ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
18.3K photos
1.54K videos
28 files
4.2K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті

✔️Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі және перспективасы талқыланды.

✔️Мемлекет басшысы Ұйыммен ықпалдастықтың жаңа әрі сапалы деңгейге көтерілгеніне тоқталып, сондай-ақ еліміздің жаһандық бастамаларына ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін ризашылығын білдірді.

✔️Кездесуде климат пен денсаулық сақтау бағытында бірлескен зерттеулер жүргізу, цифрлық трансформацияға арналған бастамаларды ілгерілету және денсаулық сақтау саласына жасанды интеллектіні енгізу мәселелері қарастырылды.

✔️Тедрос Адханом Гебрейесус Қасым-Жомарт Тоқаевқа Өңірлік экологиялық саммитке қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.

✔️ДДҰ басшысы Қазақстанда жаңа Конституция қабылдау арқылы саяси реформалар мен экономикалық өрлеудің табысты іске асырылып жатқанын атап өтті.

✔️Оның айтуынша, Ұйым Қазақстанның өңірлік және жаһандық деңгейде экология мен су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерін қолдайды.

✔️Кездесу соңында Бас директор Мемлекет басшысына Ұйымның елімізге дәрілік заттардың айналымын реттеу саласын жетілдіру бойынша 3-ші деңгей берілгенін растайтын хатты табыстады. Бұл ұлттық бақылау жүйесінің сенімділігін көрсетеді.

✔️Қазақстан мұндай дәрежеге ТМД елдері арасында бірінші, ал Еуропа аймағында төртінші болып қол жеткізген.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Президент Касым-Жомарт Токаев провел встречу с Генеральным директором ВОЗ Тедросом Адханомом Гебрейесусом

✔️В ходе беседы были обсуждены текущее состояние и перспективы сотрудничества Казахстана со Всемирной организацией здравоохранения.

✔️Глава государства сообщил, что взаимодействие с Организацией вышло на качественно новый этап, а также выразил признательность ВОЗ за неизменную поддержку глобальных инициатив нашей страны.

✔️Участники встречи рассмотрели вопросы проведения совместных исследований в области климата и здоровья, продвижения инициатив по цифровой трансформации и внедрения искусственного интеллекта в системе здравоохранения.

✔️Тедрос Адханом Гебрейесус поблагодарил Касым-Жомарта Токаева за приглашение принять участие в Региональном экологическом саммите.

✔️Руководитель ВОЗ отметил экономический прогресс Казахстана и успешные политические преобразования, проводимые благодаря принятию Новой Конституции.

✔️По его словам, ВОЗ приветствует усилия Астаны, направленные на обеспечение экологической и водной безопасности на региональном и международном уровнях.

✔️В завершение Генеральный директор передал Президенту письмо, подтверждающее, что нашей стране присвоен 3-й уровень зрелости ВОЗ в сфере регулирования оборота лекарственных средств, что означает признание надежности национальной системы контроля.

✔️Казахстан стал первой страной в СНГ и четвертой в Европейском регионе ВОЗ, достигшей подобного уровня.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏2
Соңғы бес жылдың ішінде Қазақстанда ана өлімі 35%-ға төмендеді – Денсаулық сақтау министрлігі

Соңғы бес жылдың ішінде Қазақстанда ана өлімі 35%-ға азайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанада өткен Орталық Азиядағы әйелдер мен жастар денсаулығына климаттық және экологиялық қауіптердің әсеріне арналған халықаралық сессияда мәлімдеді.

Қазақстанда соңғы бес жылдың ішінде ана өлімін 35%-ға төмендетуге, сондай-ақ ана мен бала денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсартуға қол жеткізілді. Сонымен қатар нәресте және перинаталдық өлім көрсеткіштері де төмендеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл жүйелі реформалар мен медициналық көмектің заманауи стандарттарын енгізудің нәтижесі.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, климаттың өзгеруі халық денсаулығына әсер ететін маңызды факторлардың біріне айналуда.

«Климаттық қауіптер адамдардың денсаулығына, демографиялық үдерістерге және денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығына әсер ететін жүйелі факторға айналып отыр», – деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, температураның көтерілуі мен экологиялық факторлар инфекциялық және жүрек-қантамыр ауруларының қаупін арттырып, әйелдердің репродуктивтік денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Елімізде жүкті әйелдерді ерте бақылауға алу, әйелдер денсаулығын нығайтуға бағытталған «Аналар саулығы» бағдарламасы іске асырылуда. Сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде және облыстық перинаталдық орталықтарда әйелдер консультацияларының қызметі қайта жанданды. Жүкті әйелдердің 90%-дан астамы 12 аптаға дейін есепке алынады.

Туа біткен даму кемістіктері мен хромосомалық патологиялары бар бала туу қаупін уақтылы бағалау үшін «Бір күндік клиника» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба қажетті тексерулер мен консультациялардан қысқа мерзімде кешенді түрде өтуге мүмкіндік беріп, әйелдер үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен уақтылы көрсетілуін арттырады.

Сондай-ақ жасөспірімдердің репродуктивтік және психикалық денсаулығы мәселелері бойынша алдын алу жұмыстары мен консультациялар беру жүргізілетін жастар денсаулық орталықтары жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
За последние пять лет материнская смертность в Казахстане снизилась на 35%- Минздрав

За последние пять лет материнская смертность в Казахстане снизилась на 35%, об этом сообщила министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова на международной сессии в Астане, посвященной влиянию климатических и экологических рисков на здоровье женщин и молодежи в Центральной Азии.

В Казахстане за последние пять лет удалось снизить материнскую смертность на 35%, а также добиться улучшения ключевых показателей здоровья матерей и детей. Также снизились показатели младенческой и перинатальной смертности. В Минздраве отмечают, что это результат системных реформ и внедрения современных стандартов медицинской помощи.

По словам министра здравоохранения Акмарал Альназаровой, климатические изменения становятся одним из факторов, влияющих на здоровье населения.

«Климатические риски становятся системным фактором, который влияет на здоровье людей, демографические процессы и устойчивость системы здравоохранения», —отметила министр.


Она подчеркнула, что повышение температуры и экологические факторы могут усиливать риски инфекционных и сердечно-сосудистых заболеваний, а также негативно влиять на репродуктивное здоровье женщин.

В стране продолжается реализация программы «Аналар саулығы», направленной на раннее наблюдение беременных, укрепление здоровья женщин и возобновлена деятельность Женских консультаций на уровне первичной медико-санитарной помощи и областных перинатальных центров. Более 90% беременных встают на учет до 12 недель.

Реализуется проект «Клиника одного дня» для своевременной оценки риска рождения ребенка с врожденными пороками развития и хромосомной патологией, обеспечивающий комплексное прохождение необходимых обследований и консультаций в кратчайшие сроки, что повышает доступность и своевременность медицинскй помощи для женщин.


Также функционируют молодежные центры здоровья, где проводится профилактическая работа и консультации по вопросам репродуктивного и психического здоровья подростков.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Таза Қазақстан» бастамасын қолдады: қызметкерлер жалпықалалық сенбілікке қатысты

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасын қолдап, жалпықалалық сенбілікке қатысты. Іс-шараға орталық аппарат пен ведомстволық ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар қоғамдық аумақтарды тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, қалалық ортаны жақсартуға және оның тұрғындар үшін қолайлылығын арттыруға өз үлестерін қосты.

Экологиялық ахуалдың жақсаруы халық денсаулығының жай-күйімен тікелей байланысты. Мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды нығайтуға ықпал етеді.

Денсаулық сақтау министрлігі халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған экологиялық акцияларды әрі қарай да қолдап, белсенді қатысатын болады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
👍2
Минздрав РК поддержал «Таза Қазақстан»: сотрудники приняли участие в общегородском субботнике

Министерство здравоохранения Республики Казахстан поддержало республиканскую экологическую инициативу «Таза Қазақстан» и приняло участие в общегородском субботнике. В акции приняли участие сотрудники центрального аппарата и ведомств.

Участники провели работы по очистке общественных территорий, благоустройству и озеленению, внеся вклад в улучшение городской среды и повышение её комфортности для жителей.

Экологическое благополучие напрямую связано с состоянием общественного здоровья. Подобные инициативы способствуют формированию экологической культуры и ответственному отношению к окружающей среде.

Министерство здравоохранения продолжит поддерживать и принимать участие в экологических акциях, направленных на создание благоприятных условий для жизни населения.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
👍2