DALA INSIDE
10.2K subscribers
412 photos
136 videos
1 file
1.17K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
✊ Жаңа Қазақстан мақалы: "Митингке шықпаған балаға емшек бермейді"

Маңғыстауда көлік жүргізушілері ереуілге шығып жатқан "West oil Software" жекеменшік компаниясының басшылары өз жұмысшыларын тыңдап, мәселені шешудің орнына бастарын құмға тыққан түйеқұстай тығылып қалған. Компания басшылығы тарапынан шиеленіске жағдайды шешуге бағытталған ешбір әрекет байқалмады. Жекеменшік компания жұмысшыларымен келіссөзді жалғыз "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы жүргізуге мәжбүр. Осы мәселе біраз сұрақтар туғыза бастады дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Тағы бір мәселе, өндіріс 4 күн бойы тоқтап тұрғандықтан, қыруар шығындар қордалана бастады. Соның қырсығынан компанияның бюджетке төлейтін салығы қысқармақ. Ол Маңғыстаудағы зейнеткерлер, әлеуметтік көмек алып отырған көпбалалы аналардың аузынан жырып, ас жегенмен бірдей. Бұл жауапкершілік кімнің мойнында болады?

Бүгін дейін ереуілдеп жатқан шопырлардың жалақылары орташа есеппен алғанда 735 мың теңгені құрайды. Оған қоса, 2017-2018 жылдары олар "Oil Transport Corporation" (ОТК) компаниясында жұмыс істеп, екі жақты келісім бойынша жұмыстан өз еркіммен шыққанда 10-11 млн теңгені құрайтын өтемақыны алған.

Заң бойынша, сотпен заңсыз деп танылған ереуіл қатысушыларын жұмыс беруші арнайы баппен жұмыстан шығаруға құқылы. Маңғыстаудағы еңбек нарығы "митинг шантажының" сынақ алаңына айналып бара жатыр. Осыған құнығып кеткен азаматтарды жұмыстан шығарып, олар басқа өңірдегідей сияқты жұмыссыздық немесе 150 мың теңге айлыққа жүрудің не екенін ертерек түсінсе, болашақтағы көптеген проблемалардың алдын-алуға болады.

Бүгін 750 мың теңгені аз деген адам дегенін істете алса, ертең 2 миллион сұрайды. Оны көрген көршілері де, таныстары да "мен де мәселемді осылай шешіп алайын" деп митингілеп шығады. Бүкіл Қазақстан митингтен босамай, ешкім жұмыс істемесе біз қалай дамимыз?

DALA INSIDE "митингпен шантаж жасау" дертінің кең етек жая бастағанын көріп отыр. Арты жақсылыққа апармайтыны анық. Еңбек митингіне қатысты нақты ережелер, кәсіподақтардың статусын арттыру бойынша кешенді жұмысты қолға алатын уақыт келді. Бізге жазылуды ұмытпаңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍95👎36🔥3💯3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақыры  «West Oil Software» ЖШС-ның басшылығы өз жұмысшыларының ереуіліне қатысты мәлімдеме жасады.

«West Oil Software» ЖШС-ның директоры Қаржаубаев Тлеген Өмірзақұлы.
👍35🔥3😁1💯1
⚡️Нұрекең Мәскеуде жүр. Бүгін 16 желтоқсан...

Экс - президент Тәуелсіздік күні Ресейге тартып отырған. DALA INSIDE-қа белгілі болғандай ертең Әбішұлы Путиннің қабылдауында болады.

Кремль көсемі кездесуге аса ынтызар емес, алайда тықақтап тұрып алған Нұрекең ақыры діттеген мақсатына жетсе керек.

Ақордамен аффирленген телеграм каналдардың айтуынша Әбішұлы атышулы мемуарын алдыға салып барады. "Менің өмірім" дейтін ғұмырнамалық еңбегінде экс-президент Путиннің мақтауын асырып, астына көпшік төсеген-ді.

DALA INSIDE дереккөзінің мәлім еткеніндей Назарбаевтың Кремль көсеміне көзбе-көз айтар жеке бұйымтайы бар...

Тәуелсіздік күні Мәскеуге ұшып кеткен "тұңғыштың" әрекетінен-ақ, оның ұлық мерекеге атүсті қарайтынын аңғаруға болады.

Кремльден ұзап шықпайтын Путиннің Әбішұлын шамалы күте тұруға шыдамы жетер еді.

Демек, зейнеткердің жүрегі тыныш емес. Әлденеге алабұртып жүр. Тәуелсіздік мерекесін тәрк етіп, Мәскеуге аттанып кеткен Нұрекеңнің бұл кетісі тегін емес деп топшылауға болады.

DALA INSIDE ертеңгі кездесудің астарына үңілуге тырысуда. Арнамызды бақылап отырыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
😱121👍59🤮39👎17😁10💯5👏2😡2
🤌 Қазақстан Батьканы жаңа жылдан кейін жазаламақ

Қазақстанның Германияға мұнай экспортына кедергі келтіріп отырған Беларусьтің әрекетіне тиісті жауап ойластырыла бастады. Бұл туралы Министрлер кабинетіндегі жағдаймен таныс DALA INSIDE дереккөзі хабарлады.

Қазақстан, Германия және Ресей биыл "Дружба" құбыр жүйесі арқылы Германияның "Шведт" мұнай айыру зауытына жылына 1,2 миллион тонна қазақ мұнайын жіберуге келіскен еді. Құбыр Ресей, Беларусь, Польша арқылы Германияға барады. Енді күтпеген жерден Минск өзі арқылы өтетін учаске тарифын тоннасына 455,94 рубльден 653,8 рубльге дейін, яғни 43,4 пайызға көтереміз деп қиғылық салуда. Егер тарифтер күрт өссе Қазақстан тарапы қосымша 1 миллиард теңгеден астам шығынға ұшырайтын болады.

Беларусь президенті Александр Лукашенконың Қазақстанға деген көзқарасы соңғы кездері оңды болып жүрген жоқ. Бірақ Батька не істесе де, Қазақстанның оны жазалайтын қуатты рычагы болмай тұр. Минскті тек беларусь азық-түлік импортын шектеу арқылы сәл ренжітуге болады.

Үкімет үйіндегілер тарифті орнында қалдыру үшін барын жасап көрмек. Германияға мұнай экспортын үзуге болмайды. Себебі, келісімдерге қол қойылған. DALA INSIDE осыны бақылап отыр. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍95😡30🤯9😱4👎3💯2🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ West Oil Software жұмысшылары «ҚазМұнайГаз» өкілдерімен келіссөз жүргізуден бас тартты...

20 желтоқсанда Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев West Oil Software жұмысшыларымен келіссөз жүргізуге талпынды. Алайда жұмысшылар «ҚазМұнайГаз» штатына жұмысқа орналасуды талап етіп, кездесуден бас тартты, деп хабарлайды Қарақия ауданының әкімдігі.

Төретаев кеше West Oil software-дің наразы қызметкерлерімен кездескен. Әкім наразы қауымды сабырға шақырып, мәселені үстел басында шешуді ұсынған. Жұмысшылар әкім ұсынысын қабыл алған.

20 желтоқсан күні таңертең «ҚазМұнайГаз» АҚ төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов, «Маңғыстау Мұнай Газ» басшысы Мұрат Мұстафаев, West Oil software басшылығы мен Қарақия ауданының әкімі ереуіл өтетін жерге келіп, уағда бойынша келіссөз процесін бастауға шақырды.

Алайда, West Oil Software бұған дейінгі уәдеден айнып, келіссөзді бастаудан бас тартқан.

- Арнайы комиссия келіссөз жүргізуге дайын. Бұл жағдайды реттеудің ақылғы қонымды жолы, оны пайдалану қажет, - деді Дәулетжан Хасанов жиналғандарға.

Алайда, WOS қызметкерлері «ҚазМұнайГаз» штатына жұмысқа орналасуды талап етіп, келіссөзден бас тартты.

WOS-тың бірқатар мамандарының жалақыны «ҚазМұнайГаздағы» еңбекақымен теңестіру, ҚМГ еншілес кәсіпорнының штатына кіру сияқты қосымша талаптары орынсыз екенін ескеру қажет. Неге?

WOS-тың кей қызметкерлері бұрын "ҚазМұнайГаздың" еншілес ұйымдарының қызметкері болған және 2018 жылы 5/50 бағдарламасын пайдаланып, өз еркімен жұмыстан шыққан әрі аталған бағдарлама аясында 5 жылдық жалақысының 50% алған. Орташа алғанда, бір адамға төленетін төлем сомасы шамамен 11 млн теңгені құрады. Осы себепті ҚазМұнайГаздың ЕТҰ штатына көшуі туралы талаптар да мүмкін емес.

Ереуілге байланысты "West Oil Software" ЖШС күніне шамамен 23 млн теңге шығынға батуда.

https://t.me/dalainside
👍65😱11👎9💯4
🇰🇿🥚🇷🇺 Жұмыртқа соғысы: Ресей мен Қазақстан таласқа дайындала бастады

Ресейдегі бағасы күрт қымбаттаған жұмыртқа Кремльді аяғынан тік тұрғызды. Жаңа жылға дейін жұмыртқа бағасы түспесе, министрлер мен губернаторлардың бастары кетуі мүмкін. ВЦИОМ-ның жабық зерттеуінде "жұмыртқа бағасы екі есе өссе, халық наразылығы артып, сайлауға барайын деп отырған Путиннің рейтингі құлдырайтыны" анық көрсетілген. Бұған мазасызданған Кремль үкіметті басқарып отырған Михаил Мишустинге жерді төңкерсе де, жұмыртқа бағасының қымбаттауын 60% пайыздан асырмауды тапсырды. Ресей үкіметі бірден жұмыртқа импортына баж салығын алып тастады. Және мүмкін болса, Қазақстандағы бар жұмыртқаны өздеріне алып кетуді ойластырып отыр.

Ресейдің біздің жұмыртқаға ауыз салуы Жаңа жылға дейін инфляцияны 10 пайызға түсіру үшін жанталасып жатқан қазақ үкіметінің бар жоспарын бұзайын деп тұр. Осыған орай, қазақтың Әлиханы ауыл шаруашылығы мәселесіне қатысты жиын өткізіп, оның жабық есіктің артында өткен қысқа бөлігінде жұмыртқа соғысына дайындығымызды пысықтауға кірісті. DALA INSIDE дереккөзі, Қазақстанның жұмыртқа экспортына уақытша шектеу қою мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Үкіметке қалай болғанда да, Жаңа жылға дейін жұмыртқаны қымбаттатпау керек.

Жұмыртқа соғысында кім жеңеді? Смайылов па, Мишустин бе? Оны алдағы уақытта білетін боламыз. DALA INSIDE қоңырауы әр үйде қосулы болсын.

https://t.me/dalainside
👍137😁52🔥5👏5😱3💯2👎1
🔥 Бағдат Мусин "Қазақтелекомға" кетпек

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жаңа жылдан кейін "Қазақтелеком" ұлттық компаниясын басқаратын болады дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Оның министр лауызымында отырғанына үш жылға жуықтады.

Бағдат Мусин еліміздегі цифрландыру ісіне жауап беріп жүрді. Жетістіктері де, кемшіліктері де болды. Тіпті Жапонияны басып озған кездері енді тарих қойнауына енбек.

Мусин үшін ұлттық компанияны, әсіресе "Самұрық-Қазына" қорына қарасты ұйымды басқару таңсық емес. Ол 2014-2017 жылдары «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болып қызмет еткен. Сол жылдары ол тіпті өз айлығын қысқартамын деп жастық максимализмге барған еді. Қазір қырыққа толғандықтан, ондай қылық шығара қоймайтыны белгілі.

DALA INSIDE дереккөзі "Мусиннің өзі Қазақтелекомға баруға қарсы емес" дейді. Соңғы уақытта бітпей кеткен совещание, жиын, коллегиялардан қажи бастаған. Министрлікке қарағанда Қазақтелеком тыныштау жер. Айлығы да жақсы.

Мусин келсе, онда Қазақтелекомның "мәңгі билеушісі" Қуанышбек Есекеев орнын босататын болады. Есекеев басқа лауазымға емес, тікелей тергеушілерге баруы да ғажап емес. "Ескі Қазақстан" шлейфінен келе жатқан, Сатыбалды, Jusan істеріне қатысты оған да біраз сұрақтар бар.

DALA INSIDE Мусин мен Есекеев тағдырын мониторингке алды. Бірге бақылайық 👇

https://t.me/dalainside
👍130🔥14😁14🤮7😱6💯4
Audio
<unknown>
👊 Судьяларға компромат жинау науқаны басталды

ҚР Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Темірлан Шонаев жиналыста судьялардың үстінен компроматтар болса, белсенді әкелуін сұрауда. Жалпы, сот корпусында ауқымды реформа жасау мақсатында, судьяларға ауқымды ақпараттық шабуылдар ұйымдастырылатын болады. Артынан масштабты тазалаулар басталмақ.

Реформа өз жемісін бере ме? Әлі кесіп айту қиын. Бізге жазылыңыз 👇

https://t.me/dalainside
👍186😱5🤮5🔥3💯2🤩1
💥 Көлгінов тергеуге барып жүр

Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов Антикор тергеушісіне аптасына бір рет барып, сұрақтарына жауап беріп келеді, дейді DALA INSIDE дереккөзі.

Экономикалық қылмыстар бойынша тергеушіні Алтай Сейдірұлының Астана қаласын басқарған кезіндегі бірнеше ірі жобасы, әсіресе коммуналды шаруашылық пен отын-энергетика саласындағы қабылдаған шешімдері қызықтырып отыр.

Қазір Көлгінов Қазақстан аумағын тастап ешқайда шыға алмайды.

2016 жылдан бастап Алтай Көлгінов үлкен өңірлер мен қалаларға әкім бола бастады. Алдымен Батыс Казақстан облысын басқарса, 2019-2022 жылдары Астана қаласына әкім болды. 2022 жылдың аяғында Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына дейін шарықтады. Алайда жарты жыл өтпей, 2023 жылдың жазында барлық лауазымынан айрылды.

Көлгіновке айып тағыла ма? Ол жағы белгісіз. Тіпті куәгер ретінде аман қалуы да мүмкін. Қазір тергеушілер әр эпизодты майшаммен қарауда.

DALA INSIDE мәселені бақылап отыр. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍128🔥15👎5💯2🤯1🤩1
👋 "G-Park" басшысы Ғабит Сәтмағамбетов: Мен Астанадамын!

Астанадағы атышулы "G-Park" құрылыс компаниясының басшысы, Астана мәслихатының экс депутаты Ғабит Сәтмағамбетов DALA INSIDE дереккөзінің "ол Дубайда" деген инсайдын жоққа шығарып, өзінің Астанада жүргені туралы видеосын инстаграм сторисіне жариялады. Онымен бірге DALA INSIDE телеграмына "Дубайда жүр" деген ақпаратты жоққа шығарып, Астанада екендігін хабарлайтын материал беруін сұрап хат жолдады.

DALA INSIDE копирайтерлерінің Ғабит Сәтмағамбетовтың Астанада жүргеніне сенбеуіне еш негіз жоқ. Сондықтан оны Астанада деп санаймыз. Бірақ "G-Park" проблемаларының қордаланып келе жатқаны анық. Ғабит Сәтмағамбетовке осы пост арқылы үш ашық сұрақ қойып отырмыз:

- Ғабит мырза, Астана әкімдігі "G-Park" құрылыс компаниясына жаңа үйлер салуға тыйым салды. Оны қала әкімі Жеңіс Қасымбек ресми мәлімдеді. Оған не себеп болды деп санайсыз?
- Қазір қанша үлескер өз қаржысын кері талап етіп отыр? Олардың талабы қалай орындалады?
- Қазақстан Республикасының "Үлескерлік құрылыс туралы" Заңында құрылыс компанияларына үлескерлік құрылыс туралы келісім-шартсыз адамдардан ақша жинауға тиым салынған. Неге "G-Park" компаниясы осы заңды бұзып, үлескерлермен "брондау" шартын жасасты?


Осы үш сұраққа Ғабит Сәтмағамбетов өзінің инстаграм сторисі немесе бізге хат жолдау арқылы жауап бере алады. Ал біз оны міндетті түрде жариялайтын боламыз.

DALA INSIDE үлескерлер проблемасына алаңдап отыр. Себебі, бұл жолы Ұлттық қордың қаржысы жетпейді. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍64👏4💯3🔥2🤩1
⚡️ Гульжан Ергалиева, кто вы такая?..

Таяуда Алматының орыстілді тұрғыны Гульжан Ергалиева өзінің желідегі парақшасында «Мұндай нақұрыстарды не істеуге болады?» деп айналасына сұрау тастап, пост жазыпты.

Бұл жолы Гүлекең «нақұрыс-идиот» деп өзі жылдар бойы күресіп жүрген ескі билікті емес, екі қолға бір жұмыс таппай Алматының іргесін паналап, күнелтіп жүрген ауыл қазағына сын садағын бағыттапты.

Бұдан кейін біздің де талағымыз тарс айырылды. Өйткені біз де Гүлекең айтқан «нақұрыс-идиоттардың» біріміз. Қалаға сіңіскенімізге бар болғаны 5-10 жылдың жүзі болған шығар. Сондықтан талай қазақ апамыздың сөзін өз ауласына лақтырылған тас ретінде қабылдағаны анық.

Сонда Ерғалиқызын не мазалайды дейсіз ғой? Оның ойынша Алматының айналасы ауыр және қорқынышты конгломератқа толып кетіпті.

Апамыздың ойынша мұндай “жат элементтер” еліміздің абыройын асқақтатқан чемпиондарды танымаса, пышақтап өлтіре салудан тайынбайды-мыс. Бұл жерде алжасқан Ергалиева мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімін меңзеп тұрғанын түсіндік.

Бірақ Денис Тен Алматының шетінде емес, қаланың қақ ортасында пышақталмады ма? Бұған Алматының айналасындағы елді-мекен тұрғындарының не қатысы бар? Түсініксіз?..

Айтпақшы, апамыз өз жазбасында ауыл қазағын маргинал қылмыскерге теңейді, оларды көргенде “ақымақтардың армиясын” көргендей болады екен. Қарапайым ауыл қазағы Гүлекең өшігетіндей не істеп қойды? Сол жағын ұқпадық. Бірақ мұны жайдан-жай қалдыруға болмайды.

Бұдан кейін апаймыз ауыл қазағын ары қарай тағы айыптай түседі.

– Бұл ақымақтар автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, соның кесірінен аялдамада тұрған қарапайым адамдар қаза тапты. Қаланың шетінде осындай бейадамдар көп қоныстанған – олар егеуқұйрық сияқты өмір сүреді. 50 шаршы метр бөлмеде 30 адам болып тұра береді (құдды солардың үйіне күнде барып, шай ішіп жүрген адамдай гәпіріпті). Мұндай адамдар қалада күмәнді жұмыс істеп, топтасып ұрлық жасап, Алматыда субмәдениет қалыптастыруда, – деп лағып кетіпті.

Апамыздың осы сөзінен оның Рысқұлов көшесінен төмен қарай аттап баспағанына ондаған жыл болғанын байқағандай болдық.

Баяғыда жарнамалық газеттердің жылжымайтын мүлік сататын бөлімінде «ниже Рысқұлова не предлагать» деген ескертулер жүруші еді. Соны билік әрең қойдырып еді. Енді Гульжан Ергалива сол әңгімені қайта бықсытып, ауыл қазағының ар-намысын аяққа таптап отыр.

Сөз соңында алжасқан апамыз «Құқық қорғау органдары мен жергілікті билік орындары мұны зерттеп, шара қолдануы қажет. Қаланың ортасындағы қоғамдық орындарға тұмсығын тықпасын, ❗️ Алматының шетіндегі өздерінің “гаремдерінен” аяғын аттап баспасын!» – деп Алматыдағы қазақтарды екіге бөліпті.

Иә, күні кеше ғана автобуста орын алған жағдай бәрімізді шошытты. Бірақ осы қайғылы оқиғаны алға тартып, тұтас ауыл қазағын тілдейтін «Гульжан Ергалиева, кто вы такая?». Бұл ел ішіндегі араздықты қоздыру емес пе? Ергалиеваның жауапқа тартылуын талап етеміз!

Нұрлан Жұмахан, арнайы DALA INSIDE үшін
👍284😡35😱16💯5🔥3👏3😁3🤯2
🌲 Сатыбалдысыз Жаңа жыл: салафит бизнесмендерге ауыр міндет артылды

Сот Қайрат Сатыбалдыны жаңа жылға дейін босатпай қойғандықтан, ол кеше мемлекетке тағы 55,4 миллиард теңге қайтарды.

Заңсыз иеленген активтерді қайтару науқанының жылдық есебі үшін Сатыбалды берген қаржы кәдімгідей позитивті рөл ойнады. Бірақ "Жаңа Қазақстан" Қайрат Сатыбалдыдан кемінде тағы 120 миллиард теңге қайтаруға ниетті. Ол үшін Сатыбалдыға уақыт керек болып тұр. Себебі, ол түрмеден мүлде қайыршы болып шықпас үшін, кезінде өзі демеген, қолдаған салафит бизнесмендерге үшбу хат жолдамақ. Бизнесмендерден кемінде 40 миллиард теңге жинаса, өзінің соңғы 120 миллиард теңгелік активтерін мемлекетке бере алады.

Егер ақша келсе, Қайрат Сатыбалды шамамен наурыз мейрамына таман босап шығады деп жоспарланған. Одан кейін Сатыбалдының жүріс-тұрысы, транзакциялары Қаржы мониторингі агенттігінің толық бақылауында болады.

Әзірге оның ағымдастары "Харам Жаңа жыл" атты акциямен көзге түспек. Жер-жерде бюджет қаржысына тұрғызылған мерекелік алып шыршалар өртелетін болады. Алғашқы шырша Таразда өртелді. Енді Ақтөбе, Орал сынды қалаларда да шыршаға шабуыл жасалады деп күтілуде.

Қайрат Сатыбалды тағдыры DALA INSIDE назарында. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍119😁41🔥12👎8👏6💯3
🤌 Ескі Қазақстан қайтып келмейді: Тоқаев түсінікті сигнал жіберді

Ақорда "Ескі Қазақстанның" лидерлері мен олардың нөкерлеріне бағытталған месседжін ұзақ уақыт пісіріп, 2024 жылдың басында жіберуге шешім қабылдаған. DALA INSIDE дереккөзі 2019-2022 жылдары орын алған "қостабанды билік дәуірінде" Президенттен кейін бірден Кітапханадағы Назарбаевтың кабинетіне жүгірген барлық шенеуіктің карьерасы биылдан бастап тоқтайтынын хабарлады. Қазір изоляторда соттың шешімін күтіп отырған, кезінде Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесіндегі статусын Президенттен жоғары бағалаған экс әділет министрі Марат Бекетаевтың сол мәлімдемелері енді алдынан шығатын болады.

2024 жылдан бастап "Ескі Қазақстан" толықтай жойылады. Оның қаңқасы болған функционерлер мен олигополия өкілдері барлық аренадан түгелдей дерлік кетпек. Жарты жылдан кейін саяси кеңістік "Ескі", "Жаңа" деп бөлінуін тоқтатады.

"Ашығын айтсам, осы жаңа бағдары­мыз кейбір ықпалды адамдарға мүлде ұнаған жоқ. Олар бұл өзгерісті елімізде әбден тамыр жайған жүйеге және билік құрылымындағы өздерінің «ерекше мәртебесіне» төнген қатер деп қабылдады. Мұндай адамдар елдегі өзгеріске астыртын, кейде тіпті ашық қарсылық білдіре бастады. Ақыр соңында реформаның бетін қайтарып, өздеріне ыңғайлы бұрынғы қалыпқа оралу үшін бәрін тас-талқан етуге шешім қабылдады" - деді Қасым-Жомарт Тоқаев, Егемен Қазақстанға берген сұхбатында.


DALA INSIDE дереккөзі кезінде Қазақстанды жұдырығында түйіп ұстаған ағайынды Нығматуллиндер мәселесінде белгілі бір шешімдер болатынын хабарлады. Біршама жабық консультацияларда осы сұрақ нақты талқыланған. 2024 - аты жер жаратын сот процестерінің жылы болады деп күтілуде.

DALA INSIDE процестерді сыртынан емес, ішінен бақылап отыр. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍247😁20🔥5👏4🙏3
🥚 Қазақстан "жұмыртқа кризисіне" дайындала бастады

Келесі аптада Үкімет осыған қатысты жабық кеңес өткізуді ойластырып отыр дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Елде жұмыртқа 4 ай бойы қымбаттап келеді. Өткен аптада оның қымбаттауы 0,7 пайыз көрсетіп, әдеттегі баға өсуі нормасынан екі есе асып кетті.

Бұл Ресейдегі жұмыртқа тапшылығының салдары болуы мүмкін. Ресейде қазір жұмыртқа дағдарысы белең алып отыр. Баға қымбаттағандықтан, отандық құс фабрикаларына жұмыртқаны Ресейге экспорттау өте тиімді бола бастады.

Ресей Премьері Михаил Мишустин үшін жетпей жатқан жұмыртқаны Қазақстаннан алдыру оңтайлы вариант болып отырғаны жасырын емес. Бұл ретте қазақтың Әлиханы қиналып қалуы мүмкін. Премьер Смайылов өткен желтоқсанда жылдық инфляция деңгейін 9,3 пайызға түсіріп, президент алдындағы уәдесін толық орындаған болатын. Ол үшін 2024 жылдың басында инфляцияны 9-9,5% коридорында ұстап отыру өте маңызды.

Жұмыртқа инфляция себетіндегі негізгі тауардың бірі. Ол күрт қымбаттаса инфляция деңгейі дереу өсе бастайды.

Қазір елімізде 69 құс фабрикасы бар. Оның 34-і жұмыртқамен айналысады. 2022 жылы Қазақстан 5 миллиард дана тауық жұмыртқасын өндірген болатын. 2023 жылы да шамамен осы көлемді сақтап қалды. Елдегі жұмыртқа ішкі тұтынуды жабуға әрең жетеді. Артық жұмыртқа экспортына біздің фабрикалардың қауқары жоқ.

Қазақтың Әлиханы отандық жұмыртқа нарығын барынша қорғайтын болады. Министрлер кабинетінің басты мақсаты - оның тапшылығын болдырмай, бағаны төмен деңгейде сақтап қалу.

DALA INSIDE жұмыртқа соғысының бел ортасында болады. Бізге жазылып қойыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍111😱8🤮5👏4💯4🔥1🤯1
🫶✍️ Қазақстан қазақи "Россотрудничество" жасамақ

"Qazaq tili" эндаумент қорын қазақтың жұмсақ күшіне айналдыру жобасы жабық есік жағдайында талқылана бастады. Эндаумент қорға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз қалтасынан 7 миллион теңге тапсырғаннан кейін, біраз бизнесмен де шамаларына қарай жарналарын өткізе бастаған.

Қазақтың жұмсақ күші қандай болады?

Ол сыпайы түрде қазақтілді қызықты контенттерді көбейту, қазақ тілінің қолданыстағы аясын кеңейту. Және ең басты мақсат - тіл сауаты. Қазақша тұрмыстық деңгейде сөйлесетін азаматтардың көбісі сауатты жаза алмайды. Сауатты қазақ тілі - бүгінгі күннің ең үлкен проблемасы болып отыр.

Qazaq tili эндаумент қоры халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының аясына кіреді. Оны Рауан Кенжеханұлы басқарып отыр. Қазақтың жұмсақ күші - талайдан бері көкейде жүрген мәселе. Осының алғашқы идеялары 7-8 жыл бұрын айтылған болатын және ол кезде басты акцент латын әліппиіне берілген еді. Қазір "латын шаруасы" кейінге ысырылып, контент, оқулықтар кириллицада жалғасын табады деген түсінік бар.

Қазақтың жұмсақ күші қай жаққа жол тартады?

Қытайдағы қазақтар салт-дәстүрін, тілін жақсы сақтап отыр. Россотрудничество біздің оңтүстік аймағымызға енгені сияқты, Қазақстан да Ресейдің қазақтар көп тұратын облыстарында тілдік мектептер ашу мәселесін ойластыруда дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Өз кезегінде Россотрудничество 2023 жылдың қорытынды есебін аяқтап қалды. Оны сайтында наурыз айында жариялауы тиіс. Россотрудничество Қазақстанның оңтүстігінде ашылатын үш орыс мектебін өзінің жетістігіне жатқызып отыр. Орыс мектептерінің саны бойынша Қазақстан Орталық Азияның барлық мемлекеттері арасында көш бастап келеді. 2023 жылы Қазақстанда орыс тілінде оқытатын мектептер саны 3606 болса, көрші Өзбекстанда 1 мыңнан астам, Қырғызстанда 751, Тәжікстанда 200, Түркіменстанда 71 мектеп болған.Қазақстанда биыл 339 880 оқушы бірінші сыныпқа барды. Оның 70,7 пайызы қазақ тілін, қалғаны орыс тілін таңдаған.

Қаймана қазақтың ордасы - Оңтүстік Қазақстанда үш орыс мектебін ашу арқылы Ресей осы аймақтың мүлде орыс тілін ұмытып қалу қаупімен күреспек. Осы үш мектепке Россотрудничество қаржыны аямайтын болады.


Одан бөлек, орысша айтыс ұйымдастыру бойынша Балғынбек Имашевпен келіссөз жүргізу жоспарда бар. Яғни, Балғынбек, Жандарбек сынды ақындар Түркістанда өтетін халықаралық мүшайрада домбырамен орысша айтысады деген креативті сценарий қарастырылуда. Әзірге "әр ақын кем дегенде Toyota Land Cruiser жаңа көлігін мінеді" деген сыбыс таратылды. Ол ақындардың қазірден бастап орысша сайрауға іштей дайындала беруі үшін керек.

Қазақтың да, орыстың да жұмсақ күші саусақтарын жыбырлата бастады. Мемлекеттер мәдени экспансияның маңызын енді түсініп келеді. DALA INSIDE Россотрудничествоны да, Qazaq Tili эндаументін де мониторингке алды. Маңызды құбылыстар басталса хабарлайтын боламыз. Арнамызға жазылыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍106😡17😁7👎6💯6🔥4🤝3👏2🤯1
⚡️ Төңкерістің түп иесі: Назарбаевты темір тор күтіп тұр ма?..

Ескі Қазақстанның өкілдері Мағауиннің сұхбатын естіген де, елеген де жоқ.

Есесіне, Тоқаевтың "Егеменге" шыққан етектей мақаласы ескі гвардияның тарапынан мұқият синтезделіп, терең анализ жасалуда.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Назарбаев кланы "сұхбаттың салдары қандай болады?" деген сауалдың төңірегінде ойланып толғануда.

Дүйім елді дүрліктірген мақалада Тоқаев Қаңтар оқиғасының тасасында Назарбаевтың жақтастары тұрғанын мойындаған.

Осынау трагедияға триггер болған саяси шешімді кімдер қабылдағанын (Шәріпбаев & Құлыбаев) тұспалдап өткен.

Бекетаев, Байбек, Мәсімов сынды экс-президенттің шабармандары Ақорда мен Кітапханаға алма-кезек кіріп, сөз тасығанын, мұның соңы мемлекеттің шаңырағын шайқалта жаздағанын жасырмай айтқан.

Бұдан туатын логикалық сауал: өзі босатқан орынды өзі тартып алмақ болған әрі мемтөңкеріс жасауға талпынған Назарбаев жауапқа тартылуы мүмкін бе?

Экс-президенттің ет жақындары мен сенімді серіктері түнеукүнгі сұхбаттың перспективасынан, яғни, ұзақ мерзімді қауіп-қатерінен сескенуде.

DALA INSIDE-қа мәлім болғандай желтоқсанның қақ ортасында кенеттен 🇷🇺 Мәскеуге жол жүрген Назарбаев Кремль көсеміне Сатыбалды мен Самат Әбіштің мәселесінен бөлек, "Қаңтар оқиғасы қайталанар болса, Тоқаевқа ара түспеу..." туралы бұйымтайын жеткізген. Пүтін бұл ұсынысты қабыл алды ма, жоқ па ол жағы жұмбақ 💬

DALA INSIDE Назарбаевтан кейін араға апта салып Петерборға аттанған Кемелұлының жүзі жүдеу, көңілі әлденеге алаң екенін аңдаған еді. Сол жолғы жиында Пүтіннен аулақ жүруге тырысқанын да Назарбаев сапарының табымен байланыстырған едік.

Қалай болған күнде ескі Қазақстан есе жібергісі жоқ. Назарбаев жақтастары "Егеменге" шыққан мақалаға жауап дайындап жатыр. Ескі гвардия Қаңтар 2.0 қайталанғанын қалайды.

Ал Жаңа Қазақстанның қолындағы жалғыз көзір - Мәсімовтың саяси эффектісі әлсірей бастады. Халық бәрінің артында тұрған "басты кейіпкерді" сұқ саусағымен көрсетуде.

Әбішұлы? Экс-президент әлі талай дүниені былықтырады. Арнамызды аңдып отырыңыз👇

https://t.me/dalainside
👍208🔥22😱18😁12💯7👏5🙏4🤮1
💸 Forbes манипуляциясы. Сатыбалды Байтасовтың духын "сындырды" ма?

Қайрат Сатыбалды қайтарған ақша миллион адам тұратын Шымкенттің бір жылдық бюджетінен асып кетті. Антикор "Қайрат Сатыбалдының 650 миллиард теңгеге бағаланатын активтері қайтарылды" деп мәлімдеген. Қазіргі бағаммен бұл 1,4 миллиард доллар.

Бірақ осыншама байлығы бар Қайрат Сатыбалды неге Форбстың байлар тізімінде болған жоқ? Соңғы рет Сатыбалды бұл тізімде 2018 жылы көрінді және сол кезде оның дәулеті 163 миллион долларға ғана бағаланды.

"Қайрат Сатыбалды 2018 жылы Forbes иелеріне өте түсінікті ескерту жасады. Сатыбалды ескертуінің немен аяқталатынын "Сауат Мыңбаев трагедиясынан" бәріміз көрдік. Рейтинг жасаушылар Сатыбалдыны ашуландырғысы келмеді. Оның талабы бірден орындалды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Осыдан Форбс тізіміне шынымен дәулетті, бірақ оны жария қылғысы келмейтін азаматтардың ілінбейтінін аңғаруға болады. Сондықтан оны объективті тізім деп қарастырудың қажеті жоқ. Барлық ақпарат жария болғанда, бұл тізімде біз аты-жөнін ешқашан естімеген белгісіз тұлғалар да пайда болар еді.

Сатыбалдыға келсек, қайтарылған 1,4 миллиард доллар оның барлық активтері емес. Кезіндегі үзеңгілес азаматтарға да біраз нәрсе жазылып қойған. Және Сатыбалды жазасын өтеп шыққаннан кейін олар бойынша дивидендтер талап ететіні түсінікті.

Қайрат Сатыбалды ісі аясында Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігі («Қылмыстық жолмен алынған кірістер және заңсыз ақшадан түскен пайданы жылыстату») бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бірақ енді тағы бір бап қозғалып отыр. Ол салықтан жалтарды деген күдікке ілінген.

DALA INSIDE мәліметінше "Жаңа Қазақстан" Қайрат Сатыбалдының сотын биылғы наурыздан қалдырмай бастап кетуге ниетті. Негізгі тергеу жұмыстары аяқталды. Қазір Прокуратура мен Сот арасында ішкі консультациялар жүруде.

DALA INSIDE бір көзі осы процестің ішінде болады. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍153🔥8👏7🙏5🤯3👎2💯2😡2😁1
📲 Pronto: Арманмен жатып, Мақсатпен оян

Қазақстандағы салафизм офисіне қызмет ететін Pronto өткен жылдың соңында "А+" операциясын сәтті аяқтады. Ал биыл қазақтың ұлттық құндылықтарын қорғау мақсатында сақалдыларды әшкерелеп жүрген тағы үш тұлғаға ақпараттық шабуыл жасау көзделген.

"Оның екеуі депутат, ал бірі танымал фейсбук блогер", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Бұл ақпараттық шабуылда жаңа гибридтік технологиялар қолданылып көрмек.


Pronto отандық әлеужелі кеңістігіне жаңа леп алып келді. Тик-токта "Аяз Ата баран, Жаңа жыл харам" сынды вирусты роликтар, хиджап пен никаб жамылған қыздардың түнгі стримдері үлкен аудитория жинауда. Инстаграм да толық бақылауға алынды.

Қазір Pronto-ны тек фейсбук қана алаңдатып отыр. Себебі, фейсбук олар тарататын тезистерді негативпен қабылдауын тоқтатар емес. Осыған орай, фейк аккаунттардың санын 500-ден 700-ге дейін арттыру жоспары қабылданды.

DALA INSIDE Pronto жүрістеріне мониторинг жасап, зерттеп отыр. Бізбен бірге болыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍90💯6👏4👎3😁3😱3🔥1
🏭👋 Асайын асады, жасайын жасады. "Сол жағалау" Павлодар облысы әкімінен құтылуды ойластыра бастады

Астанада Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың мәселесін "реттеу" бойынша Үкімет пен Ақорда арасында жабық пікір алмасулар кезеңі басталды. Бұл туралы DALA INSIDE дереккөзі хабарлады.

Асайын Қуандықұлының жеке басына, тазалығы мен адалдығына сұрақ жоқ. Оның шешімдерінде жемқорлық фактілері байқалмаған.


Әңгіме басқада. Павлодар өндірістік, техногендік проблемалары бастан асатын алып өңір. Бұл жақта барлық мәселені шешіп, апаттарды болдырмай отыру үшін бизнесмендерді босаңсытпайтын, бәрін жұдырығында ұстап отыратын авторитет, саяси "тяжеловес" керек. Соңғы рет Қанат Бозымбаев сондай фигура болған. Бозымбаев кеткелі Павлодарға тяжеловестер табылмай жүр.

Бозымбаев кезінде Павлодарда алып зауыттары бар Машкевичтерді бір қоңыраумен жинап, өздеріне артылған жауапкершілік салмағын сезіндіретін. Асайын Байханов облысқа 2022 жылдың аяғында келді. Бірақ Павлодардың жер асты байлығын сорып жатқан олигарх кәсіпкерлер Байханов бар ма, жоқ па, мүлде елемейді және білгенін жасай бастады.

Мысалы, ішінде адам толы автобус құлап кеткен Майқайындағы рудникке ие компания Кипрдегі оффшорда, Сербия азаматына тіркелген. Нақты қожайыны кім? Алтын қазатын рудникте еш қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Олар қазған қуыстарына цемент құюы керек еді. Әкімдік өзімен-өзі отыра берген соң, әкім талап етпегеннен кейін олигархтар да артық шығын шығармай, барынша пайда сорып, қауіпсіздікті тәрк етуге үйреніп алған.

"Майқайын алтын" рудниктері сияқты апаттар Павлодар облысының басқа да өндірістік ошақтарында болуы мүмкін. Сол себепті, бұл жаққа сөзі өтетін, шаруақор, саяси салмағы бар кандидат іздестіріле бастады.

Асайын Байхановтың ауыл шаруашылығы саласында біліктілігі мықты. Сондықтан оны өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша пайдалану идеялары да айтылды. Оған Асайын Қуандықұлы келісе ме? Ол жағы белгісіз.

Өңірлердегі ауыс-түйістердің алғашқысы осы Павлодардан басталады деген болжам бар. Оны да көре жатармыз. DALA INSIDE қосулы болсын 👇

https://t.me/dalainside
👍85👎8🔥2🤮2💯2👏1
🙅 Қазақтың Әлиханы демалсын: Парламент Үкіметті отставкаға жіберу мәселесін өзара шеше алмай қырылып жатыр

Алдағы жұмада өтетін Парламент палаталарының біріккен отырысында Amanat партиясы Үкіметке "сенімсіздік вотумын" жариялауды ойластырып отыр. Вотум Президент Тоқаевтың Парламентке арнайы үндеуі аясында бастама ретінде көтерілуі мүмкін. "Оның нақты шешімі ертең белгілі болады", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Мәжіліс фракциялары екі лагерьге бөлінген. Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов бастаған топ Үкіметті осы отырыстан қалдырмай отставкаға жіберуге дайын отырса, ешкімді ренжіткісі келмейтін "көгершіндер" тобы Әлихан Смайылов басқаратын Үкімет ең болмағанда Наурыз мейрамына дейін жұмыс істесін деген пікірде.

Бір жағынан Ерлан Қошанов Әлихан Смайыловты да, оның командасын да алып тастаса, оның орнына кімді қоямыз деген мәселе тіпті ушығып тұр. Қазақстанның проблемасы - Премьер-Министр ретінде барлық тараптарды қанағаттандыратын, берілген тапсырмаларды түбіне дейін жеткізіп орындайтын кәсіби тұлға жоқ.

Әлихан Асханұлы Қазақстанды кері кетірді дей алмаймыз. Бірақ оның үкіметі елді даму жолына бағыттауға қауқарсыз және Ұлттық қорды барған сайын аяусыз сора бастады. Осы тұста "Сол жағалаудағы" кей қырағы көздер Ерболат Досаевты еске алып отыр дейді, дереккөз.


Қошанов көгершіндерді сындыра білсе, осы жұмада Үкіметті талқандайтын болады. Ерлан Жақанұлына да осындай бір ерлік жасау керек болып тұр. Ол өзі басқаратын Мәжілістің бәрін дірілдететін органға айналғанын қалайды.

Ал Әлихан Смайылов Конституция бойынша Ерлан Қошановқа қарсы шыға алмайды. Сондықтан өз мансабының кілтін Парламент қолына тапсырып, үнсіз жұманы күтпек. DALA INSIDE дереккөзі қазақтың Әлиханы отставкаға кетуге кет әрі емес дейді. Сәл демалып алғаннан кейін Алматы сынды қалаға әкім болып бару Смайылов үшін тамаша шешім болар еді.

Бәрі Парламентке, және бастысы Қошановтың Президент әкімшілігімен қандай консультация жүргізгеніне байланысты. Жұмаға екі күн қалды.

DALA INSIDE қазақтың Әлиханы келе жатқан ауыр әрі жауапты еңбек жолын қадағалап отыр. Бірге қадағалайық 👇

https://t.me/dalainside
👍130🔥13😁9🤯5💯3👏2😱1