Өзімізден кейінгілерге ақыл айтқан кезде “Жақсылап тыңда! Маған кезінде ешкім айтқан жоқ” немесе “айтатын адам болмады” дейміз ғой. Негізінде, айтты )) Талай адам айтты )) Бірақ біз тыңдамадық. Бізді де тыңдамайды. Сонда да айта береміз. Бұл сондай дәстүр (баяғыдан келе жатқан) ))
❤493😁180💯58😢45💔19🤔5🐳2⚡1😭1
Forwarded from Абылай Кенжалы
Сен өлгенде біреу қайғырады, ал біреу соны пайдаланып контент қылады. Бұл – адамдар үшін өмір сүрмеудің тағы бір дәлелі.
Қайғылы қазаны контент еткен AI-мамансымақтар. Оңбайсыңдар.
Қайғылы қазаны контент еткен AI-мамансымақтар. Оңбайсыңдар.
❤465💔112👍46😭43💯14🔥4⚡3
Кейбіреулерді жақтырмауыңның артында “менсінбеушілік” тұрғанын білетін бе едің?
❤401😢138👍51🔥12😨9💯5💔4⚡1
“Міне, осылайша саған да Өзіміздің әмірімізден рух уахи еттік”. (42:52)
Құранды “рух” деп атады. Өйткені рух денеге жан бітіретін болса, Құран жүрекке жан бітіреді.
Құранды “рух” деп атады. Өйткені рух денеге жан бітіретін болса, Құран жүрекке жан бітіреді.
❤466💯42❤🔥22👍9🔥9⚡3🕊2
Сағид ибн Жубайр деген табиғин: “Жәннатқа ең бірінші шақырылатындар — барлық жағдайда (жайшылықта да, қиындықта да) Аллаға шүкір айтатындар”, - дейді.
📚 Зуһд. Ибн Мубарак
📚 Зуһд. Ибн Мубарак
❤589😍45😭21👍19❤🔥17🕊9⚡1
Жетпіс үзір жайында…
Сахабалардан “Бауырыңа жетпіс үзір ізде” деген сөз қалған. “Үзір ізде” дегені, мысалы бір бауырыңыздан оғаш қылық көрсеңіз, бір себебі бар шығар деп ойлауыңыз керек. Егер сіз ойлаған себеп қисынға келмесе, басқа бір себебі бар шығар деп, осылай жетпіс түрлі себебін ойлайсыз. Сонда да ақтауға келмей жатса, жетпіс түрлі себеппен бір бауырыңызды ақтай алмаған өзіңізден көресіз. Баяғылар салихалылар осындай болған…
Ал біз ше? Бір бауырымыздың өзіміз жайында бір ауыз жаман сөзін естіп қалсақ, (ашуланып айтқан шығар, бір ісіме ренжіген шығар, біреу айдап салған шығар т.б. себептерді ойлаудың орнына) осы кезге дейінгі жақсылығы мен арадағы жақсы қарым-қатынастың барлығын ұмытып, дереу оны дұшпандарымыздың қатарына қосуға дайын тұрамыз. Бұрынғылар аңқау болды ма? Әлде біз тым ақылдымыз ба? Соны біле алмай отырмын…

❤445👍77😢45💔17🔥10😁4⚡2😭1
Өмірде артынан міндетті түрде өкінетін екі ісің болады: нәпсіге беріліп істеген күнәң мен ашуға салынып жасаған қателігің!
❤525😭130💯49🔥25👍21💔19⚡5🤝3
Біз өзіміз жауап емес —
Сұрақпыз.
Желді күнгі суылдаған құрақпыз.
Өтіп жатыр,
Өтіп жатыр жас дәурен.
Өтіп жатыр,
Қайғырмаймыз бірақ біз.
Сияқтымыз секеңдеген кенгуру.
Қиын боп па бір мамандық меңгеру
Ішті қалай пыстырмайды
Тек қана
Тамақ ішу,
Киім кию —
Күн көру?!
Қаңтар кетіп,
Наурыз келіп,—
Жаз келіп,
Жатқан кезде аққу ұшып,
Қаз қонып,
Өмір сүру —
Қол қою ма тек қана
Еңбекақы алғаныңа мәз болып?!
Кімдер бізді,
Кімдер бізді түзейді!?
Күйбең тірлік күндеріңді күзейді.
Алдарқатып айқай-шуы базардың,
Ой салады тыныштығы музейдің.
Қадыр Мырза Әли
Сұрақпыз.
Желді күнгі суылдаған құрақпыз.
Өтіп жатыр,
Өтіп жатыр жас дәурен.
Өтіп жатыр,
Қайғырмаймыз бірақ біз.
Сияқтымыз секеңдеген кенгуру.
Қиын боп па бір мамандық меңгеру
Ішті қалай пыстырмайды
Тек қана
Тамақ ішу,
Киім кию —
Күн көру?!
Қаңтар кетіп,
Наурыз келіп,—
Жаз келіп,
Жатқан кезде аққу ұшып,
Қаз қонып,
Өмір сүру —
Қол қою ма тек қана
Еңбекақы алғаныңа мәз болып?!
Кімдер бізді,
Кімдер бізді түзейді!?
Күйбең тірлік күндеріңді күзейді.
Алдарқатып айқай-шуы базардың,
Ой салады тыныштығы музейдің.
Қадыр Мырза Әли
❤383👏32🔥20❤🔥14😭13👍12💯7😢5😍4💔2
“Егер ризық ақылмен келетін болса, жан-жануарлар аштан өлетін еді” деген сөз оқыдым бүгін.
❤440🤯52👍25😢17❤🔥13💯9😭7⚡3
❤68👍3
Құбылып, әр нәрсеге көңіл кетер,
Осылай өмір өтіп, өлім жетер.
Тәубе етіп, үлгермесең сауап жинап,
Тапқан мал, жиған абырой, бәрі бекер…
Осылай өмір өтіп, өлім жетер.
Тәубе етіп, үлгермесең сауап жинап,
Тапқан мал, жиған абырой, бәрі бекер…
❤365💔53👍32💯14😭8⚡3🤝3❤🔥2🔥1
Бір адам Пайғамбарымыздан (с.а.у.) “Маған бір өсиеті айтыңызшы” деп сұрағанда “Ашуланба” деп жауап беріпті.
Бұл өсиеттің қарапайымдылығы соншалықты, егер басқа біреу айтса “осы-ақ па?” дерсің. Бірақ үлкен-үлкен жетістіктер мен нәтижелердің қарапайым істерден туатынын біліп қой!
Бір жағынан, ашудың ар жағында тәкаппарлық, менсінбеушілік, тағдырға наразылық т.б. көптеген дерттер жатқан, ал ашу соның бір ғана симптомы болып көрінген болуы мүмкін. Емделу керек…
Оған қоса, бұл жердегі “ашуланба” дегені — бойыңдағы Құдай жаратқан эмоцияны тұншықтырып-тұншықтырып жойып жібер деген сөзі емес. Ашу сені емес, сен ашуды басқар дегені. Әйтпесе, бойыңда өзіңе бағынбайтын бір күштің болғаны жақсы емес!

❤299👍51🔥15💯8⚡4
Ата ибн Әбу Рабах деген табиғин ғұлама: “Кісі кейде ашумен бір сөз айтып, алпыс-жетпіс жылғы амалын жойып алады”, - дейді.
📚 Ибн Ражаб. Фатх әл-Бари
Бұл жердегі “амалы” деген “сауапты істері” немесе “абыройы” болуы мүмкін.
📚 Ибн Ражаб. Фатх әл-Бари
Бұл жердегі “амалы” деген “сауапты істері” немесе “абыройы” болуы мүмкін.
❤188😢25💔15👍8💯6
Руфайғ Әбул-Ғалия деген табиғин былай дейді: “Егер пенде көрген нығметіне шүкір етіп, істеген күнәсіне тәубе етіп, осы екі хәлдің ортасында жүрсе құрып кетпейді деп үміттенемін”.
📚 Ибн Әбуд-Дуния. Мауағиз
📚 Ибн Әбуд-Дуния. Мауағиз
❤209👍27❤🔥14
Иман келтіру — сатылардан тұрады 👉🏻 https://www.instagram.com/reel/DfUjoxLBjvf/?psln=a3dzdWRiZDNsZjli
❤78👍3