كل قلب يكتمل بنقصه ولا يبصر جماله إلا عين صبورة
Әр жүрек — өз кемшілігімен тұтас. Әрбір жан кемшілігімен көркем. Оған сабырмен қараған көз ғана сұлулығын аңғарады.

❤87👍23
Қазір әл-желіде «орамалымды шештім» деп жүргендер бар. Бірақ ашығын айтқанда, олардың көбі оны ешқашан тақпаған. Басына жапқанымен, жүректері жалаңаш болған. Сенбеген. Сезінбеген. Мойынсұнбаған. Жәй қызық үшін, еліктеп таққан. Немесе қысым арқылы келген. Себебі орамал деген жай ғана бас киім емес. Орамал бір үкімге иілген маңдай, ол — Алламен арадағы үнсіз келісім. Оны тағу үшін ең алдымен парыз екеніне жүрекпен сену керек. Сенім жүрекке орнамаса, басқа орнықпайды. Ондай орамал көп ұзамай сәнге айналады, сосын сылтауға айналады, соңында шешіліп тасталады.
Орамалды шешіп тастаған әйелдің көпшілігі оны ешқашан жүрегімен тақпаған.

💔68❤37😢18👍15🔥10💯1
Қазір орамал тағып жүрген қыздар көп қой. Бұрын мұны көріп қуанып қалатын едік. Іштей «жүрек оянған шығар» дейсің. Бірақ соңғы кезде сол қуаныш көпке созылмайтын боп бара жатқандай. Өйткені, қазіргі орамалды қыздардың көбі стористе, reels, әдемі позалармен… көз, қас, ерін бәрі ашық. Киімі денеге жабысып тұр. Айналып келгенде, тек басында ғана орамал бар, қалғаны баяғы қалпы.
Осыны көріп отырып ойлайсың, шынымен Алла үшін тақты ма, әлде жай образ үшін бе? Кім үшін тағылған орамал бұл? Құдай үшін бе, әлде көбірек лайк, көбірек подписчик үшін бе? Тұрмысқа шығу үшін шығар бәлкім. Жүрекпен тағылған орамал адамды тежейді. Ұятыңды қозғайды. Ойландырмай қоймайды. Ал мынау не? Еркін жүріп, “мен мұсылман қызбын” деп көрсету ме?
Біртүрлі… Кейде осы секілді қыздарға қарап отырып, «осылар күнәсін бүркеп, біреудің алдына таза боп көріну үшін тағып жүрген жоқ па» деп ойлайсың. Жартылай ашылып алып, орамалды сылтау қылып, “тұрмысқа шығуға дайынмын” деп жүрген секілді. Өйткені егер жүрекпен тағылса, мұндай арсыздықпен араласпас еді. Орамал деген көрінбеу үшін тағылады, елдің алдына шығу үшін емес.
Басқа бір шындық — орамал кей қыздарға жарасады. Шын айтам. Тіпті кей қарапайым қыздарды ерекше әдемі етіп көрсетеді. Бірақ сол әдемілікті кім үшін ұстадың? Өзгелер тамашаласын деп пе, әлде Раббың разы болсын деп пе? Міне, мәселе осында. Орамалды басына емес, жүрегіне таққан қыз — үндемейді. Көзге көп түспейді. Бірақ сонысы әдемі. Ал желіге күнде шыққан “орамалдылардың” ішінде иманның иісі де жоқ.

❤100😭29💯28👍18😢4🤷♀3🤝3
Уайым — әрекетке дейін керек. Бірақ әрекет жасалған соң уайым шайтанның құралына айналады.
👍58❤19😱12🕊5😢3
Абайдың ескірмеу себебі — қазаққа естің кірмеуі Қашан мына қазаққа ес кірсе, Абайдың сөздері сол кезде ғана ескіреді.
💯51👍26❤25🔥12
Егер жалғыз қалған сәттегі шынайы болмысыңды адамдар көрсе — сенен теріс айналатын болса, Алланың алдында қандай дәрежеде екеніңді өзің-ақ түсіне бер.
😢58❤35😭20💔15👍8
Тағдыр адамға сирек күледі. Бірақ бір күлсе – шын масқара сол кезде басталады.
❤52👍10😱4
Мына болып жатқан КӘЧ түк қызық емес пе, қалай өзі. Тапа тал түсте терлетіп… 🥱
😁28🤷♂6💯4
Сенің өміріңде болғысы келмейтін адамды ұстап қалуға әрекет етпе. Оның сенің жаныңда қалуы үшін өз дәрежеңді түсіріп, түрлі істерге барма. Талпындың, тырыстың болмады. Просто — жібер. Себебі арақатынасты ұстап, жалғап тұру — біржақты болмайды.
Сен дайын болған кезде, тағдыр саған керек адамды алдыңа өзі әкеліп қояды…

❤105😢16👍13✍6💯1
Не болып жатыр? Бүкіл европа жабылып жүріп жеңе алмаған еді ғой. Метлайфта қазір қыс 🥶😀
😁27💔5❤2😢2
Әлі тұрмыс құрмаған, жігітпен сөз байласуға ниетті қарындастарыма кеңесім:
Түсінігі мен түйсігінен пендешілігі терең жігіттерге тұрмысқа шықпаңдар.
Ішу, жеу, күлу, төсек. Өмірді осы төрт шеңбердің ішінде ғана түсінетін еркекке байланып қалмауға кеңес берем. Себебі бұл нәрселерге жету үшін университет оқып, диплом алудың қажеті жоқ. Мұндай тірлікті хайуандар да істей алады. Еркектің шын болмысы — оның арманынан, ардан басталады. Мақсаты тек нәпсімен шектелмей, елі мен діні үшін күресетін жігітті таңдаңдар.

❤112👍27💯24🔥3👏1
Біз тозақты әділетті болғаны үшін жек көреміз бе, әлде жаман орын болғаны үшін бе? Егер сол орынға апаратын жолмен өзіміз жүріп келе жатсақ, онда нені жек көріп жүрміз? Тозақты ма, әлде өзімізді ме?
Себебі тозақ өзге біреудің бізге жасаған зұлымдығы емес. Біз жасаған таңдаулардың нәтижесі ғой. Біз салып жатқан жолдың ең соңындағы аялдама.
Тозақ әділетсіз емес. Біз соған лайық өмір сүріп жатқанымызды мойындағымыз келмейді. Сондықтан тозақтың өзін емес, өз әрекетіміздің салдарын жек көру керек. Бірақ өкініштісі — біз әлі де сол жолмен жүріп келеміз.

🔥56❤26💔16💯10😢9👍1
Егер бір пендені тек Алла сүйсе бірақ оны жер бетінде ешкім танымаса, ешкім іздемесе, артынан сөз ермесе, оның жүзі газетке шықпаса, есімі ешбір дастанға кірмесе ол не жоғалтады? Ештеңе де.
Ал егер бір адамды бүкіл жұрт жақсы көріп атақ берсе, қошеметтесе, есімін естеліктерге жазса бірақ, Алла оны сүймесе, ол не ұтады? Ештеңе де. Бәрі — бос. Өйткені адамдардың махаббаты, құрмет-қошеметі қабірдің есігіне дейін ғана еріп барады. Ал Алланың махаббаты мына дүние де де, қабірден кейінгі өмірде де жалғасады. Себебі Алланың махаббаты уақытқа емес, шынайылыққа байланған.
Сол үшін ең алдымен Алла сүйген адам болайық…
© Йылдыз

❤106🔥14😢6❤🔥2
Баяғыда Мұса пайғамбар қауымының қатігездігіне налып: «Уа, Раббым! Бұл жұрт менің бойымда жоқ істерді маған теліп, жасамағанымды жасап қойғандай жала жауып, ызамды келтірді. Бұларды жазаласаң қайтеді?» — дейді. Сонда Алла Тағала: «Ей, Мұса! Ондай сөздер сен түгілі, маған да айтылып жатыр. Олар менің өзіме тіл тигізіп, сипатыма сай келмейтін сөз айтады емес пе. Олардың сөзін елеме» — деген екен.
Адам болған соң сөз естімей қалу мүмкін емес. Жалаға қалудан, ғайбатқа ұрынудан ешкім толық құтыла алмайды екен ғой. Адам тұрмақ, Жаратушының өзіне тіл тигізіліп жатқан заманда, біздің жағамыздан алған сөз түк те емес. Шындық жолында жүріп, ғайбат есту — шыдамның шеңбері шығар бәлкім…

❤81🔥15👍9😁2
Сан тағдыр тоғысқан бұл өмірдің жолы бұралаң. Бірі басталып, межесіне жетпей үзіледі. Неге біз өзіміз таңдаған жанмен бақытты ғұмыр сүре алмаймыз? Неге сүйіп қосылғандар сүйіктісінен түңіліп, сезімін қара жерге көміп тастайды? Алла бақыттың шекарасын сызып бермеді ме? Пайғамбар бақыттың қайда екенін айқындап кеткен жоқ па? Әлде біз әлі күнге дейін шынайы бақыттың мәнін ұқпадық па? Құндылық басқа, арман басқа болғанда, көңілден ескен ызғар — осындай суық.
Бүгін қосылғандар ертең ажырасып жатыр. Таңдауында қателескеннің жүрегі жараланса бір жөн, уақыт өте ұмытар, басқа адамды жолықтырар. Бірақ арада бала болса, бәрінен қиын. Екі көз, төрт көз кезек жәутеңдеп жүрекке қайғы салғанда одан асқан қасірет бар ма? Мен баланың сағыныштан жәутеңдеген көзінен артық аянышты көрмедім. Сонда біз шынымен соншалық тас жүрекпіз бе? Әке мен ананың қателігіне жазықсыз көздер неге жәутеңдеуі тиіс?
Олар бізді таңдаған жоқ, біз таңдадық. Ендеше өз таңдауымызға неге қиянат жасаймыз?

❤52😢24👍14💔9😁1🕊1
Данияр Кенжеұлы (екінші парақша)
Сан тағдыр тоғысқан бұл өмірдің жолы бұралаң. Бірі басталып, межесіне жетпей үзіледі. Неге біз өзіміз таңдаған жанмен бақытты ғұмыр сүре алмаймыз? Неге сүйіп қосылғандар сүйіктісінен түңіліп, сезімін қара жерге көміп тастайды? Алла бақыттың шекарасын сызып…
Ұшақ рейсім кешігіп, күтіп отырған сәтте көңілге келген ой…
❤27🤝14👍6😁1
«Дегенмен, әйелдің төсектен бас тартуы көбіне еркекке қарсы әдейі жасалған қасақана әрекет емес. Өйткені жыныстық жақындықты Жаратушы тек еркектің бойына ғана тән қасиет етіп бермеген. Тәннің бұл қажеттілігінен әйел де үлесін алған. Бірақ қабылдау сипаты бөлек. Әйел үшін жыныстық жақындық сезіммен, байыптылықпен, өкпе-ренішсіз күймен байланысты. Егер осы негіздер сақталса, әйелдің де күйеуіне деген ықыласы мен құштарлығы күшейе түседі. Жолдасынан мейірім мен қолдау көрген әйел үшін ыстық құшағын ұсыну ауыр міндет те, артық салмақ та емес. Өйткені әйел үшін ең бастысы – көңілдің тыныштығы. Көңілі орныққан әйелдің тәні де ашылады, жүрегі де жұмсарады.
Өкінішке қарай, кейбір еркектер әйелінің жүрегіне реніш ұялатып, қол көтеріп, оның алдында қадірін кетіріп алып, соған қарамастан тәндік жақындықты талап етеді. Бұл қаншалықты әділетті. Мен көңілі қалса ұрғашысын бас салып нәпсісін қандыратын жануарларды білемін. Бірақ кеше ғана әйеліне қол көтеріп, жүрегін жаралап, денсаулығына мән бермей, емдетуді ауыр міндет санап, босанғаннан кейін әйел табиғатында өзі қаламаса да болатын күйзелісті елемей, сонымен бірге өз нәпсісін ғана ойлайтын еркектің ісін моральдық тұрғыдан да, діни тұрғыдан да рұқсат деуге аузым бармайды. Сонда адам мен жануардың арасына не түседі деген сұрақ еріксіз туындайды…»
«БІР ҮЙДЕГІ БӨТЕНДЕР»

❤66👍26💔11
«Жарасы үстірт жазылып, өмірін қайта бастауға асыққан, көзі жаңа әйелге түскен әке ме? Әлде ұзақ уақыт жанын жеген күйзелістен шаршап, «енді өткенімді еске салмайтын біреумен тыныш өмір сүргім келеді» деп өзгенің қолынан ұстаған ана ма? Әлде «қызым, ажырасқаның жөн сияқты, бұл саған лайық емес, дәл осылай жылау үшін сені дүниеге әкелмедім» деп, сабырды емес, ажырасуды ақыл көрген әулеттің үлкендері ме? Немесе «мына әйелің біздің әулетке жарамайды, келін бола алмады» деп, баласына жар емес, өзіне қызметші іздеген ата-ене ме? Я болмаса «абьюзермен өмір сүретін заман емес, редфлаг қой ол, сотқа бер, алиментін өндір, біз жаныңдамыз» деп, жанашырдың кейпіне енген, бірақ жауапкершіліктің бір мысқалын да көтермейтін құрбылар ма?
Мейлі. Айып сенде емес делік. Бар кінә жұбайыңа артылсын. Жоғарыдағы сөздердің ешқайсысы сен үшін шешуші рөл атқармады деп есептейік. Сонда да осы ажырасудың ең ауыр салмағын кім көтереді? Сен емес. Ол емес. Ақыл айтқан «жанашырлар» да емес. Бұл жүктің бәрін өмір бойы арқалап өтетін жалғыз жан бар. Ол – бала. Кеше ғана дүниеге келгенде екеуің де көздеріңе қуыныштың жасын алып, «осы баланың болашағы үшін бәріне шыдаймыз» деп өздеріңе ант берген сәби. Алғаш көзін ашып, анасының жүзіне қарап күлген, шынайы шаттықпен жанары жарқыраған бала. Тәй-тәй басып, «мама», «папа» деп үйдің ішін қуанышқа толтырған сол бір кішкентай жүрек. Дәл сол жүрек бүгін сендер елестете де алмайтын ауырлықтың астында қалды…»

💔39😢19❤17❤🔥3💯3