DALA INSIDE
10.2K subscribers
412 photos
136 videos
1 file
1.17K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
Неліктен баға осындай: Яндекс Такси командасы сапарларға бағаның белгіленуі туралы фильм ұсынады

«Яндекс Такси технологиясының антологиясы: Неге баға осындай?» фильмінде сервис мамандары қарапайым тілмен сапардың құны неден тұратынын айтып, әлеуметтік желілердегі бағалар туралы ең танымал сұрақтарға жауап қатып, жолда қалай үнемдеуге болатыны туралы кеңес берді. Фильм қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Жобаны Әлішер Елікбаев дыбыстады. 

Фильм сапардың құны қалай есептелетінін, оның неліктен және қалай өсетінін, сондай-ақ неге Қазақстанның түрлі қалаларында сапардың құны бірдей қашықтыққа түрлі болатынын түсіндіреді. Сонымен бірге Яндекс Такси қызметкерлері жолаушылар мен жүргізушілердің мүддесі үшін баға мәселесінде сервистің қалай теңгеретіндігімен бөлісіп, өз тәжірибелері мен қателіктері туралы айтады.

«Жолаушылар сапар алдында сапардың бағасын көреді, бірақ оның неден тұратынын әрдайым біле бермейді. Біз осы фильм арқылы сапардың есептелу формуласы жайында ғана емес, сонымен қатар сервисте қандай технологиялар жұмыс істейтінін және олардың сапарлардың құны мен жайлылығына қалай әсер ететінін түсіндіргіміз келді. Бұған қоса такси бағаның айналасындағы кейбір танымал мифтерді жоққа шығарамыз», - деп түсіндірді Яндекс Такси басшысы Тайыр Байдүйсен.


Жобада қажет болған кезде арзан бағамен кетуге мүмкіндік беретін сервистің барлық мүмкіндіктері егжей-тегжейлі айтылады.

Фильм нейрондық желілер, ML-модельдер, Яндекс Такси алгоритмдері туралы болады. Әрине, сондай-ақ мұның бәрін ойлап табатын, жасайтын, қателесетін және сервисті жақсартатын адамдар туралы болмақ.

Фильм YouTube арнасында қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.

👉 https://youtu.be/KyeAX6-UPNM
👎13👍5
⚠️ Берденов оқиғасының себебі қарапайым тұрмыстық мәселе

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуыл - мемлекеттік институттарға бизнес тарапынан жасалған қысым емес. Қазір мемлекет осы оқиғаны сан-саққа жүгіртіп, түрлі теориялар сызып жатқан топтардың нарративін бақылап отыр.

"Қастандықтың себебі тұрмыстық мәселеге келіп тіреледі. Құрылыс болсын, букмекерлер болсын, ешбір лоббидің бұған қатысы жоқтығы анықталды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Алайда, кейбір танымал тұлғалар бұл оқиғаға қатысты шындықты бұрмалап, оған мүлде басқа мағына беруге тырысуда. Мемлекет пен бизнестің арасына сына қағу қадамдарының не мақсатпен жасалып отырғаны да айқын. Жалпы хаос жағдайында өз мүддесін іске асырғысы келіп отырған топтардың аз еместігі байқалады.

https://t.me/dalainside
👍16😱11🤮8😁1
💥 ERG көкпары: Джеймс Кэмерон аяғына дейін көрмек

АҚШ инвесторы Джеймс Кэмерон жақсы ақша ұсынса, Шодиевтер мен Машкевичтер тарапы ERG корпорациясындағы өз үлесін сатуы ғажап емес. Бұған дейін Reuters агенттігі америкалық кәсіпкер Джеймс Кэмеронның Eurasian Resources Group (ERG) компаниясын 5 миллиард долларға сатып алғысы келетіні туралы жаңалық жариялады. Сонда инвестор бүкіл ERG бизнесін 5 миллиард долларға бағалаған.

ERG біз күткендей бұл ақпаратты жоққа шығарды. Бірақ дереккөздің айтуынша шын мәнінде тараптар арасында бұл әңгіме жүрген және принципиалды позициялар анықталған.

"Бір сөзбен айтқанда, Кэмерон ERG-ді толық сатып алып, оны сирек кездесетін металдармен айналысатын компанияға айналдырғысы келген. Бірақ ең ірі акционер - Қазақстан Үкіметі өзі ұстап отырған 40% үлесті сатудан бас тартты. Себебі Қазақстан ERG корпорациясын бізде 10 мыңнан астам адамға жұмыс тауып беріп отырған іргелі әлеуметтік ойыншы ретінде пайдаланады. Ал Кэмерон бірден керек емес кәсіпорындарды жауып, адамдарды қысқартып тастар еді", - дейді, дереккөз.


Қазір ERG-ды операциялық режимде басқарып отырған Ибрагимовтер отбасы да өзінің 20,7% акциясын сатуға асықпай оиыр.

"Кэмерон егер қатты кіріссе, Шодиевтің 18,6% пакеті мен марқұм Машкевичтің 20,7% акциясын сатып ала алады. Одан Машкевичтер отбасы 1 миллиард доллар, Шодиевтер 930 миллион доллар алар еді. Бірақ Кэмеронға оның пакеті Қазақстаннан асып түсіп, басты акционер болу маңызды. Сол кезде ғана ол пәрменін жүргізе алады. Ал Машкевич пен Шодиев пакетін қоссақ, 39,3% шығады. Сол үшін Кэмерон Ибрагимовтың кем дегенде 1 пайызын сатып алуы керек", - дейді, дереккөз.


Бірақ Шухрат Ибрагимов Қазақстанмен бірлескенді көбірек қалайтынын білдіріп отыр. Егер олар альянс құрса, онда 60,7% дауыспен бәрібір өзіне қажет шешімдерді өткізіп отырмақ. Ал ол Кэмеронның жоспарына кірмеген. Сондықтан ERG-де акционер ауыспайды деген ойдамыз.

Джеймс Уильям Кэмерон АҚШ азаматы, кәсіпкер. Биыл 77 жасқа толды. ERG типтес металлургия алпауыттарының жұмысын жақсы біледі. Ұзақ жылдар бойы ол Petropavlovsk холдингінің директорлар кеңесінде болды.

https://t.me/dalainside
👍25😱1
🛢️⚔️ Картельмен соғыс. Келесі аптада Қазақстан ОПЕК+ келісімінен кетуі мүмкін

ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың сұхбатындағы «Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясындағы квота мәселесінде өзінің ұлттық мүддесін жоғары қояды» деген мәлімдемеден кейін, ОПЕК картелі Қазақстанның мұнай өндіруді баяулату бойынша Chevron, Agip, Shell, Eni сынды халықаралық алпауыттармен келісе алмағанын түсінді. Осы айдың басында Қазақстанның шектеу квоталарын сақтамағаны біраз әңгімеге ұласқан болатын.

«ОПЕК+ келісімінің алдағы мониторингтік отырысы келесі аптада, 5 мамыр күні өтеді. Біршама елдер Қазақстанның квота сақтамағанын алға тартып, қатаң шара қолдануды сұрамақ. Қазақстан үшін келісімнің өзі тарап кетіп, барлық елдер мұнай өндірісін күрт арттырады деген сценарийді жоққа шығармаймыз. Немесе Қазақстанды келісімнен шығарып тастау бойынша шешім дауысқа салынатын болады», - дейді, үкіметке жақын DALA INSIDE дереккөзі.


ОПЕК+ қандай шектеу қойса да, Қазақстан мұнай өндірісін квотаға сай шектей алмайды. Себебі бізде ең көп мұнай өндіретін ТШО (Теңіз кешені), NCOC (Қашаған), KPO (Қарашығанақ) бірлескен кәсіпорындары Қазақстанға бағынбайды.

ОПЕК өткен наурыз айына Қазақстанға тәулігіне 1,473 миллион баррель мұнай өндіру квотасын бекіткен болатын. Қазақстан оны сақтай алмай, тәулігіне 1,82 миллион баррель өндірді. Оның алдындағы айларда да квотадан асып кетіп жүрдік. Енді оның барлығын өтемақылық жоспар бойынша ретке келтіру үшін, кейбір кеніштердегі мұнайды мүлде қысып тастауға тура келеді. Ал ол технологиялық жағынан мүмкін емес. Себебі, техногендік апат болып, тіпті ондай кенішті мүлде жауып тастау ықтималдығы жоғары. ОПЕК үшін осынша материалды-техникалық құрбандыққа бару топастық болар еді.

«ОПЕК+ біздің аяғымызды жіппен байлап отыр деуге болады. Бізге бұл ұйымның пайдасы көп пе, әлде зияны көп пе, осыны әлі анықтай алмадық. Мұнай бағасының тым құлдырап кетпеуіне себеп болып отырғандықтан ғана олармен сыпайы болып келдік. Неше түрлі әдіспен уақыт созып жүргенбіз. Бірақ олар да ақымақ емес. Енді бізге мұндай мүмкіндік бермейді», - дейді, дереккөз.

Бір сөзбен айтқанда, келесі аптада Қазақстанның ОПЕК картелімен романы аяқталуы мүмкін. Бірақ одан кейін мұнай фьючерстерінің бағасы тағы да құлдырайды деген қауіп бар. Еліміз соңына дейін дипломатиялық әдістерін қолданып көреді.

https://t.me/dalainside
👍39
🏦 Турлов VS Өтемұратов: кім бірінші үлгереді?

Kaspi банктің ірі акционері, елдегі нөмірі бірінші олигарх Вячеслав Ким "Jusan bank" қаржы институтын сатып алуға толық мүмкіндік алғаннан кейін, отандық банк саласында акционерлер бәйгесі басталды. ТОП-6 тізіміне кіретін банктер өздерінен кіші банктерді қосып алып, іріленгісі келеді.

"Қазір Фридом иесі Тимур Турлов пен Forte банк қожайыны Болат Өтемұратов аясында жарыс бар. Турлов өткенде Еуразиялық банкті сатып ала жаздады. Тек Еуразиялық топ мүшесі Шухрат Ибрагимов мәмілеге қарсы болып, банк сатылмай қалды. Енді Болат Өтемұратов біздегі Home Credit банкінің Чехиядағы қожайындарына жомарт ұсыныс жасап отыр. Әзірге чехтер нақты жауап берген жоқ" - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Home Credit банкін чехиялық PPF Group қадағалайды. Еуропалық қаржы ұйымы соңғы жылдары ТМД нарығынан біртіндеп кете бастаған. Өткен жылы олар Ресейден толық кетті.

"Forte универсалды корпоративті банк болып саналады. Ол тұтынушылық жеке секторға дендеп кірген жоқ. Home Credit банкін сатып алса, онда дамыған, клиенті көп тұтынушылық кредит бизнесіне бірден иелік етпек" - дейді, дереккөз.


Home Credit банк классикалық үлгіде "біз сатылмаймыз, бұл жалған ақпарат" деген сарында ресми хабар таратып үлгерді. Ондай хабарлар клиенттер мазасызданбау үшін, депозиттер қашпас үшін стандартты түрде жасалады.

"Қазіргі әңгіме Чехияның ең бай әйелі Рената Келлнерованың шешіміне қатысты болып тұр. PPF холдингі Ренатаға қарайды. Және холдинг қазір Еуропадан тыс елдердегі активтерді сату стратегиясын ұстануда. Бірақ Home Credit банкін сатуды холдинг басындағы кейбір қаржы директорлары қолдамайды. Себебі Қазақстандағы банк мықты табыс әкелуде. Мысалы, 2024 жылғы таза пайда 40 миллиард теңгеден кем болмауы тиіс" - дейді, дереккөз.


Егер Forte Хоум жүйесін сатып алса, активтерін шамамен 5,5 триллион теңгеге жеткізіп, өзінің тұрақты төртінші орнын Freedom банкке бермей сақтап қалар еді.

https://t.me/dalainside
👍34😁4👏1
Кемел Тоқаев жау шебіне бірінші болып басып кірген

Ресей Қорғаныс министрлігі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі — гвардия сержанты Кемел Тоқаевқа қатысты марапаттау парағын құпиясыздандырып, ашық жариялады. Кемел Тоқаев 1945 жылдың қаңтарында Польшада көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

Гвардия подполковнигі Афанасий Поваровтың қолы қойылған құжатта былай делінген:

«1945 жылғы 21 қаңтарда Польшадағы Еглевец елді мекенінде немістер түн ішінде біздің позициямызға қарсы шабуыл жасады. Автоматшылар танктерін табандылықпен қорғап, кейін шабуылға шығып, немістерді кейін шегіндірді. Жолдас Тоқаев жау шебіне бірінші болып басып кіріп, автоматымен бес немісті атып өлтірді, ал біреуін жаралап, тұтқынға алды. Тұтқынды ертіп өз бөлімшесіне қайтып келе жатқанда, Тоқаев аяғынан жарықшақты оқ тиіп жараланды. Тоқаев тұтқынды атып тастап, жарасын таңып, ауырсынуға қарамастан өз танкілеріне жетіп үлгерді».
😁92👍73🤮14👎6😡4👏3🤯1😱1
🇰🇿⚠️ Байбек келе ме? Сара Алпысқызының маңына «Ескі Қазақстан» гвардиясы жинала бастады

Қазақстандағы журналистер Қаңтар оқиғасынан кейін шетелге кетіп қалған «Ескі Қазақстан» өкілдерінің Алматыға келіп-кетуін торуылдай бастады. Совмин емханасында жатқан Сара Алпысқызының жағдайын білу үшін бұрынғы истиблишменттің біраз өкілі Алматыға ат басын бұруы тиіс.

Мемлекет те өз тарапынан Сара Алпысқызымен қоштасу рәсімін пысықтауда. Алматы әкімдігіне «тиісті шараларды қазірден бастап қарастыра берсін» деген бейресми хабарлама келген.

Қазір Сара Алпысқызы 84 жаста. DALA INSIDE дереккөзі де Сара Алпысқызының денсаулығы күрт сыр бергенін растап отыр.

«Ол кісінің жағдайы соңғы екі жылда қатты нашарлады. Толық медициналық күтім жасалса да, кәріліктің аты кәрілік. Назарбаевқа қатысты түрлі алып-қашпа әңгімелер де жүректі ауыртты. Қаңтар оқиғасы жанға батты. Осының барлығы жинақтала келе ағзаға ауыр салмақ болды», - дейді, дереккөз.

Қазақстан халқының Сара Алпысқызына көзқарасы жаман емес. Ол кісі тәуелсіздіктің алғашқы 5-7 жылында ғана тұңғыш президенттің қасында болды. Бизнеске, таққа араласпады. Қайырымдылықпен айналысты. Нұрсұлтан Назарбаевпен 2005-2010 жылдар аралығында ресми ажырасып, артынан өзінің Қонақаева тегіне қайта оралды.

Сара Алпысқызы 1941 жылдың ақпанында Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол Нұрсұлтан Назарбаевпен 1962 жылы отау құрды. Бұл отбасы өмірге Дариға, Динара мен Әлия есімді үш қыз әкеліп, тәрбилеп өсірді.

Дереккөздің айтуынша, Сара Алпысқызы өмірден өткен жағдайда, Үкімет қоштасу рәсіміне мемлекеттік статус беріп, тиісті деңгейде өткізбек. Ол кісіге қазір ел басқарып олтырған көптеген тұлғалардың ілтипаты ерекше. Сара Қонақаева қазіргі таңда экс-президенттің отбасы мүшесі болып саналмайды. Сондықтан оның денсаулық жағдайына қатысты ақпарат мемлекеттік құпия емес.

https://t.me/dalainside
🤯31👍20😁2
📽️ Режиссер Ермек Тұрсыновты қаржылық жағынан тағы бір тексеріп алу ойластырыла бастады

Отбасы мүшелері Испанияның Барселона қаласында тұратын, өзі де сол жаққа көшкен режиссер Ермек Тұрсынов осы қадамын «саясиландырып» жібергендіктен, оның соңғы 5 жылда мемлекет қаржыландырған фильмдеріне аудит басталуы мүмкін. 4 жыл бұрын түсіріліп, 500 миллион теңге қаржы жұмсалып, прокатқа шықпаған «Беймойнақ» фильмінен бастап, күдік туғызған басқалары бейресми түрде бір тексерілетін болады.

«Ермек Тұрсынов барлық дерлік фильмдерін бюджеттің қаржысын пайдалану арқылы түсірді. «Келін» де, «Шал» да, басқа да туындылары бар, жеке инвестор іздеп, продюсер ретінде бір жүгірмеді. Заявка береді, бюджеттен ақша түседі, ол кино түсіреді. Ол бюджеттен ақша тартуда өзінің қалыптасқан беделін жақсы пайдаланды. Бірақ тиімділікпен мүлдем бас ауыртпады. Оның түсірген фильмдері қаржы тұрғысынан ешқашан өзін ақтаған емес. «Бәрін мемлекет төлесін» деген ұстаныммен өмір сүретін осындай «қайраткерлердің» кесірінен «Қазақфильм» өзін асырай алмайтын дотациялық, банкроттық жағдайда отыр», - дейді, аудиторлық палатаға жақын DALA INSIDE дереккөзі.


«Көп нәрсе қамауда отырған экс Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиге байланысты болып тұр», - дейді, тағы бір DALA INSIDE дереккөзі. Ол көптен бері мерзімінен ерте босап шығуға ниетті. Осы мақсатына жету жолда экс министр тергеу органдарына Ермек Тұрсыновқа қатысты тың ақпараттарды жеткізгісі келсе, тергеуде жаңа эпизодтар пайда болуы мүмкін.

«Жаңа Қазақстан» режиссердің ендігі риторикасын саралайтын болады. Конструктивті емес, деструктивті сын, «тисе терекке, тимесе бұтаққа» шашылған артық сөздер көбейсе идеологтар режиссерді бұдан әрі қорғаудан бас тартары анық. Қазір тергеу тек Тұрсыновтың серіктесіне қатысты бағытта жүруде. Бірақ бәрі тез өзгеріп кетуі мүмкін.

https://t.me/dalainside
👍44👎3😁1
Яндекс Такси серіктестері Қазақстанда құрастырылған автокөліктерді арнайышарттар бойынша сатып ала алады

"Allur" қазақстандық автокөлік компаниясы және "Yandex Qazaqstan" Яндекс Такси сервисінің серіктестерін қолдау бағдарламасын іске қосты. Серіктестер Chevrolet, Kia және JAC маркалы автокөліктерді лизингке 19%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады, сондай-ақ автомобиль құнының 10%-на дейін өтемақы ала алады. Демек, көліктер қолжетімді бола түседі және автопаркте жаңа машиналар саны артады.

Қазақстандағы өндіріс — оң көрсеткіште. Модельдер тізімінде JAC J7, Cobalt, Onix, Kia Cerato және K5 бар. Барлық жергілікті жинақтау өндірістері Allur компаниясына тиесілі.

Толығырақ — сілтеме арқылы
👍25🤮7👎4
🤜🧠 Өзін-өзі «пергілеп» жатқан қазақтың Әлиханы саяси анекдот кейіпкеріне ұқсап барады

Жақында Жоғарғы аудиторлық палата 2024 жылғы мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы баяндама жасап, ондағы жүйелік проблемаларды сын садағына алған болатын. Бірақ ондағы проблемалардың барлығы Жоғарғы аудиторлық палатаның қазіргі басшысы, 2022-2024 жылдары Үкіметті басқарып, Премьер-Министр болған Әлихан Смайыловтың тікелей мұрындық болуымен туындаған. Сондықтан аудиторлар өздерінің бірінші басшысын сынап жатыр деп есептеуге болады. Ал ол есепке палата төрағасы ретінде Әлихан Смайылов қол қояды.

«Бұл саяси садомазохизм бе, әлде өзінің үкімет басқарған уақыттағы қателіктерін мойындау ма, ол жағын әркім өзі шеше жатар. Бірақ дәл осы Әлихан Асханұлының премьерлігі тұсында ұлттық компаниялар акциясын сатып алу сынды Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттен тыс ақша тартудың күдікті схемалары ойлап табылып, қолданылған болатын. Қазақстан осының зардабын әлі ұзақ жылдар бойы тартатын болады. Созылмалы дефицит, бюджеттің басқа да жүйелік проблемаларына экс премьерлер Асқар Мамин мен Әлихан Смайылов тікелей жауапты. Олар пандемия кезінде пайда болған орасан мемлекеттік қаржы шығынын ары қарай дұрыс басқара алмады», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Әлихан Смайылов 2022 жылы «Қаңтар оқиғасы» аяқтала салсымен, сол қаңтарда Үкімет басшысы болып тағайындалды. Ол қызметінен Асханұлы 2024 жылдың басында, яғни ақпан айында кетті. 2024 жылғы бюджет параметрлерін Смайыловтың кабинеті толықтай өздері бекіткен.

«Смайыловтың үкіметі 2023 жылы бизнестен қосымша құн салығы ретінде 600 миллиард теңге қайтаруы тиіс еді. Оны істемеді. Артынан жыртықты жамау үшін олар қарыз алды. Сол кезде 2023 жылғы бюджеттің «тесігі» 1 триллион теңгеден асып кетті. Ал 2023 жылдың наурыз айында министрлер кабинеті трансфертті 800 миллиард теңгеге тағы да арттырып, дефицитті 2 триллион теңгеден асырып жіберді», - дейді дереккөз.


2024 жылы Үкімет басына келген Олжас Бектенов бәрібір тез арада ештеңе өзгерте алмайтын еді. Сондықтан 2024 жылғы бюджеттің орындалуы, оның картинасы Әлихан Смайылов сызып кеткен болжамды картинамен жүрді. Және алдын-ала бекітілген бұл есеп мүлде жарамсыз болып шықты. Сол себепті биыл Олжас Бектенов кабинеті қатаң салық реформасын жасап, бюджет кірістері мен шығыстарын толық бақылауға алуға шешім қабылдаған.

Олжас Бектеновтың бюджет пен мемлекеттік қаржы бойынша жұмысын 2025 жылғы қорытындыдан кейін бағалау керек. Ал салық реформасының алғашқы нәтижелерін біз 2026 жылдың аяғында көре бастаймыз. Сол кезде Жоғарғы аудиторлық палатаға өзінің барлық талантын көрсетуге жол ашылады.

Ал палатаның қазіргі «бес ешкіні жеп қойып ысқыруы» Астанадағы біраз адамның күлкісін келтіріп, біршама отырыстарда саяси андекдотқа айналып кетті. Бұл ұйым Палата статусына әлі тартпайтын сияқты. Сондықтан Есеп комитеті деген ескі атын қайтарып бере салған дұрыс.

https://t.me/dalainside
👍18👏3😡1
Астана қаласында жедел жәрдем қозғалысын бақылау мүмкіндігі пайда болды

Қазақстан астанасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Астана әкімдігі бірлесіп әзірлеген пилоттық жоба басталды. Енді қала тұрғындары шақырылған жедел жәрдем бригадасының қай жерде тұрғанын және оның қашан келетінін нақты уақыт режимінде көре алады.

Пайдаланушы шақыруды ресімдегеннен кейін, интерактивті картаға сілтемесі бар SMS хабарлама немесе Яндекс Go қолданбасында push-хабарлама алады. Ол көліктің тұрған жерін және болжалды келу уақытын көрсетеді. Бұл сілтемені жақындарыңызбен бөлісуге болады.

Яндекс Карты API-ден JavaScript API негізінде құрылған жүйе ақпараттандыру процесін автоматтандырады және диспетчерлерге қайталанатын қоңыраулар санын азайтуға көмектеседі. Осының арқасында ресурстарды жаңа қоңырауларды өңдеуге бағыттауға болады.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов жаңа енгізілімнің маңыздылығын былай атап өтті:

«Жедел жәрдем бригадасының қозғалысын көру мүмкіндігі — бұл технологиялардың ашықтықты қамтамасыз етуінің, қоңырау шалушылардың алаңдаушылығын азайтудың және диспетчерлерге жүктемені азайтудың мысалы».
👍34👎2
🪄 "Ұзын құрық" операциясы: Алматының ірі кландары жаңа әкімді бірден қоршауға алмақ

Алматыда ірі құрылыс жобаларын жасап жатқан алпауыт кландар жаңа әкім Дархан Сатыбалдыға кімнің кім екенін бірден білдіруге тырысты. Сатыбалдының ағалары жүргізетін құрылыс бизнесі туралы ақпараттардың телеграм арналарда бір мезетте шыққаны бар, одан кейін халықпен кездесуде "қызық" сұрақтардың қойылатыны бар, барлығы алдағы келіссөздерге дайындық сатысына ұқсайды.

"Кландардың бұған дейін әкім болған Ерболат Досаевқа тісі бата алмады. Досаев оларға көмектеспеді, бірақ қатты жолдарын да кеспеді. Бейресми статус-кво болды. Енді кландарға келесі циклдің тендерлері керек. Сол үшін олар алдымен жаңа әкімге өздерінің ықпалы мен мүмкіндіктерін білдіріп, одан кейін ғана келіссөздерге келеді. Бұл олардың сүйікті тактикасы", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Алматы - Орталық Азия бойынша бюджеті ең көп мегаполис. Сондықтан бұл жерге ең азулы деген девелоперлер жиналған. Тендерден үлкен табыс алуға болады. Олардың мұндай сигналын Дархан Сатыбалдының қалай қабылдайтыны белгісіз.

"Дархан Сатыбалдыны ағалары туралы ақпаратпен түрту абсурд. Өйткені ол бұған дейін де біршама өңірде әкім болды. Бұл мәселені ашық айтып, нүктесін қойып тастаған болатын. Кландардың басқа ілігі болмай тұрған сияқты", - дейді, дереккөз.


Дархан Сатыбалды кезінде көпбалалы отбасыдан шыққандығын, жеті ұл, бір қыз болғанын өзі ашық айтқан болатын. Әкім отбасының кішісі. Ағалары 90-шы жылдардан бастап бизнес бастаған, саудамен көтерілген кәсіпкерлер. Дархан Сатыбалдының оларға еш ықпалы да, әсері де болмаған. Керісінше олар кесір тимесін, сөз келмесін деп Сатыбалды әкім болып отырған өңірлерде мүлде жұмыс істемейді.

Демек, Сатыбалдының ағалары құрған SAT құрылыс тобы Алматы бойынша тендерлерге қатыспайды. Сондықтан кландардың бәсекелестік бойынша уайымы негізсіз. Ақпараттық соғысты абайсыз бастап қойғандар "артық қыламын деп, тыртық қылып" жіберген сияқты.

https://t.me/dalainside
👍61😁6😱2
🗡️ Мәсімовтың қылышы үшін күрес басталды

Кәрім Мәсімовтың бөлек лотқа қойып сатылатын мүйізден жасалған семсері өзге ұлттың қолында кетпеу үшін, этникалық ауқатты кәсіпкерлер осы аукционға қатысып, Мәсімовтың қылышын сатып алмақ.

«Негізі коллекцияда қылыш, семсер, тіпті катана да бар. Кәсіпкерлерді қызықтырып отырғаны - сабы мүйізден жасалған, тарихы терең, бағалы қылыш. Мәсімов ол қылышты бекер алмаған болатын. Болашақта ол сакралды мәнге ие болып, қазақтар үшін Кенесарының басы қандай маңызды болса, бұл да белгілі этникалық топ үшін сондай маңызға ие болуы мүмкін», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Қазір мүйіз сапты бұл қылыш электронды аукцион реестрінде шамамен 1,3 миллион теңгеге бағаланады. Бірақ аукцион барысында бағасы бірнеше есе өсіп кетуі ғажап емес. «Тіпті 10 миллион теңгеге өссе де, сатып алуға дайын адамдар бар» дейді, дереккөз.

Кәрім Мәсімовтың бұл қылышының энергетикалық қасиеті туралы ақпарат бар.

Дереккөз президент ретінде өз адамын қойып, өзі Қазақстанды көлеңкеден толық басқарар жоспарын ойлағанда Кәрім Мәсімов осы семсермен серттескен деген қауесеттермен бөлісті.


Енді қай кәсіпкер осы қылышқа ие болса, сол өз саласының кем дегенде монополисіне айналады пікірлер пайда бола бастады. Және семсердің өз ұлтының, этносының қарауында қалуы міндетті деген пәтуа да айтылған.

DALA INSIDE бұл аукционның барысын бақылап отырмақ. Және мүйіз семсерді қолға түсірген кәсіпкердің бизнестегі болашағы да сараланатын болады. Осы семсер отандық аукциондағы сатып алуға ниет білдірушілер саны бойынша жаңа рекорд қоюы мүмкін.

https://t.me/dalainside
😁43👍8🔥1
🇷🇺🇧🇾 Назарбаев Ресей-Беларусь одағының болашағын шеше алмады

Назарбаев пен Путиннің соңғы бейресии жеке кездесуінде Қазақстанның Ресей-Беларусь одағына қосылу мәселесі де талқыланған. Дәлірек айтсақ бұл сұрақты Путин қойған, ал Назарбаев "билік менде емес қой" деп жауап берген. DALA INSIDE дереккөзі Путиннің ақсақалдан біраз геосаяси кеңес сұрағанын хабарлайды.

"Тоқаев пен Си арасындағы байланыс сөз болды. Путинді Си мырзаның Тоқаевты қаншалықты деңгейде қолдайтыны өте қатты қызықтырады. Бұл оның алдағы біршама маневрлар кезінде Си факторын ескеру керек пе, жоқ па деген сұрағына жауап іздеген түрі болуы мүмкін. Себебі Кремль Қазақстандағы тұңғыш АЭС таңдауы Си Цзиньпиннің пайдасына шешілді деген сигнал алып отыр. Мәскеу Қытайға тікелей қарсы шыға алмайды. Сондықтан ішкі қыжыл бар болса да, бұл шешімді жария түрде қабылдайды", - дейді DALA INSIDE дереккөзі.


Осы айда Астанада өтетін "Қытай-Орталық Азия" саммитінде CNNC корпорациясы мен ҚР Атом энергетикасы Агенттігі арасында ғасыр келісіміне қол қойылуы мүмкін. Егер ол жүзеге асса, онда Балқаш жағасында Қытайдың меншікті ұлттық ядролық жобасы - HPR-1000 реакторлары бой көтеретін болады.

Путин Назарбаевті араға жарты жыл салып екінші рет қабылдап отыр. Оның алдындағы жеке бейресми кездесу 2024 жылдың желтоқсанында, Нова-Огарево резиденциясында өткен еді. Жалпы бұл кездесулерде Назарбаев Путинге Қазақстандағы ішкі саяси ахуалды, кланаралық тартыстар барысын, кімнің не істеп жүргенін баяндап отыратын сияқты. Бастысы мұндай әрекеттер еліміздің мемлекеттік қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуі тиіс.

Себебі Назарбаев мемлекеттік құпияны ұстаушы тұлға. Ол кімнің кім, ненің не екенін Қазақстандағы кез-келген адамнан анағұрлым жақсы біледі.

https://t.me/dalainside
👍46🤯16😁9🔥7😡5
💸Депозитке 15 000 АҚШ долларына дейін 100% бонус алыңыз

🔥XM өздерінің 15 жылдығына орай ерекше акция бастады:
4 апта – 4 мүмкіндік. Депозитке 15.000 долларға дейін бонус. Бұрынғыдан да көп табыс табуға дайынсыз ба?


🚀XM — әлемдік деңгейдегі трейдинг платформасы:
▪️ 1000+ сауда құралы;
▪️ Жылдам ақша енгізу/шығару;
▪️ Тегін онлайн дәрістер;
▪️ Миллиондаған пайдаланушы.


📈Тіркеліңіз де, сауданы бастаңыз. Ал ХМ сіздің депозитіңізді екі есе арттырады👉 СІЛТЕМЕ
#15YearsXM #15YearAnniversaryPromo #TradeMoreGetMore #XM #XMGlobalPromo
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🛩️ «Қарлығаш D12»: Қазақстан дрон державасына айналуды көздеп отыр

Қазақстан Ресей-Украина соғысының тәжірибесіне сүйеніп, өзін өте тиімді жағынан көрсеткен дрон типтерін саралау жұмысын бастап кетті. Тиімді, арзан және құрастыруы технологиялық жағынан оңай дрондарды жақын болашақта конвейерге қою көзделген.

«Паутина» операциясынан кейін дрондардың соғыс келбетін өзгерткеніне әскерилердің толық көзі жетті. Көлемі үлкен, бағасы удай қымбат стратегиялық бомбылаушы ұшақтарды құны 100 долларлық шағын дрондар қиратып жатқан картина үлкен держава мен шағын мемлекет арасындағы паритетке үлкен түзету енгізіп отыр. Аспанға бір мезетте миллион дрон жібере алатын шағын мемлекет кез-келген қарсыласқа қиындық туғызады. Біздікілер өз шансын енді түсінді», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Енді Қазақстан танк, ауыр артиллерия мен снарядтарға ғана иек арта бермей, қаржыландырудың көлемді бөлігін дрондарды құрастыру мен сатып алуға бағыттайтын болады. Дереккөздің айтуынша, дрон құрастыратын өндіріс Қытайға жақын аумақта орналасуы тиіс. Бұл қосалқы бөлшектердің логистикасы мен қауіпсіздік жағынан өте дұрыс шешім.

«Бұған дейін Қорғаныс министрлігіндегі ресейшіл басшылық саналы түрде дрондардың соғыстағы маңызын төмендетіп келген еді. Осының кесірінен Қазақстан алтын уақытын жоғалтып алды. Мүмкін қарсыласқа қарсы тұру үшін біздің арсеналымызда алғашқы уақытта 200 мыңдай арзан дрон болуы тиіс. Конвейерлі зауыт ашылса, осы мәселені 1-2 жылда түзетуге болады. Болашақта кемінде 5 миллион дрон ұстап отырсақ, бізге агрессия жасар алдында кез-келген мемлекет ойланады немесе біздің осы дрондарымызды диверсия арқылы құртуға тырысады», - дейді, дереккөз.


Бұл ретте Қытаймен технологиялық кооперация аса қажет екені түсінікті. Сол себепті Қытаймен тығыз жұмыс істеген «Қазпошта» компаниясының басшысы Әсел Жанасова Ақордаға алдырылды. Қорғаныс министрі ауысты. Дереккөз енді талантты инженерлер, программистер, жасанды интеллект пен радиоэлектронды режим мамандары бір жерге шоғырландырыла бастайтынын айтады.

Қазақстандық әскери FPV дрондардың алғашқы типі «Қарлығаш» деп аталуы мүмкін. Ол толық автономды болады деп күтіуде. Яғни радиоэлектронды күрес қатты дамыған заманда ешқандай байланысқа иек артпай, борттағы жасанды интеллект көмегімен өз бетінше шешім қабылдап, жаудың әскери техникасы, нысандары мен солдаттарын жоя алатын қабілетке ие болуы тиіс.

https://t.me/dalainside
👍145🔥20💯7😁2
🇰🇿🏦 Ұлттық банк азаматтардың 2,5 млрд теңгесін сақтап қалды

Ұлттық банктің Антифрод-орталығы ашылғалы бері 2,5 млрд теңге алаяқтардың қолына түспеді. Айта кету керек, бұл орталық өткен жылы банктер, құқық қорғау органдары мен байланыс операторларының басын біріктіріп құрылған болатын. Орталық осы уақыт ішінде 60 мыңнан астам инцидент тіркеді.

Кибер алаяқтықта жиі кездесетін жағдайлар – бұл телефон арқылы жасалатын алаяқтық (22%), жалған инвестициялық ұсыныстар және «дропперлік» карталар арқылы жасалатын операциялар (19%).


Ұлттық Банк жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы алаяқтық схемаларды болжау мүмкіндігін дамытуды жалғастырып жатыр.

Сонымен қатар, антифрод орталығы Бас прокуратура мен байланыс операторларының деректер базаларымен интеграцияланады. Айта кету керек, қазіргі уақытта Антифрод-орталығына 200-ден астам ұйым қосылған.

https://t.me/dalainside
👍33
💰 Amanat олигархтары. Депутаттың бизнес қабілеті Антикорды да қызықтырды

Amanat партиясы депутатының фирмасы Атырау облысында 141 тендерді жеңіп алып, 15 миллиард теңгеге мемлекеттік келісімшарттар алған. Мәжіліс депутаты болып отырған Әділ Жұбанов құрылтайшы болып табылатын «БатысАльянсСтрой» компаниясы 2016 жылдан бері Атырау аумағында сұмдық белсенділік танытуда. Келісімшарттардың басым бөлігі Атырау облысындағы қала құрылыс басқармасы мен түрлі аудандық әкімдіктермен жасалған. Қазіргі таңда фирманы есім-сойы мен әкесінің аты сәйкес келетін Жанабай Жұбанов басқарып отыр.

"Әрине, Мәжіліс депутатының өзі бизнес басқара алмайды. Жақын туысына беріп қояды. Бірақ тұтастай алғанда бәрібір оның беделі, таныстығы, сөзі бизнестің жүруінде үлкен рөл ойнайды. Қазір Антикор депутаттардың бизнесін, жүріс-тұрысын бір көзімен бақылап отыр. Әділ Жұбанов ерекше мониторингке әлдеқашан ілінген", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Болашақта Мәжіліс депутаттарының бизнесіне аудит жүруі мүмкін. Қазір мұндай идея Үкімет қабырғасында бейресми талқылануда. Себебі, Парламент қабырғасында жүрген халық "қалаулыларының" басым бөлігінің артында бизнес бар. Бірер жыл бұрын, депутаттардың жалақысының өсуіне мораторий жарияланғаны есте. Бірақ жалақымен күн көріп жүрген бір де бір депутат байқалмайды.

Әсіресе Amanat партиясының депутаттары билікке жақындығын алыс өңірлерде тыныш монетизациялап жатқаны туралы аз айтылып жүрген жоқ. Енді кешенді тексеріс басталуы мүмкін.

https://t.me/dalainside
🔥30👍23😱5😁3👏1
🏠 Қазақстан «ипотекалық скандал» алдында тұр

Мемлекет өзі байқамай коммерциялық ипотекалық нарықты өлтіріп ала жаздады. Енді кінәлілерді жазалау процесі басталуы мүмкін. «Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өз шешімінен өзі шошып кетті», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

«Ипотека ЖТСМ-ындағы алтыбақан ҚНРДА төрайымы Мәдина Әбілқасымованың ең сәтсіз кейсі болайын деп тұр. Бұған дейін қаржы нарығын реттеу агенттігі еш уақытта дәл бұлай өз шешімін тез өзгертпеген болатын. Агенттіктің өз ішінде қазір эмоционалды толқулар жүруде. Кезінде бұл норманы модельдеп, дәлелдеп қорғаған қызметкерлер, яғни бас мамандар мен эксперттер таяқ жеп жатыр», - дейді, дереккөз.


Әңгіме екінші деңгейлі банктер ипотекасының жылдық тиімді мөлшерлемесін 20 пайыз деңгейімен шектеуге қатысты болып отыр. ҚНРДА осы норманы енгізіп, ол ереже 16-шы маусымнан бастап заңды күшіне енуі тиіс еді. Банктер өз қарсылығын ашық білдірмесе де, «техникалық жұмыстар» деген желеумен ипотека беруді мүлде тоқтата салды. Ал мемлекет банктерді коммерциялық ипотека беруге мәжбүрлей алмайды. Сондықтан агенттік шошып кетті де, норманың өз күшіне енуін қараша айына дейін шегеріп қойды.

«ҚНРДА ипотекадағы жылдық тиімді мөлшерлемені шектеуді ақырындап ұмыттырып, жалпы бұл норманы алып тастайтын сияқты. Себебі банктер «20 пайызбен ипотека беру бізге қызық емес» деген сыңай танытуда. Бұл шантаж да болуы мүмкін. Ондай болса банктер мемлекетті қалпақпен оңай қағып алды деп айтуға болады», - дейді, дереккөз.



Банктер ипотекадан бір күнде кетіп қалса, онда бұл нарықта тек мемлекеттік «Отбасы банк» қана қалады. Ал бұл ҚНРДА-ның жалпы қаржы нарығын дамыту, бәсекелестікті арттыру бойынша стратегиясына қайшы нәрсе. Сонда агенттік өзі дамытуы тиіс қаржы нарығын өлтіріп алуы ғажап емес.

Банктер биылғы жылдың бірінші тоқсанында 390 миллиард теңгеге ипотека берген. Базалық ставканың жоғары болуынан коммерциялық ипотека пайыздары қымбат болып тұр. Сондықтан кез-келген адам мақұлдау ала бермейді. Ол үшін борышкердің табысы жоғары, басқа кредиттері аз болуы тиіс. Ал жалпы нарықта берілген және төленіп жатқан ипотеканың жалпы сомасы 6,7 триллион теңгеге жетіп отыр. Бұл фундаменталды потолокқа жақындап қалғанымызды білдіреді.

Фундаменталды потолок деген не? Кредит алған 9 миллион қазақстандықтың 24 триллион теңге кредиті бар. Оның 6,7 триллион теңгесі ипотека. Отандастарымыздың табысы күрт артпаған жағдайда, олар қазіргі ипотеканың үстінен тағы ипотека қосып ала алмайды. Алдыңғысын жабуы тиіс. Сондықтан ипотека портфелі шамамен 8 триллиондық шекпен тоқтайды деген болжам бар.

https://t.me/dalainside
🔥7😁5🤯4👏2
🤜 «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының басшылығы келесі аптада «таяқ» жемек

2024 жылы Қазақстанға тікелей инвестиция тарту минусқа кіріп кетіп, оның таза ағыны минус 2,55 миллиард долларды көрсеткен. Бұл соңғы 30 жылда болмаған ең нашар және масқара көрсеткіш. Қазақстан инвестиция бойынша бүкіл Орталық Азия аумағының аутсайдеріне айналып отыр. Тіпті дәстүрлі аутсайдер Тәжікстан 291 миллион доллар инвестиция тартып, Қазақстаннан 10 есе озып кеткен. Ал Өзбекстан тікелей шетелдік инвестицияның таза ағынында Қазақстаннан жүз есе озып кетіп, 2,8 миллиард доллар тарта білген.

«Ақорда кабинеттерінде тікелей инвестицияға жауапты «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы бір жыл бойы не бітірді?» деген заңды сұрақ қойылды. Компанияның бүкіл топ-менеджменті және басқарма төрағасы Ержан Елекеевтің жұмыс нәтижесіне өте нашар баға беріліп отыр. Кадрлық шешімдер жақын арада жариялануы тиіс», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Өз кезегінде «Kazakh Invest» былтыр негізгі капиталға салынған инвестициялардың Орталық Азия бойынша бізде ең көп болғанын айтып ақталуда. Ол көрсеткіш 41 миллиард доллардан асқан. Сонымен бірге, компания инвестицияның баяғыдай шикізаттық бағыттан кетіп, сапалы бағыттарға, әсіресе химия, металлургия, инфрақұрылымға келіп жатқандығын алға тартады.

«Негізі Қазақинвестты көп шырылдатпаса да болады», - дейді, дереккөз. Оның айтуынша, бұл ұлттық компания тек кішкентай және орташа инвесторлармен өз платформасында жұмыс істейді. Және елге келіп жатқан ірі инвестицияларда Қазақинвесттың еш әсері жоқ. 2023 жылғы рекордты инвестициялар шикізатқа қатысты болды. Мысалы, Теңізшевройлдың Теңіз кенішін кеңейту жобасы үлкен рөл ойнады. Ондай кездерде Қазақинвестпен ешкім ақылдаспайды да. Ірі тұлғалар өзара кездесіп, мәселені шеше салады. Жалпы, «Kazakh Invest» бар болса да, жоқ болса бізге келген, келмеген инвестицияларда оның ешқандай әсері жоқ.

«Kazakh Invest деген барда жалаңаш билеп тұрған қыз сияқты. Барға келген адам вискиге тапсырыс бере ме, бермей ме, оны билеп тұрған қыз емес, адамның қалтасындағы ақша көлемі, жалпы көңіл-күйі, ниеті шешеді ғой. Сол сияқты Қазақинвест пен инвестицияның арасында ешқандай байланыс жоқ», - дейді, дереккөз.


Іші бос, еш пайдасы жоқ, не істеп не қойып жүргенін білмейтін мұндай ұйымға акционерлік қоғам және ұлттық компания статусы тым артық сияқты. Сондықтан болашақта ол кішірейіп, ұлттық статусынан айрылып, ЖШС формасындағы шағын фирма болып қалуы мүмкін. Келесі аптада бір өзгеріс болары хақ.

https://t.me/dalainside
🤯15😁10😡4💯3👎1