DALA INSIDE
10.2K subscribers
412 photos
136 videos
1 file
1.17K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🧔 Сақалдыларға гуманитарлық көмек келе жатыр

Салафизмді әлем бойынша таратумен айналысатын Сауд Арабиясының қорлары Қазақстанда осы ағым позициясын күшейтуге қосымша қаржы бөлмек. Бұл туралы DALA INSIDE дереккөзі айтып отыр.

Қазіргі олардың лоббиінің барлық күші мектепке хиджап киіп бару құқығын сақтап қалуға бағытталды. Және салафизм лоббистері мектептерде намазхана ашу бойынша Оқу-ағарту министрлігіне барынша қысым жасамақ.

Қазақстандағы салафизмға қажет қаржы тікелей ақша формасында емес, Дубайдан ұялы телефон бөлшектері арқылы келеді. Телефон жөндеуден түскен бейресми қолма-қол ақша арнайы ортақ кассаға құйылады дейді, дереккөз.

Қазір салафия идеологтары өз жамағатына қазақтың дәстүрлі, ұлттық құндылықтарына қарсы сөз айтпауды сұрап отыр. Себебі, олар домбыраны "харам" деу арқылы қазақ ұлтын өздеріне қарсы қойып алғандарын түсінді. Енді осы қателікті "жуып-шаю" шараларын жүргізбек.

Не болса да, Қазақстандағы биылғы күз "діни, сектааралық тартыс" бағытында өтетін болды. Салафиттерден бөлек, тәңіршілер, сопылар, көк бөрілер, нұршылар, сүлейменшілер бас көтеріп келеді. Тіпті атеистердің де дауыстары қаттырақ шыға бастады.

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз                 
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c


Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
😱107👍39👎23🤯4💯3🔥1
😭 НДС 16%: ірі кәсіпкерлердің көздері жасаурай бастады

Үкімет есебінше қосымша құн салығын 12 пайыздан 16 пайызға көтеру қазір түсіп жүрген салыққа қосымша 2,4 триллион теңге әкеле алады. Егер Үкімет шығындарды арттырмаса, онда бюджет дефициті мәселесін шешуге болайын деп тұр.

Алайда ірі және орта бизнес енді қосымша құн салығынан қаша бастамай ма, көлеңкеге кетпей ме деген сұрақ туындайды. Оған "қазақтың Әлиханы" басқаратын министрлер кабинетінің қандай жол ұсынатыны белгісіз. Елге келуді жоспарлап отырған шетелдік инвесторлар да бір демін ішке тартып, өз инвестжоспарларын қайта есептете бастауы мүмкін.

Ия, елімізде НДС төменгі деңгейде болып келді. Көрші елдерде ол айтарлықтай жоғары еді. Бірақ, қосымша құн салығының төмен екені біздің инвестициялық артықшылығымыз болып саналатын.

Биылдың 8 айында ішкі жалпы өнімнің өсімі 4,9% құрады. Негізгі өсуді сауда мен құрылыс беріп отыр. Ауыл шаруашылығы керісінше кері кетуде.

Бірақ десе де, Смайылов кабинеті Жолдауды нақты орындау үшін экономикалық өсім биыл кемінде 6% болуы тиіс. Оған 1,1% жетпей, Үкіметті әлі талай діңкелететін болады.

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз                 
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c


Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
👎45👍24😱4💯3👏1
🇺🇸🇰🇿 Жексон және Веник заңы күшін жояды: Конгресс "Қазақстанға тұрақты сауда серіктесі" деген статус беруі мүмкін...

"Орта Азия жаһандық геосаяси пазлдың маңызды бөлшегі болады» деген әулие Бжезинскийдің болжамы ақиқатқа айналуда.

АҚШ мұқым аймақ елдерімен, соның ішінде Қазақстанмен мықтап айналыспақ. Аймақтағы гегемондар Бейжің мен Мәскеуге қарсы hard power позициясын ұстанатын Ақ үй бізді soft power стратегиясымен баурайтын болады.

Әміриканың медиа кеңістігіне барлау жасаған DALA INSIDE келесідей жағымды тенденцияның қарқын алып жатқанын қуана хабарлайды. Бұл екі арасындағы қарым-қатынас кодексінде бұрын-соңды байқалмаған үрдіс...

Өткен апта АҚШ-тың бірқатар беделді басылымдары Байден әкімшілігінен Қазақстанға шындап көңіл бөлуді сұрап, арты-артынан бірнеше материал жариялады.

Әйгілі Atlantic Council (Атлантика кеңесі) аналитика орталығы бізге қатысты терең талдау жасап, 78 млн тұрғыны бар аймақты Қытай мен Ресейдің талауына беріп қоймауды үндеген екен.

Құрамына Ақ үйге сөзі жүретін ықпалды саясаткерлер мен тісқаққан дипломаттар, танымал лоббистерді топтастырған орталық өткен 30 жылда АҚШ-тың бірде-бір президенті аймаққа ат басын бұрмағанын, Путин мен Сидің экспанциясы күшейіп жатқанын әйбәттап жазыпты.

"Қазақстанның геосаяси потеницалымен санасатын кез келді. Экономикадағы (біз айтқан soft power) әріптестік бұдан былай АҚШ-тағы 🏦 министрлер кабинетінің деңгейінде қаралуы тиіс, оны жұмыс тобына ысыра салуды доғару қажет. Сәйкесінше, қаржыландыру көлемі ұлғаюы керек», - дейді Atlantic Council.

Әміриканың халықаралық саясаттағы бағыт-бағдарына ықпал ететін The National Interest журналы да осы сарында сөйлепті. Басылым «аз уақыттан кейін Қазақстанда 👵🏻 орыстың пенсионерлері ғана қалады...» деп болжайды. Ішімізден «ләйім айтқаның келсін» дедік.

❗️Бұл екеуін біріктіретін бір дүние бар. Ол – атышулы Жексон және Веник заңы. Сонау қырғи қабақ соғыс кезінде қабылданған көне құжат Қазақстанның АҚШ-пен жүйелі сауда байланысын орнатуына кедергі келтіріп келеді.

Мәселені бүйірінен қойған Atlantic Council мен National Interest Конгресстен Қазақстанды блоктан шығарып, "Әміриканың тұрақты сауда серіктесі" деген статус беруді сұрауда. Конгресс Жексон және Веник заңына termination (күшін жойса) жасаса, Қазақстанға ағылатын ақша мен инвестиция, тауар атаулы ондаған, жүздеген есе өседі. 🇷🇺 Ресейдің экономикалық экспанциясын тежейтін паритет пайда болады. АҚШ ел нарығына енсе, ескі Қазақстаннан қайтарылған ірі компаниялар америкалық кәсіпкерлердің иелігіне берілуі мүмкін.

Оның жалғыз жолы - Жексон және Веник заңының күшін жою.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша осы айдың ортасында өтетін Орта Азия – АҚШ саммитінде (C5+1) осы мәселе жан-жақты талқыланады. Нью-Йорктен жақсы жаңалық күтеміз. Байден ата бастаған, Орта Азияның бес президенті қостаған басқосу тағдыршешті болмақ.

Ақ үй экономикалық интеграцияға жол ашатын жоба ұсынады деп күтілуде. Әлбетте, бұған Мәскеу демарш жасауға тырысады. "Қарғысы қара басына көрінсін" деп тілейік. Бір аптадан кейін шымылдық түретін шара Әмірика үшін аймақтан айырылып қалмаудың соңғы мүмкіндігі.

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз                 
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c


Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
👍237👏22💯10🔥7🙏4👎3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алып көлемдегі футбол добы ⚽️ Алматыдағы Орталық стадионның алдынан домалап өтті!

Бұл "Қайрат" ФК🏟 мен 1xBet-тің  Kairat League акциясына орай әзірлеген креативі, онда жүлде қоры 60 млн тг және әр аптада кепілдік берілген кэшбэк💵  бар.
👍58👎42💯6👏1
🪒 "Сақалды Қазақстан" ақыры қырынатын болды

Келесі аптада Қазақстан билігі елдегі ислам фундаментализмі мен реваншизмі бойынша жабық консультациялар өткізе бастамақ. Ол мәселе Қауіпсіздік кеңесіне шықпаса да, Парламент палаталарының спикерлері, кеңес мүшелері, күштік құрылым басшылары өзара жаңа шешімге келетін болады.

Мәжіліс пен Сенат спикерлеріне сақалдылардың соңғы қылықтары мүлде ұнамай отыр. Оған қоса Мәжіліс депутаттарының өз арасында салафизмді астыртын қолдау әрекеттері байқалып қалған. Әзірге люстрация туралы әңгіме қозғалған жоқ. Бірақ латентті салафит депутаттар қарындашқа ілінді.

Мемлекеттің кері реакциясына соңғы уақытта шетелдегі эмиссарларынан тапсырма алған салафиттердің жер-жерлерде ұйымдасып, елдегі білім жүйесіне, ұлттық дәстүрге, аспаптарға "харам, ширк" деп қарсы көтерілгені себеп болды. Егер сақалдылар "орамал" митингіне шығатын болса, полицияға өте батыл қимылдауға толық карт-бланш берілген.

Болашақта салафизмді Қазақстаннан біржолата кетіру бойынша кешенді стратегия қабылдау идеялары айтыла бастады. DALA INSIDE бір демін ішке тартып, жағдайды бақылап отыр.

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c


Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
👍613👎30👏27🔥22💯12🤮5😁2🤩2
👊🇰🇿 Лондонда айырып тастаймыз: Миттал Қазақстанды сабасына тез түсірді

"ArcelorMittal" алпауытына қызмет ететін халықаралық Baker McKenzie заңгерлік фирмасы (әлемдегі №2 заңгерлік компания) Миттал Қазақстанмен Лондонда соттасса, 100% жеңетінін дәлелдей алды дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Онымен қоймай, Миттал Ұлттық қорды бұғаттап, 4 миллиард долларды сыпырып алуға мүмкіндігі жететінін көрсеткен.

Осыдан кейін, Қазақстан Үкіметі өз риторикасын күрт өзгертіп, "Митталды ешкім қумайды, жұмысын істей береді" деген мәлімдеме жасай бастады. Елдің басқа амалы жоқ. Санкцияда отырған Северстальдің Теміртаумен айналысуға еш мүмкіндігі қалмады. Қытай металлургиялық алпауыттарының өз шикізаттары мен өндірістік қуаттары бастан асады.

Қазақстанның өзіне түк істей алмайтынын миллиардер Лакшми Миттал баяғыда-ақ білген болатын. Енді одан Үкімет өзі уәде берген өндірістік инвестицияларын құюды және қауіпсіздікті қамтамасыз етуін сұрап отыр. Бастысы - шахталарда адамдар өлмеуі керек.

Қазіргі қиын жағдайда Қазақстан Үкіметі Теміртаудағы комбинатты өз қарауына алғысы келмей отыр. Алдымен, ол үшін комбинатты Митталдан 4 миллиард долларға сатып алу керек. Құрылғылардың бәрі ескірген. Оларды жаңарту қажет. Одан кейін мыңдаған жұмысшыларға айлық төлеуі тиіс. Ол үшін болатты әлемдік нарыққа шығарып сату қажет. Машақаты өте көп. Үкімет содан қорқады.

Дегенмен де, Қазақстан жалғыз Митталға байланбас үшін, қазір оның әлемдік нарықтағы бәсекелестерін елге шақыра бастады. Митталдың негізгі бәсекелесі - Rio Tinto алпауыты бізде геологиялық барлау жүргізіп, кен тапса, сол жерге жаңа комбинат салуы мүмкін. Компанияның бас атқарушы директоры Якоб Штаусхольм Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кеше Нью-Йоркта кездесіп, осы мәселелерді пысықтап алды.

Лакшми Митталдың Қазақстандағы тарихы жалғаса бермек. Әзірге үнді миллиардеріне қызмет етемін деп 100 отандасымыз өлді. Енді қаншасы көз жұмады? Ол жағы белгісіз.

Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
👍126😢56😡28👎22😁4🤩4🔥2💯2
👍 Жаңаөзен жалақы деңгейі бойынша көш бастауда

Экономикалық зерттеу институты елдегі жалақы деңгейі бойынша рейтинг жасады. Кесте бойынша ең жоғары орташа жалақы деңгейі – 686 744 теңге Жаңаөзен қаласында болса, ең төменгі жалақы – 212 136 теңге Талдықорған қаласында тіркелді. Яғни, Жаңаөзен тұрғындарының орташа жалақысы Талдықорғанға қарағанда 3,2 есе көп.

Рейтингте екінші орынды Атырау қаласы (513 мың теңге) иеленсе, Сәтбаев қаласы ТОП3-ке кірді (475 мың теңге).

Бір қызықтысы, Елордамыз 389 526 теңге орташа жалақымен тек 6 орынды иелесе, Алматыдағы орташа жалақы 338 636 теңге құрады (8 орын).

Алғаш үштікке кірген қалалардағы орташа жалақының жоғары деңгейі мұнай өндірісі (Атырау мен Жаңаөзен) және «Қазақмысқа» байланысты болып тұр.

#PR

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз                 
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c


Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
👍108🤯10🤮10🔥5😁3🙏2💯2👏1
👍 «ҚазМұнайГаз»-ға қарасты «PETROSUN» компаниясы жылыту маусымында 150 000 тоннадан астам «әлеуметтік мазут» жеткізеді

Нақты айтсақ, ҚМГ еншілес компаниясы әлеуметтік нысандар қажеттілігіне 154 000 мың тонна мазут жеткізеді. Бұл жалпы қажеттіліктің 59% құрайды.

Атап өтетін жайт, былтырғы жылыту маусымында да PETROSUN мазутты үздіксіз жеткізіп отырды. Компания тұтынушыларды 146 мың тонна "әлеуметтік мазутпен" қамтамасыз еткен. Бұл жеткізілуі тиіс жанармай көлемінің 68% құрады.

#PR

👉 https://t.me/kmgpress/2083
👍60👏9💯3🙏2🤯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⛽️Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнай өнімдері тиісті көлемде жөнелтіледі

🚧Атырау мұнай өңдеу зауыты өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың талаптарына және ҚР Энергетика министрлігінің бекітілген кестесіне сәйкес 1 қазанға жоспарланған алдын ала тексеру жұмыстарына дайындалуда.

🔵Жоспарланған алдын ала тексеру жұмыстары жыл сайын өткізіледі және бөлшектердің, тораптардың, механизмдердің мерзімінен бұрын тозуын болдырмауға, олардың жарамдылығын ұзартуға бағытталған технологиялық жабдықты күту, қадағалау, пайдалану және жөндеу жөніндегі іс-шаралар кешенін білдіреді.
👍38🤮4👏1😁1😱1💯1
🔵Жоспарланған алдын ала тексеру жұмыстарына 1 600-ге жуық мердігерлік ұйымдардың қызметкері, сондай-ақ 116 бірлік арнайы техника жұмылдырылатын болады. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы "азаматтық қорғау туралы" Заңының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

🔵Бұл кезде өндірістің тоқтауы мұнай өнімдерін жөнелтуге әсер етпейді. Зауыттың резервуарларында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталмас бұрын жинақталған мұнай өнімдері 36 мың тонна автобензин мен 32 мың тонна дизель отынын құрайды.

🔵Сонымен қатар, қазан айында 16 мың тонна автобензин және 28 мың тонна дизель отынын өндіру жоспарланып отыр.
Мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру мен жөнелту ҚР Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес жүзеге асырылмақ.
👍31👏3💯2
🇰🇿👑 "Жаңа Қазақстан" Әлия Назарбаеваға жақындап келеді

РОП операторына қатысты бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваның үстінен іс қозғау туралы пікір алмасулар жүруде. Оның фабуласы, барлығы дайын. Тек нақты саяси сигнал керек.

Арнайы прокурорлар Әлия Назарбаеваға Қазақстаннан қашып кетіп, Дубайда құрықталған Шынар Мұхтарованың тергеуде келтірген дәйектері арқылы шыға алады. РОП операторының халық пен мемлекеттен алған қаржысы талан-таражға салынғанда, оның негізгі пайдақоры Әлия Назарбаева болды деген күдік бар.

Негізі РОП ісін сот Назарбаевасыз жауып тастаған болатын.

Бұрынғы экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, "Оператор РОП" ЖШС-ні түрлі кезеңде басқарған Светлана Коротенко мен Медет Құмарғалиев 7 жылға сотталып кетті. РОП ісі бойынша келтірілген шығынның жалпы сомасы 26,8 млрд теңгені құрады.

Ал ұсталған Шынар Мұхтарова Светлана Коротенконың қатысуымен бюджеттің 920 миллион теңгесін жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Мұхтарова өз кезегінде тергеу барысында сөйлей бастады. Және Әлияға қатысты тұстарында ерекше ашылып, бәрін айтты дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Аmаnаt» партиясының депутаты Ерлан Саиров арқылы Әлия Назарбаеваны соттау бойынша алғашқы қадам жасап үлгерді. Депутат «РОП операторына» қатысты тұңғыш президенттің кенже қызы Әлия Назарбаевадан жауап алу қажет екенін мәлімдеген еді. Енді тергеу системасы ақырындап айнала бастайтын болады.

Әсілі, Назарбаевтың үш қызын да отырғызуға компромат толық жетеді. Тек ол "Жаңа Қазақстанға" керек пе, кланаралық соғыс ушығып кетпей ме деген сұрақ қана "Сол жағалаудың" батыл қимылдарын бөгеп тұр. Сол үшін бәрін бірдей асамай, бірінші Әлия арқылы дәмін татып көрмек.

Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
👍212👏16🔥14😱6🙏4😡4
✋ Ақмола облысының Бестөбе ауылындағы алтын кеніші соңғы екі жыл бойы игерілмей, тұралап тұр

Жергілікті жұрт кенішті іске қосуға үзілді-кесілді қарсы. Алтын өндіретін кәсіпорынның аузына құлып салынып, қаңырап тұрғаны ақылға сыймайды. Кенішті қажетке жаратса, аймақ бюджетіне қомақты түсім түсер еді.

Салдарынан алтынды астыртын, заңсыз игеретін цехтардың саны күрт көбейіп барады. Күні кеше Ақмола полициясы осындай келеңсіз жайттың үстінен түсті.
Цех бір кездері шахтада еңбек еткен азаматтың ауласынан анықталған. Алтын игерудің амал-тәсілін жетік білетін азамат жертөледен жасырын кәсіпорын ашқан. Осы күнге дейін ел көзінен тасада «табыс» тапқан шахтердің қанша көлемдегі руданы «игеріп» жібергенін бір құдай біледі. Белгілісі, қолдан соғылған тас үгіткішке 10 шелек құнды материал оңай сияды екен.
Полицейлердің айтуынша цехтің жұмыс істегеніне 10 күннен асып кеткен. Ауладағы алтын игерушіні анықтауға «Қазақалтын» ЖШС-нің қызметкерлері атсалысқан.

Ілгерідегі Бестөбе кеніші осы «Қазақалтынға» қарайды. Бұл соңғы жыл жарым ішінде тіркелген 7-ші оқиға. Бестөбедегі астыртын цехтар бірінің соңынан бірі балалап, «қой» дегенге көнер емес. Заңсыз кәсіпорын ашып, көлеңкелі бизнесті көркейтіп жатқандардың түгелі жергілікті тұрғындар... Олар полицияның әміріне де бағынар емес. Күні кеше полицейлер Бестөбедегі шахтаның түбіне түсіп, алтын рудасын аршып алып жатқан тағы бір топты әшкереледі. Әлгі топтың шахтаға түсіп, қымбатты металды қалтаға басуына жергілікті тұрғынның жәрдемдескені мәлім болды.
«Қазақалтынның» «қарақшылар» дейтін тізіміне кірген тұрғын бұған дейін де алтын ұрлап бірнеше рет істі болған.

Бұл соңғы бір жарым жылда шахтаға заңсыз кірген осымен 25-ші оқиға. Бізге жеткен мәлімет бойынша, бестөбеліктер осы арқылы табыс табуды кәсіп көзіне айналдырған. Олардың Бестөбеден зауыт ашуға қарсы шығып жатқаны тегін емес.

Мұндағы мотив: алтын игеретін кәсіпорын ашылар болса, оның есігінің аузында күзет тұрады, видеобақылау жүргізіледі, заманауи техника жеткізіледі. Бұл ауылдағы алтын ұрлаумен айналысатын баукеспелердің бизнесін банкротқа ұшыратады. Кәсіпорын ашуға ниетті компания бұл іске білек түре кірісер болса, ауылдағы қарақшы топтың тарапынан саботаж жасалуы мүмкін деп қауіптенеді. Бұған дейінгі қоғамдық тыңдауда алтын ұрлап дәндегендер шараның шырқын бұзып, айғай-шу шығарған. Кәсіпорынды модернизациялауға ниетті компания қарақшылармен бетпе-бет келуден қаймығып отыр.

Бұған негіз бар. Бестөбедегі алтын ұрлауға дағдыланған топты полицейлер соңғы он жыл бойына ауыздықтай алмай келеді. Осы аралықта мемлекеттің меншігіне қол сұққан 45 мың факті тіркеліп, астыртын ашылған жүздеген цех тәркіленді. Соңғы бір жарым жылдың ішінде мыңға жуық азамат ұсталып, жауапқа тартылыпты.

Демек, бұл істің артында криминалды күш тұр деп топшылауға болады. Олар жергілікті тұрғындарды провокацияға итермелеп, өздері олардың тасасында тығылып жүр. Соның кесірінен аймақ экономикасы салықтан қағылуда. Ұры-қарылар Бестөбеде алтын өндіретін заманауи инфрақұрылымның орнағанын қаламайды. Ілгеріде айтқандай, осынау криминалды жүйенің бастауын анықтау қажет. Бестөбеде өндірілген алтын ауылда ұзақ аялдамайтыны белгілі. Демек, бұл істен ауыл тұрғындары да және олардың «крышалары» да күреп табыс тауып отыр.

Жергілікті жұрттың Бестөбеден кәсіпорын ашуға қарсы шығып жатқаны да содан!

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз                    
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c

Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
👍72😱10💯3😡3👏2🔥1
⚡️ Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел! Қазақтар 🇦🇪Араб әмірлігіне ағылуға әзір отыр...

Жақсы өмірге ұмтылған қазақтар үшін Англия мен Кореядан кем түспейтін әлтернәтива табылды. Назарбаев әулеті ауа көшкен Араб әмірліктеріне жұмыс күші қажет!

Ауыр жұмыстан қашпайтын, тек сонысы үшін лайықты ақы сұрайтын қазақтар бұл мүмкіндікті мүлт жібермеуі тиіс.

Санаулы сағаттан кейін үміткерлерді іріктеу кампаниясы басталады. Жоба жетекшілері өзіміздің ҚазМұнайГаз бен араптың Abu Dhabi Ports компаниясы. Екі алпауыт ақылдаса келе осындай ортақ жобаны іске асыруға ұйғарысқан.

Abu Dhabi Ports туралы аз-кем инфо: компания 🇦🇪 Араб Әмірліктерінің порт, өнеркәсіп және логистика саласындағы ірі операторы. Компания порттар мен терминалдарға (контейнерлер, жалпы жүктер, Ро-Ро, круиз) иелік етіп, олардың жұмысын жүйелейді.

❗️ Арабтарға қандай маман керек?

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша порт басшылығы келесідей мамандарға сусап отыр. Бұлар: боцман, механик, электрик, дәнекерлеуші, сылақшы, теңізші, құммен тазалаушы, дайвинг жөніндегі супервайзер, инженер және тағы басқа.

Бас-аяғы 3️⃣5️⃣ мамандық бойынша байқау өтеді.

Конкурстың кішігірім нюанстері бар. Іріктеуде Маңғыстау өңірінің тұрғындарына басымдық беріледі. Мұны бір деп қойыңыз.

Байқауға қатысатын азаматтар азды-көпті болсын ағылшынша білуі тиіс. Онсыз араптармен коммуникация орнату ауыр болары анық.

Іріктеуді Abu Dhabi Ports-тың өкілдері жүргізеді. Компанияның корпоративтік талап-үдесінен шыққан қазақтар ағылшын тілінің жедел курсынан өтіп, тұрақты жалақысы, комфортты ортасы қалыптасқан жұмысқа орналасады.

Уақыты? Байқау ертең, 29 қыркүйекте басталады.

Іріктеу Samruk Business Academy ұйымдастырады. Үміткерлер 29 қыркүйектен бастап QSamruk.kz платформасына тіркеліп, өтінім бере алады.

DALA INSIDE өз тарапынан толық ақпарат беруге тырысты. Қосымша мәлімет алғыңыз келсе, 📞 +7 (708) 035 6575 жедел желісіне хабарласуға болады.

DALA INSIDE тәуелсіз болып қалуы үшін арнамызды қолдауды сұраймыз
👉 https://lmv.kz/c/SQPC2x2c

Бізге тіркеліп алыңыз
👉 https://t.me/dalainside
👍109👏8🔥4💯4😁1