DALA INSIDE
10.3K subscribers
412 photos
136 videos
1 file
1.17K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
💣 Алматы облысы мылтық атуға қатты шығындалмақ

Өңірде бұл мәселеге миллиардтар жұмсалмақшы. Бізге жеткен мәліметтер бойынша, облыстық мәслихат депутаттары Іле ауданы Байсерке ауылында орналасқан «А.Асанов атындағы атқыштар клубы» ЖШС-іне 11,2 млрд теңге бөлу туралы ұсынысты мақұлдаған. Бұл мемлекет пен жекеменшік серіктестік негізінде жүзеге асатын жоба дейді дереккөз.

"2024 жылдың қараша айында Алматы облысының әкімдігі мәслихат депутаттарына аталған клубқа 10 жылдық мерзімге 11 млрд 265 млн теңге бөлуді ұсынды. Мәслихат бірауыздан мақұлдамаса да, көпшілік дауыспен шешім бекітілді", - дейді, дереккөз.


Атқыштар клубы 2002 жылы ашылған. Сол уақыттан бері коммерциялық нысан ретінде жұмыс істеп, салық төлеп келген. Тиісті коммуникация желілері түгелдей тартылған. Толық жұмыс істеп тұр. Ал соңғы 5 жылда мемлекетке төлеген салық мөлшері ашық деректерде бар. Тек 2025 жылы салық көлемі күрт өскені байқалады. Себебі облыстық әкімдік клубқа 2024 жылы 1,2 млрд теңге, 2025 жылы 761 млн теңге бөлген.

Ол қаржыға атқыштар клубы жаңа ғимарат салу, инфрақұрылымды дамытуға жұмсауы тиіс еді. Алайда бұрынғы ғимаратқа тек жөндеу жұмыстары жүргізілген. Үнемі бюджет тапшы, қаржы жетіспейді деп жүргенімізде атқыштар клубына миллиард шығындау қажет пе?

https://t.me/dalainside
😱34😡15😁3
🇪🇺 Тамыз аномалиясы. Еуроодақ Қазақстанды тексеруі мүмкін

2025 жылдың тамыз айында Қазақстанға 4 мың дана шағын энергетикалық генераторлардың әкелуі санкциялық тауарларды бақылап отыратын халықаралық топтардың күдігін туғызды. Қытайдан импортталған бұл тауарлар Ресейге реэкспорт емес пе және оның ішінде соғысқа қажет электроника жоқ па деген сұрақ туындаған. Жалпы 2025 жылдың басынан бастап Қазақстанға импортталған шағын генераторлар саны 6 мыңнан асып кеткен.

«Негізі Қазақстан санкциялық потенциалы бар тауарлардың қозғалысын өте мұқият бақылайды. Сыртқы бақылаушылар дата аналитика арқылы кеден статистикасындағы кез-келген аномалияны көре алады. Шынымен де, шағын генераторлар бойынша аномалия бар. Бірақ ол елдің ішкі шаруашылығына да қажет болуы мүмкін. Басты міндет - осыны дұрыс тексеріп, анық-қанығына көз жеткізіп алу» - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


DataHub есебінше, 2025 жылдың тамыз айында елге келген 4 мың дана жел энергетикасы генераторлары бұған дейінгі (2022–2024 жылдар) үш жылды қосқандағы статистикадан да асып кеткен. Яғни осының алдындағы үш жылды қатар қосқанда импорттай алмаған көлем Қазақстанға бір айдың ішінде жеткізілген. Өткен тамызда әкелінген 4 мың қондырғының әрқайсысының орташа салмағы шамамен 1 тонна, ал орташа құны 5,9 мың доллар болған. Барлығы дерлік Қытайдың тауары. Бұдан олардың шағын қондырғылар екенін көруге болады.

«Украинаның Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына беріп жатқан соққысы өз апогейіне жеткендіктен, жел қондырғыларын Ресейдің алдағы қысқа дайындығымен де байланыстыруға болады. Бірақ бұл тек версия ғана», - дейді, дереккөз.


Ресми статистикада Қазақстанның бұл қондырғыларды Ресейге экспорттап жатқаны тіркелмеген. Демек, құжат бойынша шағын жел генераторларының барлығы біздің елдің аумағында қалып отыр.

Үстіміздегі жылдың наурыз айынан бері Еуроодақ Қазақстанға санкциялық бақылауын сәл жұмсартты. Оған еліміздің кедендік рәсімдерді толық автоматтандырып, цифрлі таңба жүйесіне көшкені сеп болған. Қазіргі таңда Қазақстан үшін қайталама санкциялардың қаупі жоқ. Өз тарапынан Америка Құрама Штаттары да OFAC арқылы елімізге санкциялар ауылы алыс екендігін білдіріп отыр.

https://t.me/dalainside
👍33😱5👎1
Qazaq Expert Club-тың бірінші легіне қатысуға шақыру
 
Эксперттерді даярлау және сүйемелдеу бағдарламасының алғашқы легіне өтінім қабылдау ашық.
 
Qazaq Expert Club Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп, PaperLab және TEDxAstana қолдауымен жаңа бағдарламаны іске қосады. Бағдарлама қоғамдағы жаңа ой көшбасшыларын тәрбиелеуге және ұзақ мерзімді медиакарьераны дамытуға бағытталған. 5 апталық интенсив барысында қатысушылар өздерінің медиа саласындағы орнын анықтап, шешім қабылдайтын тұлғалармен тұрақты байланыс орнатып, кәсіби ықпалын арттырады.
 
Біздің әлеуметтік миссиямыз - нақты дәлелдерге негізделген шешім қабылдау мәдениетін (evidence-based decision-making) дамыту. Qazaq Expert Club дезинформациямен күресіп, қоғамда сенімді сараптамалық пікір қалыптастыруды көздейді. Біз үшін білім мен сараптаманың монополиясы болмауы тиіс. Сапалы сараптама - қарапайым азаматтан бастап мемлекеттік құрылымдарға дейін баршаға қолжетімді болуы керек.
 
Анкета: https://docs.google.com/forms/d/1g-FpMlLaBxZTcxQDn_caZ1TB7xvYM6FYKdAXL_3BooA/edit

Instagram

https://www.instagram.com/qazaqexpertclub

Telegram

https://t.me/qazaqexpertclub
👍14👏2
Yandex Qazaqstan орнықты даму нәтижелерін ұсынды
 
Yandex Qazaqstan орнықты даму саласындағы жаңа есебін ұсынды. Есепте әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесетін жобалар, атап айтқанда IT-мамандарды дайындау мен қолжетімді әрі инклюзивті орта құрудан бастап қалалық инфрақұрылымды дамыту және бизнеске арналған шешімдерге дейін сипатталған.

Yandex Qazaqstan сервистері жүздеген мың қазақстандыққа табыс табатын мүмкіндіктер сыйлап отырғандықтан, компания серіктестерінің әлеуметтік тұрғыдан қорғалуын арттыруға ерекше көңіл бөледі.

Мысалы, 2025 жылдың шілдесінде Яндекс Таксимен серіктестікте жұмыс істейтін 85 мың жүргізуші медициналық сақтандыруға, әлеуметтік төлемдерге және зейнетақыға құқық алды.

Шағын және орта бизнеске Яндекс Карта және Яндекс Go сервистерінің жарнама және логистиканы жеңілдетуге бағытталған құралдары мен мүмкіндіктері, сондай-ақ Yandex Cloud платформасы қолжетімді.
 
Yandex SpeechKit сөйлеуді синтездеу және тану сервисі, сондай-ақ Yandex SpeechSense тіл аналитикасы сервисі байланыс орталықтарының жұмысын автоматтандыруға көмектеседі. Биыл синтездер кітапханасы қазақша да, орысша да, сондай-ақ олардың қоспасында да сөйлейтін екі жаңа дауыспен толықтырылды.
 
Кәсіпкерлік пен инновацияны қолдау мақсатында Yandex Qazaqstan 2024 жылдың соңында стартаптарға арналған бағдарламаны іске қосты. Оған қатысушылар Yandex Cloud-қа, Яндекс Карта API-ына және басқа да құралдарға жеңілдігі бар қолжетімділік алады. Бұдан басқа, Yandex Cloud бұлтты платформасында Yandex Cloud Boost гранттық бағдарламасы бар. Мұнда 150-ден астам компания жобаларды іске қосу және ауқымын кеңейту мақсатында бұлтты сервистерді пайдаланады.
 
Yandex Qazaqstan Қазақстан тұрғындарына арналған өмір сапасын арттыратын және технологияларды қолжетімді ететін жобалар бойынша жұмысты жалғастырады.


Yandex Qazaqstan-ның орнықты даму саласындағы толық есебі мына сілтемелер бойынша қолжетімді:

👉 қазақ тіліндегі нұсқа
🤮27👍3
🤝 Әкежан Қажыгелдинге реабилитация беру мәселесі келесі жылы қарастырылуы мүмкін

Назарбаев режимі тарапынан саяси қуғын-сүргін көрді деп есептелетін, Еуропарламент берген «Бостандық паспортының» иесі және Қазақстанның ең беделді саяси эмигранты Әкежан Қажыгелдиннің елге оралуын «Жаңа Қазақстан» билігі келесі жылы талқыға салып көрмек. Қажыгелдинге реабилитация беру арқылы Қазақстан өзін демократиялық институттары жақсы жұмыс істей бастаған ел ретінде танытады және Еуроодақпен ара қатынасын одан сайын жақсарта алады.

«Өткен нәрсе өтті. Әкежан Мағжанұлын ақтау орынды деген конструктивті ой бар. Біздің буынның болашақ ұрпақтың алдында осы мәселені шешіп кеткені дұрыс. Қазақстанға қайта ма, қайтпай ма, ол Қажыгелдиннің жеке таңдауы. Бірақ Қазақстан өз тарапынан оның үстінен қозғалған қылмыстық іс пен сот шешімінің күшін жойып, алғашқы қадамын жасайтын уақыты келді. Осы мәселе келесі көктемде ішкі кабинеттерде талқыланатыны жөнінде хабарым бар», - дейді, билік эшелондарына жақын болған DALA INSIDE дереккөзі.


Қажыгелдинге реабилитацияны тек Жоғары Сот бере алады. Себебі, 24 жыл бұрын, 2001 жылы сол Жоғарғы Сот Әкежан Мағжанұлын қызметтік өкілетін теріс пайдаланды, салықтан жалтарды деген айыптармен сырттай 10 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Бірақ ол кезде Қажыгелдин саяси эмиграцияға Лондонға кетіп қалған еді. Еуропарламент пен халықаралық қауымдастық оны саяси босқын деп таныды да, жүріп-тұруына еркіндік беретін Freedom Passport ұсынды. Ал Қажыгелдинге қатысты Қазақстанның Интерполға берген өтініші жойылып, досьесі Интерпол базасынан толық алынып тасталды.

2002 жылдан кейін Қазақстан Қажыгелдинді көп қудалаған жоқ. Мағжанұлы да ел билігін қатты сынап, саяси белсенділік танытпады. Назарбаев режимі өз назарын көбіне Рахат Әлиев пен Мұхтар Әбілазовке аударды да, Қажыгелдин радикалды оппозиционерден көрі конструктивті кеңесші рөліне көбірек жақындай бастады. Ал 2019, 2022 жылдары Әкежан Қажыгелдин президент Тоқаевтың курсына жария түрде қолдау білдірді. Және оның шетелге шығып кеткен заңсыз активтерді қайтару ісінде Қазақстан прокуратурасына бейресми көмек көрсеткені туралы ақпарат бар.

Дереккөздің айтуынша, реабилитация туралы Әкежан Қажыгелдиннің өзі немесе заңды өкілі өтініш беруі тиіс. Тәртіп солай. Жоғарғы Сот оны қалыптасқан ереже бойынша қарастырады. Дәл осы кезде билік кабинеттерінде белгілі бір консультациялар жүре бастамақ.

Дереккөздің мәліметінше, биліктегі ең ықпалды бестік мүшелері Қажыгелдиннің ақталуына мүлде қарсы емес. Тек осыны қолға алып, техникалық жұмыстарын бастайтын адам керек. Және бастама Қажыгелдин тарапынан болуы тиіс. Яғни елге оралуға, ақталып шығуға экс-премьердің өзі құлшыныс пен ниет танытсын деген сигнал беріліп отыр.

https://t.me/dalainside
👍56🔥14👎4😱3😁2👏1
💥 Қайрат Қожамжаров өзара сауданың ірі валютасына айналуы мүмкін

Ресей азаматтығын алғаны екі дереккөз тарапынан расталған, Қазақстанның арнайы прокурорлары үстінен қызметтік өкілдігін асыра пайдалану мен қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру баптары күдігімен іс қозғаған Қайрат Қожамжаровты Қазақстанға экстрадициялау қиын шаруа. Бірақ ол мүмкін емес дегенді білдірмейді.

"Ресей бізге Қожамжаровты белгілі бір шарттармен беретіні анық. Бірақ ол үшін Астана үлкен геосаяси мәселеде не Ресейді қолдау керек не оның бір сұрағанын беруі қажет. Алдымен прокурорлардың сотқа дейінгі тергеуі аяқталуы тиіс. Одан кейін Қожамжаров Ресейдің сұрағанына тати ма, әлде бұл қойды сабынға ауыстырумен бірдей ма, сол жағы сараланады", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Дүйсеновтың Германиядан экстрадициясы шешілген мәселе. Ал ол елге жеткізілгеннен кейін, "Қожамжаров ісі" жаңа импульс алады. Мақсат Дүйсеновтың тергеумен шартқа отырып, барынша сырын ақтаратыны анық. Сол кезде Қожамжаровтың сот алды тергеуі өз пазлын толық жинайды.

Биыл Қожамжаровтың командасы толық жойылғанын бұған дейін жазған болатынбыз. Жемқорлықпен күрес бойынша Ұлттық бюроның экс-басшысы Талғат Татубаев шілденің басында азаптау ісі бойынша қамауға алынды. Арнайы прокурорлар қызметінің экс-басшысы Олеся Кнксель осы азаптау бабы бойынша күдікті ретінде танылды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Одан кейін бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланып, ол Интерпол арқылы Германияда ұсталды.

Қайрат Қожамжаров ұзақ жылдар бойы жемқорлықпен күрес мекемелерін басқарды. Оның кезінде антикор Агенттік те, Бюро формасында да болды. Артынан Бас прокурор, сенатор лауазымында болды. 2023 жылдың басында Парламенттегі орнын босатып, мандаттан айрылды. Содан бері ол еліміздің саяси сахнасынан кетті.

https://t.me/dalainside
👍21😁8🤮3🔥1👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ @SilkWay.Star: 9 кезең артта қалып, жоба шешуші сәтке таяды

📅 22 қараша, сағат 20:00-де көрерменді көптен күткен Grand финал өтеді.
📺 Тікелей эфир @Jibek_Joly.TV арнасында және silkwaystar.org сайтында көрсетіледі.

🌍 Әлемнің 12 елінен келген 12 таланттың ішінен финалға 7 қатысушы ғана өтті.

⭐ Ақтық мәреде кімнің жұлдызы жарқырап, кім үздіктер қатарынан орын алатыны осы кеште белгілі болады.

Жеңімпаз 50% төрешілер, 50% көрермен дауысы арқылы анықталады. Сондықтан silkwaystar.org сайтына кіріп, сүйікті әншіңізге дауыс беріңіз!

#SilkWayStar #jibekjoly
👍32🔥19👏11🤩5🤯2👎1😁1
💼 Ұлттық Банк қабылдайтын негізгі шаралар: қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен халықтың сенімін арттыруға бағытталған қадамдар

Ұлттық Банк қаржы нарығын тұрақтандыру, инфляцияны тежеу және ұлттық валютаның сенімділігін нығайту мақсатында кешенді шаралар қабылдап жатыр. Бас банк іске асыратын қадамдардың негізгі бағыттары қандай?

Ақша-кредит саясаты

- Артық ақша нарықтан алынып, монетарлық тұрақтылық күшейтілуде.
- Резервтер жаңартылды, қысқамерзімді ноталар көбейді, валюталық операциялар теңестіріледі.

Валюта мен инвестициялар

- Валюта бағамы нарықтық заңдылыққа сәйкес қалыптасады, спекуляцияға жол жоқ.
- «Астана» ХҚО арқылы шетелдік инвестициялар тартылып, ұлттық қаржы нарығы дамытылады.

Қаржы секторы және ипотека

- Банктер халықтың борыштық жүктемесін төмендетуге тырысып, тұтынушылық кредиттеу реттеледі.
- Ипотекадағы сыйақы жаңа әдіснамаға көшеді, «қазір сатып ал – кейін төле» қызметі бақылауда болады.

Цифрлық теңге

- Бюджеттік төлемдер, әлеуметтік көмектер және «әлеуметтік әмиян» цифрлық теңге арқылы автоматтандырылып, ашық болады.

Шетелдік инвестициялар және халықаралық қаржы орталығы

- «Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы ұзақмерзімді шетелдік инвестицияларды тарту.
- Ұлттық қаржы нарығын дамыту кеңесі құрылып, экономиканың басым салаларына инвестицияларды көбейту жоспарлануда.

💡 Қысқасы: Ұлттық Банк шаралары инфляцияны тежеу, ұлттық валютаны қорғау, қаржы жүйесін тұрақтандыру және халыққа қолжетімді кредиттер беру арқылы экономикалық тұрақтылық пен сенімділікті арттыруға бағытталған.
👍23😁8👎2🤮1
🇰🇿🇦🇲 Пашинян Астана арқылы геосаяси тупиктен шығып көрмек

Дәл қазір Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның Астанаға келуі протоколдық шара емес, Ереванның болашағын жаңалайтын саяси-экономикалық маневр болды. Ереван геосаяси тұйықтан шығу жолын жанталаса іздеуде. Оның Ресеймен конструкциясы бұзылғандықтан, орнына Қазақстан-Әзірбайжан-Еуропа тізбегіне қосылуы заңды. Себебі, жағырафиялық жағынан басқа тізбекке қосыла алмайды.

Арменияға жаңа серіктес, жаңа маршрут, жаңа қауіпсіздік керек. Ал Қазақстан Еуразиялық Одақ мүшесі ретінде осыны бере алады. Ереванға Ресейге толық тәуелді болу қауіпті, Батысқа толық бет бұру мүмкін емес, ал Иран арқылы шығатын логистика шектеулі. Оның өз ішінде өндіріс аз, азық-түлік қауіпсіздігі әлсіз. Сондықтан Пашинян Қазақстанмен әріптестікті жай сөзбен емес, нақты тетікпен күшейткісі келеді. Ол Қытай-Қазақстан-Әзірбайжан-Еуропа бағытына кіріп, өзін жаңа «транзит дәлізінің» бір буынына айналдыру.

Ал азық-түлік мәселесінде Ереванның Ресей астығынан бас тартып, қазақ бидайына ауысуға мүдделі болуы жай ғана сауда емес. Бұл Ресей ықпалын біртіндеп қысқарту саясатының белгісі. 2024 жылы Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 82,9 млн доллар, 2025 жылдың 9 айында 41,6 млн долларды көрсетті. Бірақ бұл әлеуеттің 10-15%-ы ғана. Нақты мүмкіндіктер әлдеқайда кең. Олар мұнай өнімдері, химия және фармацевтика, ауыл шаруашылығы, сеталл, автокөлік және қосалқы бөлшектер.

Қазақстан үшін Армения көлемі шағын, бірақ саяси тәуекелі төмен, тұрақты төлем қабілеті бар нарық. Кем дегенде 350 миллион долларлық тұрақты экспорт арнасы қалыптастыруға болады. Қазір Арменияда 120 қазақстандық компания, ал Қазақстанда 495 армян компаниясы жұмыс істейді.

Екі ел қол қойған жаңа архитектураПашинян сапарының ең маңызды нәтижесі – 2026–2030 жылдарға арналған Жол картасы және Қазақстан–Армения Іскерлік кеңесінің құрылуы. Бұл құжаттар формальды емес. Олар транзит және логистика, өнеркәсіптік кооперация, азық-түлік қауіпсіздігі, ІТ және финтех, фармацевтика және медицина, көлік байланыстары сияқты нақты салаларды қамтиды. Яғни Ереван өзінің экономикалық парадигмасын өзгертуде.

https://t.me/dalainside
👍56
🤜💰 Рассрочка қазақ халқының жаңа жауы деп танылды

Енді мемлекет жаңа жылдан кейін барлық рычагтары арқылы бөліп төлеумен күреспек. Үкіметтің ойынша, бөліп төлеудің қазақстандықтардың қарызға батуы мен инфляциядағы әсері зор. Сондықтан бұл нарықта өте қатаң тәртіп орнатылатын болады.

«Мемлекет бұл мәселе туралы негізі көптен бері ойланып жүрген. Өткен аптада Халықаралық валюта қоры еліміздегі арнайы миссиясын аяқтап, өзінің қорытынды ұсыныстарын берді. Халықаралық валюта қоры бізде біраз уақыт болып, еліміздің экономикалық жағдайын тексеріп, аудит жасаған болатын. Қорытынды есепте біздегі халыққа арналған кредиттік, қарыз нарығын қатаңдату туралы ұсыныстар бар. Халықаралық сарапшылар мен біздің қаржы билігінің ойлары бір жерден шыққандықтан, енді ештеңеге қарамай халыққа берілетін қарыз нарығын толық қысуға саяси шешім қабылданып отыр», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Негізі, рассрочкамен күрес биылдан басталып кеткен. Қазан айынан бастап Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген жаңа ережелер күшіне енді. Егер бөліп төлеу сатушының өз қаражаты есебінен ұсынылса, баға жапсырмаларында бірден төлеу бағасы және бөліп төлеу бағасы бөлек көрсетілуі тиіс. Бұл сатып алушыға тауардың нақты құнын және бөліп төлеу мүмкіндігі үшін қанша шығындалатынын анық түсінуге мүмкіндік береді.
Ал егер тауарлар банктермен синхрондалған маркетплейстер арқылы сатылса, онда бөліп төлеуді сатушы емес, банк өзінің қарыз қаражаты есебінен, банк пен сатып алушы арасындағы несие шарты негізінде береді. Осылайша, жаңа ережелер тек сатушының өзі ұсынатын бөліп төлеулерге қатысты және маркетплейстер арқылы рәсімделетін банктік рассрочкаға қолданылмайды.

Мемлекет мұнымен тоқтамады. Енді сатушылар тауарды немесе қызметті өз қаражаты есебінен бөліп төлеуге ұсынған жағдайда, бұл ақпаратты кредиттік бюроларға беруге міндетті болады. Рассрочка кредитпен теңестіріледі. Кредиттік бюрода халықтың тек кредиті емес, рассрочкасы туралы да ақпарат болады. Демек, бөліп төлеуі бар азаматтардың жаңа несие алуы қиындай түспек.

«2026 жылы кредит те, рассрочка да азаюы тиіс. Үкімет қарызы бар адамдар саны қысқарып, импорттық тауардың сатылуы құлдырап, содан инфляцияның төмендеуін көздеп отыр. Бізде импорт қысқарса, ол теңге бағамына да жағымды болады», - дейді дереккөз.


Дәл қазір шамамен 5 миллион отандасымызда рассрочка бар. Кредит нарығы расымен қызып кеткен. 574 мың адамның басында 90 күннен астам төлемеген кем дегенде бір проблемалық кредиті бар. Ал қанша рассрочканың проблемалық екені олар бұған дейін кредиттік досьеге ілінбегендіктен белгісіз болып келді. Енді осының барлығы тәртіпке келтірілмек.

https://t.me/dalainside
👍37👎4🤯4🤮2😡1
🏳️‍🌈🚦 ЛГБТ насихатын шектеу: иә мен жоқ

Ақпараттық кеңістікте ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу туралы Парламент депутаттары мақұлдаған заң бүгінде қоғам назарында. Яғни әлеуметтік желілерде, БАҚ-та және басқа да қоғамдық алаңдарда дәстүрлі емес отбасылық құндылықтарды насихаттауға жол жоқ. Заңға бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Құжатты әзірлеушілердің айтуынша, бұл нормалар балаларды қажетсіз ақпараттан қорғауға мүмкіндік береді.

Осы тұста 24.kz арнасы Астана тұрғындарының пікірін сұрап білген.

https://youtu.be/mCNZZge6el8?si=L4jk7r40CK3Z9i0h
👍41🤮4👏2💯2🤝1
🚀AMARKETS - универсальная платформа для трейдинга!

Здесь можно торговать:
— металлами
— индексами
— валютными парами
— сырьём
— акциями
— криптой

Также доступны:
📊 Аналитика
📚 Обучение
📈 Торговые сигналы
🗓 Экономический календарь
🕌 Есть исламский счёт без свопов и скрытых комиссий

✔️С промокодом DALAINSIDE можно удвоить стартовый депозит.

Открыть счет в AMARKETS - https://amrkts.club/49FK8NN

®PR құқығында
👍9👎3🤩3🔥2
🛢️🇺🇦 Қазақстан Chevron арқылы Киевке ықпал жасап көретін болады

Chevron мұнай-газ алпауыты Каспий мұнай құбыры жүйесінің Новороссийскідегі мұнайды сыртқа шығарып құю қондырғысының (ВПУ) жарылуына қатысты жедел түрде жабық консультациялар өткізе бастады. Шеврон 50 пайыз үлесін ұстап отырған «Теңізшевройл» біріккен кәсіпорынының мұнай экспорты бойынша жылдық жоспары біршама орындалмай қалу қаупі бар дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Бүгін КТК экспорт бойынша жұмысын толық тоқтатты. АЛ ТШО жер астынан шығып жатқан мұнайды қосымша резервуарына құя тұруға мәжбүр.

Енді 2026 жылғы мұнай экспортының жағдайы мүлде бұлыңғыр. Көлемнің біразын транскаспийлік Ақтау-Баку бағытына ауыстыру мәселені шешпейді, ол бар болса 10 миллион тоннаны жаба алады және тасымалдау құнын үш есеге арттырмақ. Сол үшін Chevron-Exxon двуимвиратының лоббиі Капитолийге жақын сенаторлар арқылы Киевке ескерту жасауды дұрыс деп шешті.

«Украина Президенті Зеленскийдің офисінен енді КТК инфрақұрылымына тиіспейміз деген бейресми гарантия сұратылмақ. Chevron мен Exxon басшылары қалай болғанда да осы аптада Трамппен жүздесуге немесе телефонмен тілдесуге тырысып бағады. Сенаторларды, жалпы Конгресті барынша осы процеске араластыру жоспарланған. Қазақстан өз тарапынан Шевронның бұл бастамасын қолдап отыр. Бейресми көмектесетіні анық. Бір сөзбен айтқанда, Вашингтон Киевке «енді КТК құбырына тиіспе» деген қатаң сигнал беру тиіс. Лоббистер осыны көздеп отыр», - дейлі, дереккөз.


Киев Вашингтонды тыңдай ма? КТК-ға шабуыл ең алдымен Ресейдің қуатын азайту емес, Батыс капиталына жасалған сигналды қысым екені анық. Болашақ бейбітшілік келісімінде Киевтің өз позициясын жақсарту жолындағы ең тиімді рычагы осы КТК құбыры. Егер АҚШ бейбіт келіссөздер барысында Украинаның позициясын қолдамаса, онда американ мұнай компанияларының экспорты зардап шегеді деген емеурін. Оны Вашингтон да, Брюссель де жақсы түсінді. Ендігі доп Трамптың қолында.

Бұл жолы Украина камикадзе катер арқылы нысаналы соққы жасап, үш ВПУ-дың бірін және ең қуатты, жұмыс жасап тұрған ВПУ-2 құрылғысын жарып жіберді. Енді КТК-ның танкерлерге мұнай құю инфрақұрылымында тек екі ВПУ ғана қалып отыр. Оның бірі, ВПУ-3 кішкентай және тоқтамай жұмыс істеген жағдайда жылына 36 миллион тонна ғана мұнайды танкерге құя алады. ВПУ-1 ұзақ уақыт жөндеуде тұрды. Енді экспорттың күнделікті көлеміне шығу үшін оны тез арада іске қосу қажет.

Каспий құбыр консорциумы ВПУ-1 және ВПУ-2 құрылғыларын келесы жылы жаңартуды жоспарлап отырған. Бұл құрылғылар қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Drydocks World Dubai кеме жөндеу зауытында жасалып жатыр. Қазір буйдың қондырмасының ішіне кабель төсеу және герметизациялау, люк қақпақтарын келтіру мен дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ өндіруші суасты құбыр желілерінің соңғы манифольдтарына арналған құбырларды сынақтан өткізуді аяқтады. КТК-ның қолданыстағы ВПУ-ларын Монакода орналасқан IMODCO компаниясы жасаған еді. Олар 2001 жылы пайдалануға беріліп, іске қосылды. Ал қосалқы ВПУ-3 2014 жылы пайда болды. Енді КТК үшін жаңа ВПУ-ларды қондыру қиын болады. Ол үшін соғыс аяқталуы тиіс немесе Украина КТК инфрақұрылымына соққы жасамаймын деген гарантия беруі керек. Қазір мұның екеуі де жоқ.

https://t.me/dalainside
👍21🤮6🤯1
💥 «Бұл – абсурд»: депутат Самат Нұртаза самокаттарға қатысты талқыланып жатқан түзетулерге қарсы шықты

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желідегі парақшасында самокаттарды реттеу жөніндегі жаңа ұсыныстарға байланысты өткір пікір жариялады. Ол түзетулердегі ең үлкен қайшылық – жауапкершіліктің жеке және жалға алынған самокаттар арасында әртүрлі белгіленуі екенін айтты.

Депутаттың айтуынша, егер азамат өз самокатымен жолға шығып, ереже бұзса, айыппұл тікелей өзіне салынады. Ал дәл сол әрекетті жалға алынған самокатпен жасаса, айыппұл сервис компаниясына жүктеледі.

«Бұл – абсурд және толық жауапсыздық. Ең күлкілісі, егер сіз автокөлікті жалға алып, жол ережесін бұзсаңыз, айыппұлды өзіңіз төлейсіз. Бәрі күндей анық. Ал самокаттарда – таза сюрреализм», – деп жазды Нұртаза.


Самат Нұртаза сондай-ақ Президенттің «жүргізу мәдениетін қалыптастыру қажет» деген сөзін еске салып, кінәлі адам жазадан тыс қалатын жүйеде мәдениет қалыптаспайтынын айтты.

https://t.me/dalainside
👍31😁8👎5😱1
💵 Қаржыгерлер: «Бәйтеректің» артықшылықтары банктерді бәсекеден ығыстыруы мүмкін

Келесі жылы «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі экономиканы кредиттеуге шамамен 8 трлн теңге бағыттауды жоспарлап отыр. Алайда, мұндай қомақты қаражат инфляцияны жеделдетіп, фискалдық саясаттың жоспарланған нәтижелеріне түзетулер енгізуі ықтимал.

«Бәйтеректе банктермен бірдей кредит беру, кепілдендіру, сақтандыру құралдары бар, бірақ толыққанды реттеу жоқ. Қаржы институттары арасында бәсеке әділ болуы үшін ережелер барынша ұқсас болуы қажет», – дейді, Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов.

Ұлттық Банктің пікірін бірқатар эксперттер қолдап отыр. Қаржылық кеңесші, Qazaq Expert Club мүшесі Жания Сандыбай "Мемлекеттік кепілдікке сүйенетін холдинг төмен пайызбен кредит бере алады, бұл жеке банктер үшін нарықтық теңсіздік туғызады. Сонымен қатар, тиімсіз жобалар көбейсе, холдингті қайта капиталдандыру қажеттілігі туған сайын жасырын мемлекеттік қарыз өседі" дейді.

Экономист Гүлфайруз Жүнісбекованың сөзінше, 8 трлн теңгенің қысқа мерзімде экономикаға түсуі инфляциялық қысымды айтарлықтай арттырады. Сол себепті, мұндай шараларды сақтықпен қабылдаған жөн.

https://t.me/dalainside
👍14😁6👎1
🚊 ҚТЖ VS агрофермерлер: шектеулер Қазақстан экономикасын тұралатпай ма?

«Қазақстан темір жолы» енгізіп отырған шектеулер салдарынан отандық фермерлер өздерінің дәстүрлі экспорттық нарықтарынан айырылып, олардың орнын Ресей мен Өзбекстанның бәсекелестері басып келеді.

КТЖ «Сарыағаш» халықаралық өткелі арқылы жүк қабылдауға конвенциялық тыйым енгізді. Бұл өткел Қазақстанның Орталық Азия елдеріне: Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ауғанстанға бағытталған астық экспортының негізгі арнасы. Алайда шектеу транзиттік тасымалдарға қолданылмайды. Соның нәтижесінде шетелдік экспорттаушылар қазақстандық өнім өндірушілер босатқан нарықтарды тез арада игеріп жатыр.

Сала өкілдерінің айтуынша, КТЖ кезең-кезеңімен енгізетін мұндай шектеулер ұн тарту кәсіпорындарын жарты қуатпен жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Өндірушілер тұрақты және әлеуетті тұтынушыларынан айырылып, өндіріс жүктемесінің төмендігінен шығынға батады. Оған қоса вагондардың бос тұруы үшін айыппұл төлемек. Бұл ретте мемлекет те елеулі салық кірістерінен қағылып отыр.

Нәтижесінде Қазақстанның астық және ұн өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі төмендеп, экспорттық позициялары әлсірей түсуде.

https://t.me/dalainside
🤯17😡12👎2😁1
«Силлено» компаниясы жас мамандарды іріктеудің алғашқы кезеңін бастады

"Силленно" полиэтилен зауытын салып жатқан ҚазМұнайГаз, СИБУР және SINOPEC бірлескен кәсіпорны С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің 4-курс студенттері үшін алғашқы пилоттық тестілеу өткізді.

Мақсат – студенттердің білім деңгейін бағалап, болашақта зауыттың операциялық блогында жұмыс істеуге дайындығын анықтау. Тестілеу «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және «Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары» мамандықтарының студенттері арасында өтті. Білімі жеткілікті қатысушылар Силлено конкурстық комиссиясымен сұхбатқа шақырылады. Іріктеуді сәтті өткен түлектерге оқу бітірген соң жұмыс ұсынылмақ.

Осыған ұқсас тестілеулер Силлено серіктес колледждерінде де өтеді. Олар: С.Мұқашев атындағы политехникалық колледж, APEC PetroTechnic жоғары колледжі және Мақат мұнай-газ колледжі.

Бұған қоса, қазақстандық жас инженерлер Tecnicas Reunidas (TR) компаниясының Мадридтегі бас кеңсесінде оқу бағдарламасының тәжірибелік кезеңін бастап кетті. Бірінші ағымның жартысын Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті мен APEC PetroTechnic жоғары колледжі сынды Атыраудағы жоғары оқу орындардың түлектері құрайды

Сонымен қатар, қатысушылар қатарында Қазақ-Британ техникалық университеті (Алматы), Nazarbayev University (Астана), Satbayev University (Алматы) және Yessenov University (Ақтау) студенттері бар. Бағдарлама ірі өнеркәсіптік жобаларға қажетті инженерлік дағдыларды дамытуға бағытталған.

Үздік қатысушылар бағдарлама аяқталғаннан кейін Силлено жобасына немесе TR-дің халықаралық жобаларына қосыла алады.
👍27👏2
🚊 Брифингтен экспорт маңызды. ҚТЖ басшысының тұтығуы кездейсоқ емес

ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергенов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте журналистердің сұрағына сенімсіздеу жауап беріп, желіде сынға қалды. Бір қарағанда әлсіз коммуникация болып көрінгенімен, DALA INSIDE дереккөзінің сөзінше Алдыбергенов бір жарым тәулік бойы ұйықтамай, Сарыағаш бекетінде өте алмай тұрған қазақ фермерлерінің вагондары мәселесін шешіп, сол ұйқысыз күйінде бірден брифингке шығып кеткен екен.

"Алдыбергенов кез-келген кездесулерде еркін сөйлеп, өзін сенімді ұстайды. Брифинг болар алдында Өзбекстан тарапымен кездесіп, вагондарды шекарадан өткізу үшін екі түн ұйықтамады. Ондай кезде адамның миы баяулап, реакциясы нашарлайды. Сондықтан оны жақсы түсінемін", - дейді дереккөз.


7 желтоқсанда Қазақстан мен Өзбекстан Сарыағаш бекеті арқылы астық пен азық-түлік пойыздарының өтімділігін арттыру мәселесін тәулік бойы режимде келісті. Мыңдаған тонна астық вагондарының жиналып қалуы, логистикалық тығын, экспортшылардың шығыны үлкен проблемаға айналған болатын. Мұндай кезде брифингте сөз саптау емес, үлкен стратегиялық мәселенің шешілгені анағұрлым маңызды.

ҚТЖ-да шынымен ұйқы жоқ. Ұлттық компания Қытай–Еуропа жаңа трансқазақстандық дәлізінің жүрегі болып табылатын «Достық – Мойынты» жолының екінші желісін баптауда. Алматы торабын тең жартыға жеңілдететін «Жетіген – Қазыбек бек» айналма желісін салып жатыр. Оңтүстікті елдің негізгі теміржол желісімен тікелей жалғап, Сарыағаштағы жүктемені азайтып, транзиттік ағындарды қайта үлестіретін «Дарбаза – Мақтаарал» желісі, Солтүстікке және Ресей бағыттарына жолды 320 шақырымға қысқартатын Қытаймен үшінші шекаралық өткел - «Бақты – Аягөз» жобасын жылдам режимде іске асыруда. Оған «Мойынты – Қызылжар» теміржолын қосыңыз. Ішкі тасымал аясында, 119 вокзал жаңғыртылып, оның ішінде 80 вокзал биыл аяқталады.

Сондықтан Талғат Алдыбергеновтың брифингтегі шаршаулы өндірістегі жағдайдың бір көрінісі. Жылдар бойы шешілмей келе жатқан Сарыағаш түйіні, трансшекаралық логистика, Қытай–Еуропа дәліздері, инфрақұрылымдық қысым дәл қазір Қазақстан үшін стратегиялық мәселе болып отыр. Оны түн ұйықтамай, зырлап жүгіріп шешпесе болмайды.

Біздің ойымызша, қоғам басшылықтың сөйлеу стилінен бұрын, қандай шешімдер қабылданды, қандай нәтижеге қол жетті деген маңызды сұрақтарға көбірек мән беруі керек.

Теміржол - ел экономикасының тамыры. Оның жаңа картасын салып жатқан адамдардың мінсіз спикер болмауы да мүмкін. Бірақ әдемі сөйлейтін дилетанттан көрі өз теміржол ісінің кәсіби маманы бізге көбірек пайдасын тигізеді.

https://t.me/dalainside
😁25👍23👏1
💥 Атамекеннің тағдыры жаңа жылдан кейін шешіледі

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының болашағы бойынша жабық есік жағдайындағы консультациялар қаңтар-ақпан айларында өтуі тиіс. DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша, палатаның жұмысы, жарна бойынша, шығын бойынша жағдайын толық реформалау бойынша ұсыныстар көбейген. Тіпті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасын жауып, рұқсат беруші функцияларын профильді министрлік комитетіне беру туралы радикалды идея да талқыға салынады. Мемлекет өзіне бұл функцияларды алғысы келе ме, басты сұрақ осында.

«Қазір "Атамекен" палатасы мемлекетке де, өзінің басты клиенті – бизнеске де ұнамай барады. Ешкім жақтырмайтын, еш жерге симайтын изгой ұйымға айналып кеткен. Бизнестің мүддесін қорғау бойынша бастамалары әлсіз. Ал Үкімет үшін оңай илейтін жұмсақ қамыр сияқты. Өзіне ақша төлейтін ірі бизнеске ғана қызмет еткісі келеді. Оны жасыратын ештеңе жоқ, барлығы көріп отыр. Қазіргі басшысы да саяси аренадағы ықпалы, кәсіби ұйымдастыру жұмысы жағынан әлсіз. Осылардың барлығы жан-жақтан қордаланып, палатаның мүлде абыройсыз ұйымға айналуына алып келді», - дейді, дереккөз.


Палата өзі құрылған уақытта қажет болды, актуалды болды. Бірақ қазір өз миссиясын түгескен сияқты. Енді «Атамекен» өзінің басты функциясын орындауды тоқтатып, бизнестің дамуына кедергі келтіретін құрылымға айналып барады. Яғни қазіргі таңда бұл ұйымнан кәсіпкерлерге нақты пайда жоқ, керісінше ол бизнес үшін артық бюрократиялық тосқауыл деңгейіне жетті. Енді кәсіпкерлердің барлығы палатаның өздерінің құқықтары мен мүддесін қорғау ісін ойдағыдай атқара алмағанын айтып жүр. «Атамекен» көбіне алып компаниялардың сөзін сөйлеуге бейім де, шағын және орта бизнестің мәселелеріне тиісті деңгейде араша түспейді. Соңғы қабылданған Салық кодексіндегі шағын және орта бизнеске ауыр тиетін өзгерістер кезінде «Атамекеннің» дауысы мүлде шыққан жоқ. Тіпті палатаны ешкім тыңдамайтын сияқты.

Оған қарамастан, «Атамекен» палатасы бизнес өкілдерінен жыл сайын мүшелік жарналар жинайды. Жаңа жылдан кейін жағдай қиындайтындықтан, енді мүшелік жарналарды төлеу бизнес үшін қосымша қаржылық болмақ. Қазіргі инфляция, салықтардың өсуі жағдайында бұл «жығылғанға жұдырық» болып отыр. Палата кейбір міндетті қызметтерін, мысалы, өндірушілерге берілетін индустриялық сертификатты тек мүшелік жарна төленген жағдайда ғана беретіні бизнесті қосымша қыспаққа алған қисынсыз талаптардың бірі болып отыр. Яғни, кәсіпорын палатаға қарызы болса, тауардың отандық өндіруші екендігі жөніндегі сертификатты ала алмайды.

Ал сонда жиналған ақша бизнесті қорғау ісіне кетіп жатыр ма? Олай деп айта алмаймыз. Ресми мәлімет бойынша, 2025 жылы ҰКП жалпы бюджеті 12 миллиард теңгеден асқан, оның 10,7 млрд теңгесін кәсіпкерлерден жиналатын мүшелік жарналар құрады. Бұл қаржының негізгі бөлігі ірі бизнес субъектілерінен түседі. Енді осы жиналған 12 миллиард теңгенің басым бөлігі тікелей бизнеске қызмет көрсетуге емес, палатаның өз шығындарын өтеуге кетеді. Кеңселерді жалға алу, қызметкерлерге айлық төлеу, іссапар сынды шығындары өте көп. Одан бизнеске пайда бар ма?

Не болса да, келесі жылы осы сұрақтардың барлығы күн тәртібіне қойылмақ. «Атамекен» бойынша шешім қабылдаудың уақыты баяғыда келген еді. Тек 2020 жылғы пандемия, одан кейінгі қайта қалпына келу үрдістері бөгет болып қалды.

https://t.me/dalainside
👍23😡2