DALA INSIDE
10.2K subscribers
412 photos
136 videos
1 file
1.17K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🕺 Супермаркеттерде, жанармай құю бекеттерінде, коммуналдық қызметтерге төленген қаражаттың 10% қалай кайтаруға болады?

Home Card Lite келесі санаттарға жоғары кэшбэк береді:
Супермаркеттер, жанармай құю бекеттері, коммуналдық қызметтерді төлеу: ашылғаннан кейінгі алғашқы 90 күн — 10%, содан кейін — 5%
Ойын-сауық саябақтары — маусым айында 10%. Бұл санат ай сайын дауыс беру арқылы өзгереді.

Сонымен қатар, картаға қызмет көрсету, шығару және жеткізу — тегін. Барлық аударымдар мен төлемдер комиссиясыз.

Егер сізде әлі де Home Card Lite картасы болмаса, картаны жаңа ашқан адамдарға банк Welcome bonus – 1000 Т ұсынады. Ол үшін 30 маусымға дейін Home Card Lite картасын ашып, карта ашылғаннан кейін 7 күннен кешіктірмей 1000 теңгеден астам сомаға сауда жасау керек.

Бонус 7 күн жарамды, сондықтан оларды жұмсауды немесе картаға аударуды ұмытпаңыз, 1 бонус = 1 теңге. Акция бұрын банк өнімдерін пайдаланбаған жаңа клиенттерге арналған.

Картаны бөлімшеде, мобильді қосымшада немесе home.kz сайтында ашуға болады.

#pr
👍27❤9👏2
🇰🇿🇹🇷 Ұлықтау рәсіміндегі оғаш көрініс: Ердоған Тоқаевқа неге өкпелі?..

Түркия көшбасшысының ұлықтау рәсімінде Тоқаевтың Ердоғаннан оқшау отыруы Тұран одағының төңірегіне топтасқан қазақтардың ұнжырғасын түсіріп жіберді.

Ердоған сол қапталына Мирзияевті, оң жағына Әлиевті отырғызғаны белгілі. Жаңа Қазақстанның лидері бұл үштіктен шеткерірек орналасты.

Қазақтілді ортаға оғаш көрінген осы көрініс түрлі пыш-пыш әңгімеге түрткі болды. Соңғы аптада арнамыздың пошта жәшігіне түскен сауалдың дені осыған арналды.

Ердоған Тоқаевқа неге өкпелі? Кім кімді ренжітті? Сенім мен сыйластыққа не себепті сызат түсті? Тұран одағының болашағы бұлыңғыр тартты ма?..

DALA INSIDE мұның жауабын мәжілісмен Самат Нұртазадан сұрады.

«Мұны дипломатиялық мінез көрсету дейді. Яғни, өкпе-ренішті білдіру ғана. Мәселе Солтүстік Кипрден шыққан болуы керек. Ол арасы сол сәтке куә адамдарға анық аңғарылған сияқты...», - дейді депутат.

Ұлықтау рәсімінде Ердоған Әзірбайжан, Өзбекстан және Солтүстік Кипр басшыларын алдымен атады. Төртінші кезекте ғана Тоқаевқа тоқталды. Неге?..

«Себебі Түркияның желкесінде тұрған, бауырлас Солтүстік Кипр мемлекетін Қазақстан мойындамады. Тоқаев: «Бұл - БҰҰ жарғысына қайшы» тікесінен айтты. Ердоған соған бұртиған болар.

Әлбетте, ешкіммен қабақ шытпай, сыйластықта өмір сүрген жақсы. Бірақ, кез келген жағдайда Қазақстан мүддесі бірінші орында тұруы тиіс.

Егер біз Солтүстік Кипрді мойындасақ, оның арғы жағында «бізді де мойында» деп Қырым, Луганскі мен Донецкі, Косова мен Тайвань тулап шығады. Президенттің Петербордағы: «Косованы да, Қырымды да мойындамаймыз» деп меңзеген сөзі Солтүстік Кипрға қатысты өз жалғасын тапты», - дейді Нұртаза.

Депутат дәл тапқан диагноздың бірі: Түркия Қазақстанның проблемасын терең түсіне алмайды дегенге саяды.

«Түркия біз секілді Ресеймен, Қытаймен шектесіп жатқан жоқ. Біздегі өмір өлшемі бөлек, жер аумағымыз үлкен. Тоқаевтың тұсында қандай жағдайда болмасын өз мүддемізді алға қоятын психология қалыптастырып жатырмыз.

Бейжің көсемі елге келгенде «Қазақстанның аумақтық тұтастығын қолдаймыз» дей келе, өзіне қатысты тура осындай қарым-қатынасты талап ететінін меңзеген еді. Бұл арадағы жағдай да соған ұқсас. Солтүстік Кипрді мойындап, басымызға бәле тілеп алар жайымыз жоқ. Қазақстанда сепаратизмге жол жоқ!

Кез келген мемлекеттің территориялық тұтастығын мойындаймыз, сыйлаймыз, қолдаймыз әрі осындай қарым-қатынасты өзімізге қатысты да талап етеміз. Тоқаевтың ұстанымы осындай», - дейді депутат.

Мәжілісмен Тұран одағы төңірегіндегі әңгімелерді иллюзияға балап отыр. Оның әскери ұйымға айналуы екіталай.

«Геосаяси аухалға шынайы көзбен қарау керекпіз. Түркияның тұрған жері бір басқа, біздің орналасу ерекшелігіміз бір басқа. Анкараның өзі НАТО-ға мүше. Одақ құрылған күнде ЕАЭО секілді экономикалық-мәдени-рухани байланыстарға негізделеді деп ойлаймын», - дейді депутат Нұртаза.

Айта кетелік, түрік көсемі бұған дейін Украинаның Донецкі мен Луганскі облыстарын тәуелсіз деп таныған Кремльдің шешімін сынға алған еді.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
👍137❤15👏8👎5🔥4😁4🙏2
⚡️ Ол Путиннің шапқыншылығын қолдайды! Ресейлік медиа маман Қазақстанда лауазымды қызметке тағайындалды...

Белгілі PR маман, әріптесіміз Назым Жанғазы ресейлік МузТВ арнасының экс-директоры Арман Дәулетияровтың қазақстандық теленарыққа кіруіне қарсы шықты.

Дәулетияров күні кеше Президент телерадиокешені төрағасының кеңесшісі боп тағайындалған.

«Бұл өте-мөте қауіпті үрдіс! Ол 🇷🇺 Ресей азаматы. Президент ТРК-сы Тоқаевтың қызметін ел-жұртқа жеткізетін негізгі құрал. Мұндай ортада өз азаматтарымыз тер төгуі тиіс. Телеарна контентін төңірегіне қазақстандық көзқараспен қарайтын азаматтар әзірлеуі қажет.

Дәулетияров? Ол шоу-бизнес өкілі. Елдегі саяси әлеуметтік-ахуалдан мақұрым. Өмірбақи ырду-дырдудың ортасында жүрген адамның мемдеңгейдегі жоба әзірлеуге өресі жете ме?! Президент қызметін насихаттау, Ақорданың ақпаратын таратуды Арман секілді адамдарға табыстауға болмайды…», - дейді ол.

Жанғазының пікірінше телеарна басшылығы өрескел қателік жіберген, кадр саясатына мұншалықты салдыр-cалақ қарауға болмайды.

❗️ "Ең сорақысы, Дәулетияров "орыс әлемінің" белсенді өкілі. Ол Путиннің шапқыншылығын жақтап, Украинаны басып жаныштауға қолдау білдірген. Оның бір жылғы бұрынғы сұхбатын шолып шыққан болсаңыз, осы айтқаныма көзіңіз жетеді.

Киевті үш күнде жаулап алуды көксеген 🔫 Кремльдің ойы іске аспай, санкциялар буындыра бастаған тұста Арман бастаған "путинистер" Қазақстанға безді. Осы арада: "егер Ресей Украинаны жаулап алса, Дәулетияров Қазақстанға қайтып келер ма еді?" деген орынды сауал туындайды. Әй, қайдам! Аттап баспас еді. Сондықтан да оның қазіргі образына алданып қалмаңыздар…», - дейді Назым Жанғазы.

Оның пайымдауынша, Арман Дәулетияров МузТВ-ны басқарған тұста көрші елдерге Ресей саясатын ұлықтайтын пропагандамен айналысқан.

DALA INSIDE бұған қатысты петиция ұйымдастыруды көздеп отыр.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍197😱38👎13❤9🤝3🔥2
🇰🇿 Аналитик Айбар Олжаев: Қазақстан "Әли" дәуірінде отыр

"Бүгіннен бастап ортақ идеологиясыз өмір сүруіміз ресми түрде аяқталды. Негізі, "Қаңтар оқиғасынан" бері жаңа идеология кірпішін там-тұмдап қалап келе жатқан болатынбыз. Екінші президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр жолдаулары мен баяндамаларында осы идеология үзік-үзікпен беріліп келді. Бірақ тарих, википедия, БАҚ, фейсбук пен тик-ток үшін идеологияға нақты атау беріліп, ықшамдалған формулировкасы керек. Жапондар сияқты (Сева, Мейдзи, Рейва) біз де өз дәуірлерімізді атау-атауға жіктеп, ұқыптап бөліп тастау керекпіз. Сонда бәріне оңай болады", деп жазады, Айбар Олжаев өз фейсбук парақшасында.

Оның жазуынша, біз қазір "Жаңа Қазақстан" заманы, "Әли" дәуірінде өмір сүріп жатырмыз.

Шамамен, картина мынадай:
1. Абылай заманы
2. Кене заманы ("Кенесары" дәуірі, "Алаш" дәуірі)
3. Кеңес заманы ("Нәубет" дәуірі, "Димаш" дәуірі)
5. Ескі Қазақстан заманы (1991-2021, "Қайрат" дәуірі)
6. Жаңа Қазақстан заманы (2022-2030 - "Әли" дәуірі, 2030-2040 - "Кемел" дәуірі)

"Қайрат" дәуірі Тәуелсіздік алған жылдары басталып, бірінші президентпен 30 жыл бойы жүрді. Ол дәуірдің ерекшелігі - идеология болған жоқ. Жабайы кезең, яғни күштінің әлсізді жаншу, тартып алу, заңсыздық заманы болды. Жастар барлық ресурстан айрылды және басқа елдерге қоныс аударды.

Әли дәуірі (әділетті уақыттың басталуы) 2022 жылы, Қаңтар айында басталды. Ол Конституция бойынша 2030 жылы екінші президент өкілеттілігінің таусылып, саяси аренаға үшінші президент келгенге дейін жүреді және ел мен қоғам дамуын мүлде жаңа, сапалы деңгейге көтеретін болады. Ал "Әли" идеологиясы - барлық процестер әділетті болады, әркім өзіне шын лайықты бағасын алады, мәселе/қызмет аға-көке, тамыр-таныс, ру-тайпа емес, адамның біліктілігі мен қабілетіне сай шешіледі деген ұғымдарды жинақтайды.

Сондықтан біздің қазіргі ортақ мемлекеттік идеология - "Әли" идеологиясы болып табылады.

2030 жылға дейін, яғни Әли дәуірінде біз рухани-моральді проблемаларымызды шешеміз. Ал Кемел дәуірінде, оның басында болатын үшінші президентпен Қазақстанның материалды-техникалық қарыштап дамуы қолға алынатын болады. Ол кезде жасыл сутегі, торий реакторы, магнитты-катушкалы транспорт пен логистика, Vision коммуникация кеңістігі сияқты жаңа салаларды меңгереміз. 2030 жылдан бастап біз Кемел идеологиясына өтуіміз тиіс.

"Әр президенттің тарих бекіткен өз миссиясы бар екені анық көрінді. Қазақ халқы небір нәубетті бастан өткерген, көп жылаған ел. Оның да бір қуанып, жүзіне күлкі оралатын уақыты алда деп сенемін", - деп жазады сарапшы.

Негізі, Әли идеологиясының атауы ықшам және түсінікті, ал мазмұны нақты болғандықтан жас буын арасында тез таралады және қолданысқа енетін сияқты. Бұған дейін, 1991 жылдан бері идеологиясыз вакуумда өмір сүріп келдік. Ортақ идеология болмағандықтан, халық түрлі ағымдардың жетегінде кете бастады. Енді әділдік идеологиясының маңайына топтассақ, ел болып, етек-жеңімізді жинау қиын болмайды.

Ұлттық идеология туралы әлі де толғанамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз 👇🏽

https://t.me/dalainside
👍98😁31❤11👎7🔥7
🏦 Kaspi банкке қисынсыз талап қойылды: оны техникалық тұрғыдан орындау мүмкін емес

2022 жылдың қорытындысы бойынша Kaspi bank активтері 5,1 триллион теңгеге бағаланады. Астанадағы банк бөлімшесін басып алып, адамдарды кепілге алған Әлихан Мұрадов (кепіл қызметкерлер босатылды, Мұрадов тұтқындалды) осы активтерді балаларға, мүгедектерге аударуды талап еткен. Бірақ актив деген банкте жатқан ақша емес, ол банктің халық пен фирмаларға берген кредиті. Бір сөзбен айтқанда, физикалық тұрғыда банк активтері халық пен фирмалардың қолында.

Былтыр Kaspi bank таза кірісі 363 миллиард теңгеге жетті. Ол жағынан Каспи Халық банктан кейін екінші орын алады. Kaspi bank Baring Vostok инвестициялық қорына (28,5%), Михеил Ломтадзеге (24,29%), Вячеслав Кимге (23,1%), Лондон қор биржасынан Каспи акцияларын сатып алған көптеген инвесторларға (21,02%) тиесілі.

Сондықтан Kaspi bank басшылығы активтерге қатысты шешім қабылдай алмайды. Ол үшін дауыс беру құқығы бар инвесторларды жинауы тиіс. Екінші жағынан, банктің міндеттемелер корзинасында Қазақстан халқы депозит ретінде ұстап отырған 3,5 триллион теңге бар. Өз депозитін ешкім олай талан-таражға салдырмайтыны анық.

Kaspi bank қайырымдылықпен тұрақты түрде айналысып келеді. Өткен жылы банк «Қазақстан халқы» қорына 7 млрд теңге аударған болатын.

https://t.me/dalainside
👍78❤10😱6👏3🙏1
⚡️🛬 Air Astana-ны жел шайқап жатыр: Британдар компаниядағы үлесін шұғыл сатуға қойды...

Air Astana-ның 49 пайыз пакетіне иелік ететін британдық BAE Systems өз үлесін апыл-ғұпыл сатуға шығарыпты. Мұндай шұғыл шешім қабылдауға не түрткі болды?

DALA INSIDE мұның түбіріне үңілуге тырысты.

Отандық әуе кеңістігін «отарлап» алған монополист соңғы кезде Смайылов үкіметінен жиі сөз естіп жүр. Оған орынды аргумент бар. Компанияның баға саясаты мен бизнес моделі жұрттың жынына тиіп бітті.

Жолаушының шағымын ескермейтіні, рейстерді себепсіз шегеретіні, оны түсіндіріп жатуды жөн санамайтыны, былайша айтқанда «ескі Қазақстанның» өлшемімен өмір сүретіні Air Astana-ның репутациясына оңдыртпай сызат түсірді.

Жолаушыға жарымай, жұтап жүрсе бір жөн. 49 пайызына британдар, 51 пайызына «Самұрық Қазына» иелік ететін «Айыр астана» (тілге жеңіл) былтыр күреп табыс тапқан. Түсім 78 млн $-дан асып жығылды. Пассажирлер потогы 11-ға артып, 7,4 млн адамды құраған.

Компаниядағы билет бағасы «құтырып» тұр. Смайыловтың сөзімен айтқанда, Air Astana-ның күйттегені ақша, ақша және ақша, өзгесіне бас қатырмайды. Ақша демекші, күні кеше компанияға 15 млн $ штраф салынды (себебін ілгеріде айттық).

«Айыр Астананың» аталасы FlyArystan-ның билеттері де удай. Сервисі де сын көтермейді. Тоқ етерін айтқанда, отандық әуетасымалында шынайы бәсекенің жоқтығынан монополистің білгенін істеп, алшаң басуына жол ашып бердік.

❗️ Әріптесіміз, Денис Кривошеевтің айтуынша Алматы мен Астананың арасындағы билет құны 107 доллар. Бұл Мәскеу мен Петебор арасындағы рейстің құнынан 5 есе қымбат!

Аталған факторлар британдық BAE Systems-ке ой салған болуы мүмкін. Репутациясына сақ қарайтын ағылшындар Air Astana-мен байланысты тәуекелдерден күн бұрын құтылғанды жөн санаса керек.

Смайылов үкіметі пен әуе компаниясының арасындағы айқастың финалы қызық болғалы тұр.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Үкімет отандық әуе нарығын либерализация жасауға оқталуда. Ішкі нарықта жолаушы тасымалдайтын 7 компанияның қарамағындағы 75 ұшақ жеткіліксіз.

Қазақстан аспанын шетелдік әуе компанияларына айқара ашсақ, Air Astana-ның үстемдігі де келмеске кетеді. Баға арзандайды. Клиент үшін күрес басталады.

Мұндайда инвесттабыстың да айтарлықтай төмендері шүбәсіз. Британдар мұны сіз бен бізден артық біліп отыр. Турбулентті зонаға тап болған компанияның 49 пайызын кім алар екен?..

Әлбетте, Смайылов үкіметінің сапында «Айыр Астананы» қорғаштап отырған лобби бары анық. Олар билет бағасының шарықтауын жанармай бағасы, ұшақтың лизингі (арендасы) және валюта нарығындағы хаостан көреді.

Ал, жолаушының жайын кім ойлайды? Сіз бен біз қолжетімді билет пен сапалы сервиске лайық емеспіз бе?..

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнамызға тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
👍125❤14🔥10👏4👎3🙏3
⚡️ Шах және мат: Анатол Стати Смайылов үкіметінің жалған есебін әшкереледі

Анатол Стати Жаңа Қазақстанның халықаралық аренадағы репутациясын кірлетуге қызу кірісіпті.

DALA INSIDE атышулы бизнесменге тиесілі Tristangate.com сайтында жарық көрген даулы мақалаға талдау жасады.

Статидің сөзіне сенсек, Тоқаевтың тұсындағы Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) анау айтқандай ауқымды емес.

Смайылов үкіметі президентке "2022 жылы Қазақстанға келген ТШИ көлемі 28 млрд долларға жетіп, рекорд жаңартты" деген есеп берген. Статидің айтуынша бұл 2012 жылғы көрсеткіштен көп төмен. Әлгі 28 млрд-дің шығу тегі де күмәнді…

Тікелей шетелдік инвестицияның 40 пайызы Швейцария мен Голландиядан ауған.

«Алайда бұлардан келетін қаражат Қазақстанда ұзақ аялдамайтын, экономикаға еш үлес қоспайтын, жұмыс орнын құрмайтын "фантомды" (елес) инвестиция. Аталған елдер Қазақстанды аралық алаң ретінде пайдаланып отыр. Қазақ билігі транзитті капиталды инвестиция есебінде көрсетіп, елді де, өзін де алдауда», - дейді Tristangate.

Статидің айтуынша, Қазақстанның негізгі инвестәріптестері Қытай, Франция, Ұлыбритания және Германиядан құйылған инвестиция көлемі 2012-мен салыстырғанда 40 пайызға құлдыраған.

«Смайылов үкіметінің Голландиядан жеткен тікелей инвестиция соңғы екі жылда 16 пайызға артты деген есебі де жалған. Осы күнге дейін ешбір голланд компаниясы Қазақстанға қомақты инвестиция құйғанын ресми хабарлаған емес…», - дейді молдав бизнесмені.

Сөй деген Стати Жаңа Қазақстанға ақша салуға ниетті шетелдік инвесторларға үн қатып, біздің елден аулақ жүруге үгіттепті.

Солай. Ескі Қазақстаннан «мұраға» қалған «Стати ісі» Тоқаевқа тыным бермейтін түрі бар. Осыдан 13 жыл бұрын қазақ билігі Анатол Стати мен оған тиесілі Tristan Oil компаниясының активтерін кәмпескелеген. Содан бері тараптар соттасумен келеді. Осыған дейінгі бірнеше инстанцияда жеңілдік. Күні кеше Швецияның Жоғарғы соты Қазақстан Ұлттық банкін Стати ісі бойынша шағымдану құқығынан айырды.

Ағайынды Статилер бізден 500 млн 💰 талап етуде. Экс-әділет министрі Марат Бекетаев тісқаққан кәсіпкермен соттасам деп 300 млн долларды жаратып жіберген. Анатол сұрап отырған 500 млн-ға жылына 25 млн доллар процент қосылуда.

Жаңа Қазақстан Статимен салғыласып опа таппайтын сынды. DALA INSIDE қа жеткен мәлімет бойынша молдавиялық бизнесмен алдағы уақытта Тоқаевтың инвест саясатын сынға алатын конттенті күрт көбейтеді.

«Стати ісі» туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз 👇

https://t.me/dalainside
👍84😱13😁4❤3🔥2🥰2🙏2👏1
👊 Жаңа Қазақстан Шораевқа жау емес. Билік ішкі қайшылықтың ушыққанын қаламайды. Бірақ бір нюанс бар...

Қаржы мониторингі агенттігі қазақ күресінен "Қазақстан барысы" жарысына мемлекет бөлген миллиард теңгенің қалай жұмсалғанын тексере бастады. Бұл - Арман Шораевқа жасалған ескерту деп топшылауға болады.

Себебі, соңғы кездері Арман Шораев мемлекеттің сыртқы саясатына кәдімгідей әсер ете бастады және ішкі градусты да барынша қыздырып келеді.

Кеше Арман Шораев: "Менің айналамды заңсыз тіміскілеп, адвокаттардан “Арман билікке келсін, жолықсын, анаусын қойсын, мынаусын қойсын...” деген сәлемдеме жолдағаннан түк шықпайды! Мен жүзеге асырған “Қазақстан Барысы” жобасын да тілге тиек етіпсіңдер, айналайындар, идея менікі болғанымен, бұл жоба қазір халықтың қазынасына айналған.

Аталарыңның асы мен наурызда ғана естеріңе түсетін қазақ күресін, түйе балуандарды елге танытып, сондай жоба жасасаңдар, сендерге кім “қой” деді?! Мені қаралап, жемқор қылып, халықтың алдында қарабет қылуды көздеген екенсіңдер, ақ жол!

Бір қуанатыны - қазір халық өзгерген, көзі ашық, билік не айтса соған құлдық ұрмайтын қоғам қалыптасып келе жатыр! Сол үшін де сендердің сапарларың қысқа!", - деп жазба қалдырған. Бүгін оған билік Қаржы мониторингінің атынан жауап берді.

Ақорда мен Шораев арасындағы араздық Парламент сайлауы кезінде ушықты. Арман Шораев түскен учаскеден Дәулет Мұқаев жеңімпаз деп танылып, ол Арманның сайлауды әділсіз деп танып, билікке біраз "сөздер" айтуына себеп болды.

❗️ "Кезінде Шораевқа "Қазақстан барысына" бюджеттен ақша алмай-ақ қою керек еді" деп пайымдайды DALA INSIDE. Бюджетпен байланыс - кез-келген белсендіні ноқтада ұстаудың заңды және ұтымды құралы. "Ескі Қазақстан" да өз заманында Матаев, Жаманқұлов сияқты тәуелсіз тұлғаларды осы арқылы "мамалатқан" болатын.

"Жаңа Қазақстан" VS Шораев" сериясы ұзаққа созылмайтын сияқты. Турбулентті заманда мемлекет ішкі қайшылықтарды тез шешіп тастағысы келіп тұр. Себебі "Жаңа Қазақстанның" ішкі және сыртқы жаулары көбейіп барады. Олар кез-келген мүмкіндікті пайдаланып қалуға кет әрі емес.

Шораев туралы әлі де жазамыз. Арнамызға жазылыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍85😱9❤7🔥7🙏2😁1
🏦 Тоқаев vs банктер: Президенттің пайыздық ставканы төмендету идеясы лоббистердің қарсылығына ұшырады…

Қазақстандағы Қаржыгерлер қауымдастығы президент Тоқаевтың кепілсіз кредит мөлшерлемесін 44 пайызға дейін төмендету бастамасына қарсы келіпті.

«Қарсы келді…» дегенге таңғалмаңыз. Назарбаев дәуірі келмеске кеткен. Президенттің әулие емесін Түркістандағы жиында Тоқаев та нығыздап айтқан.

Бірақ бұл арада «қарсылықтың» контексіне үңілу қажет:

Қазақтардың бас-басында кредит. 7,5 млн адам жалақы түсе сала, банк бөлімшесіне жүгіреді. Халықтың банктерге берешегі соңғы бір жылда 30 пайызға ұлғайып, 7,7 трлн теңгеге жетіп жығылған (долларға шаққанда 17,2 млрд).

Кредиттік бюроның дерегінше несиесін уақтылы өтей алмаған 1,5 млн адам "қара тізімге" енген. Банктер олардың соңына коллекторлар мен сот орындаушыларды салып қойған.

❗️ Пайыз мөлшерлемесін төмендетуге талпынған Тоқаевқа кімдер қарсы келді?

DALA INSIDE бұл ретте Bloomberg-те жарық көрген даулы мақаланы жақсылап шолып шықты.

Президенттің несие ставкісін 44 пайызға түсіру идеясы әуел бастан Қазақстандағы Қаржыгерлер қауымдастығының қарсылығына ұшыраған. Құрамында 150-ден аса ықпалды мүшесі бар лоббистік топ Тоқаевтан тиісті тапсырма алған Ұлттық банкке қысым көрсеткен.

Bloomberg-ке пікір білдірген, алайда атын атаудан қауіптенген азаматтар келесідей inside-пен бөлісіпті:

«Ұлттық банк (регулятор) қаржы лоббистерінің тегеурініне төтеп бере алмады. Тоқаевтың пайыздық ставканы төмендету туралы тапсырмасы орта жолдан кейін қайтты. Президент әкімшілігінен қоңырау түсіп, бұл мәселені кейінге шегеру туралы бұйрық берілді".

Қазақстандағы Қаржыгерлер қауымдастығы дегеніне жетіп, кредит мөлшерлемесін қазіргі көрсеткіштен сәл-пәл төмен деңгейде (56 пайыз!) сақтап қалған.

Осыған қарап-ақ қазақстандық банктердің саяси жүйедегі ықпалын бағамдай беруге болады.

Регулятордың талабына бағынса отандық финтех-компаниялардың табысы төмендері түсінікті. Олардың одан өзге аргументі жоқ. Ал банктерді түтіп жеуге дайын отырған 1,5 млн адамды қайда қоясыз? Жаңа Қазақстан үшін бұл өте-мөте қауіпті прецендент…

Банктерді әуексітіп жаман үйреткен Назарбаев жүйесі өткен 30 жылда қаржы институттарын "құтқаруға" 18 млрд доллар бағыттаған! Бұл сіз бен біздің салығымыздың ақшасы. Банктер? Олар жақсылыққа жақсылықпен жауап қата алмады.

DALA INSIDE бұл дауға әлі нүкте қойылған жоқ деп пайымдайды.

«Ескі Қазақстаннан «мұраға» қалған мың-сан мәселені шешуге уәде еткен Тоқаев кредиттік секторды сабасына түсіруі тиіс» деген көмескі үміт бар.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Лайк басуды және арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇👍

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍199😱20❤14🙏7👎6👌2
MEGA Silk Way-да «Золотое яблоко» косметика супермаркетінің Астанадағы алғашқы дүкені жұмысын бастады

MEGA СОО желісінің телеграм каналы https://t.me/megalivekz Астанадағы MEGA Silk Way СОО-да «Золотое яблоко» халықаралық компанияның алғашқы дүкені ашылғанын хабарлады. Бұл Қазақстандағы косметикалық компанияның ең ірі супермаркеті, оның жалпы ауданы 1 395 шаршы метр, онда 600-ге жуық бренд пен 29 000-нан астам тауар атауы ұсынылған.

"Қазақстан нарығына шыққысы келетін халықаралық брендтер үшін MEGA №1 алаң. Бұл жолы біз елорда тұрғындарына Астанадағы алғашқы және республикадағы ең үлкен «Золотое яблоко» супермаркетін ұсынуға қуаныштымыз. Дүкенде сапалы қызмет, тауардың сан алуан түрін табасыз. MEGA Alma-Ata-да жұмыс істеген бір жыл ішінде «Золотое яблоко» келушілер саны бойынша үздік бестіктің қатарына еніп үлгірді. Бұл көрсеткіш олардың жоғары танымалдыққа ие екенін көрсетеді. MEGA Silk Way СОО келушілері де жаңа дүкенді жоғары бағалайды деп сенеміз", - делінген хабарламада.

https://t.me/megalivekz

#PR
👍42👎21❤10😁2🔥1
🇷🇺💥 Ресей Қауіпсіздік кеңесі "Транзит 2024" операциясын жоспардан жарты жылға ерте бастады

Нағыз Путиннің қатерлі ісіктен емделуі тұрақты ремиссия бермеді. Ауру асқынып барады. Ал Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Николай Патрушев "жалған Путин" (Путинге түрі ұқсайтын ФСО офицері) вариантына келіспеді, дейді DALA INSIDE дереккөзі.

"Транзит - 2024" жобасы, яғни билікті Путиннен Николай Патрушевтің ұлы, қазір Ауыл шаруашылығы министрі ретінде тәжірибе жинап жүрген Дмитрий Патрушевке беру сценарийі 2022 жылы ойластырылған болатын. Путиндер отбасына гарантия берілген. Бірақ "пост Назарбаев" кезеңінің қалай өрбігенін көрген Путин "транзитті тек мен өлгеннен кейін істеңдер" деп әу бастағы келісімінен айнып қалған еді. Ол сәт те жақындап келеді.

Николай Патрушевті ФСБ директоры Александр Бортников қолдап отыр. Ал Генштаб басшысы Валерий Герасимов пен Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Дмитрий Патрушевтің Ресей президенті болатындай еш еңбек сіңірмегенін айтып, "жалған Путин" вариантын ғана қабылдайтынын білдірген. ГРУ Герасимовтар жағында, ал ФСБ мен СВР Патрушевтар коалициясына кіреді. Өз кезегінде, Прокуратура да осы транзитті қолдайтын сыңайда.

Сондықтан, Патрушев командасы алғашқы жүрісін "Пригожин факторы" арқылы жасады және нысанаға дәл тиді. Кремльде үлкен үрей басталды және ол Путинді асығыс қадамға, мәлімдемелерге итермелейтін болады. Іс біткеннен кейін, Пригожин Африкаға қоныс аударады, ал егер қарсылық білдірсе, "отанын сатты" деген айыппен ату жазасына кесілмек.

Келесі жүріс аймақтық элиталар арқылы жасалады. Рамзан Қадыровтың риторикасы өзгеретінін байқайтын боламыз. Ал транзит біткеннен кейін Патрушев саяси аренаны мықтап тазаламақ. Өзі фриктер деп атайтын Пригожин, Қадыров, военкорлар сынды неше түрлі "типтер" келмеске кетеді. 'Ура патриотизм" дәуірі аяқталмақ.

DALA INSIDE осы процестердің 🇰🇿 Қазақстанға ықпалын зерттеуде. Оның барысында мүлде жасырын жүрген фигура анықталды. Ол туралы келесі посттарда жазамыз. Арнамызға тіркеліп алыңыз 👇

https://t.me/dalainside
👍168😁15❤12🔥8👌8🤝3👎1🙏1
⚡️ Путин мен Пригожиннің қақтығысы: Тоқаев оқиғаға баға берді...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Владимир Путин елдегі ахуал жөнінде мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті. Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі – елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі.

Владимир Путин Ресей Федерациясындағы қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.

Тоқаев осы арқылы ОДКБ-ның Ресейге бармайтынын аңғартты.

Иманғали Тасмағамбетов жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Атышулы Приғожин бұған дейін "Путинге де, ФСБ-ға да бағынбайтынын" мәлімдеген.

Баскесерлердің басшысы Мәскеуге дейін жетіп тынбақ.

https://t.me/dalainside
👍123😁14🔥10❤8👎6👏3
⚡️ Приғожин Мәскеуге тақап қалды: Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді...

Путиннің "балтырын қанатқан" Приғожин тұп-тура 4 сағаттан кейін Кремльге жетеді. Ресей азаматтық соғыстың табалдырығында тұр.

Тоқаев теріскейдегі оқиғаларды жіті бақылап отыр.

Мемлекет басшысы Ресейдегі оқиғалардың Жаңа Қазақстанды шарпып өткенін қаламайды. Шекара шебін күшейту шарт. ҚорғанМин кез-келген сценарийге төтеп беріп, тас-түйін отыруы тиіс. Приғожинді сабасына түсірмесе орыстар Қазақстанға қарай шұбыра бастайды. Бұл "Уагнермен" байланысты қауіп-қатердің бергі жағы ғана...

DAlA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Тоқаев бүгін-ертең Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді.

Ақорда идеологтары Ресейдегі хаостың себебі мен салдарын талдау үстінде.

Кремль көсемімен телефон арқылы сөйлескен Тоқаев "Приғожиннің бүлігі Мәскеудің ішкі мәселесі екенін" атап өтті.

Мемлекет басшысы осы арқылы ОДКБ-ның Ресейге бармайтынын аңғартты.

Тасмағамбетов?

DALA INSIDE осы процестердің 🇰🇿 Қазақстанға ықпалын зерттеуде. Оның барысында мүлде жасырын жүрген фигура анықталды. Ол туралы келесі посттарда жазамыз. Арнамызға тіркеліп алыңыз 👇

https://t.me/dalainside

#намоскву
👍109🔥10❤6😱3👎2👏2👌1
⚡️ Путин мен Пригожиннің қақтығысы: Тоқаев ертең Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді

Мемлекет басшысына Премьер-Министр, күштік құрылым басшылары Ресейдегі қалыптасқан жағдайға байланысты берілген тапсырмаларының орындалуы жөнінде есеп береді.

Жиында көрші достас мемлекеттегі ахуалдың Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігіне және еліміздің экономикасына тигізетін ықтимал теріс салдарының алдын алу мақсатында шұғыл іс-қимыл жоспары қабылданады деп жоспарланып отыр.

DALA INSIDE екі-үш сағат бұрын Тоқаевтың Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізетінін, Ақорда идеологтары Ресейдегі хаостың себебі мен салдарын талдап жатқанын хабарлаған👆

Ал ОДКБ-ның ресми сайты әзірге үнсіздік сақтауда. Ұйым хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Приғожин бүлік шығармай тұра "ОДКБ аумағына қарайтын аймақтардың ахуалы" атты тақырыпта алқалы жиын өткізген.

ТАС әліптің артын бағып отыр. Арна инсайдерінің хабарлауынша Имекең Қауіпсіздік кеңесінің қорытындысында қандай шешім қабылданарын күтуде. Ұйымның позициясы Тоқаевтың ұстанымына қайшы келмеуі маңызды.

Қазақтілді аудитория Ресеймен байланысты құрылымның құрамынан шығуды талап етуде.

DALA INSIDE осы процестердің 🇰🇿 Қазақстанға ықпалын зерттеуде. Ол туралы келесі посттарда жазамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
👍80🔥8❤5👏2😱2👌2
⚡️ Приғожин бүлігі Қазақстандағы орыстарға ой салды...

Еліміздегі орыстарға "Приғожин vs Путин" текетіресінде соңғысының фиаскоға ұшырауы жақсы сабақ болды.

"Орыс әлемімен" ауыратын азды-көпті аудитория тыныштық пен тұрақтылықтың қадірін түсіне бастады деп жазады DALA INSIDE.

🇺🇸 АҚШ пен Батыстың брендтік өнімдері мен технологиясын еркін тұтынатын, Голливуд киноларын тамсанып көретін және "американосыз" таңы атпайтын орыстілді қауым Ресейдің "арнайы операциясы" фарс екенін түсінді.

Тоқ етерін айтқанда, Қазақстанда тұратын орыстар Путинге қатысты иллюзия мен имперлік пиғылдан арыла бастайды. Осы күнге дейін Кремль көсеміне табынып келгендер бүгіннен бастап тәубесіне түседі...

Қазақстандағы сепаратизмді қолдайтындардың қатары селдіреп, тыныштықты пен тұрақтылықты қолдайтындардың ауқымы артады. Қазақ тіліне деген қарсылық төмендейді.

Иә, Приғожин аттың басын кері бұрды. Келіссөзге дәнекер болған Лукашенко Ресейдегі азаматтық соғыстың алдын алды. Бұл уақытша кідіріс. Мұны антракт деп бағалауға болады. Приғожиннің баскесерлері қолбасшыларының кері шегінгенін қабылдай қоюы екіталай. Путин де бір кезгі "аспазының" өзіне қарсы шапқанын кеше қоюы неғайбыл. Ресейдің болашағы бұлыңғыр. Кремль көсемінің креслосы мен репутациясы шайқалып тұр.

Ал Қазақстандағы орыстар "орыс әлемінің" қамытынан құтылды деуге негіз бар. Мұның белгілерін алдағы уақытта байқай бастаймыз. Бұл процеске Путиннің өзі жол ашып берді.

Ол туралы келесі посттарда жазамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
🔥105👍88❤16👏3😁3🙏3
⚡️ Ресейдегі бүлік: Тоқаев шұғыл іс-қимыл жоспарын мақұлдайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 24 маусымда күні бойы Ресейдегі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты елдегі ахуалды бақылауға ала отырып, мүдделі барлық ведомствоның басшыларымен жедел байланыста болды.

Мемлекет басшысы 25 маусым күні таңертең Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысында аталған ведомстволардың тапсырмаларды орындау бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде есебін тыңдайды.

Сонымен қатар Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және азаматтарының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қорғауға бағытталған шұғыл іс-қимыл жоспарын мақұлдайды.

ОДКБ? Қазақтілді аудитория Ресеймен байланысты құрылымның құрамынан шығуды талап етуде.

https://t.me/dalainside
👍192❤9👏4🥰3🙏3🔥1😱1
⚡️ Лукашенко ақсақалдың көңілін аулап қойды. Батьканың Назарбаевқа телефон соғуы трагедия емес...

Әлдеқашан саудасы біткен Назарбаев әулетінің саяси сахнаға қайта оралуынан қауіптенетін кейбір оқырман Батьканың Әбішұлына телефон соққанынан секем алып қалды.

Приғожин бүлігін басуға дәнекер болған Лукашенко бүгін түс ауа Әбішұлына қоңырау шалып, кешегі дүрбелеңді майын тамызып әңгімелеп бергенге ұқсайды.

Пенсиядағы адамға ермек керек.
Ескі доспен есі кетіп сырласқан Назарбаев "Путин мен Приғожиннің арасындағы жанжалға" қатысты біраз инсайд ақпаратқа қаныққаны анық.

DALA INSIDE бұдан проблема көріп тұрған жоқ.

Экс-президентті елеп-ескеретін жалғыз адам - Лукашенко. Беларусь президенті саясаттың кәрі сырттанымен Назарбаев отставкаға кеткелі хат-хабар алмасып тұрады.

Есесіне, ресейлік пропаганда алақанын ысқылап отыр. Бүгінгі жағдай "путиншіл" медиа үшін бірталайға дейін азық болмақ.

Кремль идеологтары "Приғожин бунты Ресейдің ішкі шаруасы екенін" шегелеп айтқан Тоқаевтың кешегі мәлімдемесін таразылау үстінде.

Президент осы арқылы ОДКБ-ның Ресейге бармайтынын аңғартқан еді.

Бірқатар пропагандистер мұны сатқындыққа балап, "Кемелұлы Путиннің жон арқасына қанжар қадады" деген сарында сарнай бастады.

Тоқ етерін айтқанда, Тоқаевқа тісін қайрап жүргендер үшін бүгінгі инфа іздегенге сұраған болды.

Алдағы 24-48 сағатта:

"Лукашенко қиын сәтте теріс айналған Тоқаевқа қыр көрсетті"; "Назарбаевтың абыройы қазіргі президенттен асып тұр"; "Қос билік ешқайда жоғалған жоқ"; "Экс-президентке хабарласуды Путин бұйырды, оның Тоқаевтан көңілі қалды..." деген сыңайдағы провокациялық контент күрт көбейеді.

https://t.me/dalainside
👍109😁31🔥10❤7👏7👎4🤝2
💸🛩️ Қазақ олигархтары да ЧВК туралы ойлана бастады

"Вагнер" әскери компаниясы мен оның басшысы Евгений Пригожин салған лаңнан кейін, қолында ақшасы бар олигархтардың бәрі жеке армия жасақтауға кірісті. Себебі, режимді құлату оңай екенін, және ол құласа елде тәртіпсіздік орнап, кімнің күші бар, солар Ресейді бөліп алатынын есі бар адамның бәрі түсініп қойды. Болашақта ЧВК-сы бар олигархтар әр облысты бөліп алып, одан жеке мемлекет құра алады.

Газпром қожайыны Алексей Миллер Вагнердің моделімен "Поток" ЧВК-сын жасақтап бітті. "Поток" тіпті ауыр артиллерия мен танктерге де ие болып отыр.

Роснефть басшысы Игорь Сечин Пригожинмен келісіп, Вагнерден кеткен, бірақ Қорғаныс министрлігімен контрактқа отырғысы келмейтін жалдамалы кәсіпқойларды "Гранит" ЧВК-сына жинап жатыр. Рамзан Қадыровтың "Ахмат" деген жеке армиясы баяғыдан бар. Ол Шешенстанды бөліп алу үшін Путиннің өлімін күтіп жүр. Себебі, Рамзан өзін Путинге ғана жігітше ант бердім, ал қалғандарына ештеңе қарыз емеспін деп есептейді. Аркадий Ротенберг, Юрий Ковальчук сынды Путинге жақын олигархтар да жеке ЧВК идеяларын іске асыруға асығуда.

Қазақстандық олигархаттан Александр Машкевичте жасырын ЧВК бар. Бірақ ол әскери ұйымнан көрі қарулы күзетке көп келеді. Кез-келген "Жаңа Қазақстаныңды" "айырып" тастайтын азулы армия құру мәселесі Тимур Құлыбаевты да толғандыра бастады. Осыған қатысты Ресейде біраз келіссөздер болған.

Бірақ танк, артиллерия, ұшақ, дроны бар ЧВК өте қымбат дүние болып шықты. Тіпті 1 миллиард доллардың өзі мардымсыз қаржы деп саналады. ЧВК сынды "қымбат ойыншықпен" ойнау үшін қалтада 5 миллиард доллардан көп қаржы болуы тиіс.

DALA INSIDE Ресейдегі интригалардың 🇰🇿 Қазақстанға ықпалын зерттеуде. Оның барысында мүлде жасырын жүрген фигура анықталды. Ол туралы келесі посттарда жазамыз. Арнамызға тіркеліп алыңыз 👇

https://t.me/dalainside
👍99😱18😁15❤10👎6🔥1
😭🇰🇿 Қазақстан "Статилерден кешірім сұрау" вариантын ойластыра бастады

"Жаңа Қазақстанның" Әділет министрлігі халықаралық соттағы "Статилер ісіне" қатысты өз тактикасын өзгерту мүмкіндігін қарастырмақ дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Себебі, бұдан әрі соттаса берсе, тым үлкен шығынға ұшырап, әрі шетелдегі инвестициялық абыройынан айрылу қаупі күшейіп келеді. Халықаралық юрисдикциядағы судьялар да Қазақстанды аса жақтырып отырған жоқ.

Маусым айында Қазақстан Статилерге Швеция сотында түпкілікті ұтылды және 76 миллион доллар төлеуі тиіс. Алдағы шілдеде Бельгия соты қандай шешім шығарары белгісіз, бірақ Стати позициясы мығымдау болып тұр.

Әу баста, 2013 жылы Анатоли мен Габриель Статилер Стокгольм сотына жүгініп, Қазақстаннан 500 миллион доллар талап еткен еді. Себебі, Мәсімов пен Боранбаев олардан рейдерлік жолмен Қазақстандағы екі мұнай кенішін тартып алған. Мәсімов пен Боранбаевтың осы әрекеті елімізді ауыр жағдайға тіреп отыр.

Себебі, Статилер сұрап отырған 500 миллион долларға сот шешімі бойынша жылына 25 миллион доллар процент қосылып отырады. Стокгольм соты ең алғашқы рет осы шешімді 2013 жылы шығарғанын ескерсек, одан бері 10 жыл өткендіктен біз 500 миллионның үстіне тағы 250 миллион доллар төлейтін боламыз. Және, "Ескі Қазақстан" кезінде Әділет министрі болған Марат Бекетаев Статимен соттасамын деп Алматының экс-әкімі Бауыржан Бәйбек негізін қалаған Bolashak Conculting Group фирмасы арқылы 300 миллион долларды жаратып жіберген. Сонда Қазақстанның шығыны 1 миллиард доллардан асып кетті. Оған кім жауап береді?

Әділет министрлігі ол ақшаны бюджеттен алатынын ескерсек, шенеуіктер мен олигархтардың оспадар әрекетінің салдарын халық өз қалтасынан жаппақ.

DALA INSIDE Статилер ісін назарда ұстап отыр және Габриель Статимен сұхбаттасу бойынша келіссөздер бастады. Ол Брюссель сотынан кейін ғана сөйлесе алады. Арнамызға тіркеліп алыңыз 👇

https://t.me/dalainside
😱71👍39😁7❤6🔥6🥰2👎1
⚡️🏦 Назарбаевтың әмияны: Өтемұратов байлығын азайтып көрсету үшін Forbes-ті сатып алған…

DALA INSIDE қазақ олигархы иелік ететін капиталдың түбін қопарған Trinity Bugle-дың зерттеуіне назар аударды. Британ басылымы Бөкеңнің миллиардтары табан ақы, маңдай термен табылғанына күмән келтіріпті.

Тағы бір тосын құбылыс: Қаңтардан кейін саяси алаңнан аласталған Болат Өтемұратов соңғы кезде өзінің имиджін түзеуге қауырт кіріскен. Бұған не түрткі болды?..

«Өтемұратовтың көл-көсір байлығы халықтың көз жасына шыланған. Ол әрі кеткенде «Назарбаевтың әмияны» ғана. Осы міндетті адал атқарғаны болмаса, өз еңбегімен байыған басқа бизнесмендердің жанында жіп есе алмайды. Ескі Қазақстандағы коррупциялық система, офшор дауларының бірде-бірі Өтемұратовтың тұлғасын айналып өтпейді. Барымта, сырымтамен табылған капиталды сыртқа тасуда Назарбаев Өтемұратовқа сенім артты», - дейді Батыс басылымы.

Сөйткен Бөкең соңғы кезде әлденеден сезіктенді ме, әйтеуір репутациясын түзеуге қызу кірісіпті.

Trinity Bugle-дың айтуынша Өтемұратов күндердің күні өзіне де кезек келерін де түсіне бастаған. Халықтың кеудесін кернеген ашу-ыза шетелде шалқып өмір сүретін қазақ олигархын алысқа ұзатпайды.

«Кешеге дейін Forbes тізімінде көш бастап келген Өтемұратов аяқастынан 6️⃣-шы сатыға сырғып түсті. Кешеге дейін 3,5 млрд 💰 иелік еткен «Назарбаевтың әмияны» әп-cәтте 700 млн-ға «кедейленіп» қалды. Forbes олигархтың байлығын 2,8 млрд-қа дейін төмендетті. Демек, басылым басшылығы мен Өтемұратовтың арасында келіссөз жүрген», - дейді Trinity Bugle.

❗️ Батыс басылымы «Forbes Өтемұратовтан пара алуы мүмкін» деп топшылайды.

«Шіріген байлардың рейтингін түзетін журналдың шикілігі көп. Мәселен, тізімде Қайрат Сатыбалды есім-сойы жоқ. Неге? Назарбаевтың немере інісі шын мәнінде елдегі ең бай адамның бірі. Сатыбалдының үстінен іс қозғалмай тұра да Forbes оны тізімге кіргізуге батпады.

Журнал басшылығы біздің бұған қатысты сауалымызға жауап беруден жалтарып жүр.

Ал ескі Қазақстанның тұсында Forbes рейтингінен түспей, Құлыбаевпен таласып жүретін Өтемұратов артын тазалауға көшті. Өзінің имиджін жақсартып, престижін көтеру үшін бизнес-басылымдардың аузын майлауға кірісті. Оның қайырымдылық шаралары да көз алдау»,- дейді Trinity Bugle.

Ақорда Өтемұратовтың әлгіндей қулық-сұмдыққа баруының түпкі мақсатын түсініп отыр. Тоқаевтың төңірегі оның «кедейленіп» қалғанына сенбейді. Халықтың ақыл-ойы да таяз емес. Ел алдындағы бет-әлпетін түзегісі келетін Бөкеңнің әрекеті шынайы емесін сезеді.

Сөй деген Trinity Bugle қазақ олигархына қатысты басқа да компроматты әшкере еткен екен. Айтуларынша, Әблязовтың активтерін Қазақстаннан шығаруға Өтемұратовтың компаниялары атсалысқан…

«Әйтсе де, оны тұзаққа түсіру қиын болады. Өз атында ештеңе жоқ. Бүкіл активін Verny Capital-ға аударып тастаған. Бұл қатардағы компания емес, бүтін бизнес империя. Ол табысын жасырудың небір құйтырқы тәсілдерін біледі», - дейді Батыс басылымы.

DALA INSIDE-тың пайымдауынша Бөкең сыртқы заңсыз шығарылған капиталды қайтаруға кіріскен Жаңа Қазақстанның қарқынынан қорқып отыр. Ал Байтасов басқаратын Forbes-қа қояр сауалымыз көп. Өтемұратовтың манипуляциясы басқа да байларға да ой салуы мүмкін. Алдағы уақытта осы тізімнің ондығында жүрген олигархтар күрт «кедейлене» бастаса таң қалмаңыз.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
👍124😱11❤7🔥7😁6👏3👎2