DALA INSIDE
10.2K subscribers
412 photos
136 videos
1 file
1.17K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
Терең өңдеу саласын дамыту: «Әділет» партиясы Президенттің стратегиялық бағдарын толық қолдайды

«Әділет» партиясының Төрағасы Айбек Дәдебай партияның Іскерлік кеңесі алаңында тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарының басшыларымен, мемлекеттік органдардың және салалық қауымдастықтардың өкілдерімен кездесті.

Іргелі іс-шара барысында саланы дамыту, отандық кәсіпорындарға қолдау көрсету, жаңа өндіріс орындарын ашу, шикізатты терең өңдеу, инженерлік кадрлар даярлау сынды өзекті мәселелер талқыланды.

«Әділет» партиясының Төрағасы Айбек Дәдебайдың айтуынша, саланың әлеуеті ең алдымен ел экономикасын дамыту жолында қызмет етуге тиіс.

«Бұл – тек экономикалық мәселе емес. Бұл – әділдік мәселесі. Жер байлығы халықтың әл-ауқатына айналуға тиіс. Сондықтан «Әділет» партиясы терең өңдеу ісін дамытуға, жаңа өндіріс орындарын ашуға және жоғары деңгейде өңделген өнім көлемін ұлғайтуға бағытталған Президенттің стратегиялық бағдарын толық қолдайды», – деді Айбек Дәдебай.

Партия Төрағасы кездесуді қорытындылай келе бүгінде саланы дамыту мәселесін талқылап қана қоймай, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету аса маңызды екенін атап өтті.

«Бүгін нақты әрі шын мәнінде аса маңызды өте көп ұсыныс айтылды. Олардың әрқайсысы жан-жақты қаралып, жүйеленіп, Іскерлік кеңестің алдағы жұмысының бір бөлігіне айналады. Біздің міндетіміз – бизнес пен мемлекет арасындағы диалогтың күн сайын жалғасуын қамтамасыз ету», – деді Айбек Дәдебай.


Кездесу қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы тау-кен металлургия саласын дамытуға арналған бірыңғай бастамалар топтамасын әзірлейді.

«Әділет» партиясы қызметімен ресми аккаунттарында толық таныса аласыздар:
https://t.me/adilet_partiyasy

https://www.instagram.com/adilet_partiyasy?igsh=MWhhZTVxcmEzd3F5Zw==

https://www.facebook.com/profile.php?id=61590547897892
😁16👍7🤮5
🇺🇲💥🇮🇷 Қазақстан АҚШ-Иран соғысы нақты аяқталса ғана Шахид-Раджаи портына ақша салмақ

Әзірге 15 гектар жерді алып қойды. Ол бос жер. Ешқандай бағалы зат жоқ. Сондықтан АҚШ әскерилерінің порт маңындағы Бендер-Аббастағы нысандарды бомбылауы Қазақстанға ешқандай шығын әкелмеген.

Қазақстан мен Иран өткен айда Шахид-Раджаи портында қазақстандық көлік-логистикалық терминал салу туралы BOT-келісімге қол қойған.

BOT - Build-Operate-Transfer, яғни Қазақстан терминалды
салады, пайдаланады, 27 жылдан кейін Иран тарапына тапсырады. 27 жылдың 2 жылы құрылысқа, 25 жылы пайдалануға арналған.


Қазақстан онда астық терминалы мен контейнерлік инфрақұрылым салмақ. Ресми деректер ашық көрсетпесе де, Қазақстан тарапы құрылысқа шамамен 25 миллион доллар қаржы құятыны бойынша біршама ақпарат жүрді.

Осы арқылы қазақ бидайы Парсы шығанағы мен Африкада тікелей логистика көмегімен сәл арзанырақ сатыла алады. Бұл Украина мен Ресей сынды бәсекелестерден әсіресе Африкада озып кетуге мүмкіндік бермек.
Шахид-Раджаи Ормуз бұғазы маңындағы Иранның ең ірі теңіз порты болып саналады.

https://t.me/dalainside
👍40
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысында цифрландыру және байланыс инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, бұл бағытты ел дамуының маңызды басымдығы ретінде айқындады. Мемлекет басшысы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің экономика, қоғамдық қауіпсіздік және мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы рөлін ерекше атап өтті.

Бұл міндеттер өңірлерде де жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Абай облысында телекоммуникациялық инфрақұрылым дамытылып, ауылдар жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылып, қоғамдық қауіпсіздікке жасанды интеллект енгізіліп, цифрлық білім беру ортасы қалыптастырылуда.

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен цифрландыру мәселелеріне арналған жиын өтті. Онда елді мекендерді сапалы интернетпен қамту, автомобиль жолдары бойындағы байланыс инфрақұрылымын дамыту, Алакөл жағалауындағы мобильді байланысты жақсарту, жасанды интеллект технологияларын енгізу және қоғамдық қауіпсіздікті цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы баяндады.

Абай облысында 326 елді мекен бар. Оның 322-сі ауылдық елді мекен болса, бүгінде 260 ауыл сымды және мобильді интернетке қол жеткізген. «Қазақтелеком» АҚ-мен жасалған инвестициялық келісім аясында облыстағы 178 ауылды талшықты-оптикалық және спутниктік байланыспен қамтамасыз ету жұмысы басталды. Жалпы ұзындығы 2 352,1 шақырым талшықты-оптикалық желі тарту жоспарланған. Жыл соңына дейін 86 ауылды жаңа байланыс желісіне қосу көзделіп отыр.
👍16👎7
🤺 Нұрдәулет Джеки Чан. Әкім шеше алмаған су проблемасын актер шеше ала ма?

Ақтауға әлемдік кино жұлдызы Джеки Чан келген еді, жергілікті тұрғындар оған ауыз су мәселесін шешіп беруді сұрап жаза бастады. Осыдан бірнеше ай бұрын Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірде су тапшылығы болмайтынын мәлімдеген. Бірақ дәл қазір Ақтаудың кейбір тұрғындары суды түнгі сағат үште күтіп, бір жарым сағаттың ішінде ыдыстарына жинап алуға мәжбүр. Сондықтан қағаз жүзінде бар, бірақ Ақтаудағы пәтердегі кранда жоқ ауыз су Құрылтай сайлауы алдында жағымсыз әрі үлкен проблеманың бетін ашайын деп тұр.

Осыдан үш күн бұрын Kazinform Ақтауда ауызсу мәселесінің қайта ушығып кеткенін жазған еді. Қала тұрғындарының айтуынша, кейбір шағынаудандарда су тәулік бойы берілмейді. Жоғарғы қабаттарда тұратын азаматтар суды тек түнгі сағат 3:00 мен 4:30 аралығында жинап үлгеруге тырысады.

Облыстық Су ресурстары және ирригация басқармасы қазіргі проблема су тапшылығынан емес, тозығы жеткен инженерлік желілерден туындағанын мәлімдеді. Ресми дерек бойынша, Ақтаудағы су құбырларының шамамен 80 пайызы ескірген. Қалада 500 шақырымға жуық су желісін жаңарту қажет. Оны толық қалпына келтіруге кемінде үш жыл керек.

Ақтауда теңіз бар, су тұщытатын зауыттар бар, өндірілген су көлемі жеткілікті, бірақ тұрғынның кранында су жоқ. Өйткені, суды өндіру мәселенің жартысы ғана. Оны ысырап етпей, қажетті қысыммен әр үйге жеткізу керек. Ал Ақтаудың құбырлары бұған дайын болмай шықты.

Маңғыстаудың су мәселесі аяқ астынан пайда болған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі ахуалды бірнеше рет ашық сынап келді. Президент Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте Ақтау қаласындағы су құбыры желілерінің 77 пайызы тозғанын айтқан. Соның салдарынан өндірілген судың 16 пайызы тұтынушыға жетпей ысырап болады. Кәріз желілерінің тозуы да шамамен 76 пайызға жеткен. Президент сол кезде өңірдегі тәуліктік су тапшылығы 23 мың текше метр екенін де атап өткен. МАЭК-тің су тұщыту қуаты әсіресе жаз айларында қажеттілікті толық өтей алмаған. Үш қала мен орталықтандырылған су жүйесіне қосылған 59 елді мекенге су кестемен берілген. "Су тапшылығы – әкімдердің жұмысындағы нағыз олқылық", - деп қатаң ескерткен еді, Мемлекет басшысы.


Нұрдәулет Қилыбай әкім болып келгеннен кейін су өндіру қуатын арттыру бағытындағы бірнеше жобаны жеделдетуге тырысты. Бірақ ол фокусты дұрыс қоймаған сияқты. Себебі, бар күш пен қаржы көбіне суды өндіру, яғни тұщыту зауыттары мен магистралды желілерге салынды. Ал қалаішілік инфрақұрылым, яғни сол бар суды кранға жеткілікті қысыммен жеткізу ісі кешеуілдеп қалды. Осы кезде "ана жерде су бар, бірақ ол сенің пәтерінде жоқ" деген парадоксты жағдай орын алды. Ал халыққа су тұщытатын кезекті зауытта кесілген қызыл лента емес, үйде судың ағып тұруы маңызды екенін ескерсек, әкімдіктен жауап ала алмаған тұрғындардың Бозжыраға кино түсіруге келген Джеки Чанға шағымдана бастауы түсінікті.

Джеки Чан су құбырын жаңалауға емес, кино түсіруге келді. Бірақ оған қатысты бұл күлкілі жағдай Маңғыстау әкімдігіндегі жауапты тұлғалардың оянуына сеп болса, онда актердің де әлеуметтік ықпалы тиейін деп тұр. Бозжырада түсірілген экшн киноны көріп, Швейцариядан келген турист Ақтаудағы отельде су болмай, душқа түсе алмай, туалеттің суын ағыза алмай отырса, нағыз экшн сонда болады.

https://t.me/dalainside
👍29
🇰🇿💴 Орталық Азияда жаһандық капиталды тартудың бәсекесі күшейіп келеді

Қазір аймақтағы әр мемлекет инвесторларға жаңа мүмкіндіктер, табиғи ресурстар, арзан жұмыс күші мен қолайлы географиялық орналасу ұсынуға тырысуда. Алайда экономиканың ауқымы, нарықтың сыйымдылығы және институционалдық дамуы жағынан Қазақстан әзірге өңірдегі басты инвестициялық орталық болып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға жұмыс сапары қарсаңында All China Review басылымында Қазақстанның экономикалық артықшылықтарына арналған мақала жарияланды.

Шетелдік басылым еліміздің қазіргі жетістіктеріне тоқталып, Қазақстан экономикасының халықаралық инвесторларды не себепті барған сайын көбірек қызықтырып отырғанын саралаған. Қазақстанның бірінші әрі басты артықшылығы – экономиканың көлемі. Бүгінде Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі экономика ғана емес, сонымен бірге сатып алу қабілеті, өндірістік әлеуеті және капиталды игеру мүмкіндігі жоғары ең ауқымды нарық саналады. Ел экономикасының көлемі жалпы ішкі өнімі 147,1 млрд доллар шамасындағы Өзбекстаннан екі еседен де артық. Өңірдегі өзге мемлекеттермен салыстырғанда алшақтық одан да айқын көрінеді. Түрікменстан экономикасының көлемі 77,4 млрд доллар, Қырғызстанда – 21,6 млрд доллар, ал Тәжікстанда 17,5 млрд доллар деңгейінде бағаланады.

Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көрсеткіші де Қазақстан экономикасының сапалық басымдығын аңғартады. Қазақстанда бұл көрсеткіш шамамен 15 мың долларға жетсе, Түрікменстанда – 11,6 мың доллар, Өзбекстанда – 3,8 мың доллар, Қырғызстанда – 3 мың доллар, ал Тәжікстанда 1,7 мың доллар шамасында. Бұл айырмашылық тек экономиканың үлкендігін ғана білдірмейді. Ол Қазақстандағы еңбек өнімділігінің, өндірілетін қосылған құнның және халықтың тұтынушылық мүмкіндігінің өңірдегі көптеген мемлекеттен жоғары екенін көрсетеді.

Инвестор үшін нарықтың көлемімен қатар, оның сапасы мен төлем қабілеті де шешуші рөл атқарады. Қазақстанның екінші маңызды артықшылығы – елде капитал тартудың және ірі жобаларды жүзеге асырудың ұзақ жылдар бойы қалыптасқан тәжірибесі бар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та тұрақты әрі болжамды бизнес ортасын қалыптастырудың маңызын бірнеше рет атап өтті.


Мемлекет жүргізіп отырған инвестициялық саясат реттеудің ашықтығын күшейтуге, меншік құқығын қорғауға және инвесторларға ұзақ мерзімге жоспар құруға мүмкіндік беретін жағдай жасауға бағытталған.

https://t.me/dalainside
👍31👎2🤮1
📌 Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы «Әділет» партиясының Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын партиялық тізімін тіркеді.

Енді партия ресми түрде сайлауға қатысады және еліміздің жаңа заң шығарушы органындағы орындар үшін таласа алады.

Тізімге 186 кандидат кірді. Олардың арасында заңгерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет және қоғамдық сала өкілдері бар. Кандидаттардың орташа жасы – 45 жас.


«Әділет» партиясы ұсынған кандидаттар тізімі сапалы әрі теңгерімді жасақталған. Оның құрамында мемлекеттік басқару, заң шығару, кәсіпкерлік, өндіріс, энергетика, білім, ғылым, медиа және құқық қорғау салаларында тәжірибе жинақтаған мамандар бар. Парламенттік тәжірибесі бар кандидаттар мен жаңа буын өкілдерінің үйлесуі тізімнің кәсіби әлеуетін арттырады. Өңірлік, гендерлік және этникалық құрамның кеңінен қамтылуы партиялық тізімнің қоғамның түрлі топтарының мүддесін білдіруге қабілетті екенін көрсетеді.

Партияны Айбек Дәдебай басқарады. «Әділет» партиясы сайлауға заң үстемдігі, әділдік пен жауапкершілік қағидаттарына негізделген бағдарламасымен қатысады. Бағдарламаның негізгі басымдықтары арасында цифрландыруды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, мемлекеттік басқарудың тиімділігін күшейтіп, азаматтардың өмірін жақсарту сияқты бағыттар бар.

👉 Толығырақ
😁17👍8🤮7🔥3
Құрылтай сайлауы: «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы ашылды.

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша үгіт-насихат кезеңі басталды. Осыған орай «Әділет» партиясы Республикалық штабын ашып, сайлауға қалай қатысатындарын мәлімдеді. Партияның көздеп отырған жұмысы өте ауқымды көрінеді.

Партия төрағасы Айбек Дәдебайдың айтуынша, сайлауалды науқан аясында партия республика бойынша 21 мыңнан астам іс-шара өткізеді. Жиындарға Құрылтай депутаттығына ұсынылған кандидаттар, 30 мыңға жуық сенімді өкіл мен өңірлік штабтардың мүшелері қатысады.

«Бүгін – 23 шілдеде сайлау бойынша үгіт-насихат жұмыстары ресми түрде басталды. «ӘDILET» партиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының реформаларын, еліміздің алдында тұрған зор мақсат-міндеттерді жүзеге асыру жолында барлық күш-жігерін жұмсайды», – деді Айбек Дәдебай.

👉 толығырақ
😁14👎8👍7🤮4
Шын тектілер ту көтерді

Осы аптада «Тектілер ту көтереді» республикалық БАҚ өкілдері арасындағы байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. Бұл байқаудың идеясы «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Нұркен Асановқа тиесілі.

Бірлестіктің құрылғанына 5 жыл толды. Осы айтулы датаға орайластырылған байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 50-ге жуық баспа, интернет-басылым, радио және телеарна журналистері қатысып, ұлттық тәрбие, қоғамдық сана, ортақ жауапкершілік, рухани мұра және азаматтық ұстаным тақырыптарындағы шығармаларын ұсынды. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен төрт негізгі номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

Ұйымдастырушы Нұркен Асановтың айуынша, қоғамдық ұйым құрудағы негізгі мақсат – қоғамды сөзбен емес, нақты іспен өзгерту. Осы бес жыл ішінде жүзеге асқан мыңдаған бастама бір ғана идеяға – азаматтық сананы күшейтіп, елдік жауапкершілікті арттыруға бағытталды.

"Саналы қоғам – сапалы мемлекет болары ақиқат. Соңғы бес жыл ішінде «Сенімен Болашақ» қазақ қоғамында шама-шарқынша орасан еңбектер атқарды. Қазір амалы-төкпелі заманда өмір кешудеміз. Дүниенің тоқсаннан астам елінде үлкенді-кішілі қақтығыстар мен қан төгістер орын алуда. Ел Президентінің салиқалы саясатының арқасында аспанымыз ашық, ұйқымыз тыныш. Бірақ бағаламағанға бақ, қадірлемегенге құт қонбайды. Осы бейбіт заманды пайдалана отырып, сеніміне, нанымына, ұлты мен нәсіліне қарамастан, адами құндылықтарды ту етіп, ұлттық құндылығымызды тұғырына отырғызуға ел болып жұмыла еңбек етуіміз керек. Елге, ел мүддесіне жаны ашитын азаматтық қоғам қалыптастыруға сіз болып, біз болып қызмет етуіміз шарт", – деді Нұркен Асанов.

Ал мақсатқа жетудің ең тиімді жолы – ағартушылық. Ол тек мұғалімнің немесе ғалымның міндеті емес, қоғамға ықпал ететін әрбір мамандықтың, соның ішінде журналистиканың да басты миссиясы. Сондықтан дәстүрлі түрде өтіп тұратын байқау ағартушылық құндылығын қоғам санасына бекітуде маңызды рөл ойнайды.

"Біздердің "Сенімен Болашақ" азаматтық қоғам өкілдері ретінде негізгі міндетіміз халыққа, қоғамға қызмет ету болса, БАҚ өкілдерінің де міндеті осы қоғамға, ақпарат алаңындағы ағартушылық арқылы елдік мүддеге қызмет болып табылады. Яғни бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы. Ал елдік қызмет, қоғамға жақсылық ойлау мен әділеттілікті ту еткен журналистерді де бағалау, құрметтеу әрбір азаматтық қоғамның міндеті болса керек", - деп түйіндеді, Нұркен Асанов.
👍17💯4👎1😁1🤮1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жасанды интеллект пен дрондар шоуы: «Әділет» партиясы Түркістан халқына ерекше көңіл күй сыйлады

Бүгін Түркістандағы кештің сәні бөлек болды.

Әуелі ашық аспан астында концерт өтіп, оның соңы көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлаған дрондар шоуына ұласты. Мұндай көріністі Түркістан жұртшылығы күнде көре бермейді. Жүздеген дрон бір мезетте көкке көтеріліп, Қазақстан картасын, Мемлекеттік ту, Тайқазан, қыран бейнесін және өзге де ұлттық нышандарды әуеде бейнеледі. Көздің жауын алған көрініс көптің көңілінен шықты.

Шоудың ең әсерлі тұсы – көрерменнің ықыласы болды. Балалар жарқыраған бейнелерден көз алмай, бір-біріне көрсетіп мәз болса, ересектер ерекше сәтті телефон камерасына түсіруге асықты. Әр жаңа композиция аяқталған сайын алаң ду қол шапалаққа бөленді.

Осылайша бүгінгі кеш көпшіліктің көңілінде ұзақ сақталатын әсерлі сәтпен қорытындыланды.
👍31🤮12👎5👏1😁1😢1
Әр облыс жас мамандардың ипотекасына 1 млрд теңге бөлу керек– «Әділет» теледебатта тың ұсыныс айтты

Бүгін саяси партиялардың ұлттық теледебатында әр партияның өкіліне екі сұрақ қойылды. Соның бірі – ауылдағы дәрігер мен мұғалім тапшылығын жою үшін партиялар не істейді? «Әділет» партиясының атынан барған кандидат Ренат Бектұров партия атынан да, өз атынан да мынандай нақты мәселелерді айтты:

Біріншіден, «Дипломмен ауылға» сияқты жас мамандарды қолдайтын бағдарламаларды МОНОҚАЛАЛАРҒА да енгізу керек.

Екіншіден, ауылға барған жас мамандарды қолдауға бөлінетін қаржыны сақтап қалу.

Үшіншіден, әр облыс сол аймаққа баратын жас мамандарға ипотека беру үшін млрд теңге бөлуі тиіс.

«Жас мамандарды тарту оңай, ұстап қалу маңызды. Жас мамандар аймаққа бала-шағасымен барғаннан кейін, сол балаларына жақсы білім бергісі келеді, денсаулық сақтау жүйесінің дұрыс болғанын қалайды. Сондықтан, біздің партияның сайлауалды бағдарламасының үшінші бағыты «Мықты өңірлер - мықты ел» деп аталады. Өңірлер мен қалалар арасындағы теңсіздікті азайту керек», - деді Бектұров.


Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
😁13👍12👎10🤮1
🟣 Wildberries Қазақстанға көшу нұсқасын стратегиялық жабық жиналыста талқылаған

Маркетплейстің басқарушы компаниясы - ООО "РВБ" Қазақстанға көшкен "inDrive" схемасын зерттей бастады дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Wildberries үшін Қазақстандағы қатысуын тек қойма жалдаумен шектемей, корпоративтік құрылымын да біздің юрисдикцияға жақындату мүмкіндігі өте қажет болып тұр. Әңгіме Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы редомициляция немесе соған ұқсас корпоративтік көшу туралы болған сияқты.

Осы схеманы іске асырса, Вайлдберрис халықаралық құрылымын сақтай отырып, басқару орталығының бір бөлігін Қазақстанға ауыстырады. Демек жергілікті инфрақұрылымға сүйенеді және санкциялық әрі логистикалық тәуекелдерін азайтады. Қазақстан бұған дейін Ресейден көшкен бірқатар технологиялық компанияларды осы схемамен қабылдаған болатын Ал АХҚО шетелдік компанияларға заңды тұлға мәртебесін, активтері мен міндеттемелерін сақтай отырып, юрисдикциясын ауыстыруға мүмкіндік береді.

"Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін компания шамамен 10% сақтау қуатынан айырылып, Қазақстаннан балама қойма алаңдарын іздей бастады. Онымен қатар, маркетплейс Қазақстанда онсыз да ауқымды логистикалық база құрып жатыр. Астанада көлемі 160 мың шаршы метр болатын, құны 47,7 млрд теңгелік хаб салынуда. Оның іске қосылуы 2027 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. Алматыда тағы 103 мың шаршы метрлік орталық ашу жоспары бар. Логикаға сай, Қазақстан Wildberries үшін тек өткізу нарығы емес, Ресейден тыс тауар ағынын қайта бөлетін қауіпсіз логистикалық плацдармға айналуы мүмкін", - дейді, дереккөз.


Келген инсайд бойынша, әзірге нақты шешім қабылданбаған. Қосымша зерттеу және бұл сценарийді іске асыруға қажет қаржылық инвестицияларды, заңдық тәуекелдерді есептеу қажет деп танылған.

РВБ тобының 2025 жылғы жалпы тауар айналымы - GMV 6,1 трлн рубльден асты. Бұл 2024 жылғы 4,1 трлн рубльмен салыстырғанда 49%-ға көп. Топтың таза пайдасы 104 млрд рубльден 175 млрд рубльге өскен. Инфрақұрылымға, IT мен жаңа жобаларға салынған инвестиция көлемі 310 млрд рубльден асқан.

Бірақ 2026 жылғы балансында үлкен проблемалар пайда болатыны анық. Биыл маркетплейстің таза пайда көрсету мүмкіндігіне қатысты үлкен сұрақтар бар. DALA INSIDE бұл мәселені қадағалап отырмақ.

https://t.me/dalainside
😡36👍11🔥2
💸 Қазақстанның мемлекеттік қарызында сыртқы борыш қысқарып, ішкі нарықтың рөлі арта бастады

Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,5 трлн теңгені құрады. Жыл басында бұл көрсеткіш 36,4 трлн теңге болған, яғни өсім шамамен 2 трлн теңге немесе 5,7%-ды көрсетті.

Бірақ бұл өсімнің негізгі бөлігі сыртқы қарыз есебінен емес, ішкі міндеттемелердің артуынан қалыптасты. Мемлекеттің ішкі қарызы жыл басындағы 26,14 трлн теңгеден 28,47 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл ішкі нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздар арқылы қаржыландыру көлемінің артқанын білдіреді.

Ал сыртқы мемлекеттік қарыз керісінше қысқарды. 2026 жылдың басынан бері сыртқы міндеттемелер көлемі 3,9%-ға азайып, 8,35 трлн теңгені құрады. Оның ішінде еурооблигациялар көлемі 5,01 трлн теңгеден 4,81 трлн теңгеге дейін төмендеді.

"Бұл үрдіс бірнеше маңызды факторды көрсетеді. Біріншіден, Қазақстан сыртқы валютадағы қарызға тәуелділікті біртіндеп азайтып келеді. Мемлекеттік борыштың ішкі көздер арқылы қалыптасуы валюталық тәуекелдерді төмендетеді. Себебі сыртқы қарыз көбіне доллар немесе басқа валюталарда алынады, ал оны өтеу бюджетке қосымша қысым түсіруі мүмкін. Екіншіден, ішкі қарыз нарығының дамуы экономиканың қаржы жүйесі үшін қалыпты тәжірибе. Көптеген дамыған мемлекеттер бюджет тапшылығын негізінен ішкі облигациялар шығару арқылы қаржыландырады. Бұл жағдайда негізгі кредиторлар ретінде ішкі инвесторлар, банктер, зейнетақы қорлары және қаржы ұйымдары жақсы дамиды", - дейді, DALA INSIDE арнасына жағдайды түсіндірген Үкіметтегі инсайдер.


Қазақстанның мемлекеттік қарызының жалпы деңгейі экономиканың көлемімен салыстырғанда әлі де басқарылатын деңгейде қалып отыр. Негізгі мәселе қарыз көлемінде ғана емес, оны қандай мақсатқа жұмсап жатқанына байланысты. Егер тартылған қаражат инфрақұрылымға, өндіріс пен экономикалық өсімге бағытталса, ол болашақ табысты арттыра алады.

Сонымен бірге ішкі қарыздың жылдам өсуі де бақылауды қажет етеді. Себебі мемлекеттік бағалы қағаздар көлемінің артуы пайыздық шығындарды көбейтеді және бюджетке қызмет көрсету жүктемесін ұлғайтуы мүмкін.

Сонда жалпы картина мынадай. Қазақстанның мемлекеттік қарызы номиналды түрде өскенімен, оның құрылымында сыртқы борыштың қысқаруы байқалады. Бұл елдің халықаралық валюта нарықтарына тәуелділігін төмендететін және қаржылық тұрақтылық тұрғысынан оң фактор. Енді Үкімет ішкі қарыздың өсуін экономикалық қайтарымы жоғары жобалармен байланыстырғысы келеді. Ол уақытылы қолға алынып отырған бастама.

https://t.me/dalainside
👍40🤮2😁1
«Әділет» тағы да көш бастады: екінші теледебаттың қорытындысы

«Әділет» партиясы көрермендердің онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша саяси партиялардың теледебатында кезекті рет жеңіске жетті.

«Жетінші арнадағы» дебаттардың қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы көрермендердің 45,48% дауысын жинады. Екінші орынды 15,58%-бен «Ауыл» партиясы иеленсе, үшінші орынға 12,01%-бен Respublica партиясы жайғасты.

Қалған орындар төмендегідей бөлінді:

• ОСДП — 9,71%;
• «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы — 7,98%;
• Қазақстан халық партиясы — 6,96%;
• «Байтақ» партиясы — 1,58%.
👎34😁22👍12🤮6
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

Бұл туралы партия төрағасы Айбек Дәдебай Шымкент қаласында өткен «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының «Заң және тәртіп» бағытының таныстырылымында мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы уақытта қоғамда халқымыздың мәдениеті мен дәстүріне жат ұстанымдарды таңуға бағытталған әрекеттер қайта байқала бастады.

«Осы тұста Әділет партиясының ұстанымын білдіремін: Қазақстан – зайырлы мемлекет. Біз жаңа Конституцияны қабылдадық. Бұдан былай оны мемлекет те, қоғам да қорғауы және құрметтеуі де тиіс. Жаңа Конституциямызда «Заң мен тәртіп» қағидаты нақты бекітілген. Ешқандай діни догма Конституция мен еліміздің заңнамасынан жоғары тұра алмайды. Біз кемсітушілікке, қоғамның жіктелуіне және жастар санасын улауға әкелетін архаикалық және радикалды түсіндірмелерді қоғамға таңуға жол бермейміз. Мемлекет дәстүрлі отбасылық құндылықтарды, әйелдердің қадір-қасиетін және мәдениет еркіндігін дәйекті түрде қорғауы тиіс. Бұл – өмірде де, интернеттегі посттарға да бірдей қатысты. Жаңа Конституцияның талаптарын бұзуға ешкімнің құқығы жоқ. Конституциялық нормалар мен қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған кез келген әрекеттер бірден тиісті құқықтық бағасын алуы тиіс. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға бірдей және бұлтартпай сақталуы керек», – деді өз сөзінде.


Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
👎29👍17😁7🤮3
🚀 Киев КТК-ны Patriot-қа алмастыру операциясын сәтті жүзеге асырғанға ұқсайды

Жабық есік жағдайындағы соңғы отырыстан кейін, Украина бұдан былай Каспий құбыр консорциумының (КТК) инфрақұрылымына тиіспеуге түпкілікті гарантиясын толық растаған. Дәл сол кезде Patriot әуе қорғанысы жүйесі бойынша келіссөздер алға жылжып, Вашингтон Киевке аса қажет болып тұрған компоненттерді бірнеше партиямен беруге келіскені туралы ақпарат пайда болды. Осы аптада Украина Қара теңіздегі танкерлерге рұқсат беру алгоритмін пысықтап, іске қоспақ. Сонда қазақ мұнайын тасымалдау қауіпсіз бола түседі.

Оның алдында Қазақстан билігінің қолдауымен Вашингтондағы Chevron мен ExxonMobil бастаған алпауыт мұнай лоббиі Капитолийдің Киевке кезекті қатаң демарш жасауына ықпал еткен болатын. Киев жабық каналдар арқылы әңгіменің ауаны Patriot жүйесіне тіреліп тұрғанын ыммен түсіндірген еді.


Мұнай лоббиі ол бойынша да мәселені шешкенге ұқсайды. Себебі, Таяу Шығысқа көбірек беріліп жатқан PAC-3 пакеттерінің соңғы траншының жүрісі баяулап қалды. Киевке бірер пакет қазір жеткізіліп, ал түпкілікті қорытындысында лицензиялық өндіріс бойынша мәселе шешілетін сияқты.

КТК Қазақстан мұнай экспортының негізгі артериясы және әлемдік нарықтағы шамамен 2% мұнай ағынына жауап береді. Шілдедегі дрон шабуылдары мен қауіпсіздік мәселелерінен КТК арқылы тиеу көлемі 20%-дан астам төмендеп, Қазақстан мұнай өндірісін қысқартуға мәжбүр болған еді. Еліміз бекітілген жоспарлы мұнайдың 8,9 пайызын өндіре алмады. Былтырғы жылдың басында КТК-ның Кропоткинская станциясына кемінде жеті дрон соққы жасады. Ал күзінде дрондар Новороссийск маңындағы теңіз терминалындағы айлақ құрылғысын істен шығарды. Қазақстан осыдан кейін Киевтен мұндай шабуылдарды тоқтатуды талап еткен еді. Бірақ Украина оған құлақ асқан жоқ. Ал биылдан бастап Қазақстан өзі емес, алпауыт мұнай лоббиін Вашингтон арқылы сөйлететін тактикаға көшкен. Ол өз жемісін берді.

Қазіргі таңда Киевті Ресейдің Циркон мен Искандер сынды баллистикалық зымырандарынан тек Patriot жүйесі қорғай алады. Оның зымырандарды атып түсіретін оқтұмсықтары таусылды. АҚШ-тың фокусы Иранға ауып кетті де, оқтұмсықтардың жаңа партиясын дереу жеткізе қоймады. Ал Ресейдің соңғы соққысынан Украинаның ешбір баллистикалық зымыранды қағып түсіре алмағаны байқалды.

Украина гарантия бергендіктен Қазақстан өзінің мұнай экспорты бойынша биылғы жоспарын мүмкіндігінше орындауға тырысатын болады. Оған 4 ай уақыт бар. Енді танкерлер қозғалысы жиілеуі тиіс.

DALA INSIDE КТК-ның ендігі болашағын қадағалап отырады. Бірге бақылайық👇

https://t.me/dalainside
👍32
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мәди Мырзағараев: Әділетсіздікке нүкте қоямыз

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны аясында Jibek Joly телеарнасында командалық теледебат аяқталды.

Пікірталасқа «Әділет» партиясының атынан ҚР Құрылтай депутаттығына кандидаттар Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев қатысты. Дебаттың негізгі тақырыбы – «Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі».

Теледебаттың бірінші кезеңінде Мәди Мырзағараев заң үстемдігі, сот пен құқық қорғау жүйесінің тәуелсіздігі, мемлекеттік органдардың ашықтығы және азаматтардың қауіпсіздігі жөніндегі партияның ұстанымын таныстырды.

Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
👍128👎23😁17💯11🔥4
⛽️ Қашаған дауы Вашингтонға жетті. ExxonMobil Қазақстаннан қорғануда Конгресс лоббиін қоса бастағанға ұқсайды

Қашаған төңірегіндегі миллиардтаған долларлық дау енді халықаралық арбитраж шеңберінен шығып, Вашингтондағы саяси деңгейге көтеріліп барады. DALA INSIDE дереккөзі NCOC-дің америкалық акционері ExxonMobil корпорациясының Қазақстан билігінің үстінен Ақ үйге шағымданып, өзінің ықпал арналарын іске қоса бастағанын ескертеді.

Оған себеп жеткілікті. ICIJ жариялаған жаңа тергеуде Қазақстан Қашағанды игеру кезінде жасалған жалпы сомасы 10,7 млрд доллар болатын келісімшарттарға күмән келтіріп отырғаны айтылды. Астана кейбір контрактілерде баға қолдан көтерілген, мүдделер қақтығысы болған және жемқорлық тәуекелі бар деп есептейді. Бұл талап Қашаған бойынша Қазақстан қойып отырған шамамен 160 млрд доллар көлеміндегі үлкен арбитраждық даудың бір бөлігі.

Мәселенің өзегі қарапайым. Қашағандағы PSA моделі бойынша инвесторлар әуелі жұмсаған шығынын мұнай есебінен қайтарып алады. Шығын неғұрлым көп болса, Қазақстанның толыққанды табысқа шығуы соғұрлым кешігеді. Сондықтан Астана қазір ондаған жыл бұрын жазылған миллиардтаған долларлық шығынның қаншасы шын мәнінде негізді болғанын қайта тексеріп жатыр.

"ExxonMobil үшін бұл өте ауыр прецедент. Оның үстіне америкалық компания Қашағанды одан әрі кеңейтуге ондаған миллиард доллар инвестиция салуға дайын екенін білдірген, бірақ мұны қазіргі даулардың шешілуімен байланыстырып отыр. Яғни бір жағынан Қазақстан өткен шығындар үшін есеп сұрайды, екінші жағынан ExxonMobil болашақ инвестицияны келіссөз құралы ретінде ұстап отыр", - дейді, дереккөз.


Chevron мен ExxonMobil бұған дейін КТК мәселесінде АҚШ билігінің саяси ресурсымен жұмыс істей алатынын көрсетті. Енді дәл сондай механизм Қашаған бойынша да іске қосылып жатқанға ұқсайды. Алайда Қазақстан бұл жолы позициясын қатайтып отыр. NCOC-қа экологиялық талаптар бойынша бірнеше миллиард долларлық санкциялар қойылды, активтеріне шектеу салынды, ал негізгі дау халықаралық арбитражда жалғасуда.

Астана енді бұрынғы ойын ережесін түгел қайта қарауда. Егер Қазақстан Қашағандағы миллиардтаған долларлық шығындардың бір бөлігін заңсыз немесе негізсіз деп дәлелдей алса, бұл тек өтемақы мәселесі болмайды. Бұл Қашағаннан түсетін болашақ табыстың бөліну моделін де өзгертуі мүмкін. Сондықтан ExxonMobil-дың Вашингтонды іске қосуы бекер емес.

Қашаған үшін негізгі шайқас енді Атырау облысынан Вашингтон округына ауысты. DALA INSIDE бұл тартыстың қалай өрбитінін бақыламақ👇

https://t.me/dalainside
👏29👍8🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Болашақты бірге құрамыз»: «Әділет сөзі» жобасында ел тұрғындары не айтты?

«Әділдік деген не?» деген қарапайым сауалға әр қазақстандық өзінше жауап берді. «Әділет» партиясы ұйымдастырған ашық микрофонда жиналған пікірлердің басты лейтмотиві - адалдық, жаңа технологиялар және әлеуметтік теңдік болды.

Ален Бейсенбеков:

«Біз әділ қоғамда өмір сүруге лайықтымыз, ол үшін ең алдымен өзімізге адал болуымыз керек. Менің арманымдағы Қазақстан - жасанды интеллект дамыған, IT саласы озық, тіпті аэротаксиі бар заманауи мемлекет».


Махаббат Мусина:

«Ата-анам кішкентайымнан "сенімді ақта, әр ісіңе адал бол әрі жауапкершіліктен қорықпа" деп үйретті. Мен үшін әділдік осы қарапайым қағидалардан тұрады».


Қатысушылар ел дамуын білім сапасы, тұрақты жалақы, лайықты зейнетақы және әр азаматтың жеке жауапкершілігімен байланыстырады.
👍28😁19👎11🔥7
🚜 Қазақстан калий импортына тәуелділіктен арылуға шешуші қадам жасады

Қазақстан агрохимиядағы ең осал тұсын жабуға кірісті. Елде азот пен фосфор тыңайтқыштары өндірілгенімен, калийдің 100%-ы әлі күнге дейін импортталады. Қазіргі ішкі қажеттілік жылына шамамен 14 мың тонна болып отыр.

Бірақ парадокс мынада. Қазақстанның өзінде 6,6 млрд тоннадан астам расталған калий тұзының қоры бар. Негізгі база Сәтимола, Шалқар және Жилян кен орындары болып табылады. Яғни ондаған жыл бойы өз жерімізде жатқан стратегиялық шикізатты сырттан сатып алып келгенбіз.

Енді осы дисбаланс жойылғалы тұр. Батыс Қазақстандағы Сәтимола кен орнында Qazaq Kalium ірі тау-кен байыту кешенін салып жатыр. Жобаға шамамен $2,4 млрд инвестиция қарастырылған, өндірістің басталуы 2028 жылдың басына жоспарланған.


Қазақстан калий өндірісін жолға қойса, азот–фосфор–калий деген ауыл шаруашылығының негізгі «химиялық үштігін» түгел өз ішінде өндіруге мүмкіндік алады. Әсіресе қуаңшылық пен топырақтың тұздануы күшейген жағдайда калий егіннің климаттық стресс пен ауруларға төзімділігі үшін стратегиялық маңызға ие.

Оның үстіне ішкі нарықтың өзі тез өсіп келеді. Ауыл шаруашылығында қолданылатын минералды тыңайтқыш көлемі 2023 жылғы 679 мың тоннадан 2026 жылы жоспарланған 2,3 млн тоннаға дейін ұлғаймақ.

Ең қызығы Қазақстанға тек өзін қамтамасыз ету жеткіліксіз болуы мүмкін. Сәтимола секілді қорлар толық игерілсе, ел калий импорттаушыдан экспорттаушыға айналып, Қытай мен басқа да ірі аграрлық нарықтарға шығуға мүмкіндік алады. Осылайша, бізде бұрыннан бар 6,6 млрд тонна шикізат енді экономикалық активке айналғалы тұр.

Қазақстанның калийге импорттық тәуелділігі әзірге аяқталған жоқ. Бірақ оны түбегейлі жоятын өндірістік база қазір салынып жатыр. 2028 жылдан бастап агрохимиядағы соңғы импорттық «ақтаңдақтың» жабылуына нақты мүмкіндік бар.

https://t.me/dalainside
👍38