😱38👎11🤯10🔥2💯2👏1😁1🤮1
👼 "Ата, кел" уақытша паузаға қойылды
Ақорда өзінің қатаң реакциясын бергеннен кейін, тик-токта арнайы жүрген "Ата, кел" (Шал, кел) кампаниясы уақытша тоқтатылды.
Биылғы су тасқыны, былтырғы өрт, алдындағы Арыстағы жарылыстар кадрлары жинақталып, "Нұрекеңнің кезінде мұндай болмаған" деген жазбалармен көптеген видео дайындалып, біразы тик-токқа таралып кеткен болатын.
16 сәуірде Дариға Назарбаева басқаратын "Нұрсұлтан Назарбаев Қоры" биліктің беделін түсіруге және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған ақпараттық науқанға еш қатысы жоғын ресми мәлімдеп үлгерді.
Дереккөздің айтуынша, "Ата, кел" (Шал, кел) кампаниясы тик-токтағы жастарға бірінші президенттің жағымды образын жасау үшін ойластырылған еді. Назарбаев кезінде Қонаев қалай халықтың жадында болды, Назарбаев та солай қазіргі заман Қонаевы болғысы келеді. Бірақ сценарий оның авторлары ойлағандай өрбімеді.
Енді "Ата, кел" кампаниясының фокусын Назарбаевтың кезінде мынандай болмаған деген апаттардан керісінше оның кезінде осындай жақсы дүниелер істелген (Астананың салынуы, көпірлер, кіші Аралдың толуы) деген салиқалы видеоларға бұру ойластырылуда.
Назарбаев жаңа Қонаевқа айнала ала ма? Оны DALA INSIDE бақылап отыратын болады. Бізге жазылыңыздар 👇

Оны бірінші президент кезінде дәурені жүрген, қазір барлық монополиядан толық айрылған, елдегі активтерінен құтылып жатқан бірнеше кәсіпкер консорциумы ойлап тапқан дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Отбасының нақты қатысын дәлелдеу қиын.
16 сәуірде Дариға Назарбаева басқаратын "Нұрсұлтан Назарбаев Қоры" биліктің беделін түсіруге және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған ақпараттық науқанға еш қатысы жоғын ресми мәлімдеп үлгерді.
"Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қызметінде саяси да, ақпараттық-манипуляциялық та сипат жоқ. Қордың жұмысы тек әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды дамытуға, ел жастарын қолдауға, қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты және оның саяси бағытын әрдайым қолдағанын және қолдайтынын айтамыз. Бұл күндері ел тұрғындары сияқты Тұңғыш Президент те су тасқынынан зардап шеккен жандарға алаңдап отыр. Біз Мемлекет басшысы мен Үкіметтің ел өңірлерінде бұрын-соңды болмаған су тасқынының салдарын жою жөніндегі шарасын толығымен қолдаймыз", - делінген еді, мәлімдемеде.
Дереккөздің айтуынша, "Ата, кел" (Шал, кел) кампаниясы тик-токтағы жастарға бірінші президенттің жағымды образын жасау үшін ойластырылған еді. Назарбаев кезінде Қонаев қалай халықтың жадында болды, Назарбаев та солай қазіргі заман Қонаевы болғысы келеді. Бірақ сценарий оның авторлары ойлағандай өрбімеді.
Енді "Ата, кел" кампаниясының фокусын Назарбаевтың кезінде мынандай болмаған деген апаттардан керісінше оның кезінде осындай жақсы дүниелер істелген (Астананың салынуы, көпірлер, кіші Аралдың толуы) деген салиқалы видеоларға бұру ойластырылуда.
Назарбаев жаңа Қонаевқа айнала ала ма? Оны DALA INSIDE бақылап отыратын болады. Бізге жазылыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
😁63👎32👍18🔥3👏2💯1
💰 Dala Finance жобасы іске қосылды
Қазақстан экономикасы, мұнайгаз, тау-кен, қаржы саласы бойынша шолуларға маманданған Dala Finance телеграм арнасы ашылды.
"Ол біздің DALA экосистемасының құрамына кіреді. DALA INSIDE бағыты барлық экономикадағы құбылыстарды қамти алмайтын болғандықтан, іскерлік бағытты бөлек дамытуға шешім қабылдадық. Әрі жарнама беруші серіктестердің тілегі осындай болды", - деді, экожүйе бас редакторы Думан Бықай.
Қазақтілді жаңа арнаға жазылыңыздар. Алғашқы мың жазылушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылмақ.
👇

Telegram
Dala Finance
🏭 Нефтегаз, ГМК, химия, автопром
💻 IT, финансы, финтех
Қазақша жаңалықтар мен сараптамалар
@dalareklanabot
💻 IT, финансы, финтех
Қазақша жаңалықтар мен сараптамалар
@dalareklanabot
👍44💯1
🏗️ Сәтмағамбетов үшін жағдай ушықпақ. G-Park мәселесіне Премьер-Министр назар аударды
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында "G-Park" құрылыс компаниясының Астанада 7 тұрғын үйді рұқсат құжаттарынсыз салып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар осы үйлерге 3,5 мың отбасының қаржы салып қойғандығын айтты.
Астана мәслихатының экс-депутаты, G-Park басшысы Ғабит Сәтмағамбетовты үлкен проблемалар күтіп тұр дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Премьер-Министр Олжас Бектеновтың дәл осы құрылыс компаниясын атап айтқаны, Сәтмағамбетовтың әр қадамын аңдып отырған құқық қорғау органдары үшін сигнал болуы да мүмкін. Одан бөлек, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек те "Сәтмағамбетов мәселесін" тезірек шешуге ниетті.
Сәтмағамбетовтың өзін жауапқа тартумен іс бітпейін деп тұр. Экс депутат көп нәрсені бүлдірген. Іс насырға шапса, мемлекетке оның нысандарын өз қарауына алып, құжаттарын реттеп, кепілдік механизмі аясында салып бітіруге тура келеді. Себебі, 3,5 мың үлескер әлеуметтік толқулар туғыза алатын күшке ие.
Осының алдында Астана полициясы Сәтмағамбетов құрылтайшы болып табылатын "Нұр-Сұлтан Финанс" ЖШС үлескерлерінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.
Қоғам үлескерлер проблемасына алаңдап отырғандықтан Астана қаласы Полиция Департаментіне "аталмыш тергеп-тексеру жұмыстарының нәтижесі қандай болды?" деген сауал жолдаймыз. Осы постты ресми сауал деп қабылдауын сұраймыз.
DALA INSIDE Астанадағы үлескерлер проблемасын бақылап отыр. Заңсыз құрылыс, алданған үлескерлер бойынша жағдай қайтадан нашарлап барады. 👇

Өндіріс және құрылыс министрлігі мәліметінше, проблема өршіп барады. Қазір ел бойынша 340 тұрғын үй кешені заңсыз салынуда.
Астана мәслихатының экс-депутаты, G-Park басшысы Ғабит Сәтмағамбетовты үлкен проблемалар күтіп тұр дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Премьер-Министр Олжас Бектеновтың дәл осы құрылыс компаниясын атап айтқаны, Сәтмағамбетовтың әр қадамын аңдып отырған құқық қорғау органдары үшін сигнал болуы да мүмкін. Одан бөлек, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек те "Сәтмағамбетов мәселесін" тезірек шешуге ниетті.
Сәтмағамбетовтың өзін жауапқа тартумен іс бітпейін деп тұр. Экс депутат көп нәрсені бүлдірген. Іс насырға шапса, мемлекетке оның нысандарын өз қарауына алып, құжаттарын реттеп, кепілдік механизмі аясында салып бітіруге тура келеді. Себебі, 3,5 мың үлескер әлеуметтік толқулар туғыза алатын күшке ие.
Осының алдында Астана полициясы Сәтмағамбетов құрылтайшы болып табылатын "Нұр-Сұлтан Финанс" ЖШС үлескерлерінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.
"Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы үлескерлердің өтініші бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Оның негізінде істің мән-жайын анықтау үшін тиісті шаралар қабылданады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесі бойынша кінәлі тұлғалардың іс - әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, аталмыш іс бойынша шешім қабылданатын болады", - деп жауап берген еді, Ішкі істер министрлігі ҚазТАГ редакциясының жолдаған сауалына.
Қоғам үлескерлер проблемасына алаңдап отырғандықтан Астана қаласы Полиция Департаментіне "аталмыш тергеп-тексеру жұмыстарының нәтижесі қандай болды?" деген сауал жолдаймыз. Осы постты ресми сауал деп қабылдауын сұраймыз.
DALA INSIDE Астанадағы үлескерлер проблемасын бақылап отыр. Заңсыз құрылыс, алданған үлескерлер бойынша жағдай қайтадан нашарлап барады. 👇
https://t.me/dalainside
👍59😱4👎2
⛽ Кремль Лукойлға Атыраудағы мұнай өңдеу зауытын тезірек сатып алуды тапсырды
Ресейдің кей өңірлерінде 28 сәуірден бастап жанармай (бензин/дизель) тапшылығы басталды. Алыпсатарлар тарапынан жанармайды сатпай, өзінде жинай бастау әрекеттері де байқалған. Біршама мұнай өңдеу қуаттары істен шыққаннан кейін, губернаторлар Кремльге шағым айтып, дабыл қағуда.
Ресейдің мұнай өңдеу зауыттары Украинаның негізгі нысанына айналып отыр. Бұған дейін дрондар соққы берген болатын. Енді Киев 300 шақырымға ұша алатын Atacms ракеталарына қол жеткізгендіктен, Мәскеу қуырдаққа сойылатын түйенің енді ғана келетінін түсінді.
Осы орайда Кремль ішкі дефицитті болдырмас үшін жанталаса жол іздеп жатыр. Басты идея - көршілес ЕАЭС елдерінде Ресейге бағынышты мұнай өңдеу зауытының болуы. Оның алдында Беларусь басшылығы Мозырь мұнай өңдеу зауытының қуаты Ресейдің бүкіл қажеттілігін өтеуге жетеді деп сендірген болатын. Өз кезегінде, егер Мозырь таза Ресей қажеті үшін жұмыс істейтіні дәлелденсе, Украина Беларусьтағы инфрақұрылымға да соққы беруге дайын. Және ол ракета әлде дронмен емес, ішкі диверсия, байқамай өртеніп кету, техногендік апат түрінде орын алуы ықтимал.
Беларусьтің тәуекелі жоғары екенін білетін Кремль жабық отырыста Лукойлды Атыраудағы НПЗ мәселесін шешу бойынша асықтырды дейді, дереккөз. Лукойлда ондай ақша бар. Компания 2023 жылы 790 миллиард рубль таза кіріс алды. АНПЗ Қазмұнайгазға тиесілі. Қазмұнайгаз оны сату бойынша нақты жоспар дайындамаған болатын. Бұл идея тек концептуалды түрде талқыланып жүрген. Әзірге Лукойл Қазмұнайгазға шыққан жоқ. Олар мәселені зерттеп, ҚМГ-ға ұнайтын ұсыныс әзірлегісі келеді.
ЕАЭС-тегі жанармайдың ортақ нарығы деген дүниенің өзіне құрылған қақпан екенін Қазақстан енді түсіне бастады. Ортақ нарық болса, Ресейдегі дефицит пен қымбат баға Қазақстанға да келетіні айдан анық болып тұр. Онда біздегі санаулы НПЗ-лар толық Ресей нарығына жұмыс істеп, өз нарығымызда адам айтқысыз дефицит басталады. Ал 2022 жылы автогаз бағасының бірнеше есе өсуі неге алып келгендігін Үкімет ұмытқан жоқ. Астана Еуразиялық комиссияны алдап-сулап, осы ортақ нарықтың енгізілуін 2025 жылдан 2027 жылға дейін созды. Бірақ Кремль тізеден басып, 2027 жылдан кейін біз жалтара алмайтындай қылуға ниетті.
Осының алдында Ресей қажет жағдайда Қазақстаннан 100 000 тонна бензинді резервте ұстауын бейресми каналдар арқылы сұраған болатын. Кремль наурыздан бастап алты айға дейін Ресей аумағынан бензинді сыртқа шығаруға шектеу қойды. Қазір елімізде халық көп тұтынатын Аи-92 маркалы бензиннің 307 700 тонна қоры бар. Ал Аи-95 маркалы бензин резерві - 58 000 тонна, дизель резерві - 435 300 тонна.
DALA INSIDE енді Лукойл басшылығындағы шешімдерді бақылауда ұстап отыр 👇

Қауіпсіздік кеңесінің болжамы көңіл көншітпейді дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Енді Киев гибридті соққы - яғни ракеталар мен дрондарды араластырып ұра алады. Оған мұнай өңдеу зауыттарын жауып тұрған әуе қорғанысының шамасы жетпеуі мүмкін.
Осы орайда Кремль ішкі дефицитті болдырмас үшін жанталаса жол іздеп жатыр. Басты идея - көршілес ЕАЭС елдерінде Ресейге бағынышты мұнай өңдеу зауытының болуы. Оның алдында Беларусь басшылығы Мозырь мұнай өңдеу зауытының қуаты Ресейдің бүкіл қажеттілігін өтеуге жетеді деп сендірген болатын. Өз кезегінде, егер Мозырь таза Ресей қажеті үшін жұмыс істейтіні дәлелденсе, Украина Беларусьтағы инфрақұрылымға да соққы беруге дайын. Және ол ракета әлде дронмен емес, ішкі диверсия, байқамай өртеніп кету, техногендік апат түрінде орын алуы ықтимал.
Беларусьтің тәуекелі жоғары екенін білетін Кремль жабық отырыста Лукойлды Атыраудағы НПЗ мәселесін шешу бойынша асықтырды дейді, дереккөз. Лукойлда ондай ақша бар. Компания 2023 жылы 790 миллиард рубль таза кіріс алды. АНПЗ Қазмұнайгазға тиесілі. Қазмұнайгаз оны сату бойынша нақты жоспар дайындамаған болатын. Бұл идея тек концептуалды түрде талқыланып жүрген. Әзірге Лукойл Қазмұнайгазға шыққан жоқ. Олар мәселені зерттеп, ҚМГ-ға ұнайтын ұсыныс әзірлегісі келеді.
Осы ұсыныс пакетінде Лукойлға тиесілі Болгариядағы Бургас НПЗ-сына қатысты тарау да болып қалар деп ойлайды, біздің дереккөз. АНПЗ-ны Бургасқа алмастыру, оған қоса басқа да опциондар беру туралы ұсыныстар келсе, Қазмұнайгаздың ойланып қалары белгілі.
ЕАЭС-тегі жанармайдың ортақ нарығы деген дүниенің өзіне құрылған қақпан екенін Қазақстан енді түсіне бастады. Ортақ нарық болса, Ресейдегі дефицит пен қымбат баға Қазақстанға да келетіні айдан анық болып тұр. Онда біздегі санаулы НПЗ-лар толық Ресей нарығына жұмыс істеп, өз нарығымызда адам айтқысыз дефицит басталады. Ал 2022 жылы автогаз бағасының бірнеше есе өсуі неге алып келгендігін Үкімет ұмытқан жоқ. Астана Еуразиялық комиссияны алдап-сулап, осы ортақ нарықтың енгізілуін 2025 жылдан 2027 жылға дейін созды. Бірақ Кремль тізеден басып, 2027 жылдан кейін біз жалтара алмайтындай қылуға ниетті.
Осының алдында Ресей қажет жағдайда Қазақстаннан 100 000 тонна бензинді резервте ұстауын бейресми каналдар арқылы сұраған болатын. Кремль наурыздан бастап алты айға дейін Ресей аумағынан бензинді сыртқа шығаруға шектеу қойды. Қазір елімізде халық көп тұтынатын Аи-92 маркалы бензиннің 307 700 тонна қоры бар. Ал Аи-95 маркалы бензин резерві - 58 000 тонна, дизель резерві - 435 300 тонна.
DALA INSIDE енді Лукойл басшылығындағы шешімдерді бақылауда ұстап отыр 👇
https://t.me/dalainside
😱75😡53👍29😁2💯2🔥1👏1
👼 Ерлан "Пайғамбар"? Тәңірлікті ресми дін ретінде тіркеу бойынша петиция жарияланды
Алматы тұрғыны, руника зерттеушісі Ерлан Еспенбетов "Тәңір Елі" республикалық діни бірлестігін ресми тіркету бойынша және Тәңірлікті Ислам, Христиан, Иудаизм мен Буддизммен қатар Қазақстанда мойындалған дін ретінде қарастыруға қатысты петиция жариялады. Қазір оны 693 адам қолдаған. Петиция Алаш Онлайн сервисінде жарық көрген.
Бұл ретте, біршама заңдық қателіктер байқалады. Тәңірлікті адекватты, заң жолымен тіркетуге петицияның қажеті жоқ. Ол үшін Мәдениет және Ақпарат министрлігінің Дін істері комитетіне бекітілген тәртіппен тіркелу керек. Екіншіден, Қазақстан Үкіметі тек "Е-Петиция" (epetition.kz) сервисінде жарияланған петицияларды ресми деп таниды. Сондықтан Алаш сервисінің заңдық күші жоқ.
Негізі Тәңірлік конфессионалды дін бола алады. Тек оның дін болғаны қазаққа керек пе? Наным, ішкі ұстаным ретінде әлдеқайда таза, кіршіксіз көрінетін сияқты. Догмалық діндерге кір жұғады, себебі олар күнә мен жаза, ізгі іс пен марапат системасына негізделген. Ал Тәңірлік наным ретінде догмадан ада, сондықтан оған кір жұға бермейді.
Дін істері комитеті мәліметінше, қазір елімізде 18 конфессияны қамтитын 3977 діни бірлестік тіркелген. Оның ішінде, 2835 - исламдық, 347 - православие, 93 - католик, 586 - протестант, 61 - Ехоба куәгерлері, 24 - Жаңаапостолдық шіркеу, 13 - Кришна санасы қоғамы, 7 - иудаизм, 6 - бахаи, 2 - буддизм, 2 - соңғы күнгі әулиелер (мормондар), 1 - муниттер.
Ал жалпы 3776 діни ғимарат бар. Оның ішінде 2834 - мешіт, 304 - православие шіркеуі, 117 - католик шіркеуі, 424 - протестанттық ғибадат үйі, 57 - Ехоба куәгерлерінің ғибадат үйі, 24 - Жаңа апостол шіркеуінің үйі, 6 - синагог, 2 - Бахаи ғибадат үйлері, 5 - Кришна ғибадатханалары, 2 - буддисттік ғибадатхана, 1 - муниттер үйі.
1. Секталық, діни сипатта даму керек дейтін топ. Бірақ, олар көп емес. Ол секта исламның қағидаларын қазақшалап алып, соны таратуда. Мысалы, “Амин” дегенді “Өмін” деп бет сипатады.
2. Тәңірлікті саяси қозғалыс ретінде көретін топ. Бұлар секта емес, ұлттық партия жолымен жүргісі келеді. Олар да аз.
3. Этнозерттеушілер тобы. Олар тәңірлікті дін деп қабылдамайды. Олар үшін бұл байырғы көшпелілер дүниетанымы ғана. Олар осы дәстүрді сақтап қалуға тырысады.
DALA INSIDE мәселені бақылап отыр. Қазақстанда жаңа дін пайда бола ма? Оны уақыт көрсетеді, ал DALA INSIDE жазады👇

DALA INSIDE кезінде бұл тақырыпты зерттеп көрген болатын. Біздегі тәңіршілдерді негізінен үш бағытқа бөлуге болады.
1. Секталық, діни сипатта даму керек дейтін топ. Бірақ, олар көп емес. Ол секта исламның қағидаларын қазақшалап алып, соны таратуда. Мысалы, “Амин” дегенді “Өмін” деп бет сипатады.
2. Тәңірлікті саяси қозғалыс ретінде көретін топ. Бұлар секта емес, ұлттық партия жолымен жүргісі келеді. Олар да аз.
3. Этнозерттеушілер тобы. Олар тәңірлікті дін деп қабылдамайды. Олар үшін бұл байырғы көшпелілер дүниетанымы ғана. Олар осы дәстүрді сақтап қалуға тырысады.
DALA INSIDE мәселені бақылап отыр. Қазақстанда жаңа дін пайда бола ма? Оны уақыт көрсетеді, ал DALA INSIDE жазады👇
https://t.me/dalainside
👍73🤮22😁12👎9😡6🔥1💯1
👋 Сағынтаевтан Қазақстанға қайыр болмайтын сияқты
2024 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның коллегиясын басқарып отырған Қазақстан өкілі Бақытжан Сағынтаев кедендік баж салығы мәселесін жылжытуда сылбырлық танытып отыр.
Былтыр күзде Қазақстан тарапы комиссия отырысының күн тәртібіне осы мәселені енгізген. Дереккөз сол кезде Ресей мен Беларусь тарапынан вето қойылғанын айтады. Онда қазір сыртқы сауда статистикалары құлаған Ресей мен Беларусь Қазақстан есебінен баж салығын алып отыр деген сөз.
Еуразиялық экономикалық комиссия тәртібі бойынша соңғы екі жыл статистикасы қаралады. 2020 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 86,4 миллиард АҚШ доллар деңгейінде тұрса, 2022 жылдан бастап динамикасы күрт өсті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 140 миллиард долларға жетті, яғни, бірден 40 пайызға артқан. Оның ішінде кедендік баж салығы төленген импорт 61 миллиард долларды көрсетті. Қазақстанға келетін импорт бір жылда 20 пайызға артқан.
Оған қарамастан, ортақ қазанға түсетін импортты баж салығынан Ресей әлі де 85,065 пайызын алып келеді. Ал Қазақстан 6,955 пайызды місе тұтуда.
Қазіргі үлес бойынша Қазақстан – 6,955%, Қырғызстан – 1,9%, Армения – 1,22%, Беларусь – 4,86%, Ресей – 85,065% алып отыр.
DALA INSIDE дереккөздер арқылы осы сұрақтың биыл комиссия отырысына шығу-шықпау мүмкіндігін анықтап, оқырманға хабарлайтын болады 👇
https://t.me/dalainside
2024 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның коллегиясын басқарып отырған Қазақстан өкілі Бақытжан Сағынтаев кедендік баж салығы мәселесін жылжытуда сылбырлық танытып отыр.
Негізі, жыл басында Сағынтаев осы мәселені көтеріп, Қазақстан үлесін арттыруға көмектеседі деген үміт болған дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Бірақ мамыр айына дейін еш қозғалыс байқалмады.
Былтыр күзде Қазақстан тарапы комиссия отырысының күн тәртібіне осы мәселені енгізген. Дереккөз сол кезде Ресей мен Беларусь тарапынан вето қойылғанын айтады. Онда қазір сыртқы сауда статистикалары құлаған Ресей мен Беларусь Қазақстан есебінен баж салығын алып отыр деген сөз.
Еуразиялық экономикалық комиссия тәртібі бойынша соңғы екі жыл статистикасы қаралады. 2020 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 86,4 миллиард АҚШ доллар деңгейінде тұрса, 2022 жылдан бастап динамикасы күрт өсті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 140 миллиард долларға жетті, яғни, бірден 40 пайызға артқан. Оның ішінде кедендік баж салығы төленген импорт 61 миллиард долларды көрсетті. Қазақстанға келетін импорт бір жылда 20 пайызға артқан.
Ал Ресейде осы кезеңде сыртқы сауда айналымы 16 пайызға қысқарған.
Оған қарамастан, ортақ қазанға түсетін импортты баж салығынан Ресей әлі де 85,065 пайызын алып келеді. Ал Қазақстан 6,955 пайызды місе тұтуда.
Қазіргі үлес бойынша Қазақстан – 6,955%, Қырғызстан – 1,9%, Армения – 1,22%, Беларусь – 4,86%, Ресей – 85,065% алып отыр.
DALA INSIDE дереккөздер арқылы осы сұрақтың биыл комиссия отырысына шығу-шықпау мүмкіндігін анықтап, оқырманға хабарлайтын болады 👇
https://t.me/dalainside
😱74👍61👎5😁2
🏔️ Қазақтың Әлиханы аудиторлық белесті бағындыра бастады
Әлихан Смайылов басқарып отырған Жоғарғы аудиторлық палата биылғы төрт айдың ішінде 59 мемлекеттік аудитор және 5 жоғары санатты мемлекеттік аудитор сертификатын тапсырған. Бұл конкурстық рәсімдерге 109 адам қатысты. Алдымен үміткерлер тест сұрақтары мен кешенді тапсырмалардан тұратын біліктілік емтиханын тапсыру арқылы білімдерін растады. Емтихан мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, сондай-ақ сәйкестік аудиті, тиімділік аудиті сияқты пәндерді қамтыған.
Одан кейін үміткерлер Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы басқаратын Ұлттық комиссияда әңгімелескен. Осы кезде қазақтың Әлиханы әр болашақ аудиторды өз көзімен көріп, бағалап, толық сынақтан өткізген екен.
Әлихан Асханұлы Премьер қызметінен кеткеннен кейін небары 50 күн демалды. Одан кейін өзі жақсы білетін Аудиторлар палатасының тізгінін қолына алды. Енді ол қазіргі Үкімет жұмысының тиімділігін тексеріп, керек болса сын айта алатын құзіретке ие.
Олай болса, қазақтың Әлиханы аудитор ретінде кемінде екі үкімет құрамын көріп қалуы мүмкін. Бір қызығы, егер аудиторлық тексеру аясы 2023 жылды да қамтыса, онда аудитор Смайылов премьер Смайыловтың да жұмысына баға беруге мәжбүр болады. Оны Президенттің 1 сәуірде тағайындауының да астарлы смайлигы осында жатқан сияқты.
DALA INSIDE аудиторлар қадамын бақылап отырмақ. Бізбен бірге болыңыздар 👇

"Жоғарғы аудиторлық палатаға Смайылов ұзақ уақытқа келді. Тіпті қазіргі президент өкілеттілігі аяқталғанға дейін отырады деген пікір бар", - дейді DALA INSIDE дереккөзі.
Олай болса, қазақтың Әлиханы аудитор ретінде кемінде екі үкімет құрамын көріп қалуы мүмкін. Бір қызығы, егер аудиторлық тексеру аясы 2023 жылды да қамтыса, онда аудитор Смайылов премьер Смайыловтың да жұмысына баға беруге мәжбүр болады. Оны Президенттің 1 сәуірде тағайындауының да астарлы смайлигы осында жатқан сияқты.
DALA INSIDE аудиторлар қадамын бақылап отырмақ. Бізбен бірге болыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
😁39👍33🤮5🔥1
🌹 Қазақстан әйел менеджерлер арқылы экономикалық дамуға қол жеткізу туралы ойлана бастады
Сол жағалаудағы экономикалық блоктың жабық консультацияларында әйелдер басқаратын отандық компаниялардың қаржылық табысы мен жағдайы зерттелді дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Шетелде оқып келген әйел менеджерлердің барлығы тиімділік пен рационалды шешімдер көрсеткені анықталған. Бұдан кейін қаржылық қиындықтарға ұшырап жатқан компанияларға әйел басшы тағайындау дұрыс болады деп шешілді.
Қазақстанның әйел басшыларды өсіру бастамасын Батыс елдері де жақсы қолдап отыр. Мысалы, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич "Қазпошта" АҚ табыстары туралы жазып, оның басқарма төрайымы Әсел Жанасованың Кэмбридж түлегі екенін айта кеткен.
Келесі жылдан бастап ірі ұлттық компанияларға әйел менеджерлер басшы ретінде тағайындала бастамақ. Олар өз кезегінде Әсел Жанасова Қазпоштада жасаған сияқты шығындар аудиті, жаңа тиімді жобалар бастаумен айналысатын болады.
DALA INSIDE бұл үрдісті бақылап отырмақ. Бізбен бірге бақылаңыздар 👇

Елші ханым Қазпоштаның қысқа мерзімде шығындардан құтылып, пайдаға шыққанына және жалақылардың өсуіне айрықша көңіл аударды.
Келесі жылдан бастап ірі ұлттық компанияларға әйел менеджерлер басшы ретінде тағайындала бастамақ. Олар өз кезегінде Әсел Жанасова Қазпоштада жасаған сияқты шығындар аудиті, жаңа тиімді жобалар бастаумен айналысатын болады.
DALA INSIDE бұл үрдісті бақылап отырмақ. Бізбен бірге бақылаңыздар 👇
https://t.me/dalainside
👍46🤯6
🎬 "Бишімбаев Пикчерс" не представляет: Қазақстан өз имиджін ютуб соттар арқылы көтермек
Ютубта онлайн көрсетілген экс-министр Қуандық Бишімбаев процесі шет мемлекеттерден үлкен аудитория жинап, онда "Жаңа Қазақстанның" әділетті жолға түскені кәдімгідей талқылана бастағандықтан, "Сол жағалау" Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын онлайн ютуб соттар арқылы көтеруді ойластыра бастады.
Қазіргі жағдай бойынша, егер екі тараптың бірі қарсы болса, сот процесі жария өтпейді. Ұсынылған идея бойынша, енді "резонансты сот" деген ұғым енгізілуі мүмкін. Және резонансты деп танылған сот процесін ютубта ашық трансляция жасау арнайы ережемен міндеттеледі деген ой айтылуда. Олай болатын болса, сотталушының адвокаттары оған қарсы ештеңе істей алмайды.
Дереккөз сөзінше, жемқор, қылмыскер шенеуік не олигархтың ютубта сотталуы "Жаңа Қазақстан" үшін көптеген мәселені шешпек. Біріншіден, халық әділетті, тәуелсіз соттың бар екеніне сеніп, қазіргі билікке лоялды болады. Екіншіден, халықаралық аренада, демократиялық елдер алдында Қазақстанның имиджі жақсарып, инвесторлар да сеніммен қарай бастамақ.
Онлайн сот идеясы жаман емес. Бастысы ол міндеттелуі тиіс. Себебі, айыпталушылардың 99,9 пайызы сот процесінің жария емес, жабық түрде өткенін қалайды. Бірақ "Жаңа Қазақстан" ашықтық жолын аяғына дейін таңдаса, онда ютуб трансляция, алқабилер соты сияқты "фишкалар" мүмкіндігін ұтымды пайдалануға жол ашылып отыр.
Консультациялар барысын бақылап отырамыз. DALA INSIDE арнасына тіркелуді ұмытпаңыз👇

"Жақын күндері Сот, идеологиялық блок, Бас прокуратура бірігіп, жабық консультациялар өткізетін болады", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Үлкен резонансты сот, әсіресе жемқор шенеуіктер, "Ескі Қазақстан" клептократтары соттарын онлайн трансляцияға шығару ұсынылып отыр.
Қазіргі жағдай бойынша, егер екі тараптың бірі қарсы болса, сот процесі жария өтпейді. Ұсынылған идея бойынша, енді "резонансты сот" деген ұғым енгізілуі мүмкін. Және резонансты деп танылған сот процесін ютубта ашық трансляция жасау арнайы ережемен міндеттеледі деген ой айтылуда. Олай болатын болса, сотталушының адвокаттары оған қарсы ештеңе істей алмайды.
Дереккөз сөзінше, жемқор, қылмыскер шенеуік не олигархтың ютубта сотталуы "Жаңа Қазақстан" үшін көптеген мәселені шешпек. Біріншіден, халық әділетті, тәуелсіз соттың бар екеніне сеніп, қазіргі билікке лоялды болады. Екіншіден, халықаралық аренада, демократиялық елдер алдында Қазақстанның имиджі жақсарып, инвесторлар да сеніммен қарай бастамақ.
Онлайн сот идеясы жаман емес. Бастысы ол міндеттелуі тиіс. Себебі, айыпталушылардың 99,9 пайызы сот процесінің жария емес, жабық түрде өткенін қалайды. Бірақ "Жаңа Қазақстан" ашықтық жолын аяғына дейін таңдаса, онда ютуб трансляция, алқабилер соты сияқты "фишкалар" мүмкіндігін ұтымды пайдалануға жол ашылып отыр.
Консультациялар барысын бақылап отырамыз. DALA INSIDE арнасына тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalainside
👍70😁18👎5🔥3💯3👏2🤯2
🌪️ Нұрдәулет Қилыбай үшін "қилы" заман туайын деп тұр
Маңғыстау облысының жаңа әкімі Нұрдәулет Қилыбайға орталық билік тарапынан ауыр міндеттер жүктелді. Аймақтағы проблемелар үштағаны: жұмыс, су және экология. Онымен қатар ірі кәсіпорындар әбден тозған.
Әсіресе Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты бойынша жұмыс кезек күттірмейді. Ол Ақтау қаласы мен жақын маңдағы елді мекендерді жылумен және ауыз сумен қамтамасыз ететін басты ошақ. Сонымен бірге, «Каспий жылу», «Су арнасы» кәсіпорындарының тозығы жетті.
"Өзен", "Қаражамбас" кен орындарының сарқыла бастауы өңірге үлкен проблемаларды жақындата бастады. Маңғыстау жаппай жұмыссыздық алдында тұр. Оны Маңғыстаудағы 70 мыңдай шағын және орта бизнес көмегімен жабу мүмкін емес.
Қазір облыста 786 мың адам тұрады. Үш жылда облыстағы ресми жұмыссыздық 4,9%-дан 5%-ға өскен. Бірақ бейресми стаистика әлдеқайда жоғары. Өңірдегі инвестиция 1,1 триллион теңге. Бұл өте жеткіліксіз болып отыр.
Ең қиыны инвестиция тарту болып отыр. Себебі ескі нысандарды жаңалауға, жаңа өндіріс салуға бюджетте қаржы жоқ. Ал қайта-қайта митинг болып жатқан жерге инвесторлар келгісі келмейді. Жаңа өндіріс ашылмаса, жұмыссыздар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Олар көбейген сайын митингтер де жиілеп барады. Бұған шешім табу мүмкін болмай отыр.
Жаңа әкімнің қызметі жан-жақтан қадағалануда. Сондықтан Маңғыстау әкімі қызметін мина қойылған жермен өту деп бағалауға болады.
DALA INSIDE осы мәселені жіті қарамақ. Себебі, уақыт оздырып алса, Маңғыстау бүкіл ел проблемасына айналады 👇

"Жаңа әкім олардың инфрақұрылымын жөндеу және жаңғырту жұмыстарын тезірек атқаруы керек. Оны бюджет есебінен болмаса, жеке инвестордың келе қоюы неғайбыл", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Оның айтуынша, осы мәселелерді реттеуге Нұрдәулет Қилыбайға үш жыл уақыт берілген.
"Өзен", "Қаражамбас" кен орындарының сарқыла бастауы өңірге үлкен проблемаларды жақындата бастады. Маңғыстау жаппай жұмыссыздық алдында тұр. Оны Маңғыстаудағы 70 мыңдай шағын және орта бизнес көмегімен жабу мүмкін емес.
Қазір облыста 786 мың адам тұрады. Үш жылда облыстағы ресми жұмыссыздық 4,9%-дан 5%-ға өскен. Бірақ бейресми стаистика әлдеқайда жоғары. Өңірдегі инвестиция 1,1 триллион теңге. Бұл өте жеткіліксіз болып отыр.
Ең қиыны инвестиция тарту болып отыр. Себебі ескі нысандарды жаңалауға, жаңа өндіріс салуға бюджетте қаржы жоқ. Ал қайта-қайта митинг болып жатқан жерге инвесторлар келгісі келмейді. Жаңа өндіріс ашылмаса, жұмыссыздар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Олар көбейген сайын митингтер де жиілеп барады. Бұған шешім табу мүмкін болмай отыр.
Жаңа әкімнің қызметі жан-жақтан қадағалануда. Сондықтан Маңғыстау әкімі қызметін мина қойылған жермен өту деп бағалауға болады.
DALA INSIDE осы мәселені жіті қарамақ. Себебі, уақыт оздырып алса, Маңғыстау бүкіл ел проблемасына айналады 👇
https://t.me/dalainside
👍45😱10💯4😁2👎1🔥1👏1