Dauletten.kz
75.8K subscribers
376 photos
254 videos
1 file
217 links
Өзекті жаңалықтар мен маңызды ақпараттар📰

Достарыңызды, таныстарыңызды шақыру үшін👉🏻 https://t.me/+xkxeg3id2fQ0NzUy

Жарнама және ұсыныстар бойынша: @YerekentiKZ
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📦 Астанада әйелге марқұм әкесінің атынан хабарласқан

Елордада тұратын әйелге әкесінің атынан сәлемдеме келгені туралы хабар жеткен. Алайда бұл жағдай алаяқтардың кезекті айласы болып шықты.

Әлеуметтік желіде тараған видеода белгісіз адам әйелге марқұм әкесінен сыйлық жіберілгенін айтып, оның аты-жөнін нақты атап, сенімге кіруге тырысқан. Ол үшін ешқандай төлем талап етілмейтінін де алға тартқан.

Алайда әйел әкесінің 9 жыл бұрын дүниеден өткенін айтып, алаяқтың сөзін жоққа шығарған. Осылайша, оның өтірігі әшкереленді.
😱49❤14🎉5🤨2🤔1
🛜Threads-тағы шу: Францияның байланысы біздегіден нашар ма?

Threads желісінде Франциядағы мобильді байланыстың сапасыздығы туралы жазба қызу талқылануда. Жазба иесінің айтуынша, супермаркет ішінде интернет байланысы өте тұрақсыз, хабарламалар жүктелмейді, ал қарапайым қоңырау шалу мүмкін емес шаруаға айналады.

Көпшілік арасында «шетелдің интернеті бізден әлдеқайда жақсы» деген стереотип қалыптасқан. Бірақ бұл жағдай көрсеткендей, мәселе елдің даму деңгейінде емес, нақты қолданушының тәжірибесінде екен.

Шын мәнінде, Қазақстандағы интернет көпшілік ойлағаннан әлдеқайда сапалы:

📊Speedtest дерегіне сүйенсек, елімізде мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 54 Мбит/с-тан 94 Мбит/с-қа дейін өсті. Соның нәтижесінде Қазақстан әлемдік рейтингте 46-орынға көтерілді.

Байланыс сапасын жақсарту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Бүгінде халықтың 99%-ы 4G желісіне қол жеткізе алады.

💬Шетелде байланысқа қатысты қиындыққа тап болғансыз ба? Пікірлеріңізбен бөлісе кетіңіз! 👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤18🔥8🥴4👏1🍌1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Батырдың ерлігі мемлекет деңгейінде мойындалды

Аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлына ең жоғары мемлекеттік марапат — «Халық қаһарманы» атағы берілді. Бұл шешім туралы Президент Жамбыл облысына жасаған сапары кезінде хабарлады.

Мемлекет басшысы халықтың батырды бұрыннан ерекше құрметтейтінін атап өтті. Соған қарамастан, оның ерлігі ұзақ жылдар бойы ресми түрде лайықты бағасын алмаған. Енді бұл олқылықтың орны толып, тарихи әділдік қалпына келтірілді.
👍81❤22🎉2
🥲Келін енесінің алтындарын ломбардқа өткізіп, ақшаны ойынға жұмсаған

Түркістанда полицейлер құны 8,5 млн теңгеге бағаланған ұрлық дерегін анықтады. Қала тұрғыны үйінен алтын әшекейлер мен ақша жоғалғанын байқап, құқық қорғау органдарына арызданған.

Жедел тексеру нәтижесінде күдікті ретінде жәбірленушінің келіні белгілі болды. Тергеу мәліметінше, ол мамыр айынан бері алтын бұйымдар мен қолма-қол ақшаны жасырын алып, әшекейлерді ломбардқа өткізген. Ал түскен қаржыны құмар ойындарға жұмсаған.

Аталған факті бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱55🤣29❤17😢16🤬8😁3
Көлік нөмірін енді өзіңіз таңдай аласыз

Полиция хабарлауынша, 5 қаңтардан бастап арнайы ХҚКО-ларда автокөлікке арналған нөмірді қалаған әріп пен сан комбинациясымен рәсімдеуге болады.

Қызмет бағасы таңдалған нұсқаға қарай:
• 10 АЕК — шамамен 43 250 теңге,
• 15 АЕК — шамамен 64 800 теңге.

Ал сұранысы жоғары «әдемі» нөмірлерге бөлек мемлекеттік баж белгіленген.
👏31❤25🔥6😍4🍓1
🛒Азық-түлік бағасын көтергендерге айыппұл салынды

Елімізде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын негізсіз өсірген кәсіпкерлер 55,7 млн теңгеден астам айыппұл төледі. Жыл басынан бері 600+ дүкен тексеріліп, мыңдаған заңбұзушылық анықталған.

Билік бағаны бақылауды күшейтіп, өңірлерде тұрақтандыру қорларын пайдалануда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍124❤21👎2🐳1
🌫 Қазақстандағы ең лас қала анықталды

Қазгидромет мәліметінше, Қарағанды елдегі экологиялық жағдайы ең ауыр қала деп танылды.

🌪Кейбір желсіз күндері ауадағы зиянды заттардың деңгейі рұқсат етілген нормадан 24 есе асып кеткен.

Мамандардың айтуынша, басты себеп – сапасыз көмір жағатын пештер. Мұндай көмір толық жанбайды, түтіні мен күлі көп болады. Соның салдарынан ауаға зиянды қалдықтар көп бөлініп, қала ауасы қатты ластанады.

Ал экологтар көмір нарығындағы мемлекеттік бақылаудың әлсірегенін атап өтеді. ⛔ Қазір шығу тегі белгісіз көмір сертификатпен еркін сатылып жатыр, бұл экологияға үлкен қауіп төндіруде.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢29❤25🤯14🥴5🤣1🍌1
‼️Тоқаев: қаржылық қылмыспен күресте босаңсуға жол жоқ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігіне барып, мекеме ұжымымен кездесті. Мемлекет басшысы қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, алдағы міндеттердің күрделілігіне назар аударды.

Президенттің айтуынша, қылмыстық топтар жасанды интеллектіні белсенді қолдана бастаған. Егер құқық қорғау органдары технологиялық үрдістерден кейін қалып қойса, бұл ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіруі мүмкін.

Сонымен қатар әлеуметтік салаға бөлінген қомақты қаражатты заңсыз иемдену фактілері әлі де тыйылмай отыр. Мұндай алаяқтыққа мүлде жол беруге болмайтынын атап өтті.

Мемлекет басшысы криптовалюта арқылы капиталды шетелге заңсыз шығару әрекеттері жалғасып жатқанын айтып, көлеңкелі экономиканың елге орасан зор зиян келтіретінін ескертті. Бұл бағытта қатаң тосқауыл қою қажет.

Қажет болған жағдайда Агенттік құрылымында қосымша үш генералдық лауазым енгізу мүмкіндігі де қарастырылатынын жеткізді.

Тоқаев қылмыстың салдарымен күрескеннен гөрі, оның алдын алу әлдеқайда тиімді екенін айтты. Себебі келтірілген шығынды өтеу көп жағдайда мүмкін болмайды.

Сондай-ақ Президент жұмыс барысында шектен шығуға болмайтынын ескертіп, АФМ-нің басты мақсаты қаржы ұйымдарын жаппай тексеру емес, қауіп-қатерді алдын ала анықтау екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы кей азаматтардың жасанды интеллектке шамадан тыс сеніп, мәтіндерін Grok пен ChatGPT секілді жүйелерге жаздырып жүргенін сынға алып, бұл білім алудың дұрыс жолынан ауытқуға әкелетін алаңдатарлық үрдіс екенін айтты.
❤31👍14😢1🍓1
🥶Ақпанда −35°C-қа дейін аяз болады: синоптиктер болжамы

Метеорологтардың айтуынша, ақпанның басы мен ортасы ең суық кезеңге айналмақ. Суық ауа массалары батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерді қамтиды. Түнгі температура −21…−30°C-қа дейін төмендейді, ал шығыстың таулы аймақтарында аяз одан да күшейуі мүмкін.

Ақтөбе облысында күрт суыту күтіледі: түнде −28°C, күндіз шамамен −23°C болады.

Солтүстік, орталық және шығыста ауа райы құбылмалы: күндіз әлсіз аяз немесе нөлге жуық температура байқалып, түнде қайтадан −28°C-қа дейін суытады.

Ал оңтүстік өңірлерде ақпан салыстырмалы түрде жұмсақ өтеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤49🥴17🙏12😢11👍8😱7🎉1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⛏️😱Құлсарыдағы мектепте төтенше оқиға: оқушы балтамен шабуыл жасады

Құлсары қаласындағы Пушкин атындағы мектепте 10-сынып оқушысы мектеп ішінде балтамен жүгіріп, екі құрдасын жарақаттаған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға оқушылар арасындағы жанжалдан кейін болған.

Бастапқыда полицияға шағым түспегені хабарланғанымен, кейін баланың екі оқушыға дене жарақатын салғаны анықталды.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал оқушының ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱43❤21🤬11😐5
Орыс тілінің қазақ тілімен тең деген мәртебесі алынып тасталуы мүмкін

Жаңа Конституция жобасында орыс тіліне байланысты тұжырым қайта қаралды. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді.

Оның айтуынша, 9-баптағы «тең» деген сөз «қатар» ұғымымен алмастырылған.

Яғни жаңа редакцияда:
«Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі қазақ тілімен қатар қолданылады» деп көрсетіледі.

Басқаша түсініп қалдыңыздар ма?)🤗
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎130🤣69❤42👌20🤔16🥴15👍9🥱8❤‍🔥3
💰Елімізде орташа зейнетақы 157 мың теңгеден асты

Қазақстанда орташа зейнетақы көлемі 157 мың теңгеден асты. 2026 жылғы 1 ақпандағы мәлімет бойынша, елдегі орташа жиынтық зейнетақы 157 843 теңгені құрады.

Жыл басынан бері зейнетақы төлемдеріне бюджеттен 395,2 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде:

▪️ базалық зейнетақыға — 131,3 млрд теңге
▪️ солидарлық зейнетақыға — 263,9 млрд теңге

Қазіргі таңда Қазақстанда 2 млн 538 мың зейнеткер бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤20👌13🤔12🤨4😁3🎉3
💉Екпе алмаған балалар уақытша сабақтан шеттетіледі

Қазақстанда қызылша ауруының өршуіне байланысты жаңа санитарлық шаралар енгізілуде. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сархат Бейсенова мәлімдеді.

Енді мектептер мен балабақшаларда күн сайын таңертең медициналық сүзгі жүргізіледі. Оқушылар, мұғалімдер және тәрбиешілер ЖРВИ мен қызылша белгілеріне тексеріледі.

Екпе алмаған балалар қауіпсіздік мақсатында уақытша оқу процесінен шеттетілуі мүмкін.

❓Сіз балаңызға қызылшаға қарсы екпе салдырдыңыз ба?👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎77❤41👏27🤬17🤨8🤔7
📌Үкімет басшысы қолжетімді баспана мәселесін күшейтуді тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жұмысын жандандыруды тапсырды.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарларының орындалуын қамтамасыз етуі керек.

Сондай-ақ жаңа тұрғын үй салу кезінде қалаларда жайлы орта қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Яғни, мектептер, балабақшалар мен ауруханалар тұрғындарға жақын әрі қолжетімді болуы тиіс. Сонымен қатар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да қатар жүргізілуі керек.

Премьер-министрдің сөзінше, ірі қалаларда, әсіресе Астана мен Алматыда құрылыс көлемі артып келеді. Дегенмен, моноқалалар мен ауылдық жерлерде де тұрғын үй құрылысын дамыту маңызды.

Осыған байланысты министрлікке Бәйтерек холдингі және өңір әкімдіктерімен бірге азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған өңірлік бағдарламаларды белсендірек іске асыру тапсырылды.
❤38👏25🙏3👌3👍2
💸2026 жылы жүкті әйелдер 1,2 млн теңгеге дейін төлем ала алады

2026 жылы Қазақстанда ресми жұмыс істейтін әйелдер жүктілік және босану бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы әлеуметтік төлем алады.

Бұл төлемнің мөлшері соңғы 12 айдағы орташа табысқа және декреттік демалыс күндерінің санына байланысты есептеледі. Орта есеппен мұндай төлем шамамен 1,16 млн теңгені құрайды.

Жыл басынан бері бұл төлемді 30,8 мың әйел алған. Оларға жалпы 29,7 млрд теңге төленген.

Сонымен қатар бала туған кезде мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы бар:
👶 1-ші, 2-ші және 3-ші балаға – 164 350 теңге
👶 4-ші және одан кейінгі балаға – 272 475 теңге

Бұдан бөлек, бала 1,5 жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы төленеді. Ал жұмыс істейтін ата-аналарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан соңғы екі жылдағы орташа табыстың 40%-ы көлемінде төлем беріледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏38❤35👍11😍4🎉3🙏3🥱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🚨 Алматыда жантүршігерлік жол апаты: 3 адам қаза тапты

21 наурыз күні Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында ауыр жол апаты болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Mercedes автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі және оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал Zeekr жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Қаза болғандардың жақындары мен қоғам өкілдері істің ашық әрі әділ қаралуын талап етуде.

Куәгерлердің айтуынша, апатқа себеп болған көлік жолда жарысқан болуы мүмкін.

Қазіргі таңда оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
😢32😭24❤14😱10🤬4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚠️ Атырауда сауда орталығында жасөспірім құлап, жарақат алды

Оқиға Infinity сауда орталығы ішінде болған.

14 жастағы жасөспірім жоғары қабаттан салбырап тұрған сымдар арқылы төменге түспек болған. Алайда қауіпті әрекет сәтсіз аяқталып, ол құлап жарақат алған.

Мамандардың айтуынша, бала ересектердің қарауынсыз жүріп, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзған.

📌 Осы жағдайға байланысты оның ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
❤14😢11🤨5👍2🥴2😱1
🥇🇰🇿 Тоқаев паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарында топ жарған Ербол Хамитов пен бірқатар спортшыларды қабылдады.

Мемлекет басшысы Хамитовқа III дәрежелі «Барыс» орденін табыстады. Сонымен қатар, Спорт министрлігіне қарасты арнайы даярлау орталығының жаттықтырушылары Василий Коломиец пен Антон Жданович «Парасат» орденімен марапатталды.

Ал Солтүстік Қазақстандағы «Үміт» клубының жаттықтырушысы Аслан Тоқбаев «Құрмет» орденіне ие болды.
👏31❤19👍10😍5🏆3🔥2🐳1
🌷Қызғалдақ жұлсаңыз — қомақты айыппұл күтіп тұр

Сирек кездесетін гүлдерді жұлу – жай ғана әдет емес, заң бұзушылық. Мұндай әрекет үшін 13 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, қорғалатын өсімдіктерді тек жұлуға емес, оларды сақтау, тасымалдау немесе сату да заңмен тыйым салынған.

Заң бұзғандарға мынадай жаза қарастырылған:

🔸 3 000 АЕК-ке дейін айыппұл (шамамен 13 млн теңге);
🔸 түзету жұмыстары;
🔸 бас бостандығын шектеу;
🔸 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз 🌿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤15🤯15👌13🥱9👎5🤨4👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
😳Көтеріп алып, жерге лақтырған: Қарағандыда балаға шабуыл жасалды

Қарағандыда ойын алаңында ер адам балаға күш қолданған оқиға тіркелді.

Алдын ала мәлімет бойынша, 12 сәуір күні Трудовая көшесіндегі №27 үй ауласында балалар арасында жанжал туындаған. Солардың бірі ата-анасын шақырған.

Оқиға орнына келген ересектердің әрекеті видеоға түсіп қалған: кадрларда әйел баланы ұрысып жатқанын, ал ер адамның оны мойнынан ұстап, көтеріп алып, жерге лақтырып жібергені көрінеді. Салдарынан бала құлап, тынысы тарылып қалған.

Қазір полиция оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтап жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱46❤24🤬13🤯4👍1🤣1
📌Зейнетақы есебінен ипотека төлеу тәртібі өзгерді

Ертеңнен бастап Қазақстанда зейнетақы қорындағы артық қаражатты пайдалану ережесі жаңарады. Енді бұл ақша ипотеканың тек негізгі қарызын жабуға ғана жұмсалады.

Бұған дейін зейнетақы қаражатын ай сайынғы төлемдерге де қолдануға болатын. Ал жаңа тәртіп бойынша банк пайызы мен қосымша төлемдерді қарыз алушы өзі төлейді.

📑 Құжаттарда да өзгеріс бар: енді «қарыз» емес, нақты «негізгі қарыз» ұғымы қолданылады.
Өтінім беру үшін «enpf-otbasy.kz» платформасына берешектің нақты қалдығы көрсетілген жаңартылған анықтама жүктеу қажет.

📌 Бұл талап барлық екінші деңгейлі банктердегі ипотекаларға ортақ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤23🤨8👌5👍4🤬4🎉3🙏1🐳1