DALA INSIDE
10.2K subscribers
412 photos
136 videos
1 file
1.17K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
💻 "250+": интернет ауылдарды қамтиды

Елімізде ірілі-ұсақты ауылдар жетерлік. Көп жағдайда мұндай ауылдар облыс орталықтарынан жырақта орналасқандықтан интернет пен байланыс секілді өркениеттен тыс қалып жатады. Бұл мәселені шешу үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі үш ірі оператормен бірігіп, 2020 жылдан бері "250+" жобасын жүзеге асырып келеді.

Бұл бағдарлама аясында еліміздегі ең ірі мобильді операторлардың бірі - Beeline үш жыл ішінде 1000-нан аса елді-мекенді жылдам желімен қамтыған.

Өңірлердегі жағдай интернет келгелі бері қалай өзгерді?

Толығырақ Stan.kz материалында. https://stan.kz/auildiktardin-sportka-degen-auestigin-arttirdi-zhildam-362583/
👍12👎4
🔒 Ресей өзінен кеткен халықаралық компаниялардың Қазақстанға ауысып жатқанына аса риза емес

Ресейдің экономикалық даму министрлігіндегі "DALA инсайд" дереккөзінің мәліметінше, Ресей өзінен кеткен, бірақ ЕАЭО аумағында (Қазақстан) жұмысын жалғастырғысы келетін халықаралық компанияларға логистика және тарифтік реттеу бойынша қысым көрсетуді ойластыра бастады.

Қазіргі ақпарат бойынша, Ресейден кеткен компаниялар саны 1200-ге жеткен. Олар үшін Ресей нарығын жоғалту аса ауыр тимейді деп есептейді, Иель бизнес мектебінің арнайы зерттеу тобы.

Мысалы, косметика алпауыттары Clinique, MAC, DKNY, Bourjois, Max Factor, Wella үшін Ресей тек нарықтың 3 пайызын алып келген. Старбакс үшін де Ресей үлесі 2-3 пайыздан аспайды.

H&M небары 4%, ал Адидас 2% ғана жоғалтады.

Осы компаниялар Қазақстанға күш сала бастаса, ол біздің нарыққа үлкен серпіліс әкелмек. Бірақ Ресейдің өзі әлемдік алпауыттарға 2-3%-дан аспаса, Қазақстан олар үшін 0,3-0,4% ғана. Біздің нарықтың (адам санының) тым аздығы бізге көп жағдайда кедергі келтіруде.

https://t.me/dalainside
👍19
📣 Күдікті М. Абжанның отбасы мүшелерінің, оның ішінде оның кәмелетке толмаған балаларының банктік шоттарында орын алған «шектеулер» туралы ақпараттың Telegram-арналардың бірінде таратылуына байланысты, бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз.

Тергеу аясында күдіктінің өзінің ғана банктік шоттарына ғана шектеулер қойылды.

Жалған ақпарат қоғамдық пікірді басқару және тергеуге әсер ету мақсатында таратылады.

Азаматтардан ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуді сұраймыз.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
👍4
🇺🇦 Гривна 25%-ға құнсызданды

Бүгін Украина Ұлттық банкі гривна девальвациясын іске асырды. Енді оның долларға шаққандағы ресми бағамы 36 гривна болып бекітілді.

Украина Ұлттық банкі девальвацияны ақша нарығын теңгеріп, экономиканың тұрақтылығын сақтау қажеттілігімен түсіндіріп отыр. Соғыс басталғалы бері гривнаның долларға шаққандағы бағамы тұрақты болып келген. Бірақ осы курсты ұстап отыру үшін Украина өз резервтерін жағып жүрді.

Украина экономикасы аса ауыр жағдайда және оған халықаралық қауымдастықтың көмегі қажет. Ресей агрессиясы салдарынан елдің инфрақұрылымы қираған. Украина шығындары 600 миллиард долларға жетіп отыр. Ол оның ішкі жалпы өніміне тең. Бюджет дефициті жылына 9 миллиард долларды құрайды. Сыртқы қарызы 93 миллиард доллардан асты.

https://t.me/dalainside
👍7
Forwarded from kaz.exk.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
‼️Болат Назарбаев хәл үстінде жатыр

Экспресс К сайтына Болат Назарбаевтың хәл үстінде жатқаны туралы фото-видео материал келіп түсті. Инсайдердің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі қатерлі ісік (Рак-ред) шалдыққан. Дәрігерлердің сөзінше, түрлі созылмалы дерті бар Болат Назарбаевтың жағдайы мүшкіл.
👍16🥰3🤔2
🇰🇿🇺🇸 Шетелдік компаниялар Қазақстанға қоныс аударуға әзір отыр!

Еуразия аймағындағы қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, 43 ірі шетелдік компания Қазақстанға қоныс аударуға дайын.

Бұл туралы Алматыда Honeywell (АҚШ) құрастыру өндірісінің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлімдеді.

https://t.me/dalainside
👍46
⚡ Ұлттық банк базалық ставканы төмендетпейді

Келесі дүйсенбі күні Ұлттық Банк кезекті рет базалық ставка бойынша өз шешімін жариялайды. https://t.me/dalainside сөйлескен экономистер мен қаржы инсайдерлерінің пікірінше, инфляцияның екінші жартыжылдыққа күтілімі жоғары болып отырғандықтан, Ұлттық Банк базалық ставканы төмендетуге бара қоймайды. Оның басты мандаты баға тұрақтылығы болғандықтан, Ұлттық Банк тек базалық ставка (проценттік канал) арқылы жағдайға араласа алады.

Ал базалық ставканың тағы да өсуі мүмкін бе? Біздің ойымызша, ставканың ендігі өсуі кредиттеу нарығындағы қазіргі жағдайды одан әрі ауырлатып жібереді.

Жағдайды неге ауыр дедік? Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығының өсуі болашақ дефолттар тәуекелін асырып отыр. Проценттік мөлшерлеме өссе де, кредит алатын адам саны азаяр емес. Бұл проценттің жүктеменің сайып келгенде халықтың иығына артылғанын көрсетеді.

Банктердің ортақ кредиттік портфелі 18,5 триллион теңгеге жеткен. Бұл ішкі жалпы өнімнің 22,5 пайызы. Осы 18,5 триллион теңгеден 6,3 трлн теңге халыққа тұтынушылық мақсатта берілген.

Президенттің "Банктер экономикаға кредит бермейді" деп ренжитіні осыдан. 6,3 трлн теңге тұтынушылық кредит, 4 трлн теңге ипотека, шамамен 3 трлн теңге автокредит портфелін ескерсек, сонда 18,5 триллионың тек 5 триллионы ғана бизнеске, яғни заңды тұлғаларға бағытталады. Ал ол көлем экономиканы дамыту үшін жеткіліксіз.

https://t.me/dalainside
👍10👏1
"Назарбаевтың кесірі...". Қазақша сөйлеуді талап еткен танымал экономисті кафеден қуып шықты

Белгілі экономист Атамұрат Шәменов Алматыдағы “Узбечка” кафесіне бас сұғып, өзіне қазақ тілінде қызмет көрсетуін өтінгенде дәмхана қызметкерлері қоғам қайраткерінің сөзін құлаққа ілмей, дәмханадан қуып шыққанын әлеуметтік желіде жазды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Алматының Әузов ауданында Бауыржан Момышұлы көшесінің бойындағы “Спутник” кешеніне қарсы орналасқан “Узбечка” деген кафе бар. Кірсең бірден тамаққа тапсырыс беруің керек.
Біреуді күтуге рұқсат жоқ, қазақша сөйлемейтін кафе, неге қазақша сөйлемейсіңдер десең, "біз сөйлемейміз, керек болса қазақша сөйлейтін жерге барыңыз” дейді.

Зал меңгерушісі түрі шығыс келбетіндегі әйел екен, “мен қазақ емеспін, қазақша білуге міндетті емеспін” деп тақ ете қалды.

Бұл қоғамдық орын мен тұтынушы ретінде қазақ тілінде тапсырыс қабылдаңыз десем, қысқа “жоқ”деп қайырды.
Сәлден кейін “сізге қызмет көрсетілмейді” деп мені кафеден шығарып жіберді", - деп жазады, ол.
🤬67👍19🔥1👏1
Джерутоның Рыбакинадан несі кем?


Күні кеше ғана кениялық қара қыз Джеруто Қазақстанға жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының алғашқы алтынын әперді.
Желідегі жұрт «өз қазағымыз қайда» деп баяғы әдетіне басуда.
Ойбай-ау, ағайын өткенде тенисші орыс қызы Елена Рыбакина «Уимблдонда» топ жарғанда біраз жұрт қатына ұл тапқандай қуанып еді.
Енді желаяқ қыз Джеруто Қазақстанға алтын медаль алып бергенде «әңгіме» айтқаны қызық болып тұр.
Ағайын кениялық желаяқтардың алдына түсетін атлеттер әлемде сирек кездеседі.
Джерутоны да бауырымызға басып, көк байрағымызды желбереткені үшін алғыс айтайық! Қалай ойлайсыздар?
👍93🤔5🔥1👏1
Аронды сақтай алмадық, енді Берікке кесіріміз тимесін!

Таныдыңыздар ма? Төсек тартып жатқан Қанды қаңтарда қазақтың көк байрағын тік көтерген Берік Әбішев деген батырымыз ғой. Берік сол кезде басынан ауыр жарақат алып, бүгінде ем алып жатқаны баршаға мәлім. Денсаулығы анау айтқандай мәз емес. Организмі әлсіз.
Қазір өзін ұлтшыл, саясаткер санайтын біраз адам осы жігіт жатқан палатағы барып, суретке түсіп әлеуметтік желіге салуда.
Қысқасы Берік арқылы өзін жарнамалап жатқан адамдар көп. Болат Әбіловтен бастап, өзін оппозиционер санайтын біраз адам қазір осы жігіттің айналсоқтап шықпай жүр.
Ағайын, Берік батырымыз мұражайдағы экспонат емес қой. Оның тыныш жатып ем алуына кедергі келтірмейік.
🔥11👍9
Естеріңізде шығар, өткен жылы коронавирус бет қаратпай тұрғандай Арон Атабек төсек тартып жатқанда, өзін жарнамалауға құмар топ өмір мен өлімнің арасында жатқан Арон Атабектің айналсоқтап, біраз селфилеткен еді. Түрмеден денсаулығын жоғалтып шыққан батырымызға басын осылай қатерге тіккен едік.
Сол кезді дәрігерлер Арон Атабектің коронавирус жұқтырғанын айтты. Аронға коронавирусты кім жұқтырды? Сөз жоқ, оның хал жағдайын сұрап келген топ жұқтырды. Енді сол жағдай тағы да қайталануда.
Псевдосаясаткерлер тәттігі үймелеген арадай Беріктің жанынан шықпауда. Оның денсаулығын ойлап жатқан ешкім жоқ.
Елде карантиндік шектеулер тоқтаған мен коронавирус әлсіз адамдардың тез жұғатынын бәріміз білеміз.
Иә, Арон Атабек денсаулығын түрмеде жоғалтты. Бірақ коронавирус қызған шақта оған маза бермегенімізді де мойындауымыз керек. Осылайша өзі дімкәс адамның бақиға аттануын жеделдете түстік.
Енді Берікпен бірге селфиге түсеміз деп, оның өміріне қауіп төндірмейік!
👍29🔥4
Forwarded from BAQ.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

Украина тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығымен құттықтады. Бұл атаулы күн 23 шілдеде атап өтіледі.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Украинадағы жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуге қатысты Қазақстанның түбегейлі ұстанымын растады.

@baq_kz
👍37❤6👏2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇸🇦 Санаулы минуттардан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Инвестициялық дөңгелек үстел басталады.

Жиынға Сауд Арабиясы ірі компанияларының басшылары қатысады.

t.me/bort_01
🔥23👍13
💸 Араб қаржысы және Қазақстан. Біздің Президентті инвесторлар неге жақсы көреді?

Украинадағы қақтығыс салдарынан әлем елдері астық дефицитін сезіне бастады. Қамбалар бос тұр. Мемлекеттер өздерінің азық-түлік қауіпсіздігін ойлап, жанталасуда. Биылдан - фермерлер мен ауыл шаруашылығының жаңа дәуірі басталды деп айтуға болады. Азық-түлік мұнайдан да маңызды. Тіпті көптеген елдер өздерінде ішкі запас қалсын деп, тағам экспортынан бас тарты. Ол нарықта жетіспеушілік туғызып жатыр. Күзде қиын кезең басталады.

Әлемдегі аграрлы алпауыт компаниялар, фондтар болашақты нақты болжай алады. Қазір олар балама жобалар іздей бастады. Осы жолда көбі Қазақстанға көз тігіп отыр.

Себеп? Қазақстан егістік көлемі бойынша әлемдегі алтыншы ел. Мемлекет сырттан инвестициялар мен жаңа технологиялар тартуға мүдделі. Заңдары мен салық режимі өте қолайлы. Қазақ жеріндегі егістікке тек инвестиция, жаңа технологиялар мен логистикалық шешімдер ғана жетіспей тұр. Ал ол халықаралық компанияларда бар.

Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа басқа елдер тарапынан қызығушылық көп.

2021 жылы қазақ ауыл шаруашылығы 7,4 триллион теңгеге өнім (дәнді дақылдар, мал, көкөніс, жеміс) өндірген. Біздің мүмкіндігімізбен салыстырып қарағанда, бұл өте аз.

Қазіргі егістік көлемі 22,9 млн гектар. Енді оның аумағын жалпитып көбейте берудің қажеті шамалы. Тек жердің сапасын арттырып, егу, ору мен баптаудың жаңа технологиясын өндіру керек. Біз егіске суды тым үнемсіз жұмсап, ысырап етіп отырған елміз. Тамшылап суғару технологиясы тек азын-аулақ теплицаларда ғана қолданылады.

22,9 млн гектарды біз қалай бөлдік?

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 16 млн гектарды алады. Оның ішіндегі бидай үлесі– 12,9 млн га. Майлы дақылдар 3,1 млн га, азықтық дақылдар – 3,1 млн га, мақта – 109,9 мың га, күріш – 96,8 мың га, қант қызылшасы – 21,7 мың га, картоп – 195,8 мың, көкөніс (қияр, помидор) - 168,6 мың га, бақша дақылдары (қарбыз, қауын) – 110,0 мың га.

Көріп тұрғанымыздай, егістіктің жартысынан астамы бидайға берілген. Қазақстан өз-өзін асырай алады. Ел Президентін шақырып отырған арабтар, агрокешенімізге инвестиция салып, болашақ зор ұсынысты игеруге дайын екенін байқатты.

Қазақстан осы инвестицияларды тарта алса, аймақтағы ең әлеуетті ел болайын деп тұр. Тек мұнай, металл мен уранға иек арта бермей, агрорлық алпауыт болу өз қолымызда. Ол үшін инвестициямен қатар, жаңа технологияны енгізу өте маңызды.

Егер біз ауылшаруашылығы өнімдері көлемін жылына 50 млрд доллар деңгейіне жеткізе алсақ, онда болашағымыз мықты болады. Қазір 14-15 млрд доллар шамасында тұрмыз. Бұл кенжелеп қалған елдердің көрсеткіші және осы бағыттағы дамуымызға ерекше күш салу керек.

Сауд Арабиясындағы келіссөздер - әр қазақтың болашағына әсер ететін аса маңызды сәт. Біздің Президент мықты дипломат және арабтарға не керек екенін біледі. Араб қаржыгерлері мықты аналитиктер, олар да Қазақстанның қазіргі жағдайын біліп отыр. Осы түсініктерден біз үшін тиімді контракттар алсақ, онда ауылшаруашылығының жаңа дәуірінде Қазақстан да көштен қалмайтыны анық.

Сарапшы Айбар Олжайдың жазбасынан

https://t.me/dalainside

UPD... Автордың тізе батыруынан кейін фейсбук сілтемесі 🤮 https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0aMRZWFkKnsnn1WQSXYdRkzgamJj3pxXZLVmyvAGhJ51cC5NaHL914RuXFsXZTSHrl&id=100019499658791
👍40👏4🔥1
😔Атыраудағы Абай Павлодардағы Абайдан 90 млн теңгеге неге қымбат?


Соңғы уақыттары шенеуніктер арасында ескерткіштерден ақша жеп, жемқорлықтың батпағына бату әдетке айналғандай. Өткен жылдың күзінде Атырау облысының әкімінің орынбасары Бақытгүл Хәменова Атырауда орнатылуы тиіс Абай ескерткішіне бөлінген қаржыға қол салып, ұсталған еді.
Бұдан кейін Павлодар облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Самал Бегалинова Әлихан Бөкейханның бюстін дайындау және оны кедергісіз қабылдау туралы шарт жасасқаны үшін кәсіпкерден миллион теңге пара алып, темір тордың ар жағынан бірақ шыққан болатын.

Абай ескерткішінен Хәменова 4,5 млн теңге алып қалғаны жайындағы әңгіме қазір ақпарат құралдарында желдей есуде.
Хәменоваға қатысты сот ісі 12 шілдеде басталуы керек еді. Бірақ ол 3 тамызға шегерілді.
Келісім-шарт бойынша Атырау облыстық әкімдігі Абай ескерткішін салып жатқан компанияға 72,5 млн теңгесін, яғни, келісілген соманың жартысын төлеп қойған.
Жалпы Атырау облысы әкімдігі Абай ескерткішін тұрғызу үшін 145 млн теңге жұмсауды жоспарлаған.

Бір қызығы Абайдың дәл осындай әскерткішін тұрғызу үшін Павлодар облысы әкімдігі 55 млн теңге шығындапты. Керекудегі ақынның мүсіні – қоладан, тұғыры граниттен жасалған, биіктігі – 5,25 метр.

Ал Атыраудағы тұрғызылатын Абай ескерткіші алтыннан құйылмағаны анық. Атыраудағы ақынның ескерткіші тұғырымен қоса есептегенде биіктігі 11 метр болса, ескерткіштің 5 метрді құраған (Павлодардағы ескерткіш 25 см биік). Ескерткіш Павлодардағыдай қола мен гранит тастан тұрғызылған.
Бағаның ала-құла болуынан ескерткіш орнату ісінен жемқорлықтың иісі аңқитыны анық.

https://t.me/dalainside
👍17
Forwarded from BAQ.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясындағы ірі компаниялардың басшыларымен кездесті

Президент Ajlan & Bros Holding Group холдингтік топ басқармасының басшысы Аджлан бен Әбделазиз Әл-Аджланмен және Acwa Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Әбунаянмен әңгімелесті.

Сауд Арабиясы Корольдігінің және Таяу Шығыстағы ірі конгломераттың бірі – Ajlan & Bros Holding Group Қазақстанға инвестиция құюға мүдделі екенін айтты.

Қазіргі уақытта холдинг Алматы облысының ауыл шаруашылығы саласындағы өндіріс жобасын пысықтауда.

Мұхаммед Әбунаянмен кездесуде баламалы энергия көздерін дамыту мәселелері талқыланды. Президенттің айтуынша, еліміз 2030 жылға қарай жаңғыртылатын энергия көздерінің 30 пайызын өндіруді жоспарлап отыр.

@baq_kz
👍33🔥1
Forwarded from BAQ.kz
Қазақстан Президенті ұмра қажылығын өтеді

24 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында ұмра немесе кіші қажылығын өтеді.

Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді.

@baq_kz
👍50❤6👎2🔥2
⚡ Базалық ставка: шешім бүгін шығады

Ұлттық банк базалық ставка бойынша кезекті шешімін бүгін жариялауы тиіс. Оның бағыты қандай болады? Төмен әлде жоғары ма? Барлық сарапшылар бір демін ішке бүгіп, осыны күтіп отыр. Оның тіпті осы 14 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалуы да мүмкін.

Бір айқын түсінік бар. Ставка төмендемейді. Ол туралы 2 апта бұрын айтылған Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың сөздерінен түюге болады.

Оның үстіне, Мемлекет басшысы инфляцияны ауыздықтау бойынша қатаң шаралар қолдануды тапсырып отыр. Мұндай кезде ешкімнің ставканы түсірмейтіні түсінікті.

https://t.me/dalainside сөйлескен экономистер мен қаржы инсайдерлерінің пікірі де осыған саяды. Демек, бүгін ставкадан біз не өсім, не сол орнында қалуын күтуіміз керек.

Оның алдында біз ставканың ендігі өсуі кредиттеу нарығындағы қазіргі жағдайды одан әрі ауырлатып жіберетінін жазған болатынбыз.

Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығының өсуі болашақ дефолттар тәуекелін асырып отыр. Проценттік мөлшерлеме өссе де, кредит алатын адам саны азаяр емес. Бұл проценттің жүктеменің сайып келгенде халықтың иығына артылғанын көрсетеді.

Банктердің ортақ кредиттік портфелі 18,5 триллион теңгеге жеткен. Бұл ішкі жалпы өнімнің 22,5 пайызы. Осы 18,5 триллион теңгеден 6,3 трлн теңге халыққа тұтынушылық мақсатта берілген.

6,3 трлн теңге тұтынушылық кредит, 4 трлн теңге ипотека, шамамен 3 трлн теңге автокредит портфелін ескерсек, сонда 18,5 триллионың тек 5 триллионы ғана бизнеске, яғни заңды тұлғаларға бағытталады. Ал ол көлем экономиканы дамыту үшін жеткіліксіз. "Қарапайым заттар экономикасы" сынды бағдарламалар мерзімінің ұзартылып жатқанына қарап, мемлекеттік субсидиялық идеологиядан жақын уақытта айрылмайтынын байқаймыз.

https://t.me/dalainside
👍11👎1