DALA INSIDE
10.2K subscribers
412 photos
136 videos
1 file
1.17K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
💨 Ақын Әлтаев пен Аmanat арасы алыстап барады

"Amanat" партиясындағы депутаттар өздерінің партияласы, депутат Аманжол Әлтаевтың суверенді Қырғыз Республикасы президенті Садыр Жапаровқа соқтыққанын ауыр қабылдады.

Ішкі жабық консультацияларда "Әлтаев мәселесін" партияның әдеп жөніндегі комиссиясына шығару мәселесі сөз болған. Amanat-тағы "ақын-жазушылар" фракциясы (Заитов, Әшімжан, Толықбай, Аралбайұлы) Аманжол Әлтаевті қорғап қалғысы келсе, "юристер" блогы екі ел арасындағы дипломатияны бұзған мұндай адамның партияға сай еместігін айтуда.

Аманжол Әлтаев обалы не керек, саяси қателігін жуып-шаюға тырыса бастады. Әркімге бір телефон шалып, дұрыс көзқараста екенін, "Жаңа Қазақстан" солдаты болып қалатынын хабарлап жатыр.

Amanat "Әлтаев проблемасын" әдеп комиссиясына шығара ма? Әзірге төраға Қошанов нақты позициясын білдірмеді. Бірақ көмекшісіне "Әлтаев" тақырыбын әлеуметтік желілерде бақылап отыруға тапсырма берді. Дүйсенбіге дейін шу басылса, Әлтаевті бір жолға кешіріп, мәселені ұмытуға дайын.

DALA INSIDE Әлтаев пен Amanat арасын бақылауды жалғастырады. Арнамызға тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
👍66😁19🔥6🤮5👏3💯2
🇰🇿 Шанс вернуть до 20 000₸ на  матч Кайрат - Астана

"Астана" едет в Алмату, чтобы сразиться с "Кайратом" на поле Центрального стадиона. Накал страстей будет не детским. Узнать кто победит практически не возможно.

🟦 Компания 1XBET  представляет всеобщему вниманию акцию "Ставка без риска",  в которой может поучаствовать любой желающий. Выбери команду и поддержи её ставкой.  Если  прогноз окажется проигрышным, компания 1XBET вернет до 20 000 тенге!

🔥 Ставка на игру

Будьте  в курсе всех событий, а также розыгрышей суперпризов и фрибетов
👎45👍10🤮9😁2
⚡️ Қазақстанға Путиннің «двойнигі» келе жатыр...

Кремль көсемінің Уалдайдағы резиденциясына жете бере ✈️ опат болған Приғожиннің өлімі Путиннің Қазақстан сапарына аз-кем өзгеріс енгізді.

DALA INSIDE-қа белгілі болғандай әуелде Астанаға ВВП-ның «original» нұсқасы яғни, нақ өзі келеді деп күтілген. Атажауының көзін жойған Шойгу мен Герасимовтың сәтті операциясынан кейін онсыз да ұшаққа отырудан өлердей қорқатын Путиннің параноясы тіпті асқына түскен.

«Уагнер» жетекшісінің өлімі «қасапшылардың» Кремльге деген сеніміне сызат түсірген. Приғожиннің соңында күні кеше «на Москву» деп ұрандатқан 10 мың әскер қалды. Путинге тісін қайрап жүрген «уагнерлерліктер» Кремль көсемі мінген ұшақты қағып түсіруі ғажап емес.

Осы себепті Қазақстанға Владимир Владимировиштің «егізін» жіберу туралы шешім қабылданған. Оның дублері бар екенін Путиннің ежелгі дұшпандары қаржыландыратын телеграм арналар талайдан бері айтып келеді.

Мәселен түнеукүнгі БРИКС саммитінде Ресей президентінің сыңары сөз сөйлеген. Оған жүктелген міндет ауыр емес еді. Иегінің астындағы бір жарым беттік мәтінді судыратып оқып шықса жеткілікті.

Шараның 55 минутында президенттің образын сомдап отырған «двойник» келесідей конфузға ұшырайды: уақытқа қарамақ боп, сол қолына үңіледі. Бірақ сағаты жоқ. Бірнеше секунд дағдарып тұрып қалғанын кеш аңғарады. Сол кезде ғана original Путинннің сағатты үнемі оң қолына тағатыны есіне түседі. Шараның соңына таман оң қолындағы сағатты сол қолына ауыстырғысы келген дублер наушниктің арғы жағындағы кураторынан сөз естіп, сағатты қолымен көлегейлеуге мәжбүр болады.

Original Путин сағаттың қай қолында екенін ойланып жатпас еді. Біз білетін Путин соңғы 20 жыл бойына сағатты тек оң қолына тағып келеді. БРИКС саммитінен бөлек Курскі шайқасының 80 жылдығында тағы сол дублер сөз сөйлеген. Original Путин көпшілік жерге барудан қаймығады.

Оның Қазақстанға пойызбен келуді де ғажап емес.

Бұл ретте "Досье" орталығының ақпаратын ақтарған DALA INSIDE келесідей қызықты дерек тапты. 🇺🇦 Украинаға тап бергелі Путин ұшаққа отыруды қойыпты. Өзіне арнап сауытынан оқ өтпейтін бірнеше уагон жасатқан. Уалдайдағы резиденциясына тек сонымен қатынайтын көрінеді. Пойызға тек президент Путин пен премьер Мишустин ғана кіре алады. Аракідік бұл жерге соңғы кезде араққа салынып жүрген Медведев те бас сұғып тұрады екен.

Ал Мәскеу мен Астананың арасы үш күн. Мұндай мерзімге жасы жетпістен асып кеткен Владимир Владимировиштің жүрегі шыдамауы мүмкін. Ең тиімдісі «егізін» жіберу. Путиннің Қазақстан сапары күзге жоспарланған.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍110😁27😱12💯5🤮3👎2🔥2👏2
🤕🏥 Денсаулық сақтау министрлігі хайп қуып, далбаса тірліктермен айналыса бастады

Қазақстанда медицина сапасы нашарлап, сауатсыз, диагноз қоя алмайтын дүбара дәрігерлер көбейіп жатқанда жауапты министрліктің бар назары мүлде басқа бағытқа ауып барады. Жалпы, министрліктің де, отандық медицинаның да деңгейін пандемия кезінде көрген болатынбыз.

Мамандар сапасын көтеру, біліктілікті арттырудың орнына денсаумині энергетиктермен күреспек. Тиым сала салу оңай әрине.

Министрлік айды аспанға шығарып, энергетик сусындарды жеткіншектерге қауіпті деп таба отырып, ал тиымды 21 жасқа дейін салмақ. Оны немен негіздегені түсініксіз. Дәйегі де жоқ.

Осыған назар аударған журналист Полина Шиманская әлемде энергетиктерге тиым салынбағанын, тек санаттар бойынша шектеу барын жазады. Ал біздің еліміз бәріне тиым салып, шектеп тастауға құмар болып кетті. Депутаттар мен министрліктер бір-бірімен жарысуда.

Энергетиктерден кейін қант қосылған кофе мен шәйға да кезек келерін ішіміз сезіп отыр. Тек тиым салуға жүрдек денсаумині контрабанда мен конрафакт мәселелерін бір сәт болса да ескерді ме екен деген ой келеді.

Біз хайп қуған министрлік қадамын бақылап отырамыз. Арнамызға тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
👍69😁13💯4🔥3👏3👎1😢1
⚡️ Құлыбаев иелік еткен зауыт ресейлік олигархтың меншігіне өтпек...

Еліміздегі стратегиялық нысандар біртіндеп ресейлік бизнесмендердің қарамағына өтуде. DALA INSIDE мұны қауіпті тенденция деп есептейді: «Путиннің пулына» кіретін олигархтар уақыт өте Жаңа Қазақстанның экономикалық саясатына ықпал ете бастайды.

Мәселен, ресейлік «ЕуроХим» Жамбыл облысында минералды тыңайтқыш өндіретін зауыт салмақ. Жобаға Батыстың санкциясына іліккен ресейлік миллиардер Андрей Мелнишенко «кураторалық» етеді.

Смайылов үкіметі мен олигархтың арасындағы уағда Мелнишенко санкцияға ұшырамай тұра жасалған.  «ЕуроХим» екі кезеңнен тұратын жобаға жалпы құны 1 млрд доллар инвестиция құюға уәде еткен.

Кешеннің қабырғасын қалап алғасын Мелнишенко Қаратаудың қойнауын қопара бастайды. Таудың түбін үңгіп алынатын фосфор, азот, калий секілді аса қат тұздар қазақстандық аграрилерге бұйыра ма, жоқ па, мәселе сонда.

Ресейлік олигарх негізін қалаған компания елімізге ескі Қазақстанның тұсында енген. 2008 жылы «ЕуроХим» 15 жыл бойы тұралап тұрған «Сары Тас тыңайтқыштағы» мемлекеттің үлесін сатып алған.

Ал Жамбылдағы зауыт бойынша Смайылов үкіметі мен орыс олиграхының арасында қандай диалог жүргені белгісіз.

DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша үкімет ресейлік инвесторды салық атаулыдан босатып, санкция құрсауындағы Мелнишенкоға барынша жеңілдік жасарын айтқан. Орыс миллиардері өз тарапынан кешеннің шығынын толықтай мойнына алуға уәде берген.

Минералды тыңайтқыштар өндірісін монополиялап алған «ЕуроХимнің» структурасына алдағы уақытта тереңірек үңілетін боламыз. Бізге белгілісі: компания тұрақтының тіркеуі Ресейде емес, Швейцарияда.

1 млрд 💰 әлбетте, аз ақша емес.

❗️ DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Мелнишенко қомақты инвестиция құюға бел буса, қазақ билігінің оған жасар ТАРТУЫ дайын тұр.

Болашақта еліміздегі аммиак өндіретін жалғыз зауыт «ҚазАзотты» ресейлік олигархтың меншігіне береді. Селитра өндіретін кәсіпорынға бұған дейін экс-президенттің күйеубаласы Тимур Құлыбаев мен Ахметжан Есімовтың туған-туыстары иелік еткен. Қаңтар қырғынынан кейін әулет өкілдері Қазақстандағы активтерінен апыл-ғұпыл арыла бастаған еді. Ал сіз бен біз секілді қарапайым халыққа бір қолдан бір қолға жатқан өтіп стратегиялық нысандардың қызығын көру бұйырмаған сынды.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз 👇

https://t.me/dalainside
😡101👍22👎14😱9🔥5
🇰🇿 Премьер Ноғаев. Қазақстан жаңа дәуірге аяқ баса ма?

Қазіргі Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың осы күзде болжанып отырған отставкасынан кейін Үкіметті кім басқаратыны талқылана бастады. Шын айту керек, Ақорда кезекті рет кадр тапшылығына кезігіп отыр. Жаңа дем беріп, басқаша көзқараспен жұмыс істей алатын адам болмағандықтан, ескі резервті қопарып, "Қошанов-Ноғаев-Досаев" триосынан Нұрлан Ноғаев кандидатурасын дұрыс деп тапқан сияқты. DALA INSIDE дереккөзі, Ноғаев соңғы рет Мемлекет басшысына кіргенде, осы мәселелердің де сөз болғанын хабарлады.

Нұрлан Ноғаев - Маңғыстау облысының әкімі, "полевой" санатына кіретін стандартты саяси қайраткер. Қазақстанда саяси қайраткерлер екі санатқа бөлінеді: аппаратты және полевой. Аппараттылары тек кабинет арқылы өскен, далаға шықпай жиналыста жүретіндері.

Мысалы, Әлихан Смайылов бұрын Қаржы министрі болғандықтан (бюджет, түрлі жиналыстар) ол аппаратты санатқа жатады. Ал полевойлары - жер-жерді аралайтын, халықпен кездесетін белсенді шенеуіктер. Оның жарқын өкілі марқұм Бердібек Сапарбаев болатын.

Ноғаев дәуірі

Бұл кезеңде бірдеңе керемет өзгеріп кетеді деп айтуға келмес еді. Жағдайды ушықтырмай, басу айтып, тұрақтандыру міндеті тұрса - Ноғаев ол үшін таптырмайтын тұлға. Оның бітімгершілік қасиеті бар. Бірақ ол жоқтан бар жасап, Қазақстанды Айға ұшырып жібере алатындай инноватор емес. Сондықтан Ноғаев дәуірі Сағынтаев, Мамин, Смайылов дәуірлерінен айтарлықтай ерекше болады деп болжау күлкілі. Бір сөзбен айтқанда, сол қалпы қала береміз.

Бір нәрсе анық. Ноғаев су проблемасы бар жерлерге барып, негізінен сумен айналысады. Ноғаев Премьер болса, онда Қазақстанда алдағы 5 жылда орасан су тапшылығы, мұздықтардың еруі, Каспий теңізі мен Балқаш көлдерінің тартылуы, Сырдария апаты сынды проблемалар басталып, жаңа премьер осы кесапаттармен күресе бастамақ.

Әрине, Нұрлан Асқарұлы өзі барып барлық суды ішіп қойып жүрген жоқ, тек оның өмірдегі кармасы осы суға қатысты сияқты.

DALA INSIDE министрлер кабинетінен әлі біраз инсайд береді. Арнамызға жазылып алыңыз👇

https://t.me/dalainside
👍119😁40👎10🤯3👏2💯2🔥1
🔥🤲 ҚТНБ: қазақ тәңіршілдері өз бірлестігін құру туралы ойлануда

Құрамына қазақ буржуазиясы мен жас интеллегенттер кіретін, Көк Тәңірге сиынатын бірнеше топ өкілдері "Қазақстан тәңіршілерінің наными бірлестігін" құру туралы жабық консультациялар өткізе бастады. Оны ресми тіркеуден проблема жоқ, тек тенгрианствоның өз ішінде екі көзқарас бар.

Бірінші топ "тәңіризмге ресми статус керек емес. Ол наным біздің жүрегімізде, ДНК-мызда ғана болса жетіп жатыр" - деген ойда. Ол топта көбіне еркін суретшілер, музыканттар басым.

Екінші топ "Тәңір жолын ресми бекітейік. Бірлестік тіркелсін, сайтымыз, кеңсеміз болсын. Кез-келген адам танысып, қызықса қатарымызға қосыла алады" - деп отыр. Мұнда көбіне жастар, стартаперлер, кәсіпкерлер кездеседі.

Көк Тәңірге сиыну, отты құрметтеу, аруақтарға тәу ету түркінің ата жолы болып келді. Христиан, Ислам сынды авраамикалық, догматикалық діндерге қарағанда Тәңіризм "күнә мен жаза" системасын қолданбайды. Тек бумеранг болады. Егер сен жамандық істесең, ол жамандық түбі не өзіңе, не ұрпағыңа қайтып келеді. Адам табиғат ананың бір бөлшегі, баласы ретінде қарастырылады. Көк Тәңір бар, Жер-Ана бар. Бірақ оларда жұмақ пен тозақ, о дүние деген жоқ.

Жүздеген жылдар бойы дала философиясы Тәңіризм мен Исламды өзара ұштастырып, бірегей қазақи мұсылмандық қалыптастырды. Әруаққа құран бағыштау, тұмар тағу, от/адыраспанмен аластау сынды ата дәстүрде Құран Исламнан келсе, әруақ пен от Тәңіризмнен келді. Кей тәңіршілдер өз системасында Құранды сақтап қалуға барынша тырысуда. Себебі, олар да Исламға дейінгі таза Тәңіризмнен көрі қазіргі қоғамға "Құрани қазақи тәңіршілдік" анағұрлым өтімді болатынын біліп отыр.

Қазір Қазақстанда шамамен 500 мың адам Тәңіризмді жүрегіне жылы қабылдайды және оны "ата дін" деп таниды. Біздің болжауымызша, болашақта Тәңір жолы аристократиялық бағытқа айналады. Яғни, көп оқыған, талантты, білімді және шығармашылық топ (оқымыстылар, суретшілер, музыканттар, жазушылар, ақындар, инноваторлар, IT-мамандар, журналистер) Тәңіризмнің негізгі ордасын құрамақ. Ал қалған бұқара халық (жұмысшылар, базарда жүргендер) Ислам дінінде қала беретін болады.

Сонымен, Тәңіризм бірлестігін көретін күн бола ма? Ол тәңіршілдердің өздеріне, ауызбіршілігіне байланысты. Бізде Иегова куәгерлері, Жетінші күн адвентистерінің де қиналмай тіркеуден өткенін ескерсек, тіркеу мәселесінде проблема жоқ.

Тек идеологиялық қарама-қайшылықтар көбейіп кетті. Нақты тәңіризмнің не екенін айшықтап ереже жазса, онда Тәңіризм догматикалық дінге айналмақ. Ал Тәңір идеясының өзі ешқандай ереженің, шектеудің, жазаның болмауына негізделеді. Бірінші топ пен екінші топ дәл осы сұрақ бойынша бас қатырып отыр.

DALA INSIDE үшін бұл бір қызық тақырып болды. Тәңіршілдер арасынан инсайд тарту жұмысын күшейтеміз. Арнамызға жазылып алыңыз👇

https://t.me/dalainside
👍132👎120🤮32🔥13😁9💯6👏3🤝1
👊💥 "Ескі Қазақстан" Қайрат Сатыбалды көмегімен реваншқа дайындала бастады

Дариғаның Лондонда жасырып отырған құны 50 миллион фунт стерлингке бағаланған сарайы табылғаннан кейін "Ескі Қазақстан" "Жаңа Қазақстаннан" осы активке тиіспеу бойынша өтінішін жеткізді. Бұл Дариғаның жанды жері болып отыр. Бірақ, қазіргі Қазақстандағы билік ештеңе істемесе де, Англияның өзі түсініксіз жолмен келген капиталдар мен активтерді тәркілей бастады. Еуропадағы тәуелсіз журналистердің Назарбаев отбасының барлық активтерін жіті тексере бастағандығы Лондонның Назарбаевтың мүлкін тәркілеуге дайын екендігін аңғартады.

Екі арада сорлап қалған - қазақ халқы. Назарбаевтар халық байлығын ауыздан жырып Лондонға жинайды. Енді Англия оны заңсыз капитал деп өзіне оңай алып алмақ. Назарбаев тура Каддафидің тағдырын қайталап отыр. 2012 жылы Италия Муаммар Каддафидің 1,1 миллиард евро тұратын активтерін тәркілеп, өз бюджетіне аудара салған болатын. Ол байлықтың заңды иесі болып табылатын Ливия халқына бір тиын да қайтпады.

Бәленің барлығын "Жаңа Қазақстаннан" көріп отырған Дариға Назарбаева енді Қайрат Сатыбалды ресурстарын пайдаланып, саботаж бастамақ. Салафиттердің саяси лоббиі саналатын, парламентке өкілдерін өткізген жас партия арқылы Мәжіліс отырыстарында мектептегі намазхана, хиджап мәселелері діни еркіндік жағынан көтерілетін болады. Сол арқылы діншілерді "Жаңа Қазақстанға" қарсы қойып, ішкі джихад ұйымдастырып көрмек. Қазір жас партия шариғатқа қайшы келетін вейп, құмар ойындары, энергетик сусындарға толық тиым салдыртып, сол арқылы халық сеніміне ие болу операциясының тең жартысына келді. Тиісті заңдарды қабылдатқаннан кейін ауқымды жарнама кампаниясы жүретін болады.

Сатыбалды "Жаңа Қазақстанды" жазалайтынына сенімді. Дариға да осы жолда ақша аямайтын болады. Қыста талай ТЭЦ-те авария жасау, халықты жылу мен жарықсыз қалдыру, қоймалардың өртенуі сияқты техногендік апаттар, сыртқы саясатта Сауд Аравиясының Қазақстанға шүйлігуі сынды сюрприздер жоспарланған.

Екі түйе сүйкенсе шыбын өлетіндіктен, әлдекімдердің саяси амбицияларынан қазақ халқы тағы да зардап шегетін болды.

DALA INSIDE "Ескі Қазақстан" мен салафиттердің кезекті ауыз жаласуын бақылап отыр. Арнамызға тіркеліп алыңыздар👇

https://t.me//dalainside
😱89👍60😁17💯6🔥4👏1
🔥🫵 Тәңіршілдер өздері туралы ақпаратты дұрыс таратуды сұрады

DALA INSIDE арнасында жарияланған тәңіршілдердің бірлестік құратын ойлары туралы посттан кейін, осы ағым өкілдерінен арнамызға арнайы шағым келіп түсті. Онда Тәңіризм туралы біз берген кей ойлардың қате екендігі хабарланып, оның қазіргі жағдайы туралы шынайы картинаны жолдап отырғандары жазылған. Олардың ақпаратын қаз-қалпында берсек.

"Тәңіршілдерді негізінен үш бағытқа бөлуге болады:

Секталық, діни сипатта даму керек дейтіндер бар. Бірақ, олар көп емес. Негізінен Тоқтар абыздың соңынан ілескен аз ғана топ. Тоқтар абыз тәңіршілдікті дінге айналдырып, “Ақиқат” деген кітап жазып, өзі пайғамбар болғысы келеді. Көне түріктердің (түркілер), байырғы бабалар дүниетанымынан хабардар болмаса да, исламның қағидаларын қазақшалап алып, соны таратады. Мысалы, “Амин” дегенді “Өмін” деп бет сипатады. Ал “Амин” абрамистік діндерден (иудаизм, христиан, ислам) де бұрын ежелгі мысырлықтардың көпқұдайлық дәуіріне тән. Амон, Ра - мысырлықтардың Күн, аспан құдайлары. Күнге табынғанда “Амон” деп атын атап бет сипау содан шыққан.
Ал Тоқтар абыз оны “Өмін” деп қазақшалап алып қуып жүр.

Екінші бір топ бар

Саяси мақсат көздейтін. Олар ұйым, тіпті кейде партия құрғысы келетінін жасырмайды. Сол арқылы көшбасшы болғысы келуі де мүмкін. Мысалы, Тұрарбек Құсайынов тәңіршілдер атынан депутаттыққа түсемін деп мәлімдеп те жіберді. Бірақ оның соңынан еретін ешкім жоқ. Тәңіршілдікке бағытқа қатысы барларды соңыннан ерту оңай емес. Басым көпшілігі оқыған-тоқыған адамдар болған соң олар кез-келген ұранға ілесіп кете бермейді. Сондықтан, саяси мақсат құрғандардың саны азшылық және оларға ерушілер 0-ге тең десе де болады.

Тәңіршілдердің үшінші бір тобы бар

Бұл топтағыларды былайғы жұрт тәңіршілдер деп айдар таққанымен, олар өздерін тәңіршіл деп есептемейді. Тіпті тәңіршілдікті дін деп те қабылдамайды. Ол үшін бұл байырғы көшпелілер дүниетанымы ғана. “Көк түріктер дүнетанымы”, “көне түріктердің дүниетанымы” деп атайтындар да жеткілікті. Бірақ оған басы бүтін бас ұрып кетпейді. Ол дүниетаным дегеніміз - алғашқы адамдардың дүниені қабылдаудың балаң түсінігі, адамзаттың сәбилік санасының жемісі екенін жақсы біледі. Ол кезде адамдар ішкі түйсікпен Күн, Жер Ана (ядродан берілетін энергия), от (жылу энергия), көлдер мен өзендер (гидро энергия), таулар мен ағаштарды қасиетті санады. Өздерін табиғаттың бір бөлшегі деп қарастырып, барлық энергия беретін обьектілерді қасиеттіге балады. Мұны ғылымда шаманизм деп атайды. Бұл көшпелі көк түріктерге ғана емес, барлық жер бетіндегі байырғы адамзатқа тән құбылыс болды. Мұны сол кездегі әлі нақты ғылым саласынан хабары жоқ халықтың өзіндік білімі десе де артық емес.
Дегенмен, ол ежелгі дүниетаным әрбір халықтың салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына еніп кеткен.
“Жаным - арымның садағасы” деп ар-намысты бәрінен де жоғары қою, ұят болады деп әдепсіз әрекеттерден тыйым салуы, “ешкімнің ала жібін аттамау”, “өмір алма-кезек” ұғымдар мен тыйымдар арқылы жоғары деңгейдегі моральдық ұстанымдарға мән береді. “Кісі ақысы кісіге кетпейді” деп сенеді. Яғни, мақал-мателдерден, шешендік сөздерден, халықтық ырым-тыйымдардан негіз алады. Жұмақпен, жұмақтағы хор қыздарымен ынталандыру, жанып жатқан тозақпен қорқыту деген түсінік жоқ. Оларда ортақ бағынатын тақсырлар, муфтилер жоқ, бес уақыт намаз сияқты рәсімдер жоқ, жамағаттық мәжбүрлі некелестіру сияқты дүниелер атымен жоқ. Қазақ дәстүрлері мен ғылымды дұрыс көреді. Бұл тұрғыда олар кейде құдайды, барлық киелі күштерді жоққа шығаратын атеистерге қарағанда бір күш бар, бірақ оның атауы қандай екенін нақты білмейміз дейтін агностиктерге көбірек ұқсайды.

Бірақ Алла, құдай орнына “Тәңір” сөзін құп көреді, оны тіпті Ұлы энергия деп те санайды. Адамдарды сол ұлы энергияның бір кішкентай бөлшегі ғана деп қарастырады. “Көне түрік дүниетанымын” насихаттаушылар қазақтың төл аңыз-ертегілерін өз ішімізде ғана емес, әлемге таратуды, ұлттық киімдерді барынша шет елдерге насихаттауды армандайды. Бірақ оны іске асыруға ешқандай тарату маркетингі жоқ.
👍89👎37😁9🔥2🤯2💯2
Бір сөзбен айтқанда тәңіршілдер таным-түсініктері бойынша өзара жік-жікке бөлінген. Жақын арада бірігіп, үлкен саяси күшке айналуы неғайбыл. Дегенмен, осы күні біліксіз молдалардың қисынсыз уағыздарынан шошыған жұрт тәңіршілдердің қатарына топырлап қосылып жатыр."

Хат мәтіні осы. Сонымен бірге, Тәңіризм өкілдері арнамызды бұл бағыттағы манипуляцияның көптігін, көп ақпаратты жіті тексеруімізді сұрап отыр. DALA INSIDE бұл мәселені де қаперге алады. Арнамызға тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
👍54👎29😱5👏1
⚡️ Мемлекет ипотеканы кешіре бастауы мүмкін бе?..

«Мүмкін...» дейді экономист Расұл Рысмамбетов. Бұған аздан соң ораламыз, әзір алыстағы 🇺🇸 Америкаға сапар шегіп қайтайық.

АҚШ-та тұрғындармен тілдесіп, қоғамның аңысын аңдып отыратын әйгілі Gallup институты бар. Сол институт биыл ел ішінде «Федералды резерв жүйесіне (ФРЖ) және оның төрағасына қаншалықты сенесіз?» деген сауалнама жүргізді. 2001- 2023 жылдың аралығында біздіңше Ұлттық банкті басқарған менеджерлерге баға берілді. Әр жылдары ФРЖ-ға жетекшілік еткен Гринспен, Бернанке, Йеллен және Пауелдің «сенім рейтингі» жасалды.

Америкалықтар инфляция төмендеген, жұмыссыздық азайған, бизнесті кредиттеу көбейген Клинтон-Гринспен дәуіріндегі 90–шы жылдарды сағынатынын айтқан. АҚШ-та ФРЖ саясаты мен халықтың әл-ауқаты тығыз байланысты.

Ал бізде мұндай сауалнама жүргізіле ме? Бір жарым жылға жуық Ұлттық банкті басқарған Ғалымжан Пірматов не бітірді? Оның "сенім рейтингі" қандай? Оның шешімдері халықтың көңіл-күйі мен әмиянына қалай әсер етті?

«Пірматовтың ауысуы логикаға сияды. Оның тұсында банктер тұтыну кредиттерін таратумен айналысып кетті. Бизнесті кредиттеу біржолата тоқтап қалды. Былайша айтқанда, банктер халықтың үстінен күн көрді.

Ескі Қазақстанның бірен-саран белсендісі зейнетақы шотындағы ақшаны баспанаға бағыттау дейтін идеяны ойлап тапты. Нарықтағы үй бағасы құтырып шыға келеді. Ұсыныс сұранысқа сай болмады.

Құрылыс компанияларының тойымсыз, тамақсау басшылары әкім-қаралардың ұртын майлап, құрылысқа қажетті учаскілерді ондап, жүздеп сатып алды. Үйдің іргесін көтермей жатып, саудаға шығарды. Араға алыптасарлар енді. Үй бағасы жалынан сипатпайтын жағдайға жетті», - дейді осы тұста экономист Расұл Рысмамбетов.

Ай сайын 250-500 мың теңгенің ипотекасын өтеу азап. Қалтасы таяздана бастаған халық қайтеді, тұтыну кредитіне жүгіреді. Несиенің қамыты мойныңа бір киілді екен, қайтып құтылуың екіталай.

«Банктер осы күнге дейін елді кредиттің соңына салып қойған «ескі Қазақстанмен» ауыз жаласып жұмыс істеді. Қазақтар «кругом» қарыз. Үйіндегі үтік пен қолындағы телефонға дейін өзінікі емес...», - дейді Расұл мырза.

Қарызданып, қауғаланып күн кешетін сіз бен біз үшін бұл жаңалық емес. Пірматовтың неліктен кеткенін айттық. Сүлейменов неге келді?

DALA INSIDE-тың анықтағанындай Тоқаев бизнесті несиелеуден басын ала қашатын банк басшыларын бір үстелге жинаған. Әлгілер: «Бизнесті кредиттеудің тәуекелі көп...», - деген аргумент айтқан. Сөйтіп кәсіп ашқысы бар, алайда айналымға қажетті ақшасы жоқ сіз бен біз секілді қарапайым қазақтың тауын шыққан.

«Бұдан былай бизнес кредитке жари бастайды. Сүлейменов екінші деңгейлі банктерді корпоративтік несиелеуді ұлғайтуға үгіттейді», - дейді Рысмамбетов.

❗️ Мемлекет ипотеканы кешіре бастауы мүмкін бе?

«Мүмкін» дейді экономист.

"Құрылыс девелоперлері үй бағасын түсіру керектігін түсіне бастады. Дегенмен, бұл сценарийдің жүзеге асуы күмәнді. Екінші амалы бар. «Билік ипотеканы кешіру керек» деген лоббисттік топтар құрыла бастайды. Бұған көпбалалы отбасылар кандидат ретінде ілігеді. Артынша барлық категорияны қамтуы мүмкін. Неге? Сұранысты қалпына келмесе, құрылыс магнаттары банкрот болады...», - дейді Рысмамбетов.

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз                 
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c


Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
👍95🔥5💯5🤝3😡3🙏2
⚡️ Айым сорри, Әнипа апа! Назарбаевтың қарындасы құнды активінен айырылды...

Жаңа Қазақстан «тұңғыштың» тума-туысы иелік еткен активтерді біртіндеп мемлекет меншігіне қайтаруда.

Экс-президенттің қарындасы Әнипа Назарбаева Алматы облысындағы су шаруашылығы колледжінен айырылды. Үшқоңыр колледжі Әнипа апаның иелігіне 2016 өтіп кеткен екен.

Әулеттің ықпалы әлсірегеннен кейін Алматы облысының әкімдігі «Әнипа» деген атпен тіркелген ИП басшысымен шайқасуға бел буып, ақыр соңы жеңіп шығыпты.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша бұл іске күні кеше Тоқаевтың кеңесші боп тағайындалған Қанат Бозымбаев «атсалысқан». Біздің анықтағамыздай, Қаңтардан кейін президент әулеттің капиталын қайтаруды Бозымбаевқа жүктеген.

Бұған дейін DALA INSIDE Әнипа апаға тиесілі Group Of The Companies-тің мемлекет қазынасына 165 млрд теңге (!) зиян әкелгенін хабарлаған. Тек бір ғана Қытаймен кеден бекетінде 367 заң бұзу талаптары анықталған. Компания жалған құжат жасап, елге ірі көлемде тауар әкеп жүрген.

"Алты ай ішінде 800 млн теңгеге контрабандалық 16 оқиға тіркелген. Group Of The Companies-тің жүк көліктерін тексерген кезде, 287 млн теңгенің декларацияланбаған тауары анықталған", - деп пікір білдірген еді арнамызға бас прокуратура өкілі.

Алматы облысындағы Назарбаев семьясының бизнес-империясын бөлшектеу операциясы жалғасын табады.

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз                 
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c


Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
👍179🔥10👏5😱5🙏3💯3😁1
👏 «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» этнофестивалі Алматы брендіне айналды

Өткен апта салт-дәстүр мен қазақы мәдениет насихатталған күн болды. «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этнофестивалі ұзақ үзілістен соң қайта оралды.

«Боралдай сақ қорғандары» археологиялық саябағының аумағында ине шаншар орын болған жоқ.

🗣️Биыл этнофестивальге 12 мемлекеттің өкілі келді. Мәдени шараға Малайзия елінің қатысуы біз үшін тосынсый болды.

Биыл халыққа қолайлы болу үшін киіз үйлерді үш есе көп тігіп, мейрамханалардың санын екі есе арттырдық.

Киіз үйлерде көрмелер, кітап саудасы ұйымдастырылды. Шараға белсене қатысқан әрбір өнерпазға алғыс айтамын.

Алматы қаласы әкімдігінің демеуімен біздер «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» этнофестивалін дәстүрлі түрде өтетін маңызды шараға айналдырдық.

Шара Алматы қаласының маңызды брендіне айналды десек артық болмас. Фестивальге туристер көптеп келді, – деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

❗️Сенбі-жексенбі күні өткен мәдени шараға 10 мыңнан астам адам қатысып, көшпенділердің салт-дәстүрімен танысып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.

Алматы қаласындағы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақ-орыс мәдени орталығының төрағасы Всеволод Лукашовтың айтуынша, шара еліміз үшін елеулі оқиға.

🗣️ Себебі, қазақ халқының тұрмысын, мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттады. Түркілердің болмысын таныдық. Жас ұрпақтың бағзы заманда қазақ халқының қалай тұрмыс кешкенін біліп өсуі өте маңызды. Мұндай шаралар біз қай жерге тамыр жайғанымызды, Жаңа Қазақстанға қандай жолмен жететінімізді көрсетеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» шарасын барынша қолдайды, – деді Лукашов.

Сахнада Қазақстан ғана емес, ТМД елдерінің өнерпаздары да өз өнерін көрсетті.

🗣️ Шарада біздер 🇦🇿Әзірбайжанның тереңнен тамыр тартатын "Алпауыт" деп талатын жекпе-жек өнерін таныстырдық. Соңғы 10 жылдан бері осы спортты әлемдік деңгейде насихаттап келеміз. "Алпауыт" жекпе-жек сайысына қатысушылар ою-өрнекпен өрнектелген ұлттық киім киіп шығады. Ал иығында жебе- қорамсасы болды.

Этнофестивальдің екінші күні спортшыларға жекпе-жек семинарын өткіздік. Фестивальге шақырту алғанымызға қуаныштымыз, – деді Дүниежүзілік "Алпауыт" федерациясының директоры Васиф Намазов.

Жиналған қауым көшпенділердің жекпе-жек ойындарын, ат спорты мен айтысты армансыз тамашалады. Шара барысында Қазақстанның Ұлттық шопан иттер клубы қазақы төбеттердің🦮 көрмесін ұйымдастырып, төбеттердің қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде маңызды орынға ие екенін паш етті.

Қорыта айтқанда этнофестивальдің бағдарламасы бай, мазмұнды болды.

"Мен Атыраудан келдім. Шараға қазақтың "жеті қазынасының" бірі қазақы төбетті көпшілікке таныстырдық. Шараға қатысқан төбеттердің бәрі жайылымда мал қарап жүрген иттер. Арасында қасқырмен бетпе-бет келіп, малды қорғап қалған сырттандар бар, – деді «Бакутан» қоғамдық қорының өкілі Данияр Жанғалиев.

Осылайша алматылықтар мен қала қонақтары Ұлы Дала көшпелілерінің ежелгі дәстүрімен жақын танысып, шат-шадыман болып тарқады.

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз                 
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c


Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
👏42👍23🔥3💯2😁1🤩1
❤️‍🔥Қазақстан - Финляндия матчынан ₸20 000 дейін қайтару мүмкіндігі

🇰🇿Қазақстан - 🇫🇮Финляндия кездесуі жақындап қалды! Біздің команданы топ көшбасшысымен маңызды кездесу күтуде. Фин жігіттері соңғы кездері футболда жақсы ойын көрсетіп жүр. Біз сонда да Қазақстан құрамасына сенеміз және осы матчта бүкіл елдің қобалжуын бөлісуді ұсынамыз.

🔵1XBET компаниясы барлығына "Тәуекелсіз ұтыс тігу" акциясына қатысуды ұсынады, онда кез келген қатысушы ұтыс тігуі сәтсіз болған жағдайда, 20 000-ға дейін қайтара алады!

🔥 Ойынға ұтыс

Барлық оқиғалардан, сондай-ақ супержүлделер мен фрибеттерден хабардар болыңыз
👎40🤮25👍12😡4😁1🙏1
🌟🇰🇿 Әлиханның асыл жолы

Қазақтың Әлиханы, ұлттың маңдайына біткен он бірінші премьер Әлихан Смайыловқа жаңа жылға дейін карт-бланш берілді. Бұл туралы DALA INSIDE дереккөзі хабарлап отыр.

Бастысы, оның кабинеті Президент жолдауын іске асыратын сапалы жоспар жасап, соған көп кешікпей кірісуі тиіс.

Смайылов кабинеті тура жолдауда айтылған сөздерді еш өзгертпестен көшіріп басып, өздеріне жоспар жасап алды. Енді жоспар министрліктерге таратылды. Олар өз кезегінде Жолдауды орындау туралы жоспарды орындау туралы жоспар жасап, оны ведомствалық мекемелеріне таратпақ. Шамамен бір аптадан кейін әр ведомство өздерінің Жолдауды орындау туралы үкіметтік жоспарды орындау туралы министрлік жоспарын орындау туралы ведомстволық жоспарын бекітуі тиіс. Содан кейін ғана Жолдау орындала бастайды.

Жолдау қағаз жүзінде орындалғанымен, онда қойылған басты міндет - экономика көлемін 450 миллиард долларға жеткізу қаншалықты реалды? Егер мұнай баррелі 200 доллар тұратын болса ешқандай проблема жоқ, ол мақсатқа тез жетеміз. Ал 30 долларға түсіп қалса ше?

Қазақтың Әлиханында осы мәселеде кәдімгідей уайым бар. Бірақ 2029 жылға дейін кім бар, кім жоқ дейсіз?

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз                 
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c


Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
👍60😁24🔥3👏3😱3😡1
⚡️ Назарбаевтар Барселонадағы құпия клиниканы салып бітті. Бірақ оған сіз бен біз бара алмаймыз...

Ескі Қазақстанның өкілдері 🇪🇸 Испанияны ен жайлай бастады. Негізінен, жылы жерлерді мекендейтін әулет құстың қанаты күйетін Дубайдан жанға жайлы Каталонияға қоныс аударған. Бұған сәл кейінірек тоқталамыз.

Барселонаның Les Tres Torres дейтін бақуатты ауданына ақша құйған клан осыдан төрт жыл бұрын фундаментін қалаған құпия клиниканы ақыры салып бітіпті.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Mediker клиникасы жасы жер ортасынан ауған олигархтарды және ескі Қазақстанның өкілдерін жасартумен айналысады. Медицина тілімен айтқанда, сүйектің жасушаларынан жаңа клетка жасап (регенерация) шығарады.

Әзір орталықтың жұмысын дөңгелетіп әкететін білгір-ділгір дәрігерге іздеу жүріп жатыр. Назарбаевтың ақ батасын алғаннан кейін клиника клиент қабылдай бастайды.

Әлбетте, әулет мүшелері соңынан сөз ергенін қаламайды. Олар жобадағы есім-сойын жасырын ұстайды.

❗️ Осы схемадағы негізгі фигураның бірі - Жанболат Сәрсенов. Жобаның басы-қасында жүрген Сәрсенов мұнай саласының магнаты. KazEnergy қауымдастығында Құлыбаевтың орынбасары боп отыр. Бұған қоса ҚазАтом-ға қарасты уран игерумен айналысатын Ortalyk компаниясының иесі. Жәкеңнің теміржол саласында да "долясы" бар. Тимурдың тұсында "Атамекенде" отырды. Палатаның медкомитетін басқарды...

Каталонияның кіл байлар тұратын Лорет-де Мар қалашығында Сәрсеновпен аффирленген Dinara.kz құрылыс фирмасы, Sabro Properti жылжымайтын мүлік агенттігі тіркелген. Бұлардың бәрі де әлгі құпия клиникамен ым-жымдас деп болжауға болады. Орталықтың бас кеңсесі осы арада орналасқан.

DALA INSIDE-қа белгілі болғандай клиниканың құрылысына 5 млрд теңге жұмсалған.

Шетел асқан ақшаны іздеуге көшкен Жаңа Қазақстанға құлаққағыс: емханаға жұмсалған ақшаның адал жолмен келгеніне күмән көп.

Клиниканың клиенттері де осал емесі айдай анық. Ескі Қазақстанмен ауыз жаласқан олигархтар, кланға адал болуға ант берген бизнесмендер ендігіде осы жерде емделеді. Жасарады. Жақсарады. Люкс сападағы медицина сіз бен біз секілді қарапайым қазақты маңына да жуытпайды.

Испан басылымдары Барселона билігінің клиника қоныс тепкен 2000 шаршы метрді сөзге келмей сата салғанына аң-таң. Әдетте мұндай учаскілерді тұрғындардың игілігіне жарататын әкімдік аукционға қатысудан бас тартқан.

Ал Назарбаевтың ет жақындары Каталонияға бауыр басып қалды. Ескі жүйенің өкілдері өңірдің Франциямен шектесетін Жирона қаласында өмірден ләззат алуда.

Осы қаладағы Коста-брава жағажайы 🏖️ "тұңғыштың" күйеубаласы Тимур Құлыбаевтың сүйікті мекені. Бұған таяқ тастам жердегі С'Агаро курортында Тимурдың әкесі Асқардың "дачасы" бар.

Клан өкілдері көп уақытын Каталонияның 🏌️ гольф алаңдарында өткізеді. Ал сіз бен біздің өмір бұларды қарғап-сілеумен білінбей өтіп жатыр...

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз                 
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c


Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
👍132😡29😱23🔥11😁4💯3👏2🤯2🤩1
⚡️ Анасы араша сұрауда! 150 шаруаға күн панелін орнатып берген кәсіпкер ұзақ жылға сотталды...

Ақмола облысының шаруаларына 2018-2021 жылдары күн панелін жеткізіп, орнатып берумен айналысқан кәсіпкер Медет Ахметов сот үкімімен 6️⃣ жыл арқалады. Оған алаяқтықпен айналысты, мемлекетке үлкен көлемде зиян келтірді деген айып тағылған. Жазасын Павлодар облысындағы түрмеде өтеп жатқан кәсіпкердің анасы мен адвокаты үкіммен келіспейді. Сол себептен де олар Астанаға келіп, журналистерден араша сұрады.

Кәсіпкердің анасы Ғалия Тоқбердиева ұлының қызметі шаруаларға тек пайда әкелгенін айтады.

💬 «Ақмола облыстық Антикордың тергеушісі ұлымның соңына шам алып түсті. Шаруа қожалықтарына қысым көрсетіп, жалған куәлік етуге көндіріп, сол үшін соттап отыр. Медет мемлекетке ешқандай зардап келтірген жоқ. Бірақ сот 98 миллион теңгені қолды қылды деген шешім шығарды. Тағылған айып бойынша, ұлым орнатқан күн панельдерін шаруа қожалықтар пайдаланбай отыр. Ал шын мәнінде олай емес. 150 шаруа қожалығы иелерінің барлығымен жолықтым. Қай-қайсы болса да қондырғылардың қызығын көріп отыр», - дейді ол.

Ғалия Тоқбердиеваның пайымынша, антикор тарапынан шаруа қожалықтарына қысым жасалған. Тергеу жүріп жатыр, панельдерді пайдаланбай қоя тұрындар деген соң, кейбіреуі күте тұрған. Алайда сот аяқталса да, олар шаруа қожалықтарына қайта бармаған көрінеді.

💬 «Іс бір жақты жүргізілді. Шаруа қожалықтарының сөзі мүлдем қаралмады. Енді күн панельдерін алып кететін болсақ, олар көтерілеміз деп отыр. Шаруалар қысым жасалғанын сотта да айтты. Бірақ оған мүлде мән берілмеді. Мемлекет күн панельдеріне 2,5 миллион теңге деген шектік баға қойған. Медет ол сомадан аспады. Ешқандай сараптама жасамай, соттап жіберді», - дейді кәсіпкердің анасы.

❗️ Медет Ахметовтің адвокаты, заңгер Бауыржан Азановтың сөзінше, шаруа қожалықтары өздерін ешқандай жәбірленуші ретінде танып отырған жоқ. Мемлекетке де зардап келмеген. Кәсіпкер артық баға қоймаған.

«Медет Ахметов 🔏 қылымыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотталған. Бұл алаяқтық. Бірақ қорғаушы ретінде айтарым – оның әрекетінде алаяқтық фактісі жоқ. Бірінші сатылық сотта Антикор мен прокуратура артық баға қою деген айып таққан жоқ. Ол үшін бірнеше сараптама жасап, қорытынды шығарылуы тиіс. Мұның бірі де болмаған. Екіншіден, жәбірленушілердің тарапынан арыздар да жоқ. Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы да сотқа ешқандай шағым түсірмеді. Анасы айтып отырған 98 миллион теңге туралы талап-арызды әлі көрмедік. Біздің қорғау тарабының сұрағы – осындай шешім шығарғанда сот қандай заңға сүйенді? Өйткені 190-бапқа сәйкес мемлекет аса ауыр зардап шегу қажет. Бұл жерде оның бірі де болған жоқ», - дейді Бауыржан Азанов.

Сотталушының жақындарының сөзінен белгілі болғандай, бұл іс ауылға прокуратура қызметкері келген кезде басталған. Яғни жиналыс кезінде шаруа қожалықтарының жетекшілерінің бірі, 85 жастағы қария Медет Ахметовтің күн панелін уақытында жеткізбегенін айтқан. Бірақ арыз жазбаған. Осыдан кейін тексеріс басталып, ақыр соңы осылай аяқталған.

Медет Ахметовтің ісі қазір қоғамның бақылауында. Кәсіпкердің жақындары осы әділетсіз үкімге қатысты араша сұрайды.

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз                 
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c


Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
👍66😡30😱23🙏4💯3👎1🔥1
🧔 Сақалдыларға гуманитарлық көмек келе жатыр

Салафизмді әлем бойынша таратумен айналысатын Сауд Арабиясының қорлары Қазақстанда осы ағым позициясын күшейтуге қосымша қаржы бөлмек. Бұл туралы DALA INSIDE дереккөзі айтып отыр.

Қазіргі олардың лоббиінің барлық күші мектепке хиджап киіп бару құқығын сақтап қалуға бағытталды. Және салафизм лоббистері мектептерде намазхана ашу бойынша Оқу-ағарту министрлігіне барынша қысым жасамақ.

Қазақстандағы салафизмға қажет қаржы тікелей ақша формасында емес, Дубайдан ұялы телефон бөлшектері арқылы келеді. Телефон жөндеуден түскен бейресми қолма-қол ақша арнайы ортақ кассаға құйылады дейді, дереккөз.

Қазір салафия идеологтары өз жамағатына қазақтың дәстүрлі, ұлттық құндылықтарына қарсы сөз айтпауды сұрап отыр. Себебі, олар домбыраны "харам" деу арқылы қазақ ұлтын өздеріне қарсы қойып алғандарын түсінді. Енді осы қателікті "жуып-шаю" шараларын жүргізбек.

Не болса да, Қазақстандағы биылғы күз "діни, сектааралық тартыс" бағытында өтетін болды. Салафиттерден бөлек, тәңіршілер, сопылар, көк бөрілер, нұршылар, сүлейменшілер бас көтеріп келеді. Тіпті атеистердің де дауыстары қаттырақ шыға бастады.

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз                 
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c


Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
😱107👍39👎23🤯4💯3🔥1
😭 НДС 16%: ірі кәсіпкерлердің көздері жасаурай бастады

Үкімет есебінше қосымша құн салығын 12 пайыздан 16 пайызға көтеру қазір түсіп жүрген салыққа қосымша 2,4 триллион теңге әкеле алады. Егер Үкімет шығындарды арттырмаса, онда бюджет дефициті мәселесін шешуге болайын деп тұр.

Алайда ірі және орта бизнес енді қосымша құн салығынан қаша бастамай ма, көлеңкеге кетпей ме деген сұрақ туындайды. Оған "қазақтың Әлиханы" басқаратын министрлер кабинетінің қандай жол ұсынатыны белгісіз. Елге келуді жоспарлап отырған шетелдік инвесторлар да бір демін ішке тартып, өз инвестжоспарларын қайта есептете бастауы мүмкін.

Ия, елімізде НДС төменгі деңгейде болып келді. Көрші елдерде ол айтарлықтай жоғары еді. Бірақ, қосымша құн салығының төмен екені біздің инвестициялық артықшылығымыз болып саналатын.

Биылдың 8 айында ішкі жалпы өнімнің өсімі 4,9% құрады. Негізгі өсуді сауда мен құрылыс беріп отыр. Ауыл шаруашылығы керісінше кері кетуде.

Бірақ десе де, Смайылов кабинеті Жолдауды нақты орындау үшін экономикалық өсім биыл кемінде 6% болуы тиіс. Оған 1,1% жетпей, Үкіметті әлі талай діңкелететін болады.

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз                 
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c


Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
👎45👍24😱4💯3👏1
🇺🇸🇰🇿 Жексон және Веник заңы күшін жояды: Конгресс "Қазақстанға тұрақты сауда серіктесі" деген статус беруі мүмкін...

"Орта Азия жаһандық геосаяси пазлдың маңызды бөлшегі болады» деген әулие Бжезинскийдің болжамы ақиқатқа айналуда.

АҚШ мұқым аймақ елдерімен, соның ішінде Қазақстанмен мықтап айналыспақ. Аймақтағы гегемондар Бейжің мен Мәскеуге қарсы hard power позициясын ұстанатын Ақ үй бізді soft power стратегиясымен баурайтын болады.

Әміриканың медиа кеңістігіне барлау жасаған DALA INSIDE келесідей жағымды тенденцияның қарқын алып жатқанын қуана хабарлайды. Бұл екі арасындағы қарым-қатынас кодексінде бұрын-соңды байқалмаған үрдіс...

Өткен апта АҚШ-тың бірқатар беделді басылымдары Байден әкімшілігінен Қазақстанға шындап көңіл бөлуді сұрап, арты-артынан бірнеше материал жариялады.

Әйгілі Atlantic Council (Атлантика кеңесі) аналитика орталығы бізге қатысты терең талдау жасап, 78 млн тұрғыны бар аймақты Қытай мен Ресейдің талауына беріп қоймауды үндеген екен.

Құрамына Ақ үйге сөзі жүретін ықпалды саясаткерлер мен тісқаққан дипломаттар, танымал лоббистерді топтастырған орталық өткен 30 жылда АҚШ-тың бірде-бір президенті аймаққа ат басын бұрмағанын, Путин мен Сидің экспанциясы күшейіп жатқанын әйбәттап жазыпты.

"Қазақстанның геосаяси потеницалымен санасатын кез келді. Экономикадағы (біз айтқан soft power) әріптестік бұдан былай АҚШ-тағы 🏦 министрлер кабинетінің деңгейінде қаралуы тиіс, оны жұмыс тобына ысыра салуды доғару қажет. Сәйкесінше, қаржыландыру көлемі ұлғаюы керек», - дейді Atlantic Council.

Әміриканың халықаралық саясаттағы бағыт-бағдарына ықпал ететін The National Interest журналы да осы сарында сөйлепті. Басылым «аз уақыттан кейін Қазақстанда 👵🏻 орыстың пенсионерлері ғана қалады...» деп болжайды. Ішімізден «ләйім айтқаның келсін» дедік.

❗️Бұл екеуін біріктіретін бір дүние бар. Ол – атышулы Жексон және Веник заңы. Сонау қырғи қабақ соғыс кезінде қабылданған көне құжат Қазақстанның АҚШ-пен жүйелі сауда байланысын орнатуына кедергі келтіріп келеді.

Мәселені бүйірінен қойған Atlantic Council мен National Interest Конгресстен Қазақстанды блоктан шығарып, "Әміриканың тұрақты сауда серіктесі" деген статус беруді сұрауда. Конгресс Жексон және Веник заңына termination (күшін жойса) жасаса, Қазақстанға ағылатын ақша мен инвестиция, тауар атаулы ондаған, жүздеген есе өседі. 🇷🇺 Ресейдің экономикалық экспанциясын тежейтін паритет пайда болады. АҚШ ел нарығына енсе, ескі Қазақстаннан қайтарылған ірі компаниялар америкалық кәсіпкерлердің иелігіне берілуі мүмкін.

Оның жалғыз жолы - Жексон және Веник заңының күшін жою.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша осы айдың ортасында өтетін Орта Азия – АҚШ саммитінде (C5+1) осы мәселе жан-жақты талқыланады. Нью-Йорктен жақсы жаңалық күтеміз. Байден ата бастаған, Орта Азияның бес президенті қостаған басқосу тағдыршешті болмақ.

Ақ үй экономикалық интеграцияға жол ашатын жоба ұсынады деп күтілуде. Әлбетте, бұған Мәскеу демарш жасауға тырысады. "Қарғысы қара басына көрінсін" деп тілейік. Бір аптадан кейін шымылдық түретін шара Әмірика үшін аймақтан айырылып қалмаудың соңғы мүмкіндігі.

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз                 
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c


Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
👍237👏22💯10🔥7🙏4👎3