DALA INSIDE
10.2K subscribers
412 photos
136 videos
1 file
1.17K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
Kazakhstan Growth Forum алаңында кезекті рет Қазақстанның іскерлік элитасы бас қосып, елдің кәсіпкерлікке тартымдылығы, экономикалық өсім және компаниялардың бетпе-бет келіп отырған қиындықтары талқыланды.

Панельдік сессиялардың бірі Қазақстанның 2029 жылға дейін ЖІӨ-ні екі еселеу мүмкіндігіне арналды.

https://dalanews.kz/kz/article/qazaqstannin-iskerlik-elytasin-ne-tolgandiradi.html
👍18
Алматылық такси жүргізушісі Яндекс Go ұйымдастырған автомобиль ұтыс ойынында көлік ұтып алды

Жақында Яндекс Go жеке кәсіпкер ретінде тіркелген такси жүргізушілері арасында автомобиль ұтыс ойынын ойнатты. 41 жастағы алматылық тұрғын, төрт баланың әкесі Қайрат К жеңімпаз атанып, Kia Cerato көлігін жеңіп алды. Ол 8 жылдан бері такси жүргізушісі болып істеп жүр. Өзінің айтуына қарағанда, конкурстан көлік ұтып алғанын естігенде қатты таңғалған. Себебі жеңімпаз дәл өзі болады деп еш ойламапты.

Толығырақ Stan.kz сайтынан оқи аласыздар

https://stan.kz/almatilik-taksi-zhurgizushisi-kolik-ytip-aldi-406507/
👍57🔥8👏4
👊🇰🇿 Қазақтың Әлиханына қарсы шабуыл күшеймек. Шабуыл үлкен пазлдың бір бөлшегі ғана

Жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов олигархтарға мемлекет тарапынан жеңілдетілген кредит беру практикасын сынға алғаннан бері, оған қарсы анонимді телеграм арналардан бастап, түрлі сарапшылар тарапынан негізсіз сын көбейген.

«Ескі олигархтар биылғы мамыр айынан бері «Өзге Қазақстан» атты бейресми жасырын ұйым құрып, бір жерге топтаса бастады. Өздерінің идеологтары бар және олар 2029 жылғы президент сайлауына тыңғылықты дайындық жасап, жоспар әзірлеуде. Әлихан Смайыловтың олигархтарға қаржыландыру беріп отырған Қазақстан Даму банкінің жұмысына араласа бастауы олардың ашуын туғызып отыр. Сондықтан олигархат түрлі ақпараттық шабуылдар арқылы Әлихан Асханұлына «аяғыңды тарт» деген сигнал бергісі келеді», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Соңғы уақытта «Өзге Қазақстан» ірі кәсіпорындардағы кәсіподақтармен астыртын байланысын күшейтті. Олар өзінің негізгі электоратын бюджетке бағынышты емес жұмысшы тап пен фермерлерден құрмақ. Моноқалалар мен ірі кәсіпорындарда кемінде екі миллион адамнан асатын электорат бар екенін ескерсек, «Өзге Қазақстан» болашақта елеулі күшке айнала алады.

«Өз өкілін президент қылу жоспары арзан тұрмайды. 5 жыл толассыз жұмыс жүруі қажет. Алдын-ала есептеулердің өзінде жүздеген миллиард теңге қажет екені белгілі болды. Және ол бизнестегі обороттан тыс, басы бос ақша болуы керек. Сондықтан да олигархатқа Қазақстан Даму банкі сынды жеңіл қаржыландыру көздері ауадай қажет», - дейді, дереккөз.


«Өзге Қазақстан» өзін белгілі бір саяси қозғалыс ретінде тек 2027 жылдары ашық көрсетеді деп топшылаймыз. Оған дейін астыртын жақтастар тарту, барлығын бір идеологияға біріктіру, инфрақұрылым дайындап, штабтар ашу бойынша шаруалар атқарады. Парламент депутаттарымен де біршама кездесулер жасауы мүмкін. Әзірге олар табан астындағы топырақтың қандай күйде екенін ақырын ғана байқамақ.

DALA INSIDE бұл бағытты үнемі назарда ұстап отырады. Халқымыз үшін өзге емес, әділетті Қазақстан жолы анағұрлым дұрыс деп санаймыз. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍67😁12😱8💯7👏3👎1🔥1🤮1
🇺🇦🚩 Дональд Трамп Украинаға қатысты қатты кетті

Трамп "мен билікке келсем, Украина көмек күтпесін" деп ашық айтты. Ол сондай-ақ президент Зеленскийді, өзінің саяси қарсыластары Джо Байден мен Камала Харристі соғысты тоқтата алмағаны үшін сынға алды. Трамптың пікірінше, Украина соғысты болдырмау үшін "аздап артқа шегінуі" қажет еді.

"Байден мен Харрис қазір тығырыққа тірелді. Олар ештеңе істей алмайды. Кеше БҰҰ-да сөйлеп тұрған бейшара Зеленскийді көрдім. Оның өзі не айтып тұрғанын түсінбеді, өйткені ол жақсы білетін Украина ендігі жерде жоқ", – деді Трамп. "Бұл енді Украина емес. Сіз қираған қалалар мен ауылдарды қайта қалпына келтіре алмайсыз, қайтыс болған адамдарды да қайтара алмайсыз. Мыңдаған адам құрбан болды. Біз әлі де миллиардтаған долларды Зеленскийге жіберудеміз, бірақ ол мәмілеге барудан бас тартуда".


Трамптың ойынша, Украина "өзіне тиімсіз мәміле жасаса да", бұл қазіргі жағдайдан әлдеқайда көрім болар еді. "Олар сәл ғана кейін шегінсе, адамдар аман қалар еді. Әр ғимарат бүтін болар еді, әрбір мұнара мыңдаған жол бойы міз бақпай тұра берер еді", – деп мәлімдеді Трамп.

Сонымен қатар, Трамп Байден мен Харристі Зеленскийге бұрын-соңды болмаған қаржылай және әскери көмек көрсеткені үшін сынға алды. Ол Украинадағы жағдайдың ушығуы себебінен соғысқа "балалар мен қарттарды пайдалануға мәжбүр болып жатқанын" айтып, бұл туралы ашып айтудың оңай емесін атап өтті.

Bloomberg агенттігі Трамптың Солтүстік Каролинадағы сайлауалды іс-шарасында Украина мен Зеленский туралы айтқан сөздері "оның осы күнге дейінгі ең қатаң және тікелей мәлімдемелерінің бірі" деп отыр.

https://t.me/dalainside
😡77👍27👎2🔥1😁1
💥🔥 «Кауфман» операциясы. Кремль жақтағы күштер қазақ пен қырғыз ұлтын араздастыруды жаңа деңгейге көтермек

Көшпенділер ойынында орын алған «көкпар дауынан» кейін солтүстік көршіміздің саяси технологтары болашақ Тұран түркі одағын болдырмаудың бір құралы ретінде қазақ пен қырғыз арасындағы мәңгі дау тудыратын тақырыптарды таңдап, оларды үздіксіз қаузап отыру мақсатында ботофермалар мен аффирленген ақпарат құралдарын пайдалануды дұрыс деп тапты.

«Көкпар, кок боруу, қазақ пен қырғыз біздікі деп таласатын ұлттық тағамдар және Кенесары. Әлеуметтік желіде бірден жүздеген комментарийлер тудыратын осы даулы тақырыптар фейсбук топтар мен инстаграм пабликтерде, тик-ток пен ақпарат құралдарына арагідік шығып отырмақ», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Ресей Тұран идеясына түпкілікті қарсы. Себебі, өзінің ықпалында отырған Орталық Азия мемлекеттері Анкараның геосаяси кеңістігіне ауысып кетеді деген қорқынышы басым. Одан бөлек, өзінің құрамындағы Татарстан мен Башқұртстан сынды түркі мемлекеттері Тұранға қарап бой түзей бастаса, федерацияның ыдырап кету қаупі бар.

Осы аптада Алматы марафондағы қырғыз спортшысы Айнуска Қалилқызының дисквалификация алып, жүлдеден қағылғандығы туралы тақырып жан-жақты қаузалатын болады. «Қырғыз атлеті ереже бұзды» деген наразылық беларус делегациясының тарапынан келсе де, оны қазақ төрешілері әдейі жасады деген месседж «АкиПресс», «Кактус Медиа» сынды ресурстарда кеңінен жарияланбақ. Ал Россотрудничествомен жұмыс істейтін қазақстандық орыстілді блогерлер керісінше «қайта-қайта жылай береді» деп қырғыз ұлтына тіл тигізе бастауы тиіс. Осылайша қазақ пен қырғыз арасында алдымен әлеуметтік желілерде қоғамдық шиеленісті ушықтырып, артынан оны дипломатиялық салқындық деңгейіне дейін көтеру көзделген.

Сонымен қатар, штабы Петерборда орналасқан саяси технологтарға қазақ пен өзбек арасында осындай бір дау тудырып көру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Бокс, басқа да тақырыптар потенциалы зерттелуде. Басты мақсат - Тұран идеясын паузаға қойып, Түркі елдері ұжымындағы қызып келе жатқан жұмыстың берекесін кетіру. Себебі, латын тіліндегі ортақ түркі әліппесінің ресми қабылдануы, және басқа да жобалардың белсенді жүруі Кремльдің мазасын қашырып отыр.

Ресей Тұран Одағын ыдырата ала ма? Егер түркі халықтарының ішкі бірлігі мықты болса ол жоспары іске аспайтыны анық. Бірақ Петербордағы технологтар түбі бір ұлттарды бір-біріне қарсы қоюға таптырмайтын жалған популизм мен псевдоұлтшылдықты пайдалануды меңгеріп алды. Онымен біраз бастаманың аяғын шалып отыруға болады.

DALA INSIDE антитұрандық «Кауфман» операциясының қалай өрбитінін бақылап отыратын болады. Бізбен бірге бақылаңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍87😡22🔥2😢1💯1
⚽ Қазақ футболы қайда барады? Мәжіліс депутаты футболдағы "түсініксіз" құбылыстар туралы мәлімдеді

“Елім-ай” футбол клубы Қазақстан Кубогында есе жіберіп, жарыстан тыс қалды. Сол ойында төрешілерге біраз сұрақтар бар еді. Жарайды өтті-кетті. Нәтижесінде Ақтөбе футбол клубы Қазақстанның Кубогы иегері болды", - деп жазады, Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза.

"Енді Қазақстан Чемпионатына келсек, сол жартас баяғы жартас тас. Төрешілердің бүйрегі бұру байқалғандай. Қазір Қазақстан Чемпионатында Семейдің “Елім-ай” клубы бірінші орында. Алайда Чемпионат өз мәресіне жақындаған сайын төрешілердің қателіктері үдее түсетіндей болып көрінеді.

Сонымен қатар, “Елім-ай” футбол клубы Қазақстан Футбол Федерациясына: “УЕФА төрешісін алдырып, 20-шы Қазанда болатын маңызды деген “Елім-ай” - “Астана” ойынына төрешілік етсе” деген тілек білдірді. Европа төрешілерінің Қазақстанға келуі - ол бір 90 минуттық іс емес. Ол біздің жас төрешілерге көзбе-көз үйренуге, Европа стандарттарына бой түзеуге және Fair Play ойынына тағы бір қадам жақындауға мүмкіндік берер еді.

“Елім-ай” клубының жанкүйері ретінде уайымдаймын. Енді-енді есін жиған Семейге қиянат жасап жібере ме деген ой. Жалпы Қазақстан футболында төрешілер реформасы қажет-ақ. Әділетсіз қарсыласты жығып беруге қарсымын, алайда көпекөрнеу белден басуды қою керек сияқты … Өз ойым" - делінген, жазбада.


Шынында да отандық футбол былықтардан арылмай келеді. Төрешілік пен легионерлер тартудағы жемқорлық мәселесі талай айтылды. Небір түсініксіз агенттер, Ресейден келіп футболды басып алған функционерлер тақырыбы күн тәртібінен түспей отыр. Ал футбол сапасына, отандық таланттарды тәрбиелеуге ешкімнің бас қатырмайтындығы, жаны ашымайтындығы байқалады.

DALA INSIDE бұл тақырыпты да назарға алды. Бізбен бірге болыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍52🔥3👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Хабар" телеарнасы Яндекс Go сервисі арқылы тағамдарды жеткізетін курьерлердің біріне арналған сюжет шығарды.

Бұл тұлға жүздеген адамға жеткізілімнің уақтылы жүзеге асуын қамтамасыз етуде күн сайын көптеген қиындықтарды бастан кешіреді. Сюжет курьердің күрделі жағдайларды қалай шешетіні, сондай-ақ оның адал және жауапты еңбегі қала тұрғындарына ыңғайлы қызмет көрсету тізбегінің негізгі буыны болып табылатыны туралы әңгімелейді.
😁23👍9🔥2
⚡️ Жарнамалық шектеулер және лудоманияға қарсы күрес: Қазақстанда букмекерлік нарық қалай өзгереді?

Қазақстандағы спорттық маркетинг және жарнама саласы соңғы кезде заңнамалық өзгерістерге байланысты үлкен қиындықтарға тап болуда.

Өткен айда күшіне енген заңға енгізілген жаңа түзетулер букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға айтарлықтай шектеулер қойды. Бұл шектеулер букмекерлік нарықта бизнестің жұмыс істеу тәсілдерін өзгертуге мәжбүрлейтін негізгі факторға айналды.

Астанада өткен спорттық маркетинг семинарында осы мәселелер кеңінен талқыланды деп жазады DALA INSIDE.

Жаңа заңның басты мақсаты – букмекерлік жарнаманы азайту арқылы құмар ойындарға, әсіресе жастар арасындағы лудоманияға қарсы күресу.

Шарада бұл заңның әзірлену барысында жарнаманың көлемі мен құмар ойынға деген тәуелділіктің артуы арасындағы нақты ғылыми зерттеулер ұсынылмағаны сынға алынды. Сонымен қатар, интернетте заңсыз құмар ойындар мен бәс тігу жарнамаларының кең таралғаны ескерілмеген.


Букмекерлік бизнес Қазақстанның спорттық индустриясымен тығыз байланыста. Ол спорттық іс-шараларды қаржыландыру, демеушілік келісімдер жасау арқылы спортты қолдап, бюджетке едәуір салық аударымдарын қамтамасыз етіп келеді. Жыл сайын заңды букмекерлік кеңселерден шамамен 100 миллиард теңге салық төленеді, бұл бюджеттің маңызды бөлігін құрайды.

Қазақстан букмекерлерінің өзін-өзі реттейтін ұйымы қауымдастығының президенті Рауан Кенжалин заңның көптеген қатаң талаптарын сынға алып, оның спорттық маркетингке тигізетін теріс әсері туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, жарнамалық шектеулер букмекерлік бизнестің заңды қызметіне кері әсерін тигізуі мүмкін.

"Букмекерлік бизнес спортпен тығыз байланысты, өйткені бізде бәс тігуге болатын оқиғалар заң бойынша тек спорттық іс-шаралармен ғана шектелген. Сондай-ақ букмекерлік бизнес көптеген демеушілік келісімшарттармен де байланысты, ал бұл қарым-қатынастардың үздіксіз жұмыс істеуі спорт саласы үшін маңызды. Жаңа шектеулер бұл байланысты бұзуы мүмкін," – деді Кенжалин.

Ол сондай-ақ жарнамаға қатысты заңдардың толық түсіндірілмегенін атап өтті: "Мысалы, әлеуметтік желілердегі жарнамаға қатысты түсінбеушілік бар. БАҚ-та жарнамаға тыйым салынғаны түсінікті, бірақ интернет-платформаларда, мысалы, Instagram, Telegram және Facebook-та жарнамаға шектеулер қалай қолданылатыны туралы анық ақпарат жоқ."

Сарапшылардың пікірінше, букмекерлік бизнеске қойылған шектеулер Қазақстанда заңсыз құмар ойындардың артуына алып келуі мүмкін. Заңды букмекерлік кеңселерден келетін салықтық түсімдер айтарлықтай азайып, заңсыз нарықтың үлесі артуы ғажап емес.

"Бүгінгі таңда заңды букмекерлік нарық жыл сайын шамамен 100 миллиард теңге салық төлейді, енді бұл шектеулерден кейін бюджет бұл қаражаттан айырылуы ықтимал," – дейді Кенжалин.


Оның пікірінше, бұл мәселені шешудің ең тиімді жолы – заңсыз платформалармен күресудің нақты және нүктелі тәсілдерін қолдану. Ол заңсыз ойын платформаларын бұғаттау және күдікті операцияларды тоқтату шараларын іске қосу қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар, заңды ойын бизнесі мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді диалог орнату арқылы реттеу құралдарын жетілдіру керектігін атап өтті.

"Біз қоғам, мемлекет және бизнес мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып, ортақ шешім табуымыз керек," – деп сөзін түйіндеді Кенжалин.

DALA INSIDE бұл тақырыпты да назарға алады. Бізбен бірге болыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍24🔥2😱2
В Ташкенте на Форуме Central Asia Retail Week пройдёт визионерская сессия «Дискаунтеры – формат рационального потребления»
То
Специальным гостем сессии станет Анжела Рябова, директор формата «жёсткий» дискаунтер розничной сети «Магнит»

Гости сессии смогут задать свои вопросы Анжеле по поводу будущего розничной торговли в Узбекистане и развития форматов дискаунтера и хард – дискаунтеров.

Участие в визионерской сессии смогут принять представители всех стран Центральной Азии в онлайн и оффлайн формате.

Регистрация на Форум:
https://lk-asia2024.retailregistration.ru/reg/?utm_source=tg&utm_medium=link&utm_campaign=dalainside4

Dala Inside - информационный партнер форума
🤮29👍7
🍫 Дубайдағы шоколад фабрикалары толық қуатта жұмыс істеуде. Олардың өнімін қазақтар талап әкетуде...

Дубайдан жеткізілетін атышулы шоколадтың бағасы 20 мың теңгеге жетіп отыр, ал оның шынайы құндылығы бұл соманың жартысына да татымайды.

DALA INSIDE шоколадқа құмартқан кейбір қазақтардың соған бола соңғы тиынын санап беріп жатқанына қайран қалуда. Осынау құбылыс халықтың тұтыну мәдениетін ғана емес, сонымен бірге елдің қаржылық сауаттылығы қандай деңгейде екенін көрсетеді.

Шоколадқа жұмсалған 20 мың теңге, бір ғана тұтынушы тұрғысынан елеулі болмауы мүмкін. Бірақ, мұндай транзакцияның саны еселенген сайын, бұл миллиондаған теңгенің шетелге ағуына алып келеді. Шетелдік тауарға тәуелділік ұлттық капиталдың ішкі нарықта тұрақтауына кедергі жасайды.

Қазақстан үшін Дубайден жеткен шоколадтар белгілі бір әлеуметтік статустың белгісіне айналған. Оның дәмі сол 20 мыңның өзіндік құнын ақтай ма, мәселе онда емес. Мәселе, сіздің әлемжелідегі статусыңызға инфляциясыз өсім беретін шоколадтың өзінде болып тұр.

Мұндай психотипке ие адамдар үшін қаржылық тұрақтылық немесе жинақ жасау маңызды емес. Олардың психологиясы көбіне қоғамның көзқарасына тәуелді. Егер әлемжеліде немесе таныстар арасында "Дубайдан шоколад әкелу" трендке айналса, олар да солардың қатарынан қалғысы келмейді.

Бұл "қазақтарда ақша бар, бірақ оны қалай жұмсауды білмейді" дегеннің пікірдің классикалық үлгісі. Шоколадтың құнына көз тастай отырып, тек бір ғана сауал қоя аламыз: қазақтардың ақшасы қайда кетіп жатыр? Брендке, мәртебеге, ең бастысы, сыртқа кетіп жатыр.


Мұндай трендтің кең таралуы тұтыну мәдениетінің дұрыс бағытта дамып жатпағанының айқын көрінісі.

20 мың теңге – бұл символ. Бұл қарапайым шоколадтың құны емес, Қазақстан экономикасының өзін көрсету тәсілі. Біз өндірмейміз, біз сатып аламыз. Біздің ақшамыз шетелге кетеді, ал сол шетел бізді одан сайын "сатып алуға" итермелейді.

Дамыған елдерде адамдар қымбат заттарды сатып алудан бұрын оның құндылығы мен тиімділігін есептейді. Қымбат шоколад немесе сән-салтанатқа деген сұраныс оларда жоқ емес, бірақ олардың сатып алу әдеттері біздің елдегі үрдістен бөлек. Олар үшін шынайы байлық — материалдық заттарда емес, қаржылық тәуелсіздікте және өмір сүрудің сапасында.

Мысалы, АҚШ-тағы "жайлы өмір сүру" философиясы көбіне қарапайым, бірақ сапалы заттарды таңдаумен байланысты. Байлардың өзі люкс заттарды сатып алуда аса сақтық танытады, себебі олардың материалдық жетістігіне назардан гөрі, қаржылық тәуелсіздік пен тұрақтылық маңыздырақ. Бұл елдерде қарыздан сақтану принципі кең таралған.

Сәнді тұтынушылық емес, жеке қаржылық сауаттылық пен жинақтар, тәуелсіздік және болашаққа инвестициялау олардың байлықтарының негізгі құндылықтары.

Айталық, Швецияда "лагом" деген тұжырым бар, бұл – "жеткілікті" деген мағынаға саяды. Шведтер өз өмірін қарапайым және үнемді өткізіп, қажетсіз шығындардан қашады. Бұл философия біздің елде кездесетін шектен тыс тұтынушылық мінез-құлыққа мүлдем қайшы.

Дубай — туристердің Меккесі. Шоколад сияқты тауарды сатудың негізгі нарығы туристер. Басқаша айтқанда, шоколадтың өзіндік құны су тегін болар, бірақ оған туристік индустрияның қосатын құны оны 20 мың теңге деңгейіне дейін шарықтатып отыр. Бұл жерде басты байып жатқан — шоколад фабрикаларының өзінен гөрі, бөлшек сатушылар мен маркетингтік агенттіктер.

Айтқандай, Дубайдағы шоколад нарығы 2023 жылы шамамен 736 миллион АҚШ долларын құрап, жылына 5,2%-ға өсіп келеді.


Қорыта келе, Дубайдан әкелінген 20 мың теңгелік шоколад бұл жай ғана тауар емес. Бұл біздің қаржылық мәдениетіміздің айнасы, және бұл айнаға қарап, өзімізді қайта бағалау қажет. Тәтті шоколад, әрине, өмірдің бір қуанышы, бірақ қаржылық жауапкершілік одан да маңызды.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
👍95😱23💯11🔥7👎1👏1
⚡️ Wildberries пен Ozon қыспағы: Қазақстандық кәсіпкерлердің нарықтағы орны қысқарып жатыр ма?

Ресейлік маркетплейстердің Қазақстанда сауда көлемдерін күрт арттыруы еліміздің ішкі нарығына елеулі әсер етіп отыр деп жазады DALA INSIDE.

Wildberries және Ozon сияқты платформалар тек қана сатылымды еселеп өсіріп қоймай, еліміздегі логистикалық инфрақұрылымды да белсенді түрде дамытуда. Мәселен, 2024 жылдың алғашқы сегіз айында Wildberries арқылы тапсырыс берген қазақстандықтардың саны екі есеге артқан, ал сатылым көлемі 2,1 есе өсті. Ал Ozon платформасы сатылымдарын 12 есеге дейін арттырған.

Бұл жағдайдың басты себептерінің бірі – логистиканың қарқынды дамуы. Wildberries-тің Астана мен Алматыда үш логистикалық орталығы ашылып, тағы екеуі салынып жатыр. Бұл компанияға ел ішінде жылдам әрі тиімді тауар тасымалдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тапсырыстарды алу пункттерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 8,9 есеге артқан, бұл қазақстандық тұтынушылар үшін платформаны қолжетімді ете түседі.

Алайда, бұл өсудің кері әсерлері де жоқ емес. Біріншіден, Қазақстандағы жергілікті бизнеске бәсекелестік күшейіп, отандық кәсіпкерлердің нарықта орын алу мүмкіндіктері тарылып жатыр.

Жергілікті кәсіпорындар ресейлік алпауыттармен тең дәрежеде күресе алмай, нарық үлесінен айрыла бастайды. Бұл экономикалық тәуелділікті күшейтіп, ел ішіндегі қаржылық ағындардың сыртқа ағуына себеп болуы мүмкін.


Екіншіден, шетелдік маркетплейстердің басым болуы деректер қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Тұтынушылардың жеке ақпараттары, төлем деректері шетелдік серверлерде сақталады, бұл деректерді қорғау және құпиялықты сақтау мәселесін көтереді.

Үшіншіден, қазақстандық тұтынушылардың артықшылықтары мен әдеттері шетелдік платформалардың ықпалымен өзгеруі мүмкін. Отандық брендтерге деген сұраныс төмендеп, Ресей өнімдерінің басым болу ықтималдығы артады. Ұлттық экономика мен мәдениетке қатысты "мәдени импорттың" күшею қаупін де ескерген жөн.

Осыған байланысты, Қазақстанда сауда платформалары мен логистикалық инфрақұрылымды дамыту үшін жергілікті бизнесті қолдаудың жаңа тетіктерін қарастыру маңызды. Локализациялау мен цифрлық деректердің қауіпсіздігі мәселелері де мемлекеттік реттеуді талап етеді.

Бұл туралы әлі де айтамыз, бізге тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
😱49👍27💯5👎2🔥2
⚡️ Талғардағы қанды қылмыс: Халық неге ашық сотты талап етіп отыр?

Шерзаттың ісі атышулы Қуандық Бишімбаевтың сотынан кем емес, өйткені мұнда бүкіл қоғамның әділдікке деген сұранысы тұр деп пайымдайды DALA INSIDE.

Шерзаттың ісінде қазақтілді орта тек заңдық нормаларды сақтауды ғана емес, құқықтық жүйенің әрбір элементінің әділ болуын талап етуде.

Иә, Бишімбаевтың ісі де дәл осылай қоғам назарында болды. Шерзаттың ісінде саяси немесе жоғары деңгейдегі тұлғалар болмаса да, қылмыстың қатыгездігі мен қоғамдық әсері оны одан да маңызды етеді.

Мұндай істерде халықтың талабына жауап беру тек заң тұрғысынан ғана емес, моральдық тұрғыда да маңызды.

Қоғамның талап етіп отырғаны – әділ сот, шынайы жазалау және сот процесінің ашықтығы. Мұндай талаптарды елемеу – халықтың билікке деген сенімін әлсірететін қадам болмақ.


Бишімбаевтың ісі – жоғары деңгейдегі шенеуніктің әйелін қинап өлтіруі және бұл істің тікелей эфирде көрсетілуі маңызды прецедент орнатты. Бұл сот қоғамға әділдік жүйесінің ашықтық қағидасын көрсетті.

Бірақ тек ашықтық жеткіліксіз. Шерзаттың жағдайында қоғам тек заңдық тұрғыдан әділдікке жетіп қана қоймай, моральдық қанағаттануды да талап етеді. Қоғамда қылмысқа қатысты жауапкершіліктің толықтығы мен әділдігі сұралып отырғанда, биліктің бұл мәселені ескермеуі үлкен әлеуметтік толқын тудыруы мүмкін.

Бишімбаевтың кінәсін мойындамауы және сот процесіндегі күдікті сәттер оның жазадан құтылып кету қаупін тудырды. Шерзаттың ісінде оның ауқымын одан да кеңірек қарастыру қажет.

Халық тек 7 күдіктінің ұсталғанына күмәнмен қарайды, өйткені іс барысында қылмысқа 13 адам қатысқаны туралы мәліметтер бар. Оқиғаға бірнеше адам қатысып, олардың бірқатары жазасыз қалуы мүмкін деген қауесеттер жұрттың наразылығы мен күдігін күшейтуде.

Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың белең алуы, әсіресе қылмыстық топтың қатысуымен орын алған бұл оқиға жабық есік жағдайында қаралса, кінәлілердің жазасыз қалу мүмкіндігін туғызады.

Егер бұл іс жабық түрде өтсе, бұл тек қана құқықтық әділетсіздікке жол ашпайды, сонымен қатар қоғамдағы зорлық-зомбылықтың жазасыз қалуына ықпал етеді.


Билік бұл контексте құқықтық жүйенің тұрақтылығы тек заңдарға ғана емес, қоғамның сеніміне де тәуелді екенін түсінуі керек.

Қорыта айтқанда, Шерзаттың ісі тек қылмыс пен жаза туралы емес, ол бүкіл қоғамның әділдікке деген сұранысы. Сонымен қатар үлкен әлеуметтік мәселелер де су бетіне шыққаны өтірік емес.

Бишімбаевтың ісінде қоғамның сұранысы моральдық әділеттілікке жету болса, Шерзаттың ісінде бұл сұраныс одан да жоғары.


Айтқандай, Шерзаттың ісінде қазақтілді қауымның мобилизациясы өте жоғары деңгейде. Осы тұрғыда билік үшін соттың ашықтығы тек заңды талаптарды орындау емес, сонымен қатар саяси тұрақтылықты сақтау құралына айналуы тиіс.

Бұл туралы әлі де айтамыз, бізге тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
👍124🔥10💯6👏3😢3😁1
⚡️ Спорт саласында "кадрлық тазалау" басталды: Жаңа министрге толық карт-бланш берілді...

Бұған дейін сенімді дереккөзге сүйенген DALA INSIDE Олимпиададан кейін жаппай "кадрлық тазалау" басталатынын хабарлаған еді.

Париж олимпиадасы аяқталғасын спортқа жауапты мемлекеттік мекемелерде тиісті аудит жүргізілетінін айтқанбыз. Референдум біте сала Сол жағалау осы іске білек түре кіріскен сыңайлы. Майлы құйрығы креслоға желімделіп қалған спорт функционерлері жылы орнымен жылап-сықтап қоштасып жатқаны жайы бар.

Күні кеше Борис Иванищев қызметтен қуылды. Бөкең еліміздегі хәккей сүйерге қауымға өте жақсы таныс. Бюджеттің мойнына мініп алған, бірақ нәтижесі көңіл көншітпейтін "Барыстың" бас директоры.


Париждегі фиаскоға тікелей жауапты Туризм және спорт министрі Ермек Мыржақпаевтың ұзаққа бармасын оқырман алдымен DALA INSIDE-тан естіген еді.

Бізге жеткен мәлімет бойынша Сол жағалау оның орнын басқан Ербол Мырзабосыновқа толық карт-бланш берген. Су жаңа министр спорт саласын асты-үстіне шығарып, толық тазалау жүргізуге тас-түйін дайын отыр.

Ілгерідегі Боря, Борис Иванищевтың қызметінен қуылуы енді-енді көтеріліп келе жатқан дауылдың басы ғана.

"Алдағы уақытта бюджеттің ақшасын еміп, талай жыл бойы бір орында тапжылмай отырған спорт менеджерлері жаппай "тағынан таяды", - дейді осы тұста DALA INSIDE дереккөзі.

❗️ "Барыс" демекші, осынау хәккей клубының екі тізгін, бір шылбырын ескі Қазақстанның белді өкілі - Асқар Мәмин ұстап отырғанын білесіздер.

Біздің болжауымызша ауыс-түйістің алды "Барыстан" басталуы бекер емес. Демек, жақын күндері мызғымастай көрінген Мәминге қатысты сауалдар туындауы мүмкін. 


Барыс? Клубты шын мәнінде сіз бен біз "асырап" отырмыз. Былтыр осы клубқа ел қазынасынан 8,5 млрд теңге (!) бөлінген. Ал, нәтиже нөл. "Барыс" биылдыққа 14 ойын өткізіп, соның 12-сінде ойсырай ұтылған.

Толық карт-бланш берілген су жаңа министр клубтың көрсеткіштері үшін екі адам жауапты екенін білетін секілді. Мұның бірі - 2006 жылдан бері "Барысты" басқарып келген ілгерідегі Борис Иванищев пен хоккей федерациясының басшысы - Асқар Мәмин.

Шыны керек, бұған дейінгі ешбір министрдің Иванищев-Мәмин тандеміне тісі батпаған. Бізге жеткен мәлімет бойынша Мырзабосынов тек бұл екеуімен шектелмейді. Ас ішіп, аяқ босатудан өзгені білмейтін басқа да федерация басшылары мен спорт менеджерлерінен соңғы күндері маза кеткен.

"Әзірге қармаққа майда шабақтар ғана ілігіп жатыр. Ендігі кезек – шортандар мен акулаларда. Толық карт-бланш берілген жаңа министр спорттағы "жатыпішерлер мен арамтамақтарды" саладан түбегейлі қуады", - дейді DALA INSIDE дереккөзі. Ылайым, солай болғай!

Бұл туралы тағы бір маңызды инсайдпен бүгін-ертең бөлісеміз. Бізге тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
👍81🔥46👏3💯3😱2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қан төгілмесін! Марқұм Шерзат Болаттың әкесі елге үн қатты...

Талғарда қаскөйлердің қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қазақ халқына үндеу жасап, жағдайға сабырмен қарауға шақырды.

Ол билік органдарының оқиғаға байланысты жұмыс істеп жатқанын айтып, кінәлілердің әділ сот алдында жауап беретініне үміт артты.

«Қазақ еліне айтарым – бізге қантөгіс керек емес. Құзырлы органдар істі өз бақылауына алды, барлығы заң аясында шешіледі деп сенемін. Мен ешкімнен қорықпаймын, кім келсе де жауап бере аламын. Ең бастысы, тыныш жатқан елде дүрбелең тумаса екен. Әділетті Қазақстан құрамыз десек, бір қазақ екінші қазаққа қару кезенбеуі керек», – деді Нұрымов.

Нұрымовтар әулетінің баспанасын
түнде белгісіз біреулер өртеп жіберген. Аймақ қоршауға алынған, полиция қызметкерлері жүр.


Бұл туралы әлі де айтамыз, бізге тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
👍43😢20😱11😡3💯2
⚡️ "Хутор" бригадасы: Шерзат Болаттың ісі арқылы шындық ашыла ма?..

Желідегі жұрт Шерзат Болаттың қайғылы өлімі мен оның үйінің өртенуін тек қылмыстық оқиға ретінде ғана емес, қаладағы билік пен қылмыстық құрылымдардың тоғысқан нүктесі ретінде қарастыруда.

"ОПГ тек қылмыстық әрекеттермен шектелмей, жергілікті билік жүйесіне де еніп кеткен" деген талғарлық тұрғындардың пікірі жиі ұшырасып жатыр.

Тергеуші топтың жұмысында бұлыңғыр мәліметтердің болуы және тергеу барысындағы кейбір күдікті жағдайлар осы сұрақтардың негізсіз еместігін көрсетеді.

Ұйымдасқан қылмыстық топтар көбіне жергілікті деңгейдегі беделді тұлғалармен қарым-қатынасты пайдаланып, өздерін құқық қорғау органдарының бақылауынан тыс қалдыра алатыны ешкімге таңсық емес.

Осы тұста билікке жақын бірқатар телеграм арналар атышулы "Хутор" бандасына қатысты "біртүрлі" инсайдтар таратуда.

Белгілі болғандай, қылмыстық топ 2015-2016 жылдары белсенді болған, оның жетекшісі Ержан Қасымбаев адам өлтіргені үшін 15 жылға сотталған, қазір абақтыда отыр.


Қасымбаевтар үш ағайынды. Ақорда маңындағы күбір-сыбырға жақын жүретін инсайдерлердің айтуынша Шерзаттың оқиғасында есім-сойы жиі ұшырасқан атышулы Хасан қазір Алматыда тұрады, оның ағасы Асылан Талғар қаласы әкімінің аппарат жетекшісі (рукап). Қоғамның алаңдаушылығын туғызып отырған да осы жәйт. Үйдің үлкені Асыланның лауазымы бұл істі одан сайын шиеленістіріп тұр.

Бұл контексте "Хутор" тобының қазіргі оқиғаларға қатысы жоқ болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл жерде бір нәрсені ескеру керек: ОПГ-лардың өмір салтында "спәчкіге" кететін дағды бар.

"Банданың нақты құрамы мен ішкі құрылымы толық зерттелмейінше, олардың әрекеттері мен ықпалы толық жойылды деп айту қиын" деп пайымдайды DALA INSIDE. Билік "Хутор" бандасы миф пе, шындық па?" деген сауалға да әлі күнге жарытымды жауап қатқан жоқ.

Қылмыстық топтардың құрылымы көп жағдайда басшыларына ғана тәуелді емес. Ержанның түрмеде болуы топтың белсенділігін азайтқанымен, оның басқа мүшелері немесе сол топпен тығыз байланыстағы тұлғалар аймақта өз әрекеттерін жалғастыруы мүмкін.


Жағдай күрделі болғандықтан, орталықтан арнайы тергеу тобы келіп, істі мұқият қарастыруда. Бізге жеткен мәлімет бойынша жақын уақытта Талғардың "акиматы" мен құқық қорғау жүйесінде кадрлық ауыс-түйістер болады. Жергілікті құқық қорғау органдарының сылбыр жұмысы сынға алынып, әкімдіктің әрекеті де май шаммен қаралады.

DALA INSIDE-ты осы орайда "билік пен қылмыстық топтар арасында кімнің ықпалы басымырақ" деген сауал мазалайды. Шерзат Болаттың қазасы және оның үйінің өртенуі осы күштер арасындағы күрестің бір бөлігі болуы мүмкін.

Шерзат Болаттың қазасы мен оның үйінің өртенуі тек бір ғана оқиғаның салдары емес, бұл Талғардағы күрделі саяси, қылмыстық және әлеуметтік проблемалардың тоғысқан нүктесі.

Билік осы оқиғаға дұрыс жауап беріп, аймақтық деңгейдегі проблемаларды шешу үшін шынайы қадамдар жасамаса, бұл Қазақстанның басқа өңірлерінде де қайталануы ықтимал.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Бізге тіркеліп алыңыз 👇

https://t.me/dalainside
👍117🔥31😱12💯4😡4👏2😢2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Талғардағы қаралы үйдің өртенуі: Қылмыскерлер ұсталып, міндетті түрде жауапқа тартылады

Талғар ауданында үйді өртеу қылмысы бойынша барлық айғақтар алынып, қажетті сараптамалар жүргізілуде.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен Алматы облысының прокуроры Берік Адамов Талғар ауданындағы үйді өртеу фактісі бойынша тергеу барысы туралы хабарлады.

❗️ Әленовтың айтуынша, қылмыс жасалған сәттен бастап, яғни 4 қазаннан бері Талғар ауданында министрдің бірінші орынбасары бастаған ІІМ орталық аппараты қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

– Жедел-тергеу тобы құрылып, қылмыс жасалған жерде мұқият тексеру жұмыстарын жүргізуде. Бейнебақылау камераларынан жазбалар қаралуда. Аулалар мен есепте тұрған тұлғалар тексерілуде. Отбасының тұрғылықты жерін полиция қызметкерлері патрульдеуде.

Оқиға орын алған кезде өрт болған үйде ешкім тұрып жатқан жоқ еді. Жанұя қазіргі кезде басқа мекенжайда тұрып жатыр.


Қылмыскерлер ұсталып, міндетті түрде жауапқа тартылады. Сонымен қатар жалған ақпарат таратпауға шақырамын, – деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов.

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов барлық тергеу әрекеттері Бас прокуратураның бақылауында екенін атап өтті.

– Тергеу барысы туралы бас прокурорға есеп беремін. Бүгінгі таңда арнайы прокурорлар үйді өртеу фактісін тергеп жатыр. Оқиға орнынан барлық айғақтар алынып, олар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Біз сараптама нәтижелерін күтудеміз, одан кейін қосымша ақпарат беріледі. Бүгінгі таңда осы іс бойынша көптеген жалған ақпарат таратылуда. Азаматтарға жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескерткім келеді, – деді Алматы облысының прокуроры Берік Адамов.

Дереккөз: Polisia.kz
👍54😡20🤮7💯5🔥2
⚡️ Ұлттық банк базалық ставканы 14,25% деңгейінде сақтап қалды

Қазақстандағы инфляцияның темпі біршама бәсеңдегенімен, Ұлттық банк қымбатшылық қаупі әлі де сейілмеді деп есептейді. Қыркүйек айында жылдық инфляция 8,3%-ды құрағанымен, бұл 5% деңгейіндегі таргеттен алыс (таргет - Ұлттық банктің инфляция бойынша қойған мақсаты немесе межесі).

Осы себепті регулятор базалық ставканы 14,25% деңгейінде қалдыруды жөн көрген. Жоғары ставкілер елдегі сұранысты тежейді. Бизнес үшін несие алу ауырлайды, тұтынушылар да тізгін тартады. Бұл қадам инфляцияға қарсы "бронжилет" секілді жұмыс істейді: бағаның шарықтап кетуіне жол бермейді.

Бірақ мұндай шешімнің өз бағасы бар: бизнестің қолжетімді несиеден қағылуы экономикалық белсенділікке кері әсер етеді. Тек сұраныс қана емес, жалпы нарықтың динамикасы баяулайды.


Біздің ел үшін сыртқы факторлар да маңызды. Ресейдегі жоғары инфляция Қазақстанға кері әсерін тигізбей қоймайды, себебі екі елдің экономикасы тығыз байланысты. Бұған қоса, әлемдегі азық-түлік бағаларының шарықтауы да елдегі баға өсімін күшейтіп отыр. Импорттық азық-түлік пен тауарларға деген тәуелділік Қазақстанның экономикасындағы "ахиллестің өкшесі".

Ішкі факторларға келсек, коммуналдық тарифтердің өсуі мен тұтынушылық несиенің артуы инфляцияға қысым түсіріп отыр. Тұрғындардың несиені көптеп алуы ішкі сұранысты арттырып, бағаның жоғарылауына әсер етеді. Ұлттық банк бұл "қысымға" қарсы жауап қатуға мәжбүр.

Регулятордың алдағы мақсаты инфляцияны жүйелі түрде төмендету. Бірақ бұл үшін ұзақмерзімді шыдамдылық қажет.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Бізге тіркеліп алыңыз 👇

https://t.me/dalainside
😱14👍13🔥3💯3😡2
⚡️"Халық мені бекер қарғап сілейді". Атышулы Хасан Қасымбаев сотқа арыз түсірді...

Қоғамда кеңінен талқыланып жатқан Шерзат ісі тың мәліметтермен толығуда.

DALA INSIDE-қа мәлім болғандай, осы істе есім-сойы жиі ұшырасқан Хасан Қасымбаев өзінің ар-намысы мен абыройын қорғау мақсатында марқұм баланың әкесіне және тағы басқа тұлғаларға қарсы арыз дайындап, Талғар аудандық сотына тапсырған.

Хасанның айтуынша, оның атына тағылған айыптар мен қоғамдағы әңгімелер шындыққа жанаспайды. Ол қарапайым тұрмыстық төбелесті ұйымдасқан қылмыстық топтардың арасындағы қақтығыс ретінде көрсетуге тырысып жатыр деген пікірде.

Касымбаевтың пікірінше, оны атышулы қылмыстық топпен байланыстыру негізсіз. Әлгі арызда ол ешқашан кісі өлтіруге қатысты жастарды көрмегенін, білмегенін және олардың әрекеттеріне ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеген.

Хасан кез-келген қоғамдық алаңда, тіпті БАҚ арқылы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге дайын екенін айтқан. Оның ойынша, бұл оқиға қарапайым тұрмыстық жанжал болған, бірақ оны әдейі бұрмалап, үлкен қылмыстық астар қосып, оның атына кір келтірмекші.


Бұған дейін БАҚ беттері мен әлемжеліде марқұм Шерзат пен оның отбасына шабуыл жасаған бір топ бұзақының "Хутор" атты жергілікті бандымен байланысы бар деген ақпар тараған еді. Бірнеше дереккөз топтың төбе басында Хасан есімді азаматтың тұрғанын жазған болатын.

Алматы облыстық полиция департаменті Шерзаттың өліміне күдікті ретінде ұсталған жеті адамның ұйымдасқан қылмыстық еш қатысы жоғын жеткізген.

DALA INSIDE-қа белгілі болғандай, қылмыстық топ 2015-2016 жылдары белсенді болған, оның жетекшісі Ержан Қасымбаев адам өлтіргені үшін 15 жылға сотталған, қазір абақтыда отыр.

Қасымбаевтар үш ағайынды. Ақорда маңындағы күбір-сыбырға жақын жүретін инсайдерлердің айтуынша Шерзаттың оқиғасында есім-сойы жиі ұшырасқан атышулы Хасан қазір Алматыда тұрады, оның ағасы Асылан Талғар қаласы әкімінің аппарат жетекшісі (рукап).

Бұл туралы әлі де айтамыз. Бізге тіркеліп алыңыз 👇

https://t.me/dalainside
👍65😱24😡22🤮7🔥2💯2🤯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Бұрынғы Хутор, қазіргі Рысқұлов ауылының тұрғындары халыққа үндеу жолдады...

Әзірде ғана Талғар ауданы, Рысқұлов ауылында (бұрынғы Хутор) шамамен 60 шақты адам жиналып, жұртқа видеоүндеу жазды деп хабарлайды DALA INSIDE.

Видеоүндеуде ауыл тұрғындары ел арасында тараған ауылда "бандитизм" жайлағаны туралы ақпаратты теріске шығарды.


Ауылға қатысты теріс пікірлерге наразы болған олар, қоғамдық тәртіптің бұзылмағанын атап өтті.

Оқиға орнында патрульдеу жұмыстары күшейтілді. Жағдай тұрақты. Ақпарат бойынша әлі де толықтыру болады.

Арнамызды бақылап отырыңыз👇

https://t.me/dalainside
😁61😡47👍17🤯3🔥2💯2
⚡️ Марқұм Шерзаттың әпкесі (бұрынғы) Хутор ауылының тұрғындарына жауап қатты...

Талғар ауданындағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты жанжал ушығып барады. Марқұмның әпкесі Перизат Нұрымова бағанарақта бейнеүндеу жасаған Рысқұлов (бұрынғы Хутор) ауылының тұрғындарына жауап қатты жазады DALA INSIDE Ұлысмедиаға сілтеп.

Айта кетелік, күдікті ретінде ұсталғандардың тұрғылықты жері осы ауыл. Қылмыс әлемінің серкесі делінген Хасан Қасымбаев та осы өлкенің тумасы.


Марқұмның әпкесі: "Ауыл ақсақалдары Хасанға араша түскенше, неге біздің алдымызға келмейді" деп ашынып отыр.

Перизат Нұрымова ауыл адамдарының өздерін қорғауға құқылы екенін айта келе, тұрғындардың ағат кеткен тұстарына да егжей-тегжейлі тоқталыпты.

"Олар (ауыл адамдары) азаматтық танытып, әкемнің алдына келіп, болған жағдайға қатысты өкініш білдіріп, әділ сотты күтіп отырғандарын айтулары тиіс еді. Олардың Қаңтар оқиғасы немесе басқа да жағдайларға сілтеме жасағаны орынсыз", – дейді марқұм Шерзаттың әпкесі.

Ол сонымен қатар әлгі бейнеүндеуде сөйлеген тұрғындарды танымайтынын, олардың осы уақытқа дейін әрекетсіз жатқанын атап өтті.

Перизат Нұрымованың сөзіне қарағанда осыған дейін сол ауылдың әйелдері "түн жамылып" келіп, қара жамылған отбасыға көңіл айтпақ болған. Алайда "беттерін бүркеп, жүздерін жасырып" келген.


"Соған қарап ол ауылда төрелік айтатын ақсақалдар жоқ па деген ой туады. Түнде әйелдерін жібергені дұрыс емес. Пейілі түзу болса, күндіз келіп тілдесер еді," – дейді ол.

Бүгін Рысқұлов ауылында шамамен 60 шақты адам жиналып, бейнеүндеу жариялағанын DALA INSIDE хабарлаған еді.

Ауыл ақсақалдары "ауылымыз ұйымшыл, Хасан мектепке, мешітке жәрдемдеседі, оған тағылған айыптар негізсіз" деп мәлімдеген.

Шерзат Болаттың өліміне байланысты ұсталған күдіктілер дәл осы ауылдың тұрғындары екені және олардың Хасан есімді қылмыс әлемінің өкіліне жақын екені хабарланған болатын.

Ақпарат бойынша әлі де толықтыру болады. Арнамызды бақылап отырыңыз👇

https://t.me/dalainside
👍79🔥7😢6💯6👎3😱1