DALA INSIDE
10.2K subscribers
412 photos
136 videos
1 file
1.17K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
👋 Сағынтаевтан Қазақстанға қайыр болмайтын сияқты

2024 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның коллегиясын басқарып отырған Қазақстан өкілі Бақытжан Сағынтаев кедендік баж салығы мәселесін жылжытуда сылбырлық танытып отыр.

Негізі, жыл басында Сағынтаев осы мәселені көтеріп, Қазақстан үлесін арттыруға көмектеседі деген үміт болған дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Бірақ мамыр айына дейін еш қозғалыс байқалмады.


Былтыр күзде Қазақстан тарапы комиссия отырысының күн тәртібіне осы мәселені енгізген. Дереккөз сол кезде Ресей мен Беларусь тарапынан вето қойылғанын айтады. Онда қазір сыртқы сауда статистикалары құлаған Ресей мен Беларусь Қазақстан есебінен баж салығын алып отыр деген сөз.

Еуразиялық экономикалық комиссия тәртібі бойынша соңғы екі жыл статистикасы қаралады. 2020 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 86,4 миллиард АҚШ доллар деңгейінде тұрса, 2022 жылдан бастап динамикасы күрт өсті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 140 миллиард долларға жетті, яғни, бірден 40 пайызға артқан. Оның ішінде кедендік баж салығы төленген импорт 61 миллиард долларды көрсетті. Қазақстанға келетін импорт бір жылда 20 пайызға артқан.

Ал Ресейде осы кезеңде сыртқы сауда айналымы 16 пайызға қысқарған.


Оған қарамастан, ортақ қазанға түсетін импортты баж салығынан Ресей әлі де 85,065 пайызын алып келеді. Ал Қазақстан 6,955 пайызды місе тұтуда.

Қазіргі үлес бойынша Қазақстан – 6,955%, Қырғызстан – 1,9%, Армения – 1,22%, Беларусь – 4,86%, Ресей – 85,065% алып отыр.

DALA INSIDE дереккөздер арқылы осы сұрақтың биыл комиссия отырысына шығу-шықпау мүмкіндігін анықтап, оқырманға хабарлайтын болады 👇

https://t.me/dalainside
😱74👍61👎5😁2
🏔️ Қазақтың Әлиханы аудиторлық белесті бағындыра бастады

Әлихан Смайылов басқарып отырған Жоғарғы аудиторлық палата биылғы төрт айдың ішінде 59 мемлекеттік аудитор және 5 жоғары санатты мемлекеттік аудитор сертификатын тапсырған. Бұл конкурстық рәсімдерге 109 адам қатысты. Алдымен үміткерлер тест сұрақтары мен кешенді тапсырмалардан тұратын біліктілік емтиханын тапсыру арқылы білімдерін растады. Емтихан мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, сондай-ақ сәйкестік аудиті, тиімділік аудиті сияқты пәндерді қамтыған.

Одан кейін үміткерлер Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы басқаратын Ұлттық комиссияда әңгімелескен. Осы кезде қазақтың Әлиханы әр болашақ аудиторды өз көзімен көріп, бағалап, толық сынақтан өткізген екен.

Әлихан Асханұлы Премьер қызметінен кеткеннен кейін небары 50 күн демалды. Одан кейін өзі жақсы білетін Аудиторлар палатасының тізгінін қолына алды. Енді ол қазіргі Үкімет жұмысының тиімділігін тексеріп, керек болса сын айта алатын құзіретке ие.

"Жоғарғы аудиторлық палатаға Смайылов ұзақ уақытқа келді. Тіпті қазіргі президент өкілеттілігі аяқталғанға дейін отырады деген пікір бар", - дейді DALA INSIDE дереккөзі.


Олай болса, қазақтың Әлиханы аудитор ретінде кемінде екі үкімет құрамын көріп қалуы мүмкін. Бір қызығы, егер аудиторлық тексеру аясы 2023 жылды да қамтыса, онда аудитор Смайылов премьер Смайыловтың да жұмысына баға беруге мәжбүр болады. Оны Президенттің 1 сәуірде тағайындауының да астарлы смайлигы осында жатқан сияқты.

DALA INSIDE аудиторлар қадамын бақылап отырмақ. Бізбен бірге болыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
😁39👍33🤮5🔥1
🌹 Қазақстан әйел менеджерлер арқылы экономикалық дамуға қол жеткізу туралы ойлана бастады

Сол жағалаудағы экономикалық блоктың жабық консультацияларында әйелдер басқаратын отандық компаниялардың қаржылық табысы мен жағдайы зерттелді дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Шетелде оқып келген әйел менеджерлердің барлығы тиімділік пен рационалды шешімдер көрсеткені анықталған. Бұдан кейін қаржылық қиындықтарға ұшырап жатқан компанияларға әйел басшы тағайындау дұрыс болады деп шешілді.

Қазақстанның әйел басшыларды өсіру бастамасын Батыс елдері де жақсы қолдап отыр. Мысалы, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич "Қазпошта" АҚ табыстары туралы жазып, оның басқарма төрайымы Әсел Жанасованың Кэмбридж түлегі екенін айта кеткен.

Елші ханым Қазпоштаның қысқа мерзімде шығындардан құтылып, пайдаға шыққанына және жалақылардың өсуіне айрықша көңіл аударды.


Келесі жылдан бастап ірі ұлттық компанияларға әйел менеджерлер басшы ретінде тағайындала бастамақ. Олар өз кезегінде Әсел Жанасова Қазпоштада жасаған сияқты шығындар аудиті, жаңа тиімді жобалар бастаумен айналысатын болады.

DALA INSIDE бұл үрдісті бақылап отырмақ. Бізбен бірге бақылаңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍46🤯6
🎬 "Бишімбаев Пикчерс" не представляет: Қазақстан өз имиджін ютуб соттар арқылы көтермек

Ютубта онлайн көрсетілген экс-министр Қуандық Бишімбаев процесі шет мемлекеттерден үлкен аудитория жинап, онда "Жаңа Қазақстанның" әділетті жолға түскені кәдімгідей талқылана бастағандықтан, "Сол жағалау" Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын онлайн ютуб соттар арқылы көтеруді ойластыра бастады.

"Жақын күндері Сот, идеологиялық блок, Бас прокуратура бірігіп, жабық консультациялар өткізетін болады", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Үлкен резонансты сот, әсіресе жемқор шенеуіктер, "Ескі Қазақстан" клептократтары соттарын онлайн трансляцияға шығару ұсынылып отыр.


Қазіргі жағдай бойынша, егер екі тараптың бірі қарсы болса, сот процесі жария өтпейді. Ұсынылған идея бойынша, енді "резонансты сот" деген ұғым енгізілуі мүмкін. Және резонансты деп танылған сот процесін ютубта ашық трансляция жасау арнайы ережемен міндеттеледі деген ой айтылуда. Олай болатын болса, сотталушының адвокаттары оған қарсы ештеңе істей алмайды.

Дереккөз сөзінше, жемқор, қылмыскер шенеуік не олигархтың ютубта сотталуы "Жаңа Қазақстан" үшін көптеген мәселені шешпек. Біріншіден, халық әділетті, тәуелсіз соттың бар екеніне сеніп, қазіргі билікке лоялды болады. Екіншіден, халықаралық аренада, демократиялық елдер алдында Қазақстанның имиджі жақсарып, инвесторлар да сеніммен қарай бастамақ.

Онлайн сот идеясы жаман емес. Бастысы ол міндеттелуі тиіс. Себебі, айыпталушылардың 99,9 пайызы сот процесінің жария емес, жабық түрде өткенін қалайды. Бірақ "Жаңа Қазақстан" ашықтық жолын аяғына дейін таңдаса, онда ютуб трансляция, алқабилер соты сияқты "фишкалар" мүмкіндігін ұтымды пайдалануға жол ашылып отыр.

Консультациялар барысын бақылап отырамыз. DALA INSIDE арнасына тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
👍70😁18👎5🔥3💯3👏2🤯2
🌪️ Нұрдәулет Қилыбай үшін "қилы" заман туайын деп тұр

Маңғыстау облысының жаңа әкімі Нұрдәулет Қилыбайға орталық билік тарапынан ауыр міндеттер жүктелді. Аймақтағы проблемелар үштағаны: жұмыс, су және экология. Онымен қатар ірі кәсіпорындар әбден тозған.

Әсіресе Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты бойынша жұмыс кезек күттірмейді. Ол Ақтау қаласы мен жақын маңдағы елді мекендерді жылумен және ауыз сумен қамтамасыз ететін басты ошақ. Сонымен бірге, «Каспий жылу», «Су арнасы» кәсіпорындарының тозығы жетті.

"Жаңа әкім олардың инфрақұрылымын жөндеу және жаңғырту жұмыстарын тезірек атқаруы керек. Оны бюджет есебінен болмаса, жеке инвестордың келе қоюы неғайбыл", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Оның айтуынша, осы мәселелерді реттеуге Нұрдәулет Қилыбайға үш жыл уақыт берілген.


"Өзен", "Қаражамбас" кен орындарының сарқыла бастауы өңірге үлкен проблемаларды жақындата бастады. Маңғыстау жаппай жұмыссыздық алдында тұр. Оны Маңғыстаудағы 70 мыңдай шағын және орта бизнес көмегімен жабу мүмкін емес.

Қазір облыста 786 мың адам тұрады. Үш жылда облыстағы ресми жұмыссыздық 4,9%-дан 5%-ға өскен. Бірақ бейресми стаистика әлдеқайда жоғары. Өңірдегі инвестиция 1,1 триллион теңге. Бұл өте жеткіліксіз болып отыр.

Ең қиыны инвестиция тарту болып отыр. Себебі ескі нысандарды жаңалауға, жаңа өндіріс салуға бюджетте қаржы жоқ. Ал қайта-қайта митинг болып жатқан жерге инвесторлар келгісі келмейді. Жаңа өндіріс ашылмаса, жұмыссыздар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Олар көбейген сайын митингтер де жиілеп барады. Бұған шешім табу мүмкін болмай отыр.

Жаңа әкімнің қызметі жан-жақтан қадағалануда. Сондықтан Маңғыстау әкімі қызметін мина қойылған жермен өту деп бағалауға болады.

DALA INSIDE осы мәселені жіті қарамақ. Себебі, уақыт оздырып алса, Маңғыстау бүкіл ел проблемасына айналады 👇

https://t.me/dalainside
👍45😱10💯4😁2👎1🔥1👏1
⚡️ Ұлы даладағы гибрид: Жошы ұлысының тарихы таспаланбақ

«Dara» президенттік бастамалар қоры «Karga Seven Pictures» киностудиясымен бірлесе Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханның өміріне арналған алты сериядан тұратын ағылшын тіліндегі гибридті деректі-драмалық телехикая түсіруді бастады.

Бұл туралы «Dara» Президенттік бастамалар қорының баспасөз қызметі хабарлады деп жазады DALA INSIDE.

Туынды Алтын Орда империясының даму кезеңдері Жошы ханның өмірінің тарихы негізінде түсіріледі.


Телехикаяның продюсері креативті директоры Эмре Шахин жетекшілік ететін «Karga Seven Pictures» компаниясы. Түсірілім 2024 жылдың күзінде Қазақстан мен Түркияда басталады деп жоспарлануда.

Karga Seven Pictures Netflix үшін 90-нан астам елде үздік 10-телехикаяға айналған Rise of Empires: Ottoman және Testament: The Story of Moses хикаялары сияқты ірі тарихи деректі драмаларды түсірді.

«Жошы ханның өмір тарихы керемет эпикалық, ол дүние жүзіндегі көрермендерді қызықтырары сөзсіз. Осы ауқымды тарихи жобаны жүзеге асыруда «Dara» қорымен бірлесіп, жұмыс жасау біз үшін үлкен мәртебе», – деп атап өтті Karga Seven Pictures креативті директор Эмре Шахин.

2024 жылы Жошы Ұлысының құрылғанына 800 жыл толады. Осы атаулы күнге арналған тарихи деректі жоба мемлекеттігіміздің сан ғасырлық тамырын көрсетеді.

Жаппай аудиторияға арналған деректі-драма ұлттық тарихты кеңінен насихаттауға, қазақ халқының ұлы тарихын тануға, халықаралық аудиторияның Қазақстанға деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.

https://t.me/dalainside
👏75👍38🔥12💯8
📟 Сағаттан жаңылысқандар: еріккен жандар бұрынғы уақытқа қайту туралы петиция жасап, оған 32,5 мыңнан астам адам қол қойған

1 наурыздан бастап Астана, Алматы және Шымкентті қосқанда 15 облысты құрайтын еліміздің басым бөлігі батыс облыстармен теңестіріліп, UTC +5 уақыт белдеуінде тұра бастады.

Енді оған қарсы петиция шықты. Авторы жазғандай, Қазақстан уақыттың бір сағатқа артқа ауысуына байланысты бірнеше проблемаларды толығымен сезініп үлгерген.

«Электр энергиясын тұтынудың орташа есепшоты 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша шамамен 17 000 теңгені құрады. Уақыттың өзгеруі бұл шығындарды айтарлықтай арттырады. Әсіресе күз-қыс кезеңінде. Қараңғылық ұзақтығының ұлғаюы тұрғындарды жарықты ертерек қосуға мәжбүрлейді, бұл, әрине, электр энергиясын тұтынудың артуына және тиісінше қосымша шығындарға әкеледі», - деп сендіреді, петиция авторы. ⠀


Адамның биоритмі мен жұмысы, оқу және демалыс кестелері арасындағы сәйкессіздікке байланысты тұрғындардың физикалық және психологиялық ыңғайсыздығы туралы да айтылған. ⠀

Журналистердің осыған қатысты сауалына Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев петиция қажетті қол жинаған кезде қаралатынын айтты. Яғни қол саны 50 мыңнан асу керек.

14 мамырда Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев қызметінен босатылды. Кей деректерге қарағанда, оған уақытты өзгерту мәселесін терең зерттемегені себеп болған.

DALA INSIDE Қазақстанға ғана тән осы феноменді - қала аты мен уақытты ауыстырып, қайтадан қайтару сияқты құбылыстарды зерттеуге кірісті 👇

https://t.me/dalainside
👍81👎30😁15👏2
Forwarded from Dala Finance
Леонардо да Винчидің ең жұмбақ және құнды жауһарларының бірі La Bella Principessa Қазақстан жұртшылығына ұсынылмақ

Сурет Сфорциада Варшавалық кодексінен алынған және Милан герцогы Людовико иль Мороның қызы әрі генерал-капитан Галеаццо Сансевериноның жұбайы Бьянка Джованна Сфорцаның қырынан көрінісі деп танылған.

La Bella Principessa – шебердің пергаменттегі жалғыз туындысы болып табылады. Бұл бірегей мүмкіндік Астанадағы Италия елшілігінің, ForteBank, Mastercard, Scripta Maneant және Италия мәдениет институтының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асты.

Көрме Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 7 маусым мен 4 тамыз аралығында өтеді.

https://dalanews.kz/kz/article/oner-alemindegi-oqyga-qazaqstanda-algash-ret-leonardo-da-vynchydin-la-bella-principessa-tuindisi-usiniladi.html
👍40🔥2
🏦 Байердің тауарын бүлдіру: мемлекет қаржысын көмек ретінде алған даулы Jusan bank тағы да проблема туындатты

Jusan bank өзіне қарыз Лилия Рахтың брендтік дүние партиясын тәркілеп алып, оны өз қоймасында сақтаймын деп бүлдіріп алған. Енді ол заттарды қарыздың өтемі ретінде санамай отыр.

2017 жылы Jusan bank өзіне 4 миллиард теңге қарыз Лилия Рахтан борышты мерзімінен бұрын қайтаруды талап етеді. Сот арқылы 3 миллиард теңге өндіріп алады да, 1,4 миллиард теңге қарыз деп таниды. Сол кезде Лилия Рах банкке құны 1,5 миллиард теңге болатын элиталық, брендті заттарын кепілге береді. Бірақ банк оның құнын түсіріп, 759 миллион теңге деп бағалаған.

Лилия Рахтың адвокаты Виктория Меленцева баспасөз мәслихатында оған да келіскендерін айтты. Бірақ банк кепілдегі брендтік заттарды бүлдіріп алып, енді оларды қарыз есебіне баламай отыр. Бухгалтерлік есеп бойынша өздеріне қабылдамай қойған.


Кепілге борышкердің затын алып, оны бүлдіріп, енді өзіне еш жауапкершілік алмай отырған банк әрекеті қисынсыздау көрінеді. Банк қателігін түсінсе де, Лилия Рах бәрібір қарыз деген позицияда.

Бастысы сот бұл әрекетті қалай бағалайды?

DALA INSIDE бұл қызық жағдайды бақылауға алды. Ақырын күтейік 👇

https://t.me/dalainside
👍42👎4😁3
🏭 АЭС туралы референдум: өзбектер шах, қазақтар мат қоймақ

Өзбекстан Росатоммен келісім рәсімдеп, Жизақ облысында 330 Мвт қуаты бар шағын АЭС тұрғызатын болды. Қырғызстан билігі де АЭС бойынша нақты шешім қабылдап, енді Ресеймен қаржыландыру бойынша жасырын келіссөздер раундын жүргізуде дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Кремль тарапынан Қазақстанға "АЭС мәселесін тым созып кеттіңдер. Олай отыра берсеңдер Өзбекстаннан қалып қаласыңдар" деген месседж келген. Бірақ біздің тараптың өз ойлағаны бар болып шықты.

Қазақстан болашақта Росатомға санкция салынса, өзін үлкен тәуекелге жығып беретінін түсініп отыр. Бірақ АЭС те керек.

"Біздің көпвекторлы саясатымызға сай, атомда да осы жол ұсынылып, ол ішкі отырыстарда талқылануда. Идея жақсы. Ол - Курчатовқа салу үшін өзбектердегідей шағын АЭС-ті Росатомға, ал Балқаштағы негізгі үлкен АЭС-ті Франция немесе Оңтүстік Кореяға беру", - дейді, дереккөз.


Росатомның кішкентай АЭС-і қымбат емес. Шамамен 1,5 миллиард доллар болуы тиіс. Оны Қазақстан Ресейге қарыз болмай, тікелей сатып алуға мүдделі. 1,5 миллиард доллар төлеуге барлық мүмкіндік бар.

Әңгіме үлкен АЭС-те. Ол қымбат. Бізге керек 4 энергоблогымен, кемінде 4800 Мвт беретін АЭС 15-16 миллиард долларға тартады. Ондай ақша жоқ. Сондықтан Қазақстан Франция мен Кореяның қайсысы ВОО қаржыландыру системасына келіседі, сол тараппен жұмыс істеуі мүмкін.

ВОО қаржыландыру жүйесі (Build – Own – Operate = Сал – Басқар – Жүргіз) атом компаниясының АЭС-ті өз ақшасына түрғызуына негізделген. Яғни өз ақшасына салады, өздері жүргізеді, және тапсырыс беруші мемлекетке нақты бекітілген тарифпен электр энергиясын ұзақмерзімді контракт негізінде сатып отырады. Мысалы, Франция біздегі Балқашта АЭС-ті осы ВОО жүйесімен салса, ол атом станциясы ресми түрде француздардың меншігі болып қала береді.

Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан жақсы вариант тапқан сияқты. Енді Франция немесе Оңтүстік Кореяның бірін көндіру ғана қалды. Ал Росатом шағын модульді АЭС жобасын өткізгеніне риза болатыны анық. Осы арқылы Қазақстан геосаяси сұрақты да, энергоқауіпсіздік мәселесін де, "жасыл" энергетиканы да оңды реттейтін болады.

DALA INSIDE бұл жолы "браво" деп отыр. Бізді оқып жүріңіздер. Себебі атом энергетикасының сіздің өміріңізге тікелей әсері бар 👇

https://t.me/dalainside
👍249👎16👏6😢1💯1
⚡️ Әділетті Қазақстан? Қарин Қаңтардан кейін қабылданған концепцияның түпкі мәнін түсіндірді...

"Егеменге" шыққан көлемді материалда Мемлекеттік кеңесші "әй, осы уәде етілген өзгеріс қайда? Жаңа Қазақстанның сиқы осы ма?" деген актуалды сауалға ашық жауап қатыпты.

Мақалаға шолу жасаған DALA INSIDE Қариннің аузымен айтылған келесі фрагменттерге назар аударды. Алғашқы сауалдан бастайық: саяси реформа сағыздай созылып кетпеді ме?

"Жоқ" дейді Қарин. Соңғы 5 жылда саяси жүйені толық қайта құрдық.

Сөй деген Мемкеңесші ескі Қазақстанның тұсында формалды рөл атқарған меминстуттардың автономды билікке ие болғанына акцент береді.

"Президент Тоқаев өз құзырына кіретін міндеттерді теңдей бөліп берді. Мәжілістің мәртебесі өсті. Конституциялық сот жұмыс істей бастады. Аралас сайлау жүйесі ен­гізілді, саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдеді. Өткен жылы алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлап көрдік. Мұндай сайлаулар 2025 жылдан бас­тап тұрақты өткізілетін болады".

Бірақ бір нюанс бар: мәселенің байыбына бара бермейтіндер үшін бұл процесс кібіртіктеп қалғандай көрінеді. Қариннің айтуынша "кім не десе, о десін" реформалар бағытында ілгерілеу бар және бұл үрдіс жалғасын таба түседі.

Ең бастысы, Қаңтардан кейін қазақтың саяси менталитеті өскен, өзгерген. Қоғамдық пікір билікті қамшылап отыратын дәрежеге жеткен.


"Елдік мәселеге еркін араласатын азаматтардың пулы қалыптасып келеді. Бұл өзгерістерді кері қайтару еш мүмкін емес. Жүзеге асырылып жатқан жан-жақты реформалар енді тоқтамайды", - дейді Мемкеңесші еліміздегі саяси ландшафтың толық жаңарғанын меңзеп.

Қазақтілді аудитория Ұлттық құрылтайда талқыланған мың-сан мәселені де ұмытпағаны анық. Қариннің атап өткеніндей бұ жиын қу сөзден қуырдақ қуыру емес.

"Құрылтай? Президенттің Атыраудағы сөзінен кейін 40 тармақ­тан тұратын кешенді жоспар бекітілді. Осының аясында жыл соңына дейін 9 заң қабылданбақ. Қазірдің өзінде оның үшеуін Парламент мақұлдап, Президент қол қойды".

Мемкеңесшінің пайымдауынша Әділетті Қазақстан дейтін концепцияның түпкі мәні жаңа құндылықтар қалыптастыру. Бірақ, құндылықтар да әртүрлі боларын ескеру керек. Пікір алуандағы кез-келген саяси системаны алға жүргізетін алгоритм.

"Алайда" дейді Қарин. "Ысқырығы жер жаратын бәзбіреулерді көпшіліктің сөзін сөйлеп жүрген адам деп түсіну әбестік. Мұндай қателікке ұрынуға жол жоқ. Сондықтан диалогтің сын­­дарлы, мазмұнды әрі мағыналы болғаны абзал".

Ерлан мырза осы тұста қоғамдық пікір қалыптастыратын БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері мен блогерлерге келесі моменттерді есте ұстау қажеттігін ескертеді.

– этносаралық қатынастарға және тіл мәселесіне;

– дін саласына;

– сыртқы саясатқа қатысты ахуал­ды ушықтырмауға баса мән беруі қажет.


Осы орайда президенттің түнеукүнгі Сингапур сапарын мысалға келтіреді.

"Мемлекет басшысы біздің сыртқы әлеммен ынтымақтастық орна­туға ашық екенімізді, бірақ Қазақ­станның заңды құқықтары мен мүддесін қорғауға келгенде ешқашан аянып қал­майтынымызды қадап айтты.
Біздің ел ішкі және сыртқы саясатын біреуге ұнау үшін немесе қандай да бір үрдіске ілесу үшін жүргізбейді. Біз, ең әуелі, ұлт мүддесін, төл ұста­ным­­дарымызды басшылыққа аламыз", - дейді ол.

Әділетті Қазақстанның күн тәртібін жіпке тізген мақаланың түйінінде Қарин "бүгінгі биліктің моральдық ұстанымы мен мінез-құлқын өзгергенін және соның нәтижесінде мемқызметкерге қойылар міндеттің күшейе береріне басымдық басымдық берген.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Бізге тіркел 👇

https://t.me/dalainside
🤮51👍36👎6🔥3😡3👏2😁2💯2🤩1
⚡️ Провокацияға ермеңдер! Әшімбаев Боқаевқа соқтықты...

Утилалым төңірегіндегі дау-дамай өршіп барады. Осы системаны сақтап қалуға мүдделі Үкімет вице-премьер Роман Склярды алға салуда. Қарсы тарап саясаткер Санжар Боқаевқа арқа сүйеуде.

DALA INSIDE осыған қатысты пікір білдірген белгілі сарапшы Данияр Әшімбаевтың аргументіне назар аударды.

"Мемлекет тәртіп орнатуға тырысқан сайын, бұған көңілі толмайтындар төбе көрсете бастайды. Естеріңізде ме, оң жақ рөлді көліктерге тыйым салған кезде, дәл осындай ырду-дырду болған. Патрульдердің орнына "сергектер" қойылды, күңкілдеп шықтық. Көшелерді біржақты етті тағы да айқай-шу. Көлік тұрағын ақылы қылып еді, әдеттегідей байбаламға бастық. Утилалымды енгізді – тағы да жанжал. Льготалық несиелеу басталды тағы да бұрқылдадық. Ақылы жолдар пайда болып еді, тағы да кері тарттық. Шетелдік тіркелмеген көліктерге тәртіп орнатуға тырысты – көшеге шығып кеттік. Такси агрегаторларын енгізді – оның соңы да дау-дамайға ұласты. Енді самокаттардың төңірегінде скандал шығып жатыр. Турасында айтқанда, біз өз-өзімізді тәртіпке келтіре алмаймыз, ал мемлекеттік реттеуге бағынғымыз жоқ", – дейді Әшімбаев.

Сарапшының пікірінше, басты мәселе мегаполистердегі көлік санының жүйелі түрде артуында жатыр.

"Алматы? Көше толы көлік. Тұрақтар аузы-мұрнынан шығып тұр. Билік экологиялық ережелер мен құқықтық шектеулерді енгізу арқылы осы ахуалды ырқына бағындырғысы келеді. Утилалым осы алгоритмдердің бірі. Бұ жүйе ескі көліктердің елге кіруін тежейді, отандық автопромды ынталандырады және сіз бен біздің жүріп тұруымызды жеңілдетеді", – дейді сарапшы.

Бұған дейін бірінші вице-премьер Роман Скляр утилалымның ақшасы мемлекет пен халықтың қажетіне жұмсалып жатқанын айтқан.


"Жасыл даму" бұл туралы жылда есеп береді. 2022 жылы льготалық автонесиелеуге 100 млрд теңге, автобустарды жалға алу үшін 30 млрд теңге бөлінді. Былтыр тракторлар мен комбайндарды жалдауға 50 млрд теңге бөлінді. "Жасыл даму" арқылы қайта өңдеу саласын қаржыландыруға 265 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 185 млрд теңге қалдық өңдей зауыттар салуға, 50 млрд теңге ТөтенМиннің құрал-саймандарын жаңартуға, 15 млрд теңге автобустарды лизингке алуға, 10 млрд теңге орман мекемелері мен табиғатты қорғау ұйымдарына өрт сөндіру техникасын сатып алуға бағытталған", – деген-ді Скляр.

Әшімбаевтың пайымдауынша утилалымды алып тастауды талап еткен саясаткер Санжар Боқаевтардың наразылығы саясиланған.

"Басқа елдерден көлік әкелудің "көлеңкелі схемасы" әлі де жұмыс істеп тұр. Жұмыссыз жұрттың көпшілігі "таксовать" етіп, табыс тапқанды армандайды. Бектенов үкіметіне бағытталған популистік шабуылдар негізінен әлгіндей астыртын көлік тасымалдаушылардың мүддесіне жұмыс істейді. Олар ластанған ауамен дем алып, кептелісте тұратындардың пікірін елемейді", – дейді Әшімбаев.

Сөзінің түйінінде сарапшы салығын уақытында төлеп, заңды түрде көлік сатып алатын азаматтарды қорғаған болыпты.

"Ресми түрде салық төлейтін, заңды түрде көлік сатып алатын және уақытында несиесін өтейтін заңға бағынатын азаматтардың өсіп келе жатқан сегменті туралы ұмытпайық. Кредитті кешіре салуды, утилалымды жоя салуды талап етіп жатқан провокаторлар әлгіндей азаматтардың алдында артықшылыққа ие болмауы керек", - дейді ол.

Бұл жайлы әлі де айтамыз. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
😡124👍49👎22🤯5😱5💯5😁3🤮3🔥1👏1
🏃 Инсайдер дәл айтты: Мусин Қазақтелекомда, Есекеевке уақытша тайм-аут берілді

Жаңа жылдың алдында инсайдеріміз сол кездегі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинның "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына басшы болып баратынын айтқан болатын. Араға жарты жыл салып, Мусин өзі көз тігіп жүрген орынға жайғасты.

Келесі аптадан бастап телекомдағы экс басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтың командасы орнын босата бастайтын болады. Ал Мусиннің министрліктегі командасы керісінше Қазақтелекомға жақындамақ.

"Есекеевтің дәуірі бітті. Оның Президент көмекшісі ретіндегі қызметі адаптациялық кезең ретінде қарастырылған. Ол ақырындап аренадан кетеді", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Қайрат Сатыбалдының Қазақтелекомдағы жымқыру эпизоды бойынша, Қуанышбек Есекеев тергеушілерге куәгер ретінде барған болатын. Ол куәгерден сыбайлас статусына ауыспай тұрып, Қайрат Сатыбалды шығынды өтеп үлгерді.

"Есекеевті Сатыбалдының 12 миллиард теңге шығынды бірден өтегені құтқарып қалды. Әйтпесе Қазақтелекомдағы креслодан бірден уақытша тергеу изоляторына аттанудың алдында тұрған" - дейді, дереккөз.


Мусин Қазақтелекомға аудитпен кірмек ниетте. Ол үшін "Самұрық-Қазына" қорындағы Ішкі аудит қызметінің биылғы жоспары қайта қаралуы тиіс. Бірақ оған қордың директорлар кеңесі рұқсат бере ме?

Қалай болғанда да, Бағдат Мусин үшін бюрократиясы көп министрлікке қарағанда ұлттық компания анағұрлым тыныш жер. 2022 жылдан бастап Батырбекұлы жақын айналасына "шаршап кеттім" деп жиі айта бастаған еді. Стресстен иммунитеті де түсіп кетті.

Бірақ Қазақтелеком да курорт болмайын деп тұр. Компанияның таза табысы мен тиімділігі құлай бастады. ROA 10-нан жетіге бірден түсті. Таза кіріс 24 миллиард теңгеге кеміп, жүз миллиардтан әрең асты. Мұндай кезде демалу қиын.

DALA INSIDE Мусин мен Есекеев тағдырын екі жылдан бері бақылап келеді. Бірге бақылайық 👇

https://t.me/dalainside
👍44😁17🤯3👎2💯1
Forwarded from Dala Finance
ОТАНДАСТАР ЛЕОНАРДО ДА ВИНЧИ ТУЫНДЫСЫМЕН ТАНЫСУДА

La Bella Principessa - 15 ғасырдың аяғында Леонардо да Винчи салған итальяндық ақсүйектерге жататын жас қыздың портреті. Жоғалып кетіп, қайта табылған туынды шебердің ең жұмбақ әрі тартымды туындыларының бірі. Бұған дейін картина әлем бойынша бес рет қана қойылып, көпшіліктің үлкен қызығушылығын тудырған еді.

https://dalanews.kz/kz/article/qasim-jomart-toqaev-leonardo-da-vynchydin-ademi-xanshayim-kartynasinin-tupnusqasin-tamashaladi.html

Экономика, өндіріс 👉@dalafinance
Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
👍27
🚩 Қазақстан Салливаннан Росатом туралы сұрамақ

Елімізге аяқ басып жатқан Еуроодақтың санкция жөніндегі комиссары Дэвид О'Салливан Росатом жайлы құнды ақпарат бере алады. Қазақстан тарапын Росатомға болашақта Еуроодақ тарапынан санкция салынуы мүмкін бе, сол мәселе қызықтырып отыр.

Себебі, өзінің атом болашағын айқындауы тиіс еліміз үшін бұл шешуші мәселе. Росатомға болашақта санкция салыну қаупі айқындалса, онда Қазақстан үшін АЭС тұрғызуы мүмкін нақты елдерден тек Франция мен Оңтүстік Корея ғана қалмақ.

"Бұл ретте АҚШ Росатом құрылымына кіретін халықаралық компанияға әлдеқашан санкция салып қойған. Оның негізгі Росатомды санкция тізіміне ілдіруі уақыт еншісіндегі мәселе", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Қазақстан АҚШ позициясын жақсы біледі. Енді оған Еуроодақтың ұстанымын анықтау қажет болып тұр. Қазір Еуроодақ мүшесі болып табылатын Венгрия Росатомға "Пакш-2" АЭС-ін салдырып жатқандықтан, Будапешт санкция талқылауларының барлығына вето қойып тастады. Бірақ Венгрия өз АЭС-ін тұрғызып алғаннан кейін, Еуропарламентте Росатомды қорғауы екіталай. Шамамен 3-4 жылдан кейін "Пакш-2" АЭС-і жұмыс істей бастауы тиіс.

О'Салливан Қазақстанға үшінші рет келмек. Әр сапары арқылы ол Ресейге салынған санкция режимі бойынша Еуропаның Қазақстанды қатаң қадағалап отырғанын сезіндіріп кетеді.

Дей тұрса да, Астана Еуропаның өзіне санкция салмайтынын біліп отыр. Сондықтан, арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей, осы қиын кезеңнен сәтті өтіп кетпек.

DALA INSIDE О'Салливанның әр қадамын бақылайды. Бізбен бірге бақылаңыздар👇

https://t.me/dalainside
👍87😁11👎1🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Садықовқа оқ атқан кім? Депутат Бапи бүй дейді...

Киевте белгілі оппозициялық журналист Айдос Садықовқа қастандық жасалғанын білесіздер. Әйелі Наталья Садықова екеуі отырған көлікке белгісіз біреу оқ атқан. Айдос ауыр жағдайда жатыр...

Осы оқиғаға қатысты депутат Ермұрат Бапи пікір білдірді. Оның сөзінше, журналиске жасалған шабуылға Қазақстанның қатысы жоқ.

DALA INSIDE тілшілермен сауалдасқан мәжілісменнің сұхбатын шолып шықты.

Бапи Айдос Садықовты жақсы танитынын айтады, ал "Бәсе" каналы қатардағы оппозициялық ресурс деген пікірде.

"Қалай болғанда да тапа тал түсте бір адамды атып кету - қылмыстық іс. Бұған сырт күштер араласқан сынды. Саяси астары бар әрекет деп ойлаймын. Мен Айдосты өте жақсы танимын. Кезінде үстінен қылмыстық іс қозғалғанда "Дат", қолдап, араша түскенбіз.

Қалай болғанда да "Бәсе" ресурсы - елдегі көптеген оппозициялық ресурстардың бірі. Қазақстанның билігінің атажауы емес, ақпараттық, танымдық, оппозициялық ресурс", - дейді Бапи.

Сондай-ақ, депутат бұл қастандыққа Қазақстан билігінің реакциясы жөнінде, Ақорданың ендігі әрекеті қандай болатыны туралы пікір білдірді.


"Айдосқа қарсы жасалған әрекетке Қазақстан билігінің қатысы жоқ. Мұндай провокациялық, халықаралық дәрежедегі қастандық әрекетке Ақорда мүдделі емес деп ойлаймын. Айдос билікке қауіп төндіріп жүрген саяси тұлға емес, ол - журналист, кәсіби қызметін атқарып жүрген азамат. Осы тұрғыдан келгенде Айдосқа қастандық жасау арқылы әлдебір үшінші күштер Қазақстан мен өзге елдердің арасына от қоюды көздеген секілді. Украинаның тергеу органдарына шығып, істің мән-жайын анықтауды талап етуіміз керек.

Садықовтардың кәсіби, саяси көзқарасы қалай болғаны маңызды емес. Ең маңыздысы ол - Қазақстан азаматы. Екіншіден, Қазақстан бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін дәлелдеуі тиіс", - дейді Бапи.

Бұған дейін Украинаның Бас прокуратурасы Садықовқа жасалған қастандыққа байланысты сот алды тергеу амалдары басталғанын хабарлаған. Садықов Украинада ресми босқын мәртебесін алған. 2023 жылдың қазан айында Садықовқа Қазақстанда "әлеуметтік, ұлттық, рулық, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны" үшін іздеу жарияланған.

DALA INSIDE жағдайды бақылап отыр. Бізге тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
👍34😱13😁2💯2😡2🔥1🤯1😢1
❌ «Наразылық білдіреміз»: бизнес қауымдастық ҚР Бас прокурорына үндеу жасады

Бизнес қауымдастық Берік Асыловтан ойын бизнесі мәселесі жөніндегі заң жобасына заңсыз түзетулер енгізуге байланысты наразылық білдіруді сұрайды. Өтініште айтылғандай, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде Мәжілістің жұмыс тобында заңнаманы өрескел бұзушылықтарға жол берілген. Соның нәтижесінде заң жобасының мәтінінде реттеушілік әсерді және заңнамада көзделген басқа да бірқатар міндетті рәсімді талдаусыз жаңа нормалар көрсетілді.

Өзін-өзі реттейтін букмекерлік ұйым өкілдері 2021 жылдың қаңтарында ҚР Президенті монополистердің қызметін заңнамалық тұрғыдан реттеуді тапсырғанын еске салды. Негізгі мемлекеттік органдар, оның ішінде Бас прокуратура мен бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА), содан кейін бәс тігу саласындағы оператор – жеке делдалдық компания Ставкаларды есепке алу орталығы деп аталатын идеяны сынға алып, оның монополияға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамамен үйлеспейтіндігін атап өтті.

2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тиісті тапсырма беріп, «делдал компаниялар» атты құрылымды құруға тыйым салу туралы түбегейлі шешім қабылдады. Осыдан кейін Ставкаларды есепке алу орталығының жобасы шығынға ұшырады.

«ҚР Премьер-Министрінің орынбасарлары С.М.Жұманғарин мен Е.К.Жамаубаевтың 2022 жылы қарашадағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Мәдениет және спорт министрлігіне (Ойын бизнесіне жетекшілік ететін бейінді органға) басқа министрліктермен бірлесіп, ойын бизнесі бойынша әзірленіп жатқан заң жобасынан Ставкаларды есепке алу орталығына қатысты ережені алып тастау тапсырылды. Салықтық әкімшілендіру бойынша осы құралдың орнына букмекерлік кеңселер жүйесін мемлекеттік кірістер органдарының жүйелерімен тікелей біріктіру ұсынылды. Осыған байланысты Ставкаларды есепке алу орталығын алып тастауды көздейтін заң жобасына VIII шақырылымның депутаттары II сессияда бастамашылық етті», - деп жазды өтініш авторлары.


Бұл шешімнің орындалуы 2023 жылы 12 желтоқсандағы тиісті заңмен бекітілген Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларда көрініс тапқанын атап өткен жөн. Заң букмекерлік кеңселерді делдалсыз өзінің электрондық төлем жүйелерін Мемлекеттік кірістер органдарының есеп беру жүйесімен тікелей біріктіруге міндеттеді.

Өзін-өзі реттейтін букмекерлік ұйым өкілдері үндеуінде атап өткендей, қазіргі заң бұзушылық Ставкаларды есепке алу орталығын заң жобасынан алып тастау туралы тармақтың орындалмауында. Әзірлеушілер Президенттің тапсырмасы мен Үкіметтің хаттамалық тапсырмасын мүлде елемеді. Мәжілістің жұмыс тобы басшысының заң жобасы бойынша 3 маусымдағы отырыста айтылғандай, Ставкаларды есепке алу орталығын енгізу бойынша түзету енгізілді. Алайда «Бірыңғай есепке алу жүйесі» деген жаңа атау беріліп, Үкімет қорытындысы аясында қарау үшін заң жобасының салыстырмалы кестесіне енгізілді.

Заңның өрескел бұзушылықтарын, сондай-ақ «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның ережесін ескере отырып, «Өзін-өзі реттейтін букмекерлік ұйым» заң жобасына міндетті заңнамалық рәсімдерді бұза отырып, Бірыңғай есепке алу жүйесін енгізуге байланысты түзетулер енгізуге жол берген жауапты уәкілетті тұлғалардың әрекеттеріне наразылық білдіру туралы Берік Асыловқа жүгінді.

Бұл ескеруге тиіс ерекше жағдай сияқты. Бұл еліміздің заң шығару тарихындағы өте сирек кездесетін жайт, онда түзетулер соңғы сәтте заң жобасына еніп, барлық міндетті заңды рәсімді мүлде елемейді. Мұны кімнің, не үшін және қалай жасап отырғанын Бас прокуратура анықтауға тиіс.

👉 DALA INSIDE мәселені бақылауға алмақ

https://t.me/dalainside
👍52😱3😁2😡2
☎️ "GetContact" операциясы: жасырын жаулар Садықов ісінде қай жерге дейін барады?

Киевте оппозиционер Айдос Садықовты атып кеткен Мейрам Қаратаев пен Алтай Жақанбаевтың телефон нөмірлерінің алдын-ала басқа нөмірлерге барлау қызметіне қатысы бар контакт ретінде жазылуы бұл операцияның ұзақ және детальді түрде дайындалғанын айғақтайды.

"Алтай Жақанбаевтың өз еркімен ұсталуы тергеушілерге алдын-ала дайындалған сценарий күдігін туғызды. Себебі оның қазіргі айтқандары мүлде басқа жаққа жетелейді. Бірақ ол айтып отырған басқа жақтың Садықовты ату бойынша тапсырыс беру мотиві тым ұсақ", - деді, толық жай-жапсарды айтудан бас тартқан DALA INSIDE дереккөзі.


"Сол жағалау" картинаны толық зерттемек. Себебі, нақты кімнің "Жаңа Қазақстан" билігінің халықаралық беделін бүлдіріп, диверсия жасауға мүдделі екенін білгісі келеді.

Ресми Астанаға кімнің жау, кімнің дос екенін тез арада нақты анықтап алу қажет. Жау сыртта емес, іште жүр. Себебі, кей өңірлерде, тіпті қазір обоймада жүрген тұлғалар тарапынан жасырын саботаж бен диверсия белгілері әлсіз болса да байқала бастаған. Енді оның масштабын білу керек. Оларды басқарып, нұсқау беріп отырған орталық бар ма, идеологтары мен бенефициарлары кімдер, осы сұрақтарға жауап ізделуде.

"Ұсталып, жауап беріп жатқан адам бағытты сырт жаққа беруде. Әрине, оның ақпараты жіті тексеріледі. Бірақ оның неге өз еркімен ұсталғаны, тергеуге версиясымен келгені де тексерілмек. Жасырын мотивті жоққа шығаруға болмайды", - дейді, дереккөз.


"Жаңа Қазақстан" оппозиция болсын, басқа болсын, ешкімді тапсырыс беру арқылы өлтіртуге мүдделі емес. Себебі, оның барлық энергиясы реформалар жасап, сыртқы аренаға өзінің демократиялық жолға бұрылғанын дәлелдеуге бағытталған болатын. Оппозиция өкілін шетелде ату сынды қылықтар бұл еңбектің барлығын жоққа шығарар еді.

"Қазақстан халқына" қоры, заңсыз активтерді қайтару, демонополизация мен байларды су тасқынына қарсы күреске жұмылдыру бастамалары көтерілгелі бері олигополияның өз активтері мен қазіргі жағдайын сақтап қалуға деген жасырын ойындары күшейді. Олигархтар бірігіп жатыр және оларға үкіметтің өздерін банкомат ретінде пайдалана бастағаны ұнамады.

Екінші бағыт - Шевронның Теңіз бойынша контракті аяқталып келе жатқанымен және Қазақстанның Қашаған бойынша халықаралық батыс компанияларынан үлкен өтемақы талап етіп арбитражды сотқа жүгінуімен байланысты. Енді батыс компанияларымен сыбайлас АҚШ Конгресіндегі сенаторлар Қазақстанды бұл мәселеде тізгіндеп отыруға мүдделі. АҚШ Конгресі қаржыландыратын, Қазақстанда акрредиттелген ақпарат құралдары арқылы "Садықовты атуға отандық барлау қызметтерінің қатысы бар" деген тезис таратыла бастады. АҚШ сенаторлары осы арқылы қазақ билігіне ақпараттық қысым көрсетпек.

Садықов ісі шынайы ашық тергелсе, біраз маска шешіледі. Бірақ тергеу органдарының ішінде де оған мүдделі емес жасырын диверсант жүруі мүмкін.

DALA INSIDE сіздерді құлақтандырып отырады. Бірге болыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍88😁10😱5🔥4🤮4👏2💯1
🤦🔥 Паракало: яхтада түсірілген видео нағыз қазынаға айналды

OCCRP (Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы) зерттеу жасап, Грекия суларында жүрген "Персефоне I" яхтасында Тимур Құлыбаевтың бизнес-командасы демалыс өткізгендігін мәлімдеді. Олардың ақпаратынша Қазақстаннан жеті адам болған. Ішінде Тимур Құлыбаевтың сенімді серігі Данияр Әбілғазин отбасымен, Халық банк төрайымы Үміт Шаяхметова күйеуімен демалды деген ақпарат айтылады.

Естеріңізде болса, сол яхтада демалғандар отшашу атып, артынша Гидра аралындағы жалғыз орман өртеніп кеткен болатын. Грекия заңы бойынша мұндай жағдайда туристер емес, яхта экипажы жауап береді. Алайда, Гидра аралының мэрі Гиоргос Кукудакис артынан осы туристерді азаматтық сотқа беріп, шығынды өндіріп алуға ниетті. Қазір Гидрадағы комиссия шығын көлемін анықтауда.

"Яхтадағы "вечеринкада" экипаж тарапынан видео түсірілген. Әрине, енді Шаяхметова мен Әбілғазин сол видеоның интернетке тарап кетпеуіне барынша мүдделі екені анық. Тергеуде жатқан экипаж бұл видеоны Грекия полициясына көрсетті ме деген сұрақ туындады", - дейді DALA INSIDE дереккөзі.


Қазір Тимурдың командасы Қазақстанның Грекиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаевтың көмегіне үміттеніп отыр. Алайда елшіге Ақордадан "Ескі Қазақстан" олигархтарына шамадан тыс көмектесу бойынша еш сигнал түспегендіктен, ол формалды түрде мәселені реттеуге ниет танытса да, аса қатты саусағын жыбырлата қоймады.

"Тағы бір алаңдатарлық мәселе - енді ресми Афины Үміт Шаяхметова мен Данияр Әбілғазиннің Шенген визаларының күшін жойып, олардың Грекияға кіруіне тыйым салуы мүмкін. Бұл аталған бизнесмендердің іскерлік беделіне ауыр соққы болатыны сөзсіз" - дейді, дереккөз.


Не десе де, биыл Үміт апайдың жазғы демалысы қызықты өтті. Өмірді осылай қызықты қылып сүргенге не жетсін!

DALA INSIDE бұл жалғанның қызығы мен шыжығын сараптап отырады. Сіздерге де жұғысты болсын 👇

https://t.me/dalainside
👍64😁35😡4🔥3💯2👏1
🌎 Олжас Бектенов Арал мәселесіне көңіл аударған жалғыз премьер атанды

Ол үшін Премьер-Министр Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, Кіші Аралдың жағдайын тексеріп, суды үнемдеу және экология бойынша тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Кіші Аралды сақтау және дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты, атап айтқанда Қараөзек су қоймасының құрылысына назар аударылды және Көкарал бөгетін реконструкциялау қарқыны тексерілді.

Өңірдің негізгі су көзі – Сырдария өзені. Соңғы бірнеше жылда өзен суының азаюына байланысты Солтүстік Аралда жиналған судың орташа жылдық көлемі жобалық 27 млрд текше метрден 2022 жылы 18,9 млрд текше метрге дейін төмендеді. Бүгінгі таңда су ағынын секундына 6 текше метрден 50 текше метрге дейін ұлғайту бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде Солтүстік Аралда су көлемі 21,4 млрд текше метрді құрады — осы жылдың басынан бері 1,5 млрд текше метр су келді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен экологиялық жағдайы Сырдария өзені бассейнінің сумен жабдықталуына тікелей байланысты екені анық, дәрияның жағасында аймақтағы елді мекендердің 85%-ы орналасқан, жергілікті халықтың 93%-дан астамы өмір сүреді.

Бүгінгі таңда өңірде су үнемдеу технологиясы белсенді түрде енгізіліп жатыр. Облыста 286 мың га суармалы жер бар, оның 185-190 мың гектарына ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Мемлекет басшысының егістікті әртараптандыру туралы тапсырмасы бойынша биыл күріш алқабы 6 мың гектарға қысқартылды. Лазерлік тегістеу күріш алқаптарын суаруға жұмсалатын судың шығынын азайтуға мүмкіндік берді. Инновациялық технологияның арқасында соңғы 10 жылда суды 20%-ға дейін үнемдеуге және өнімділікті 30%-ға дейін арттыруға мүмкіндік туды. Бұдан басқа, өңірде басқа да су үнемдеу технологияларын енгізу көлемі биыл 4,2 мың гектарға жетті, 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті 34,2 мың гектарға дейін ұлғайту көзделген. Осы бағытта қазіргі уақытта Қызылорда облысында жалпы ауданы 4,8 мың га болатын 3 ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.

«Мемлекет басшысы су үнемдеу технологияларын енгізуді жеделдетуді тапсырды. Сырдария өзеніндегі су тапшылығын ескере отырып, жер асты суларын ұтымды пайдалану мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігіне жер асты көздеріне зерттеу жүргізуді тапсырамын», — деді Олжас Бектенов.


Премьер-Министр Су ресурстары және ирригация министрлігіне сыйымдылығы 775 млн текше метр болатын Қараөзек су қоймасын салу бойынша Қызылорда облысында іске асырылып жатқан жобаны қаржыландыру жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды. Жаңа техникалық құрылыстың негізгі мақсаты – Көкарал бөгеті арқылы Үлкен Арал теңізіне қайтарылмайтын судың бір бөлігін сақтау. Бұл шаралар вегетациялық кезеңде Қазалы ауданының 31 мың гектар егістік жерлерін және арна бойында орналасқан 11 мың га шабындық пен жайылымды сумен қамтамасыз етеді. Қараөзек су қоймасы елімізде басым тәртіппен салынуы тиіс 9 су инфрақұрылымы объектілерінің тізбесіне енгізілген.

Олжас Бектенов тікелей назар аударып отырғандықтан, Аралда биылдан бастап су молаятын болады. DALA INSIDE осы мәселені бақылап отырмақ 👇

https://t.me/dalainside
👍71😁8👏3🤮2🙏1