DALA INSIDE
10.1K subscribers
412 photos
136 videos
1 file
1.17K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
Назарбаевтың әпкесі контрабандамен айналысқан ба?

Қаржы мониторингі агенттігі тарапынан контрабандаға қатысты күдікке алынған Group of the Companies TDА тобының директоры, Egov порталының мәліметінше, 41 жастағы Әли Клышпаев болып шыққанын @kozachkow арнасы жазады. Фирма Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында тіркелген. Бірақ ең қызығы Клышпаевтың серіктесінің аты-жөні. Логистикалық қызмет көрсететін компанияның екінші құрылтайшысы – Елбасының әпкесі Назарбаева Әнипа Әбішқызы. Оның компаниясының директоры контрабанда жасады деген күдікке ілінген.

@kozachkow @dalainside
👍4
Украинада соғысып жүрген Адайлар.
Қай жерінде, қай облыста жүргені белгісіз. Тек осындай фото ғана бар әзірге. Толық ақпарат болса толықтырып жазамын.

Оңғар Қабден, https://www.facebook.com/100008177013860/posts/3276181745997694/
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Путин Жириновскиймен қоштасты.

Бір түйткіл бар. Жириновский өткенде "Ресей бәрін жеңеді. Жеңбесе мен өле қалайын" деп мәлімдеген. Енді өле қалды.
Осы сөзі "Жириновский қарғысы" ретінде тарихта қалмақ.
Сүйініш Әбділдин «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына басшы болып тағайындалды.
Оны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдад Мусин ұжымның алдында таныстырды. Ол бұған дейін осы ұжымда басшының бірінші орынбасары қызметін атқарған еді.

@dalainside
Украиндықтардың 91%-ы енді орыстарды бауырлас халық деп санамайды. Сонымен қатар, украиндықтар ресейліктермен достық қарым-қатынасты қалпына келтіру мүмкіндігін өте қиын деп отыр.

@uniannet
Құлайды деген еді, бірақ...

🏘Қазақстанда баспана бағасы күрт өсті.
🔹️Жаңа тұрғын үй наурыз айында ақпанмен салыстырғанда бірден 5,5%-ға артып, шаршы метріне 408,95 мың теңгені құрады.
🔹️Қайталама нарықтағы жылжымайтын мүлік бір айда 4,6%-ға қымбаттап, шаршы метрі 451,3 мың теңгеге жетті.
🔹️Аренда да өсті. Бір айда жалға алу құны 3,5%-ға артып, шаршы метріне 3,5 мың теңгені құрады

@dalainside
👍1
Украинадағы Краматорсктағы теміржол вокзалында пойыз күтіп тұрған адамдарға ракета құлап, бірден 30 бейбіт тұрғын қаза тапты. Осы қылмысты кім істеді?

Ресей Украина дейді, Украина Ресей дейді. Бірақ ракета қазір Ресей бақылап тұрған Шахтинсктен ұшқаны белгілі болды. Егер Ресей кінәсі дәлелденсе, онда Путиннің үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
@dalainside @uniannet @nextalive
🚙 Мегаполис әкімі Ерболат Досаев Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл автокөліктер шығаратын отандық зауытта болды. «Астана Моторс» еншілес кәсіпорны қаланың Индустриялық аймағында орналасқан.
Ағымдағы жылы кәсіпорын толық қуатына шығып, жылына 45 мың автокөлік шығаруды жоспарлап отыр. Hyundai Tucson моделінің ұсақ түйінді өндірісі іске қосылды. Енді екі модель – Accent және Tucson – дәнекерлеу және бояу әдісімен шығарылады.
2022 жылы өндірілген автокөліктердің 26%-ын экспортқа жіберу жоспарланып отыр – 10 мыңы – Өзбекстанға, 1,5 мыңы – Беларусь пен Қырғызстанға.
Сапар аясында Astana Group компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов әкімге автокомпоненттер шығаратын болашақ зауыттың жобасын таныстырды.
Сонымен қатар автокөлік шығаратын тағы бір зауыт салу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ шанақ бөлшектерінің қалыптама өндірісін құру туралы халықаралық әріптестермен келіссөздер жүргізілуде. Кәсіпорын өндірістің жергіліктенуін арттыруға ниетті.
https://dalanews.kz/del-qazir/74910-almaty-akimi-erbolat-dosaevqa-avtoko
👍3
Forwarded from Dauletten
❗️Солтүстік Қазақстан облысындағы төрт мектепке Үкімет қаулысымен – Әлихан Бөкейхан, Смағұл Сәдуақасов, Ахмет Байтұрсынұлы және Қажымұқан Мұңайтпасов есімдері берілді.👍🏻

Бұған дейін Нұр-Сұлтандағы білім ошақтарына Дінмұхамед Қонаев, Қошке Кемеңгерұлы, Өзбекәлі Жәнібеков, Кемел Ақышев, Фариза Оңғарсынова, Роза Бағланова есімдері берілген еді.

Dauletten
Слования Украинаға С-300 әуе қорғанысы жүйесін берді. Енді Ресей әскери ұшақтары үшін жағдай қиындамақ

@uniannet @dalainside
Доллардың құны түсіп кетті. Не істеу керек? Доллар сатып алған дұрыс па? Әлде доллар тағы түсе ме?

Осы сұрақ бәрімізді мазалап жүргені рас. Әсіресе үйін сатып жіберіп, ақшаны долларға айырбастасам ба екен деп отырған, немесе ірі ақшаны долларда ұстап отырған адамдардың көңілі күпті болып отыр.
Қазір теңгеге 2 фактор дем беруде.
Біріншісі - мұнай бағасы. Brent фьючерстері бүгін биржада барреліне 100 доллар бағамен сатылды. Ол біздің бюджеттің "баррель - 60 доллар" көрсеткішімен қай есептелуіне септесті және есеп балансын жағымды сальдода ұстап отыруға мүмкіндік ашты. Сомалай алсақ, біздің экспортымыздың ақшалай көлемі импорттан асады, сондықтан теңгеге айтарлықтай сырттан қысым жоқ.
Екінші фактор - рубль. Рубль соңғы 5 күнде долларға шаққанда қатты күшейді. Бірақ оның ешқандай нарықтық негізі жоқ және рубль сонысымен өте қауіпті валюта болып отыр.
Рубль неге күшейді? Ресей үкіметі долларды ішкі нарықтан алып тастады. Бір сөзбен айтқанда, рубльдің тез және тұрақты нығаюының негізгі себебі импорттың төмендеуі және шетел валютасын сатып алуға қатаң шектеулер кезінде экспорттың өскенінен болып отыр. Оларда ақпан айының соңынан бастап экспорттаушылардың валюталық түсімнің 80 пайызын сатуға міндеттелді. Осы кезде шетелдік инвесторларды биржадан кетірді де, халықтың қолма-қол доллар сатып алуына тыйым салынды. Нәтижесінде Ресейде валютаға сұраныс жоқ.
Бірақ бұл, қолдан жасалған нарық екенін, көп ұзамай рубльдің құлайтынын сарапшылар біліп отыр. Егер рубль құласа, онда теңге де біршама позициясын жоғалтары анық.
Сондықтан, біз теңгенің қатты күшейе бермей, ақыры 460-480 курсына оралатынына сенімдіміз. Доллар қазір 447 теңге болып тұрса, онда долларды осы кезде сатып алғаннан еш ұтылмайсыз.

@dalainside
👍4
ҚНРДА ресейлік Альфа-банк пен Сбербанктің Қазақстандағы еншілес банктерінің де санкцияға ілінуіне қатысты шұғыл мәлімдеме жасады.

"Бұл екі банктің клиенттеріне АҚШ долларымен төлемдермен және аударымдармен операциялар қолжетімсіз болады. Бұл ретте клиенттер ұлттық валютадағы банкішілік операцияларды қандай да болмасын шектеусіз жүзеге асыра алады.

Атап айтқанда, Альфа-Банкке қатысты енгізілген санкциялар бірқатар уақытша шектеулерге әкелді. Банк жеке және заңды тұлғалар үшін АҚШ долларындағы және еуродағы аударымдарды тоқтата тұрды. Бұдан басқа, жеке және заңды тұлғалар үшін банкоматтар мен POS терминалдардың меншікті желісінен тыс Visa және MasterCard карталарының жұмысы тоқтатыла тұрды. Альфа-Банк уақытша жеке және заңды тұлғалар үшін қолма-қол ақша алуға және аударым жасауға лимиттер енгізді, кредиттер беруді тоқтатты. Альфа-Банкті қоспағанда, басқа банктердің карталарымен заңды тұлғалар үшін POS-терминалдардағы төлемдерді қабылдау тоқтатылды.

Бұл ретте клиенттер банкоматтардан қолма-қол ақша алып, жедел төлем жүйесіне (ЖТЖ-не)  қатысушы банктерге телефон нөмірі бойынша мобильдік қосымшадағы ақшаны теңгемен және тәуліктік лимит шегінде басқа банктерге шот деректемелерін аудара алады. Коммуналдық қызметтер, ұялы байланыс және басқа да қызметтер үшін төлемдер тәуліктік лимит шеңберінде штаттық режимде өтеді.

Жалпы алғанда, Ресейдің еншілес банктері клиенттер алдындағы міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындайды, оның ішінде салымдарға, кредиттерге қызмет көрсету, сондай-ақ ақша қаражатын қабылдау және беру. Бұл банктер депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылады, бұл азаматтар қаражатының сақталуына кепілдік береді." - делінген, мәлімдемеде.

Бізді Альфаға қарағанда Сбербанк көбірек алаңдатады. Ол құласа, қалай зардап шегетінімізді кешке жариялайтын боламыз.

@dalainside
👍3❤1
Forwarded from Dauletten
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🌊Тартылып жатқан Каспий теңізі. Биіктіктен түсірілген көрінісі.

Ақтаулық белсенді Азамат Сәрсенбаев Каспий теңізінің тартыла бастаған жағалауын көрсетті. Блогердің айтуынша теңіз тұрғындардың көз алдында ғайып болып бара жатқанын айтады.

Dauletten
Алматылықтар Tanuki, Manana, Dragonfly, Bluecat ресторандарына бойкот жариялауда. Осы ресторандардың иесі - Ресей азаматы Александр Орлов. Ол таяуда сұхбат беріп, "Қазақтар жұмыс істей алмайды. Мен жұмысшыларды сырттан алып келемін" - деген болатын.
Бұл ретте "жұмыс істей алмайтын қазақтардың еліне келіп, қалайша табыс тауып отыр?" деген сұрақ туындайды. Оның ресторандарына басқа елден келген клиенттер бара берсін, ал алматылықтар бармайтын болды

@dalainside
👍21
Forwarded from BAQ.kz
🇰🇿Жарайсың, Геннадий!

Құттықтаймыз!

@baq_kz
🔥7