🙍 Құда, ты куда?
Дербес зейнеткер Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиевке қатты ренжіді, дейді DALA INSIDE дереккөзі.
Сатқалиевтің қызы Анадэльдің Назарбаевтың бейресми ұлы Тауманмен неке қиғаны туралы хабар отандық ақпарат кеңістігінде кең тараған еді. Жеке басқа қатысты ақпараттың ресми орган болып табылатын ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз-қызметі арқылы жоққа шығарылғаны қызық болды.
Бірақ, шын мәнінде, дереккөз 2019 жылы Лондонда бірге оқитын Анадэль мен Тауманның көңіл жарастырып, оған Алмасадам Сатқалиевтің рұқсат бергенін айтады. Ал Нұрсұлтан Назарбаев екі жасты шақырып алып, батасын беріп, сол кезде 15 жастағы Анадэльдің құлағына сырға салған.
Содан бері Алмасадам Сатқалиевтің тасы өрге жүріп, "Самұрық-Қазына" қорының тізгінін ұстаған болатын. Тәкаппарлық та пайда болды.
Бірақ "Қаңтар оқиғасынан" кейін бәрі күрт өзгерді. Кезінде Назарбаев Сатқалиевті биік лауазымдарға тағайындаса, енді соңғысы өзінің құда екенін мойындамады.
Ал қазақ "Құда мың жылдық" деуші еді.
https://t.me/dalainside

😁136👍16🖕6❤4🔥3👏1
🙈 ChatGPT: Жамасын қайылдырды
Жасанды интеллекттің шала қазақ болуы DALA INSIDE жоспарларын бұзды. ChatGPT-мен интеграция аясында ол жазған пост мәтіндері мүлде түсініксіз, қисынсыз болып шығуда.
"Бізге уақыт керек сияқты. Алдағы уақытта жасанды интеллект қазақ тілін жетік меңгереді деген үмітіміз бар. Әзірге біз телеграм арнамызды жасанды интеллекттің қолына беруден бас тарттық. Бұрынғыдай авторлар істей береді", - деді, DALA INSIDE бас редакторы Думан Бықай.
Қазақ тілі - түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады.
ChatGPT - OpenAI компаниясының тілдік модельге негізделген жасанды интеллект өнімі.
DALA INSIDE - БАҚ ретінде тіркелген қазақтілді тұңғыш телеграм арна.

👍83❤7🔥4👏1
⚡️Күдебаевтың қашуына қырғыздың «Робин Гуды» көмектескен
Желіде Серік Күдебаевтың қашуын қылмыстық ортада «Коля-қырғыз» деген лақап атпен танымал қырғыздың қылмыс әлеміндегі серкесі Қамшы Көлбаев ұйымдастырды деген ақпарат тарауда.
Осы ретте қырғызстандық қылмыс әлемінің серкесі Көлбаевтың Қазақстанмен байланысы бар деген заңды сұрақ туындайды.
Қанды қаңтар оқиғасынан кейін Серік Күдебаевқа «ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қызметтегі әрекетсіздік» деген айып тағылып, іс қозғалған еді. Серік Күдебаев Алматы облысының коменданты бола тұра, қызметтік міндетін тастап, қарасын батырған болатын.
Сол кезде Алматы облысының экс-әкімі Қанат Бозымбаев 5 қаңтардағы облыстық штаб отырысында коменданттың барлық өкілеттігі генералға берілген айтқан-ды. Бірақ сол күні Серік Мырзақұлұлы кезекшілік пунктінен 300 шақырым жердегі туған ауылына тартып отырған.
Ал 2023 жылдың қаңтарында Серік Күдебаевқа қарсы сот ісі басталған болатын. Дәл осы күні ҚР Парламенті Мәжілісінде Қаңтар оқиғасы туралы фильм көрсетіліп, онда Алматы облысының полиция бастығының қарулы күзетпен бірге өзі күзетуі тиіс департамент ғимаратынан шығып кеткені көрсетліді.
Ал сәуірдің 1 мен 2-сі күні әлеуметтік желілерді Серік Күдебаевтың шетелге қашып кеткені жайында хабар тарады. Ол Қырғызстанған өтіп, одан әрі қарай Түркияға ұшып кеткенін оқырмандар жақсы біледі.
3 сәуірде Күдебаев ауруханадан сот залына жеткізілуі керек еді. Бірақ Талдықорған қалалық сотының судьясы сол Алматы облысының бұрынғы полиция басшысын іздеуге жариялады.
Қазір әлеуметтік желіде Күдебаевтың қашып кетуіне Қамшы Көлбаев көмектескені туралы ақпарат тарады. Айтпақшы, Қырғызстанда да бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ тергеушілер ресми түрде түсініктеме берген жоқ.
«Коля-қырғызды» көп адамдар байларды тонап, тапқанын кедейлерге бөліп беретін «Робин Гуд» атайды екен.
Айталық, Қырғызстанда пандемия кезде Қамшы Көлбаев белгілі тележүргізуші Ассоль Молдокматованың өтініші бойынша туған жері Шолпон-Атадағы ауруханаға медициналық құрал-жабдық сатып алып, қажетті дәрі-дәрмектерді алуға ақша берген еді.
Сонда оны «жерлестері үшін аянбайтын қырғыз халқының нағыз ұлы» деп атаған-ды.
Ал 2020 жылдың қазан айында Көлбаев қандай да бір себептермен қамауға алынып, Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің «Қылмыстық ұйым құру немесе оған қатысу» бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын. Құқық қорғау және барлау органдарының мәліметінше, Көлбаевтың қылмыстық әрекеттері көптеген бағыттар бойынша өрбіген. Оған есірткі тасымалы, қару-жарақ саудасы, бопсалау, рэкет, жылжымайтын мүлік, тонау, автокөлік ұрлығы, бандитизм, ақшаны жылыстату, мемлекет мүлкін ұрлау және тапсырыс бойынша кісі өлтіру бойынша айыптар тағылған. Бірақ 2021 жылдың наурыз айында ол кепілмен босатылды.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, қырғыздың Робин Гуды бір жылдары елін тастап, Қазақстанға да қоныс аударған деседі. Сол кезде Көлбаев Күдебаевпен ауыз жаласуы мүмкін.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

👍48❤1😡1
🤜 Жұмысшыларын толқуға шығарған Жаңаөзендік "БерАли Маңғыстау" компаниясының басшылары сотталуы мүмкін
Ulysmedia.kz жазуынша, ҚР Қаржы мониторингі агенттігі «БерАли Маңғыстау» компаниясы мен «ӨзенМұнайГаз» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу бастаған.
Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша (бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру, яғни ұрлау) бойынша жүріп жатыр.
Жалған қызмет актілерін жасату арқылы біршама қаражат қолды болған. Ұрланған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 200 миллион теңгені құрайды.
Қаржы мониторингі агенттігі ресми ақпарат берген жоқ. Істің анық-қанығы анықталуда.

👍65😁8❤5
Forwarded from Үйде жатпа!
Люкс по-алматински
немесе ең әдемі жеріміздің өзі осындай болса, онда біз қайтып туристер тартамыз?
Біз Алматыға The Ritz-Carlton фешенебельді отеліне ұшып келген, Есентайға жаққа қоныстанған шетелдіктің көзімен қарап көрдік.
Спойлер: егер ол Есентай өзенінің жағалауында қыдырамын деп далаға шықса, бұдан былай Алматыға ешқашан келмейтін секілді. Себебін эко авторымыз дайындаған арнайы репортаждан оқыңыз.
Өте қызықты материал👇
https://zhatpa.kz/ujde-zhatpa/ljuks-po-almatinski-the-ritz-carlton-feshenebeldi-ona-jine-ayalda-an-sheteldik-turisti-nege-dala-a-shy-pa-any-d-rys/

Үйде жатпа
Люкс по-алматински. The Ritz-Carlton қонақүйіне аялдаған шетелдік далаға шықпасын деп тілейік - Үйде жатпа
Шетелдіктер бізге келіп, көрікті жерлерімізді көрсін дейміз. Бірақ ол үшін қарапайым, болмашы нәрселерді де жасай алмай отырмыз. Сол себепті, алдымыз әдемі болғанымен, артымыз ашық болып тұр
👍45😱12😁4😢4
🇰🇿📈🇨🇳 "Қорғастың" ашылуы мен Юань көктемі. Теңге биржада жыбырлай ма?
Бүгін "Қорғас" халықаралық сауда орталығы қайта ашылды. Ол 2020 жылы пандемия кезінде жабылып қалған болатын.
Қазақстан-Қытай шекарасының ашылуы, визалық шектеулердің алынып тасталуы екі ай бұрын Қазақстанның бас импортері атанған Қытайдың осы позициясын жақсы күшейте алады. Біз Ресейден толық Қытайға бұрылдық. Осы ретте мұнай бағасымен қатар теңге курсына әсер ететін екінші фактор - сыртқы сауда балансына қатысты сұрақтар туындайды.
2022 жылы сыртқы сауда профициті 36,3 миллиард долларды құрады. Яғни, баланс жағымды болып, біз экспорттаған тауар бағасы импорттан 36,6 миллиард долларға асты. Жағымды баланс ұлттық валютаның күшті болуын қамтамасыз етеді.
Биыл жағымды баланстан айрылып, сауда балансында дефицит болатын түрі бар. Қытайдан көбейетін импорт инфляцияның төмендеуіне себеп болса да, теңге бағамын сәл құлдырататынын болжай аламыз.
Үкімет үшін ұлттық валютаның идеалды курсы - долларына 470 теңге. Бюджет осы параметрмен жасалған болатын. Және теңге сол межемге тез жете алады.
Елде юаньмен операция көбейетіндіктен, және Ресейдің валюталық корзинасы юаньға ауысқандықтан, Қытай ақшасы курсының өсу мүмкіндігі жоғары. Себебі, сұраныс артатыны көрініп тұр.

😡44👍20❤2👏2😱1🙏1
🔥 Рамиль Мухоряповтың бизнесі Тимур Турловқа өтті
Тимур Турлов иелік ететін Freedom Holding Corp. "Chocotravel" (ішіне Aviata да кіреді) сервисін сатып алды. Ол үшін Турлов 32,3 миллион доллар төледі. Мәміле жыл соңына дейін жабылуы тиіс.
«Біз өз клиенттеріміз үшін цифрлық сервистердің толық құнды экожүйесін құрудамыз, сондықтан Aviata мен Chocotravel-дің сервистерін сатып алу — бұл топтың дамуына қисынды үлес», - деді, Тимур Турлов.
Choco холдингі енді тек жеткізіп берумен айналыспақ. Бұл нарықта оларға Glovo, Wolt пен Яндекс сынды азулы бәсекелестер бар. Ал Рамиль Мухоряпов Турлов ұсынған ақшаға қарыздарын жаппақ. Сонымен қатар, ол бизнесті басқаруды Николай Мазенцевке толық тапсырып, шетелде біраз демалуы мүмкін. Себебі, соңғы уақыттары Қазақстанда тұру Мухоряпов үшін психологиялық жағынан қиын болған еді.
Екі қошқардың басы бір қазанға сия ма? Бұған дейін нарықтағы қаржы сервистерінің екі IT-алпауыты Турлов (Freedom) пен Ломтадзе (Kaspi) бір-бірін орағытып, тіке бәсекелестіктен қашып жүрген еді. Турлов Каспидің огородына кірмей, цифрлі сақтандыру мен ипотеканы айналдырып жүрсе, Ломтадзе тек жеке және заңды тұлғалар кредитін, Kaspi.kz қосымшасындағы төлемдер, аударымдар, билет сату бағытын дамытып келген.
Сонымен Турлов Ломтадзенің тікелей бәсекелесі Chocotravel-ді сатып алды. Демек, жекпе-жек енді басталады. Kaspi Travel vs Chocotravel. Попкорн дайын тұрсын.
Ал Мухоряпов демалсын. Нағыз акулалар енді келді.
#PR

👍84🔥10❤7👏3🙏1
💸🙍 Инфляциямен не істейміз? Ұлттық Банк барлық сарапшылар, экономистер, қаржыгерлер мен профессорларды жинады
Ұлттық Банк Алматыда «Ақша-кредит саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық сын-қатерлер» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізуде.
Басты сұрақ - инфляцияны таргеттеу моделі, яғни 2025 жылдан бастап инфляцияны 3-4% түсіру бойынша мақсаттың қаншалықты дұрыс қойылғанын бағалау. Оған сырттан келген тәуелсіз тарап өз пікірін айтуы тиіс.
Инфляциямен күресте барлық мемлекеттік органдар жұмысының үйлесім табуы да сөз болады. Бұл ретте, әңгіме бюджеттік қағидаға тіреліп тұр.
"Проциклдік фискалдық саясат, экономиканың теңгерімсіз құрылымы кезінде эмиссиялық қаржыландыру түріндегі ішкі проинфляциялық факторлар инфляцияның рекордты жеделдеуіне қолайлы негіз болды", - деді, Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов.
Және баға неден өсіп жатыр? Оның негізгі себептерін анықтау қажет. Бұл сұрақтарға сыртқы тараптың бағасы алынса, Ұлттық Банк ақша-несие саясатын анағұрлым тиімді жүргізуге қосымша мүмкіндік алатын болады.

👍38🔥4👏4❤1😢1
👀 Атаманның ақыры. Тимур Құлыбаевқа да тықыр таянды
Назарбаевтың күйеу баласы демонополизацияланбақ. Экономиканы монополиясыздандыру комиссиясы отырысы кезінде "Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының бірі заңсыз жекешелендірілген" деген пікір айтылды. Ал Премьер-Министр Әлихан Смайылов уәкілетті мемлекеттік органдарға бұл мәселені қолданыстағы заңнама аясында пысықтауды тапсырды.
@NRG_monitor дереккөздерінің ақпараты бойынша әңгіме "PetroRetail" компаниясы төңірегінде болып отыр. Бұл Тимур Құлыбаевтың компаниясы, ол бұрын "ҚазМұнайГаз" деген атымен белгілі болған "QazaqOil" АЗС-теріне иелік етеді.
Өз кезегінде @dalainside дереккөзі Тимур Құлыбаевтың АЗС желісін өзінде қалдыру мүмкіндігі бар екенін айтады. Әңгіме жекешелендіру кезінде соның қолына өтіп кеткен мемлекеттік мүліктің аукцион барысында тым арзан бағалануында. Егер келіссөздер барысында Тимур Құлыбаев онымен келіссе, онда мемлекетке үстінен қомақты қаржы төлеп, "PetroRetail" активтерін өзінде қалдыра алады.
Гегельді көрген, Бабельді де біле алады
Тимур Құлыбаев - тамаша стратег. Бірақ осы қабілетінің барлығын ол өзін байыту үшін ғана жұмсады. PetroRetail - оның керемет дайындалған, ұзақ операциясы. Ол шамамен 12 жыл уақыт алды. Естеріңізде болса, 2014 жылдан бастап сіздер "Мемлекет - нашар менеджер" деген қанатты сөзді жиі ести бастадыңыздар. Осы тұжырымның артында, мемлекет көп шығындалған, негізін қалап берген бизнестер тиімсіз, жекеге берейік деген ұсыныстар айтыла бастады. Оның бәрі жайдан-жай емес еді.
"Ребрендинг пен реакционеринг" операциясы
Тимур Құлыбаев елдің мұнайгаз саласының кураторы болғандықтан, 2000 жылдардан бастап "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының жеке АЗС желілерін салу бойынша бастамасына қатысы болғаны анық. Сол жылдары "ҚазМұнайГаз Өнімдері", "Торговый дом «КазМунайГаз" еншілес ұйымдары ашылып, АЗС желісін кеңейту үшін инвестициялар құйылды. Сол кездегі «Торговый дом «КазМунайГаз» бас директоры Төлеген Бозжановтың ақпараты бойынша, бір жаңа станция тұрғызудың құны 500-900 мың доллардың аралығында болған.
Ал 2019 жылы жеке қолға өтер алдында осы бизнесті мемлекет атынан басқарып отырған «KMG-Retail» фирмасы 301 жанармай бекетіне иелік етіп тұрды. Сатылар алдында бизнес тәуелсіз бағалаудан өтті. Deloitte жүргізген бағалау есебіне сай, бүкіл мемлекеттің еңбегі 59,9 миллиард теңгеге бағаланған.
Мемлекет жаман менеджер емес еді. «KMG-Retail» 2018-2019 жылдары елге 6,8 миллиард теңге табыс әкелді. Сонысына қарамастан, АЗС желісі мемлекет үшін артық жүк деп танылып, 2019 жылдың 1 сәуірінде оны «PetroRetail» фирмасы 60,5 миллиард теңгеге (сол кезде 163,3 миллион доллар) сатып алады. Ол фирма аукционға небәрі 12 күн қалғанда құрылған. Электронды үкімет деректері бойынша, оның құрылтайшысы ретінде «Prime case» ЖШС, «East Trade Solutions» ЖШС, Бақыт Сағынтаева мен Руфат Ходжалақов көрсетілген. Ал «Prime case» ЖШС «Head Company» фирмасы мен Данияр Абулғазинге тіркелген. Данияр Абулғазиннің Тимур Құлыбаевтың талай жылдан бері бірге келе жатқан сенімді серіктесі екенін айтуға болады. Сөйтіп жекешелендіруден 2 жыл өткеннен кейін, Тимур Құлыбаевқа қарасты «Joint Technologies» фирмасы ың-шыңсыз «PetroRetail» құрылтайшысы атана салады.
Осылайша, Тимур Құлыбаев іске асырған ұзақ мерзімді шахмат жүрісі 2021 жылы аяқталды. Оның негізгі кезеңі - яғни мемлекеттің долларларын шашып, болашақта жекешеленетін бизнестің базасын құрып алу 2009 жылы басталған еді. 12 жылдық операция күйеу бала үшін сәтті аяқталғандай көрінген. Бірақ әттең, "Қаңтар оқиғасы" орын алып, заман өзгеріп, Құлыбаев өз еңбегінің жемісін жей алмады.
Іші жаңарып, құлпырып тұрған "QazaqOil" заправкасынан бензин құйдырып, қызыл жилет киген кассир қызбен әзілдесіп тұрғанда, осы керемет оқиғаны есіңізге алсаңыз болады.

👍74🔥58😁14❤6🙏1
🔥Манчестер Сити vs Арсенал матчында 10 000₸ дейін қайтару мүмкіндігі
АПЛ-дағы чемпиондық үшін күрес. "Манчестер Сити" чемпионат көшбасшысы "Арсеналды" қабылдайды. Ұзақ уақыт бойы лондондық команда бірінші сапты ұстады және жеңілген жағдайда оны қарсыласына беруі мүмкін. "МанСитидің" жүрісі жақсы және бұл матчта жетістікке жетуге тырысады, бірақ біз Чемпиондар лигасын ұмытпауымыз керек, ол үшін жауынгерлік құрамды сақтау керек. Екі команда үшін де өте маңызды матч.
🔵 Сондықтан 1XBET «Тәуекелсіз ұтыс тігу» акциясына қатысуды ұсынады. Спорт эмоцияларының бас демеушісі ұтыс тігу сәтсіз болған жағдайда, 10 000 дейін қайтарады. 1XBET бірге алаң болмаңыз.
👉 Толығырақ сілтемеде

🖕35👍10🔥3😁3❤2😱2😢2👏1
🌱🇪🇺 Еуроодақ «жасыл энергия» таксаномиясына атом энергетикасы саласын да енгізді
Енді Еурокомиссия әзірлеген «жасыл энергетиканы» дамыту бойынша арнайы жоспарға сай, жасыл энергетикаға 250 миллиард еуро субсидия бөлінетін болады. Демек, болашақта атом электр станцияларының құрылысы да субсидиялануы мүмкін. Мұны Еуроодақ өзінің болашақ энергетикалық қауіпсіздігі үшін жасап отыр. Олар баламалы энергетикада АҚШ пен Қытай алға озып кетеді деп қауіптенеді. Себебі, Қытай алдағы 15 жылда 50 АЭС салуға шешім қабылдаған. Онымен қатар, аспан асты елі күн панельдерінің технологиясын барынша арзандатып, одан алынатын электр энергиясының құнын түсіруге бекініп отыр. Сол себепті, энергетика нарығында көштен қалып қою мүмкіндігі Еуропа елдерін кәдімгідей мазалауда.
Қазақстан да өз стратегиясы бойынша 2060 жылы толық мұнай мен көмір жағудан арылуы тиіс. Еліміз жасыл энергияны дамытудың бір бағыты ретінде атом электр станциялары құрылысын қарастырады. Қазір ғалымдар, экологтар бас қосып, осы құрылыстың аспектілері мен қоршаған ортаға әсерін жан-жақты талқылай бастады.
https://dalainside.kz/04/manyzdy/26/2023/949/

DALA инсайд
Экологтар АЭС жобасына сараптама жасамақ - DALA инсайд
Экологтар АЭС құрылысын қолдайды. Бастысы - ол қоршаған ортаға зиян тигізбеуі керек
👏26👍12❤5👌1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Айтқанымыз айдай келді: Әблязов-Козловская тандемі Жаңа Қазақстанды санкция батпағына батырмақ...
Бұған дейін Dalainside украин заңгері Людмила Козловская жетекшілік ететін "Ашық диалог" қоры Ақ үй табалдырығын тоздырып жүргенін хабарлаған.
"Тоқаев пен Путиннің құпиясы: мұнай эмбаргосын айналып өту" деген тақырыпта көлемді баяндама әзірлеген Козловская әлгі құжатты АҚШ-тың Әділет министрлігіне апарып тапсырған.
DALA INSIDE "Ашық диалог" қорын атышулы қазақстандық олигарх қаржыландырады деген-ді. Бұған арна оқырмандарының біразыкүмән келтірген .
Артынша Әблязовтың өзі де мәлімдеме жасап, Ақорданы "Ресейге санкцияны айналып өтуге жәрдемдесіп жатыр" деп айыптады.
Мұқаң Козловская жетекшілік ететін "Ашық диалог" қорының деректеріне сүйеніп отыр. Баяндама өзегі - "Тоқаев Батыс пен Украинаны алдап соқты" дегенге саяды.
"Ашық диалогтың" арғы жағында Әблязовтың сұлбасы тұрғанына дәлел болар бірнеше себеп бар: қордың ресми сайтындағы ақпарат түгелге жуық Қазақстанға қатысты.
"Тоқаевтың Путинге болысып жатқанын дәлелдейтін фактілерді жиып-теріп", оны АҚШ-тың құзырлы органына тапсырған Козловская осы іске "атсалысқан" Әблязовқа арнайы алғыс айтқан.
❗️ "Былтыр Қазақстан Ресейге құны 437 мың доллар болатын 11,5 тонна оқ-дәрі экспорттады. Бұған қоса, 2022 жылы арнайы мақсатта қолданылатын лазерлер, радиолокациялық, радионавигациялық және қашықтан басқарылатын радиоаппаратура, жартылай өткізгіш құралдар экспорттаған" деп жазды қор жетекшісі Людмила Козловская желідегі парақшасында.
Осыған орай "Азаттыққа" сұхбат берген олигарх:
"Батыс пен АҚШ Тоқаев, Тасмағамбетов және Василенкоға (СІМ орынбасары) персоналды санкция салу керек. Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев та осы тізімге ілігуі тиіс...", – деді.
Ал Жаңа Қазақстанға тақым қысуға тура келеді: Әблязов пен Козловская тізе қосқан болса, Ресейдің одақтасына санкция салу мәселесі күн тәртібіне шығады. Ескі Қазақстанға күн бермеген олигарх Тоқаевтың "жеті жылында" да тыныш жатқысы жоқ.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalainside
Бұған дейін Dalainside украин заңгері Людмила Козловская жетекшілік ететін "Ашық диалог" қоры Ақ үй табалдырығын тоздырып жүргенін хабарлаған.
"Тоқаев пен Путиннің құпиясы: мұнай эмбаргосын айналып өту" деген тақырыпта көлемді баяндама әзірлеген Козловская әлгі құжатты АҚШ-тың Әділет министрлігіне апарып тапсырған.
DALA INSIDE "Ашық диалог" қорын атышулы қазақстандық олигарх қаржыландырады деген-ді. Бұған арна оқырмандарының біразы
Артынша Әблязовтың өзі де мәлімдеме жасап, Ақорданы "Ресейге санкцияны айналып өтуге жәрдемдесіп жатыр" деп айыптады.
Мұқаң Козловская жетекшілік ететін "Ашық диалог" қорының деректеріне сүйеніп отыр. Баяндама өзегі - "Тоқаев Батыс пен Украинаны алдап соқты" дегенге саяды.
"Ашық диалогтың" арғы жағында Әблязовтың сұлбасы тұрғанына дәлел болар бірнеше себеп бар: қордың ресми сайтындағы ақпарат түгелге жуық Қазақстанға қатысты.
"Тоқаевтың Путинге болысып жатқанын дәлелдейтін фактілерді жиып-теріп", оны АҚШ-тың құзырлы органына тапсырған Козловская осы іске "атсалысқан" Әблязовқа арнайы алғыс айтқан.
❗️ "Былтыр Қазақстан Ресейге құны 437 мың доллар болатын 11,5 тонна оқ-дәрі экспорттады. Бұған қоса, 2022 жылы арнайы мақсатта қолданылатын лазерлер, радиолокациялық, радионавигациялық және қашықтан басқарылатын радиоаппаратура, жартылай өткізгіш құралдар экспорттаған" деп жазды қор жетекшісі Людмила Козловская желідегі парақшасында.
Осыған орай "Азаттыққа" сұхбат берген олигарх:
"Батыс пен АҚШ Тоқаев, Тасмағамбетов және Василенкоға (СІМ орынбасары) персоналды санкция салу керек. Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев та осы тізімге ілігуі тиіс...", – деді.
Ал Жаңа Қазақстанға тақым қысуға тура келеді: Әблязов пен Козловская тізе қосқан болса, Ресейдің одақтасына санкция салу мәселесі күн тәртібіне шығады. Ескі Қазақстанға күн бермеген олигарх Тоқаевтың "жеті жылында" да тыныш жатқысы жоқ.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalainside
👍131🔥20❤10😱7👏5😢4😁1🙏1
🤜💥 Күдебаев бітті, Байбек басталды
Қашып кеткен "генерал" Күдебаевтың елге қайтарылуы әккі сарапшылардың езуіне күлкі ұялатқаны рас. Серік Күдебаев неге Солтүстік Кипр немесе Дубайға өтіп кетпеді? Жыл сұрағы осы болып тұр.
Күдебаев неге сенді? Түркиямен арада экстрадиция бойынша келісім бар екенін білмеді ме? Қазақстан "гүленшілердің" басым бөлігін Түркияға тапсырғаннан кейін, ресми Анкара да Астана запростарына өте жауапты қарайды. Генерал оны білмеуі мүмкін емес.
Осы құпияны тек Күдебаевтің өзі біледі. Уақыты келгенде айтар. Бірақ ол ұзаққа созылатыны анық. Себебі, "генерал" қашамын деп басына бәле тілеп алды. Енді әу баста 8 жыл болып тұрған болжамды жазасы 15 жылға ұзаруы тиіс.
Күдебаевтың ұсталуымен, Қайрат Боранбаевтың сотталуымен Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбектің мойнындағы тергеу тұзағы тартыла түсті. Боранбаевтың жер мәселесіне қатысты тергеуге берген ақпараты бар. Күдебаев та көп ақпарат бере алады.
@dalainside дереккөзі 2023 жылдың аяғына дейін Бауыржан Байбектің үстінен қылмыстық іс қозғалады деген пікірде. Басты айып - Алматы жерлерін олигархтарға үлестіру. Жерге қатысты махинациялар саны бойынша Байбек Храпуновтан кейін екінші орында тұр. 2015-2019 жылдары Алматы әкімі болған ол сол азғантай уақытта көп былық жасап үлгерген. Алматыдағы жер махинациясы бойынша үшінші орында Бәйбектен кейін әкім болған Бақытжан Сағынтаев келеді.
"Байбек кезеңі" демалыс аймақтары мен заңмен қорғалатын жерлерді мемлекет меншігінен шығарып, олигархтарға берумен ерекшеленді. Сол жылдары Есентай, Көктөбе сынды көптеген элиталық тұрғын үй кешендері пайда болды. Медеу, Бостандық, Наурызбай аудандарының құрылыс жоспарлары қайта-қайта түзетілді.
Байбек екі жарлық шығарған. Оның нәтижесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жерлері "Омирекс" пен "Атлас девелопмент" фирмаларына өтті. Ал ол фирмалардың негізін Динара Құлыбаева қалаған.
Одан бөлек, Медеу және Бостандық аудандарында 116 гектардан астам табиғи зоналар мен демалыс орындары коттедждер мен көппәтерлі үйлер салу үшін олигархтарға сатылып кетті.
Ол эпизодтарды дәлелдеу тергеуге еш қиындық тудырмайды. Басты қиындық - Байбекті Солтүстік Кипрден шығарып алу.
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

👍132❤9🔥9😁4👏2🙏1
⚡️ Amanat мүшесі басқыншыларды қолдай ма?
Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Аманат» партиясының мүшесі Анна Башинская Украина президенті Владимир Зеленскийге Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасауды ұсынды деп жазды КазТАГ.
«Түркия тартымдырақ, Зеленский мырза! Ол жерде жыл бойы жылы», - деп жазды Башинская Facebook-тегі Deutsche Welle парақшасының астына.
Мақалада Зеленскийдің Қырымды Украинаға қайтаруды көздейтін қарымта шабуылды жоспарлап отырғаны айтылған.
Президент Yle арнасына берген сұхбатында Украинаның майдандағы жетістігі Батыстың қару-жарақ тасымалына байланысты екенін атап өткен.
Зеленский соған қарамастан соғыс ұзақ мерзімге, тіпті ондаған жылдарға созылуы мүмкін екенін ескерткен.
Сұхбатты тыңдап шыққан Башинская Украин президентін кекетіп, мұқатып өтіпті.
Желідегі жұрт Қазақстан азаматы бола тұра, оның басқа елдің президентін кемсіткеніне, одан бұрын басқыншыларға қолдау білдіргеніне наразы.
Депутат бауырлас Түркияға да тіл тигізгенін де байқамай қалса керек. Түрік елшілігі мұны елеусіз қалдырмасы анық.
Dalainside-қа жеткен мәлімет бойынша партия басшылығы Башинскаяның оғаш қылығынан хабардар. Алдағы күндері оған қатысты шара қабылданбақ.

👍163😱30🔥10😁6👏4❤3😢2🤩1
🤜💸 Котак VS доллар: кім жеңеді?
Үндістандағы үшінші ірі банк - Kotak Mahindra Bank басшысы Удай Котак "АҚШ доллары - әлемдегі ең ірі қаржылық террорист" деп мәлімдеді.
"Біздің барлық ақшамыз ностро шоттарында (әлемдік қаржы нарығындағы валюталық операцияларға және шетел валютасымен есеп айырысуға байланысты пайдаланылады) жатыр. Ал АҚШ-та отырған әлдекім кез-келген уақытта бізге "ертеңнен бастап ол шоттан ақша шеше алмайсыз" деп айта алады. Бітті. Сонымен шаруаңыз бітеді", - деп түсіндірді, Котак мырза.
Удай Котак 14,5 миллиард доллар байлығымен Forbes рейтингінде 124-ші орында келеді. Ол Қазақстанға үнді миллиардері Гаутам Аданидің жобасы арқылы өз қаржысымен кіруі керек еді. Бірақ Адани мырза "байтал түгіл бас қайғы" кебін киіп, махинациялардан 100 миллиард доллар жоғалтты. Қазақстанға арнаған жобаларын ысырып қойды.
Қазір Қытай, Ресей, Үндістан мен Бразилия сыртқы саудада доллар емес, өз валюталарымен есеп айырысу моделін қолдануды күшейтті. Ол үшін тараптар бір-бірінде корреспонденттік шот ұстайды. БРИКС аймағында юань долларды алмастыра алар еді. Бірақ Үндістан мен Қытай арасындағы шекаралық жанжал салдарынан Үндістан Қытай валютасына бас игісі келмеді.
Ресей керісінше сыртқы алыс-берісте юаньға толық ауысуда. РФ Орталық банкі осы аптада 200 миллион долларға юань сатып алмақ. АҚШ Қаржы министрлігі БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, ОАР) тарапынан жасалып жатқан "дедолларизация" қадамын мұқият бақылап отыр.

👍63😁32❤7🔥5👏2😱1👌1
💸 Home Card Lite иелері осы жылдың алғашқы 3 айында 556 миллион кэшбэк бонусын алды
Төлемдер үшін Home Card Lite картасын таңдаған қазақстандықтардың саны артып келеді.
Осы жылдың 1 қаңтары мен 30 наурызы аралығында карта иелері 10 миллиард теңгеден астам сомаға 1,6 миллион транзакция жасап, сол арқылы 555,5 миллион кэшбэк бонустарын алды.
Тұтынушылардың көбі картаны жанармай құю бекеттерінде, супермаркеттерде және коммуналдық төлемдерді төлеген кезде пайдаланған. Өйткені, Home Card Lite дәл осы санаттар үшін картаны ашқаннан кейін алғашқы 90 күн ішінде 10%, 90 күннен кейін – 5% кепілдік берілген кэшбэк қайтарады.
Айтпақшы, Home Credit Bank-те қазір мынандай акция бар. Егер 14 мамырға дейін Home Card Lite картасымен төлесеңіз, GLOVO тапсырыстарыңызды тегін жеткізіп береді.
Егер сізде бұл карта әлі жоқ болса, онлайн немесе банк бөлімшесіне барып аша аласыз. Картаны жеткізу тегін. Толық ақпарат 👉 мына жерде
2022 жылғы 17 тамыздағы ҚНРДА берген № 1.2.36/40 лицензия

👍33❤4🔥1🙏1
🙅🇷🇺 Beeline Ресей телеарналарын еркін өшіре алады
Қазақстандағы Beeline енді Ресейге бағынбайтын болды. Ресейлік "Вымпелком" Қазақстандағы Билайнның 75% акциясын нидерландтық VEON телекоммуникациялық холдингіне 611,2 миллион долларға сатты.
Бұған дейін, 2022 жылдың күзінде қазақстандық Beeline өз кабельді жүйесінен (BeeTV) ресейлік пропагандистік телеарналарды өшіргенде, РФ президент әкімшілігіндегі шенеуіктер Вымпелком басшылығына қоқан-лоққы көрсетіп, Beeline тез арада өшкен арналарды эфирге қайтарған болатын.
Енді Ресей олай істей алмайды. Оның біздегі Beeline компаниясына еш қатысы жоқ. Біздегі Билайнның 75% акциясы VEON холдингінде, 25% акциясы Болат Өтемұратовтың қолында.
Beeline шынымен де жарқын жаққа өтті. DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша, жаз айларында VEON Beeline пакетінен Ресей телеарналарын алып тастау бойынша бастама дайындайды. Оған Болат Өтемұратов келісім берсе болғаны.
Болат Өтемұратовтың саяси көзқарасы әлі күнге дейін құпия болып келе жатыр. Ол астыртын Путин мен Кремльді қолдай ма, жоқ әлде соғысқа қарсы ма, ол жағы белгісіз. Бірақ оған бәрібір позициясын білдіруге тура келмек. Жазда Beeline кабельді жүйесінен Ресейдің пропагандистік арналары жоғалып кетсе, онда Болат Жәмитұлы да жарқын жаққа ауысты деп түсінетін боламыз.
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇🏽

👍202🔥6🙏4❤3🤝3👏2🤩2😢1
⚡️ Назарбаевтың төңірегі тыпырши бастады: Қажыгелдин алдағы апта АҚШ-қа жол жүреді...
Қиырдағы қазақ оппозициясы сыртқа кеткен активтерді қайтару мәселесін мықтап қолға алмақ.
Назарбаев кланымен жалаң қолмен күресу қауіпті. Бұған Уашингтонның пәрмені мен демеуі қажет.
DALA INSIDE-қа жеткен ақпар бойынша Қазақстанның экс-премьеры, ширек ғасыр бойына қиыр қонып, шет жайлап жүрген Әкежан Мағжанұлы мамырдың ортасында АҚШ астанасына жол тартады.
Ақ үйдегі ықпалды тұлғалармен жүздесуді жоспарлап отырған Қажыгелдин Назарбаевтың төңірегі, соның ішінде экс-президенттің күйеубаласыТимур Құлыбаевқа санкция салуды табанды түрде талап етпек.
Аталған тізімде атышулы «Майшеке», Александр Машкевич те бар.
Қолды болған активтерді қайтару қорын (KIAR) құрған Қажыгелдин мықты лоббистке мұхтаж. Бұл іске Конгрестің назарын аудару оңай болмайды.
Әкежанның командасы Уашинтондағы саяси ортада әжептәуір салмағы бар Жозеф Славиктің тамырын басып көрмек.
Славик Scribe Strategies & Advisors лоббистік компаниясының жетекшісі.
Қажыгелдинмен бұған дейін де контакт орнатқан.
Экс-премьердің 2021 жылдың желтоқсанындағы Уашингтон сапарына Славиктің септігі тиген. Сол жолы Әкежан бастаған қазақ оппозициясы Конгресс мүшелерімен қауқылдасқан болатын.
Жозефтің Қазақстанмен байланысты басқа да жұмысы жетіп артылады.
❗️ Қазір ол Болат Назарбаевқа алданып қалған испан инвесторлары Нервиса Герардо и Торрес Морананың активтерін қайтара алмай мұрнынан шаншылып жүр.
Жозекең АҚШ-тағы Шетел активін қадағалау кеңсесіне (OFAC) барып Бөкеңнің үстінен арыз түсірген.
Лондонда тұратын Қажыгелдинмен Қазақстандағы оппозиция өкілдері тұрақты байланыста. Қажыгелдиннің "Қазақ активтерін қайтару" (KIAR) қоры мен Болат Әбіловтың "Елге қайтару" ұйымы етене байланыста жұмыс істейді. Бутяның сенімді адамы, қаржыгер Оразалы Ержанов сәуірдің соңында Британ астанасына барып, Әкежанмен әңгіме-дүкен құрған.
KIAR-ға көмек қолын созған құрылымдардың ішінде британ ізкесері, Орта Азиядағы автократтарға тиесілі шетелдік активті тіміскілеп жүретін Стивеном Фитцджон бар.
Фитцджонның Ventham Consulting компаниясы Қажыгелдинге Назарбаевтың құпия капиталы туралы мәлімет жіберіп тұрады. Әрине, тегін емес.
Әкежан мырзаның айтуынша Назарбаев әулетінің ел көзінен таса, астыртын алып шыққан активінің құны 100 млрд доллардан асып жығылады.
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalainside
Қиырдағы қазақ оппозициясы сыртқа кеткен активтерді қайтару мәселесін мықтап қолға алмақ.
Назарбаев кланымен жалаң қолмен күресу қауіпті. Бұған Уашингтонның пәрмені мен демеуі қажет.
DALA INSIDE-қа жеткен ақпар бойынша Қазақстанның экс-премьеры, ширек ғасыр бойына қиыр қонып, шет жайлап жүрген Әкежан Мағжанұлы мамырдың ортасында АҚШ астанасына жол тартады.
Ақ үйдегі ықпалды тұлғалармен жүздесуді жоспарлап отырған Қажыгелдин Назарбаевтың төңірегі, соның ішінде экс-президенттің күйеубаласы
Аталған тізімде атышулы «Майшеке», Александр Машкевич те бар.
Қолды болған активтерді қайтару қорын (KIAR) құрған Қажыгелдин мықты лоббистке мұхтаж. Бұл іске Конгрестің назарын аудару оңай болмайды.
Әкежанның командасы Уашинтондағы саяси ортада әжептәуір салмағы бар Жозеф Славиктің тамырын басып көрмек.
Славик Scribe Strategies & Advisors лоббистік компаниясының жетекшісі.
Қажыгелдинмен бұған дейін де контакт орнатқан.
Экс-премьердің 2021 жылдың желтоқсанындағы Уашингтон сапарына Славиктің септігі тиген. Сол жолы Әкежан бастаған қазақ оппозициясы Конгресс мүшелерімен қауқылдасқан болатын.
Жозефтің Қазақстанмен байланысты басқа да жұмысы жетіп артылады.
❗️ Қазір ол Болат Назарбаевқа алданып қалған испан инвесторлары Нервиса Герардо и Торрес Морананың активтерін қайтара алмай мұрнынан шаншылып жүр.
Жозекең АҚШ-тағы Шетел активін қадағалау кеңсесіне (OFAC) барып Бөкеңнің үстінен арыз түсірген.
Лондонда тұратын Қажыгелдинмен Қазақстандағы оппозиция өкілдері тұрақты байланыста. Қажыгелдиннің "Қазақ активтерін қайтару" (KIAR) қоры мен Болат Әбіловтың "Елге қайтару" ұйымы етене байланыста жұмыс істейді. Бутяның сенімді адамы, қаржыгер Оразалы Ержанов сәуірдің соңында Британ астанасына барып, Әкежанмен әңгіме-дүкен құрған.
KIAR-ға көмек қолын созған құрылымдардың ішінде британ ізкесері, Орта Азиядағы автократтарға тиесілі шетелдік активті тіміскілеп жүретін Стивеном Фитцджон бар.
Фитцджонның Ventham Consulting компаниясы Қажыгелдинге Назарбаевтың құпия капиталы туралы мәлімет жіберіп тұрады. Әрине, тегін емес.
Әкежан мырзаның айтуынша Назарбаев әулетінің ел көзінен таса, астыртын алып шыққан активінің құны 100 млрд доллардан асып жығылады.
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalainside
👍210👏20❤11🔥9😱9🙏9😁4🤩3😢2👌2
👂 ChatШПТ: "Ескі Қазақстан" жаңа шифрге көшті
Назарбаев кланы және "Ескі Қазақстан" өкілдері өзара байланыс үшін Signal мессенджерін орната бастады дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Себебі, WhatsApp пен Телеграмға белгісіз себептермен сенімдері азайған. Әкежан Қажыгелдиннің Вашингтонға жоспарлап отырған сапары туралы жаңалық олардың арасында қызу талқылау туғызды. Қажыгелдин АҚШ Қаржы министрлігі өкілдерінен қазақстандық олигарх Тимур Кұлыбаев пен оның жары Динара Құлыбаеваға дербес санкция жариялауды сұрамақ.
Және Мағжанұлының қолында ондай шешімге дәлел ретінде жетерік материалдар бар сияқты. Тимур Құлыбаев Путин бастаған соғысқа дейін Ресейдегі бизнес истеблишмент қатарына кірген еді. Ол Газпромның директорлар кеңесінде болды. Соғыс басталғаннан кейін бір айдың ішінде Газпромдағы лауазымнан бас тартқан.
Құлыбаевтарға санкция салынса, Халық Банк ауыр жағдайға душар болатыны сөзсіз. Себебі, олигархтар отбасы Қазақстандағы ең ірі банктің 69,51 пайызына "АЛМЭКС" холдингі арқылы иелік етеді. Және Халық Банк санкцияға ұшырамас үшін, оның акцияларын басқа тұлғаға тапсыруға мәжбүр болады.
Әкежан Қажыгелдин мен Серік Медетбековтың қолында Қазақстанды 30 жыл билеген клептократиялық режимнің шетелдегі активтері бойынша толық ақпарат бар. Ол бойынша, Құлыбаевтар, Нұрәлі Әлиев, Дариға Назарбаева, Қайрат Шәріпбаев, Димаш Досан, Әлия Назарбаевалардың активтеріне құрық салып, елге қайтаруға болады.
Онда Әкежан Қажыгелдинге "Халық қаһарманы" атағы беріліп, толық ақталып, елге қайтатын жол ашылады.

👍264👏20🔥18😁5❤2🥰2😱2
🪨 Тас түскен жеріне қызыл
"Русский дом" арқылы қазақ балаларын Қырымға демалуға жіберіп жатқан Россотрудничество қайткен күнде де Петропавлдың атын Қызылжарға ауыстыртпау бойынша алдына мақсат қойып отыр.
Бұл бағыт бойынша "Ресейдің жұмсақ күші" саналатын ұйым енді ОДКБ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен тығыз әріптестік орнатпақ. Иманғали Нұрғалиұлының Сенат депутаттары мен Қызылжар әкімдігі арқылы бұл мәселеге араласуға мүмкіндігі мен саяси салмағы бар. Мамырдағы ұзақ демалыстан кейін Россотрудничество басшысы Евгений Примаков Тасмағамбетовке арнайы кіріп шығуды ойластырып отыр. Екеуі де Мәскеуде тұрады. ОДКБ секретариаты Сверчков көшесінде орналасқан.
Кремль Қазақстандағы болашақ президент сайлауында Тасмағамбетовты өз кандидаты ретінде көріп отыр. Оған дайындықтың белсенді фазасы 2025 жылдары басталады деп ойластырылған. Бірақ ол конфигурацияны жоспарлап отырған Путин емес, президент әкімшілігін басқаратын Сергей Кириенко мен болашақ Ресей президенті Дмитрий Патрушев. Путин болса, қазір Украина мәселесінен басқа ешбір сұраққа бас қатырғысы келмейді.
Дмитрий Патрушев - ФСБ директоры Николай Патрушевтың баласы. Қазір ол Ауыл шаруашылығы министрі лауазымында тәжірибе жинақтауда. Патрушев Путинге қауіпсіздік гарантиясын бергеннен кейін, тараптар осы шешімге келгендей болған.
Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан бойынша кітапты ең көп оқыған 100 адамның қатарына кіреді. Ол орыс классиктерінің туындысын, мәдениетін, музыкасын терең меңгерді. Онымен бірге, қазақ классикалық әдебиетінің академигі десе де болады. Иманғали Нұрғалиұлы талай жазушымен жеке таныс, рухани әлемді бес саусағындай біледі.
Иманғали Тасмағамбетовтың ұлты қазақ. Сондықтан, Ресей ол арқылы өз саясатын жүргізсе де, Нұрғалиұлының жүрегінің түбіне қазаққа деген жанашырлық, ұлттық мүдде қалды деп ақырына дейін сенеміз. Сол кезде ғана мемлекеттің болашағына алаңдамауға болады.

👍112😱30😁21❤11😢5🔥4👏4