ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
18.3K photos
1.54K videos
28 files
4.19K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
❤️ ЖҮРЕККЕ ҚАМҚОРЛЫҚ: ӘРҚАЙСЫМЫЗДАН БАСТАЛАТЫН ПРОФИЛАКТИКА

Бүгін – Дүниежүзілік жүрек күні. Осыған орай жүрек-қантамыр аурулары әлемде өлім мен мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі болып қала беретінін атап өткен маңызды.

Сонымен қатар қауіп факторларының басым бөлігін бақылауда ұстауға болады. Артериялық қысымның жоғары болуы, темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, дене белсенділігінің төмендігі, артық салмақ және қант диабеті – ықпал етуге болатын әрі ықпал ету қажет факторлар.

Қазақстанда бұл бағыттағы жұмыс нақты нәтижелер беріп отыр. Соңғы бес жылдың ішінде қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім 35,1%-ға, сырқаттанушылық шамамен 15%-ға төмендеді.

Оң динамика 2026 жылы да сақталуда. Алты айдың қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық:
• қанайналым жүйесі аурулары бойынша – 2,4%-ға;
• артериялық гипертензия бойынша – 6,7%-ға;
• жүректің ишемиялық ауруы бойынша – 6,6%-ға;
• инсульт бойынша – 2,3%-ға төмендеді.

Бұл нәтижелер кардиологиялық және инсульттік қызметтерді дамыту бойынша жүйелі жұмыстың нәтижесі. Елде бейінді орталықтардың желісі кеңейтіліп, жоғары технологиялық операциялардың көлемі ұлғаюда, жедел медициналық көмек жетілдірілуде, инфаркт пен инсультті емдеудің заманауи хаттамалары енгізілуде.
Алайда мемлекеттік шаралар әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қараған жағдайда ғана тиімді болады.

Артериялық қысымыңыз бен қандағы қант деңгейін тұрақты түрде өлшеп тұрыңыз, профилактикалық тексерулерден өтіңіз, көбірек қимылдаңыз, темекі шегуден бас тартыңыз және дұрыс тамақтануды ұстаныңыз.

#WorldHeartDay #ВсемирныйДеньСердца #HealthForAll #ЗдоровоеСердце

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
❤️ ЗАБОТА О СЕРДЦЕ: ПРОФИЛАКТИКА, КОТОРАЯ НАЧИНАЕТСЯ С КАЖДОГО ИЗ НАС

Сегодня, во Всемирный день сердца, важно напомнить: сердечно-сосудистые заболевания остаются одной из главных причин смертности и инвалидности в мире.

При этом значительную часть факторов риска можно контролировать. Повышенное артериальное давление, курение, нездоровое питание, низкая физическая активность, избыточный вес и сахарный диабет – факторы, на которые можно и нужно влиять.

В Казахстане эта работа дает конкретные результаты. За последние пять лет смертность от болезней системы кровообращения снизилась на 35,1%, заболеваемость – почти на 15%.

Положительная динамика сохраняется и в 2026 году. По итогам 6 месяцев по сравнению с аналогичным периодом прошлого года заболеваемость снизилась:
• болезнями системы кровообращения — на 2,4%;
• артериальной гипертензией — на 6,7%;
• ишемической болезнью сердца — на 6,6%;
• инсультами — на 2,3%.

Эти результаты – следствие системной работы по развитию кардиологической и инсультной службы. В стране расширяется сеть специализированных центров, увеличиваются объемы высокотехнологичных операций, совершенствуется скорая медицинская помощь, внедряются современные протоколы лечения инфаркта и инсульта.

Но государственные меры эффективны тогда, когда каждый человек также берет ответственность за свое здоровье.

Регулярно измеряйте давление и уровень сахара в крови, проходите профилактические обследования, больше двигайтесь, откажитесь от курения и придерживайтесь сбалансированного питания.

#WorldHeartDay #ВсемирныйДеньСердца #HealthForAll #ЗдоровоеСердце

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov
🔥1