Narkes
1.34K subscribers
235 photos
72 videos
21 files
126 links
Имам Әбу Ханифа (оған Алла разы болсын!): «Араларыңда хадиске көңіл бөлетін (хадисті талап ететін) адам жүрген уақытта, адамдар әрдайым игілікте, жақсылықта болады.

Ақида дәрістері: https://t.me/aqidatahaui
Download Telegram
Ең уайымдататын нәрсе қызметкерлердің айлығы екен. Найб имамдар, азаншы, ұстаздар, тазалықшы айлықтарын шығарып отыру. Әйтпесе мешітті жүргізе алмайсың.
❤20👍8
@qaneqee бауырым айтып еді: “бас имамның кабинетін зың қылып алсаң мешіттен шықпайсың” деп.

Имам үнемі мешітте болу үшін кабинеті зың болу керек. Сонда ол мешіттен шықпайды, іліммен айналысады, халықпен бірге болады.

Ал барлық “условия” үйде болса үйден шықпайсың. 😅
❤24😁8
Кімде-кім ақиқатты жақсы көрсе сүйіктісінің жүрегін кінәлаумен жазғырмайды.

Осы сөйлемді қалай түсіндіңіздер?
❤15👍4
Құранды, сүннетті жақсы түсіну үшін ең бірінші араб тілінің грамматикасын жақсы оқу керек. Әйтпесе тікелей аудару, үстін бір мағынада айта салу болмайды. Грамматикадан бөлек “бәләға” деген ілім де бар. Құранда “бәләғамен” келетін сөздер өте көп.

Бұл кітап Молда Нуриддин Әл-Жәми деген кісінің кітабы. Атақты “Кафия” кітабының шархы. Негізі молда Әл-Жәми өзінің баласына “Кафия” кітабын түсіндіру үшін шарыхтап жазғаны. Кейде түсіндіріп, шәйнап бергенді түсінбей жатасың)). Шархтағаны осы ма?! - дейсің))).
❤20
Ironman өтіп келген велигім үйде кір жайығыш болады...

“Түзде жүріп,
Жау жайратқан батырмын,
Үйге келіп,
Құрт қайнатқан батырмын.” - дегендей ғой. 😅

Омар (р.а) әлемнің жартысын билеп отырса да үйге келгенде қыздарына ешкісін өзі сауып сүт беретін.

Сол үшін үйге келгенде батырлығыңды бір жерге бүгтеп қою керек. 🐯
❤31😁9
Тәжуйд - әр әріптің ақысын беру, шығу жолын, сипатын білу. Қиындатпай, бұрмаламай Пайғамбарымыздың ﷺ оқығанындай оқу.
❤34
Жемісі - Алланың кітабын қатесіз оқудан сақтану.
Пайдасы - Алланың разылығын табу.
❤26
Құранды тартильмен оқудың үш дәрежесі болады:
1. Тахқиқ - әрбір әріпті, ережені білдіріп, ауызды ашып, езуді созып оқу.
2. Хадр - тез оқу. Тәжуид ережелерін сақтап тез оқу.
3. Тадуир - тахқиқ пен хадрдың ортасын сақтап оқу.

Доктор Ғаусани (х.а)
❤31👍1
❤16
Алла бір есікті жапса, көптеген есіктерді ашады.
❤30
Ақида парақшамызда осындай тақырып талқыланып жатыр.
❤11
Ғалымдар үмметті екіге бөліп қараған:

1. Дағуа үмметі - Пайғамбарымыздың ﷺ уақытынан ақыретке дейінгі барлық адамзат.

2. Иджаба үмметі - Алланың дініне жауап бергендер яғни мұсылмандар.
❤19
Әйелдерге екі мысал…

• Ат-Тахрим: 10

ضَرَبَ ٱللَّهُ مَثَلٗا لِّلَّذِينَ كَفَرُواْ ٱمۡرَأَتَ نُوحٖ وَٱمۡرَأَتَ لُوطٖۖ كَانَتَا تَحۡتَ عَبۡدَيۡنِ مِنۡ عِبَادِنَا صَٰلِحَيۡنِ فَخَانَتَاهُمَا فَلَمۡ يُغۡنِيَا عَنۡهُمَا مِنَ ٱللَّهِ شَيۡـٔٗا وَقِيلَ ٱدۡخُلَا ٱلنَّارَ مَعَ ٱلدَّٰخِلِينَ۝

Алла күпірлікке белшеден батқандар үшін Нұхтың әйелі мен Луттың әйелін мысалға келтірді. Екеуі де құлдарымыз арасындағы екі ізгі құлымыздың некелі жары еді. Алайда (олар күпірлікке бой алдырып һәм дін дұшпандарына болысып) жұбайларына опасыздық жасады. Жұбайлары (пайғамбар болса да) ол екеуін Алланың жазасынан арашалап қала алмады. Сөйтіп, екеуіне: «Тозаққа кіретіндермен бірге сендер де кіріңдер», − делінеді.

• Ат-Тахрим: 11

وَضَرَبَ ٱللَّهُ مَثَلٗا لِّلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱمۡرَأَتَ فِرۡعَوۡنَ إِذۡ قَالَتۡ رَبِّ ٱبۡنِ لِي عِندَكَ بَيۡتٗا فِي ٱلۡجَنَّةِ وَنَجِّنِي مِن فِرۡعَوۡنَ وَعَمَلِهِۦ وَنَجِّنِي مِنَ ٱلۡقَوۡمِ ٱلظَّٰلِمِينَ۝

Сондай-ақ Алла иман келтіргендер үшін Перғауынның әйелін мысалға келтіреді. Кезінде ол: «Уа, Раббым! Мен үшін Өз құзырыңда, жұмақта бір үй тұрғызғайсың! Мені Перғауыннан және оның жаман ісінен (зұлымдығынан) сақтай көр! Мені бұл залым қауымнан құтқара көр!» − деп жалбарынған еді.

• Ат-Тахрим: 12

وَمَرۡيَمَ ٱبۡنَتَ عِمۡرَٰنَ ٱلَّتِيٓ أَحۡصَنَتۡ فَرۡجَهَا فَنَفَخۡنَا فِيهِ مِن رُّوحِنَا وَصَدَّقَتۡ بِكَلِمَٰتِ رَبِّهَا وَكُتُبِهِۦ وَكَانَتۡ مِنَ ٱلۡقَٰنِتِينَ۝

Сонымен қатар, (мүміндер үшін) ары мен абиырын сақтай білген Имранқызы Мәриямды да мысалға келтіреді. Біз оған Рухымыздан үрледік. Ол Раббысының (бұйрық, тыйым, уәде, ескерту мағыналарын білдіріп уахи жолымен түскен) сөздері мен (құлдарына түсірген) барлық кітаптарын шын көңілден мақұлдады. Ол (Аллаға) жан-тәнімен, бар ықыласымен мойынсұнғандардың бірі һәм бірегейі болды.


Пайғамбарлардың ﷺ да әйелдері қиянат жасаған. Залымдардың да әйелдері жәннаттық болған. Әр адамның иманы өзіне. Жаныңдағы жан-жарың пайғамбар болса да сені тозақтан құтқармайды. Жаныңдағы жан-жарың залым болса да тозақысың деген сөз емес.
❤26👍10
Кез келген жұмысты адал істеуге болады. Адалдықтың өзінің бір талаптары және құрбандықтары бар. Сол құрбандықты жасап, талаптарын орындаған кезде жұмысыңнан, дүниеңнен айырылуың мүмкін.

Соны біле жүр бауырым.
❤26
*1-ақпан — Халықаралық орамал күні🧕🏻*

Орамал — әйел затының абыройы мен ар-намысының айнасы. *Орамал тағу — шектеу емес, керісінше Аллаға деген бойұсыну мен рухани еркіндіктің көрінісі🌺✨*

Орамал таққан әрбір әпке-қарындасымызға Алла разы болсын🤲🏻
❤29👍1
Адасқан адамның қателігін қатты айтқан қаншалықты дұрыс?

Эмоцияны қосып, хайып қылып сол адамды жермен-жексен ету қаншалықты дұрыс?

Осы тақырыпта бірдеме жазғым келіп тұр…

Уақыт болса жазамын.
❤26👏1
Пайғамбарлар дұға қылған кезде қанша уақыт сабырмен күтті:

Аюб ﷺ пайғамбар 18 жыл сабыр етті.
Жүсіп ﷺ пайғамбар 13 жыл сабыр етті.
Муса ﷺ пайғамбар 40 жыл сабыр етті.
Жақып ﷺ пайғамбар 14 жыл сабыр етті.

Алла саған да жауап береді. Үмітіңді үзбе!
❤50🔥2
❤️‍🔥Соңғы кездері бойдақ жігіттерге жеке консультация беріп жүрмін.

Намазхан жігіттер намазын бастаған кезде “бөтен әйелге қарауға болмайды” деген тақырыпты дұрыс түсінбей, әлі бойдақ болып жүр.

Эмоциямен (әсіре) айтылған уағызды тыңдап алып мүлде “қыз” баласына жақындай алмай, сөз айта алмай кетіп жатқан “сүр бойдақтар” жетерлік екен. Не жақындауды (подходты) білмейді, не араға адам салуды білмейді.

Шариғаттың өз шеңберінде харамы бар. Содан аспай, фиқхпен (шариғатты біліп) жақындауға болады ғой.

Былай салыстырып қарасаң олардың (бойдақтардың) төзімділігі мықты екен.😬 Егер сол төзімділікті ілім алып басқаға жұмсаса ғой, біраз жерге дейін барады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤21
Бір бойдақтың зары:

“Таныстарыма, достарыма, жамағаттағы жігіттерге “қарындастарың, таныстарың, жолдастарың болса сөйлесіп беріңдерші” десем ешкім көмек бермеді.
Менімен қатар қарындастары болса да ұсынбайды. Таныстарыма “анау қызға сөйлесіп берші” десем “мен жауапкершіліктен қорқамын” деп бас тартады.”


Жақсы жігіттер болса көмектесіңіздер. Ұсыныңыздар. Қарындастарыңыз танымайтын басқа біреуге шыққанша өзің танитын жігітке шықсын.
❤20👍8😁2
Ақшаға ең үлкен мотивация - ол сенің әйелің.
😁21❤6🥰3