🇹🇷🤜🇷🇺 Путинді емген Ердоған. Тұранбасының ойындары Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?
Қазақстан болашақта өзінің басты транзиттік бағыттарын Ресейден (Қара теңізден) Каспийге ауыстыратын болады. Бұл ретте Республиканың Түркия/Әзірбайжан тандеміне артып отырған үміті зор. Шын айту керек, сыртқы саудада біз қазір Ресейге қалай тәуелдіміз, дәл солай Түркияға тәуелді боламыз. Ол қалайша?
Транскаспий жобасы аты айтып тұрғандай, Каспий теңізі арқылы өтеді де, Еуропаға шығу үшін екі тармаққа бөлінеді.
Бірінші тармақ - Грузияға кетеді. Одан Қара теңізге шығып (Грузия порты арқылы), Румынияға жетеді.
Екінші тармақ - Түркияға кетеді. Дәл қазір ол, Әзірбайжан мен Түркия арасында транспорттық коридордың жоқтығынан Грузия аумағы арқылы өтуде. Әзірбайжан Түркиямен Нахичеван автономиясы арқылы шектеседі. Бірақ Нахичеван мен қалған Әзірбайжан арасында құрлықтық байланыс жоқ. Екі ортаны Арменияның Суник облысы алып отыр. Сондықтан, Әзірбайжан Нахичеванмен байланысатын "Зангезур коридоры" жобасын іске асыруға барынша талпынуда. Қазір Армения арқылы Әзірбайжан жүктері еш қиындықсыз өтіп жүр. Бірақ кез-келген шиеленіс туа салса, Армения шекарасын тас қылып жаба алатынын ескеру керек.
Егер, "Зангезур" коридоры ресми реттелсе, онда Қазақстан Грузия бағытынан көрі Әзірбайжан/Түркия бағытына көбірек ойысары сөзсіз. Себеп: Ресей қажет деп тапса, оның Грузияға да қолы жетеді. Қара теңіздегі грузин порттарын істен шығару Ресей үшін еш қиындық тудырмайды.
Біз тағы да барлық бәсті бір елге - яғни, қазір Түркияға тігейін деп тұрмыз (бұрын дәл осылай Ресейге сенген едік).
Түркия бізді лақтырып кетпей ме?
Бұл сұраққа жауап беру үшін "Ердоған неге Ресеймен келісімге келді?" деген басқа сұраққа жауап беру керек. Ердоған үшін Ресей ішкі экономикаға ауадай қажет 2 дүниенің басты берушісі.
Біріншісі - газ (Турецкий поток). Онсыз 2021 жылғы кризистен шыққысы келетін түрік экономикасы орнынан тұра алмайды.
Екіншісі - Анталия (Алания) жақтың аймақтық экономикасын көтеретін ресейлік туристер. Мойындау керек, Украина/Қазақстан туристері ресейліктерді саны жағынан алмастыра алмады.
Ердоғанның билігі де теңселіп тұр. Түрік экономикасы 2021 жылы гиперинфляция мен девальвацияға ұшырады. Бұл өз кезегінде ІЖӨ өсу қарқынын тоқтатып тастады. Лира құлап, жұмыссыздық пен қымбатшылық орын алды. Түрік азаматтарының наразылығы артты.
2022 жылдың бірінші тоқсанында түрік экономикасының өсуі 7,3% көрсетті. Егер осы қарқынды ұстап тұрса ғана, Түркия кризистен шықты деп айта аламыз. Сондықтан Ердоған үшін осы 3-ші тоқсанның экономикалық көрсеткіші аса маңызды. Сол үшін ол кім осы мақсатта пайдалы, сонымен келісімге келуге дайын. Оны "Nothing personal, it's just business" деп айтады. Ал Ресей оған осы мақсатта пайдалы ел.
Енді басты сұраққа келдік. Егер Путин Ердоғанға "Қазақстанның экспорттық кислородын жауып таста, маған бастары салбырап қайтып келсін" десе, Ердоған келісе ме?
Бұл өте қиын сұрақ. Түркия Қазақстансыз Еуропадағы елеулі транзиттік күшке, яғни логистикалық державаға айнала алмайды. Түркияға толық Тұран құру үшін Қазақстан мен Әзірбайжан ауадай қажет. Екінші жағынан, Қазақстандағы түрік бизнесінің инвестициясы қазір 3,5 миллиард долларға жетіп отыр. Сондықтан Ердоған қазақ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ренжітуге болмайтынын жақсы түсінеді.
Түркия үшін Ресей қазіргі проблемаларды шешуге керек болса, Қазақстан - болашақтағы дамуының кепілі. Егер Түркияда мемлекеттік аналитика бар болса, Ердоған Ресей үшін Қазақстанды сатып кетуге бармайды деп болжауға болады.
https://t.me/dalainside

👍42😁4🔥1👏1🤔1
🛵 GLOVO қазақстандықтардың ақшасын тартып алып, рейдерлікпен айналысқан
GLOVO куръерлік сервисі қазақстандықтардың картасынан артық ақша алып, оны техникалық себептермен байланыстырып, өзінде көп ұстауға тырысатыны анықталған. Биржалық қаржыгер мамандар, егер осындай әдіспен 20 миллиард теңгедей жинаса, GLOVO өзінде ұстап отырған ақшадан қысқамерзімді РЕПО операциялары арқылы қосымша 60 миллион теңгедей тауып отыра алады дейді.
Соңғы оқиға қаржыгер Владислав Туркиннің өз басынан өткен. «Демалыс күні түскі асқа шамамен 4000 теңгеге тапсырыс бердім, бірақ GLOVO іс жүзінде 19 000 теңгедей ұстап қалды» деп жазады, қаржы сарапшысы.
Оның сөзінше, GLOVO басында кінәні мейрамханаға жауып, түлкібұлаңға көшкен. Мейрамхана жағынан бәрі дұрыс болып шыққан. Артынан GLOVO ақшаны тек 10 жұмыс күнінен кейін ғана қайтаратынын айтыпты. Ақша тіпті 10 жұмыс күнінен кейін де қайтарылмаған. GLOVO-ға қайта шағымданса, олар «біз қарастырамыз, бірақ сонымен бірге банктік шоттан немесе картадан выписка беріңіз» деген әңгімені басынан бастаған.
Бұл таза рейдерлік әрекет деп саналады. Рейдерлік әрекет - Қазақстан Республикасы заңдары бойынша қылмыстық істер санатына жатады.
Сондықтан, GLOVO үшін іс насырға шауып бара жатыр.

👎29👍16🔥2
🇰🇿 Президент пен Премьер. Адам мен система. Соңғысы қайда барады?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді демалыстан шықты. Және оның ең бірінші көретін адамы Әлихан Смайылов болмақ. Ел Премьер-министрі экономиканың жағдайы мен өсіміне толық жауапты. Ал инфляция бойынша жауапкершілік (баға өсімі) Премьер мен Ұлттық Банк төрағасына теңдей бөлінген. Осы айда инфляция шарықтау биігінде - яғни 15%-да тұр.
Ұлттық Банктің өз тарапынан не істеп жатқаны түсінікті. Ол базалық ставканы 14,5%-ға көтерді де, нарықтағы артық ақшаны алып тастағысы келді. Экономиканы кредиттеу қарқыны онсыз да құлдырап жатқан еді. Оған себеп ставка емес, нарықтағы пессемизм болып отыр.
Ұлттық Банкқа қарағанда Үкіметке қиын. Шарасыздық белгілері байқалады. Базар да аралады, үйдің жанындағы дүкендерге де тиісті. Бұл баяғы КСРО кезінен қалған әкімшіл-әміршіл әдіс, бірақ қазіргі заманда оның мүлде жұмыс істемейтінін көріп отырмыз.
Үйдің жанындағы қай дүкен Үкімет айтты деп бағаны 15%-дан асырмай отыр? Ондағы сатушы тіпті Үкімет дегеннің не екенін, Премьер-министрдің аты-жөнін де білмейді.
Үкіметке жаңа креатив жетіспейді. Осы креатив кімде бар? Ешкімнен шыға қоймады. Баяғы бюрократия, бітпейтін жиналыстар. Халық бөлек, Үкімет бөлек. Смайылов жағдайды өзгерте ала ма? Ол да ескі шинельдің адамы. Басқаша жұмыс істегісі келетін де шығар. Бірақ қалай істерін білмейді.
Биылғы экономикалық өсімді біз мұнайдың қымбаттауынан аламыз. Бірақ өндірістің қайта-қайта тоқтауынан, Ресейдің құбыр ойындарынан шетелдік мұнай компаниялары зардап шеге бастады.
"Бәйтеректің" өз мандатын тастай салып, акционері рубльге көміп тастаған Сбербанкті құтқарамын деген әлегі мүлде түсініксіз болды. Соның салдарынан, жұмыс істемейтін мусор рубльді жинап алып, онымен не істерін білмей отыр. Ашық ақпарат жоқ, Сбербанкті сонымен ала ма, алмай ма, ол жағы да шешілмеді.
"Самұрық-Қазына" да ауада қалқып тұрып қалған шар іспеттес. Ол Үкіметке қарай ма, әлде Президент өзі басқара ма? Нақтылық жоқ. Экономиканың қозғаушы күші болғандықтан ондай холдингті логикаға сай тиісті мандаты бар Үкімет басқаруы тиіс. Бізде кезінде Назарбаев қалтасын күйттеп, холдингті өзіне қаратып алған еді. Сол ескі жүйе әлі қалып кетті. Есі дұрыс елде басқарушы холдингтерді Үкімет қарайды. Ал Президент одан жоғары болуы керек.
Экономикасы кенжелеген Талдықорған жақты бөліп тастаса да, Алматы облысы донорлар қатарына қосыла қоймады. Әкімдер баяғы ескі жүйеде - бюджетке заявка беріп, сол қаржыны керек/керек емес болса да игеріп тастау науқанымен жүр.
Үкімет Қазақстанды жыл санап қарызға тереңірек батырып келеді. Бар үміт Әлихан Смайыловта болған. Оған уақыт жетпей жатыр ма, әлде ниет жетпей жатыр ма, ол жағы белгісіз. Билік командасында экономиканы Әлихан Асханұлынан артық білетін адам жоқ. Ол бәрін біледі. Бірақ оған система мүмкіндік бермей, қолын байлап отырған сияқты.
Жаңа идея керек, жаңа жүйе керек. Адамдар ауысқаннан ештеңе өзгермейтінін соңғы ауыс-түйістер көрсетті. Қазір Смайыловтың орнына Склярды тағайындаса да, ештеңе өзгермейді. Тіпті Премьер жұмысқа бармай қойса да, система өзі жүре береді.
Бірақ осы система қайда бара жатыр? Осындай ең маңызды сұраққа кім жауап бере алады?

👍36
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
👆 Осы постты оқып тұрсыз ба? Демек, интернетіңіз бар!
Интернетті, тағы да басқа байланыс формаларын қамтамасыз ететін сала - АКТ, яғни "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" деп аталады.
Осы технологиялардың дамуы бойынша еліміз қандай деңгейде? Кеңжолақты интернет желісін өрбітуде қандай нәтижеге қол жеткіздік?
Елдің барлық аумақтарында тез әрі сапалы интернет болуы үшін қазіргі таңда Үкімет, ірі байланыс операторлары, В2В мен В2С сегментіндегі тұтынушылар арасында тұрақты диалог орнатылған.
Осы диалогтың басты шарасы - "Цифрлік Қазақстанға қарай" форумы. Оның биыл Нұр-Сұлтан қаласында қалай өткені туралы видеомыздан көріңіздер
https://t.me/huaweimediatalks

👍5🤔4
📺 "Қазақстан" мемлекеттік телерадиокорпорациясының аудиттелген қаржылық есебі кәдімгідей кешігіп жатыр
Телерадиокорпорацияның 2021 жылдың қортындысы бойынша аудиттелген есебі әлі күнге дейін Қаржы министрлігінің есептілік депозитарийіне жүктелмеген (ДФО).
Негізі корпорация аудитті бекітіп, оны сервиске әр жылдың шілде-маусым айларында құйып тастайтын. Оның рекордты кешігуі тек 2019 жылы болған еді. Ол кезде есептілік 4-ші тамызда жүктелді. Биыл кешігудің рекорды жаңарып отыр.
Телерадиокорпорацияны дәстүрлі түрде Russell Bedford аудиттейді. Ол аудитордың өз жұмысын уақытылы бітіретін қасиетін ескерсек, қаржылық есеп Директорлар кеңесінде тұралап қалды деп есептеуге негіз бар.

👍6
💻 Huawei: Қазақстанды цифрлы мемлекетке айналдыруға болады
Қазақстанды цифрлық хабқа айналдырудың амал-тәсілдері бар ма? Ел тұрғындары интернеттен тарығып отырған жоқ па? Аталған салада ашық, әділ бәсеке нарығын қалай қалыптастырамыз?
Huawei Technologies Kazakhstan және ADT мұрындық болуымен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырған «Цифрлық Қазақстанға» форумында осы маңызды мәселелер таразыға тартылып, талқыға түсті. Еліміздегі ақпараттық-технологиялардың даму үрдісіне баға беріп, оның даму жолдары қарастырылған шарада сала мамандары өз экспертизаларын ортаға салды.
IDC халықаралық консалтинг агенттігі 2022 жылдың сәуір-маусым айларында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі үшін арнайы зерттеу әзірлеген еді. Ол зерттеулер "Huawei Technologies Kazakhstan" тарапынан да қолдау тапқан.
Осы зерттеуге қарағанда еліміздегі оптикалық-талшықты интернеттің үлесі қалаларда 28%, ал ауылды жерлерде 18 пайызды құрайды. Интернет нарығындағы DSL технологиясының үлесі бұдан әлдеқайда жоғары, қалалар мен аудан-ауылдарда тиісінше 37 және 35 пайыз болған.
Кеңжолақты интернеттің қызметі мен инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары министрлер кабинетінің күн тәртібіне еніпті. Себебі, онсыз ақпараттық экономиканың іргетасын қалау неғайбыл.
Жаңа технологияларға негізделген экономиканы жолға қойғанда тұрғындардың тұрмысы түзеліп, түтіні түзу ұшатын болады. Жаңа технологиялар жаңа жұмыс орындарының құрылуына жол ашып, бизнеске жаңа мүмкіндіктері сыйлайды деп күтілуде. Қазақстан тұрғындарын неғұрлым жоғары жылдамдықты интернетпен қамтыған сайын қоғамның саяси сауаты мен экономикалық белсендігі соғұрлым арта түседі. Бұл сөзімізді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек те растап отыр. Оның атап өткеніндей, 2011 жылы БҰҰ «интернеттің қол жетімді болуын адам құқығын сақтаудың бір белгісі» деп бағалаған.
«Қоғамдағы цифрлық теңсіздіктен арылуымыз керек. Цифрландыру саласында «қайта құру» саясатына басымдық беріп, ақпараттық технологияларды арқа тұтатын бизнес жобалардың өсіп-өнуіне жол ашуға тиіспіз. Алайда бұл бағытта – регуляторлар, телекоммуникация операторлары мен байланыс қызметін тұтынатын аудитория ауырбіршілік танытып, тығыз байланыс орнатуы тиіс», – дейді, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек.

Facebook
Huawei Technologies Kazakhstan
Телекоммуникационная компания Казахстан
👍10💩1
🇰🇿 Қазақстан және интернет. Әлемде қай деңгейдеміз?
Басты ақпарат: 99,3 пайыз отандасымызда интернет бар.
"Цифрлық Қазақстанға" форумында елдегі интернеттің ахуалы сөз болды. Еазіргі уақытта еліміздегі ADSL, FttN, 3G, 4G технологиямен таралатын кеңжолақты интернетпен 6459 елді-мекен, соның ішінде 118 қала және 5214 ауыл-аймақ толық қамтылған.
Қазақстандықтарды қолжетімді интернетпен қамту мақсатында Үкімет «250+» бағдарламасын әзірлеп, осы бағытта кезең-кезеңімен алға жылжып келеді. Қазіргі ахуал бойынша, ел тұрғындарының 99,3 пайызы интернетке қолы жетіп, ғаламтордан өзіне керекті ақпаратты алып отыр. Ілгерідегі «250+» бағдарламасына қосымша ретінде «Цифрландыру, ғылым және инновация есебінен техникалық дамуға ұмтылу» атты ұлттық жоба әзірлеген ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алдағы уақытта ел тұрғындарының 100 пайызын жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз етпек.
Қазақстандағы цифрлық экономиканың беталысына баға берген "Huawei Eurasia" компаниясындағы операторлар жұмысын бақылайтын құрылымының өкілі Ма Сяо мырза интернеттің жалпы ішкі өнімді арттыратын «құдіреті» барын айтты.
«Елдегі барлық салаға дендеп енген, кеңжолақты, жоғары жылдамдықпен таралатын интернет мемлекеттің жалпы ішкі өнімін 1,3 пайызға арттырады. Тез таралатын интернеттің арқасында экономиканың тамырына қан жүгіріп, түрлі-түрлі ғылыми жаңалық жасалады. Айталық, бүгіндері «ақылды шешім», «жасанды интеллект» нарығының үлесі 30 пайызға артқан. Бұл өз кезегінде экономиканың барлық саласын жаңартуға, жаңа үрдіске бейімдеуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда Huawei бүтін бір мемлекетті жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етуге әлеуеті жететін әлемдегі жетекші компанияның бірі. Біз Қазақстан үкіметімен арадағы әріптестіктің өрісін кеңейте түсуге әзірміз. Осы арқылы ақпараттық технологияға арқа сүйеген экожүйені қалыптастырып, жоғарытехнологиялы әлемнің қабырғасын қалағымыз келеді», – деді Ма Сяо мырза.

👍13🤔3👎1
🏦 Қазақстан Еуразиялық даму банкін (ЕАБР) толық бақылауға алуы мүмкін
"Ресей ЕАБР-дағы үлесін төмен түсіргісі келеді" деп жазады, Bloomberg. Оның дереккөзі Ресей мен Беларусьтің ЕАБР капиталынан кету бойынша жоспарларымен бөліскен.
ЕАБР – еуразиялық кеңістікте инвестициялық қызметті жүзеге асыратын халықаралық қаржы ұйымы. Оның жарғылық капиталының 66 пайызы Ресейге, 33 пайызы Қазақстанға, 1 пайызы Беларуське тиесілі. Тәжікстан, Армения және Қырғызстан да шағын үлеске ие.
Агенттік мәліметінше, Ресей мен Беларусь даму банкінің жарғылық капиталындағы жалпы үлесін 50%-дан төмендетпекші. Нәтижесінде Қазақстан ең ірі ЕАБР акционеріне айналады.
DALA INSIDE пікірінше, Ресей мен Беларусьтің бұл қадамы түсінікті. Себебі, санкция салынғандықтан ондағы компаниялар ірі инвестициялық жобаларды бәрібір жүзеге асыра алмайды. Сондықтан, халықаралық қаржы институтқа ақшалай қатысып отыру оларға тиімсіз.
ЕАБР - егер ол ұзақ мерзімді қаржыландырудың көзі бола алса, Қазақстан үшін ауадай керек құрал. Оны пайдаланып, елдегі энергетикалық жобаларға синдикатталған қосалқы инвестор ретінде қатысуға, сол арқылы басқа инвесторлар пулын жасақтауға болады. Оған қоса, Қырғызстандағы ГЭС жобаларына инвестиция салу өте ұтымды қадам болар еді.
ЕАБР - санкцияға ілінбеген қаржы институты. Ресей үлесінің азаюы оның санкциялық тәуекелдерін төмендетеді. Қазір оның инвестициялық портфелі 4,5 миллиард долларға жеткен. 2021 жылы банк 19 жаңа жоба бойынша келісімге қол қойды.
ЕАБР 2021 жылы 37,1 миллион доллар (17,6 миллиард теңге) таза пайда тапты.

👍13👎1
🏔️ Алматы жан бағу үшін Қазақстандағы ең қиын қала болып отыр
Керісінше, Астанада өмір сүру оңайырақ. Себебі, тамақ арзандау.
Jusan Analytics сарапшылар командасы шілдедегі Дастархан индексін жариялады.
Оның нәтижесі бойынша елорда тұрғындары үшін Дастархан индексі 196 порцияны, ал Алматы тұрғындары үшін 141 порцияны құрады.
Демек, астана тұрғыны бір айлық табысына 196 дастархан жая алады. Ал Алматылық азамат өз табысына тек 141 дастархан жасайды.
Дастархан индексіне бір порциядан сорпа, ет (бешбармақ), көкөніс салаты, бауырсақ, жент пен сүтті шәй кіреді.
Өкінішке орай, индекс мәні төмендеп келеді. Ол бір ай ішінде 3 пайызға төмендеген. Демек, тамақ бағасы қымбаттауда.
Шілде айының қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласында азық-түлік қоржынының бағасы 1 863 теңгені, ал Алматы бойынша 2 308 теңгені құрады.

👍15
👤 Банкрот адам. Қазақстанда жаңа ұғым пайда болады
Енді елімізде фирмалар мен компаниялар ғана емес, жеке адамдар да банкрот деп танылмақ. Тиісті заң жобасы әзірленді. Енді ол Парламентке бармас бұрын, алдымен қоғамдық талқылаудан өтуі тиіс.
Қаржы министрлігі (осы заңға жауапты орган) бұл жолы дайындығын қатты пысықтап отыр. Бірнеше делегация жасақталған. Олар әр қалада тұрғындармен кездесу өткізіп, болашақ заңның барлық қыры мен сырын түсіндіретін болады.
Жеке адам банкроттығы - Батыста қалыптасқан практика. Оған ұшыраған адамның барлық артық дүние-мүлкі конкурстық басқарушы арқылы аукционда сатылады да, түскен ақша қарыз берушілерге үлестіріледі. Егер қарыз толық жабылмаса, қалғаны кешіріледі. Ал банкрот адамда өмір сүруге қажет минималды заттар - жалғыз баспана, төсек, тоңазытқыш сынды бұйым ғана қалады. Оған тиіспейді.
Банкрот адамның қаржылық операцияларына қатаң шектеулер қойылады. Ол бұдан былай кемі 15 жыл кредит, рассрочка ала алмайды. Оның барлық ақша аударымдары қадағаланып отырады. Артық ақшасы пайда болса, оны тартып алады да, қарыз есебіне жібереді.
Қазақстанда банкрот болсам, кредиттен құтыламын деп ойлап жүрген адамдар көп. Банкроттық сізді коллекторлардың шабуылынан құтқарар, бірақ болашақ өміріңізге үлкен шектеулер әкеледі.
Банкроттық заңы туралы әңгімені алғаш рет 2014-2015 жылдары Назарбаев қозғап көрді. Бірақ банк лоббиі осы идеяны жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Жалпы банкирлер бұл заңды ешқашан қабылдатпауға қатты бекінген еді. Өйткені ол банктерге тиімсіз және көптеген кредиттердің қайтарылмай, "списаниеге" кетуіне жол ашады. Алайда, қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселеде табандылық танытты және банк лоббиіне бейресми ескерту берген еді.
Банкирлер өз соққысын Парламент арқылы жасамақ. Лоббиге жұмыс істейтін депутаттар енді заң жобасына өз өзгертулерін енгізіп қалуға тырысады. Шындығына келгенде, қазір Қаржы министрлігі дайындап әкелген жоба да банктерді ренжітпейтіндей, жұмсақ, солқылдақ формада әзірленген. Оған ҚНРДА төрайымы Мәдина Әбілқасымованың да ықпалы болды.
Осы жылдың 6 айында халық (яғни жеке тұлғалар) банктер мен микроқаржы ұйымдарынан 12 триллион теңге кредит алды. Бұл былтырғы сәйкес мерзімнен 11 пайызға көп. Базалық ставка, проценттер өсіп жатса да, халық керісінше кредит алуын үдете түскен.
Осыған қарағанда, 2023-2024 жылдары елімізде "банкрот адамдар" атты арнайы категория пайда болады. Ал біз олардың сұхбатын, өмірден алынған әңгімесін жариялайтын боламыз.

👍20😁5👏1🤩1
⚡ "Нығматуллин дәуірі" аяқталды
Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин мен оның егіз інісі Ерлан Нығматуллиндер рейдерлік әрекетке қатысты қылмыстық іс фигуранттары атанды. Бұл туралы ҚазТАГ жазады.
«Балқаш оқиғасына келсек, екі ірі кәсіпкердің (Қуат Сұлтанбеков пен Ерлан Нығматулин – ҚазТАГ) қарым-қатынасы жемқорлыққа қарсы қызметтің орталық аппараты тергеп жатқан қылмыстық іс аясында қаралуда. Ол 2022 жылдың сәуірінде қозғалды. Осы іс аясында Сұлтанбеков жәбірленуші деп танылды. Тергеу тобы құрылды. Бұл істің бір бөлігі ретінде Нығматулиндердің қатысы, олардың ықпалы, патронаттығы дәл солай бағаланып, тергелуде», - деді астаналық адвокаттар алқасының адвокаты Мәулен Әлімбаев.
2012 жылы Ерлан Нығматулинмен болған жанжалдан кейін балқаштық кәсіпкер Қуат Сұлтанбеков түрмеге жабылып, жалпы 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның 10 жылын кәсіпкер түрмеде отырып шықты.
Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшесі Николай Абттың айтуынша, кәсіпкер мен Нығматулин арасындағы кикілжің Сұлтанбековтың 2011 жылы қаладағы жемқорлық мәселесін белсенді түрде көтеруінен басталған. Балқаш қаласының прокуратурасы қаланы абаттандыру бойынша тендерлерді өткізуде өрескел заң бұзушылықтарды анықтаған.
Осыдан кейін 2012 жылдың 27 қаңтарында Балқаштан Астанаға келе жатқан жолда Сұлтанбеков заңсыз қару сақтады және алып жүрді деген күдікпен ұсталды. Тергеу алты күнде аяқталып, кәсіпкер 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, кейін ол 21 жылға айналып кете берді. Себебі, жазасын түзеу мекемесінде өтеп жүрген Сұлтанбековке қатысты тағы бес қылмыстық іс қозғалды. 2022 жылы 10 жыл түрмеде отырғаннан кейін кәсіпкерге қатысты үш қылмыстық іс қаралып, ол ақталып, босатылды.
Жәбірленушінің адвокаты Юлия Джафарованың айтуынша, Сұлтанбековке қатысты барлық айыптар ойдан шығарылған.

👍29😱3
🤌 5 жыл кредит алмайсың. Соттан тыс және сот арқылы банкрот болу
Мемлекеттік кірістер комитеті қоғамдық талқылауға түсіп жатқан "Банкроттық туралы" заңның негізгі постулаттарын түсіндіріп берді. Заң жобасы халықаралық тәжірибені ескеріп жасалған.
Жалпы, жеке адам банкроттығының 3 әдісі болады.
1 әдіс. Соттан тыс банкроттық
Егер адамның банк (микроқаржы, коллектор) алдындағы қарызы 1600 АЕК-тен аспаса осы әдіс қолданылады. Биыл 1600 АЕК - 4,9 миллион теңгеге тең.
Соттан тыс банкроттық рәсімі тек қана банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы қарыз бойынша жүргізіледі.
2 әдіс. Сот арқылы банкрот деп танылу
Қарыз 4,9 миллион теңгеден асса, және тек банк (микроқаржы, коллектор) емес, басқа да қарыз берушілер болғанда азаматтар сот арқылы банкроттық рәсімін қолдана алады.
Бұл рәсім барысында борышкердің мүлігі сатылуға жатады. Түскен қаражат, белгіленген тәртіппен кредиторлар алдындағы қарыздарды өтеуге жұмсалады.
Сотты банкроттық рәсімін қаржылық басқарушылар жүргізеді, олардың құрамына:
• Оңалту және банкроттық саласындағы әкімшілер;
• Кәсіби бухгалтерлер;
• Заң кеңесшілері;
• Аудиторлар кіруге құқылы.
Сотты банкроттық рәсімі барысында қаржылық басқарушылар кредиторлар тізімін қалыптастырады, борышкердің мүлкі, міндеттемелері туралы ақпарат жинайды және тағы басқа қызметтер атқарады.
3 әдіс. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру
Бұл рәсім егер тұрақты кіріс бар болса, қарызды өтеуге бөліп төлеу (рассрочка) мүмкіндігін береді. Мерзімі 5 жыл. Қалпына келтіру жоспары қаржылық басқарушы мен бірге әзірленеді және сотта бекітіледі. Бұл үшін екі жақтың (борышкердің және кредитордың) келісімі қажет.
Банкроттықтан кейін азамат мынадай шектеулерге тап болады:
1) 5 жылға дейінгі мерзімде қарыз алуға тыйым салынады;
2) қайта банкроттықты тек 7 жылдан кейін қолдана алады;
3) банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде қаржылық жағдайы бақылауға алынатын болады.
Сонымен қатар, банкрот деп танылған адам бір жыл ішінде міндетті түрде қаржылық сауаттылықты арттыру курсын өтуі тиіс.
Қазақ тілінде қаржылық сауаттылыққа баулитын ресурстар көп емес. Ресми ресурс деп ҚНРДА ашқан fingramota.kz, бейресми деп dauletten.kz және осы DALA INSIDE телеграмын ғана айтуға болады.

👍13
📈 Кредит нарығы жабылады. Инфляцияның қиыр шегіне жеттік пе?
Кей нарықтарда бағаның өсуі тоқтады. Шілденің статистикасы бар және ол көңіл көншітпейді. Бірақ тамыз айының ортасындағы экономикалық белсенділік динамикасына қарап, адамдар қымбат заттарды (үй, көлік) сатып алуды тоқтата бастағанын байқаймыз. DALA INSIDE сұрау салған нарық ойыншылары да тұжырыммен келісіп отыр.
Инфляцияның тоқтауының басты факторлары:
1. Ұлттық Банк саясаты
Яғни - проценттік канал. Ол базалық ставканы 14,5%ға өсірді, тиісінге теңге құны қымбаттады. Демек, кредит алу пайызы кем дегенде 18-19% болды.
2. ҚНРДА саясаты
Қадағалаушы агенттік адамдардың жөн-жосықсыз кредит алуын тоқтатпақ. Ол үшін банктерге қарыз коэффицентін есептеуді қатаңдату жоспарланып отыр.
3. Қаржы министрлігінің саясаты
Министрлік тез арада Банкроттық туралы Заңды қабылдатпақ. Одан кейін, банктер кредит бергенде ойланатын болады.
Кімдер инфляцияны үдетуі мүмкін? Олар: адамдар, банктер мен құрылыс компаниялары.
Адамдар кредит алып келген күшті заманнан айрылғысы келмейді. Банктер үшін кредит - ең басты табыс көзі. Олар да осы нарықты бере салуға дайын емес. Көбік үрлеп, үстіне бірнеше есе маржамен табыс тауып үйреніп қалған құрылысшылар да байбалам сала бастады.
Бірақ системалық оңалу үшін кредиттік нарықты реттемесе болмайды. Сондықтан, кредит беру азайса, инфляцияның бірден 8-10% деңгейге төмендейтінін болжауға болады.

👍30
🇹🇲 Оңтүстік коридор: Тоқаевтың әдемі жүрісі
Ешқандай экономикалық пайдасы жоқ мешіт шуынан бас көтере алмай қалған қоғам - шын мәнінде біз үшін аса маңызды екі жаңалықты елемей, өткізіп жіберді.
Біріншісі. Түркіменстан біздің болашағымызды нығайтатын қадам жасады. 9-шы тамызда Түркіменбашы-Гарабогаз-Қазақстан шекарасы тас жолының бойында Қара-Боғаз-Гөл шығанағы арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірінің іргетасы қаланды. Осы көпір "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізін жаңа деңгейге шығарады, былайша айтқанда, Қазақстаннан келген жүк Түркіменстан арқылы Иранға өтіп, ары қарай Түркия арқылы Еуропаға немесе Парсы шығанағы арқылы Үндістанға кете алады.
Сердар Бердімұхаммедовтың транзиттік жобаларға бет бұруы түркімен экономикасында трансформациялық процесстердің басталғандығынан хабар беріп отыр. Бұл ретте, шығысты жауып тұрған Қазақстан және оның артында тұрған Қытайсыз түркімен логистикасын дамыту мүмкін емес. Сондықтан президент Сердар көпірді тез арада салып, 2024 жылы іске қосуға тапсырма беріп отыр.
Осы транзиттік коридор Қытай үшін Иранға жетудің ең тез жолы. Ал Қазақстан үшін өз көшін Ресей арқылы емес, оңтүстік бағытпен бұрып, солтүстік көршінің экономикалық шантажын болашақта болдырмау қажет болып отыр.
Екіншісі. Рейтерс агенттігі "КТК құбыры арқылы экспортталып жатқан мұнайдың бір бөлігін Қазақстан Баку-Джейхан құбырына артты" деген инсайд таратты. Артынша біздің Энергетика министрлігі оны ресми түрде жоққа шығарды. Бірақ бұл ретте, Рейтерсті пайдаланып, Ақорданың Кремльге әдемі сигнал жібергенін білуге болады.
"Ия, КТК құбырынсыз бізге қиын, бірақ онсыз да мұнай сата алатын басқа құбырлар бар" деген сигналды Ресей айна-қатесіз қабылдағаны сөзсіз.
Сонда Президент Тоқаев екі жақтан сигнал жіберді: ол құбыр бойынша және құрлық транзиті бойынша.
Қытай Қазақстан арқылы Иранға шыға алса, онда Қазақстандағы миллиардтаған долларға салған инфрақұрылымдық нысандарын және болашақ инвестицияларын барлық жолмен Ресейден қорғайтын болады. Тоқаев екі факторды ұштастыра білді. Қытайдың сауда стратегиясына Қазақстанды теңдессіз ойыншы ретінде кіргізді. Баку-Тбилиси-Жейхан сынды сандықта жатқан "джокерді" қайтадан оңай алып шықты.
Сондықтан, транзиттік диверсификацияға шындап бет бұрған Қазақстан аймақтық логистикалық державаға айналады. Және өзіне Үндістан сынды жаңа нарық ашып алады. Біз оның қызығын 2024 жылдан бастап көре бастаймыз.

👍95👏7🙏3❤2
🏗️ Құрылыс лоббиі: Құрылысшылар қауымдастығы мен Құрылысшылар одағы Үкіметті бопсалауын күшейте түспек
Шілде айында баспананы сатып алу-сатудың 30 939 мәмілесі тіркелді. Бұл былтырғы шілдеден 34,3% төмен. Ал алдынғы маусым айынан 2 пайызға аз. Тренд айқындалды: жылжымайтын мүлікке деген сұраныс тұрақты түрде азайып келеді. Жалпы, сұраныстың азаюы мен бағаның төмендеуі арасында нақты байланыс бар. Бірақ ол "кейінге қалатын әсер" формуласы арқылы жүзеге асады. Яғни, қазір сұраныс төмендесе, бағаның құлдырауын біз 3-4 айдан кейін күту керекпіз.
Сондықтан, шілде айында бастапқы тұрғын үйдің 0,5%, қолданыста болған баспананың 0,8%, ал пәтер жалдау ақысының 0,4%-ға қымбаттағанын көрдік.
Бұл құрылыс компаниялардың "болашақ табыстан айрылып қаламыз" деген үрейін үдетіп отыр. Сондықтан олар онсыз да белсенді жүргізіп жатқан лоббиін одан әрі күшейтуге шешім қабылдады.
Бұл лобби қалай жүзеге асуда? Құрылыс компаниялары өздерінің қауымдастық/одақтары арқылы апта сайын Ақорда, Үкіметке хат жолдап, құрылыс саласы тоқырауға ұшыраса мыңдаған адамның жұмыстан айрылатынын алға тартып, бопсалап келеді. Сұрайтыны - субсидияланған ипотекалардың жалғаса беруі (сұраныс болу үшін), үлестік құрылысқа да ипотека беру, ипотекамен берілетін сома көлемін тағы 10 миллион теңгеге дейін ұлғайту және заңнамалық тұрғыдан преференция беру.
Көп ретте мемлекет құрылыс компанияларына көмектесіп келген болатын. Бірақ олардың тек қана Астана мен Алматыға үй салғысы келетін әрекеті, осы қалалардағы инженерлік жүйелердің, көлік кептелісінің проблемаларын ушықтырып отырғаны жергілікті билікке де, халыққа ұнамай отыр.
Дәл осы кезде, аймақта баспананың жетіспеушілігі байқалады. Ал құрылыс компаниялары өңірлерге аттап баспайды. Себебі, ол жақта шаршы метрдің бағасын көтере алмағандықтан, үстінен еселеп пайда табу қиын.
Отандық құрылыс компаниялары мемлекеттен сұрап үйреніп қалған. Бар армандары бюджетті де, Ұлттық қорды да үздіксіз сору. Бірақ, осы ірі компаниялар экономикаға ешқандай үлес қосып жатқан жоқ. Мысалы, BI Group, Базис, РАМС сынды алпауыттар "салықтық жүктеме коэффиценті" төмен компаниялар тізімінде. Бұл олардың обороты көп, төлейтін салығы аз дегенді білдіреді.
Осы компаниялар тіпті нарықтан кетіп қалса да, одан экономиканың ештеңе жоғалтпасы анық. Сондықтан оларды керемет санап, табынудың еш қажеті жоқ. Егер компания банкрот болса, онда ол өз жұмысын дұрыс жүргізбеді, басшылары да, қызметкерлері де тиімді қызмет етпеді. "Мен банкрот болайын деп жатырмын, маған Үкімет көмектессін" деген феноменалды принцип тек біздің елде ғана бар. Және осы принциптен тез құтылмасақ, экономика алға жүрмейді.

👍38
😭 Көлік бағасы арзандамайды! Назарбаевтың қызы “утильсбордан” әлі күнге үлес алып отыр...
Әлия Назарбаева әлі күнге дейін утиль алымнан түскен ақшаның қызығын көріп келеді. Бұдан бөлек ол Қазақстандағы қоқыс жинау әрі өңдеумен айналысатын компаниялардың қожайыны.
Бұл туралы “Гиперборей” арнасына сұхбат берген журналист Дмитрий Шишкин айтыпты.
Әріптесіміздің мәлім еткеніндей, Жаңа Қазақстан орнай сала утиль алымды алып тастауды талап еткен белсенділердің әрекеті зая кеткен.
Әлия Назарбаева әрбір утильденген көліктен өзінің “Жасыл даму” компаниясы арқылы 130 мың теңге табыс тауып отыр. Қаңтар қырғынынан кейін утиль алымға бақылау жүргізетін пәрменінен айырылған Назарбаева көлікті утилизациялау механизмі мен оны әрі қарай темір-терсекке өткізудегі ықпалын сақтап қалған.
“Ол елдегі полигондарды, қоқыс өңдейтін зауыттарды уыстан шығармай ұстап отыр. Алысқа бармай-ақ, Астананы мысалға алайықшы.
Елордадағы қоқыс өңдеу саласын Назарбаеваға тиесілі Green Future Managеment компания меншіктеп алған.
Әлия осы компанияның жалғыз құрылтайшысы. Green Future -ден тарайтын тағы сегіз компания бар. Олар да Елбасының қызына тиесілі. Бұлар Қазақстандағы қоқыспен байланысты барлық жұмысты атқарады. Қоқысты жинау, өңдеу, қоқыс таситын полигондарына дейін бар.
Назарбаева тек Нұр-Сұлтан қаласымен ғана шектелмеген. Астанадан тыс жерде, өзге өңірлерде де оған тиесілі компаниялар жетіп артылады”, – дейді Шишкин.
Бұдан бөлек Елбасының ерке қызы өзіне қарасты қор арқылы “Халықаралық жасыл технологиялар орталығын” су тегінге (5 млн теңге, ред.) сатып алған. Әріптесіміздің айтуынша орталықты “асырауға” мемлекет есебінен соңғы екі жылда 1 млрд. 600 млн теңге бөлінген.
“Екі жылдың ішінде ұйымның бітірген ісі шамалы. Орталық мамандары болашақ ұрпаққа арнап экологияға қатысты баяндамалар әзірлеген”, – дейді Шишкин.

👍14👏3🤩2❤1
💸 Жаңа бизнес: Wildberries Қазақстан экономикасын 0,7%-ға арттыра алады
Алматылықтар мен астаналықтар Ресейге Wildberries арқылы тауар сатуын күрт арттырды. Болашақта бұл бағыт бюджетке салық түсімдерін арттырады деп болжанып отыр. Wildberries үшін де Қазақстан өсудің жаңа нүктесі болмақ. Сондықтан ол компания Нұр-Сұлтандағы логистикалық орталықтың аумағын 2,5 есеге ұлғайтып үлгерді. Және Ақтөбе мен Семейде сұрыптау орталықтарын ашпақ.
Осы жылдың 5 айында отандық кәсіпкерлердің Wildberries арқылы тауар сатуы 584%-ға (яғни 6 есе) артып кеткен. Оның ішінде азық-түлік тауарлары 747%, кеңсе тауарлары 382%, спорттық жабдықтар 233%, ыдыс-аяқтар 134%, косметика және парфюмерия 130%-ға өскен.
Бұл Қазақстанға пайдалы ма? Ия. ИП-сы бар адамдар табыс табудың жаңа көзін ашып отыр. Есесіне, арадағы ақша айналымы ашық жүретіндіктен, болашақта салық түсімдері көбейетін болады. Жеке адамдар айналысып жүргендіктен, Қытайдан тауар алып, Ресейге сату санкция тудырмайды. Бастысы мұнымен ірі компаниялар айналысып кетпесе болғаны. Енді Wildberries-тің Қазақстан арқылы жаңа канал тапқанын көрген OZON сынды Ресейдің ірі ойыншысы да біздің кәсіпкерлерге ыңғайлы жағдай жасамақ.

👍14🤩2
🏦 Қазақстандық банк ресей банкінің барлық сөлін сығып алды
Атауы «Eco Center Bank» болып өзгерген бұрынғы ресейлік "Альфа-банк" (оның Қазақстандағы еншілес банкі) өзінің жаңа акционері - "Банк ЦентрКредитке" 2015-2021 жылдар үшін тағы 30 миллиард теңге дивиденд төлемек. Ол туралы KASE выпискасынан белгілі болды.
Өткен маусым айында Eco Center Bank ЦентрКредитке 50 миллиард теңге көлемінде дивиденд берген еді. Осымен бұрынғы Альфадан жаңа қожайыны 80 миллиард теңге шығарып алды.
Ал барлық капиталы сорып алынғаннан кейін, Eco Center Bank жойылып, ол түбегейлі ЦентрКредит банкіне қосылатын болады.
Ресейлік "Альфа-банк" биыл 6-шы сәуірде АҚШ санкцияларына ұшырады. Сол кезден бастап ол әр елдегі еншілес ұйымдарын сата бастаған еді. Қазақстандағы активін тиімді бағамен Бақтияр Бәйсейітов иелік ететін ЦентрКредит банкі сатып алды.

👍27
Huawei 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы нәтижесін жариялады
Компания қызметінің ортақ нәтижелері болжамдарға сәйкес келеді.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Huawei компаниясының сатудан түскен табысы 301,6 миллиард юаньға жетті. Бұл шамамен 44,7 миллиард АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде таза пайда маржасы 5 пайызды құрады.
Телекоммуникация қызметінің кірісі 142,7 миллиард юаньға, кәсіпорынның кәсіптік кірісі 54,7 миллиард юаньға, терминалдық құрылғылардың кірісі 101,3 миллиард юань көрсетті.
«Біздің терминалдық құрылғылар бизнесіне сыртқы жағымсыз әсерлер болғанына қарамастан, АКТ инфрақұрылымының өндірісі өзінің қарқынды өсуін сақтап қалды», - деді, Huawei төрағасы Кен Ху.
«Алдағы уақытта біз тұтынушыларымыз бен серіктестеріміз үшін құндылықтар жасауды жалғастыра береміз, әрі сапалы дамуды қамтамасыз ету үшін цифрландыру және декарбонизация үрдістерін пайдаланамыз».
Huawei – инфокоммуникация және инфрақұрылымдық шешімдердің, сондай-ақ смарт құрылғылардың жетекші жаһандық ойыншысы. Қазіргі таңда компания жаһандық прогреске итермелейтін іргелі зерттеулерге қаржы бөліп отыр. Huawei - 1987 жылы құрылған жеке компания. Акцияларына өз қызметкерлері иелік етеді. Компанияда әлемнің 170-тен астам елінде 188 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.