DALA INSIDE
10.2K subscribers
412 photos
136 videos
1 file
1.17K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
💥 Тина Канделаки суицидтен аман қалды

Қазақтардың әлеуметтік желіде көрсеткен буллингі мен Қазақстан "персона нон грата" деп танып, елге кіруге тиым салғаннан кейін ресейлік тележүргізуші, ТНТ директоры Тина Канделаки күйзеліске ұшырап, суицидке баруға талпынған.

Оқиға осы түнде Мәскеуде орын алды, және Кремль тарапынан дереу құпияландырылды дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Мәскеу полициясына іс қозғауға тиым салынды.


Тина Канделаки күйзелісті алкоголь арқылы баспақ болған. Артынан, шамадан тыс ішкеннен кейін, өмірден кетуге шешім қабылдап, ұйықтатататын дәрінің бір қорабын ішкен. Құрбысы байқап қалып, дәрігерлер шақырған. Дәрігерлер дереу токсикологиялық реанимация шараларын қолданып, тележүргізушінің өмірін сақтап қалды.

Күйзеліске ұшырардың алдында, Тина Канделаки Қазақстанға кіруге тиым салынғаны туралы мәлімдеме жасаған ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровты Мәскеуге әңгімеге шақырып, телеграм каналына пост жазған еді.

Ал оның алдында Тина Канделаки Қазақстанның орысша лингистикалық атаумен қалып қалған теміржол бекеттерін қазақшалап жатқанына шамданып, империялық стильде пост қалдырғаны есте. Одан кейін комментте қазақтардың қарғысы мен буллингіне ұшырап, аудиториясы алдында ақтала бастады. Ақыры психологиялық күйзеліске ұшарады.

DALA INSIDE Тина мен қазақ халқы арасындағы ақпараттық соғысты бақылап отыр. Канделаки сияқтылар қазақтың бірігуіне таптырмайтын фактор. Сондықтан тірі жүргені дұрыс. Бізбен бірге тірі болыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
😁219👍111👏12🤩4👎1
💰 Алтын үшін соғыс: бандиттер Маралды ауылының тұрғындарын арандатуға көшті

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылында бандиттер тобы алтын зауытының құрылысына кедергі келтіріп, осы зауытты толық өз ықпалының астына алмақ ниетте. Олар құрылысқа қатысты қоғамдық тыңдауларда, одан кейін әлеуметтік желілерде арандатушылық әрекеттер жасап, зауыт құрылысының барлық кезеңінде қарсылық білдіріп отыр. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода ауылдық клубтың залына халықты кіргізбей, қоғамдық тыңдауларды бұзуға тырысқандары анық көрінеді.

Маралдыда жоспар бойынша ауылдық округтің ғана емес, жалпы облыстың дамуына мультипликативтік әсер беретін алтын өндіру фабрикасы іске қосылуы тиіс еді. Жоба Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес барлық рұқсат беру рәсімдерінен өтті. Сол кезде Маралдыға экология және табиғи ресурстар, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрлері арнайы келіп, тұрғындармен кездесіп, жобаны тоқтатуға заңды негіздердің жоқтығын жан-жақты түсіндірген болатын. Көптеген тексеріс нәтижесінде фабриканың құрылысы мен жұмысы барысында заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

Мамандардың айтуынша зауыт қоршаған орта мен адамдар үшін қауіпсіз. Мұндай ондаған жоба қазірдің өзінде бүкіл Қазақстан бойынша тыныш жұмыс істеуде.

Бандиттер ауыл тұрғындарын зауыт құрылысы жобасын қолдағаны, тыңдауларға қатысып, өз пікірлерін білдіргені үшін қорқытып, зорлық-зомбылық көрсетіп келеді дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Маралды ауылының тұрғындары аудандық сотқа бандиттердің үстінен 10-нан астам арыз жазған.


Одан кейін өз өмірлеріне қауіп төнген ауыл тұрғындары Президентке үндеу жазды. Тәуелсіз сарапшылардың айтуынша, соңғы екі жылда әдейі осы «Maralicha Cold» тау-кен компаниясы» фирмасының төңірегінде шиеленісті арттыруға кәдімгідей күш салынған. Мемлекеттік органдар да наразылық пен арандатушылықтардың артында белгілі бір адамдар тобы тұрғанын анықтай алды. Олар зауыт ашудың нақты фактілері мен артықшылықтарына назар аудармай, қарапайым халықтың санасын манипуляциялауға тырысып келеді.

Не үшін? Зауыт инвесторларын бопсалап, ақша және осы өндірістен үлес алу үшін. Мұны рейдерліктің жаңа, қой терісін жамылған түрі деп айтуға болады. DALA INSIDE әр смартфонда тіркелген болсын 👇

https://t.me/dalainside
😱63👍33💯5👎3😁3🔥2🤯1
🗣️ Самат Әбіш тергеуде сөйлей бастады. Енді тағы бірнеше тұлғаға тықыр таянбақ

Ұлттық қауіпсіздік комитетінде Самат Әбішті тергеу өте сәтті өтті деп хабарлады, DALA INSIDE дереккөзі. Назарбаевтың немере інісі Кәрім Мәсімовтың барлық тірліктерімен қоса, Қаңтар оқиғасына кімнің қалай араласқанын, шенеуіктер мен олигархтардың сол күндері шетелге ақшаны қалай шығарғанын, бір сөзбен айтқанда толық схеманы жайып салған.

"Енді біраз экс шенеуіктер пен олигархтардың үстінен қылмыстық іс қозғауға негіз бар. Самат Әбіш тергеуге құнды ақпарат берді", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Осы құнды ақпараттың ішінде Болат Назарбаевтың баласы Нұрбол Назарбаев пен Қайрат Сатыбалдыға қатысты біраз компромат бар. Қайрат Сатыбалдының абақтыда екенін ескерсек, енді "Жаңа Қазақстан" Нұрбол Назарбаевпен айналысатынын болжауға болады.

Кем дегенде Нұрбол Назарбаевқа рейдерлік және салықтан жалтару баптары бойынша айып тағуға материалдар дайын. Келесі аптада осы сұрақ бойынша жабық консультациялар басталады.

Болат Назарбаевтың империясын күйрету марқұмның қырқынан кейін жоспарланған болатын. Белгіленген мерзім өткендіктен, заңсыз активтерді қайтару бойынша комиссия Бөкеңнің барлық балаларындағы және таныс-жұрағатындағы активтерді тексеруге көшті. Болат Назарбаевтың артында 9 заңды баласы, одан бөлек онға жуық заңсыз бала қалды. Оның ішінде бәйбішенің ұлдары - Нұрбол мен Ербол Назарбаевтардың қолдары ұзын және барынша көп дүниеге таласы бар. Сондықтан мемлекет оларға көбірек көңіл бөлетін болады.

Болат Назарбаевтың мұрасы әрдайым DALA INSIDE назарында. Ол мұраны бірге бақылау үшін, бізге жазылып алыңыз 👇

https://t.me/dalainside
👍211🔥20💯10👏6😁3🤮3
🌅 Ғабидолла Әбдірахымов депрессиядан шықты

Алайда Шымкенттің экс әкімін "Жаңа Қазақстанда" ешқандай лауазымды қызметке тағайындамау туралы бейресми нұсқау әлі күнге дейін өзінің күшін жоймаған.

Оның резюмесі біраз кабинеттерге кіргізіліп, рұқсат алмай кері қайтты, дейді DALA INSIDE дереккөзі.


Мемлекеттік қызметтегі мансабы күрт үзілгендіктен және Лондонда сүйіктісімен айрылысқан уақытта Ғабидолла Рахматоллаұлы терең депрессияға шалдыққан болатын. Сол кезде фейсбук комментарийлерінде желі қолданушыларымен ұрсысып, оларды сыпыртып боқтап тастады да, артынша аккаунтын өшіріп, мүлде фейсбуктан кетіп қалды. Қазір тек инстаграмды ғана қолданады.

Дереккөздің айтуынша Ғабидолланы өндіріс пен дистрибуция, зәйтун майын сату депрессиядан шығарды. Бүгіндері ол Испанияда өндірілетін "Aldonza" зәйтун майы мен қой ірімшігін Орталық Азия мен Қазақстанға тасумен айналысады. Бірақ баяғыдағыдай ағыл-төгіл табыс жоқ. Сондықтан Әбдірахымов "эконом" режимге көшті.

Ал оның сенімді серігі Данат Жумин Қазақстаннан қызмет таппағандықтан Еуропаны аралай бастаған. Жумин Ғабидолла Әбдірахымовпен 2017-2018 жылдары Шымкентте, ал оның алдында Нұр-Отан партиясында қызмет еткен болатын. Ғабидолланың қоғамдық келбетін, сыртқы имиджін Данат Жумин арнайы стратегия жасап, толықтай қалыптыстырып берді. Оған шамамен 40-50 миллион теңгедей қаржы жұмсалды дейді, жағдаймен таныс дереккөз.

DALA INSIDE "Ескі Қазақстан" шенеуіктерінің тағдырын бақылап отыр. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍85😁30🔥2👎1
💰🫰 Жамбыл облысындағы "откат" ставкасы Қазақстан рекордын жаңартты

Ақпараттық сайттар мен газеттер Жамбыл облысының Ішкі саясат басқармасы өткізетін мемлекеттік ақпараттық тапсырыс тендерлеріне қатысудан бас тарта бастады.

Себебі, биыл Жамбыл облысының ақпараттық тапсырыс конкурстарында әлдебір делдалдар пайда болып, келісім-шарт сомасының 70 пайызын откат ретінде сұрай бастаған. Оны өзінше бір жаңа рекорд десе де болады.

"Жамбыл облысы Ішкі саясат басқармасымен ара-қатынасын үзгісі келмеген ақпарат құралдары бұл тендерден сыпайы ғана бас тартты. Бірақ екі жергілікті БАҚ материал жинап, оны Антикорға тапсыруға ниетті болып отыр", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Қазір Жамбыл облысындағы Ішкі саясат басқармасын өте тәжірибелі маман, тиімді идеолог Улана Сламбекова басқарады.

"Тендердегі делдалдардың көбейіп кеткеніне Улананың тікелей қатысты жоқ. Қол астындағы қызметкерлерінен келіп отырған кесапат. Бірақ солардың жұмыстарын қадағалау мен жемқорлыққа қарсы мәдениет сіңіруде әлдебір салғырттық бар", - дейді, дереккөз.


Қалай болғанда да, биыл Жамбыл облысы айды аспанға шығарып, өзінің ашкөздігімен ақпарат құралдарын таңдай қаққызды. Көптеген бас редактордың облысқа деген сый-құрметі төмендеп кетті. Ол әлі өзінің әсерін беретін болады. Себебі, меншікті тілшілерге Жамбыл облысына қатысты сыни материалды көбейту бойынша тапсырмалар түсе бастаған.

DALA INSIDE дереккөзі жағдайды бақылап отыруға уәде берді. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
🤯48👍29😱7💯4🔥3😡3😁2
👍 Жамбыл облысы: бізде бәрі "норм"

DALA INSIDE инсайдерінің Жамбыл облысындағы мемлекеттік ақпараттық тапсырыс бойынша "құбылыстар" туралы хабарына ресми реакция келді.

"Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының негізгі қызметтерінің бірі – ақпараттық саясатты жүзеге асыру болып табылады... Мемлекеттік тапсырысты орналастыру Қағидаларына сәйкес Басқарма жыл сайын облыста мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағытының тізімін қалыптастырады және оны басшылыққа алып жұмыс жасайды.

Аталған Қағида шеңберінде Басқарма МАТ (мемлекеттік ақпараттық тапсырыс - еск. DI) іске асыру мақсатында тиісті конкурстық рәсімдер өткізіп, байқау комиссиясымен жеңімпаздар анықталады. Яғни конкурс жеңімпазы жеке дара емес Қағидаларда көрсетілген бағалау нәтижелеріне сүйене отырып комиссияның ортақ шешімімен анықталады.

Осы ретте, басқарманың ресми сайтында МАТ іске асыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылып, бұқаралық ақпарат құралдары өзге қатысушылар мен тең дәрежеде конкурсқа қатыса алады.

«DALA INSIDE» телеграм-арнасында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. Заңға қайшы әрекеттер туралы ақпаратыңыз болса тиісті құзырлы органдарға хабарлауларыңызды сұраймыз", - деп хат жолдады, Жамбыл облысының Ішкі саясат басқармасы.


DALA INSIDE қостараптылық принципіне сай, кез-келген инсайдқа ресми жауап берілсе, оны еш кедергісіз жариялауға әзір. "Ескі Қазақстанның" көптеген олигархтарына өз пікірін ашық білдіруге қатысты ұсыныс айтылған еді. Ешқайсысы ашық диалогқа шықпады.

Жамбылдағы инсайдерден хабар келіп жатса, ол ақпарат та жарияланатын болады. Бізбен бірге болыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍51💯5😁3🔥2👏2
🪨 "Жақсы депутаттан, шаруақор әкім шықпайды": Берік Әбдіғалидың карьерасы қыл үстінде тұр

Қаңтардың ортасында Ақорданың Есіл өзеніне қараған кулуарында жаңадан құрылған облыстардың экономикалық дамуына қатысты жабық жиын өтіп, Түркістан, Жетісу, Абай және Ұлытау облыстары әкімдерінің жұмыстары сараланды, – деп хабарлайды DALA INSIDE арнасы өзінің тұрақты дерекөзіне жүгініп.

Балапанды күзде санайды демекші, жиында аталған облыстарға жауапты инспекторлардың ой-пікірлері тыңдалған.

Арнамызға жеткен ақпарат бойынша, жиында Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды мен Жетісу облысы әкімі Бейбіт Исабаевтың жұмысына жоғары баға берілді.


Ал өткен жылы жазда Абай облысында орын алған орман өрттерінен кейін облыс басшысы Нұрлан Ұранхаевтың жұмысына қатысты біраз сын айтылған болатын. Бірақ Ұранхаев өзіне айтылған сыннан қысқа уақытта нәтиже шығарып, Ақорданың сеніміне тағы да ие болған. Осылайша Ұранхаев өзінің позициясын сақтап қалды.

Жиынға қатысушылар Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалидың жұмысына көңілдері толмайтындарын ашып айтқан. 2022 жылы маусым айында Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғали мырза Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысын жоғары деңгейде өткізіп, Ақорданың алдында сенім кредитіне ие болған еді. Бірақ Берік мырза жиын-тоймен жинаған атақ-абырой өзіне жылдар бойы азық болмайтыны есепке алмаған сыңайлы.

Өйткені жаңа облыстың құрылғанына 3 жылға таяса да, әкімдікке бағынышты кейбір мемлекеттік мекемелер (айталық, Халықты жұмыспен қамту орталығы) әлі күнге дейін жекеменшік сауда орындарын паналап отырғаны Ақордаға ұнамаған.

Өзге облыстар басқармалар мен мекемелерге арналып, ғимараттар салып, жұмыстарын дөңгелетіп кеткен. Ал Ұлытау облысында бірқатар мемлекеттік мекемелердің жұмысын ұйымдастыру ісі әлі күнге дейін оң шешімін таппауда.
Қоғамдық өмірде ұлтжанды азамат ретінде танылған Берік Әбдіғали әкімшілік ұйымдастыру жұмыстарының бұлайша ұзаққа созып жібергені Ақорданың ашуын туғызып отыр.
Бұдан басқа облыс әкімінің жергілікті жердегі негізгі жұмыс беруші "Қазақмыс" корпорациясының басшылығына сөзін өткізе алмауы да оны тұйыққа тірей түскен.

DALA INSIDE инсайдері, шағын құрамда өткен кездесуде Берік Әбдіғалиды басқа іскер, шаруашылыққа мығым әкіммен ауыстыру мәселесі бір ауыздан қолдау тапқан деседі.
Тарихта Ұлытау облысының алғашқы әкімі ретінде қалатын Берік Әбдіғали алдағы уақытта қос шатырлы Парламентке қайта оралып, өзінің сүйікті иедологиялық ісімен айналысуы мүмкін.

Ақорданың кулуарында өткен жиында жауапты тұлғалар бір ауыздан "жақсы депутаттан, шаруақор әкім шықпайды" деген байламға келді. Ақпан айында Ұлытау облысы әкімін ауыстыру ісі бойынша Президентке тиісті ұсыныс дайындалып, тапсырылмақшы.

Бүгінде Берік Әбдіғалиды алмастыратын бірнеше кандидаттардың досьесі жан-жақты електен өтуде. Сенімді дереккөзге сүйеніп, алдағы уақытта арнамызға үміткерлердің тізімін жариялауға күш салатын боламыз.

DALA INSIDE арнасын бақылап отырыңыз. Басты инсайдтар бізді өзі іздеп табуда 👇

https://t.me/dalainside
👍76😱6🔥5💯2😁1🤯1🙏1
🛬 Чартер арзан болады: ҚазМұнайГаз 1,6 миллиард теңгенің тендерін түсіндіргісі келді

«ҚазМұнайГаз» АҚ чартерлік рейстерді ұйымдастыру бойынша 1,6 миллиард теңгеге жариялаған конкурсына түсініктеме берді.

Біріншіден, ол 2024-2028 жылдарға, яғни 5 жылға жоспарланған. Тек рейс ұшса ғана ақысы төленіп отырады. Мұнай алпауыты әдеттегі іссапарларына кәдімгі әуе рейсін қолданып жүр. Чартер тек төтенше жағдай туып қалса сұратылады.

Мысалы, 2022 жылдың көктемінде КТК құбырында қазақ мұнайын тасуда проблемалар болғанда ҚазМұнайГаз делегациясы шұғыл түрде Новороссийскіге ұшып кетті. Себебі ол жаққа тікелей рейс жоқ, үш рет ұшақ ауыстыру керек. Немесе жыл сайын жазда тұрақты әуе билеттеріне сұраныс артып, баға шарықтағанда, ҚазМұнайГаз экологиялық жағдайы нашар батыс өңіріндегі жүздеген мұнайшының балаларын лагерге демалуға апарады. Мұндай жағдайда чартерлік рейс қарапайым рейске қарағанда арзан түседі.

Сол 1,6 миллиард теңге бес жылда тіпті игерілмей қалуы мүмкін дейді, ұлттық компания. Аз ұшса, аз төлейді. DALA INSIDE енді ҚМГ рейстерін бақылап отырмақ. Бізге жазылыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍53😱7😁5💯2
🇰🇿 Қазақстан жаңа Елтаңба туралы ойлана бастады

Жаңа Қазақстанға жаңа Елтаңба. "Жаңа адамдар" қозғалысы жүргізген сауалнамадан кейін идеологиялық блок Елтаңбаны жаңалау туралы жабық консультациялар өткізбек.

Шынымен де, көптеген азаматтар Қазақстан Елтаңбасын танымайтындығы анықталды. Сауалнамаға қатысушылардың 70 пайызы Елтаңбамыздың бейнесіндегі жекелеген элементтерінің мәні мен мағынасын түсінбейтінін көрсетті. Сауалнамаға қатысушылардың 30 пайызы ғана алты бірдей ұқсас рәміздер арасынан біздің төл Елтаңбамызды нақтылап, танып көрсете алды. Ал көбісі ұқсас рәміздер арасынан қанатты тұлпары бар өзіміздің елтаңбамызды емес, құстар мен айдаһар бейнеленген өзге рәміздерді көрсеткен. Бұл факт идеологиялық блокты қайран қалдырып отыр.

Қазіргі Елтаңбаға 32 жыл толды. Ол 1992 жылы қабылданған еді. Авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.


Оның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Qazaqstan» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Qazaqstan» деген жазу – алтын түстес.

Жаңа Елтаңба нақты қандай болуы керек деген мәселеде ортақ көзқарас жоқ.


Идеологиялық блок - ең бастысы адамдардың есінде қалатын, ұмытпайтын болсын деген ұстанымда.

Елтаңба туралы консультациялар құпия өтуде. Себебі, қоғамның оған қандай реакция берері түсініксіз. DALA INSIDE осы мәселе бойынша келесі аптада қосымша екі инсайдермен байланыспақ. Сол кезде детальдарын анықтай аламыз. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👎84👍60🤮8🔥4👏2💯2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Менің сөзімді сөйле! Тина Канделаки Нурлан Сабуровқа с..гінді...

Орыс тілінің сойылын соғып, Ақордаға ақыл айтпақ болған Тинаның Қазақстанға кірер есігі тарс жабылғанын естіген боларсыздар.

Қазақ билігінің қарымта қайтарарын күтпеген Канделакидің талағы тарс айырылған сынды.

Төмендегі видеода бетпердесін шешіп, шынайы шовинистік болмысын паш еткен Тинаның соры қалың Сабуровқа с..гініп жатқанын байқауға болады.

"Ты, и тебе подобные...", - дейді Тина.

"Менің бір жағыма шығысып, шашбауымды көтер! Сен секілділер не Ресеймен бірге боласыңдар, немесе желкеңнен сүйреген күйі бұл елден қуып шығамын...", - деп шәуілдейді Канделаки.

Бұл жағдай қазақшылығы шамалы, солай бола тұра орысқа да сіңісе алмай жүрген Сабуров секілділерге сабақ болғаны анық.
Тинаның сөзін жадыңда сақта, Нұрлан! "Ты, и тебе подобные...".

DALA INSIDE бұған дейін Мәскеудегі дереккөзіне сүйеніп, қазақтардың әлемжеліде көрсеткен буллингі мен Қазақстанға кіруге тиым салғаннан кейін Канделакидің күйзеліске ұшырап, суицидке баруға талпынғанын жазған. Сабуровпен арадағы скандал осы сөзімізді растай түседі.

Айтқандай, арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
👍211😁16🔥13👏9💯7🤯5😱4😡4👎1
⚡️ Жаңа Премьер-Министр: ерік-жігері қатты, ешкімнен қорықпайтын адам

Мемлекет басшысы Үкіметті жаңарту бойынша бір тоқтамға келді дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Реформаларды батыл жүзеге асыру үшін өзіне жауапкершілік алатын, сыннан қорықпайтын, халыққа, қоғамға ұнамайтын шешімдерді жүзеге асыра алатын адам керек екені нақтыланды.

Ал қазақтың Әлиханы осы талаптарға сай ма? Қазіргі Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қазақстанды қиын уақыттан аман алып шықты. Ол антикризистік менеджер ретінде функциясын жақсы атқарды.

Алайда, Смайылов даму менеджері емес дейді, сарапшылар. Ол кризистен алып шыға алады. Бірақ елді ары қарай даму жолына түсіру үшін басқаша ойлайтын жаңа премьер керек.


Қазақтың Әлиханы өзіне тиесілі сақтықпен болашағын жоспарлап, ойлап қойды. Ол премьер кезінде қатты артын жыртпады. Дипломатиямен, ешкіммен ұрсыспай жұмыс істеді. Себебі, премьерлік мәңгі емес. Бүгін ренжіткен адамы ертең алдынан шығатынын білді. Қазақтың Әлиханы осы жағынан алғанда елдің емес, өз болашағын көбірек ойлағаны рас.

Не болса да, жаңа премьерге Қазақстан дамуы үшін өз мансабын конға тігіп, бәрімен жұлысып, ұнамайтын шешімдер қабылдап, "жексұрын" болудан басқа амал қалмай отыр. Әйтпесе, Қазақстанның дамуы қиын.

Тоқаев шын реформатор-премьер таба ала ма? Алғашқы сигналды осы сәрсенбі естиміз. Сол кезде Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.

DALA INSIDE алғашқы инсайдтарды ертерек ала бастауы тиіс. Бізбен бірге болыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍166👎12🔥7💯5👏2😱2😁1🙏1
🎬 Алматылықтар "Достық Плазадағы" Cinemax кинотеатрына бойкот жариялады

Дәл осы кинотеатрда "Мастер мен Маргарита" фильмінің алдында Ресейдің Украинаға басып кіруін насихаттайтын, соғыс туралы пропагандистік көркем фильмнің жарнамасы көрсетілген. Оған біраз көрермен наразы болды.

Бірнеше Алматы тұрғыны келесі жолы жұмыртқа алып барып, сол пропагандистік фильмнің жарнамасы көрсетілсе, экранға жұмыртқа лақтырамыз деген пікірлерін әлеуметтік желіде жариялай бастады.

Кинопрокатқа қатысы бар DALA INSIDE дереккөзі жарнаманы кинотеатр өз бастамасымен көрсетіп отырған жоқ дейді.

"Ресейлік прокат компаниясы сол "Мастер мен Маргарита" фильмінің басына, пропагандистік фильм жарнамасын пленкаға басып жіберген. Яғни, қиып тастай алмайсыз. Қиындық сонда болып тұр"


Оның әдейі істелген қадам екенін байқауға болады. "Мастер мен Маргаритаға" ресейдің Z пропагандистері қарсы болып отыр. Фильмде украин актерлері де ойнаған. Және фильмнің өзін соғысқа қарсы болған режиссер Михаил Локшин түсірген.

Қалай болғанда да, Мастер мен Маргаритадағы Воланд сияқты, Достық Плазаны да әзәзіл айналдыра бастады. Кинотеатрға тез шешім қабылдап, арнайы мәлімдеме жасамаса, алматылықтар бойкоты кірісті кем дегенде 30 пайызға түсіріп тастай алады. Және "Z кинотеатр" деген стереотип пайда болып, беделі түсуі мүмкін.

DALA INSIDE тақырыпты бақылауға алды. Ал егер киноны прокаттан алып тастаса, Россотрудничество да іске араласады деп күтіп отырмыз. Бізбен бірге күтіңіздер 👇

https://t.me/dalainside
👍194🔥15🤯5👏1😁1🙏1💯1
🌪️ Қожаназаров атындағы интригалар: Тамабекті министрліктен кетірген жел қайдан соқты?

Бүгін ең жас вице-министр, отыздағы ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек қызметінен босады. Ол Жамбыл облысына қайтады дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

"Тамабек Сол жағалаудағы тусовкаға сыймады. Себебі жер "лоббистерімен", латифундистермен ашық күрес жүргізді. Әсіресе Respublica партиясына ұнамай қалды"


Жас қасқыр Әбілхайыр Тамабек Мәжілістің кезекті бір отырысында Respublica партиясының төрағасы, аграрлық комитет мүшесі Айдарбек Қожаназаровпен ашық тартысқа кетіп еді. Сол залдағы тартыс кабинетаралық интригаларға ұласқанын естігенбіз. Қожаназаров қатты ренжіп, Мәжіліс депутаттарынан біртіндеп қол жинап, Тамабектен құтылудың жолдарын іздеген. Тіпті, көпшілік алдында кешірім сұратуға да тырысқан көрінеді.

Сол оқиғадан кейін Тамабек Мәжіліс жиналыстарына қатыспайтын болды. Ал депутат Қожаназаровтың жер мәселесіндегі әлсіз тұсы - басқаруындағы 400 мың гектар жері болып отыр. Тамабек қызметтен кеткеннен кейін жиналысқа келген министр, вице-министрлерді "сабап алуға" үйренген депутаттардың тынысы кеңейді.

Ақпарат құралдары экс вице-министрдің екі жылда мемлекет меншігіне он миллион гектар жер қайтару, сол жерді шаруаларға әділ бөлу, субсидия саласындағы өзгерістерге батыл қадамдар жасау сияқты істермен есте қалғанын жазып жатыр. Президент Тоқаев батыл қадамдар керек десе де, қой терісін жамылып Парламентке кіріп алған латифундистерге "батыл қадамдар" мүлде ұнамады.

DALA INSIDE Тамабек тағдырын бақылайтын болады. Бізбен бірге болыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍135😱24🔥5💯2👎1😁1
🐿️ Бәйбек мәселесін тезірек реттеуге нұсқау берілді

Алматыдағы жер көшкіні бір отбасының өмірін жалмағаннан кейін, тау бөктерінде қалай үйлер салынып кеткені тексерілмек. Заңгер Бақытжан Базарбектің зерттеуінше, топырақ астында қалған үй салынған жер телімінің нысаналы мақсатын бақшадан үй салуға ауыстырған шешімде Алматының экс әкімі Бауыржан Бәйбек пен оның орынбасары Болат Сауранбаевтың қолы тұр.

Бәйбекке қатысты экс Әділет министрі Марат Бекетаев та тергеушілерге біраз құнды ақпарат берген болатын. Қылмыстық іс қозғауға тұрарлық біршама материал жиналып қалды.

"Қазір Бауыржан Бәйбекке қылмыстық іс қозғамақ бұрын, оны экстрадициялау мүмкін бе, сол жағы шешілуде. Себебі "Жаңа Қазақстан" үшін адамды сыртынан соттау жарамайды", дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Бәйбектің Алматыдағы барлық шешімдеріне ревизия жасалатын болады. Оған ревизиялық комиссия мүшелері мен аудиторлар жұмылдырылады деп жоспарланған.

Соңғы рет Бауыржан Бәйбек Кипр мен Германияда бой көрсеткен еді. Негізі ол өткен желтоқсан айында Солтүстік Кипр аумағында жүрген дейді, дереккөз. Солтүстік Кипр БҰҰ тарапынан мойындалмаған квазимемлекет. Бірақ Түркия арқылы экстрадиция мәселесін шешуге болады.

Ал тағы бір дереккөз Бауыржан Бәйбектің Африкаға көшейін деп жатқанын мәлімдеді. Танзанияда кобальт өндірісіне инвестиция салған қазақ кәсіпкерлерін жағалайды деген ақпарат бар. Бизнесмендер оған сәл де болса қолдау білдіріп жіберуге кет әрі емес.

DALA INSIDE Бауыржан Бәйбек туралы көптен бері жазып келеді. Бұл өзі тағдыры бөлек қызық персонаж. Бізге тіркеліп алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍130😁9🔥5😱2💯2🤯1
⚡️ "Қаңтар оқиғасы" кезінде бүлік ұйымдастырды деп айыпталған - ҰҚК полковнигі Руслан Ысқақовтың хаты арнамыздың назарын аударды...

Ресейдің "Новая газетасына" үшбу хат жолдаған Ысқақов өзін ақтауға тырысқан-тұғын. Өзіне шаң жуытпай, кінәнің бәрін өзгелерге үйіп-төккен Ысқақовтың хатында логикаға сыймайтын бірнеше фактор бар.

Алғашқысы: "Үш әріптің" экс-қызметкері "Дикий Арман" деген лақап атпен танылған атышулы Арман Жұмагелдиевті ақтап, қара терге түседі. Әзір абақтыда жатқан бандыны жанжалға басу айтқысы келген адамның кейпінде көрсетуге талпынады.


"Дикий Арманның" биографиясымен жақсы таныс DALA INSIDE Жұмагелдиевтің былықтарын бұған дейін де жіпке тізген. Қаңтарда халықаралық іздеуде жүрген Арманның шекараны кесіп өтіп, әп-сәтте Алматының алаңынан табылғаны қалай? Бірақ, Ысқақов бұл сұраққа жауап беруден жалтарып кетеді.

Тергеуде белсенді сөйлей бастаған Жұмагелдиев Алматы көшелеріне (бір топ баскесерімен бірге) өзінің тікелей кураторы, Ысқақовтың бұйрығымен шыққанын айтқан.

Демек, бұл экс-КНБшниктің Қаңтардағы қырғынға тікелей қатысы барын көрсетеді әрі оның "Дикий Арман" секілді ОПГ-лармен ауыз жаласқанын дәлелдейді.

Екінші себеп: егер Ысқақов пәрмен бермесе, шетелде бой тасалап жүрген Жұмагелдиев Қазақстанға қалай кірер еді? Кірген күннің өзінде шекарада ұсталып, қол-аяғына кісен салынары анық еді ғой. Белгілісі, "Ысқақов факторы" Жұмагелдиевтің жолындағы барлық кедергі алып тастаған.

DALA INSIDE-ты толғандырып отырған тағы бір сауал: ҰҚК-ның бұрынғы басшылығы іздеудегі қылмыскермен қалай контакт орнатқан, оны өздерінің лас істеріне тартуда қандай бартерге келіскен? Бұның заңға қайшы екені бесенеден белгілі.

Жұмагелдиевтің Алматыдағы "Қазақстан" қонақ үйінде қауқарсыз қазақтың балаларын итше тепкілеп жатқан "дикий" әрекетіне бәріміз куәміз.

Ысқақов өз хатында "Самат Әбіш әкімдік ғимаратында қалып қойған полицейлерді шығару үшін Жұмагелдиевтен көмек сұрауды" тапсырғанын айтады. Соншама арсеналы, арнайы жасағы бола тұра КНБ "Дикий Арманның" көмегіне зәру болып қалғаны ма? Өзін ақтау үшін Ысқақов бәрін осыншалық пүшәйман қылып көрсетіп жатыр ма? Әлде шынымен іздеудегі Жұмагелдиевтен алақан жайып, көмек сұраған ба?

Тоқ етері, тергеудегі Ысқақов өзін және істі болған "үш әріптегі" бұрынғы басшыларын ақтау үшін жанын салып жатқаны сезіліп тұр. Оның тікелей басшысы Мәсімовтің айыбы да, кінәсі де сотта дәлелденді. Ысқақов мұны естен шығарса керек.

DALA INSIDE бұл туралы көптен бері жазып келеді. Бізге тіркеліп алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍124💯9😱7🔥5👎4😁2👏1
🏳️‍🌈🎤 Байден Дудьпен сөйлеспек

Ресей басшысы Владимир Путин "Fox News" телеарнасынан жұмыстан қуылған, ватник тілші Такер Карлсонға сұхбат бергеннен кейін, АҚШ Президенті Джо Байден әкімшілігі орыс тілді аудиторияға танымал, либерал журналист Юрий Дудьге сұхбат беру мәселесін ойластыра бастады. Қазір ол сұхбаттің концепциясы мен идеясын Байденмен ақылдасып, одан кейін Дудьпен келісу жоспарланған.

Алайда Байденнің коммуникация бойынша кеңесшісі Бен ЛаБолт бұл идеяға қарсы болып отыр. Ол Юрий Дудьге берілген сұхбат Путинді қайталау болып табылады деген позиция ұстануда. Бір жағынан, Путин жасаған маневрді Байденнің қайталауы АҚШ-қа бедел әкелмейтіні түсінікті.


Байден Ресейдің қарапайым халқына көптен бері үндеу жасағысы келіп жүрген еді. Айтқысы келгені, "Путин өтірік сыртқы жау іздеп, шын мәнінде ұрлығын жасыру үшін сіздерді алдап жүр, сіздер жақсы өмірге лайықсыздар" деген месседж болатын. Дудь аудиториясы осыған қолайлы болып отыр.

Такер Карлсон Украинадағы әскери қақтығыс басталғалы бері президент Владимир Путинмен сөйлескен алғашқы батыс журналисі атанды. Енді оны АҚШ-тағы Демократиялық партияның кейбір радикалды белсенділері "сатқын" деп тану бойынша мәселе көтере бастады. Демократиялық партия қазіргі ресурсын пайдаланып, Путиннен сұхбат алған Такерді президенттікке үміткер, республикандықтардың серкесі Дональд Трамп қолдаған деп, соны Трампқа қарсы қара пиар ретінде ойнатпақ. Есесіне, Конгресте басымдау орын алып отырған республикалықтар Байденнің Украина мен Израильға әскери көмек ретіндегі ірі траншын блоктап тастады.

Онымен бірге, Дональд Трамп президенттікке келсе Конгресстің барлық сыртқы қаржыландыруын паузаға қоймақ. Әлем бойынша грант алып отырған кейбір үкіметтік емес ұйымдар және Азаттық радиосының жабылу тәуекелі арта түсті. Қазір оған жауап ретінде Азаттық радиоларының барлық елдердегі бөлімшелеріне Трампты жағымсыз жағынан көбірек көрсету бойынша бейресми нұсқаулықтар түсе бастады. Азаттық радиосы Дональд Трамп АҚШ президенті болған 2017-2021 жылдар кезеңіндегі түрлі ішкі жанжалдар, сәтсіз шешімдер, казустар туралы, оларды қайта зерттеп және Трамппен жанама байланыстырып жаза беруі тиіс. Ертеңгі дүйсенбіден бастап алғашқы материалдар жарық көреді.

Бір қызығы, Дональд Трамп Президент болса, АҚШ тарапынан Қазақстанға санкция жариялану қаупі мүлдем сейіледі. Бірақ Трамп президенттігі біздің елдігімізге басқа жағынан өте қауіпті. Трамп Украинаға сыртқы көмекті тоқтатса, Путин Украина мәселесін өзіне қолайлы түрде шешуге мүмкіндік алады. Одан кейін Кремль үшін Молдова, Грузия және Қазақстанмен айналысуға ұрымтал сәт тумақ.

DALA INSIDE Вашингтондағы ойындарды бақылап отыр. Бізбен бірге бақылаңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍127🤯25💯7👏5😁5🔥4😡2
🏴‍☠️ "Тбилиси" операциясы сәтті өтуде

Ақпан айының басында Қазақстанның Халық партиясындағы ішкі тартыс пен интригалар әбден шегіне жетті. Партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев өз миисиясын орындады, енді Халық партиясы ыдыраудың алдында тұр дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Партияның Парламенттегі блогы да өзара қырқыса бастаған. Басты себеп, Халық партиясына бұрынғыдай келетін қаржы қызметкерлерге премия түрінде бөлінудің орнына, "Ертісбаев LIVE" ютуб-арнасына жұмсалуда.

Ақшалары азайғаннан кейін экс-коммунистер солшыл идеологиядан түңіле бастады.


Халық партиясы келесі сайлауға дейін монолитті формасын сақтап тұра ала ма? Парламенттегі дереккөз ең осал, ыдырап кетуі мүмкін дәл осы партия деген пікірде. Бір қызығы Халық партиясы бар болса да, жоқ болса да, саяси аренада ештеңе өзгермейді.

DALA INSIDE оқулы болсын 👇

https://t.me/dalainside
👍97🤮25🔥5👏3😁3💯1
⚡ Главного редактора DALA INSIDE вызвали на допрос в Департамент полиции г.Астаны по заявлению руководителя строительной компании "G-Park" Габита Сатмагамбетова.

DALA INSIDE намерен обратиться в Международный фонд защиты свободы слова "Әділ сөз" и Союз журналистов Казахстана для защиты прав журналистов издания.

------

"G-Park" құрылыс компаниясының басшысы Ғабит Сәтмағамбетовтың арызына сәйкес, DALA INSIDE бас редакторы Астана қаласы Полиция департаментіне тергеуге шақырылды.

DALA INSIDE өз тілшілерінің құқығын қорғау мақсатында "Әділ сөз" халықаралық қоры мен Қазақстан журналистер одағына жүгінбек.
👍109😱38😡9🤮5🔥3👏1😁1
⛏️ Теміртаудағы бандылар ұрланған металды Ресейге жіберуін тоқтатар емес

Ондаған жылдар бойы Qarmet аумағынан метал ұрлау, оны лом ретінде өткізіп бизнес жасап келген ұйымдасқан топтар әлі де жойылмай отыр. Кезінде тіпті олар жергілікті құқық қорғау органдарымен астыртын байланысып келген. Егер олар тез арада құрықталмаса, Qarmet-ті аяғынан тұрғызу мүмкін болмайды.

Күні кеше шахтерлерді бопсалап келген қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Бірақ бұл жүйе қанатын тым жайып келгендіктен, ұсталған топ қылмыс айсбергінің басы ғана.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Теміртау қаласындағы қара және түсті металл сынықтарын жинаумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын төрт арнайы орындағы ломның басым бөлігін «Qarmet» АҚ кәсіпорындарынан шыққан заңсыз лом құрап отыр.

Мурка және басқа да түрлі ұйымдасқан қылмыстық топтардың уақыты кетсе де, олардың ісі жалғасып келеді. Ломды елден шығару бойынша Индустрия және құрылыс министрлігінің тыйымдары жұмыс істемейді.


Қазір Qаrmet-тен ұрланған заңсыз метал қазақ жерінде орналасқан, алайда Ресей меншігі болып табылатын Петропавл теміржол станциясы арқылы Ресейдің қорғаныс кәсіпорындарына тасылуда. Ол ломнан Ресейлік зауыттар қару-жарақ, әскери техника жасап, Украинадағы соғысқа аттандырып отыр. Біздің қылмыстық топтар осы арқылы қанқұйлы соғысқа көмектесіп келеді.

Петропавлдағы темір жол вокзалында Ресей заңы жүреді. Оған РЖД басшылық жасайды, билеттер рубльмен сатылады, күзет те Ресейдікі. Ресейдің өзі қазір өз лом металын сыртқа шығармайды. Қолайлысы - қазақ жерінен ұрланған металды арзан бағамен алып, одан танк пен снарядтар жасауды жалғастыра беру. Сондықтан Qarmet өз кәсіпорындарында тәртіп орната бастаған кезде, оған ұйымдасқан қарсылық болатынын қазірден бастап болжауға болады.

DALA INSIDE Теміртаудың барлығы білетін, бірақ айтылмай келген құпияны ашып отыр. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
😡152👍64😱23💯2😁1
🪨 ГОК деп шулатып жүргендер алысқа бара алмады

Қаржы мониторинг агенттігі «Тиолайн» компаниясының тең иесі Долгалевке қатысты тергеу бастағанын хабарлады.

2024 жылдың 3 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің қызметкерлері «Тиолайн» компаниясының иелерінің бірі Виктор Долгалевті жер қойнауын рұқсатсыз пайдаланып жүрген кезде ұстаған.

Сот санкциясымен ол қамауға алынды. Долгалевке қатысты аса ірі көлемде кіріс алу арқылы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін тергеу жүргізілуде.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2021 жылдың наурыз айында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі компанияның 38 млрд теңгеге қаржылық және инвестициялық міндеттемелерін орындамауына байланысты «Обуховское» кен орнында жер қойнауын пайдалану бойынша келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатқан.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 маусымында сот шешімімен В.Долгалевке «Тиолайн» компаниясының мүлкін басқаруға тыйым салынды.

Осыған қарамастан, В.Долгалев өзінің бақылауындағы құрылымдар арқылы заңсыз тау-кен өндірісін жалғастырып, Қытайға және басқа елдерге сұр схемалар бойынша экспорттаған. Тек үш жыл ішінде (2021-2023 жж.) 113 мың тоннаға жуық кен экспортталды.


Маманның қорытындысы бойынша қылмыстық табыстың жалпы сомасы 26 млрд теңгеден асты. Бұл қаражатқа еншілес тұлғалар арқылы кен орнына іргелес жатқан 7,5 мыңға жуық гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер сатып алынып, ол жерде де заңсыз кен өндіру жүргізілген. Сонымен қатар, 2 млрд теңгеге бюджетке төленетін салықтар мен төлемдерден жалтару фактілері анықталды.

DALA INSIDE бұл мәселені назарда ұстамақ. Бізге жазылыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍79😁11😱10💯3