🏡 «Біздің қала»: «Әділет» партиясы тұрғындар тілегін орындады
Ақтөбеде «Әділет» партиясының «Біздің қала» жобасы аясында көпқабатты үй жаңғыртылды. Бұған дейін осы үйдің тұрғындары ұзақ уақыт бойы күрделі жөндеуге қол жеткізе алмай келген еді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін құрылыс қарқынын жеделдетудің, оның ішінде тұрғын үй саласын дамыту, сондай-ақ коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту қажеттігін атап өткен болатын.
Осы орайда, «Әділет» партиясының өкілдері ПИК төрағасымен бірге Ақтөбе қаласындағы Есет батыр көшесі, 73А мекенжайындағы көпқабатты үй тұрғындарымен кездесіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын зерделеді. Нәтижесінде тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді.
Осылайша, партияның атсалысуымен үйдің кіреберісі жөнделіп, шатыр жабындысы және инженерлік желілер, соның ішінде апатты жағдайдағы құбырлар ауыстырылды. «Әділет» партиясы осы бағыттағы жұмысты алдағы уақытта да жалғастыра береді.
Партияның қызметі туралы басқа да жаңалықтарды ресми Telegram-арнадан оқи аласыздар 👇
https://t.me/adilet_partiyasy

«Бүгінде үйіміз жылы әрі жайлы. Тұрғындардың мәселесіне назар аударып, осы жұмыстарды ұйымдастыруға атсалысқан «Әділет» партиясына, әкімдікке және Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз», – деді осы үйдің тұрғыны Галина Клопотовская.
Осылайша, партияның атсалысуымен үйдің кіреберісі жөнделіп, шатыр жабындысы және инженерлік желілер, соның ішінде апатты жағдайдағы құбырлар ауыстырылды. «Әділет» партиясы осы бағыттағы жұмысты алдағы уақытта да жалғастыра береді.
Партияның қызметі туралы басқа да жаңалықтарды ресми Telegram-арнадан оқи аласыздар 👇
https://t.me/adilet_partiyasy
👍22😁5👎4🤮2🤝1
🍔 Дональдсон макдональдс бола жаздады
Әлемдегі ең танымал YouTube блогерінің Өзбекстанға сапары үлкен дүрбелеңге ұласты. MrBeast деген атпен танымал америкалық Джимми Дональдсонды Самарқанда мыңдаған жанкүйері қоршап алып, көшеде нағыз бейберекет жағдай қалыптасты.
Оқиға 10 қазанда Самарқанның әйгілі Регистан алаңында болған. Әлеуметтік желіге тараған видеоларда блогерді көрмек болған жұрттың қоршаулардан өтіп, оған қарай лап қойғаны байқалады. Қалың көпшіліктің арасынан жол ашу үшін Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық гвардия қызметкерлері жұмылдырылған.
Блогер көлігіне әрең жеткенімен, оқиға мұнымен аяқталмады. Жүздеген адам оның автомобилін қоршап, қозғалысқа кедергі келтірген. Кейбір жанкүйерлер көліктің соңынан жүгірген.
MrBeast-тің өзінің айтуынша, бір сәтте оның автомобилін мыңнан астам адам қуалаған.
Әлеуметтік желілерде адамдардың бірін-бірі итеріп, балалардың құлап қалғаны туралы да ақпарат тарады. Алайда зардап шеккендердің нақты саны жөнінде ресми мәлімет жоқ.
Қызығы, осындай дүрбелеңнен кейін MrBeast Өзбекстандағы сапарын мерзімінен бұрын тоқтатты деген әңгіме тараған. Бірақ Өзбекстанның Мәдениет пен өнерді дамыту қоры бұл ақпаратты жоққа шығарып, блогердің елден кетуі алдын ала жоспарланғанын хабарлады.
Бұл оқиғаның тағы бір қызық тұсы бар. Әлеуметтік желідегі пікірлерде жиналғандардың бәрі бірдей MrBeast-тің шығармашылығын білмеуі мүмкін деген болжам айтылды. Кейбіреулер оның адамдарға қомақты ақша мен қымбат сыйлықтар тарататынын естіп, сол үмітпен барған болуы ықтимал.
Қалай болғанда да, әлемдегі ең ықпалды блогерлердің бірі Орталық Азиядағы танымалдығын өз көзімен көрді. Бірақ бұл жолы жанкүйерлердің махаббаты қауіпті жағдайға айнала жаздады.
https://t.me/dalainside

😁15👍1
🍌 DALA INSIDE "порношабуылдан" бас алар емес. Боттар нені көздейді?
Соңғы уақытта DALA INSIDE телеграм арнасының пікірталас чатын порноботтар мекендей бастады. Күніне 200-ден астам бот бұғатталса да, бірен-сараны бәрібір өзінің порно гифкаларын жариялап үлгеруде.
Порношабуыл қай кезде жасалады? Бірінші сценарий - арнаны Телеграм әкімшілігіне шағым арқылы бұғаттау. Шабуыл жасаушылар арнаның өзін бұзып кіруге тырыспайды. Әкімшінің құпиясөзін ұрлаудың немесе аккаунтын тартып алудың қажеті жоқ. Олар редакция бақылауындағы пікірталас алаңына заңсыз немесе платформа ережелерін бұзатын материалдар орналастырып, сол арқылы ақпараттық ресурстың беделіне және жұмысына қауіп төндіреді.
Екінші сценарий – беделді түсіру. Әдетте экономика мен сәясатты талқылауға арналған чат аяқ астынан порнографиялық материалдарға толса, оқырманның сол ортаға деген сенімі төмендейді. Адамдар пікір жазуды тоқтатып, топтан шыға бастайды. Нәтижесінде ақпараттық ресурс пен оқырман арасындағы байланыс әлсірейді.
DALA INSIDE кей кездері кейбір топтарға кедергі келтіріп қоятыны жасырын емес. Әрине, ол әдейі жасалмайды. Бірақ инсайд сол уақытқа кездейсоқ сәйкес келіп қалады. Әсіресе ықпалды кландар жабық есіктің ар жағында саудаласып жатқанда біздің инсайдтар "туф, керек емес кезде аяққа оратылған материал екен" деген бағаға ие болады. Арна сонысымен құнды және қазір оны еліміздегі ықпалды топтардың барлығы оқиды. Және санасады.
Қазір DALA INSIDE арнасының мүлде жауы жоқ деп ойлаймыз. Бір ұсақ құрылысшыны есепке алмағанда ешбір тараппен арамыз суымаған. Керісінше, еліміздегі ең ірі үш клан да біздің ақпараттық жұмысымыздың мәнін түсінеді және құрметпен қарайды. Себебі біз диалогқа ашық алаң деп саналамыз. Және осы ашықтығымызды қандай шабуыл болса да сақтай бермекпіз.

Шабуыл жасаушы өзі жариялаған материалға өзі шағым түсіре алады. Осылайша контентті орналастырған адам мен оны бұғаттауды талап еткен аккаунттар бір ұйымдасқан топтың бөлігі болуы ықтимал.
Екінші сценарий – беделді түсіру. Әдетте экономика мен сәясатты талқылауға арналған чат аяқ астынан порнографиялық материалдарға толса, оқырманның сол ортаға деген сенімі төмендейді. Адамдар пікір жазуды тоқтатып, топтан шыға бастайды. Нәтижесінде ақпараттық ресурс пен оқырман арасындағы байланыс әлсірейді.
DALA INSIDE кей кездері кейбір топтарға кедергі келтіріп қоятыны жасырын емес. Әрине, ол әдейі жасалмайды. Бірақ инсайд сол уақытқа кездейсоқ сәйкес келіп қалады. Әсіресе ықпалды кландар жабық есіктің ар жағында саудаласып жатқанда біздің инсайдтар "туф, керек емес кезде аяққа оратылған материал екен" деген бағаға ие болады. Арна сонысымен құнды және қазір оны еліміздегі ықпалды топтардың барлығы оқиды. Және санасады.
Қазір DALA INSIDE арнасының мүлде жауы жоқ деп ойлаймыз. Бір ұсақ құрылысшыны есепке алмағанда ешбір тараппен арамыз суымаған. Керісінше, еліміздегі ең ірі үш клан да біздің ақпараттық жұмысымыздың мәнін түсінеді және құрметпен қарайды. Себебі біз диалогқа ашық алаң деп саналамыз. Және осы ашықтығымызды қандай шабуыл болса да сақтай бермекпіз.
https://t.me/dalainside
💯26😱1🤩1
💥 «El Media» журналисі Боқаевтың Мәсімов пен Майлыбаевтың ізін ала сот алдында жауап беруінің себебін түсіндірді
Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында «Нұр Отан» партиясының бұрынғы идеологы Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Осыған байланысты El Media журналисі Аян Шәріпбаев Facebook парақшасында жазба жариялап, Боқаевтың бұрынғы саяси қызметі мен оның бүгінгі жағдайына қатысты өткір пікір білдірді.
Шәріпбаевтың пікірінше, утильалымға қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүрген, Алматы әкімдігін ымырасыз сынаушы ретінде танылған Боқаевтың қазіргі бейнесінің тасасында ұзақ жылдар бойы сөз бостандығын шектеуге қатысып, саяси мансап құрған тәжірибелі технолог тұр.
Шәріпбаев Боқаевтың оппозициялық көзқарастағы қоғам белсендісі ретінде таныла бастағаннан бері кезінде өз әрекетінен зардап шеккен адамдардан кешірім сұрамағанын да алға тартады.
Журналистің пайымдауынша, Боқаевтың қоғамдық белсенділігі белгілі бір шеңберден аспайды. Ол жекелеген министрлер мен шенеуніктерді өткір сынағанымен, «ескі Қазақстанның» ықпалды өкілдеріне қатысты мәселелерді айналып өтеді. Атап айтқанда, Шәріпбаев Боқаевтың «ҚазТрансГаздағы» ықтимал қаржылық заңбұзушылықтар, Дариға Назарбаеваның активтері, ЭКСПО бюджетіне қатысты даулы мәселелер жөнінде зерттеу жүргізбегеніне назар аударды. Мұндай таңдамалы сынның себебін Шәріпбаев Боқаевтың бұрынғы қызметтік байланыстарымен түсіндіреді.
Оның жазуынша, 2014 жылы Кәрім Мәсімов билікте ықпалды қызмет атқарып, ақпарат кеңістігіне бақылау күшейген тұста Боқаев Алматы қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды. Кейін Нұрлан Нығматулиннің ықпалымен қызметін жалғастырып, Президент Әкімшілігі басшысының сол кездегі орынбасары Бағлан Майлыбаевтан тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін шектеуге қатысты тапсырмалар алып отырған деп мәлімдейді журналист.

«Бұл адам жылдар бойы Алматыдағы қуғын-сүргін жүйесінің негізгі тетіктерінің бірі болды. Тәуелсіз редакцияларды тұншықтыру ісін тікелей өзі үйлестірді, «сенім ұялатпайтын» журналистердің тізімін жасады, билік мүддесіне қызмет ететін арандатушылық әрекеттерді ұйымдастырды», – деп жазды журналист.
Шәріпбаев Боқаевтың оппозициялық көзқарастағы қоғам белсендісі ретінде таныла бастағаннан бері кезінде өз әрекетінен зардап шеккен адамдардан кешірім сұрамағанын да алға тартады.
Журналистің пайымдауынша, Боқаевтың қоғамдық белсенділігі белгілі бір шеңберден аспайды. Ол жекелеген министрлер мен шенеуніктерді өткір сынағанымен, «ескі Қазақстанның» ықпалды өкілдеріне қатысты мәселелерді айналып өтеді. Атап айтқанда, Шәріпбаев Боқаевтың «ҚазТрансГаздағы» ықтимал қаржылық заңбұзушылықтар, Дариға Назарбаеваның активтері, ЭКСПО бюджетіне қатысты даулы мәселелер жөнінде зерттеу жүргізбегеніне назар аударды. Мұндай таңдамалы сынның себебін Шәріпбаев Боқаевтың бұрынғы қызметтік байланыстарымен түсіндіреді.
Оның жазуынша, 2014 жылы Кәрім Мәсімов билікте ықпалды қызмет атқарып, ақпарат кеңістігіне бақылау күшейген тұста Боқаев Алматы қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды. Кейін Нұрлан Нығматулиннің ықпалымен қызметін жалғастырып, Президент Әкімшілігі басшысының сол кездегі орынбасары Бағлан Майлыбаевтан тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін шектеуге қатысты тапсырмалар алып отырған деп мәлімдейді журналист.
https://t.me/dalainside
👍12👎6😱1
💸 Мемлекет ірі қаржы транзакцияларын онлайн көріп отырмақ
Қазақстанда банктерді қадағалаудың жаңа жүйесі дайындалып жатыр. Дереккөз бөліскен құжатқа сәйкес, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 16 қазанда банктердің деректер витринасына қол жеткізу тәртібін белгілейтін қаулы жобасын жариялады. Жаңа жүйе арқылы реттеуші тек банктердің жиынтық есептерін ғана емес, олардың операциялары туралы егжей-тегжейлі ақпаратты да ала алады.
Бір жағынан, жүйе күмәнді ақша ағындарын, банк активтеріндегі тәуекелдерді ертерек анықтауға көмектесуі мүмкін. Екінші жағынан, мұндай ақпаратқа қол жеткізу тәртібі банк құпиясы мен азаматтардың жеке деректерін қорғау тұрғысынан ерекше маңызды.
Қазір заң бұл мәліметтердің қорғалуын талап етеді. Дегенмен нақты қолжетімділік тетігі мен оның қауіпсіздігі шешуші рөл атқаратыны анық. Жаңа талап 2027 жылдан бастап күшіне еңбек. Бұл қаржы секторындағы мемлекеттік бақылаудың жаңа кезеңін ашайын деп тұр.

"Банктер туралы жаңа банк заңда мұндай деректердің қатарына ірі депозиттер, ірі ақша аударымдары, көлемді төлемдер, қолма-қол ақша шешіп алу операциялары және кредит портфелі бар. Яғни мемлекет кім ақшаны депозитке салды, оны қайда аударды, бәрін көріп отырады. Бұрын мұндай деректер банктік құпия арқылы жабық болатын", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Бір жағынан, жүйе күмәнді ақша ағындарын, банк активтеріндегі тәуекелдерді ертерек анықтауға көмектесуі мүмкін. Екінші жағынан, мұндай ақпаратқа қол жеткізу тәртібі банк құпиясы мен азаматтардың жеке деректерін қорғау тұрғысынан ерекше маңызды.
Қазір заң бұл мәліметтердің қорғалуын талап етеді. Дегенмен нақты қолжетімділік тетігі мен оның қауіпсіздігі шешуші рөл атқаратыны анық. Жаңа талап 2027 жылдан бастап күшіне еңбек. Бұл қаржы секторындағы мемлекеттік бақылаудың жаңа кезеңін ашайын деп тұр.
https://t.me/dalainside
👍18😁5👎1
👍 Бектенов үкіметі былтырғы жолдауды нақты нәтижеге айналдырды
Үкімет былтырғы жолдаудағы маңызды бағыттарда оң жұмыс көрсеткен. Цифрландыру бюджетке қосымша түсім әкеле бастады, логистикадағы рәсімдер жеңілдеді, жеке инвестициялар өсті, су үнемдеу технологияларының ауқымы кеңейді.
Бірінші тезис: экономиканың шикізаттан тыс тіректері күшейіп келеді.
2025 жылғы Жолдауда Президент өңдеу саласына инвестиция тартуға және экономиканы технологиялық жаңғыртуға ерекше мән берді. 2026 жылдың тоғыз айындағы нәтиже осы бағыттың маңызын көрсетті. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, мұнай өндіру 8,3 пайызға қысқарғанына қарамастан, экономика 4,2 пайызға өсті. Шикізаттық емес сектордың өсімі 5,4 пайыз деп бағаланды. Мұнай өндірісі төмендеген кезде де өсімді сақтап қалу экономиканың басқа салаларының үлесі артып келе жатқанын білдіреді.
Екінші тезис: инвестициялық белсенділікте жеке капиталдың салмағы артты.
Президенттің былтырғы Жолдауындағы негізгі талаптардың бірі инвестиция тарту жұмысын күшейту болды. Биыл қаңтар–қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар 16,1 триллион теңгеге жетіп, 7 пайызға өскен. Ал жеке инвестициялар 18,2 пайызға ұлғайған.
Үшінші тезис: цифрландырудың қаржылық нәтижесі көріне бастады.
Былтырғы Жолдаудың өзегінде Қазақстанды цифрлық елге айналдыру міндеті тұрды. Оның орындалуын жаңа платформалардың санымен емес, нақты тиімділікпен өлшеу керек. Қаржы министрлігінің қазандағы мәліметі бойынша, цифрландыру есебінен қосымша түсімдер 410 миллиард теңгені құраған. Мемлекет қолындағы ақпаратты тиімді пайдаланған сайын салықтық міндеттемелердің орындалуын бақылау да, кірістерді жоспарлау да сапалы бола түседі.
Төртінші тезис: цифрлық өзгерістер бизнестің уақытын үнемдеуге көшті.
Көлік министрлігінің дерегінше, «Нұр Жолы» өткізу пунктінде тасымалдың цифрлық паспорты енгізіліп, қағаз талонның орнына бірыңғай QR-код қолданыла бастаған. Қазан басына дейін 11 мыңнан астам паспорт рәсімделіп, жүк өткізу жылдамдығы 30 пайызға артқан. «Нұр Жолы – Қорғас» бағытында кезек күту уақыты он есеге қысқарғаны хабарланды.
Бесінші тезис: ресурсты үнемдеу саясаты егістікке жетті.
Экономиканы жаңғыртудың нәтижесі ауылдағы шаруашылықтан да көрінуі керек. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 1 қыркүйекке қарай су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 702,3 мың гектарға жеткен. Жыл басынан бергі өсім — 158,8 мың гектар. Бұл бұрын басталған саясаттың жалғасып, ауқым алып отырғанын көрсетеді. Су тапшылығы жағдайында мұндай технологиялар шаруаның өнім алу мүмкіндігін сақтауға, шығындарын басқаруға және климаттық тәуекелге бейімделуіне көмектеседі.
Алтыншы тезис: тапсырмалардың орындалуын нәтижемен өлшеу талабы күшейді.
Қазандағы Үкімет отырысында Digital Qazaqstan стратегиясының орындалуын іске қосылған жобалар санымен емес, белгіленген көрсеткіштердің нақты орындалуымен бағалау қажеттігі айтылды. Қайталанатын цифрлық жобаларды анықтау, қаржыны басым міндеттерге бағыттау және бірінші басшылардың жауапкершілігін бекіту тапсырылды.
Үкімет жұмысына оң баға беру барлық мәселе шешілді дегенді білдірмейді. Инвестицияның өсуі әр отбасының табысына бірден айналмайды, цифрлық сервистің іске қосылуы бюрократияны түгел жоймайды. Бірақ барды бар деп айту керекпіз. Экономиканың мұнай өндірісі төмендеген жағдайда да өсуін, жеке капиталдың белсенділігін, бюджетке қосымша түсім мен шекарадағы рәсімдердің жеделдеуін көріп отырмыз.

👍17😁5👎3
✍️ Қазақстан Binance биржасындағы жағдайды мониторингке алды
Кеше кешке Binance әмияндарынан белгісіз мекенжайларға миллиардтаған доллардың криптовалютасы аударыла бастаған. Бүгін биржа бұл шабуылды ресми растады. Нәтижесінде 6,3 миллиард долларлық криптовалюта ұрланды. Алдын ала тергеу бойынша, хакерлер компанияның DevOps инженері пайдаланған ноутбукке қол жеткізіп, ішкі технологиялық жүйеге енген болуы мүмкін. Нәтижесінде рұқсатсыз қаржы аударымдары жүргізілген.
Бүгін Binance басқа криптокомпаниялардың көмегімен шамамен 3 миллиард доллардың активін бұғаттағанын хабарлады. Бірақ қалған 3,3 миллиард долларға қатысты мәселе толық шешілген жоқ. Компания шығындарды өзінің капиталы және SAFU резервтік қоры есебінен өтейтінін мәлімдеп отыр. Дегенмен бұл қаражаттың барлығы біржола жоғалды деген түпкілікті қорытынды жасауға әлі ерте. Тергеу жалғасуда.
Биыл шілде айында Binance Kazakhstan теңгемен жұмыс істейтін реттелетін P2P сауда сервисін іске қосқан болатын. Яғни бұл платформа отандық қаржы инфрақұрылымымен де байланысып үлгерді. Осы тұрғыдан алғанда, қазақстандық нарық қатысушыларының алаңдауына негіз бар.
Біріншіден, халықаралық Binance инфрақұрылымындағы қауіпсіздік мәселесінің жергілікті платформаға әсері қандай болатыны маңызды. Екіншіден, қазақстандық клиенттердің активтері қалай сақталатыны және олардың халықаралық жүйедегі операциялардан қаншалықты оқшауланғаны туралы сұрақ туындайды. Үшіншіден, криптовалюта мен теңге арасындағы айырбастау операцияларының үздіксіздігі де назарда болады.
Әзірге Қазақстандағы Binance Kazakhstan клиенттерінің қаражаты жоғалғаны немесе жергілікті платформаның қауіпсіздік жүйесі бұзылғаны туралы расталған ақпарат жоқ. Сондықтан халықаралық деңгейдегі оқиғаны Қазақстандағы активтердің тікелей жоғалуымен шатастыруға болмайды. Алайда бұл жағдай отандық криптонарықтағы тәуекелдерді басқару жүйесіне ерекше назар аударуға негіз береді.
Мұнда тағы бір маңызды экономикалық мәселе бар. Криптовалюта биржасы дәстүрлі банк емес. Оның клиенттер алдындағы міндеттемелері, резервтерді сақтау тәртібі және шығындарды өтеу механизмдері банк секторындағы депозиттерді қорғау жүйесімен бірдей емес. Сондықтан Binance барлық шығынды өтейміз деп мәлімдегенімен, мұндай уәденің нақты қаржылық қамтамасыз етілуі мен орындалу мерзімі шешуші рөл атқарады.
Оқиға криптовалюта нарығындағы бағаға да әсер етті. Биткоин мен Ethereum арзандады, BNB токені де қысымға ұшырады. Бұл жерде басты тәуекел тек ұрланған миллиардтарда емес. Ірі биржаға деген сенім әлсіресе, инвесторлар активтерін басқа алаңдарға көшіруге тырысады. Мұндай жағдайда өтімділікке қысым күшейіп, бағалардың құбылмалылығы артуы мүмкін.

"Binance біздің Астана халықаралық биржасында лицензияланған ірі криптобиржа болғандықтан, бүгін бірден реакция болды. Абырой болғанда криптовалютаның блокчейн технологиясы бұзылған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, цифрлық әмияндардың жеке кілттері де сыртқа шықпаған. Енді криптоактивтері қолды болған инвесторлардың ішінде Қазақстан азаматтары бар ма, сол мәселе анықталады", - деді, DALA INSIDE дереккөзі.
Бүгін Binance басқа криптокомпаниялардың көмегімен шамамен 3 миллиард доллардың активін бұғаттағанын хабарлады. Бірақ қалған 3,3 миллиард долларға қатысты мәселе толық шешілген жоқ. Компания шығындарды өзінің капиталы және SAFU резервтік қоры есебінен өтейтінін мәлімдеп отыр. Дегенмен бұл қаражаттың барлығы біржола жоғалды деген түпкілікті қорытынды жасауға әлі ерте. Тергеу жалғасуда.
Биыл шілде айында Binance Kazakhstan теңгемен жұмыс істейтін реттелетін P2P сауда сервисін іске қосқан болатын. Яғни бұл платформа отандық қаржы инфрақұрылымымен де байланысып үлгерді. Осы тұрғыдан алғанда, қазақстандық нарық қатысушыларының алаңдауына негіз бар.
Біріншіден, халықаралық Binance инфрақұрылымындағы қауіпсіздік мәселесінің жергілікті платформаға әсері қандай болатыны маңызды. Екіншіден, қазақстандық клиенттердің активтері қалай сақталатыны және олардың халықаралық жүйедегі операциялардан қаншалықты оқшауланғаны туралы сұрақ туындайды. Үшіншіден, криптовалюта мен теңге арасындағы айырбастау операцияларының үздіксіздігі де назарда болады.
Әзірге Қазақстандағы Binance Kazakhstan клиенттерінің қаражаты жоғалғаны немесе жергілікті платформаның қауіпсіздік жүйесі бұзылғаны туралы расталған ақпарат жоқ. Сондықтан халықаралық деңгейдегі оқиғаны Қазақстандағы активтердің тікелей жоғалуымен шатастыруға болмайды. Алайда бұл жағдай отандық криптонарықтағы тәуекелдерді басқару жүйесіне ерекше назар аударуға негіз береді.
Мұнда тағы бір маңызды экономикалық мәселе бар. Криптовалюта биржасы дәстүрлі банк емес. Оның клиенттер алдындағы міндеттемелері, резервтерді сақтау тәртібі және шығындарды өтеу механизмдері банк секторындағы депозиттерді қорғау жүйесімен бірдей емес. Сондықтан Binance барлық шығынды өтейміз деп мәлімдегенімен, мұндай уәденің нақты қаржылық қамтамасыз етілуі мен орындалу мерзімі шешуші рөл атқарады.
Оқиға криптовалюта нарығындағы бағаға да әсер етті. Биткоин мен Ethereum арзандады, BNB токені де қысымға ұшырады. Бұл жерде басты тәуекел тек ұрланған миллиардтарда емес. Ірі биржаға деген сенім әлсіресе, инвесторлар активтерін басқа алаңдарға көшіруге тырысады. Мұндай жағдайда өтімділікке қысым күшейіп, бағалардың құбылмалылығы артуы мүмкін.
https://t.me/dalainside
👍18🤮3
🌿 Қазақ жұмысшыларының СВО-дан қайтарылуы әнші Navai тағдырына оң әсер еткен
DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасында «сыйға-сый, сыраға бал» операциясының қызық нұсқасы орындалған. Өткен айда, 13 қазанда Navai, шын аты Наваи Бакиров атты ресейлік әнші командасымен Қордай бекетінде Қазақстанға кірер кезде ұсталған еді. 16 қазанда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресейден ұсталған азаматтар мен олардың орналасқан жері туралы ақпарат сұраған нота келгенін растады. Одан төрт күннен кейін Наваи Бакировқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Жамбыл облысының полициясы «әнші алғаш рет құқық бұзды және шын өкінді» деген формулировка келтірген. Сол күні Наваи Бакиров Қазақстан аумағынан кетіп қалды.
Ал дәл осы уақытта Ресей Украинадағы соғысқа жегіліп кеткен қазақстандық жұмысшыларды елге қайтарып жатқан болатын. Наваи ұсталған кезде тоғыз отандасымыз отбасына оралған еді.
Navai шын мәнінде марихуана шегетін әнші. Ол 1995 жылы Самара қаласында дүниеге келген. Александр Алиевпен бірге құрған HammAli & Navai дуэті оған танымалдылық әкелді. Наваи біздің рэпер Jah Khalib-пен жақсы дос. Екеуі де әзірбайжан ұлтынан.

«Ресей осыны алға келтіріп, Қазақстан тарапына базынасын айтқан. Біздікілер де мәселені ұшықтырмай, рэпер әншіні түрмеге тоғытпай елден шығарып жіберді. Көрші елдер арасында мұндай ауыс-түйістер болып тұрады», - деп түсіндірді дереккөз.
Navai шын мәнінде марихуана шегетін әнші. Ол 1995 жылы Самара қаласында дүниеге келген. Александр Алиевпен бірге құрған HammAli & Navai дуэті оған танымалдылық әкелді. Наваи біздің рэпер Jah Khalib-пен жақсы дос. Екеуі де әзірбайжан ұлтынан.
https://t.me/dalainside
😁11👏2🤯2🤮2
⛑️ Qarmet: өндірісті жаңғырту мен Теміртауды дамыту қатар жүріп жатыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Qarmet кәсіпорнын жаңғырту және Теміртаудың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту нәтижелері таныстырылды. Компания жұмысы басталғаннан бері өндірістік қуаттарды жаңартуға және жаңа өнеркәсіптік нысандар салуға 2,7 миллиард доллардан астам инвестиция бағытталған.
Qarmet 2026 жылдың қорытындысы бойынша 4 миллион тонна болат өндіруді жоспарлап отыр. Осы мақсатқа жету үшін комбинаттың негізгі технологиялық буындары жаңартылуда. 2024 жылы №1 және №2 конвертерге күрделі жөндеу жүргізіліп, корпустары толық ауыстырылды. Заманауи конструкциялар жабдықтың сенімділігін арттырып, өндіріс көлемі мен өнім түрлерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бірқатар технологиялық үдерісті табиғи газға көшіру жұмысы да жалғасып жатыр.
Келесі жылы іске қосылуы жоспарланған агрегаттар 1960–1970 жылдардан бері пайдаланылып келген қуаттарды алмастырмақ. Бұл домна өндірісін сапалы кокспен тұрақты қамтамасыз етуге, экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға және көмір химиясын терең өңдеу бағытын дамытуға негіз болады.
Өндірістік жаңғыртумен қатар Теміртауда тұрғындардың күнделікті өміріне қажетті инфрақұрылым қалпына келтірілуде. Qarmet қолдауымен трамвайға арналған 30 шақырым жол қалпына келтіріліп, ауыстырылған, заманауи сегіз вагон сатып алынған. Қозғалыс қайта жанданған екі жыл ішінде трамвайлар миллионнан астам жолаушы тасымалдады. Компания жұмыскерлері мен ардагерлері бұл көлікпен тегін қатынайды.
Мемлекет басшысы трамвай қатынасын қалпына келтірудің маңызын атап өтіп, комбинатты прогресс пен табыстың символына айналдыру міндетін қойды. Президент қалада әлі де атқарылатын жұмыс көп екенін айтып, басталған оң өзгерістерге назар аударды.
Qarmet-те шамамен 35 мың адам еңбек етеді. Оның 14 мыңнан астамы Теміртаудағы металлургия комбинатында жұмыс істейді. Сондықтан кәсіпорынға салынған инвестицияның ықпалы өндіріс аумағымен шектелмейді. Жабдықтарды жаңарту, жаңа қуаттар салу және қалалық инфрақұрылымды жақсарту өңірдің экономикалық тұрақтылығын нығайтып, металлургтер қаласының дамуына серпін беріп отыр.

Компанияның ірі инвестициялық жобаларының бірі - №8 және №9 кокс батареяларының құрылысы. Олардың жалпы жобалық қуаты жылына 1,5 миллион тонна құрғақ кокс өндіруге есептелген.
Келесі жылы іске қосылуы жоспарланған агрегаттар 1960–1970 жылдардан бері пайдаланылып келген қуаттарды алмастырмақ. Бұл домна өндірісін сапалы кокспен тұрақты қамтамасыз етуге, экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға және көмір химиясын терең өңдеу бағытын дамытуға негіз болады.
Өндірістік жаңғыртумен қатар Теміртауда тұрғындардың күнделікті өміріне қажетті инфрақұрылым қалпына келтірілуде. Qarmet қолдауымен трамвайға арналған 30 шақырым жол қалпына келтіріліп, ауыстырылған, заманауи сегіз вагон сатып алынған. Қозғалыс қайта жанданған екі жыл ішінде трамвайлар миллионнан астам жолаушы тасымалдады. Компания жұмыскерлері мен ардагерлері бұл көлікпен тегін қатынайды.
Мемлекет басшысы трамвай қатынасын қалпына келтірудің маңызын атап өтіп, комбинатты прогресс пен табыстың символына айналдыру міндетін қойды. Президент қалада әлі де атқарылатын жұмыс көп екенін айтып, басталған оң өзгерістерге назар аударды.
Qarmet-те шамамен 35 мың адам еңбек етеді. Оның 14 мыңнан астамы Теміртаудағы металлургия комбинатында жұмыс істейді. Сондықтан кәсіпорынға салынған инвестицияның ықпалы өндіріс аумағымен шектелмейді. Жабдықтарды жаңарту, жаңа қуаттар салу және қалалық инфрақұрылымды жақсарту өңірдің экономикалық тұрақтылығын нығайтып, металлургтер қаласының дамуына серпін беріп отыр.
https://t.me/dalainside
👍12🤮1
1173 өтініш: «Әділет» партиясы жол мәселелерін шешу тетіктерін қарады
«Әділет» партиясы тұрғындар көтерген жол мәселелерінің шешілуін бақылауды күшейтуді көздеп отыр. Соңғы үш айда партияға түскен 7 мыңнан астам өтініштің 1173-і жол инфрақұрылымына қатысты. Еліміздің 14 өңірінде көтерілген мәселелер Партиялық бақылау комитетінің алғашқы отырысында қаралды, деп хабарлайды DalaNews.kz.
Жиында Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Жетісу, Ұлытау және Абай облыстарындағы жол сапасы, созылған жөндеу жұмыстары мен ауыл жолдарының жағдайы талқыланды.
Комитет төрағасы, «Әділет» партиясы фракциясының Құрылтай депутаты Марат Қожаев тұрғындар көтерген мәселелерді нақты шешімін табу маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, «Халықтық құрылыс» бастамасы аясында жол сапасына, жөндеу мерзімдеріне және бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейту қажет.
Жол қауіпсіздігі мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Отырыста келтірілген деректер бойынша, әрбір бесінші жол-көлік оқиғасы инфрақұрылым кемшіліктерімен байланысты.
Отырыс қорытындысында Комитет проблемалық жолдарды бақылау, аудит анықтаған заңбұзушылықтарды жою және мердігерлердің кепілдік міндеттемелерін қадағалау жөніндегі қаулы жобасын негізге алды.
Азаматтар Adilet.365 платформасы мен 1490 байланыс орталығы арқылы өтініш жолдай алады. Бұл жұмыс «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатымен үндеседі.

«Әділет» партиясы азаматтардың әрбір өтінішіне назар аударады. Біз үшін көтерілген мәселелердің шешімін табу аса маңызды. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, тиісті шаралар қабылдау үшін құзыретті құқық қорғау органдарына жүгінеміз», - деді Марат Қожаев.
Жол қауіпсіздігі мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Отырыста келтірілген деректер бойынша, әрбір бесінші жол-көлік оқиғасы инфрақұрылым кемшіліктерімен байланысты.
Отырыс қорытындысында Комитет проблемалық жолдарды бақылау, аудит анықтаған заңбұзушылықтарды жою және мердігерлердің кепілдік міндеттемелерін қадағалау жөніндегі қаулы жобасын негізге алды.
Азаматтар Adilet.365 платформасы мен 1490 байланыс орталығы арқылы өтініш жолдай алады. Бұл жұмыс «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатымен үндеседі.
https://t.me/dalainside
👍40😁10🔥2
Президент Жолдауы өңірлерде қалай жүзеге асып жатыр: тұрғындар «Әділет» фракциясының депутаттарына қандай мәселелерді жеткізді?
«Әділет» партиясының Құрылтай депутаттары бір аптадан бері өңірлерді аралап, тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесуде. Мақсат - Президент Жолдауында айтылған міндеттерді түсіндіру, оны жүзеге асыру барысын талқылау.
Кездесулер барысында жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу, өнеркәсіпті дамыту және инфрақұрылымды ауқымды жаңарту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің орындалуы кәсіпорындардың жұмысына, өңірлердің дамуына және халықтың тұрмыс сапасына қалай әсер ететіні сөз болды.
Тұрғындар да өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, депутаттарға сұрақ қойды. Заңнамалық шешімдерді әзірлеу кезінде ескеруге болатын ұсыныстарын жеткізді.
ASTANA TV түсірілім тобы Құрылтай депутаттарының Саран мен Теміртау қалаларындағы ірі кәсіпорындар жұмысшыларымен кездесуін назарға алды.
Жиында тұрғындар қандай мәселелер көтерді? Оны шешудің жолдары қандай? Бұл туралы ASTANA TV арнасындағы «Әділеттің 111+ шешімі» жобасының бесінші шығарылымында көрсетілді.
Толық шығарылым👇
https://youtu.be/mSh-dh6KTnk
Ал сіз өз өңіріңізде қандай мәселені ең маңызды деп санайсыз? Пікіріңізді жазып, ойыңызбен бөлісіңіз.

😁8👍6👏2🔥1