EgovKzbot2.0 егов казакша
6.2K subscribers
195 photos
29 videos
117 links
По вопросам рекламы @Markbtl

Осыган кирп старт бас @Kenes1414Bot

Егов на русском: 👉 @EgovKzBot2_03
Download Telegram
Адвокат Шерзаттың ағасы Нұрқанаттың көз жұмғанын растады

Талғар қаласының маңынан 30 жастағы ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылып, өз-өзіне қол салған.  Марқұм биыл 4 қазанда қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Осы уақытта қылмыстық сипаттағы қандай да бір белгілер анықталмады, - делінген полиция хабарламасында.
«Шерзаттың жанына жерлеуді сұраған» - полиция Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев туысқандарымен қоштасып, хабарлама жазғаны белгілі болды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Бағдат Әшімов мәлімдеді.

Талғар қаласының маңында 30 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны бойынша, келесіні хабарлаймыз:
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылу арқылы өз-өзіне қол жұмсаған. Марқұм ағымдағы жылдың 4 қазанында қайғылы қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды. Тергеу барысында марқұм туыстарының біріне өзіне-өзі қол жұмсау туралы мессенджерде жіберген жазбасы анықталды. Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, жиенінің жанына жерлеуді сұрады,

- деді Алматы қаласындағы полиция департаменті бастығының орынбасары.

Оның айтуынша, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Құрметті азаматтар, тек ресми дереккөздерге сенуіңізді сұраймыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз!
- деді ол өз мәлімдемесінде.
Шерзат Полаттың әкесі ұсталды

Бұл туралы Алматы облысының полияциясы ақпарат таратты.

Бүгін сағат 15:30-да Азат ауылында жерлеу рәсімін өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген оқиға орын алды.

Қаржаубай Нұрымов прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елеместен, өзін өте агрессивті ұстай бастады, айналасындағыларға қауіп төндіріп, суицид жасаймын деп қорқытты. Сондай-ақ, полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірді

- делінген хабарламада.


Полиция мәліметінше, Қаржаубайдың жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша оның өмірі мен айналасындағылардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері оны ұстау үшін шаралар қабылдаған.

Нұрымов ең аз қажеттілік күшпен құрықталды. Қазіргі уақытта ол полиция бөліміне жеткізілді, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Полиция жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмысты жалғастыруда және азаматтарды сабырлы болуға шақырады
- делінген хабарламада.
⚡️Шерзат Полаттың әкесі 15 тәулікке қамалды

«Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлап, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын,  айналасындағыларға құрметсіздік танытатын іс-әрекеттер жасағаны және көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергілер жасағаны үшін (ӘҚБтҚ 434 -бабының 1 - бөлімі) азамат Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», - деп хабарлады облыстық соттан.
🏛🏛🏛🏛 Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Ерлан Қошанов Президент реформаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аясында палатаның атқарған қызметі туралы баяндады.
«Атырау-Астрахань» арасындағы жол жобасының құрылысы аяқталды

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы республикалық «Атырау-РФ шекарасы» жолының 272 шақырымында жұмыстардың аяқталғанын ресми мәлімдеді.

Халықаралық стандарттарға сәйкес жөндеу жұмыстары 2018 жылы басталды. Оны жүзеге асыруға Қазақстан, Италия, Түркия мен Әзербайжан елдерінің компаниялары қатысты. Қайта жаңарту жұмыстарынан кейін жол үшінші техникалық санаттан екінші санатқа ауыстырылды. Әр бағытта ені 3,75 метрден тұратын екі жолақ бар. Жолдың бойында 6 көпір, 1 жолөтпе, 60 су өткізгіш құбыр салын

ып, 10 демалыс алаңы абаттандырылды. Осы уақытта дейін бұл учаске арқылы жол жүру уақыты 5 сағат болса, ал қазір бүкіл маршрутты жүріп өту үшін 2 сағат кетеді,

– делінген «ҚазАвтоЖол» компаниясы мәлімдемесінде.

Жоба Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиесі есебінде жүзеге асырылған.
⚡️Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты: құтқарылған екі жолаушыдан басқа барлық 179 жолаушы қаза тапты

Алдын ала мәліметтер бойынша, екі адамды ғана аман алып қалу мүмкін болған. Олардың біреуі жолаушы, екіншісі экипаж мүшесі.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады: 47 адам қаза тапты

Оңтүстік Кореяның Муан халықаралық әуежайында бортында 181 адамы бар жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, кем дегенде 47 адам қаза тауып, тағы көп адам жараланды. Билік өкілдерінің айтуынша, құтқару, тергеу жұмыстары жалғасуда.

Апат таңғы сағат 9:07-де орын алды, ұшақ ұшу-қону жолағынан сырғып шығып, қоршауға соқтығысты, кейін өрт пайда болды.

❗️Зардап шеккендердің нақты санын анықтау жалғасуда.
✉️Мемлекет басшысы Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнға көңіл айту жеделхатын жолдады

🇰🇿🇲🇲Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Мьянмадағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, осы елдің Премьер-министріне және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.

Сонымен қатар зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Қазақстанда некеге тұру деңгейі төмендеп жатыр

Соңғы жылдары Қазақстанда некеге отырушылар саны азайғаны байқалуда. Бұл туралы Бірінші несие бюросы (ФББ) мәлімет таратты.

Ақпаратқа сәйкес, биылғы жылдың алғашқы үш айында елімізде шамамен 22,5 мың неке тіркелген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға аз.

Некеге отыру көрсеткішінің төмендеуі әсіресе, Алматы қаласы мен Түркістан облысында айқын байқалады: бұл өңірлерде сәйкесінше 21 және 19 пайызға төмендеу тіркелген.

Сондай-ақ, 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1000 тұрғынға шаққандағы некелер саны да қысқарған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 5,33 болса, биыл 4,47-ні құрады. Ең төменгі коэффициент Батыс Қазақстан облысында (3,72), ал ең жоғарысы Алматы облысында (5,26) тіркелді.
🔴 Бектенов автокөлік жолдарының сапасын бақылауды күшейту туралы тапсырма берді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

✅ Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған міндеттерді ескере отырып, саланың ағымдағы жағдайы мен даму жоспарлары қаралды.
Цифрлық ортада жеке адамның қауіпсіздігі: Мәжіліс жаңа кодексті қарайды

Парламент Мәжілісінің қарауына Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің жобасы мен ілеспе құжаттардың жобасы енгізілді.

Бұдан басқа мемлекеттік қызмет көрсетудің қағидаттарын айқындау және сақтау жөніндегі толықтырулар, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамалық актілерде белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу ескерілген.
Олжас Бектенов туризмді дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы әкімдер мен министрлер баяндамасын тыңдады: «салада әлі де жүйелі мәселелер бар»

📌 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов: «Мемлекет басшысы туризмнің дамуына әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл мәселе айрықша бақылауда».

Тиісті министрлер мен бірқатар өңір әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

💬Былтыр Президент азаматтардың көптеген шағымдарынан соң Алакөлдің айналасындағы, сондай-ақ жалпы еліміздегі туристік дестинациялардағы инфрақұрылым мен сервистің нашарлығын, қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауын қатаң сынға алды💬, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

🔹Өткен жарты жыл ішінде тиісті жұмыстар атқарылды:
🟦бірқатар өңірде, атап айтқанда Жетісу облысындағыдай, туризм саласында тұрақты жұмыс істейтін жедел штабтар құрылды;
🟦Алакөлге жақын маңдағы елді-мекендерде су бұру және жағалауды бекіту ісі қолға алынды;
🟦Шығыс Қазақстан облысында танымал туристік аймақтарда коммуналдық қызметтердің жұмысы жолға қойылды.

💬Жалпы өңірлерде оң динамика бар. Алайда, туристік аймақтарда жүргізілген кешенді тексерулер бұл салада әлі де жүйелі мәселелердің барын анықтады, — деп атап өтті Премьер-министр.
Атырау облысындағы Жангелдин ауылында жоғалған отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды.

«Ақ Жайық» басылымының жазуынша, кеше Алматы қаласына жеткізілген күдікті Сұлтан Сәрсемалиев Наурыз бен Мейрамгүлді өлтіргенін мойындап, олардың денелерін бұрын жалдап тұрған үйінің ауласына көмгенін айтқан.

Бұл мәліметті алған тергеушілер күдікті көрсеткен жерде қайта іздеу жұмыстарын жүргізіп, мәйіттерді тапты.

Айта кетейік, іздеу жұмыстары өткен жылдың желтоқсан айынан бері жүргізіліп келген. Үй мен оның айналасындағы аумақ арнайы техникамен бірнеше рет тексерілгенімен, осы уақытқа дейін жоғалған адамдар табылмаған еді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктерін зымырандармен және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуылдау әрекеттерін айыптады. Соның салдарынан көптеген тұрғын қаза тауып, азаматтық инфрақұрылымға нұқсан келді.

Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы қарулы қақтығысты одан әрі ушықтыратын мұндай әрекеттерді еш ақтауға болмайды деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық даулы мәселелерді шешудің ең дұрыс жолы дипломатиялық тәсілдерге жүгіну екенін атап өтті.
.
Елімізде әкімшілік істер бойынша рақымшылық алғаш рет жасалмақ.

Бұл туралы Тоқаев Ақордада өткен жиында айтты.

«Өздеріңізге мәлім, былтыр қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарға рақымшылық жасалды. Енді азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша тағы да рақымшылық жариялауға болады», - деді президент.
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жасалған әскери соққы Үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алды деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, егер АҚШ әрекет етпегенде, Иран бір ай ішінде ядролық қару жасап, оны Израиль мен Таяу Шығыстағы басқа елдерге қарсы қолдануы мүмкін еді.

💬 «Егер біз мұны жасамағанда, ядролық соғыс басталып, ол Үшінші дүниежүзілік соғысқа айналар еді. Ең маңыздысы – бұл соғыстан кейін ештеңе қалмас еді», – деді Трамп.

АҚШ президенті бұл қадамды аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет шешім ретінде бағалады.
Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Оған сәйкес бірден еліміздің төрт өңірінде казинолар салынатын болады.

Құмар ойындар орталығы Бурабай мен Қапшағайдан бөлек Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында, Панфилов ауданында Алакөл жағалауында, Жетісу облысында, Алматы облысының Талғар ауданында, Марқакөл өңірінде және Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында пайда болады.
Қазақстандықтар қандай дәріні жиі сатып алатыны белгілі болды. Ресми мәліметке сүйенсек, сатылым бойынша этил спирті көш бастап тұр. 4,1 млн бірлік таңбаланған өнім сатылған. Екінші орында натрий хлориді – 2,1 млн бірлік. Одан кейінгі орындарда парацетамол, ацетилсалицил қышқылы, нафазолин орналасқан.

«Сұранысқа ие препараттардың қатарында Цитрамон П бар – 1,23 млн-нан астам бірлік. Сондай-ақ үздік ондыққа меновазин – 897 мың, тұмау мен суық тиюге қарсы ТераФлю, белсендірілген көмір – 636 мың және фурацилин – 623 мың сатылған дәрілік зат кірді», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

📝Айта кететіні, цифрлық таңбалау шеңберінде әрбір дәрілік препараттың қаптамасына бірегей Data Matrix коды беріледі. Naqty Onim мобильдік қосымшасы арқылы препараттың түпнұсқалығын тексеруге болады.
Қазақстан Үкіметі Мемлекеттік туды пайдалану шарттарын бекітті.

Құжатта азаматтардың мемлекеттік рәмізді орналастыру тәртібі мен оны пайдалануға қойылатын талаптар айқындалған.

Қаулыға сәйкес, Мемлекеттік туды жеке тұрғын үйлерге биіктігі кемінде 3 метр болатын жерге орнатуға болады. Бұл ретте тәуліктің қараңғы уақытында туды міндетті түрде жарықтандыру талабы қарастырылмаған.

Ережеге сәйкес, Мемлекеттік Ту жерге, еденге, суға немесе басқа да беттерге тиіп тұрмауы тиіс. Ал тік орналастырылған жағдайда ұлттық ою-өрнек матаның жоғарғы бөлігінде орналасуы қажет. Сонымен қатар, заңнама талаптары сақталған жағдайда Мемлекеттік туды жеке және заңды тұлғалардың автокөлік салондарында пайдалануға рұқсат беріледі.

Құжатта мәдени, спорттық, қоғамдық және өзге де іс-шаралар барысында Мемлекеттік туды коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынатыны көрсетілген. Сондай-ақ мемлекеттік рәміз әрдайым таза, бүтін, кірлемеген, жыртылмаған және ешқандай ақаусыз болуы тиіс.

Бұдан бөлек, Мемлекеттік туды қорлауға немесе оның қадір-қасиетін төмендетуге бағытталған кез келген әрекетке жол берілмейді. Атап айтқанда, оны қасақана бүлдіруге, өртеуге, жыртуға, жерге тастауға, жоюға немесе мақсатына сай емес түрде пайдалануға тыйым салынады.

Сондай-ақ Мемлекеттік туды жарнамада, киім-кешекке, төсек-орын жабдықтарына, перделерге, дастархандарға, кілемшелерге және басқа да тұрмыстық жабындарға қолдануға рұқсат етілмейді.