Дастан Құрманбаев
28.4K subscribers
227 photos
35 videos
8 files
155 links
🎓 “Нұр-Мубарак” ЕИМУ түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Download Telegram
❤‍🔥85❤51🕊8
Арық деген жаман тай,
Жазға шығып ат болар.
Жамандығың сезілсе,
Жақын кісі жат болар.

📚 Мақал-мәтелдер жинағы
❤295👍28👏27😭20💔7🕊6💯4⚡1
https://youtu.be/YGEdzu4-K34

25-сабақ шықты!
Бұл дәрісте “Хиджама”, “Пайғамбарымыздың (с.а.у.) есімдерінің мағынасы”, “Күнкөрісі” тақырыптары қамтылады.
❤155🔥26
Омар Исламға келген кезде Пайғамбарымыздан (с.а.у.) “Біз дұрыс жолдамыз ба?” деп сұрады. Ол кісі “Иә” деп жауап берді. Сонда Омар “Ендеше неге тығылып отырмыз? Жүріңдер, Қағбаға барып намаз оқиық!” деді.

Егер дұрыс жолда екеніңе сенімді болсаң, ешкімнің сөзі саған әсер етпесі анық. Ұялма, жасырма “Мен мұсылманмын” деп ашық айт! Діни ғибадаттарыңды еркін орында. Алған бағытыңнан тайма.
❤608🔥55😭34👍27🕊14🤯3⚡2
“Өтірікшіні уәдесінен танисың”.

Имам Ахмад
❤402👍57💔45⚡11🕊10🤔4💯4🔥2
Ақсақ Темір арқасы қисық Баязидке қарап тұрып “Шынымен де, Құдай үшін қу дүниенің қадірі жоқ-ау! Әйтпесе, бір ақсақ пен бір қисыққа беріп қояр ма еді?” деген екен.
🔥258❤169😁78👍37🤯11😭9🤩5🕊4⚡1
Ислам – мөлдір де, кәусар бұлақ. Оған қаншама тосқауыл жасап, алдын бөгегенмен, ол бәрібір өзіне жол тауып, жарып шығады.

Әбсаттар қажы Дербісәлі (Алла рахым етсін)
❤471🔥42👍15🕊6🎉5💯4❤‍🔥3⚡1
❤397😭60🕊22🤯3🤔2
Өзімізден кейінгілерге ақыл айтқан кезде “Жақсылап тыңда! Маған кезінде ешкім айтқан жоқ” немесе “айтатын адам болмады” дейміз ғой. Негізінде, айтты )) Талай адам айтты )) Бірақ біз тыңдамадық. Бізді де тыңдамайды. Сонда да айта береміз. Бұл сондай дәстүр (баяғыдан келе жатқан) ))
❤480😁177💯58😢45💔18🤔5🐳2⚡1😭1
Бұл өмір мәңгі емес!
❤493💯81😢70💔41👍21🕊9❤‍🔥6🔥6⚡4🤯1
❤165❤‍🔥36😍27🔥13⚡5😁2
Сен өлгенде біреу қайғырады, ал біреу соны пайдаланып контент қылады. Бұл – адамдар үшін өмір сүрмеудің тағы бір дәлелі.

Қайғылы қазаны контент еткен AI-мамансымақтар. Оңбайсыңдар.
❤455💔110👍45😭43💯14🔥4⚡3
Кейбіреулерді жақтырмауыңның артында “менсінбеушілік” тұрғанын білетін бе едің?
❤381😢134👍51🔥12😨9💯5💔3⚡1
“Міне, осылайша саған да Өзіміздің әмірімізден рух уахи еттік”. (42:52)

Құранды “рух” деп атады. Өйткені рух денеге жан бітіретін болса, Құран жүрекке жан бітіреді.
❤446💯42❤‍🔥22👍9🔥8⚡4🕊1
❤427💔84❤‍🔥16👍8🕊7😱2
Сағид ибн Жубайр деген табиғин: “Жәннатқа ең бірінші шақырылатындар — барлық жағдайда (жайшылықта да, қиындықта да) Аллаға шүкір айтатындар”, - дейді.

📚 Зуһд. Ибн Мубарак
❤552😍45😭20❤‍🔥17👍15🕊9⚡1
❤115👍17🤩2
Жетпіс үзір жайында…

Сахабалардан “Бауырыңа жетпіс үзір ізде” деген сөз қалған. “Үзір ізде” дегені, мысалы бір бауырыңыздан оғаш қылық көрсеңіз, бір себебі бар шығар деп ойлауыңыз керек. Егер сіз ойлаған себеп қисынға келмесе, басқа бір себебі бар шығар деп, осылай жетпіс түрлі себебін ойлайсыз. Сонда да ақтауға келмей жатса, жетпіс түрлі себеппен бір бауырыңызды ақтай алмаған өзіңізден көресіз. Баяғылар салихалылар осындай болған…

Ал біз ше? Бір бауырымыздың өзіміз жайында бір ауыз жаман сөзін естіп қалсақ, (ашуланып айтқан шығар, бір ісіме ренжіген шығар, біреу айдап салған шығар т.б. себептерді ойлаудың орнына) осы кезге дейінгі жақсылығы мен арадағы жақсы қарым-қатынастың барлығын ұмытып, дереу оны дұшпандарымыздың қатарына қосуға дайын тұрамыз. Бұрынғылар аңқау болды ма? Әлде біз тым ақылдымыз ба? Соны біле алмай отырмын…
❤412👍76😢41💔14🔥10😁4
❤173👏20🔥8⚡3🎉3💔2
Өмірде артынан міндетті түрде өкінетін екі ісің болады: нәпсіге беріліп істеген күнәң мен ашуға салынып жасаған қателігің!
❤307😭83💯26🔥19💔11👍9🤝3⚡2