Dauletten.kz
75.8K subscribers
376 photos
254 videos
1 file
217 links
Өзекті жаңалықтар мен маңызды ақпараттар📰

Достарыңызды, таныстарыңызды шақыру үшін👉🏻 https://t.me/+xkxeg3id2fQ0NzUy

Жарнама және ұсыныстар бойынша: @YerekentiKZ
Download Telegram
🚆 Қазақстанда ерлер мен әйелдерді бір купеге бөлек орналастыру жүйесі енгізілуі мүмкін

Елімізде пойыз билеттерін сату тәртібіне жаңа өзгеріс енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.

Бұған әлеуметтік желідегі ұсыныс себеп болған. Threads қолданушысы бір купедегі жолаушыларды жынысына қарай бөлек орналастыруды ұсынған. Яғни купедегі алғашқы орынды ер адам сатып алса, қалған орындар да ер жолаушыларға сатылуы мүмкін. Ал бірінші болып әйел адам билет алса, купедегі басқа орындар әйелдерге ұсынылады.

Бұл тәжірибе Түркияда бар екені айтылған.

Ұсынысқа «Қазақстан темір жолы» өкілдері де жауап берді. Компания мұндай жүйені қазір зерттеп жатқанын, ал оны Қазақстанда енгізу мүмкіндігі кейін қарастырылатынын хабарлады.

Яғни әзірге бұл — тек қарастырылып жатқан ұсыныс, нақты енгізілген жаңа ереже емес.
👍96❤18🔥4👏3😱3
Тараз тұрғыны бір күнде 62,9 млн теңгеге байыды

Бір сәт қиялдап көріңізші: егер шотыңызға бірден 100 млн теңге түссе, ең бірінші не істер едіңіз? Қарызыңызды жабасыз ба, әлде көптен бері армандаған дүниеңізге жұмсайсыз ба?

Тараз тұрғыны Роман Полукаров үшін бұл сұрақ енді жай қиял емес. Ол «Сәтті Жұлдыз» лотереясының 5/36 тиражында 62 901 700 теңге көлемінде джекпот ұтып алды.

Романның айтуынша, ұтысқа қатысып жүргеніне 3–4 айдай болған. Осы уақыт ішінде 4/20, 5/36 және LOTO 6/49 тираждарына анда-санда қатысып отырған. Ал ірі ұтыс дәл 5/36 тиражында бұйырған.

Ұтысты қайда жұмсамақ?

Роман қомақты қаржының бір бөлігін алдымен қарыздарын жабуға, сондай-ақ денсаулығына жұмсауды жоспарлап отыр.

Ол жеке тапсырыстар орындап, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүр. Жұбайы және үш баласы бар. Сондықтан бұл қаржы отбасының алдағы жоспарларын жүзеге асыруға жақсы мүмкіндік болмақ.

Романнан сәттілікке деген сенімі өзгерді ме деп сұрағанда:

«Иә, енді сенемін», — деп жауап берген.

Ал басқа қатысушыларға тілегі:

«Ұтысты болыңыздар!»

Айта кетейік, «Сәтті Жұлдыз» Қазақстандағы тираждық лотереялардың операторы. Компанияның қатарында 4/20, 5/36 және LOTO 6/49 тираждары бар.

Алдағы тираждардың бірінде LOTO 6/49 бойынша автокөлік ұтысқа қойылады.
❤72🔥35😍12🤩6🥴4🤣3
🍔Қазақстанда балаларға зиянды тағамдардың жарнамасына шектеу қойылуы мүмкін

Қазақстанда балаларға бағытталған фаст-фуд, тәтті сусындар және құрамында қант, тұз бен қаныққан май мөлшері жоғары өнімдерді жарнамалауға шектеу енгізу ұсынылды.

Денсаулық сақтау министрлігі мұндай жарнамаларды телеарна, радио, әлеуметтік желі және сыртқы жарнамада шектеуді қарастырып жатыр.

Мақсат – балалардың зиянды тағамдарға қызығушылығын азайтып, дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыру.

Қазір ұсыныс бойынша тиісті талдау жүргізілуде.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍98❤13👏9👌4🍌1
🌧️13 қыркүйекте Қазақстанның бір бөлігінде жаңбыр, найзағай және қатты жел болады

13 қыркүйек, жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қазгидромет болжамынша, солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және шквал болуы мүмкін.

Елдің батысында жауын-шашын айтарлықтай болмайды. Ал республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

🔥 Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Олардың қатарында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстары бар. Сондай-ақ Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Алматы және Маңғыстау облыстарының кей аудандарында өрт қаупі жоғары болады.

🚨 Өрт қаупі өте жоғары деңгей Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында болжанып отыр. Бұған қоса Қарағанды, Абай, Жетісу, Алматы, Атырау және Маңғыстау облыстарының жекелеген аудандарында да қауіп жоғары.
❤7👍5⚡2👌2❤‍🔥1
🔥БІЛІМ ГРАНТЫНА БІР ҚАДАМ!

10–11 сынып оқушылары, ҰБТ-ға дайындықты дәл қазір бастаңыз! 🎯

ALGYR онлайн-платформасы (by Dauletten) — өзекті база, түсінікті сабақтар және кураторлық қолдау. 📚

ҰБТ-ға Dauletten командасымен бірге дайындалыңыз!

📲Толық ақпарат үшін біздің WhatsApp-қа жазыңыз:
wa.me/77010000215
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
😸Түркістанда мысық көлік жүргізіп көрді

Түркістанда күтпеген жағдай болды. Көлік рөлінде мысық отырғаны анықталды.

Желіде тараған видеода көліктің қозғалып барып, қабырғаға соғылғанын көруге болады. Артынша ішінен мысық секіріп түседі.

Рөлге отыру оңай екен, тұраққа қою қиындау болып шықты))
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣57😁10❤6🔥1😭1
💼Жұмыссыз ретінде тіркелу енді бірден болмайды

1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін алу тәртібі өзгереді. Еңбек министрлігі жаңа жүйені әзірге пилоттық жоба ретінде енгізбек.

Қазіргі тәртіп бойынша азаматқа жұмыссыз мәртебесін беру үшін 2 күн ішінде жұмыс ұсынылады. Жаңа жүйеде бұл мерзім 13 күнге дейін ұзарады.

Осы уақыт ішінде мансап орталығы мамандары азаматтың:

🔶 еңбек тәжірибесі мен біліктілігін;
🔶 кәсіби дағдыларын;
🔶 қандай жұмыс іздеп жүргенін анықтайды.

Содан кейін оның тәжірибесі мен қабілетіне сай бос жұмыс орындары ұсынылады. Қажет болса, мамандар жұмыс берушілермен тікелей байланысып, азаматты жұмысқа орналастыруға көмектеседі.

Яғни енді адамды бірден «жұмыссыз» ретінде тіркемей, алдымен оған лайықты жұмыс тауып беруге тырысады.

Жаңа тәртіп бойынша жұмыс істейтін мансап орталығы мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының мамандары арнайы оқудан өтеді.

Министрлік пилоттық жоба барысында жүйені сынақтан өткізіп, анықталған кемшіліктерді түзетуді жоспарлап отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍23❤13🤣11😢3👏2🎉1
👏Жапан далада жалғыз қалған 4 жасар баланы машинист байқап, құтқарып қалды

Оқиға теміржол бойында болған. «Қазақстан темір жолы» мәліметінше, 4 жастағы бала Айнабұлақ станциясына қарай жалғыз келе жатқан.

Сол маңнан Сарыөзек–Үштөбе бағытымен жүк пойызын жүргізіп келе жатқан машинист баланы байқап, дереу пойызды тоқтатқан. Кейін оны өзімен бірге алып, қауіпсіз жерге жеткізген.

Айнабұлақ станциясына келген соң машинист баланы кезекшіге тапсырған. Кезекші оның ата-анасын тауып, хабарласқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏59👍40❤20🙏2😍1
🎨Қазақстанда граффитиге қатысты жаңа жаза енгізілуі мүмкін

Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындардағы жазулар мен суреттерге қатысты жаңа ережелер әзірлеп жатыр.

Ұсынылып отырған өзгеріске сәйкес, қоғамдық ғимараттар мен басқа да нысандарға рұқсатсыз жазу немесе сурет салуға тыйым салынбақ.

Бұл талапты бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік енгізу ұсынылып отыр.

Яғни рұқсатсыз граффити салу енді жай ғана тәртіп бұзушылық ретінде емес, жаза қарастырылатын әрекетке айналуы мүмкін.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17❤7👏2🔥1
🚕Оң рульді көліктермен такси қызметін көрсетуге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда оң рульді шамамен 70 мың көлік жолаушы тасымалы қызметінен шығарылған. Енді рөлі оң жақтан сол жаққа ауыстырылған көліктерді де такси ретінде пайдалануға шектеу қойылмақ.

Бұдан бөлек, такси агрегаторлары мен техникалық байқау орталықтарына қойылатын талаптарды күшейту жоспарланып отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏15❤12🤬7👌2🤔1🕊1
❗️Онлайн несие аларда жеті сұраққа жауап беру қажет болады

1 қазаннан бастап банктер мен микроқаржы ұйымдары онлайн несие рәсімдейтін азаматтарға арнайы сауалнама жүргізеді. Оның мақсаты — алаяқтықтың алдын алып, адамның несиені өз еркімен алып жатқанын анықтау.

Сауалнама барысында азаматтан:

▪️Несиені өзі алуға шешім қабылдағаны;

▪️Біреудің кеңесімен немесе ұсынысымен рәсімдеп жатқаны;

▪️Банк, полиция немесе басқа ұйым қызметкері ретінде таныстырған адамның қоңырау шалғаны туралы сұралады.

Сонымен қатар қаржы ұйымдары:

▫️Несиенің өзіне қажет екенін немесе басқа адамның өтінішімен алып жатқанын;

▫️Қаражаттың не үшін қажет екенін және оны қайда жұмсамақ екенін;

▫️Несие сомасы, мерзімі, пайыздық мөлшерлемесі мен төлем шарттарын түсінетінін;

▫️Біреудің қысым көрсетіп, несиені шұғыл рәсімдеуге мәжбүрлеп жатқан-жатпағанын анықтайды.

Сондай-ақ азаматтан несиені банк қызметкерлері мен туыстарынан жасыруды біреу сұрағаны және бұған дейін «ақшаңызды қорғаймыз», «шотыңызды тексереміз» деген күмәнді қоңыраулар болғаны сұралады.

📌Жаңа талап 1 қазаннан бастап күшіне енеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤18👍5
🕶️TDK көзге тікелей проекция жасайтын көзілдірік жасады

TDK корпорациясы әлемде алғаш рет *Direct Retinal Projection (DRP)* технологиясын көрсетті — бейне тікелей торқабыққа проекцияланады, оны метаоптикалық айна арқылы жасайды.

Айнаның қалыңдығы — бар болғаны *150 нм*! Ол тікелей көзілдірік линзасына орнатылады. Жарық өткізгіштігі ~80% болғандықтан, көзілдірік әдеттегі оптикалық линза сияқты мөлдір күйін сақтайды — күнделікті киюге жарамды.

Метаоптика дегеніміз — толқын ұзындығынан кіші "жасанды атомдардан" тұратын жалпақ құрылым (метабеткей). Бұл дәстүрлі оптиканың "қалыңдық" пен "қисықтыққа" тәуелділігін толық жойды.

Сіз мұндай смарт-көзілдірікті күнделікті кигіңіз келер ме еді? 👇
👍19❤8🔥3⚡1🥱1😍1
🦠Қазақстанға оба таралу қаупі бар ма?

Ресейдің Иркутск облысында обаға қарсы ғылыми-зерттеу институтының 28 жастағы қызметкері көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, ол жұмыс барысында құрамында оба бактериясы бар сынауықты абайсызда сындырып, инфекция жұқтыруы мүмкін. Дегенмен, бұл ақпарат әзірге ресми расталған жоқ. Ресейлік мамандар әйелге себебі белгісіз пневмония диагнозы қойылғанын хабарлады.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды бақылауға алып, мемлекеттік шекарадағы санитариялық-карантиндік бақылауды күшейтті.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанға оба инфекциясының таралу қаупі төмен. Эпидемиологиялық жағдай Ресейден келетін жаңа ақпаратқа сәйкес қайта бағаланып отырады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱35😢5❤3⚡1👌1
🚘Жүргізушілердің медициналық тексеру тәртібі өзгеруі мүмкін

65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар адамдар медициналық тексеруден екі жылда бір рет өтуі мүмкін.

Денсаулық сақтау министрлігі жүргізушілерге медициналық анықтама беру тәртібін жаңартуды ұсынды. Жаңа тәртіп бойынша медициналық комиссияның қорытындысы бірыңғай автоматтандырылған базаға енгізіледі. Бұл мемлекеттік органдарға жүргізушінің көлік басқаруға жарамдылығын тексеруге мүмкіндік береді.

Министрліктің мәліметінше, мұндай талап «Жол жүрісі туралы» заңда қарастырылған. Құжат қазір «Ашық НҚА» порталында талқыланып жатыр. Ұсыныстар 19 қазанға дейін қабылданады.
❤6👍5👎2
ДЗЮДОДАН 2027 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ТУЫ ҚАЗАҚСТАНҒА РЕСМИ ТҮРДЕ ТАБЫСТАЛДЫ 🇰🇿

Қазақстан 2027 жылы Астанада өтетін дзюдодан әлем чемпионатының туын ресми түрде қабылдап алды.

Қазақстан спорты үшін маңызды оқиға Әзербайжан астанасы Бакуде өтті. Әлем чемпионаты аясында Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) туын келесі әлем чемпионатын қабылдайтын ел ретінде Қазақстанға табыстау рәсімі ұйымдастырылды.

Халықаралық дзюдо федерациясының бас хатшысы Лиза Аллан туды Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеевке табыстады. Бұған дейін туды Лиза Алланға Әзербайжан дзюдо федерациясының вице-президенті Эльнур Мамедли берген болатын.

Дзюдодан әлем чемпионаты 2027 жылғы 7–14 маусым аралығында Астанада өтеді. Бұл жарыс 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеудің маңызды кезеңдерінің бірі болмақ. Спортшылар Олимпиада жолдамаларын бөлу кезінде ескерілетін рейтингтік ұпайлар үшін күреседі.

Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, әлем чемпионатын өткізу отандық спорт үшін айрықша маңызға ие. Бұл — халықаралық спорт қауымдастығының Қазақстанға деген жоғары сенімінің белгісі.

Оның сөзінше, басты міндеттердің бірі — чемпионатты Халықаралық дзюдо федерациясының талаптарына сай жоғары деңгейде ұйымдастыру және ұлттық құраманы сапалы дайындау. Өз жанкүйерлерінің алдында өнер көрсету қазақстандық спортшыларға қосымша жауапкершілік жүктейді.

Қазақстан 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын тарихында екінші рет қабылдайды. Алғаш рет бұл жарыс елімізде 2015 жылы өткен болатын.

Сонымен қатар 2023–2026 жылдар аралығында Қазақстан Халықаралық дзюдо федерациясының ресми күнтізбесіне енген Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирін ұйымдастырды.

Қазақстанның осындай ірі жарыстарды өткізуі еліміздің әлемдік дзюдодағы позициясының нығайып келе жатқанын және халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізуге дайын екенін көрсетеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Бакуде өткен әлем чемпионатын күміс медальмен аяқтады. Ұлттық құрамаға жүлдені 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем вице-чемпионы атанған Шерзод Давлатов әкелді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤18👍8