DALA INSIDE
10.2K subscribers
412 photos
136 videos
1 file
1.17K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
Forwarded from Dala Finance
🧮 Экономист Олжас Байділдинов бюджет тапшылығы мәселесін шешу үшін мемлекеттік субсидияларды қысқартуды ұсынады

"Мысалы, Алматыда қоғамдық көлік билетінің нақты құны - 310 теңгеден асады, ал белгіленген баға - 120 теңге. Айырманы бюджеттен төлейміз. 2024 жылы тасымалдараушыларды субсидиялауға 97,3 млрд теңге немесе шамамен 200 млн доллар бөлінген!!! Бұл дегеніңіз қып-қызыл, қырғын ақша! Ал бүкіл ел бойынша бұл цифр одан сайын зорайып шыға келеді: тиімсіз әрі ашықтығы күмәнді субсидияға жұмсалып жатқан бюджет ақшасы. Сондықтан бюджет тапшылығын жою үшін бірінші қолға алынуы керек нәрсе – осындай субсидиялар көлемін қысқарту", - дейді "Байдильдинов. Нефть" парақшасын жүргізуші, мұнай саласы бойынша сарапшы Олжас Байділдинов.


Қазақстан мен БАӘ мемлекеттік бюджеттерін салыстыра қарастырған желідегі жазбасында ол біздің ел арабтарға қарағанда 2,7 есе мемлекеттік бюджетке көп ақша жұмсайтынын айтады. Сонда неге бізде даму жоқ? Бұған ол былай жауап қатады:

"Біріншіден, мұндағы халық саны аз, жергілікті азаматтар 3 миллиондай (9,5 млн) ғана болады. Екіншіден, мұндағы біз көріп жүрген - Дубай, Әбу Даби және өзге де көз қызықтырар қалалар жекенің ақшасына салынған. 1980 жылдардан бастап БАӘ аймағына (Таяу Шығыс және Солтүстік Африка) триллиондаған доллардың тікелей және жанама шетелдік инвестициялары келіп құйылып жатты, олардың көпшілігі БАӘ-ге бағытталады. Дубай Маринаны да мемлекет салған жоқ! Мемлекет тек инфрақұрылым түзіп, жағдай жасады, болды, қалғанының бәрі – тұрғын үйлер, сауда орталықтары, Blue Water Island жасанды аралы және т.б. әлемнің түкпір-түкпірінен келген сатып алушылардың қаражатына салынды. Сондықтан Дубай/Әмірліктер қанша мұнай өндіреді, бұл маңызды емес, бұл бір-бірін толықтыратын, бірақ бір-бірінен тәуелсіз екі бөлек дүние".


Сондай-ақ сарапшы мынандай қызық мысал келтіреді: қазан айында Дубайдың жылжымайтын мүлік нарығы тағы да рекорд орнатты - $16,7 млрд! Яғни, тек бір айда елдің жылдық мемлекеттік бюджетінің сомасына сай бастапқы және екінші деңгейдегі нарықтарда мәмілелер жасалған!

"Демек, БАӘ-ге өндірілген мұнайды сатудан түскен қаражаттан қарағанда инвестициялық ақша едәуір көп түседі. Осыны жақсылап түсініп алу керек", - дейді ол.


Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance
👍53🔥9💯3👏2😡1
⚡️ Қаржы мониторинг агенттігі атышулы букмекердің есігіне құлып салды. Контора басшылары бытырай қашты...

Қазақстанда онлайн-кәзино қызметіне тыйым салынған. Алайда көлеңкелі платформалар бұл тыйымды елемейді – заңсыз бизнес өкілдері заң шеңберінде әрекет етуге дағдыланбаған.

Олардың қызметін пайдаланатын азаматтар автоматты түрде екі есе тәуекелге тап болады: біріншіден, қаржылық шығынға ұшырау қаупі ұлғаяды, екіншіден, бір сәтте жеке деректерінен айырылып қалу туындайды.

Соған қарамастан, қазақстандықтар күмәнді цифрлық алаңдарда ойнауды жалғастыруда.

Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, тек «1WIN» ресурсында мыңдаған қазақстандық азаматтар тіркелген. Бұл ұйым Қазақстанда ғана емес, шекарадан тыс жерде де заңсыз жұмыс істеген, сонымен қатар заңсыз букмекерлік қызметтер ұсынған.
«1WIN» ұйымдастырушыларына тек пайда табу ғана маңызды болғандықтан, олар стәвкілерді интернет-эквайринг арқылы қабылдап, кәмелет жасына толмағандарды құмар ойындарға тартқан. Нәтижесінде көлеңкелі айналым 3,8 миллиард теңгеге жеткен.

💬 «Қазіргі уақытта «1WIN» бойынша тергеу жүргізілуде. Онлайн-казиноның интернет-ресурсы бұғатталып, оның төрт құрылтайшысы – РФ азаматы Сергей Черных, Украина азаматшасы Марина Юдина және Қазақстан азаматтары Павел Нестеренко мен Тұрсын Мұсалиева халықаралық іздеуге жарияланды», – деп хабарлайды Қаржы мониторинг агенттігі.

Сонымен қатар, 🃏 бұл тұлғалар заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен қатар, адамдарды еркіндігінен айыру және оларға күш көрсету әрекеттерінде де күдікке ілінген.

Ведомство сонымен бірге олардың жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге болатын мүлкі мен ақшалай қаражатына тыйым салынғанын мәлімдеді.

Бұған қоса, «Mercedes-Maybach S500» және «Lamborghini Huracan» автокөліктері тәркіленген.

Дегенмен, заңсыз әрекеттер тоқтатылғанына қарамастан, «1WIN» клиенттерінің алдында жаңа проблемалар туындады.

Онлайн-казино сайты бұзылып, exploit.in форумында оның клиенттерінің мәліметтері – аты-жөндері, телефон нөмірлері, жеке телеграм-каналдары мен құпиясөздері, сондай-ақ әзірлеушілердің жеке деректері мен казино жұмысының алгоритмдері тарап кеткен.

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍33🔥26👏10😁4💯3
Forwarded from Qazaqparat
🛞 Қысқы маусымда жазғы доңғалақпен жүрген жүргізушіге қанша айыппұл салынады

🗓 Елімізде ресми түрде көлік жүргізудің қысқы маусымы 1 желтоқсанда басталады.

М1 және N1 санаттағы автомобильдер жазғы кезеңде қысқы шиналармен жабдықталған болса, ал қыс мезгілінде қысқы шиналар орнатылмаған болса, көлікті пайдалануға тыйым салынады.


❗️Ережені бұзған жағдайда бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

🪙 2024 жылы бұл айыппұл сомасы - 18 460 теңге.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍33👎13🤯5👏3💯3😁2😡2
⚡️ Халықтың қайырымдылыққа ақша жинау мәселесі қаралады...

Бұл жайлы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты.

Айта кетелік, бұған дейін Қаржы мониторинг агенттігі танымал блогер, "Біз біргеміз Қазақстан" қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған.

Агенттіктің атап өткеніндей, Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмекке жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырған.


Тергеу мәліметтері бойынша, қайырымдылық қорларына түскен ақшаның басым бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсалған.

❗️ Соның ішінде:

Биыл көктемде Перизат Қ. елордадағы автосалондардан 88 млн теңгеге Mercedes-Benz S450, 80 млн теңгеге Lexus LX-600 және 39 млн теңгеге Haval автокөліктерін сатып алған.

Жалпы сомасы 600 млн теңге болатын Ақбұлақ Riviera, Highvill Ishim Gold, «Көк Жайлау» ТК (тұрақ орындарын қоса алғанда) және Vela Village коттедж қалашығындағы жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алған.

Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы бес жұлдызды қонақ үйлерде демалған.

Cartier және Louis Vuitton сияқты брендтердің қымбат аксессуарлары мен зергерлік бұйымдарды сатып алып, қымбат мейрамханаларға барып, яхталарды жалдаған.


Қылмыстық схеманы іске асыру үшін Перизат Қ. достары мен туыстарына 8 пайыз сыйақы төлеп, қордың ақшасын 💱 қолма-қол ақшаға айналдырған.

ҚМА бұл әрекеттер еріктілер қозғалысының беделіне нұқсан келтіріп, оның ашықтық пен адалдық принциптеріне күмән тудырғанын мәлімдеді.

Бұл туралы әлі де айтамыз, бізге тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
😱58🔥9👍8👏5💯4
⚡️ Перизат Қайраттың ісі: Динара Сәтжан бірнәрсе біледі...

Белгілі тележурналист Динара Сәтжан қайырымдылыққа жиналған 1.5 млрд теңгені қалтаға басты деп күдіктелген Перизат Қайратқа қатысты пікір білдірді.

DALA INSIDE әдетте әлемжелідегі жазбағаларға жүгіне бермейді. Дегенмен, Динара бөліскен инсайд АФМ-ның блогерге бекерден-бекер шүйлікпегенін дәлелдейтіндей.

"3 жыл бұрын Перизат Қайрат менен Астанада қайырымдылық кешін өткізіп беруімді сұрады. Дүкенімізден аукционға зат беріп, шоу-бизнестегі аға-тәтелерді шараға шақырып беруімді өтінді. Кеш мақсаты - елордада ерекше балаларға арналған оңалту орталығын салуға қаражат жинау деп түсіндірді. Сауапты іс болғасын, бірден келістік. Кеште "Аманат" партиясының өкілдері де болды. Көпшілік "Біз біргеміз" қорының партиямен байланысы бар деп топшылап жатыр, негізінде қордың партияға қатысы жоқ", - дейді Сәтжан.


Кейіннен Сәтжанның "Орталық қалай? Салынып бітті ме?" деген сұрағына блогер тиіп-қашып жауап қатқан.

"Биылғы ауызашарда тағы кездестік. Астанадағы екі танымал гүл бизнесін сатып алғанын айтты. Екі брендтің негізін қалаушыларды танимын. Бизнесті нөлден бастап, өз еңбегімен өскен адамдар. Сол кезде: "Перизат, мұнай кен орнын тауып алдың ба?" деп әзілдеген едім. АФМ? Қаржы мониторинг агенттігінің құрығы ұзын", - дейді тележурналист.

Айтуынша, ескі Қазақстанның активтерін жеті қат жер түбінен тауып алып жатқан агенттіктен бірнәрсе жасыру мүмкін емес. Сәтжанның пікірінше "Перизат ісінен" кейін қайырымдылық қорларының 🧮 есеп-қисабын асты-үстіне түсіріп, ақтару керек. Сенімді қорлардың тізімі болғаны да дұрыс.

💬 "Перизат? Шыны керек, оның қорына ақша аударған азаматтар қазір қатты өкініп отырған болар. Өйткені біздің қанымызда көмектесуге деген ұмтылыс бар! Ал қайырымдылық экономикасы ашық және мөлдір болуы тиіс", - дейді Динара Сәтжан.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Перизат Қайраттың ісі ашық сотта қаралуы мүмкін. Билік осы арқылы алаяқтық фактінің нақты орын алғанын дәлелдемек.

Айта кетелік, бұған дейін Қаржы мониторинг агенттігі танымал блогер, "Біз біргеміз Қазақстан" қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған. Агенттіктің атап өткеніндей, блогер көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмекке жиналған 1,5 млрд 🏣-ден астам қаражатты жымқырған.

Ал Ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша алдағы уақытта халықтың қайырымдылыққа ақша жинау мәселесі қайта қаралады.

DALA INSIDE жағдайды бақылап отыр, бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍83💯9🤯6🔥3👏3😢1
📱 Netflix-тің жаңа жобасы: Алтын Орданың тарихы әлемдік экранда!

Netflix-тің әйгілі жобаларының авторлары Алтын Орданың негізін қалаған 🎥 Жошы хан сериалын түсіруге қызу дайындық жүргізуде деп хабарлайды DALA INSIDE.

Қазақстан тарихы мен мәдениетін әлемге танытуға бағытталған ауқымды жоба Netflix-ке арнап бірнеше танымал проектілер ұсынған Karga Seven Pictures продюсерлік компаниясымен бірлесіп жасалуда.

Астанада жобаның шығармашылық ұжымы Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қаринмен кездесті.


Кездесуге сериалдың бас режиссері әрі атқарушы продюсері Емре Шәхин, продюсер Фикрет Маноғлы және қоюшы суретші Зеки Сарайоғлы қатысты. Олар жоба туралы егжей-тегжейлі мәлімет беріп, сериалдың тарихи-мәдени маңыздылығын ерекше атап өтті.

Белгілі болғандай жобаның сценарийі дайын, түсірілім орындары белгіленген. Қазіргі уақытта әктерлерді іріктеу кезеңі жүріп жатыр. "Викингтер" сериалы мен Outlow King фильмінің сценарийін жазған Жастин Поллард пен Клэр Морсум да сериалдың оқиға желісін өрбітуге атсалысқан.

Сценариймен қазақстандық және халықаралық тарихшылар мен сарапшылар да жұмыс істеген.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен жүздесуде жобаның шығармашылық ұжымы "Алтын Орда тарихы, Жошы ұлысы мен көшпелі өркениетке терең талдау жасау сериалдың өзегі болатынын" атап өтті.

📺 Компанияның мәлім еткеніндей сериал аудитория, фокус-топтар және халықаралық дистрибьюторлар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болып отыр.

Өз кезегінде Ерлан Қарин осы жоба арқылы Қазақстанның мәдениеті мен тарихы халықаралық аренада кеңінен насихатталатынына сенім білдірді.

"Алтын Орда мен Жошы ханның әлемдік тарихтағы орны мен геосаяси ықпалы бұл жобаның маңызын арттыра түсетіні сөзсіз", - деді Мемлекеттік кеңесші.


DALA INSIDE анықтамасы: Karga Seven Pictures Жошы хан туралы сериал түсіретінін биылғы жылдың көктемінде хабарлаған. Компанияның негізін қалаушылардың бірі - Емре Шахин Түркия мен халықаралық кинонарықта үлкен тәжірибесі бар маман. Netflix үшін "Rise of Empires: Ottoman" ("Осман империясының өрлеуі") сияқты танымал жобаларды жүзеге асырған.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз 👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍131🔥12👏6👎2💯2
⚡️ Ерлан Қарин: Ескерткіш орнату эстафетаға айналып кетті! Мұны тоқтату керек...

"Ескерткіш орнату жарысқа айналды. Бір ауыл 4 метр ескерткіш қойса, көрші ауыл оны 5 метр қылып, тағы біреуі 8 метрге жеткізеді. Мұндай шектен шығушылықты тоқтату керек.

Ескерткіштер бекітілген талаптарға сай, министрлік деңгейіндегі комиссияның мақұлдауымен ғана орнатылуы тиіс», – деді Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Бас тақырып» бағдарламасында.

Толығырақ осы тұста: https://dalanews.kz/kz/article/memlekettik-kenesshi-eskertkishter-jarisin-toqtatu-kerek
👍58💯9😁6🤮4😱2🔥1
🪙 Қазақстан биткоин қорын құру туралы ойлана бастады

Бұл идея жабық есік жағдайында, Астанада шешім қабылдайтын азшылық арасында талқыланып көрген. «Дональд Трамптың сайлауалды бағдарламасында биткоинның стратегиялық қорын құру туралы уәде бар болатын. Трамп АҚШ президенті сайлауында жеңіске жеткеннен кейін, біздікілер де биткоинның болашағына кәдімгідей сене бастады» дейді, дереккөз.

«Тек тараптар бір нәрседен тартынып отыр. Ол жауапкершілік мәселесі. Мемлекеттік қаржыны биткоинға құйып жіберіп, ертең оның құны құлдырап кетсе кім жауап береді? Ешбір қаржылық орган, ешбір басшы өзіне мұндай жауапкершілік алғысы жоқ», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Бірақ биткоин өсіп кетіп, осыдан Қазақстан үлкен пайда тауып, өзінің бюджеттік дефицит проблемасын шешіп алу шансы кәдімгідей маза бермей отыр. Дональд Трамп АҚШ-та «Биткоин туралы заң» (Bitcoin Act) қабылдаймыз деп нық сеніммен айтқан болатын. Ол ұсынып отырған заң жобасы бойынша АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі биткоин сатып алып, оны алтын немесе шетел валюталары сияқты резервтік актив ретінде сақтауға міндеттеледі. Бұл ұсыныс биткоинді стратегиялық резервтік активке айналдырады, ал АҚШ үкіметі биткоинның жалпы ұсынысының 5%-ына дейін иеленбек. Әлемде 19,7 миллион биткоин бар екенін ескерсек, онда ФРС 985 мың биткоин ұстап отырмақ. Қазір биткоинның бағасы 91 468 доллар, демек АҚШ-тың биткоин қорында 90 миллиард долларға парапар BTC жатуы мүмкін.

Қазақстан тарапы АҚШ-та осы заң қабылдана ма, әлде оған ФРС пен Конгресс қарсы болып өткізбей тастай ма, соны біле алмай отыр. Оны шынымен де ешкім білмейді. Бірақ, егер Трамп осы заңды өткізе алса, онда BTC бағасы кемінде 3-4 есе шарықтайтыны сөзсіз. Әлемде биткоин лихорадкасы басталады.

Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы қазіргі бағамы 498 екенін ескерсек, 1 биткоинның бүгінгі бағасы 45,55 миллион теңге. Егер Қазақстан 100 мың BTC сатып алса, оған 4,55 триллион теңге қажет болады. Ұлттық қорда ондай ақша бар. Ал келесі жылы Трамп АҚШ-та өзі ұсынған заңды Конгресске шығара бастаса, осы күтулерден ақ нарықта биткоин бағасы кемінде 160 мың долларға (79,68 миллион теңге) шарықтауы мүмкін. Онда біздің 100 мың BTC 7,96 триллион теңгеге бағаланып, сол кезде сатсақ 3,4 триллион теңге пайда түседі. Онымен бюджет жыртығын жамауға, немесе Ұлттық қор активтерін толтырып қоюға болады.

Қазір криптолоббистер Дональд Трамптың маңайына топтаса бастады. Криптомиллиардерлердің барлығы Трамп идеясын қос қолын көтеріп қолдауда. Себебі байлықтары еселенетін түсінікті.

Қазақстан осының бәрін бақылап, не істерін білмей отыр. Жақсы пайда табу мүмкіндігі де, мемлекет қаржысын желге шашу қаупі да бар. Жауапкершілік алатын тұлға да табылмайтын сияқты.

DALA INSIDE үшін бұл қызық тақырып. 1-2 жылдан кейін қазақ елі өзіне берілген тарихи мүмкіндікті жіберіп алды ма, жоқ әлде «сақтықта қорлық жоқ» деп асықпағаны дұрыс болды ма деген сұрақтың жауабын алатын боламыз. Бізбен бірге болыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍42🔥3🤯3💯2👏1😱1😡1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Өзенмұнайгаз» бас директоры Жанболат Саймағанбетов пен жұмысшылар арасындағы келіссөздер барысында «ӨМГ Бұрғылау жұмыстары басқармасы» кәсіподағының төрағасы Таған Қошанов тарапынан бірнеше рет қарама қарсы қимылдар байқалған. Таған Қошанов бөлімше жұмысшыларын ереуілді жалғастыруға мәжбүрлегені туралы бейнежазба тарауда. Ал Саймағанбетов жұмысшылардың еркін еңбек ету құқығын қорғағысы келеді.
👍40💯9😱7🤯3🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Депутат Бапи: Дариғаны дәріптеп жүргендерді анықтау керек!..

Депутат Бапи атышулы Дариға Назарбаева мен "Ескі Қазақстанды" аңсап жүргендерді тексеруді талап етті деп жазады DALA INSIDE.

Мәжіліс депутаты әлеуметтік желілерде Дариға Назарбаеваны дәріптейтін бейнематериалдарды байқап, бұл әрекетті бұрынғы саяси режимді насихаттауға бағытталған манипуляция деп атады.

"Әлемжелі арқылы түрлі манипуляциялар жасалып, 🏛 Жаңа Қазақстанды екіге жаруға, қоғамда шиеленіс тудырып, кек алу ниетін қоздырып, ескі тәртіпті қайтаруға деген құлшыныс байқалады.

Реваншистік топтар интернетте "билік отставкаға кетеді", "мерзімінен бұрын сайлау өтеді", "депутаттар ар-намыстарынан айырылды" деген жалған трендтерді таратуда.

Бұл ма, бұл қоғамдық санаға әсер ету арқылы Жаңа Қазақстанның бірлігін шайқауға бағытталған технологияның бір бөлігі.


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығына осындай арандатушылықтардың түп-тамырын анықтап, осы әрекеттің артында тұрған топтар жайлы толық мәлімет беруді сұраймын", – деді депутат.

DALA INSIDE: Депутат Бапи желідегі Дариғамен байланысты контентті Жаңа Қазақстанға қарсы тұрудың психологиялық құралы ретінде қарастырып отыр.

Оның пікірінше, мұның тасасында тұрған ойыншыларды анықтау қауіпсіздік шарасы ғана емес, саяси шахмат тақтасындағы қарсы жүріс.


Бұл расымен реваншистік топтардың жұмысы ма, әлде "жаңа Қазақстанның" өз ішіндегі элитааралық күрестің көрінісі ме?

Бұл жайы алдағы уақытта айтатын боламыз. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз 👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍80🔥7👏4😱3💯3
🕛 Тарихи негізделген UTC+5 уақыт белдеуіне қайта оралу – ұлттың табиғи биоритмін қалпына келтіруге қадам

Қазақстандағы уақыт белдеулерінің өзгеру тарихы еліміздің тарихымен және саяси шешімдерімен тығыз байланысты, оларды алдымен патшалық Ресей, кейіннен кеңестік билік қабылдады. Кеңес заманында ел декреттік уақыт бойынша өмір сүріп, әртүрлі аймақтарға байланысты әртүрлі уақыт белдеулерін қолданды.

Елімізде уақыт белдеулерінің өзгеру тарихын талдай отырып, ең ұзақ қолданылғаны – дәл осы UTC+5. Және, елдің географиялық орналасуын ескерсек, бұл уақыт белдеуі ең тиімді болып табылады.

Уақытты бір сағатқа алға жылжыту табиғи өмір ритмдеріне қайта оралуға мүмкіндік берді, биологиялық сағаттарды синхрондап, ресми уақыт пен күндізгі уақытты барынша жақындастырды.
👎56🔥24👍12👏2🤯2🤝1
⚡️ Поләк шендісі: Киев? Батыстан жеткен көмектің тең жартысы жымқырылған...

Польшаның экс-Еңбек министрі Петр Күлпаның айтуынша, Киевтің шенді-шекпенділері Батыстан жеткен көмектің жұлма-жұлмасын шығарған.

"Батыс елдері аузынан жырып берген қып-қызыл ақшаның тең жартысына жуығы (30-50%-ы) "ұстағанның қолында, тістегеннің аузында" кетті. Ұрланған ақшаның көлемі Украинаның бір жылдық бюджетіне пара-пар" – дейді Күлпа.

Поләк шендісінің сөзін Кремльге тиесілі Sputnik агенттігі таратып жатыр.


Ақпараттың рас-өтірігін анықтайтын боламыз.

https://t.me/dalainside
😡44😱25👍10🤯7🤮5💯2
⏳ «Тұрсынбаевадан бастаймыз»: құзырлы органдар халықтан ақша жинаған жұлдыздармен айналыспақ

«Біз біргеміз» қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат ісінен кейін, құзырлы органдар халықтан ақша жинаған және қазір де жинайтын, желіде танымал, аудиториясы үлкен адамдарға тексеріс жүргізу бойынша жабық консультациялар өткізе бастады. Келесі жылдан бастап Қаржы мониторингі агенттігі осы істің басты координаторы болуы мүмкін. DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша, аузы дуалы жұлдыз болып жүрген біраз адамның былығы ашылуы ғажап емес.

«Қайырымдылық қорлар ғана емес, ешқандай қорсыз-ақ аудиториясынан ақша жинап жүрген, курс, басқа да заттар сатып жүргендердің арнайы реестрі туралы жабық талқылаулар жүруде. Ал қорлардың жағдайы түсінікті. Олар келесі жылдан бастап қатаң қадағалауға алынатын болады»


Тексерілетін тізімді Айнұр Тұрсынбаева, Құралай ханым, Қуаныш Шоңбай сынды коуч, курс сататын тұлғалар бастайтыны анық. Олардың банктік транзакциялары тексеріліп, салық төлеу дисциплинасына мониторинг жасалады деп күтілуде. Ақша кімнен және қайдан түсті, ақша жібергендер тиісті қызмет алды ма, ол табыстан салық төленді ме, барлығы микроскоппен қаралмақ.

«Ресейдегі «Блиновская кейсі» бізде де қайталанады. Қазақтың түрлі коучтары, блогерлері, қазірден бастап осыған дайын болуы тиіс», - дейді, дереккөз.


2023 жылы Ресейде «Тілек марафонын» өткізіп жүрген, ең атышулы блогер Елена Блиновская шетелге кетіп бара жатқан жерінен ұсталған болатын. Оған 918 миллион рубль салықтан жалтарды деген айып тағылып, алдымен үйқамаққа, одан кейін тергеу изоляторына жөнелтілген еді. Қазір Блиновская 918 миллион рубльдің 230 миллионын өтеді. Қалған қарызды төлей алмай, банкрот деп танылып отыр.

Отандық жұлдыздар да Блиновская кебін киюі мүмкін. 2025 жылы бірнеше дүркіреген сот процесі өтеді деп күтілуде. Оның барлығын ютубта ашық өткізу бойынша идеялар қолдау тауып отыр. Тек тиісті нормативтік актілерге өзгеріс енгізу қажет.

DALA INSIDE бұл құбылысты бақылап отыратын болады. Бізге жазылып алыңыздар👇

https://t.me/dalainside
👍127🔥20👏6😁2😱2💯1
⚽ Марат Омаров қазақ футболын көркейте алады

Мемлекет те осыған сеніп отыр. Қазір Қазақстан футбол федерациясын басқаруға екі кандидат ұсынылды дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Басты үміткер - Бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысы Марат Омаров. Ол кезінде кәдімгідей кәсіби деңгейде футбол ойнаған. Федерация басшылығына экс-қақпашы Давид Лория да таласып отыр. Осы екі тұлға тандем құрып, Омаров президент, Лория вице болып, футболды көтеруге қауқары бар.

Экс-төраға Әділет Бәрменқұловтың өз адамын қою әрекеті сәтсіз аяқталды. Оған Антикордың бірнеше сұрағы пайда болған сияқты.

Жалпы, қазақ футболының толық тазалауға ұшырайтынын осының алдында жазған едік. Клубтарда тиын жасап жүрген агенттер мен функционерлер жаппай тексеріле бастады. Антикор мен Қаржы мониторингі агенттігі футбол спецификасын түсінетін консультанттар тауып, мәселені аяғына дейін жеткізбек.

ФИФА рейтингінде Қазақстан Тәжікстан мен Суданнан қалып қалғандықтан, құраманы жаңа деңгейге жеткізу бойынша үлкен жоспар қабылданып отыр. Ол үшін Федерацияға лайықты басшы керек. Онымен бірге ортанқол деңгейдегі бапкер шақыру практикасы да тоқтайтын болады.

"Екі вариант қабылданды. Біріншісі - құрамаға Моуриньо деңгейіндегі әлемдік бапкер алдырып, оның гонорарын Тимур Құлыбаев, Вячеслав Ким сияқты олигархтарға төлету. Екіншісі - құраманы Талғат Байсуфинов, Нұрбол Жұмасқалиев сияқты қазақ мамандарына беру", - дейді, дереккөз.


Бюджет дефициті жағдайында және олигархтар активтерін мемлекетке беріп, артық ақшасыз жүрген кезде Моуриньоларды шақыру қиын соғатын сияқты. Сондықтан "Сол жағалауға" Жұмасқалиев идеясы көбірек ұнап отыр. Бізге тез арада 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу ойындарына дайындықты бастау керек.

Черчесовтың құрама басшылығында санаулы күндері қалғаны анық. Бәрменқұлов кеткендіктен, Станислав Саламұлын қорғайтын адам табылмады. Қазақ тілімен қалжыңдасам деп, ресейлік бапкер халық қолдауынан айрылды. Артық сөйлеп, экс-бапкер, әріптесі Магомед Адиевті де ренжітті.

Футбол жаңалықтарынан қалыс қалмаңыз👇

https://t.me/dalainside
👍71🔥5💯5👎2🤮2😱1
⚡️ Кипр 77 адамды "алтын төлқұжаттан" айырды: арасында қазақ жүр...

Кипр билігі "алтын төлқұжаттан" айырған 77 адамның тізімін жария етті деп жазады DALA INSIDE.

Politis басылымы жариялаған тізімде Maksat ARIP деген есім 50-ші орында тұр. Бұл Қазақстанның бұрынғы бизнес магнаты, Kazakhstan Kagazy компаниясының экс-басшысы Мақсат Әріп болуы ықтимал.

Кипр билігі азаматтықтан айыру бойынша шешімді елге инвестиция әкелген миллионерлердің қылмыстық және экономикалық әрекеттеріне байланысты қабылдаған. Тізімдегі қауымның жиырмадан астамы туған елінде осындай айыптаумен тергеліп жатыр.

Мақсат Әріптің есімі Қазақстан мен халықаралық соттарда талай мәрте талқыланған. 2017 жылы Лондон соты одан және компанияның қаржы директоры Шынар Диханбаевадан $260 миллион өтемақы талап етті.


Мақсат Әріптің тұсында (2003-2008) компания Лондон қор биржасында листингке шығып, халықаралық инвесторлардан қаржы тартқан. Компанияның қарызға батып, банкротқа ұшырауы кезінде бұл қаражаттың белгілі бір бөлігі заңсыз немесе тиімсіз мақсаттарға жұмсалды деген күдік туды.

Қазақстанда Әріпке "аса ірі көлемде алаяқтық жасады" деген айып тағылып, ол 2024 жылы наурызда Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталды.

"Қазақстан Қағазы" компаниялар тобы 2001 жылы құрылған. Заманында қағаз және гофрленген қаптаманың Орта Азиядағы ең ірі өндірушісі болды. Холдинг құрамына "Kagazy Recycling" компаниясы мен макулатура сұрыптайтын "Kazakhstan Waste Recycling" ЖШС-ы кірді.

Қазақстанның "ескі гвардиясы" деп аталатын бай элита өкілдерінің түрлі оффшорлық жүйелер мен алтын төлқұжат бағдарламасына арқа сүйеуі бекер емес. Құны 2 млн 💶-дан басталатын "Алтын құжат" оларға халықаралық қаржылық жүйеде еркін қозғалу мүмкіндігін береді.

Капиталды сақтау, салық жеңілдіктері мен құқықтық баспана алу, "ыңғайсыз сұрақтардан" жалтаруға жәрдемдесу осы төлқұжаттың басты плүсі.


"Алтын құжаттан" қадір кетсе, "ескі Қазақстан" деп аталатын элитаның құты қашады. Кипрдің қадамы осыған ұқсас жүйесі бар басқа елдердің әрекетіне әсер ете ме?

Бұл туралы алдағы уақытта айтамыз. Бізге тіркеле кетіңіз👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍86👏3💯3🔥2👎1
⚡️ Ғарыш кемесін хан Кененің басына алмастыруды ұсынған кәсіпкерге іздеу салынды

Бір жылдары "Боран" ғарыш кемесін хан Кененің басына айырбастауға дайын екенін айтып, Кремльге шарт қойған бизнесменге іздеу жарияланды жазады DALA INSIDE.

Бас прокуротураның мәлім еткеніндей Дәурен Мұсаның үстінен "алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалып, кәсіпкерді құрықтау туралы пәрмен берілген. Тергеу амалдарымен Алматы полициясы айналысуда.

Құқық қорғау органдарының нысанасына іліккен Дәурен Мұса КСРО-ның аса ірі жобасы, АҚШ-тың Space Shuttle бағдарламасына жауап ретінде жасалған "Боран" ғарыш кемесін 89 мың рубльге сатып алып, іріп-шіруге шақ қалған шатллды қайта қалпына келтірген еді.

Кейінгі жылдары Кремль жекенің қолына өткен "Боранға" қайта "құмартып", ғарыш кемесін "Роскосмостың" балансына қайтаруға тырысқан.

"Боран" біз үшін металл мен болттардың жиынтығы емес, советтік инженерияның ұлы жетістігі", - деп жазған еді осыдан төрт жыл бұрын компанияның сол тұстағы төрағасы Дмитрий Роғозин.

"Роскосмос" төрағасына дереу жауап қатқан Дәурен Мұса "шатлды хан Кененің басына айырбастауға дайын екенін" мәлімдеген-тін. Кәсіпкердің шарты Мәскеудің қытығына тигені анық еді. DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Ресей ғарыш кемесін "тарихи отанына қайтару" мақсатынан бас тартқан жоқ.


Осы орайда "кәсіпкердің үстінен қозғалған қылмыстық істе көршінің көлеңкесі көрінбей ме?" деген заңды сауал туындайды. Кәсіпкердің үстінен қозғалған қылмыстық іс пен Кремль көсемінің Астана сапары тұспа-тұс келгені түрлі ойға жетелейді.

Қалай болғанда да, кәсіпкерге тағылған айып мен оның айналасындағы ахуал Мәскеу үшін тиімді бағытта өрбіп жатқаны өтірік емес. Кәсіпкердің осыдан үш жыл бұрынғы мәлімдемесі өз басына таяқ болып тигендей әсер қалдырады...

Ресей қазақтың соңғы ханының басын қайтаруға асығар емес. Саяси сауданы кешірмейтін Кремль "Боранның" иесіз қалар сәтін тыпыршып күтіп отырса таңғалмаңыз.


Айтқандай, күні кеше Есілдің бойындағы хан Кененің мүсіні алынып тасталды. Әкімдік ескерткіштің іргесі іріп-шіри бастаған, құлау қаупі бар дейді. "Ұлысмедиадағы" әріптестерге сұхбат берген тарихшы Сұлтанхан Аққұлұлының айтуынша бұл кездейсоқ емес, "бәрі бір саясаттың, бір сценарийдің желісі".

DALA INSIDE жағдайды бақылауда ұстауда. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
😱74👍26💯13😡7👎4🔥1🤯1
🚂 ҚТЖ-ның жаңа басшысы туралы ауыр келіссөздер аяқталуға жақын

Астанада жабық консультация өткізген тараптар "Қазақстан темір жолы" ұлттық компания басшылығына Астананың қазіргі әкімі Жеңіс Қасымбек лайық деп тапқан сияқты. Ұсақ детальдар ғана қалды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Ақорда, Үкімет, Самұрық-Қазына үшеуі де ҚТЖ-дағы жағдайға мүлде риза емес. Компанияның қарызы 2,9 триллион теңгеге жетіп отыр. Ұлттық компания ескі қарызды жабу үшін жаңа қарыздар алуда. Нұрлан Сауранбаев бастаған қазіргі менеджменті ұсақ-түйек күнделікті сұрақтарды шешкенімен, жүйелі, күрделі, ұзақмерзімді шешімдер қабылдай алмады.

"Қасымбек ҚТЖ-ның психологиясы мен философиясын өзгерту үшін таңдалды. Себебі 30 жыл бойы Қазақстан темір жолы трансформациядан өте алмады. Ескі консервативті догма құрсауында келді", - дейді дереккөз.


Бірақ Жеңіс Қасымбек Астанада жаңа жылды өткізіп, қаланы әсемдеп, жаңа 2025 жылғы жұмыс күнін бастамай елорда әкімдігінен кетпеуі тиіс. Сауранбаевтар да 2024 жылғы бонустарын алу үшін толық календарлы жылды аяқтасын деген ойға тоқтаған.

Ал Астана әкімі креслосына кім келеді? "Ол сұрақтың жауабы ең үлкен кабинетте айтылады. Бірақ Жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловтың шоқтығы биік. Ұсынылған үш кандидат арасында да Смайылов досьесі ұзақ талқыланды", - дейді дереккөз.

Мемлекет басшысының Әлихан Смайыловқа деген көзқарасы өте жақсы. Қазақтың Әлиханы өзінің ұлтқа деген қызметі, кәсібилігі мен адалдығы, және жұрт біле бермейтін қаржылық есеп стандарттарын шемішкедей шаға алатын деңгейімен танылған болатын.

Смайыловқа қатысты бір дилемма тұр. Ол әрине, Астана қаласын жайната алады. Бірақ оны әкім қыла отырып, біз Жоғары аудиторлық палатаны әлсіретіп алуымыз мүмкін. Қазір ЖАП Қазақстан мемлекеті үшін Астана әкімдігінен де маңызды орган болып тұр.

DALA INSIDE Қазақтың Әлиханының көңіл-күйін қалт жібермей қадағалап отырмақ. Бізбен бірге болыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍64😱7🔥3🤮2💯2
💸 Орыстарда доллар жоқ! Теңгенің құлдырауына ресейлік компаниялар себепкер болды - сарапшы

Экономист Расұл Рысмамбетов ақша айырбасына қатысты шындықты жайып салды.

"Рубльмен табыс табатын ресейлік, сол секілді кейбір отандық компаниялар алдымен жаппай теңге сатып алады, содан соң долларды сатып алуға көшуде. Меніңше, Қазақстандағы қор биржасындағы сауда-саттықтың жоғары көлемі осымен байланысты".

Осылай деген экономист Расұл Рысмамбетов Ұлттық банк пен Үкімет алдында шешуі тиіс күрмеуі қиын үлкен мәселе тұрғанын айтады, деп хабарлайды DALA INSIDE.

"Қазір олар кез-келген бағада доллар сатып ала береді, өйткені бұл долларды ресейлік тауарларға айырбастау өте тиімді болып тұр. Осылайша олар Қазақстанды ірі ақша айырбас орнына айналдыруда", - деп жазады сарапшы.

Ол қараша айының соңында Ресей Федерациясына шетел валютасы түріндегі түсімінің басты көзінің бірі болып келген "Газпромбанкке" қарсы санкциялар енгізілгеннен кейін жағдай күрделене түскенін еске салады.


"Мосбиржада доллармен сауда-саттық жасауға тыйым салынды. Сондықтан рубльге шаққанда доллар құны өзгере береді, 100 рубль дейсіз бе, 1000 рубль дейсіз бе, бәрібір. Өйткені оларда доллар жоқ. Ресейдің іскерлік қауымы шетел валютасы тапшылығы қылаң бергенін жақсы түсініп отыр", - дейді экономист.

Сондықтан, ең бірінші кезекте, Ресей тарапынан долларға деген сұраныс қатты болып тұр.

"ЕАЭО-ны алмағанның өзінде Ресеймен біз белсенді түрде сауда-саттық жүргіземіз. Сондықтан ресейлік тауарларды сатып алу арнасын жабу – ақылға қонымсыз.

Ендеше ресейлік нарықтағы дүрбелең ақша бағамы мен инфляция арқылы бізге келіп жете береді.


Теңге бағамы рубльге байланбаған, тек Қазақстан мен Ресей экономикасы – көршілес, аралас-қоралас дегендей. Сондықтан оларда болып жатқан оқиғалардың ықпалынан біз жалтара алмаймыз. Сол себепті енді Ұлттық банк пен Үкімет шетелдіктердің банктер арқылы шаңсорғыш құсап "Қазақстаннан валютаны" сора бермес үшін ерекше шаралар қабылдауға мәжбүр болады, – дейді сарапшы.

Осы жағынан алғанда, маманның айтуынша, Трамп биліктің басына келіп, Украинадағы соғыс мәселесін шешкенге дейін қыруар ресурс шығындалайын деп тұрған секілді.

Айта кетсек, бүгінгі таңда Қазақстанда 23 мың ресейлік компания жұмыс істейді, оның 4 мыңы соңғы жылдары ашылған. Көрші елдің іскерлік ортасының жылы орнын суытып, үдере көшуіне санкция түрткі екені анық.

DALA INSIDE жағдайды бақылауда ұстауда. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯49👍32😡21🔥7😢5😁2👎1
⚡️ Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ірі кен орындарын қытайлар сатып алуда...

Мәселен, Энергетика министрлігі ұйымдастырған соңғы онлайн аукционда мұнай мен газ қорына бай 6 кен орнының бесеуін 🇨🇳Қытай мен Сингапурдан келген инвесторлар сатып алған деп жазады DALA INSIDE upstreamonline таратқан мәліметке сүйеніп.

Сауда барысында ең жоғары бағаны Sozak Oil & Gas компаниясы ұсынған екен. Геобарлаумен айналысатын компания Ұлытау облысындағы бастапқы бағасы 73 миллион теңгеге бағаланған Бестақыр учаскісі үшін 23,4 миллиард теңге (шамамен $45 миллион) көлемінде өтінім берген.

Компания Қазақстанда тіркелгенімен, негізгі акционері Нидерландта тіркелген Sino-Science Petroleum компаниясы. Соңғы иесі қытайлық Хуэй Лин деп тұр.
Аукцион шартына сай 17 желтоқсанға дейін келісілген соманы толық төлесе Sozak Oil-ға осы аумақта мұнай мен газды барлау және өндіру құқығы беріледі.

🔸Бестақырдың аумағы 4700 шаршы шақырымнан асып жығылады. Әзірге мұнда ірі кен орындары табылған жоқ, дегенмен дәл іргесіндегі Құмкөлдың мұнай қоры шамамен 1 миллиард баррельге бағаланып отыр.

Құмкөлдің өзін қазір Turgai Petroleum және PetroKazakhstan Kumkol Resources бірлесіп игеруде. Екеуі де Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясымен қойын-қолтықтасып жұмыс істейді.

Аукциондағы екінші ең жоғары өтінімді Kazakhstan Zhonghengyongsheng Energy компаниясы берген. Олар Атыраудағы 1977 жылы ашылған Кұлсары учаскісі үшін 2,6 миллиард теңге ұсынған. Компания Сингапурда тіркелген Weiye Trading-ке тиесілі.

Үшінші орынды Pro Explore Mining Company түйіндеп отыр. Олар Атырау облысындағы Қиғаш аумағы үшін 1,7 миллиард теңге ұсынған. Бұл компанияның түп иесі де қытай бизнесмені.

Компания Қазақстанда екі-үш ай бұрын ғана тіркелген. Бұған қарап "бұлар арнайы осы аукционға қатысу үшін құрылған ба?" деген ойға қаласың.
Қалған үш учаскі де Қытай мен Сингапурдан келген инвесторлардың бақылауына өткен.

Upstreamonline-ның дерегінше, Astana Guangming Mining мен HarmonyOre Mining Company Қытайдан келген инвесторлармен тығыз байланысты. Былайша айтқанда, бұлардың артында шетелдік капитал тұр.

"Аукционның ерекше назар аударар тұсы кей компаниялардың күні кеше ғана тіркеліп, қысқа мерзімде стратегиялық активтерге қол жеткізгені. Айталық, қыркүйекте тіркелген компанияның ірі жер телімдерін иеленуі аукционның әділетті өткеніне күмән туғызады", - деп пайымдайды DALA INSIDE.

Иә, шетелдік инвестицияның қажеттілігі түсінікті, алайда мұндай мәміленің ашықтығы мен ұлттық мүддеге сәйкестігі жіті назарда болуы керек.

Бұл туралы алдағы күндері айтамыз. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз 👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡71👍16💯11👎4🔥4👏4
⚡️ Академик Жұмаділдаев: Назарбаевтың тұсында Есімовке дейін "Еңбек ері" атанды...

Қазақтілді ортаға сыйлы, "абстрактілі тақырыптардан" аулақ жүретін академик Асқар Жұмаділдаевтың айтуынша Назарбаевтың ғалымдарға бүйрегі бұра бермейтін.

DALA INSIDE түнеукүні Тоқаевтың қолынан марапат алған ғалымның Assyltas арнасына берген сұхбатын шолып шыққан еді.

Республика күні қарсаңында президент Тоқаев Асекеңді "Қазақстанның Еңбек Ері" атағымен марапаттаған. Ғалымның айтуынша, бұл оның тұңғыш мемлекеттік ордені.

Ғалым ескі Қазақстанның дәуірлеп тұрған шағында да мұндай сый-құрметке ұсынылғанын жасырмайды, алайда әлдебір себеппен санаттан сызылып қала берген.


"Менде медаль болғанымен, мемлекеттік ордендер жоқ екен. Академия мені "Құрмет" орденіне ұсыныпты. Қомсынбағаным емес, "мұны жас балалар да алып жатыр ғой, олармен жағаласып жүргенім жарамас" деп едім, сөйтсем заң сондай екен. "Құрметті" кеудеңе таққасын, тағы бес жыл күтесің. Бірақ кейін Президенттің пәрменімен бұл шешім өзгертіліпті. Ақыр соңында, "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алдым", – дейді Асекең.

Ғалым сол күнгі Астана көшесіндегі кептелістің кесірінен Ақордаға автобуспен баруға мәжбүр болған.

"Такси шақырып едім келмеді. Амал жоқ, автобусқа міндім. Бір студенттер танып қалып, сәлемдесті. Бір сағатқа жуық жүріп, Ақордаға әрең жеттім. Сол аралықта құттықтап қоңырау шалғандар көп болды, бірақ не үшін құттықтап жатқанын өзім білмеймін", – деп еске алды ол.

Академиктің айтуынша экс-президенттің ғалымдарға бүйрегі бұра бермейтін. Назарбаевтың заманында ғылым-білім қуған қауымға мұндай атақ сирек берілетін.

Ескі Қазақстанның кезінде Назарбаевтың немере інісі Ахметжан Есімовке дейін берілген "Еңбек ері" ғалымдарды айналып өте берген.


"Менің орденімнің арғы бетінде 52 саны таңбаланып тұр. Осы сәтке дейін бұл төсбелгі 52 адамның кеудесіне тағылыпты. Соның тең жартысын Назарбаев табыстаған екен. Бірақ Есімовке, ірі холдинг басшыларына, ұстаздарға, дәрігерлерге, ақын-жазушыларға берген екен. Ғалымдарға бұйырмаған. Мүмкін, осы санаттағы алғашқы лауреат мен шығармын", - дейді академик.

Бұған дейін сұхбатының бірінде Асқар Жұмаділдаев мырза "қазаққа ақын емес, технократ керек" деп, еліміздің технологиялық дамуға мұқтаж екенін атап өткен еді. Ғалымның экс-президентті ашық сынаған кезін еске түсіре алмай тұрмыз.

Дегенмен, Назарбаев билігінің соңында "шикізат емес, ақыл сататын заман туды" деген Жұмаділдаев Үкіметтің "ата-бабамыздың барлық байлығын бытырлатып сатып жатқанын" сынаған еді.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
👍112🔥14💯9👏4😁3