DALA INSIDE
10.2K subscribers
412 photos
136 videos
1 file
1.17K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🇲🇫🇰🇿 Француздар Қазақстанға мұқтаж болып отыр

Францияның түрлі компаниялары қазақ-француз дипломатиялық серпілісін пайдалануға ниетті. Қазір екі ел басшылары – Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макрон арасында өзара сенім мен түсіністік аурасы орнап, ол инвестиция және бизнеске өз жемісін беруде.

"Қазақстанның еліміздегі барлық салаларға инвестиция құюға шақырғанын, оның ішінде перспективасы мол геологиялық барлау, метал өңдеу салалары бар екенін француздың іскер қауымдастығы қызу талқылап жатыр", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.



Араларында көп ретте бос тұрған Қазақстанның инвестициялық нарығына тез жетейік деген компаниялар да пайда болды. Мысалы, француздың Imerys компаниясы сирек минералдарға қатысты стратегиялық жоспарларын жүзеге асыру үшін Астанадан қолдау іздеуде. Олардың басшылығы былтыр Қазақстан Президендінің Парижге мемлекеттік сапары аясындағы іскерлік кездесулерге қатысқан екен.

Ал 5 қарашада Imerys компаниясының бас директоры Алессандро Дацца француз-казақ инвестициялары жөніндегі дөңгелек үстелде Alstom, Vicat, Airbus Group, Orano, Air Liquide, TotalEnergies және EDF компанияларымен бір қатарда отырған. Ол кезде Қазақстан делегациясын Сауда және өнеркәсіп министрі Қанат Шарлапаев пен Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастап алып келген.

Бір сөзбен айтқанда Imerys Қазақстанға инвестор ретінде келіп, біздегі сирек металдарды өндіру, қайта өңдеу және барлау жұмыстарын жүргізгісі келеді. Оның қадамын басқа француз ойыншылары да бақылап отыр.

Бірақ еліміздің сирек металдар бойынша нарығы АҚШ алпауыттарының да назарында екенін ұмытпауымыз керек. Егер барлау бойынша қандай да бір позитивті жаңалықтар пайда болса, қазақ жеріне америка инвестициялары ағылуға дайын.

Қазақстан 2025 жылы тікелей инвестицияларға аса зәру болып отыр. Себебі, бұл мәселеде біз 2024 жылы ақсаңдап қалдық. Геология, барлау, сирек металдар сынды бағыттар арқылы елімізге мол инвестиция тарту мүмкіндігі бар. Биыл дипломатияны пайдаланып, инвестиция ағынын молайтатын боламыз.

https://t.me/dalainside
👍66👏7🤩3🔥2
💵 «Ақ» пен «Көк» доллар проблемасы. Қазақстан оны шеше ала ма?

Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африка елдері, әсіресе Тайланд, Вьетнам мен Египетке саяхаттап баратын туристер ондағы валюта айырбастау бекеттерінде долларға қатысты түрлі бағамдарға тап болуда. Бұл елдерде 2013 жылдан бері басылған, жаңа дизайндағы, көк түсті доллардың бағамы қымбат әрі тиімді болады да, ескі ақ банкноттағы доллардың құны төмендеу келеді.

Осыған қатысты, қазір елімізде валюта айырбастау бекеттері мен банктерде доллар сатып алатын отандастарымыз жаңа көк банкнотаны талап етуде. Ақ долларды ешкім алғысы келмейді. Тиісінше ақ доллар жинақталып, көк доллар дефициті сезіле бастады. Бұл проблеманы шешу үшін біздегі біршама жекеменшік қаржы ұйымдары ақ доллар қабылдауға шамамен 2% комиссия орнатқан.

Теңгемен мұндай проблема болса, оны Ұлттық Банк эмиссия орталығы ретінде тез шешіп тастар еді. Бірақ долларды АҚШ-тағы Федералды резерв жүйесі басады. Біздің монетарлы органдар доллардың банкнотасына қатысты жағдайға бақылау орната алмайды.


Жалпы бізде доллар банкнотасының ескілігіне қатысты проблема жоқ еді. АҚШ өз кезегінде тіпті 110 жыл бұрын басылған доллар банкнотасын заңды ақша құралы деп табады және қабылдай береді. «АҚШ ескі банкноттарды мойындаудан бас тартады» деген жел сөз жыл сайын пайда болса да, ФРС тарапынан ешқашан бұған қатысты ресми мәлімдеме жасалған емес.

Тайланд, Вьетнам, Мысыр сынды елдердің қаржы ұйымдарында доллардың барлық дизайндағы валютасының жалған/растығын тексеру жүйесі әлсіз. Олар соңғы жабдықтарын жаңалағанда, тек көк долларды анықтай алатын құрылғыларға иек артқан болатын. Тиісінше, әлемнен миллиондаған турист ағылып, түрлі дизайн мен номиналдағы доллар сағат сайын келіп жатқандықтан, жалған ақша айналымынан қорғану үшін «көк доллар сенімді, ал ақ доллар сенімсіз» деген ұғым қалыптасқан. Доллар бағамының банкнота дизайнына байланысты бекітіліп жатқаны да сол себептен.

Демек, ақ пен көк доллар проблемасын біздің шетелге саяхаттайтын туристер әкеліп отыр. Оның масштабы ұлғая беретін болса, Ұлттық Банк бір реттік шара аясында банктер мен қаржы ұйымдарына ақ долларды АҚШ-қа жіберіп, оны көк долларға ауыстрып алуға рұқсат беруі мүмкін. Сол кезде елдегі барлық ақ доллардан құтылып алу керек.

https://t.me/dalainside
👍54😁1
⚖️ Инфляция VS алтын-валюта қоры. Ертең Қазақстан "Айна" операциясын бастамақ

Осы аптада Ұлттық Банк экономиканың қызып бара жатқанын мойындады. Мұндай жағдайда инфляция өршіп кетуі тиіс. Себебі айналымдағы теңге массасы мен біз нақты шығаратын тауар мен қызмет көлемі сәйкес келмейді. Экономикада басы артық теңге көп. Осы проблеманы шешу үшін Ұлттық Банк алтын операцияларында "айна" режиміне көшетін болды.

Бұл нені білдіреді? Енді не болады? Оған дейін жағдай қандай еді?


Қазақстандағы алтын компаниялары жылына орта есеппен 130 тонна Доре құймасын өндіреді. Доре деген - құрамында 70% алтын бар қорытпа. Оны слитокке айналдыру үшін, ол аффинаж, яғни тазарту, қалыпқа құю процесінен өтеді. Астана қаласында осындай аффинаж зауыты бар. Ол Цюрих мен Лондон халықаралық бағалы металдар биржаларының сертификатын алған. Осы зауытта жасалған слиткалар әлемдік нарықта еркін сатыла алады.

Заң бойынша қазақ жерінен алтын өндіретін компаниялар, осы Доре құймаларының барлығын Ұлттық Банкке ғана сатуы тиіс. Өздері шетелге сата алмайды. Ұлттық Банк өзі бекіткен баға бойынша теңгемен Дорені сатып алады. Ары қарай аффинаж жасап, слиткаларды әлемдік биржаларда валютаға сатады. Біраз бөлігін өзінің алтын-валюта қорына тығып қояды. Ал кәсіпорындардан Дорені сатып алатын теңгені Ұлттық Банк станокты қосып, қағазға басып шығарып келген. Осы арқылы қарапайым айтсақ, ауадан ақша жасап, алтын-валюта қорын 45,8 миллиард долларға дейін жеткізіп алды. Оның 23,8 миллиард доллары алтын слиткалары түрінде сақталып жатыр.

Бұл мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігі үшін жаман емес еді. Бірақ алтын үшін жаңағы басып шығарған триллиондаған теңгелер экономикадағы артық ақша массасын көбейтіп, қыздырып жатыр. Енді салқындату үшін алтын сатудан түскен долларлар жинақталмай, Қазақстан қор биржасында теңгеге айырбасталатын болады. Ол теңге кәсіпорындарға Доре құймасы үшін төленіп отырмақ. Яғни алтын сатып алу үшін теңге бұдан былай станокта басып шығарылмайтын болады. Сол арқылы артық ақша массасы азаюы тиіс.

Осы конверттеу инфляцияны ауыздықтаумен бірге теңге бағамына үлкен көмек болмақ. Тағы да 2-3 миллиард доллар биржа арқылы өтсе, доллар курсы сабасына түседі. "Айна" операциясымен қатар арнайы валюта режимінің іске қосылатынын есепке алсақ, онда ақпан айынан бастап теңгенің қайта күшейіп, инфляцияның азаюын көруіміз тиіс.

USGS жариялайтын алтын өндіретін елдер рейтингінде Қазақстан 6-шы орында. 2023 жылы біз 130 тонна алтын өндірдік. Қазір біздің жерімізде шамамен 20 мың тонна алтын қоры бар. Ол 25-30 жылға жетеді деп шамаланған.

https://t.me/dalainside
👍86🔥7😁4👎3👏1
🛢️ SOCAR тілін табу. Мұнай жоспарына Ақтауда құлаған ұшақ көмектесе ме?

Қазақстан биыл Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры арқылы 20 миллион тонна мұнай жөнелтуді жоспарлап отыр. Бұл өткен жылғы 1,4 миллион тоннадан 13 есе көп. Осы арқылы еліміздің Ресей аумағы арқылы жүретін КТК құбырына тәуелділігі біршама төмендемек.

Былтыр еліміз 68 миллион тонна мұнайды экспортқа шығарды. Оның 56 миллион тоннасы КТК құбыры арқылы жөнелтілді. Алайда Ресейге санкциялардың күшеюі мен украин дрондарының Новороссийскідегі терминалды зақымдау тәуекелі артып барады. Осындай кезде тек КТК-ға тәуелді болып қалмау үшін Қазақстан тасымал қуаты бойынша шамалас Баку-Тбилиси-Жейхан құбырына иек артқан болатын.

Осы мақсатта еліміз 2023 жылы Каспий аумағында мұнай таситын танкерлер сатып алды. Олар біздің Каспийдегі кен орындарынан шыққан мұнайды тиеп, теңізбен Әзірбайжанға жеткізіп, ондағы БТЖ жүйесіне құюы тиіс.


Осы ретте, БТЖ құбырына операторлық ететін Әзірбайжанның SOCAR мемлекеттік мұнай-газ компаниясы қазақ мұнайын көп көлемде қабылдауға қарсылық білдіргендей еді. Себебі KEBCO сортты мұнайдың күкірті көбірек және БТЖ құбырларына салмақ түсіреді.

Алайда Қазақстан Ақтауда құлаған AZAL ұшағына қатысты кәсіби қимылдағандықтан, Бакуден мұнай компаниясына қазақ бауырларды ренжітпеу туралы пәрмен түскен. Осының арқасында БТЖ-ға қанша мұнай тиегіміз келсе де бізге жол ашылды.

https://t.me/dalainside
👍159👏8🔥1
🇰🇿🤝🇨🇳 Чуньлин дәуірі: Қазақ - Қытай дипломатиясы жаңа векторды таңдай ма?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Хань Чуньлинді қабылдады. Президент "Қазақстан Қытай Халық Республикасымен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге айрықша мән береді" деді. Бейжіннің Хань Чуньлин сынды бәсі биік тұлғаны Қазақстанға жібергені тегін емес. Қытай Қазақстанның экономика мен инфрақұрылымдық алып жобаларда сенімді серік болатынына нақты сенген тәрізді.

Хань Чуньлин - инвестициялық типті елшілерге жатады. Ол бизнес процестерге жақын, қаржы, сауда, экономика, құрылыс салаларында еркін жүзеді. Және Қазақстанға оның Қытаймен байланысы қарқынды дамып жатқан уақытта келді.


Соңғы 6 жылда Қазақстан мен Қытай басшылары жеті рет өзара сапар алмасқан. Қазақстан "Біртұтас Қытай" саясатын қатаң ұстанатынын, Тайванды мойындамайтынын Бейжіңге нақты мәлімдеп, компартияны қатты қуантқан еді. Қытайдың Астанаға саяси сенімі жоғары. Олар сенсе ғана инвестиция салатын халық.

Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы рекорд орнатып, 40 миллиард АҚШ долларынан асты. Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болып отыр. Былтыр Сиань қаласындағы көлік-логистикалық терминал ресми түрде жұмыс істей бастады. Қазақстан арқылы өтетін Қытай-Еуропа жүк пойыздарының саны 10 мыңнан асып, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 20 күн бұрын орындалды.

Екі мемлекет сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасын орындап, экономика мен сауда, инвестиция, өндіріс және энергетика сияқты дәстүрлі салалардағы ынтымақтастықты тереңдетіп келеді. Транскаспий халықаралық көлік дәлізі мен үшінші қытай-қазақ шекаралық темір жолының құрылысын жеделдетуге күш салуда.

Хань Чуньлин осыған жаңа леп бергісі келеді. Одан бөлек атом саласында да қазақ-қытай әріптестігі орнауы ғажап емес. Себебі уран өндіру мен оны байытуда екі ел мықты байланыс жасап отыр. Қазақстан қазір Қытайдағы бүкіл АЭС-терге уран таблеткасын әзірлеп, экспортқа жіберіп отыр.

Қытайлық компаниялардың Қазақстанда алапат күн электр станциясын салатын жоспары туралы ақпарат бар. Чуньлин дәуірінде осындай мегажобаларды көретін сияқтымыз.

https://t.me/dalainside
👍63😁4👎1
Shares.com – ыңғайлы және түсінікті сауда платформасы!

👉 Shares.com платформасы трейдерлерге қажет шешімдер негізінде әзірленген. Біз акциялармен сенімді сауда жасауға керек барлық құралдарды ұсынамыз. Платформамыз көптеген марапаттарға ие болды және Trustpilot сайтының "өте жақсы" деген бағасын алды.

ЫҢҒАЙЛЫ ПЛАТФОРМА ЖӘНЕ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША
Платформа мен мобильді қосымша жаңа функциялармен үнемі толықтырылып, сізге сенімді сауда жасауға мүмкіндік береді.

КЕҢ НАРЫҚ
Сауда нарығында 3000 + құрал бар. Оның ішінде иелік етпей-ақ индекстер, акциялар және криптовалюталар бойынша деривативтерді саудалаңыз.

ТӘУЕКЕЛ ЖОҚ
Капиталыңызға қауіп төндірмей, тәжірибені жетілдіру үшін тегін демо-шот ашыңыз.

ШЫНАЙЫ ЖӘНЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БАҒА
Жасырын комиссиясыз айқын баға белгілеу – барлық шығындарды түсініп сауда жасауыңызға мүмкіндік береді.

ТРЕЙДЕРЛЕР ТРЕЙДЕРЛЕР ҮШІН ЖАСАҒАН
Біз қазіргі зерттеулерді, терең деректер талдауын және ерекше инсайттарды пайдалана отырып, клиенттерімізді үнемі дамуға ынталандыратын өнімдерді әзірлейміз.

НАРЫҚТЫ МЕҢГЕРУ
Инновациялық технологиялар, қызықты оқу материалдары және ерекше сауда инсайттарының дұрыс үйлесімі сізге сауда саласында шынайы тәжірибе алуға көмектеседі. Сіз тәжірибелі трейдер болсаңыз да, енді бастаған болсаңыз да, біз сіздің дағдыларыңызды жетілдіруге және сенімді сауда жасауға қажетті құралдарды ұсынамыз.

Оңай және маңызды қадамдар:

1. Shares.com мобильді қосымшасын жүктеп, жаңа аккаунт тіркеңіз (қосымша iOS және Android платформаларында қолжетімді).
2. Верификациядан өтіңіз.
3. Алғашқы сауда жасаңыз.
4. Shares.com платформасы туралы достарыңызға айтыңыз.
5. Біздің Telegram және Discord қауымдастықтарына қосылыңыз.
6. Сауда жасауды жалғастырыңыз! 🚀

Инвестор болуға дайынсыз ба?

Онда шақыру сілтемесін басып, трейдинг әлеміне келіңіз!

Маңызды! Деривативтер – бұл левереджді қолдануға байланысты қаражатты тез жоғалту қаупі жоғары күрделі құралдар. Жеке инвесторлардың 82,12%-ы сауда кезінде қаражат жоғалтады. Деривативтердің қалай жұмыс істейтінін және ақшаны жоғалту қаупін көтере алатыныңызды түсіну деңгейіңізді бағалауыңыз қажет.
Бұл материал тек ақпараттық мақсатта ұсынылған және ешқандай өнімдерді немесе бағалы қағаздарды сатып алуға немесе сатуға ұсыныс болып табылмайды. Берілген ақпараттың дәлдігі мен толықтығы кепілдендірілмейді.
«Инвестициялық зерттеу» ретінде түсінуге болатын ақпарат тәуелсіз зерттеулердің талаптарына сәйкес дайындалмаған және маркетингтік коммуникация ретінде қарастырылады.


#sharescom #trading #investing

👉 @sharescomofficial
👍11🔥9👎3👏1
⛽ Төрт компрессор: Теңізден 34,7 миллион тонна мұнай алу Қазақстанға не береді?

Қазақстандағы ең ірі мұнай компаниясы болып табылатын Теңізшевройл Болашақ кеңейту жобасының алғашқы нәтижелерін көре бастады. Осы жоба өзінің толық қуатына жеткен уақыттан бастап, Қазақстан күніне 1 миллион баррель мұнай өндіретін болады. Былтыр Теңіз кенішінен 27,8 млн тонна мұнай алынса, биыл кеңейтудің арқасында 34,7 млн тонна мұнай шықпақ. Бұл - 253,3 миллион баррель KEBCO сортты мұнай. Нарықтағы қазіргі бағасы 19 миллиард доллардан асар еді.

Былтыр Қазақстан барлық кен орындарын есепке алғанда 87,7 миллион тонна мұнай немесе 640 миллион баррель мұнай өндірді. Ол оның алдында межеленген жоспардан аз болып шықты. Биылға 96,2 млн тонна мұнай (505 мың баррель) деген жоспар қойылып отыр. Өсімнің негізгі бөлігін Теңіз кеніші қамтамасыз етуі тиіс.

Chevron компаниясы Теңіздің ПБР-ПУУД жобасы іске қосылғаннан кейін, 2025 жылы «Теңізшевройлдың» таза ақшалай ағыны 8 миллиард АҚШ долларын, ал 2026 жылдан бастап 10 миллиард долларды құрайды деп болжайды.


Қазақстан биыл көбірек мұнай өндіретіні анық. Бірақ әлемдің нарықтарда мұнай бағасының түсіп кету қаупі осы өндірістің артуын, кеңейту жобасына салынған инвестицияның қайтуын қиындатуы мүмкін. АҚШ президенті Дональд Трамп пен ОПЕК қандай қимылға барары да белгісіз. Трамп мұнай бағасын тек ОПЕК арқылы түсіре алады. Бірақ ОПЕК+ келісімі кезінде мұнай бағасын арзандатпай ұстап тұру үшін мұнай өндіру көлемін шектеуге бағытталған еді. ОПЕК АҚШ айтты деп өз бағытын 180 градусқа өзгерте ме? Ол жағын ешкім тап басып біле алмады.

Қазақстан барынша көп мұнай өндіріп, одан көбірек пайда табуға ниетті. Себебі, жылда қайталанатын бюджеттік дефицит Ұлттық Қор қазынасын айтарлықтай жүдетіп тастаған болатын. Мұнай өндіру көлемінің артуын пайдаланып, Ұлттық Қорды кемінде 10 миллиард долларға толтырып қою қажет.

ТШО – Қазақстанның негізгі үміті болып отыр. Кеңейту жобасының аясында 4 компрессор қойылып, 5 газотурбинді генератор орнатылған. Үкімет олар істен шықпай, тұрақты түрде қысым болса деп армандайды.

Бір нәрсе анық – Қазақстан ТШО кеңеюі жобасынан пайда көру үшін әлемдік нарықта мұнай бағасы барреліне 70 доллардан түспеу қажет. Себебі, биыл фьючерстер құлайтын болса, ел бюджеті ауыр жағдайда қалады.

https://t.me/dalainside
👍33
🇰🇿 Қазақстан 2025: экономикалық картина толық өзгермек

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында "Қазақстан өзінің қаржылық проблемаларын қалай шешеді?" деген басты сұрақ қаралып, оның шешімдері айтылды.

Бюджеттің негізгі кіріс бөлігі салық екенін ескерсек, осы бағытта үлкен проблемалар байқалған еді. Мысалы, былтыр республикалық бюджетке 12,3 триллион теңге салық жиналды. Ол жоспардан аз болып шықты. Тіпті жоспар орындалғанда да, бюджет шығындары кірістен тез өсуде. Ол дефициттің бақылпусыз ұлғаюына алып келіп, Ұлттық Қорға қауіп төндіре бастады.

Үкімет осы мәселені шешу үшін қосымша құн салығы институтын толық жаңғыртып, ҚҚС ставкасын 20 пайызға арттырып, оған ілінудің шегін 15 миллион теңгеге дейін түсірмек. Дәл осыдан кейін, Қазақстандағы кәсіпкерлердің тек 4%-ы төлеп келген қосымша құн салығының ауқымы кемінде 60% үлесті алатын болады. Бұл бюджетке кемінде 7 триллион теңге алып келмек. Ұлттық қордан алынып жүрген қаржыны жаба алады.

Қазақстан фискалды қатаң саясат режиміне ауысуда. Себебі, мемлекеттік қаржы мен қарызда проблемалар күшейген, стангнациялық белгілер бар. Етек-жеңді жинау арқылы ғана ел даму жолына түсе алады.

Экономикалық сарапшылар бүгінгі отырыстағы шешімдерге оптимизммен қарап отыр. Патернализм, масылдық философия азаюы тиіс. Және жиналған ресурстардың әділ үлестірілуіне қатысты халық тарапынан талап күшейетін болады. Мұны жаңа қоғамдық келісім-шарт деп атауға да келеді.

Тек Үкімет осы шараларды тезірек жүзеге асыруы керек. Ол үшін Парламент популизмін қысқартып, конвейер режиміне ауыстыру көзделіп отыр.

https://t.me/dalainside
👎62👍23😁9🤯4😢2
🫰🤙 НДС бойынша саудаласу келесі аптада басталмақ

Үкімет қосымша құн салығына қатысты ұсынысын кәсіпкерлер палатасы мен түрлі одақтар арасында талқылап алады. Белсенді диалог келесі аптадан басталмақ. Онымен бірге, халыққа осы мәселені түсіндіру бойынша барлық ресурстар жұмылуда. Бір сөзбен айтқанда, келесі апта қызу өтпек.

"Үкімет сауданың қиын өтетінін болатынын түсінеді. Екі жақ та берісуге дайын емес. Қосымша құн салығының ставкасы кәсіпкерлермен сауда барысында 20 пайыздан біршама түсетіні анық. Мүмкін 17-18 пайыз шамасында тұрақтар", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Ал шағын және орта бизнес өкілдерімен қосымша құн салығының шегі туралы нағыз шайқас күтіп тұр. Үкімет оны 15 миллионға дейін түсіру туралы ұсыныс берген болатын. Кәсіпкерлер 40 миллион теңге шегін қорғап көрмек.

"Атамекен" палатасы кәсіпкерлерге керек пе деген сұрақтың жауабын биыл алатын боламыз. Себебі Үкімет НДС бойынша палатаны сындырып тастаса, онда көптеген кәсіпкерлер Атамекеннен теріс айналмақ.

"Ой, жестко болайын деп тұр" деп, түйіндеді дереккөз.


Түсінікті себептермен Үкіметке салық арқылы қосымша 6-7 трилллион теңге жинау керек. Қосымша құн салығын өсіруден басқа резерв қалмаған. Басқа амал табылмаса, Ұлттық Қордағы валюта 10 жылдың ішінде таусылатын болады. Кәсіпкерлер өз кезегінде қазіргі комфортты жағдайдан айрылғысы жоқ.

Шахматтағы пат жағдайы туындады. Екі жақ та сәл компромиске келмесе кеш болады.

https://t.me/dalainside
👍45😁11
🇺🇲✂️ Минус Сорос, минус USAID. Қазақстанда АҚШ грантын жеп жүргендер нансыз отыр

Бір апта бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі федералды гранттар беруді тоқтатып, басқа елдерде жұмыс істейтін қаптаған гуманитарлық, ақпараттық бағдарламаларына аудит жүргізе бастады. Бюджет және басқару басқармасының (OMB) мәліметінше ең алдымен Ақ үй бұл бағдарламалардың Трамп идеологиясымен қаншалықты сәйкес келетінін анықтамақ. Одан кейін сыртқы қаржыландырудағы жемқорлық тексерілуі тиіс. Үшінші елдерге бөлінген миллиардтаған доллар гранттарды үлестіру барысында түрлі жемқорлық орын алды ма деген тергеу жүргізілетін болады.

Кеше қаржыландырусыз қалған USAID өз сайтын жауып тастады. Ондағы бөлім басшылары "әкімшілік отпускке" жіберіле бастаған. Трамп USAID тәуелсіз агенттік емес, Мемлекеттік департаменттің еншілес құрылымы болуы керек деген райда. Оған демократтар қарсы болып отыр. Бірақ Конгрестегі көпшілік республикандықтардың қолында болғандықтан, демократтар Трампқа қарсы дым істей алмайды.

Жыл сайын USAID Джордж бен Алекс Соростың қорларына 50 миллиард доллар бөліп жүрді. Сорос ол ақшаға түрлі өңірлердегі демократия, адам құқығы, билікпен күрес бағыттарына грант бөліп, белсенділерді оқытып келген болатын. Биылға аударылуы тиіс қаржы паузаға қойылғандықтан, гранттардың тағдыры белгісіз болып тұр.

"Қазір Қазақстанда Соростың журналистерді ағылшынша оқыту, жоспардан тыс жүктіліктің алдын алу, жергілікті тендерлерге мониторинг жүргізу бағдарламалары тоқтады. "Оян, Қазақстан" оппозициялық жастар қозғалысы ақшасыз отыр. Олар да көпке бармайды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Бізде медиа, тәуелсіз контент әзірлеу, әлеуметтік медиа жобалар бағытында USAID гранттарының көбін Internews ұйымы игеріп келген болатын. Қазір коммерциалық емес ұйым былтырғы бюджеттен қалған қаржымен отыр. USAID кететін болса, Internews бағдарламалары 60 пайызға дейін қысқаруы мүмкін.

"Азаттық радиолары желісіне транш аудару мәселесі шешілмеді. Олар USAID емес, USAGM (АҚШ Жаһандық медиа агенттігі) арқылы, Конгрес шешімімен қаржыландырылады. Биылғы транш көлемі қысқарады деген қауіп бар. Егер Азаттық радиосының жер-жерлердегі басшылығы "біз миссиямызды орындадық" деген сарында сөйлей бастаса, демек сол елдегі өкілдігі көп ұзамай жабылады деп түсінуіміз керек", - дейді, дереккөз.


Оның айтуынша, Азаттықтың Орталық Азия бойынша блогында биылғы жартыжылдықта өзгерістер бола қоймайды. 2025 жылдың екінші жартысында оптимизация бойынша шешімдер қарастырылуы мүмкін.

Дональд Трамп дәуіріндегі Америка "жаһандық демократия мен еркіндік идеясының бесігі" символынан арылғысы келетінін байқаймыз. Оның орнына Трамп "қуатты, білегі мығым ұлы держава" деген ұстаным беруде. АҚШ енді баяғыдай еркіндік аумағы, бәріне тең мүмкіндік беретін әділетті ел емес, өзіне қарсы тұрғанды жайпайтын, әскери және материалды күші тасып тұрған алып империя.

Трамп өзіне керек емес дүниеге ақша жаратпайтын капиталист тұлға. Оған демократия керек емес болғандықтан, енді Ақ үй демократия деген абстрактылы идеяға доллар шығындамайтыны анық. Бролигарх Илон Маск тізгінін ұстаған Тиімділікті арттыру департаменті (DOGЕ) осы аптада Қаржы министрлігінің транзакцияларын тексеру және тоқтату функциясына қол жеткізді. Қандай шетелдік ұйым қалай қаржыландырылғаны жасанды интеллект көмегімен зерттелетін болады. Илон Маск транзакцияларды күніне 4 миллиард долларға қысқартуға ниетті.

Гүлге су құйса ғана өсетіні сияқты, демократия да доллар құйса ғана өсетін қасиетін байқатқан болатын. Енді доллар жоқ.

https://t.me/dalainside
👍55😁12🤮3😡2🔥1
Bereke Bank Women in Tech Global-дың ресми серіктесі атанды


Bereke Bank Women in Tech Global ұйымымен серіктестік туралы келісімге қол қойды және Осака қаласында (Жапония) өтетін «Women in Tech Global» саммитіне қатысатын қазақстандық делегацияның ресми демеушісі атанды. 60 астам мемлекеттің мамандары бас қосатын саммитке қатысу қазақстандықтардың технология саласындағы жетістіктерін көрсетудің бірегей мүмкіндігі болмақ.

https://dalanews.kz/kz/article/bereke-bank-women-in-tech-global-din-resmy-seriktesi-atandi-1.html

* серіктестік материал
👍21🤮11
💰🏳️‍🌈 Ояну қымбаттаған, ЛГБТ болу да арзан емес

Қазақстандағы USAID шабадандарын жинап, есігін жапқаны белгілі. Қазір осы ұйым бізде не істеді, қандай жобаларды атқарды деген сұрақтарға жауап ізделіп жатыр. Біздегі USAID көбіне өзінің білім қолжетімділігін арттыру мен денсаулық сақтау саласындағы игі жобаларын көбірек көрсетіп, осыны істеп жатырмыз деп жарнамалап келді. Бірақ бұл ұйымның жария қылмай, үнсіз жасаған басқа бағыттағы біршама көлеңкелі жұмыстары да бар.

Телеграм арналарда жарияланып жатқан Қазақстандағы USAID қызметінің нәтижелеріне арналған роликте біздегі митингке шығу, ояну, феминизм пен ЛГБТ құқығын қорғаудың доллармен шаққандағы нақты ақшалай құны көрсетіледі. USAID бұл ролик біздікі деп ресми верификация жасаған жоқ. Онда «Oyan, Qazaqstan» сынды жастардың оппозициялық жобасына 5 миллион доллар, феминистерге 3 миллион доллар, адам құқығын қорғаушыларға 9 миллион доллар қаржы бөлінгені көрсетілген. Жынысын қызға ауыстырған трансгендер жігіттердің қымбат операциялары да қаржыландырылған.

«Қаржы көлеміне байланысты ештеңе айта алмаймын. Ол транзакцияларды тексеру оңай емес. Алайда жалпы еліміздегі көптеген билікке қарсы қозғалыстар, жастардың феминистік және ЛГБТ топтары USAID агенттігімен етене жұмыс істегені жасырын емес. Келесі аптада осы жобаларға қатысты біраз материалдар жарияланатын болады», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Енді АҚШ сырт айналғандықтан Қазақстандағы ЛГБТ қауымдастық Еуропалық Одаққа үміт артып отыр. Дереккөздің айтуынша, кешеден бастап қазақтың белсенді гейлері мен лесбианкалары кәрі құрлықтағы түрлі қорлар мен адам құқығын қорғау жөніндегі ұйымдарға хат жолдай бастады. Онда Феминита мен ЛГБТ хартиясының жұмысы тұралап қалмауы үшін материалды көмек көрсету бойынша өтініш айтылады.

«Біздегі ЛГБТ-ның негізгі тірегі АҚШ еді. Еуропа ондай жұмысқа қатты араласқан жоқ. Және ондағы қорлардың Орталық Азияға қатысты нақты стратегиясы жоқ. Тек Ұлыбритания ғана көмек қолын созуы мүмкін. Бірақ баяғыдай Американың кезіндегідей миллиондаған доллар деген әңгіме болмайды. Еуропа бұл жағына келгенде өте сараң», - дейді, дереккөз.


Қазақстандағы демократия, адам құқықтары, феминизм мен ЛГБТ қозғалыстары тек доллардың күшімен өмір сүріп келгені білініп қалды. Сондықтан бұл нағыз энтузиазм ба, әлде есебі мығым бизнес жоба ма, оны анықтау қиын. Бірнеше дереккөз «келесі аптаны күтіңіздер» деген сигнал берді.

https://t.me/dalainside
👍63👏11😁8😡4🔥2💯1
Yandex Qazaqstan "Digital Almaty 2025" форумында қала бойынша жеткізу нарығының трендтерімен бөлісті

2024 жылы Яндекс Go жеткізу сервисінің қолданушылар саны 25 пайызға артқан. Сервис аясында жаңа қызметтер пайда болды.

Ал Алматыда іске қосылған "Яндекс Go Лавка" сервисі биыл өз дарксторларының санын арттыруды жоспарлап отыр. Қазір осындай үш нысан жұмыс істейді.

Толығырақ 👉 https://dknews.kz/ru/biznes/351510-yandex-qazaqstan-pro-trendy-i-novinki-v-sfere
🤮24😡7👍4👎3😁2
🫨 ЛГБТ басқа амалдарға көшті. USAID вакуумын кім толтырады?

Еуроодақ пен феминистер мен ЛГБТ өкілдері түрлі масштабтағы провокациялар ұйымдастыра бастамақ. Бастысы өздеріне Қазақстанда қысым бар екенін дәлелдеуі тиіс.

"Түрлі жекелей митинг, топтық перформанс, өзін шынжырға байлап тастау, тіпті таныстарына бетін көгертіп ұрғызу сынды былайша айтқандағы "акциялар" жоспарлануда. USAID кеткелі бері феминистер мен ЛГБТ қозғалысы ертеңгі болашағына алаңдай бастады. Бастысы - тез арада жаңа спонсор табу керек", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Алғашқы іс-қимылдар басталып та кетті. Біраз ақпарат құралдарына өзін Назарбаев университетінің студенті ретінде таныстырған Темірлан Баймаш қоғамдық позициясы үшін университет тарапынан қысым көріп жүргенін хабарлады. Ол ЛГБТ құқықтарын қорғаумен айналысатын queer.kz қоғамдық бастамасының жетекшісі болып шықты. Феминистік митингтердің белсенді мүшесі.

Алайда, Назарбаев Университет 2025 жылғы 3 ақпанда ресми мәлімдеме жасап, әкімшілікке қауіп-қатер туралы шағым түспегенін хабарлаған. Ал оқу орнындағы студенттердің сөзінше, Темірлан қазіргі уақытта университеттің белсенді студенті емес, академиялық демалыста болып шықты.

Бұл да өзіне назар аударту акциясы екені анық. Келесі аптада ЛГБТ өкілдері мен феминистер күптеген жерден "қиналып" кетіп, әр түрлі тараптан қысым көре бастаса, оны шетелдік жаңа демеушілердің назарын аударту акциясы деп қабылдаған жөн.

https://t.me/dalainside
👍52👎17🤮11
🇲🇾Малайзияға көшуді ойлап жүрсіз бе?

Әзір Куала-Лүмпірде тұратын танымал продюсер Айсәуле Әбілда сол жақтағы өмірді бастан-аяқ зерттеп, өз тәжірибесімен бөлісетін пайдалы гайд әзірледі!

✅ Қалай көшіп баруға болады?
✅ Виза рәсімдеу жолдары қандай?
✅ Балаңыздың мектебін қалай таңдайсыз?
✅ Оқу орталықтары, жұмыс, қаржы мәселесі қалай шешіледі?
✅ Күнделікті көлік, тамақ, өмір сүру құны қанша?

📱 Бұл гайд сіздің Малайзияға көшуді жоспарлау жолындағы басты көмекшіңіз болмақ! Егер сізге нақты әрі практикалық ақпарат керек болса, осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.

Толық ақпарат алу үшін сілтемені басыңыз! ⬇️

https://taplink.cc/oisaule

немесе төмендегі уатсап нөміріне жазуыңызға болады:

https://wa.me/601115551252
👍33💯4👏3
📻✂️ Азаттық: ана жерде қысқару, мына жерде жабылу

Илон Масктың шабуылынан кейін әлемдегі Азаттық радиоларын басқаратын және қаржыландыратын АҚШ-тың USAGM жаһандық медиа агенттігі радиолар желісін оптимизациялау туралы жоспарын дайындай бастады. Ал келесі аптада осы агенттік пен Илон Маск басқаратын тиімділікті арттыру үшін ашылған DOGE департаменті арасында келіссөздер өтпек.

"Орталық-шығыс Еуропадағы, мысалы Румыния, Болгария, Венгрия, Солтүстік Македониядағы Азаттық радиолары толық жабылады. Олар өз миссиясын 20 жыл бұрын орындап тастаған. USAGM басқарушы комиссиясы осындай кулуарлы шешімге келді. Енді протоколмен бекітеді", - дейді, Ақ Үйге жақын DALA INSIDE дереккөзі.


Қалған радиолар бойынша А және Б сценарийлері дайындалды.

"А" сценарийінде Орталық-шығыс Еуропа жабылады, ал қалған елдердегі редакцияларда 50 пайыз қысқарту болады. Орталық аппаратта 40% пайыз қысқарту жүреді. Жылына 1 миллиард доллардан шамамен жартысы үнемделуі тиіс.

"Б" сценарийінде Иран мен Ресейден басқа барлық тәуелсіз мемлекеттердегі Азаттық редакцияларын жабу көзделген. Олар Молдова, Румыния, Болгария, Венгрия, Солтүстік Македония, Косово, Босния Герцоговина, Украина, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Армения, Әзірбайжан, Грузия. Жабардың алдында елшіліктер арқылы осы ел үкіметтеріне "сендерге Азаттық радиосы керек пе?" деген сұрақ қойылатын болады. "Керек емес" деген елдердегі редакция жабылмақ. Сонда Азаттық радиолары Ресей мен Иранға қысым рычагы ретінде, және Кавказ, Қырым, Татарстан, Сібір сынды бодан аймақтарда жұмысын жалғастыруы тиіс. Орталық аппарат 70 пайызға қысқарады. Бұл жылына бөлінетін 1 миллиард доллардың 700 миллионын үнемдемек.

Келесі аптада жабық келіссөздер мемлекеттік хатшы Марко Рубио, Конгрес өкілдері, DOGE және USAGM арасында өтетін болады.

DOGE басшысы Илон Маск кеше «Азаттық» пен «Америка дауысы» радиоларын жабуға шақырып, ол туралы өзінің Х әлеуметтік желісінде жазған болатын. Маск оларды «радикалды солшыл есалаңдар» деп атап, салық төлеушілердің қаражатын ысырап етіп келеді деп айыптады.

«Олар өзімен-өздері сөйлесіп отырған, американдық салық төлеушілердің ақшасынан жылына 1 миллиард доллар жағып отырған радикалды солшыл ессіздер ғана. Жабу керек. Оларды енді ешкім тыңдамайды», - деп жазылған Илон Масктың постында.
Әлем бойынша Азаттық радиосының редакциялары Илон Масктың бұл мәлімдемесіне реакция бермеді. Ал қазақ редакциясының жалпы Илон Маск пен оның идеялары мен қадамдары туралы жазуға құлықсыздығы байқалады.

https://t.me/dalainside
👍45👎7👏3💯3🔥2
🛢️ Шеврон Қазақстанмен келіссөзге тыңғылықты дайындала бастады

Мұнай-газ секторында кезінде жасалып кеткен контракттарды қайта қарау және оны Қазақстан үшін әділ шешу бойынша Мемлекет басшысы өз пікірін білдірген болатын. Біз үшін бітуге жақын қалғаны - Теңіз кеніші бойынша Шеврон корпорациясымен жасалған келісім-шарт. Ол 2033 жылы бітеді. Ал шарт бітуге 5 жыл қалғанда оны ұзарту бойынша барлық сұрақтар шешілуі тиіс.

Әңгіме Теңізшевройлдағы Қазақстан үлесі туралы болатынын Chevron біліп отыр. Қазір ТШО-да Шеврон 50%, ExxonMobil - 25%, Қазақстан - 20% және Лукойл 5% үлеске ие. Қазақстан 2033 жылы ExxonMobil-дан кем түспей өз үлесін тағы 5 пайызға көтеріп, 25% қылғысы келеді. Тек ол кімнің үлесі есебінен жүруі керек?

"Негізі Қазақстан Шевронға "сендер жұмыс істей бересіңдер, уайымдамаңдар" деген месседж берген болатын. Бірақ ол үшін Шеврон да өз тарапынан белгілі бір жеңілдіктерге баруы тиіс. Осы сигнал екі жыл бұрын айтылды. Басында Шеврон өзі емес, ЭксонМобилді танктің астына итергісі келді. Бірақ Эксон оған көнбеді", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Chevron таяуда жаңа қаржылық стратегиясын қабылдаған болатын. Оған сай корпорация Қазақстан, АҚШ және Мексика шығанағында мұнай өндіруді кеңейту арқылы өзінің еркін ақша көлемін (FCF) 6–8 млрд долларға арттыруды жоспарлап отыр. Және кемінде 4-5 миллиард долларға шығындарды қысқартпақ. Осы қысқарту оның пайда әкелмей жатқан активтеріне қатысты жүретін болады.

2033 жылы контрактты жаңарту үшін Шеврон Қазақстанға не ұсынады? 2026-2028 жылдар аралығы осы мәселені шешу кезеңі болмақ. Қазір Шеврон өз ішінде басқарма және акционерлерімен Қазақстанмен арадағы келіссөздердің сценарийі мен модельдерін болжауда.

"Шеврон ТШО-да өз үлесін қысқартатын болса, қалған акционерлердің де дәл осылай істеуін талап етуі ғажап емес. Мысалы, ЭксонМобил 1,5 пайыз, Лукойл 0,5 пайыз акцияларын Қазақстанға берсін, ал біз қалған 3 пайыз акцияларды береміз деген шарт қоюы мүмкін. Себебі, тіпті ТШО ішінде де Шеврон мен ЭксонМобил бәсекелестігі байқалады. ТШО Шевронның басты активі. Сондықтан корпорация үшін өз үлесінің 45 пайызға қысқарып, ал ЭксонМобил үлесі сол қалпы қалғаны психологиялық жағынан ауыр", - дейді дереккөз.


ТШО басшысы Кевин Лайон арада СРП болмағандықтан, Шеврон мен қазақ халқы арасындағы контракт әділ жасалған деген пікірде. ТШО бойынша өнімді бөлу туралы келісім жоқ. 1993 жылы жасалған 40 жылдық "ғасыр контракты" роялти мен салықтар механизмі бойынша әзірленген. Ал Қазақстан тарапы не болса да өз үлесін арттыруға ниетті. Себебі Ұлттық қорды толтыру қиындап барады.

https://t.me/dalainside
👍62😁5🔥1
🫵 Ким болсаң да адам өлмесін. Осы аптада Қазақмыс қожайыны қатаң әңгімеге шақырылмақ

Сол жағалау «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Жомарт» шахтасында 7 адамның қаза тапқанын өте ауыр қабылдады. Себебі, бұл елімізге үлкен трагедия алып келген Лакшми Митталды қайтадан еске түсіріп отыр. Қазақмыстың негізгі акционері, 70 пайыз үлесін иеленіп отырған олигарх Владимир Киммен өте жоғары деңгейде кездесу өткізу жоспарланған. Олигарх шахталардағы қауіпсіздікті күшейтуге қомақты инвестиция салмаса, оның Қазақстанда жұмыс істеуіне қатысты сұрақтар қойылатын болады.

«Вице-премьер Қанат Бозымбаевқа барлық карт-бланш берілді. Ол Қазақстан Үкіметінің атынан сөйлейтін болады. Қазақмыс акционерлері Владимир Ким мен Эдуард Огайдың апатты тергеу кезінде алыс шетелде емес, жақын маңда жүруі талап етілді. Үкімет шахта басшысы сияқты орта деңгейлі менеджерлермен емес, аталған екі акционер мен корпорацияның басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев деңгейінде сөйлесетін болады», - дейді DALA INSIDE дереккөзі.


Дереккөз Владимир Кимге заманның өзгергенін, бұрынғыдай мәселені ақша және таныстықпен жауып жүре алмайтынын қатаң ұғындырып қою бойынша шешім қабылданғанын айтады. Бұл, жеті адамның қазасы бойынша ашылған қылмыстық істе қатардағы менеджерлер емес, Қазақмыс басшылығы фигурант болады дегенді білдіреді.

Соңғы 4 жылда Қазақмыс шахталарында 13 адам өлді. 122 адам түрлі жарақат алды. Негізгі апаттардың барлығы Ұлытау облысындағы көне шахталарда орын алуда. Ондағы қауіпсіздік деңгейінің төмендігі, құрал-жабдықтарға инвестиция бөлінбегендігі айқын байқалды. Бұл тура бұрынғы «АрселорМиттал Теміртау» кейсіне ұқсайды.

Мұндай мәселені шешуде Қазақстан біршама тәжірибе жинап алды. Миттал кетіп, оның орнына қайта жаңарған «Qarmet» шахталарында апаттың алдын-алу үшін жаңа технологиялар қолданылып жатыр. Дегаздандыру құрылғылары талай адам өмірін сақтады. Кезінде Лакшми Миттал мұндай заттарға мүлде ақша бөлмейтін еді.

«Енді адамдар өлетін болса, онда Владимир Ким Лакшми Миттал сияқты елден кетуі мүмкін. «Әділетті Қазақстан» бұдан былай өз азаматтарының өліміне мүлде келіспейді. Кім болса да, қанша салық төлесе де, ең бастысы ел азаматтары аман жүруі тиіс. Осы аптада өкілетті тұлға Кимге аталған позицияны жақсылап түсіндіретін болады», - дейді, дереккөз.


Қазақмыс шахталары мен өндірісі «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің иелігінде. 2023 жылдың қорытындысы бойынша корпорация 110 миллиард теңге таза кіріс алып келді. Былтырғы жылдың алдын-ала есебі бойынша осы жылы акционерлері кемінде 100 миллиард теңгеге қол жеткізе алады.

Қалай болғанда да, Қазақмысқа 80 миллион долларға бизнес-джет алғанша, шахталардағы қарапайым еңбеккерлердің қауіпсіздігіне көңіл бөлуі керек. Мұндай апат тағы қайталанса, корпорация үшін бәрі бір демде өзгеріп кетуі мүмкін.

https://t.me/dalainside
👍118😁8👎2👏2
🛰️ 8 триллион теңге: Қазақстан өндірісті бұрын-соңды болмаған масштабта жаңғыртпақ

Реформа ойдағыдай өтсе, Қазақстанда көп дүние жасалатын болады. Өз тауарымызды тұтына бастағандықтан, болашақта инфляция төмендеуі тиіс.

Үкімет шағын және ірі бизнес, тұрғын үй құрылысы салаларындағы инвестициялық жобаларға 8 триллион теңге бөледі. Ол бюджеттің ақшасы емес. Кепілдік беру механизмі арқылы жекеменшік қаржы институттарында шоғырланған капитал да өндіріске бағытталмақ. Ол кредит пайызы теңгелей 12% шамасында болады. Бұл бизнеске ыңғайлы. Қаражаттың барлығы өңдеу өнеркәсібі салаларына берілмек. Оның ішінде 1,5 триллион теңге тек ауыл шаруашылығындағы жобаларға арналған.

Сонымен қатар, мемлекет IT, логистика, туризм, азық-түлік өндірісі, құрылыс материалдары, машина жасау, жеңіл және химиялық өнеркәсібі салаларындағы инвестицияларға тапсырыс жариялады. Оны алу үшін Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментіне, «Даму» қоры мен «Байтерек» холдингіне хабарласу керек.

Қазақстан көп сын айтылса да, түрлі өндіріс ошақтарын көбейтіп келеді. Халыққа ол көріне бермейді. Себебі қазір көбіне халық тұтынатын тауар емес, басқа өндіріске қажет заттар жасалуда. Өндірістің үшінші циклына жетсек, базар мен дүкендер отандық тұтыну заттарымен толыға бастайды. Ол шамамен 2030 жылдары орын алуы мүмкін.

8 триллион эффектісін қашан көреміз? Оған кемінде 5 жыл қажет. Биылдан бастап енгізілетін салық реформасы отандық өндірушіге барлық жағдай жасайтын болады. Кәсіпкерлер де барынша өндіріске бұрылуы тиіс.

https://t.me/dalainside
👍83😁35👏3
«Болмаған балалық шақ» 27 ақпанда үлкен экранға жол тартпақ

ҚР «Дарын» жастар сыйлығының иегері Ақберен Елгезектің кейінгі жылдары бестселлерге айналған туындысы «Болмаған балалық шақ» шығармасының желісі бойынша түсірілген драмалық фильм.
Шынайы оқиғаға негізделген бұл туынды балалық шағынан ауыр тағдырдың сынағына түскен кейіпкердің өмірін суреттейді. Басты кейіпкер қиындықтар мен әділетсіздікке қарамастан, өз жолын табуға және адамдық қасиеттерін сақтауға тырысады.

Фильмде «Болмаған балалық шақ» шығармасындағы оқиғаларға негізделген сюжеттер көрініс тапқан. Оқиғаның шынайылығы мен кейіпкерлердің терең психологиялық бейнесі көрерменге үлкен әсер сыйлайды.

Фильмнің бас продюсері автордың өзі – Ақберен Елгезек, режиссері – Айдын Сахаман, сценарийін жазған – Ефрат Шәріпов. Кинотуынды 27 ақпаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды. Фильмдегі басты рөлдерді Ерлан Біләл, Берік Айтжанов, Әшім Ахметов пен жас актер Шәкәрім Алмасбек ойнады.
👍106🔥2😁2