Ахметов 🤜 Қожамжаров: экс-премьер «Әділетті Қазақстанның» мүмкіндігін пайдалана ала ма?
2015 жылы сотталып, екі жылдан кейін бас бостандығын айыруды «шектеуге» алмастырып, яғни бостандыққа шыққан бұрынғы Үкімет басшысы Серік Ахметов «толық реабилитация» мәселесін ойластыра бастады.
Экс-премьер Серік Ахметовты сыбайлас жемқорлық схемаларын жасап, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен сол кезде Қайрат Қожамжаров басқарған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро тұтқындаған еді. Артынан Прокуратура айыптаушы ретінде бұл күдіктерді дәлелдей алмай, мемлекеттік айыптау бағытын «заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау» және «кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу» баптарына бұрған болатын.
Біз сол кездегі Антикордың Нұрлан Нығматуллинның «тоқпағы» болғанын Матаевтар ісінен-ақ байқағанбыз. Қожамжаровтың етене командасы болып табылатын Талғат Татубаев «Матаевтар ісін» жүргізсе, Олеся Кексель «Серік Ахметов ісін» жүргізді. Оған қоса кейіннен ақталып, тіпті мемлекеттен моральды шығын ретінде әрқайсысы 10 миллион теңгеден өндіріп алған прокурор Виктор Тихонов пен экс вице-министр Анатолий Шкарупаны да осы Қожамжаров командасы түрлі айыппен құрықтаған еді.
Назарбаев 2019 жылы отставкаға кетердің алдында Қайрат Қожамжаровқа «ешкім тиісе алмайтын мандат» сыйлап, сенатор креслосына отырғызған болатын. 2023 жылдың басында Қайрат Пернешұлы сенатор лауазымынан босады. Сол уақыттан бері оның ешкім тиісе алмайтын статусы жоқ және жеке заңгерлік бизнеспен айналысады. Былайша айтқанда, қатардағы көп заңгердің бірі.
Тек ол кезінде Қазақстан тарихындағы ең нәтижелі үкімет басшысы болған Серік Ахметовке қажет пе? Оны уақыт көрсетеді. Ахметовтың кезінде Қазақстан экономикасы жақсы өсіп, Ұлттық Қордың қоржыны 75,2 миллиард доллар болып тұрған болатын. Қалай, Ахметов кетті, сол уақыттан бастап қайтадан премьер болған Кәрім Мәсімов Ұлттық қордың ақшасын оңды-соңды жарата бастады.
DAlA INSIDE саяси пульсті стетоскоппен тыңдап отыр. Қыркүйекте сойқан басталады. Бізге жазылып алыңыздар 👇
https://t.me/dalainside

«Әділетті Қазақстан» дәуірінде әкелі-балалы Сейітқазы мен Әсет Матаевтардың заңсыз сотталғаны дәлелденіп, олар толық реабилитация алған болатын. Серік Ахметов те осы жолмен жүре алатынын түсініп отыр. Бұл принципке негізделген позиция. Ол ертең ұрпағы алдында кезінде сотталған шенеуік емес, заңсыз қудаланып, артынан толық ақталған қайраткер ретінде қалғысы келеді», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Экс-премьер Серік Ахметовты сыбайлас жемқорлық схемаларын жасап, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен сол кезде Қайрат Қожамжаров басқарған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро тұтқындаған еді. Артынан Прокуратура айыптаушы ретінде бұл күдіктерді дәлелдей алмай, мемлекеттік айыптау бағытын «заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау» және «кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу» баптарына бұрған болатын.
«Серік Ахметов Қарағанды кланындағы ішкі тартыстың құрбаны болды. Ол кезде «кланның басшысы кім – Ахметов пе, Нығматуллин бе?» деген мәселе шешіліп жатты. Ең ықпалды болып саналған Нығматуллин-Мәсімов группасы Антикорды өзінің тапсырмасын орындайтын саяси киллер ретінде пайдаланып отырды», - дейді, дереккөз.
Біз сол кездегі Антикордың Нұрлан Нығматуллинның «тоқпағы» болғанын Матаевтар ісінен-ақ байқағанбыз. Қожамжаровтың етене командасы болып табылатын Талғат Татубаев «Матаевтар ісін» жүргізсе, Олеся Кексель «Серік Ахметов ісін» жүргізді. Оған қоса кейіннен ақталып, тіпті мемлекеттен моральды шығын ретінде әрқайсысы 10 миллион теңгеден өндіріп алған прокурор Виктор Тихонов пен экс вице-министр Анатолий Шкарупаны да осы Қожамжаров командасы түрлі айыппен құрықтаған еді.
Назарбаев 2019 жылы отставкаға кетердің алдында Қайрат Қожамжаровқа «ешкім тиісе алмайтын мандат» сыйлап, сенатор креслосына отырғызған болатын. 2023 жылдың басында Қайрат Пернешұлы сенатор лауазымынан босады. Сол уақыттан бері оның ешкім тиісе алмайтын статусы жоқ және жеке заңгерлік бизнеспен айналысады. Былайша айтқанда, қатардағы көп заңгердің бірі.
«Серік Ахметов тек реабилитацияға өтініш бере ме, әлде Қайрат Қожамжаровты қудалай бастай ма, ол жағы толық шешілген жоқ» дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Серік Нығметұлының өзінің саяси мансабын құртқан жандардан кек алуына толық құқығы бар.
Тек ол кезінде Қазақстан тарихындағы ең нәтижелі үкімет басшысы болған Серік Ахметовке қажет пе? Оны уақыт көрсетеді. Ахметовтың кезінде Қазақстан экономикасы жақсы өсіп, Ұлттық Қордың қоржыны 75,2 миллиард доллар болып тұрған болатын. Қалай, Ахметов кетті, сол уақыттан бастап қайтадан премьер болған Кәрім Мәсімов Ұлттық қордың ақшасын оңды-соңды жарата бастады.
DAlA INSIDE саяси пульсті стетоскоппен тыңдап отыр. Қыркүйекте сойқан басталады. Бізге жазылып алыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
👍140🔥7👏2😁2😡1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Мемкеңесші Қарин: "Демократия? Әр қоғамның өзіндік ұлттық бірегейлігі мен ерекшелігі ескерілуі тиіс"
Белгілі журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында демократия нормалары туралы сұраққа жауап берген Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әрбір мемлекеттің өзіндік даму жолы бар екенін айтты.
«Әр елдің өзіне тән даму жолы болатыны заңдылық. Біз өзіміздің ұстанып отырған жолымыз, қалыптасқан салтымыз бар елміз.
Біздің қоғамға тән өзіндік құндылықтар, салт-дәстүр, ұлттық менталитет.
Алайда бұл демократияның қағидаттарын орындаудан бас тартамыз дегенді білдірмейді. Біз оны ары қарай дамыта береміз» деп атап өтті Мемлекеттік кеңесші.
Егер сөз бостандығы желеуімен қоғамның ішіне іріткі салып, заң талаптарын бұзбай, әдеп деңгейінде айтылса ешкімнің де себепсіз жауапқа тартылмайтынын айтқан Е.Қарин бүгінде жүргізіліп жатқан ішкі саясаттың негізгі мақсаты – ұлттық бірлік пен қоғамдық тұрақтылықты сақтау, қорғау, дамыту, осы арқылы ұлттық бірегейлікті қалыптастыру екенін жеткізді.
«Демократия жолында көптеген оң шешімдер қабылданды, азаматтардың билікке ықпал ету мүмкіндігі кеңейді.
Бүгінде елдімізде сауатты плюрализм, пікір алуандығы нақты орныққанын, оның көрінісін әлеуметтік желілерден де, түрлі деңгейдегі саяси дискуссиялардан байқауға болады» деп түйіндеді Е.Қарин.
https://t.me/dalainside/1858

Демократия желеуімен, жалпы қоғамның наразылығын тудыратын, дінаралық, ұлтаралық араздықты қоздыратын әрекеттерге жол берілмеуі тиіс.
Алайда бұл демократияның қағидаттарын орындаудан бас тартамыз дегенді білдірмейді. Біз оны ары қарай дамыта береміз» деп атап өтті Мемлекеттік кеңесші.
Егер сөз бостандығы желеуімен қоғамның ішіне іріткі салып, заң талаптарын бұзбай, әдеп деңгейінде айтылса ешкімнің де себепсіз жауапқа тартылмайтынын айтқан Е.Қарин бүгінде жүргізіліп жатқан ішкі саясаттың негізгі мақсаты – ұлттық бірлік пен қоғамдық тұрақтылықты сақтау, қорғау, дамыту, осы арқылы ұлттық бірегейлікті қалыптастыру екенін жеткізді.
«Демократия жолында көптеген оң шешімдер қабылданды, азаматтардың билікке ықпал ету мүмкіндігі кеңейді.
Бүгінде елдімізде сауатты плюрализм, пікір алуандығы нақты орныққанын, оның көрінісін әлеуметтік желілерден де, түрлі деңгейдегі саяси дискуссиялардан байқауға болады» деп түйіндеді Е.Қарин.
https://t.me/dalainside/1858
👎69👍24😁13🤮10👏6💯4🔥1
🔥 Freedom media: Тимур Турлов "Ескі Қазақстан" олигархтарының жолымен жүре ме?
Саясаттанушы Талғат Қалиев Турловтың медиа империя құрып, жан-жақты күшейіп жатқанына алаңдаулы.
"Олигарх Турловтың БАҚ-ты жеке мүддесін алға тарту үшін пайдаланбасына кім кепіл?", - деп сұрайды, Қалиев. Оған Ұлттық шахмат федерациясының ресурстарын өз компаниясының жарнамасына үшін пайдалануға, оның логотипін тікелей медаль ішіне салуға ештеңе кедергі болған жоқ.
Турловтың авантюраға жақын екенін алдында жазған болатынбыз. Биылғы жылдың басында ол Freedom Holding Corp. (банк, брокерлік, инвестициялық және сақтандыру бизнесі) мүддесі жолында монетарлы билікке қарсы риторикасын қатаңдатты.
Турлов пен Ұлттық банк арасындағы пікірталаста, бас банкир Сүлейменов Freedom қаржылық моделі базалық мөлшерлеме, TONIA және банкаралық мөлшерлеме деңгейіне өте сезімтал екенін айтқан еді. Расында да, Freedom тәуекелі жоғары, авантюралық қаржылық модельмен жұмыс істейді. Біраз елдерде бұл модель заңсыз болып табылады. Бір сөзбен айтқанда Freedom құнды қағаздарды айналдырып қайта кепілдікке салып, сол арқылы қаржылық есептілікте өз активтерін үрлеп, яғни үлкейтіп көрсетеді. Сол кезде спекуляциялық жолмен облигацияларды қайта айналдыра беруге гандикап алады. Тек ол үшін TONIA ставкасының төмен болғаны және ҚНРДА-ның осы манипуляцияларға көз жұмып қарағаны аса маңызды.
Турловтың дауысы қаттырақ шығып жүрген, телеграм канал, іскери сайт сынды ақпараттық ресурстары бар біраз экономикалық сарапшыны қаржыландырып жүргені жасырын емес. Олардың барлығы бір блок болып, базалық ставканы белсенді түсіру бойынша Ұлттық Банкке ақпараттық кысым көрсетіп келеді.
Су жаңа олигарх қызыл сызықтан асып кетсе, мемлекеттің Freedom экосистемасын тез арада орнына қоятын құралы бар. ҚНРДА қаржылық ұйымдардың пруденциалды нормативтеріне құнды қағаздардың қайта кепілдікке салынуына шектеу қояса, сол күннен бастап Freedom-ның қаржылық моделінде проблемалар басталуы мүмкін.
DALA INSIDE Турлов жолына ұзақ қараумен келеді. Тимур Русланұлы жаман адам емес, жүрегі де кең, қайырымды азамат. Тек бірдеңе бүлдіріп қоймаса болғаны👇
https://t.me/dalainside
Саясаттанушы Талғат Қалиев Турловтың медиа империя құрып, жан-жақты күшейіп жатқанына алаңдаулы.
"Олигархиялық медиахолдингтер кезеңін көргенбіз. Рахат Әлиев, Болат Өтемұратов, Кәрім Мәсімовтер осындаймен айналысты. Әр олигарх өзіне бағынышты БАҚ арқылы саяси ландшафтқа әсер етіп, өзіне қажетті шешімдерді қабылдатты", - деп жазады, саясаттанушы.
"Олигарх Турловтың БАҚ-ты жеке мүддесін алға тарту үшін пайдаланбасына кім кепіл?", - деп сұрайды, Қалиев. Оған Ұлттық шахмат федерациясының ресурстарын өз компаниясының жарнамасына үшін пайдалануға, оның логотипін тікелей медаль ішіне салуға ештеңе кедергі болған жоқ.
Турловтың авантюраға жақын екенін алдында жазған болатынбыз. Биылғы жылдың басында ол Freedom Holding Corp. (банк, брокерлік, инвестициялық және сақтандыру бизнесі) мүддесі жолында монетарлы билікке қарсы риторикасын қатаңдатты.
"Ақорда Турловтың әр қадамын жіті бақылап отыр. Сол жағалау үшін оның бизнес аренадан саяси аренаға ауысып кетпеуі аса маңызды. Сондықтан оның соңғы мәлімдемелері мұқият саралануда", - деген еді, сол кезде DALA INSIDE дереккөзі.
Турлов пен Ұлттық банк арасындағы пікірталаста, бас банкир Сүлейменов Freedom қаржылық моделі базалық мөлшерлеме, TONIA және банкаралық мөлшерлеме деңгейіне өте сезімтал екенін айтқан еді. Расында да, Freedom тәуекелі жоғары, авантюралық қаржылық модельмен жұмыс істейді. Біраз елдерде бұл модель заңсыз болып табылады. Бір сөзбен айтқанда Freedom құнды қағаздарды айналдырып қайта кепілдікке салып, сол арқылы қаржылық есептілікте өз активтерін үрлеп, яғни үлкейтіп көрсетеді. Сол кезде спекуляциялық жолмен облигацияларды қайта айналдыра беруге гандикап алады. Тек ол үшін TONIA ставкасының төмен болғаны және ҚНРДА-ның осы манипуляцияларға көз жұмып қарағаны аса маңызды.
Турловтың дауысы қаттырақ шығып жүрген, телеграм канал, іскери сайт сынды ақпараттық ресурстары бар біраз экономикалық сарапшыны қаржыландырып жүргені жасырын емес. Олардың барлығы бір блок болып, базалық ставканы белсенді түсіру бойынша Ұлттық Банкке ақпараттық кысым көрсетіп келеді.
Су жаңа олигарх қызыл сызықтан асып кетсе, мемлекеттің Freedom экосистемасын тез арада орнына қоятын құралы бар. ҚНРДА қаржылық ұйымдардың пруденциалды нормативтеріне құнды қағаздардың қайта кепілдікке салынуына шектеу қояса, сол күннен бастап Freedom-ның қаржылық моделінде проблемалар басталуы мүмкін.
DALA INSIDE Турлов жолына ұзақ қараумен келеді. Тимур Русланұлы жаман адам емес, жүрегі де кең, қайырымды азамат. Тек бірдеңе бүлдіріп қоймаса болғаны👇
https://t.me/dalainside
👍54😱10🔥1🤯1😢1💯1
🍻 Алкоголь ішіп, түнгі клуб жанында ұсталған Қостанайдағы имам Бас мүфтидің ауысуына ықпал етпек
Келесі аптада Қазақстан мұсылмандарының мерейтойлы, Х құрылтайын тезірек ұйымдастырып, Бас мүфти Наурызбай Өтпеновты ауыстыру бойынша жабық консультациялар басталмақ. Бұл туралы DALA INSIDE дереккөзі хабарлады.
Дәстүрлі исламның позициясы төмендеп, интернет, әлеуметтік желідегі радикалдардың қазақтың дәстүріне, ұлттық аспаптарына шабуылы күшейгенде Сенат пен "Сол жағалау" тарапынан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына "жұмысты күшейту, белсендірек болу" туралы өтініштер бірнеше рет айтылған болатын.
Қостанайдағы бас имам Тәжімбет Бахытбектің алкоголь ұрттап, түнгі клубтың жанында көлік рөлінде ұсталғаны исламның беделіне ауыр соққы болуы мүмкін. Қазір сот үкімі шығып, имам 15 тәулікке қамалды және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Соңғы 10 жылда Қазақстанда үш бас мүфти ауысты. ҚМДБ тізгінін 2013-2017 жылдары Ержан Маямеров, 2017-2020 жылдары Ораз Серікбай ұстаса, 2020 жылдан бері Наурызбай Өтпенов бас мүфти қызметін атқарып келеді. Келесі құрылтай 2025 жылдың басында өтеді деген жоспар болған. Бірақ жабық консультациялар нәтижесінде мұсылмандардың кезектен тыс құрылтайы одан ерте шақырылуы да ғажап емес.
DALA INSIDE бұл мәселені мониторингке алды. Бізге жазылыңыздар 👇

"ҚМДБ инертті, сылбыр, өз ұстанымын батыл жеткізе алмайтын ұйымға айналды. Қазір олар Қазақстандағы ислам мәселесін бақылаудан шығарып алғаны байқалады. Радикалдардың исламды қазақтың ұлттық құндылықтарына қарсы қоюы діннің позициясын әлсіретіп, тәңіризмге негізделген жаңа ағымдардың пайда болуына алып келді", - дейді, дереккөз.
Қостанайдағы бас имам Тәжімбет Бахытбектің алкоголь ұрттап, түнгі клубтың жанында көлік рөлінде ұсталғаны исламның беделіне ауыр соққы болуы мүмкін. Қазір сот үкімі шығып, имам 15 тәулікке қамалды және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Соңғы 10 жылда Қазақстанда үш бас мүфти ауысты. ҚМДБ тізгінін 2013-2017 жылдары Ержан Маямеров, 2017-2020 жылдары Ораз Серікбай ұстаса, 2020 жылдан бері Наурызбай Өтпенов бас мүфти қызметін атқарып келеді. Келесі құрылтай 2025 жылдың басында өтеді деген жоспар болған. Бірақ жабық консультациялар нәтижесінде мұсылмандардың кезектен тыс құрылтайы одан ерте шақырылуы да ғажап емес.
DALA INSIDE бұл мәселені мониторингке алды. Бізге жазылыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
👍77😁17👎6😱6💯4🔥2👏1
💥 Әлия VS Дариға: тараптар бітімге келуден бас тартты
Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен және кіші қыздары - Дариға мен Әлия арасындағы "қырғиқабақ" соғыс аяқталатын түрі жоқ.
Олардың жанжалы Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтанның есірткіге тәуелді болуынан басталған еді. Анасынан қашып кеткен Айсұлтанды Әлия өз қамқорлығына алады. Артынан Дариға баласын алып кетуге келгенде, Әлия оның "баланың психикасын бұзды" деп айыптаған. Сол кезде Назарбаевтың үлкен қызы "әулетке есірткіні алып келген сенсін" деп, кіші сіңлісіне жұдырық жұмсаған деген ақпарат бар.
Артынан Дариғаның РОП операторына шабуылы басталды. Әу баста өзінің қол астында істеген Санжар Боқаевты РОП пен утильалымға қарсы қойған осы Дариға Назарбаева болатын.
Осыдан кейін сіңлілер араласуды қойып, әулеттің тойы немесе өлім-жітімдерінде бір-бірінен аулақ жүретін болған. Таяуда оларды татуластырмақ болған туыстарының әрекеті сәтсіз аяқталды.
DALA INSIDE кезінде Қазақстанды уысында ұстаған отбасының былықтары туралы аз жазған жоқ. Жақында Дариғаға қатысты бір инсайд дайындалуда. Бізге жазылыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен және кіші қыздары - Дариға мен Әлия арасындағы "қырғиқабақ" соғыс аяқталатын түрі жоқ.
"Назарбаев олимптен тайғаннан кейін, әулет үлкендері Дариға мен Әлияны татуластырғысы келген. Себебі, Назарбаевтың отбасы ішіндегі кикілжің қазіргі "Жаңа Қазақстан" жағдайында оларға мүлде қажет емес. Алайда сіңлілердің бір-біріне деген өкпесі тым ауыр сияқты", - дейді, жағдаймен жақсы таныс DALA INSIDE дереккөзі.
Олардың жанжалы Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтанның есірткіге тәуелді болуынан басталған еді. Анасынан қашып кеткен Айсұлтанды Әлия өз қамқорлығына алады. Артынан Дариға баласын алып кетуге келгенде, Әлия оның "баланың психикасын бұзды" деп айыптаған. Сол кезде Назарбаевтың үлкен қызы "әулетке есірткіні алып келген сенсін" деп, кіші сіңлісіне жұдырық жұмсаған деген ақпарат бар.
Артынан Дариғаның РОП операторына шабуылы басталды. Әу баста өзінің қол астында істеген Санжар Боқаевты РОП пен утильалымға қарсы қойған осы Дариға Назарбаева болатын.
Осыдан кейін сіңлілер араласуды қойып, әулеттің тойы немесе өлім-жітімдерінде бір-бірінен аулақ жүретін болған. Таяуда оларды татуластырмақ болған туыстарының әрекеті сәтсіз аяқталды.
"Назарбаевтың көзі тірісі кезінде ғана олардың қыздарына қауіпсіздік гарантиясы бар. Ислам Кәрімов өлгеннен кейін оның қызы, жалғанды жалпағынан басқан Гүлнар Кәрімованың қандай күй кешкені, абақтыда отырғанын бәріміз білеміз. Сондықтан да, том-том болып жиналып қойылған біраз қылмыстық істің қозғалмай жатқаны да уақытша ғана", - дейді, дереккөз.
DALA INSIDE кезінде Қазақстанды уысында ұстаған отбасының былықтары туралы аз жазған жоқ. Жақында Дариғаға қатысты бір инсайд дайындалуда. Бізге жазылыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
👍127😱9🔥6👏6😁4😢3
Астанада Леонардо да Винчидің La Bella Principessa туындысын тамашалауға азғантай уақыт қалды
30 000-нан аса қазақстандық пен елорда қонақтары Леонардо да Винчидің "Әдемі ханшайым" - La Bella Principessa көрмесін тамашалады. Италияның Қазақстандағы елшілігінің, ForteBank, Mastercard, Scripta Maneant, Италияның мәдениет институты мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің күш-жігерінің арқасында атақты итальян суретшісінің шедеврі Астанадағы ҚР Ұлттық музейіне қойылды.
https://dalanews.kz/kz/article/astanada-leonardo-da-vynchydin-la-bella-principessa-tuindisin-tamashalauga-tagi-ush-kun-uaqit-bar.html

👍82😁10😱8😡8💯7👏5🔥3
🏁 Олимпиададан кейін "кадрлық тазалаулар" басталмақ
2024 жылғы Париж олимпиадасы аяқталғаннан кейін спортқа жауапты мемлекеттік мекемелерде тиісті аудит жүргізілетін болады. Спорт федерацияларының, Ұлттық олимпиада комитеті басшылығы және Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаевтың қызметіне баға берілмек.
Париж олимпиадасы біраз шешілмеген мәселені ашып берді. Қазақстан мен IBA арасындағы өзара түсініспеушіліктің бар екені, спортшылармен психологиялық жұмыстың жүргізілмегені байқалады. Бәрін тек ақша емес, жеке мотивацияның анықтайтыны айқын білінді. Токио олимпиадасынан ешқандай сабақ алынбаған.
DALA INSIDE спорт саласындағы күзгі рокировкаларды қадағалап отырмақ. Тек одан нәтиже бола ма деген сұраққа еш жауап жоқ 👇

"Шынын айтқанда "ана жақ" аса риза емес. Бұл әсіресе бокс пен тенниске қатысты. Онымен бірге фокусты технологиялық спортқа: садақ ату, батут, семсерлесу, бадминтон сынды бағыттарға бұру да ойластырылуда", - дейді DALA INSIDE дереккөзі.
Париж олимпиадасы біраз шешілмеген мәселені ашып берді. Қазақстан мен IBA арасындағы өзара түсініспеушіліктің бар екені, спортшылармен психологиялық жұмыстың жүргізілмегені байқалады. Бәрін тек ақша емес, жеке мотивацияның анықтайтыны айқын білінді. Токио олимпиадасынан ешқандай сабақ алынбаған.
DALA INSIDE спорт саласындағы күзгі рокировкаларды қадағалап отырмақ. Тек одан нәтиже бола ма деген сұраққа еш жауап жоқ 👇
https://t.me/dalainside
👏65👍49🔥9😱5😁4🤮4
🚛 Газелі сынды: мультимиллиардер Олег Дерипаска Қазақстан азаматтығын алуды ойластыра бастады
Келесі аптадан бастап Ресей олигархы Олег Дерипасканың командасы Тимур Турловтың тәжірибесін зерттеп көрмек. Бизнесмен Ресейде тұру және оның азаматы болу жеке басы мен активтеріне нақты қатер төндіре бастағанын байқады.
Инсайдер сөзінше, Кремль тілімен "қызыл сызықты" асу деолигархизация мен дефризацияны білдіреді. Яғни активтерін, капиталын тартып алу және салықтан жалтырды деген айыппен түрмеге қамау. Соғыс шығындарын өтеуге қаржы іздеп жатқан Путин режиміне керемет сылтау табылды. Олар қазір тура осылай Wildberries алпауытына иелік еткен, Ресейдегі ең бай әйел Татьяна Бакальчукты шешіндіріп жатыр. Ал Дерипаска болса өзі осы кезекке келіп тұра қалды.
2018 жылы Дерипаска инвестиция салу бағдарламасымен Кипр азаматтығын сатып алған болатын. Алайда АҚШ қысым көрсетіп, 2020 жылы Кипр олигархты азаматтықтан шығарып тастады. Сондықтан Олег Дерипасканың қазақ паспортына ие болуын АҚШ қалай қабылдайтыны белгісіз.
Дәл қазір Олег Дерипасканың байлығы 2,8 миллиард долларға бағаланады. Ол EN+ холдингі арқылы алюминий алпауыты РУСАЛ-дың ірі акционері болып табылады. Сонымен қатар ГАЗ тобының ірі акция пакетін ұстап отыр. Гипотетикалық тұрғыда, дәл осы сәтте ол Қазақстан азаматы болса, онда отандық байлар тізімінде Болат Өтемұратовтан кейін жетінші орында тұрар еді.
Дерипаска Қазақстанға керек пе?
Олег Дерипаска әлемдік нарықта біздің Машкевичтердің (ERG) бәсекелесі болып келді. Ол да түрлі-түсті металдармен айналысты. Бірақ шикізаттық базасының барлығы Ресейде және болашақта барлық кен орындарынан айрылып қалуы қиын емес. Мысалы ол бізде шикізатпен айналыспай, сақтап қала алған капиталын ауыл шаруашылығына, агрокешенге, немесе туризмге салса, онда ғана қазақ экономикасы үшін пайдалы болады.
DALA INSIDE олигархтар көшін бақылап отыр. Бізбен бір жолда болыңыз 👇

"Кремльден бүгін Дерипаскаға "қызыл сызықты асып кеттің" деген сигнал келді. Кеше Олег жапон газетіне сұхбат беріп, соғысты сынаған болатын. Ол соғысты 2022 жылы сынағанда, Кремльден "тыныш жүр" деген ескерту алған еді. Бұл жолғысын Путин анық кешірмейді", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Инсайдер сөзінше, Кремль тілімен "қызыл сызықты" асу деолигархизация мен дефризацияны білдіреді. Яғни активтерін, капиталын тартып алу және салықтан жалтырды деген айыппен түрмеге қамау. Соғыс шығындарын өтеуге қаржы іздеп жатқан Путин режиміне керемет сылтау табылды. Олар қазір тура осылай Wildberries алпауытына иелік еткен, Ресейдегі ең бай әйел Татьяна Бакальчукты шешіндіріп жатыр. Ал Дерипаска болса өзі осы кезекке келіп тұра қалды.
"Олег Дерипаска өте қиын жағдайда. Оның бизнесі мен жеке басын 2018 жылдан бері АҚШ пен Еуроодақ санкциялары матап отыр. Одан құтылу үшін соғысқа, Путин режиміне қарсы екенін дәлелдеу керек. Бірақ, аузынан мұндай сөз шықса, Путин оны аямайды. Сол үшін оған нейтралды юрисдикцияға ауысып, Кремльдің де, Вашингтонның да қолы жете алмайтын жерге кету керек. Осы орайда оның командасы Ресей азаматтығынан бас тартып, Израиль не Қазақстан азаматы болу варианттарын зерделей бастады", - дейді дереккөз.
2018 жылы Дерипаска инвестиция салу бағдарламасымен Кипр азаматтығын сатып алған болатын. Алайда АҚШ қысым көрсетіп, 2020 жылы Кипр олигархты азаматтықтан шығарып тастады. Сондықтан Олег Дерипасканың қазақ паспортына ие болуын АҚШ қалай қабылдайтыны белгісіз.
Дәл қазір Олег Дерипасканың байлығы 2,8 миллиард долларға бағаланады. Ол EN+ холдингі арқылы алюминий алпауыты РУСАЛ-дың ірі акционері болып табылады. Сонымен қатар ГАЗ тобының ірі акция пакетін ұстап отыр. Гипотетикалық тұрғыда, дәл осы сәтте ол Қазақстан азаматы болса, онда отандық байлар тізімінде Болат Өтемұратовтан кейін жетінші орында тұрар еді.
Дерипаска Қазақстанға керек пе?
Олег Дерипаска әлемдік нарықта біздің Машкевичтердің (ERG) бәсекелесі болып келді. Ол да түрлі-түсті металдармен айналысты. Бірақ шикізаттық базасының барлығы Ресейде және болашақта барлық кен орындарынан айрылып қалуы қиын емес. Мысалы ол бізде шикізатпен айналыспай, сақтап қала алған капиталын ауыл шаруашылығына, агрокешенге, немесе туризмге салса, онда ғана қазақ экономикасы үшін пайдалы болады.
DALA INSIDE олигархтар көшін бақылап отыр. Бізбен бір жолда болыңыз 👇
https://t.me/dalainside
👍54😡29👎4🤯2😱1🤮1💯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мәжіліс депутаты Никита Шаталов: «Көмірмен дем алғанымызды қаламаймын»
Бүгін Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша Астанада өткен жария талқылауға қатысқан Мәжіліс депутаты Никита Шаталов көмір электр станцияларына, атап айтқанда Қарағанды облысына жасаған сапары туралы айтты.
Оның сөзінше, қала Топар ГРЭС-інен шығарылған күлге толы. Көмірдің күлі 60 жылдан бері жиналған, нәтижесінде «күл далалары» қалыптасқан. Бұл ретте Мәжіліс депутаты бір мысал келтірді: АҚШ-тағы атом энергетикасы осындай кезеңде супермаркет көлеміндей ғана атом қалдықтарын шығарған.

«Меніңше, радиоактивті қалдықтар туралы айтқан кезде нені таңдайтынымыз белгілі. Бұл күлдің де «фоны» бар, жел соққан кезде ол Топар қаласына да әсерін тигізеді. Пәтерлерге кіріп, өкпеге түседі. Бұл онкологиялық аурулар тудырады, еліміз мұндай жағдайға бұрын да тап болған», - деді спикер.
👎51👍39🤮14😁2😡1
⏳ Әбдіғалиұлы, Шапкенов, Шахаров?... Қыркүйектегі Президент Жолдауынан кейін әкімдер корпусында ротация күтілуде
Қыркүйектегі Жолдауда Президент Үкіметке әлеуметтік-экономикалық даму бойынша жаңа міндеттер жүктейтін болады. Ал Премьер-Министр Олжас Бектенов қай әкім осы тапсырманы орындай алады, ал қайсысын ауыстыру керек деген мәселені шешуі тиіс. Осы шешім көп ретте былтырғы Жолдаудың орындалу қарқынына байланысты болмақ.
Қазіргі әкімдер корпусының орташа мерзімі небары екі жыл. Қаңтар оқиғасынан кейін облыс пен республикалық маңызы бар қалалардағы әкімдер түгел ауысқан болатын. Мысалы, қазір әкім ретінде өз қызметінде ең ұзақ отырған адам - Алматы басшысы Ерболат Досаев. Ол қызметіне 2022 жылдың 31 қаңтарында тағайындалды. Сонда ең ұзақ әкім болып отырған адамның тағайындалғанына небары 2 жыл, 6 ай, 20 күн ғана толды. Ал қалған әкімдердің басым бөлігі қызметіне 2022 жылдың жазы мен күзінде келген. Соңғы су жаңа әкім, Маңғыстау облысындағы бірінші басшы Нұрдәулет Қилыбай биыл 17-ші мамырда ғана тағайындалды. Оның әкім болғанына тек 3 ай толып отыр.
Әрине, Даниал Ахметов, Бердібек Сапарбаев, Ахметжан Есімов сынды әкім қызметінде 7-9 жыл отыра беретін «Ескі Қазақстан» могикандарымен салыстырғанда, қазір әкімдік ғұмырдың тым қысқарғанын байқаймыз. Қазіргі әкімдердің ішінен «Ескі Қазақстан» обоймасында болған, ол кезде де министр, ұлттық компания басшысы сынды ірі қызмет атқарған екі адам ғана қалды. Олар Ерболат Досаев пен Жеңіс Қасымбек. Қалғандары мүлде жаңа адамдар.
Дереккөз сөзінше, Жолдау қыркүйектің басында жасалса, әкімдер корпусындағы бейресми аттестация қазан айына дейін орын алмақ. Одан кейін Үкімет тапсырмаларды тыңғылықты орындауға кіріседі.
DALA INSIDE жақында биылғы Жолдаудың негізгі тезистері қандай болатынына шолу жасамақ. Бізбен бірге болыңыздар👇

«Былтырғы Жолдаудағы тапсырмалар мен ұлттық жобалардың индикаторын орындауда үдеден шыға алмай жатқан өңірлер бар. Оған қоса халық тұрмысын жайлы ете алмаған, ауыз су, жол, кәріз бен қоқыс мәселесі, инфрақұрылымда кенжелеп қалған облыстар қарындашқа ілінді. Екі әкім қызметінен кетсе, бір әкім басқа облысқа барады деген өзгерістер ойластырылуда», - дейді, DALA INSIDE арнасы хабарласқан министрлер кабинетіндегі дереккөз.
Қазіргі әкімдер корпусының орташа мерзімі небары екі жыл. Қаңтар оқиғасынан кейін облыс пен республикалық маңызы бар қалалардағы әкімдер түгел ауысқан болатын. Мысалы, қазір әкім ретінде өз қызметінде ең ұзақ отырған адам - Алматы басшысы Ерболат Досаев. Ол қызметіне 2022 жылдың 31 қаңтарында тағайындалды. Сонда ең ұзақ әкім болып отырған адамның тағайындалғанына небары 2 жыл, 6 ай, 20 күн ғана толды. Ал қалған әкімдердің басым бөлігі қызметіне 2022 жылдың жазы мен күзінде келген. Соңғы су жаңа әкім, Маңғыстау облысындағы бірінші басшы Нұрдәулет Қилыбай биыл 17-ші мамырда ғана тағайындалды. Оның әкім болғанына тек 3 ай толып отыр.
Әрине, Даниал Ахметов, Бердібек Сапарбаев, Ахметжан Есімов сынды әкім қызметінде 7-9 жыл отыра беретін «Ескі Қазақстан» могикандарымен салыстырғанда, қазір әкімдік ғұмырдың тым қысқарғанын байқаймыз. Қазіргі әкімдердің ішінен «Ескі Қазақстан» обоймасында болған, ол кезде де министр, ұлттық компания басшысы сынды ірі қызмет атқарған екі адам ғана қалды. Олар Ерболат Досаев пен Жеңіс Қасымбек. Қалғандары мүлде жаңа адамдар.
Дереккөз сөзінше, Жолдау қыркүйектің басында жасалса, әкімдер корпусындағы бейресми аттестация қазан айына дейін орын алмақ. Одан кейін Үкімет тапсырмаларды тыңғылықты орындауға кіріседі.
DALA INSIDE жақында биылғы Жолдаудың негізгі тезистері қандай болатынына шолу жасамақ. Бізбен бірге болыңыздар👇
https://t.me/dalainside
👍78🔥5😁5👏4😱3🤮1
🏦 АҚШ Қазақстанды "ВТБ" банкін лицензиядан айыруға мәжбүрлеуді ойластыра бастады
АҚШ Қаржы министрлігі санкцияға іліккен, бірақ Қазақстанда жұмысын жалғастырып жатқан ресейлік "Банк ВТБ" еншілес ұйымы - "ВТБ Банк Қазақстан" бойынша мәселені жақын арада қарастырмақ. DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша, АҚШ қаржыминінің бөлімшесі OFAC (Шетелдік активтерді бақылау бойынша Басқарма) ВТБ-ның Қазақстандағы МИР картасы мен шоттары арқылы жүріп жатқан транзакцияларына күдікпен қарап отыр.
Қазір "Банк ВТБ Қазақстан" акционерлік қоғамы ҚНРДА 2020 жылы берген №1.2.14/39 лицензиясы аясында жұмыс істейді. Ол санкцияға ілінсе де Қазақстанда жұмысын тоқтатпаған жалғыз банк. Тура ВТБ сияқты кезінде санкцияға тап болған Қазақстандағы екі ресейлік банк - Сбербанк пен Альфа сатылып, қожайындарын ауыстырған еді. Сбербанк Қазақстанды "Бәйтерек" холдингі қолына алып, атын "Bereke Bank" қылып, артынан Катар инвесторларына сатты. Ал "Альфа банкті" ЦентрКредит банкі сатып алып, өзіне қосты.
Қазақстанда ресейлік МИР картасын шығару бойынша монополиске айналған "ВТБ Қазақстан" дағдарыстан тез айығып, 2023 жылы 20,7 миллиард теңге таза пайда тапты. Ал активтері 226 миллиард теңгеге жетті.
ВТБ өзінің Қазақстандағы бизнесін сатқысы келмейді. Қазіргі стратегиясы алыс-жақын шетел мен Ресей арасындағы рубль транзакциялары нарығындағы ірі ойыншы атануды көздейді. Бұл маржасы жоғары, кірісі орасан бизнес екенін ВТБ тез түсінді.
"Отырсаң - OFAC, тұрсаң - сопақ" дегендей, АҚШ Қазақстанды бұл бағытта сындыра ала ма? Оны уақыт көрсетеді, ал DALA INSIDE жазады 👇

"OFAC SWIFT жүйесінен тыс жүретін ВТБ транзакцияларын бақылай алмайтындықтан, оны шілде айынан бері SDN негізгі стоп-парақшасынан бөлек "қайталама санкция" тізіміне енгізді. Демек, "Банк ВТБ Қазақстанда" белсенді шоты бар, сол арқылы төлем жүргізетін компаниялар санкция алуы мүмкін. Ендігі мәселе, ВТБ-ны жалпы Қазақстанда жұмыс істеу құқығынан айыру. Ол Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің (ҚНРДА) қолында. Банктік лицензияны осы агенттік береді және қайтарып ала алады", - дейді, дереккөз.
Қазір "Банк ВТБ Қазақстан" акционерлік қоғамы ҚНРДА 2020 жылы берген №1.2.14/39 лицензиясы аясында жұмыс істейді. Ол санкцияға ілінсе де Қазақстанда жұмысын тоқтатпаған жалғыз банк. Тура ВТБ сияқты кезінде санкцияға тап болған Қазақстандағы екі ресейлік банк - Сбербанк пен Альфа сатылып, қожайындарын ауыстырған еді. Сбербанк Қазақстанды "Бәйтерек" холдингі қолына алып, атын "Bereke Bank" қылып, артынан Катар инвесторларына сатты. Ал "Альфа банкті" ЦентрКредит банкі сатып алып, өзіне қосты.
Қазақстанда ресейлік МИР картасын шығару бойынша монополиске айналған "ВТБ Қазақстан" дағдарыстан тез айығып, 2023 жылы 20,7 миллиард теңге таза пайда тапты. Ал активтері 226 миллиард теңгеге жетті.
"АҚШ-қа ВТБ-ның санкцияны шыбын шаққан құрлы көрмей, сауданы қыздырып жатқаны әрине ұнамайды. Бірақ ҚНРДА-ға өзінің пруденциалды талаптарын орындап жатқан банкті лицензиядан айыруға еш заңды негіз жоқ. "АҚШ айтты" деп лицензиядан негізсіз айырса, бұл қауіпті прецедент туғызбақ. Енді АҚШ қатты қысса, Қазақстандағы реттеуші өте қиын жағдайда қалайын деп тұр", - дейді, дереккөз.
ВТБ өзінің Қазақстандағы бизнесін сатқысы келмейді. Қазіргі стратегиясы алыс-жақын шетел мен Ресей арасындағы рубль транзакциялары нарығындағы ірі ойыншы атануды көздейді. Бұл маржасы жоғары, кірісі орасан бизнес екенін ВТБ тез түсінді.
"Отырсаң - OFAC, тұрсаң - сопақ" дегендей, АҚШ Қазақстанды бұл бағытта сындыра ала ма? Оны уақыт көрсетеді, ал DALA INSIDE жазады 👇
https://t.me/dalainside
👍95🔥10😱2
🇰🇿 Үкімет Президенттің былтырғы Жолдауын 100% орындап бітті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы Жолдауының Үкіметке қатысты барлық тапсырмалары орындалды. Енді Үкімет, келесі аптада берілетін жаңа міндеттерді атқаруға толық дайын.
DALA INSIDE былтырғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдаудың тапсырмаларын шолып, орындалуын тексеріп шықты.
👉 Ең алдымен, бизнесті қолдау тапсырмалары орындалған екен. Үкімет жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктірген Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға арналған кешенді бағдарлама қабылдады.
👉 Экономиканы әртараптандыру бойынша тапсырмалар жақсы орындалды. Отандық өндірісті ынталандыру және офтейк-келісімшарттар жүйесін толық іске қосу бойынша бірқатар жүйелі шаралар қабылданған.
Үкімет биыл өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін заңнаманы жетілдіру, әкімшілік кедергілерді азайту, жеңілдетілген қаржыландыруды бөлу және отандық өндірісті ынталандырудың жаңа құралдарын енгізу жөнінде шаралар қабылдады. Машина жасау, мұнай химиясы, металдарды терең өңдеу және автомобиль жасау сияқты келешегі бар салаларға ерекше назар аударылады.
Соның нәтижесінде жартыжылдықтың қорытындысы бойынша аталған секторда жиынтық көрсеткіші 105,1% болатын оң динамика байқалады. ЖІӨ-ге қосқан үлесі бойынша өңдеу өнеркәсібі бүгінде тау-кен өндірісі мен саудадан кейінгі үшінші орынды сақтап отыр – 13,3%.
👉 Экономиканы дамыту жолында өңірлердің дербестігін күшейту бойынша тапсырма да толық атқарылды. Жергілікті билік органдарына бюджетті жоспарлау, инфрақұрылымдық жобаларды басқару және әлеуметтік қолдау бағдарламаларын іске асыруда үлкен өкілеттіктер нақты берілді.
Бұл халықтың өтініштері мен қажеттіліктеріне тез және тиімді жауап беруге мүмкіндік береді. Жергілікті билік ресурстарды икемді басқарып, өз облыстарының стратегиялық дамуына, атап айтқанда, өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту және жергілікті білім мен денсаулық сақтау деңгейін көтеруге қатысты шешімдер қабылдай алады.
👉 Логистика, жолдар бойынша тапсырма артығымен орындалды. 2024 жылы жол-құрылыс жұмыстарының көлемі рекордты 12 мың шақырымға жетеді, оның 8 мың шақырымы еліміздің өңірлерін байланыстыратын стратегиялық маңызы бар көлік күре жолдарын қамтамасыз ететін республикалық жолдарды құрайды.
Ал халықаралық логистика – Транскаспий жобасына келсек, Үкімет Қазақстан, Әзербайжан, Түркия және Қазақстан мен Грузия арасындағы 2027 жылға дейінгі кедергілерді жою және Орта дәлізді дамыту жөніндегі Жол картасын іске асыру бойынша белсенді қимылдауда. Бұл дәліздің өткізу мүмкіндігін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Шығыстан Батысқа транзиттік жүктердің жеткілікті көлемін қамтамасыз ету үшін 2023 жылғы қарашада Қытаймен Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, соның ішінде Қытай мен Еуропа арасындағы контейнерлік пойыздар бойынша бірқатар келісімге қол қойылды. Бұл келісімдер 2024 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланды.
Бағыттың тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оның бүкіл бойында бірыңғай мультимодальды сервис құрылды.

Ол бойынша енді, жаңа жобаларды субсидиялауда негізінен өңдеу өнеркәсібі саласына басымдық (шамамен 50%) беріледі. Сондай-ақ бюджетке түсетін жүктемені азайту үшін қызмет көрсету саласындағы жобаларды субсидиялау мерзімі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартылды. Несиелер бойынша кепілдік беру құралы кеңейтіліп, атап айтқанда, кепілдіктер сомалары ұлғайтылды. Бизнес субъектілеріне 1 млрд теңгеден асатын несие сомаларына нарықтық шарттар бойынша кепілдік алу мүмкіндігі берілді.
👉 Экономиканы әртараптандыру бойынша тапсырмалар жақсы орындалды. Отандық өндірісті ынталандыру және офтейк-келісімшарттар жүйесін толық іске қосу бойынша бірқатар жүйелі шаралар қабылданған.
Үкімет биыл өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін заңнаманы жетілдіру, әкімшілік кедергілерді азайту, жеңілдетілген қаржыландыруды бөлу және отандық өндірісті ынталандырудың жаңа құралдарын енгізу жөнінде шаралар қабылдады. Машина жасау, мұнай химиясы, металдарды терең өңдеу және автомобиль жасау сияқты келешегі бар салаларға ерекше назар аударылады.
Соның нәтижесінде жартыжылдықтың қорытындысы бойынша аталған секторда жиынтық көрсеткіші 105,1% болатын оң динамика байқалады. ЖІӨ-ге қосқан үлесі бойынша өңдеу өнеркәсібі бүгінде тау-кен өндірісі мен саудадан кейінгі үшінші орынды сақтап отыр – 13,3%.
Заңнамадағы өзгерістердің арқасында өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары мен ірі тау-кен өндірісі компаниялары бастапқы алюминий мен мыс шикізатын ішкі қайта өңдеуді қамтамасыз ететін 25 келісімге қол қойды.
👉 Экономиканы дамыту жолында өңірлердің дербестігін күшейту бойынша тапсырма да толық атқарылды. Жергілікті билік органдарына бюджетті жоспарлау, инфрақұрылымдық жобаларды басқару және әлеуметтік қолдау бағдарламаларын іске асыруда үлкен өкілеттіктер нақты берілді.
Бұл халықтың өтініштері мен қажеттіліктеріне тез және тиімді жауап беруге мүмкіндік береді. Жергілікті билік ресурстарды икемді басқарып, өз облыстарының стратегиялық дамуына, атап айтқанда, өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту және жергілікті білім мен денсаулық сақтау деңгейін көтеруге қатысты шешімдер қабылдай алады.
👉 Логистика, жолдар бойынша тапсырма артығымен орындалды. 2024 жылы жол-құрылыс жұмыстарының көлемі рекордты 12 мың шақырымға жетеді, оның 8 мың шақырымы еліміздің өңірлерін байланыстыратын стратегиялық маңызы бар көлік күре жолдарын қамтамасыз ететін республикалық жолдарды құрайды.
Жыл соңына дейін 7 мың шақырым жолдың құрылысы, реконструкциясы және жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда.
Ал халықаралық логистика – Транскаспий жобасына келсек, Үкімет Қазақстан, Әзербайжан, Түркия және Қазақстан мен Грузия арасындағы 2027 жылға дейінгі кедергілерді жою және Орта дәлізді дамыту жөніндегі Жол картасын іске асыру бойынша белсенді қимылдауда. Бұл дәліздің өткізу мүмкіндігін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Шығыстан Батысқа транзиттік жүктердің жеткілікті көлемін қамтамасыз ету үшін 2023 жылғы қарашада Қытаймен Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, соның ішінде Қытай мен Еуропа арасындағы контейнерлік пойыздар бойынша бірқатар келісімге қол қойылды. Бұл келісімдер 2024 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланды.
Бағыттың тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оның бүкіл бойында бірыңғай мультимодальды сервис құрылды.
Telegram
DALA INSIDE
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot
Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.

👍35👎24😁20🤮10💯1
👉 Экспортты күшейту бойынша тапсырма да қарқынды орындалуда. Жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластерлерді құру нәтижесінде 26 мың жұмыс орны ашылады.
Бүгінгі таңда Үкімет инвестиция көлемі 15 трлн теңгеден асатын 17 ірі жобаның тізбесін бекітті. Оларды жүзеге асыру бірқатар маңызды экономикалық нәтиже береді деп күтілуде.
👉 Су бойынша жүктелген міндет абыроймен атқарылды. Қазақстанда Гидрогеология қызметі қайта құрылды. Барлық көлдер мен тоғандар суға толды. Қазақстан су державасына айналды.
👉 Әлеуметтік көмек бойынша тапсырма шешімін тапты. 9 мыңнан астам қазақстандыққа арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды.
Жыл басында зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік тұрғыда қорғалуын арттыру жөніндегі жүйелі шараларды іске асыру үшін Қазақстанда арнайы әлеуметтік төлем енгізілді.
Осылайша былтырғы Жолдаудың барлық баптары орындалды.
DALA INSIDE өз кезегінде биылғы Жолдау мен оның орындалуына мониторинг жасайтын болады. Бізге жазылыңыздар 👇

Біздегі жер асты суларының қоры шамамен 40 текше километрді құрайды. Оның 15 текше километрі қазіргі таңда пайдалануға дайын. Бүгінде ел экономикасында бұл ресурстардың 7-10%-ы ғана қолданылады. Енді еліміз ауызсумен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы жерлерін суару және жайылымдық мал шаруашылығын қолдау үшін жер асты суларын белсенді түрде пайдалану, бұл ретте қорлардың сарқылуына және ластануына жол бермеу үшін қатаң бақылау тәртібін орнатпақ.
👉 Әлеуметтік көмек бойынша тапсырма шешімін тапты. 9 мыңнан астам қазақстандыққа арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды.
Жыл басында зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік тұрғыда қорғалуын арттыру жөніндегі жүйелі шараларды іске асыру үшін Қазақстанда арнайы әлеуметтік төлем енгізілді.
Осылайша былтырғы Жолдаудың барлық баптары орындалды.
DALA INSIDE өз кезегінде биылғы Жолдау мен оның орындалуына мониторинг жасайтын болады. Бізге жазылыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
👍38🤮27😁16👏3🔥2
Forte Bank Есік қаласының оқушыларына жаңа мектеп сыйлады
Алматы облысындағы Есік қаласында қазақ тілді жаңа мектеп ашылды. Жаңа мектептің мақсаты – оқушыларға қолайлы жағдайда білім алуды қамтамасыз ету. Бұған дейін жергілікті мектептерде оқушы лықа толы болып, балалар мектепке автобус арқылы алыстан қатынауға мәжбүр болды.
https://dalanews.kz/kz/article/verniy-kapytal-men-bolat-otemuratov-qori-esik-oqushilarina-zamanauy-mektep-siyga-tartti-algashqi-saltanatti-jyin-otti.html

Dalanews.kz – ақпарат агенттігі
"Верный капитал" мен Болат Өтемұратов қоры Есік оқушыларына заманауи мектеп сыйға тартты: алғашқы салтанатты жиын өтті
Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектеп оқушыларын құшақ жая қарсы алды, білім ошағында интерактив сыныптар мен қолайлы жағдай жасалған.
👍56😁7👏4
🏦 «Тарифті өзің жинақта»: Bereke Bank кәсіпкерлерге қолайлы өнім ұсынды
Bereke Bank жеке кәсіпкерлерге банктік қызметтерді өз бетінше таңдап, өзгертетін және банк комиссияларын 70%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретін бірегей қызметтін ұсынып отыр. Бұл қызмет «Тарифті өзің жинақта» деп аталады.
Кәсіпкерлер үшін маңызды қызметті қосу үшін сізге бірінші кезекте Bereke Bank B-Business қосымшасын жүктеп, тіркеліп, шот ашу (бұл қызметті онлай режимде тегін пайдаланасыз) керек. Бұдан кейін қосымшадағы «Тарифтер» бөліміне өтіп, әрі қарай, «Тарифті өзің жинақта» блогына кіріп, қажетті тарифтер мен лимиттерді таңдайсыз. Қажет болған жағдайда автоматты жаңарту функциясын қосып алуға да болады. Комиссияны төлеу үшін есептік жазбаны таңдап, өтінімге қол қойыңыз. Бар болғаны осы.
👉 Толық ақпарат
https://dalanews.kz/kz/article/bereke-bank-tin-taryfti-ozin-jynaqta-qizmeti-jeke-kasipkerlerdi-artiq-shiginnan-qutqaradi.html

👍16😁5😡2
⚡️ Менде ешқандай фобия жоқ! Тоқаев Жаңа Қазақстанның жауларына жауап қатты...
Президент Тоқаев өз Жолдауында Қазақстанға сес көрсетуге тырысатын түрлі теріс пиғылды күштерге жауап қатты.
DALA INSIDE Тоқаевтың фобия деген сөзге ерекше акцент бергеніне назар аударды.
"Кейбір теріс пиғылды күштер, оның ішінде шетелде жүргендер де бар, мәселені ушықтыру арқылы қоғамдық пікірге ықпал еткісі келеді, елімізге орынсыз шүйлігеді", - деді Мемлекет басшысы.
Тоқаевтың атап өткеніндей қазіргі жүйе әлгіндей провокацияларға төтеп беретін иммунитетке ие.
"Қазақстанның қоғамында да, билігінде де ешқандай "фобия" болған емес, қазір де жоқ, болашақта да болмайды.
Сондықтан ақша үшін ел ішіне іріткі салуды көздейтін мұндай жымысқы әрекеттерден түк шықпайды", - деді ол.
Тоқаев әділетті қоғам құрудағы күресті тоқтатпайтынын тағы бір рет шегелеп, халықты түрлі арандатушылық әрекеттерден биік тұруға шақырды.
Президент төңірегіндегі менеджерлерге Әділетті, Қауіпсіз және Таза Қазақстан құру туралы талап қойған. Бектенов үкіметі осы бір стратегиялық мақсатқа жету үшін тынбай әрекет етуі тиіс.
Жолдауды олигархат өкілдері де мұқият тыңдағаны анық.
"Өткен отыз жылдағы дүние-мүлкіңізді заңдастырам дейсіз бе? Онда Қазақстан экономикасына ақша құй! Әр теңге үшін саудаласпай, қажетті шараның бәрін өз еріктеріңізбен жасаңыздар. Мұндай кәсіпкерлердің есімі жомарт жандардың "алтын тізіміне" жазылады. Ал одан бас тартқан немесе сөзбұйдаға салған кәсіпкерлерге қатысты әңгіме қысқа болады", - деді Президент.
Бүгінгі мәлімдемеден кейін "комфорт зонадан" шыққысы жоқ кейбір олигархтардан маза қашты деседі.
Бұл туралы алдағы күні айтамыз. Бізге қосылыңыз👇
https://t.me/dalainside
Президент Тоқаев өз Жолдауында Қазақстанға сес көрсетуге тырысатын түрлі теріс пиғылды күштерге жауап қатты.
DALA INSIDE Тоқаевтың фобия деген сөзге ерекше акцент бергеніне назар аударды.
Президент осы арқылы қазіргі биліктің ескі Қазақстан өкілдерінен де, Кремль пропагандасынан да және басқа да радикалдарды тараптардан қаймықпайтынын көрсетті.
"Кейбір теріс пиғылды күштер, оның ішінде шетелде жүргендер де бар, мәселені ушықтыру арқылы қоғамдық пікірге ықпал еткісі келеді, елімізге орынсыз шүйлігеді", - деді Мемлекет басшысы.
Тоқаевтың атап өткеніндей қазіргі жүйе әлгіндей провокацияларға төтеп беретін иммунитетке ие.
"Қазақстанның қоғамында да, билігінде де ешқандай "фобия" болған емес, қазір де жоқ, болашақта да болмайды.
Сондықтан ақша үшін ел ішіне іріткі салуды көздейтін мұндай жымысқы әрекеттерден түк шықпайды", - деді ол.
Тоқаев әділетті қоғам құрудағы күресті тоқтатпайтынын тағы бір рет шегелеп, халықты түрлі арандатушылық әрекеттерден биік тұруға шақырды.
Ескі Қазақстан? Президенттің пайымдауынша өткенмен өмір сүруге болмайды. Ескі жүйеден кінә іздей беру адамның еңсесін түсіріп, өзгеге өкпе артуға алып келеді.
Президент төңірегіндегі менеджерлерге Әділетті, Қауіпсіз және Таза Қазақстан құру туралы талап қойған. Бектенов үкіметі осы бір стратегиялық мақсатқа жету үшін тынбай әрекет етуі тиіс.
Жолдауды олигархат өкілдері де мұқият тыңдағаны анық.
"Өткен отыз жылдағы дүние-мүлкіңізді заңдастырам дейсіз бе? Онда Қазақстан экономикасына ақша құй! Әр теңге үшін саудаласпай, қажетті шараның бәрін өз еріктеріңізбен жасаңыздар. Мұндай кәсіпкерлердің есімі жомарт жандардың "алтын тізіміне" жазылады. Ал одан бас тартқан немесе сөзбұйдаға салған кәсіпкерлерге қатысты әңгіме қысқа болады", - деді Президент.
Бүгінгі мәлімдемеден кейін "комфорт зонадан" шыққысы жоқ кейбір олигархтардан маза қашты деседі.
Бұл туралы алдағы күні айтамыз. Бізге қосылыңыз👇
https://t.me/dalainside
👍96🤮29👏6🔥4😁3🙏2💯1
🚀 Ресей 2025 жылдан бастап Байқоңырды қаржыландыруға қиналып отыр
Роскосмос келесі жылдан бастап Байқоңыр ғарыш айлағын консервациялау туралы жабық консультациялар өткізе бастады дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Роскосмос мекемелері, әсіресе маңызды болып саналатын жер серіктерін жасайтын «Хруничев орталығы» мен зымыран құрастыратын РКЦ «Прогресс» санкцияға ұшырағалы бері, Ресейдің ғарыш ведомствосы ауыр қаржылық жағдайға душар болды. Барлық халықаралық тапсырыстар тоқтағандықтан, ал Ресей әскерилері спутниктерін Плесецк ғарыш айлағынан ұшырып жүргендіктен, Байқоңырдан Роскосмосқа шығыннан басқа ештеңе түспей отыр.
Ресей онсыз да Байқоңырда барынша қысқарып, 234 нысанды Қазақстанға қайтарып берген болатын. Өзіне тек ғарышқа зымыран ұшыратын инфрақұрылымды сақтап қалған. Бірақ оның өзін ұстап тұруға қажет шығындарды жаба алмайтыны байқалады. Ресей Федерациясы 2050 жылға дейін созылған келісім бойынша Байқоңырды жалға алғаны үшін Қазақстанға жылына 115 миллион доллардан төлеп отыруы тиіс. Биыл Ресейдегі бюджет дефициті 2 триллион рубльден асатыны болжанып отыр. Ол ішкі жалпы өнімнің 1,1 пайызы болады.
Роскосмостың жағдайы өте мүшкіл. Оған не мемлекет көмектесуі керек, немесе нарықтан қарыз алуы тиіс. Биылдан бастап Роскосмос облигация шығару құқығына ие болды. Ол Ресей Қаржы министрлігінің «мекеме нарықтан өзі қарыз алсын, біздің оған тікелей субсидия беретін жағдайымыз жоқ» ишарасын білдіреді.
Ресей кетіп қалған жағдайда, Қазақстан өз бетінше Байқоңырды тек музейге айналдыра алады. Себебі қазір біз жыл сайын ғарышқа бөліп отырған 1 миллиард теңге ештеңеге жетпейді. «Восточный» әуежайын сақтап қалып, дамытып, Байқоңырды шетелдік туристер келетін культті орынға айналдыру идеясы жаман емес. Немесе Байқоңырды кәдімгі ғарыш старты ретінде сақтап, дамыту үшін Қытай, әлде Илон Маскқа жүгіну ғана қалып отыр.
DALA INSIDE Роскосмостың 2024 жылғы қаржылық аһуалын мониторингте ұстап отырады. Бізбен бірге болыңыздар 👇

«Бюджетті қысқартқанда, Роскосмостың ең бірінші ойланатыны Байқоңыр», - дейді дереккөз. «Ал Роскосмос қазіргі соғыс жағдайында әскери бағдарламалардан басқа барлық бюджетті қысқартуға мәжбүр. Сондықтан келесі жылды Байқоңырдағы зымыран айлақтарының техникалық қамтылуы екіталай. Ресей Байқоңырды тек стратегиялық жағынан ғана сақтап қалуға тырыспаса, былайынша, қазір еш практикалық қажеті жоқ».
Ресей кетіп қалған жағдайда, Қазақстан өз бетінше Байқоңырды тек музейге айналдыра алады. Себебі қазір біз жыл сайын ғарышқа бөліп отырған 1 миллиард теңге ештеңеге жетпейді. «Восточный» әуежайын сақтап қалып, дамытып, Байқоңырды шетелдік туристер келетін культті орынға айналдыру идеясы жаман емес. Немесе Байқоңырды кәдімгі ғарыш старты ретінде сақтап, дамыту үшін Қытай, әлде Илон Маскқа жүгіну ғана қалып отыр.
DALA INSIDE Роскосмостың 2024 жылғы қаржылық аһуалын мониторингте ұстап отырады. Бізбен бірге болыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
👍139😁14👏5🔥4💯4
🤜🔥 Қарашадағы шайқас: Қазақстан баж салығы үшін Ресей мен Беларусьпен айқаспақ
Мәскеу мен Минск Қазақстанның ЕАЭС-тегі импорт пошлинасы мәселесін биыл тағы да комиссияға шығаруға деген ниетін жақтырмай отыр. 2022 жылы бұл тақырыпты Астана дұрыс көтере алмаған болатын. Енді біздің тарап есептеудің жаңа методикасын дайындап, осы методиканы Еуразиялық экономикалық комиссияда бекітіп алмақ.
Жаңа методикамен Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі айналысуда. Қазіргі үлес бойынша Еуразиялық экономикалық аймаққа импортталатын тауарлардан жиналатын баж түсімдерінен Қазақстан – 6,955%, Қырғызстан – 1,9%, Армения – 1,22%, Беларусь – 4,86%, Ресей – 85,065% алып отыр. Бірақ ол бірнеше жыл бұрынғы картинаны есепке алып қабылданған еді. Қазір жағдай өзгерді және бұл үлес пропорциялары Қазақстан үшін мүлде тиімсіз.
Еуразиялық экономикалық комиссия тәртібі бойынша соңғы екі жыл статистикасы қаралады. 2020 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 86,4 миллиард АҚШ доллар деңгейінде тұрса, 2022 жылдан бастап динамикасы күрт өсті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 140 миллиард долларға жетті, яғни, бірден 40 пайызға артқан. Оның ішінде кедендік баж салығы төленген импорт 61 миллиард долларды көрсетті. Қазақстанға келетін импорт бір жылда 20 пайызға артқан. Ал Ресейде осы кезеңде сыртқы сауда айналымы 16 пайызға қысқарған.
DALA INSIDE бұл маңызды мәселені бақылауда ұстап отыр. Бізге жазылып алыңыздар 👇

"Жаңа методика қабылданса, Қазақстан үлесі біршама өседі. Сондықтан Ресей мен Беларусь тарапы жаңа методиканы қабылдатпауға тырысары анық. Біздің делегацияның келіссөздердегі дайындығы мен мысы сол кезде белгілі болады", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Жаңа методикамен Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі айналысуда. Қазіргі үлес бойынша Еуразиялық экономикалық аймаққа импортталатын тауарлардан жиналатын баж түсімдерінен Қазақстан – 6,955%, Қырғызстан – 1,9%, Армения – 1,22%, Беларусь – 4,86%, Ресей – 85,065% алып отыр. Бірақ ол бірнеше жыл бұрынғы картинаны есепке алып қабылданған еді. Қазір жағдай өзгерді және бұл үлес пропорциялары Қазақстан үшін мүлде тиімсіз.
Еуразиялық экономикалық комиссия тәртібі бойынша соңғы екі жыл статистикасы қаралады. 2020 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 86,4 миллиард АҚШ доллар деңгейінде тұрса, 2022 жылдан бастап динамикасы күрт өсті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 140 миллиард долларға жетті, яғни, бірден 40 пайызға артқан. Оның ішінде кедендік баж салығы төленген импорт 61 миллиард долларды көрсетті. Қазақстанға келетін импорт бір жылда 20 пайызға артқан. Ал Ресейде осы кезеңде сыртқы сауда айналымы 16 пайызға қысқарған.
DALA INSIDE бұл маңызды мәселені бақылауда ұстап отыр. Бізге жазылып алыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
👍162😁9💯2🔥1
⚡️ Берлин мен Астананың жасырын одағы: қазақ мұнайы Германияның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етпек...
Германияның Бранденбургтегі мұнай өңдеу зауыты Қазақстаннан мұнай жеткізуді ұзақ мерзімге созатыны мәлім болды.
"Кәнцлер Олаф Шөлцтың Астана сапары барысында жария етілген жаңалық екі ел арасындағы энергетикалық серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашады", - деп жазады DALA INSIDE.
Бранденбург федералды аймағындағы Шведт қаласында орналасқан Petrolchemisches Kombinat Schwedt (PCK) зауыты бұрын Ресей мұнайына басыбайлы тәуелді болып, елдің солтүстік-шығысын жанармай және басқа да өнімдермен қамтамасыз еткен-ді.
Алайда, Кремльдің Украинаға басып кіруі және осыған байланысты санкциялар салдарынан, Берлин ресейлік мұнай импортына шектеу қойып, жаңа тасымал көздерін іздестіре бастады. Нәтижесінде Қазақстанмен арадағы мұнай жеткізу келісімдері маңызды рөл атқарып отыр.
Былтыр еліміз осы зауытқа 1 миллион тонна мұнай жеткізген, биыл бұл көлемді 1,4 миллион тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр. Жаңа келісімдер қазақтың "қара алтынын" 2024 жылдан кейін де үздіксіз жеткізуді көздейді.
Айта кетсек, PCK мұнай өңдеу зауытының көп бөлігі "Роснефттің" неміс жеріндегі еншілес ұйымдарына тиесілі болғанымен (54%), Берлин 2022 жылы бұлардың бақылау пакетін сенімгерлік басқаруға алған. Бұл қадам Мәскеумен байланысты тәуекелдерді азайту мақсатында жасалған болатын.
Қазір неміс шенділері Қазақстанмен Rosneft Germany арқылы қосымша келісімшартқа қол қойып жатыр. Осынау келісім мұнай тасымалын қауіпсіз ету және Rosneft Germany, PCK Schwedt, Miro және Bayernoil мұнай өңдеу зауыттарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жасалуда.
Өз кезегінде Берлин "Роснефттің" Германиядағы еншілес кәсіпорындарына жаңа қожайын іздеп жатқан жайы бар. Жаңа меншік иесі табылса, Еурокомиссия тарапынан 400 млн еуро көлемінде қомақты субсидия бөлініп, Росток портынан Шведтке дейін созылып жатқан мұнай құбыры толық жаңарады. Бұл Қазақстаннан келетін мұнай көлемін арттыруға және жеткізу процесін жеңілдетуге ықпал етпек. Алайда, әлгі ақша тек "Роснефт" меншік иесі болмаған жағдайда ғана беріледі деген шарт бар.
Қазақстаннан Германияға жеткізілетін мұнай Ресей аумағы арқылы өтеді. Мұнай тасымалы үшін қолданылатын негізгі маршрут — Ресейдегі "Дружба" мұнай құбыры.
DALA INSIDE бұл маңызды мәселені бақылауда ұстап отыр. Бізге жазылып алыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
Германияның Бранденбургтегі мұнай өңдеу зауыты Қазақстаннан мұнай жеткізуді ұзақ мерзімге созатыны мәлім болды.
"Кәнцлер Олаф Шөлцтың Астана сапары барысында жария етілген жаңалық екі ел арасындағы энергетикалық серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашады", - деп жазады DALA INSIDE.
Бранденбург федералды аймағындағы Шведт қаласында орналасқан Petrolchemisches Kombinat Schwedt (PCK) зауыты бұрын Ресей мұнайына басыбайлы тәуелді болып, елдің солтүстік-шығысын жанармай және басқа да өнімдермен қамтамасыз еткен-ді.
Алайда, Кремльдің Украинаға басып кіруі және осыған байланысты санкциялар салдарынан, Берлин ресейлік мұнай импортына шектеу қойып, жаңа тасымал көздерін іздестіре бастады. Нәтижесінде Қазақстанмен арадағы мұнай жеткізу келісімдері маңызды рөл атқарып отыр.
2023 жылдан бері PCK зауыты төмен қуатта жұмыс істеп келгенімен, Қазақстаннан келетін мұнай көлемін біртіндеп арттыру жоспары жүзеге асырылуда.
Былтыр еліміз осы зауытқа 1 миллион тонна мұнай жеткізген, биыл бұл көлемді 1,4 миллион тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр. Жаңа келісімдер қазақтың "қара алтынын" 2024 жылдан кейін де үздіксіз жеткізуді көздейді.
Айта кетсек, PCK мұнай өңдеу зауытының көп бөлігі "Роснефттің" неміс жеріндегі еншілес ұйымдарына тиесілі болғанымен (54%), Берлин 2022 жылы бұлардың бақылау пакетін сенімгерлік басқаруға алған. Бұл қадам Мәскеумен байланысты тәуекелдерді азайту мақсатында жасалған болатын.
Қазір неміс шенділері Қазақстанмен Rosneft Germany арқылы қосымша келісімшартқа қол қойып жатыр. Осынау келісім мұнай тасымалын қауіпсіз ету және Rosneft Germany, PCK Schwedt, Miro және Bayernoil мұнай өңдеу зауыттарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жасалуда.
Келіссөз нәтижесіне екі тараптың та көңілі толған тәрізді: немістерге 2025 жылдың аяғына дейін ай сайын 100 мың тонна мұнай жеткізіп тұруды мойнымызға алдық. Алдағы уақытта бұл көлемді ұлғайту мүмкіндігі де қарастырылуда.
Өз кезегінде Берлин "Роснефттің" Германиядағы еншілес кәсіпорындарына жаңа қожайын іздеп жатқан жайы бар. Жаңа меншік иесі табылса, Еурокомиссия тарапынан 400 млн еуро көлемінде қомақты субсидия бөлініп, Росток портынан Шведтке дейін созылып жатқан мұнай құбыры толық жаңарады. Бұл Қазақстаннан келетін мұнай көлемін арттыруға және жеткізу процесін жеңілдетуге ықпал етпек. Алайда, әлгі ақша тек "Роснефт" меншік иесі болмаған жағдайда ғана беріледі деген шарт бар.
Қазақстаннан Германияға жеткізілетін мұнай Ресей аумағы арқылы өтеді. Мұнай тасымалы үшін қолданылатын негізгі маршрут — Ресейдегі "Дружба" мұнай құбыры.
DALA INSIDE бұл маңызды мәселені бақылауда ұстап отыр. Бізге жазылып алыңыздар 👇
https://t.me/dalainside
👍77🔥7💯4👏3🙏3
⏳ Эгида Ш-2. Өмірзақ Естайұлының ресми қызметке оралу шансына нүкте қойылды
Кезінде Түркістан, Қостанай, Оңтүстік-Қазақстан облыстары мен Астана қаласының әкімі, Премьер-Министрдің орынбасары болған Өмірзақ Шүкеев енді мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарға оралмайды. Егер жеке бизнеспен айналысса және ол заңды болса, оған ешкім тиіспейді. Ал қоғамдық жұмыспен айналысса, саясат тақырыбынан барынша алыс жүргені абзал. Биыл 60 жасқа толған, зейнет жасына әлі үш жыл уақыты бар, күш-қуаты тасып тұрған Өмірзақ Шөкеевке қатысты «Сол жағалау» ұстанымы осындай болып отыр дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Өмірзақ Шөкеев Бердібек Сапарбаев, Иманғали Тасмағамбетовтермен бір қатарда тұрып, «Ескі Қазақстандағы» ең танымал шенеуіктің бірі болған еді. Ресми мансабын ол 2022 жылы Түркістан облысының әкімі ретінде аяқтады. Қол астына қарайтын Кентау әкімі Дәурен Мақажанов пара алып сотталғанда, заң бойынша Шөкеев отставкаға беруі тиіс болатын.
Биыл «Жаңа Қазақстан» Өмірзақ Шөкеевке Түркістан облысының құрметті азаматы атағын берді. Яғни арқадан сипап, жылы шығарып салудың қалыптасқан ишарасын жасады. Енді Естайұлы өз жұмыстарымен тыныш қана айналысып, өмірінің қалған жылдарын мағыналы да мәнді өткізіп, уақытын ұрпақтарына бағыттайтын сияқты.
«Эгида Ш» операциясы қайталанбайтын болды
2022 жылы қызық оқиға орын алған. Оңтүстік өңірде белсенділігімен көзге түсіп жүрген саяси технолог Серік Байназаров Түркістан облысында әкім болып отырған Өмірзақ Шөкеевге «Эгида Ш» деп аталатын саяси пиар жоспарын ұсынады. «Осы жоспардың арқасында әкім креслосын сақтап қаласыз» деп үгіттеп, 1 миллион доллар сұраған. Мұның алаяқтық екенін бірден сезген Өмірзақ Естайұлы құқық қорғау органдарына шағымданып, іс «саяси технологтың» 5 жылға шартты сотталуымен аяқталды.
Енді Иманғали Тасмағамбетов бір жылдан кейін ОДКБ-дағы төрағалығын басқа елдің өкіліне тапсырғаннан кейін, «Ескі Қазақстандағы» А категориялы шенеуіктердің заманы толығымен аяқталмақ. Буын алмасу процесі биліктің барлық тармақтарында жүрді.
DALA INSIDE бұл қызық тарихи процесті бақылап отырады. Бізге жазылып алыңыздар 👇

«Отставка бойынша берілген өтінішті Мемлекет басшысы қанағаттандырды деген хабар жеткенде бұл Өмірзақ Естайұлы үшін шынымен де күтпеген соққы болды. Ол бес күн бойы өз-өзіне келе алмай жүрді», - деп сыр шертеді, дереккөз.

👍97👎4👏3😱3🔥2💯1