Екінші Тайм | Есет Төлеш
3.6K subscribers
10.5K photos
441 videos
348 links
Футбол. Қызық ақпараттар, тарихи мәліметтер мен статистика.
Авторы - @YessetTolesh

Сайт - https://2taim.kz/
Download Telegram
Франция - Сенегал матчы алдында француз футболшыларының шыққан тегін бір қарап шықтым. Негізгі құрамда сенегалдық ешкім жоқ.

Майк Меньян - Гаити

Жюль Кунде - Бенин

Уильям Салиба - Ливан

Дайо Упамекано - Гвинея-Бисау (нағашылары Сенегал)

Тео Эрнандес - Испания

Орельен Тчуамени - Камерун

Адриен Рабьо - Франция

Майкл Олисе - Нигерия

Дезире Дуэ - Кот-Д’Ивуар

Усман Дембеле - Мали (нағашылары Сенегал)

Килиан Мбаппе - Камерун
❤26😁12👍4👏1👌1
Екінші Тайм | Есет Төлеш
Франция - Сенегал матчы алдында француз футболшыларының шыққан тегін бір қарап шықтым. Негізгі құрамда сенегалдық ешкім жоқ. Майк Меньян - Гаити Жюль Кунде - Бенин Уильям Салиба - Ливан Дайо Упамекано - Гвинея-Бисау (нағашылары Сенегал) Тео Эрнандес …
Қосалқы құрамда да сенегалдық футболшылар жоқ.

Магнес Аклиуш - Алжир

Брэдли Барколя - Того

Мало Гюсто - Мартиника

Лука Динь - Франция

Уоррен Заир-Эмери - Франция (нағашылары Мартиника)

Нголо Канте - Мали

Ибраима Конате - Мали

Ману Коне - Кот-д’Ивуар

Максанс Лакруа - Гваделупа

Жан-Филип Матета - Конго ДР

Робен Риссер - Франция

Брис Самба - Конго

Маркус Тюрам - Гваделупа

Райан Шерки - Италия/Алжир

Люка Эрнандес - Испания.

Ал жалпы арғы тегі сенегалдық француздардың атақтысы - Патрик Виейра, Патрис Эвра, Ферлан Менди, Бафетимби Гомис.
🔥28❤8👍3🤓1
Түрік бауырлар әлем чемпионатынан ұшып кетті. Үшінші орынға енді көтеріле алмайды
😭33❤7😁5
Соңғы турда Аустралия мен Парагвай ойнайды. Тең түссе, төрт ұпайдан жинайды да, екеуі де плэй-оффқа аттанады.

Ал енді сұрақ: ешкім жоқ жерде жолығып, келісіп алу мүмкіндігі қанша?
💯30❤9
Бельгия 2022 жылғы масқарасынан кейін биыл да топтан шыға алмай қалса масқара болайын деп тұр.

«Алтын буын» ақырындап «алтын жалатылған буын» болып бара жатыр.
❤31🥱5
Әлем чемпионаты тарихындағы үздік сұрмерген! 17 гол!
❤42👍7
Ұшып кеткендер қай құрлықтан?

Еуропа - 3 (Чехия, Шотландия, Түркия)

Оңтүстік Америка - 1 (Уругвай)

Солтүстік Америка - 3 (Гаити, Панама, Кюрасао)

Азия - 7 (Оңтүстік Корея, Қатар, Иран, Сауд Арабиясы, Ирак, Иордания, Өзбекстан)

Африка - 1 (Тунис)

Арал елдері - 1 (Жаңа Зеландия)

Кімнің ұшқаны таңғалдырды?
❤30
Бүгін 1 шілде, демек, біраааз футболшы еркін агент атанды

Жазда клубсыз қалғандар: Душан Влахович, Джейдон Санчо, Каземиро, Мохамед Салах, Дани Карвахаль, Роберт Левандовски, Ян Зоммер, Франческо Ачерби, Пауло Дибала, Лука Модрич, Аллан Сен-Максимен...

Көбі Еуропа футболынан кететін шығар, көрейік.
👍24👏8❤5🤔3
Роналдуды алғаш рет құрамадан Еуро-2004 турнирінде көріп едім. 22 жыл өтіпті.

Көкеміз ӘЧ-дегі соңғы матчын өткізді, бұл турнир бұйырмай-ақ қойды.

Енді «Жозе Алваладеде» бір қоштасу матчын өткізіп, құрамадан кетуі керек-ау.
❤46💔9👏6🔥1🤣1
Тикток, тредске кірген сайын көңіл-күй түсіп жатыр ғой өзі.

Қайда барсаң Роналду туралы. Жүректі ауыртып…
💔50❤6🤣4😭3😁1
Месси пенальтиге айып соққысы сияқты қарауы керек қой. Тек тосқауылда ешкім тұрмайды.
👏19👍7❤4😁3
Forwarded from UBET
💥 IPHONE 17 PRO И НАБОРЫ LEGO ЗА ПОДПИСКУ!

Кайфуй от ЧМ и участвуй в розыгрыше шикарных призов 🎁

Условия:

▪️ Подпишись на наш телеграм-канал;
▪️ Зарегистрируйся в Ubet и забирай до 60 000 ₸ уже сейчас;
▪️ Нажми на кнопку «ХОЧУ ПРИЗ».

Призы:

🥇 iPhone 17 PRO
2-3 место: набор Lego WC2026
4-7 место: фрибет 50 000 ₸
8-10 место: фрибет 25 000 ₸

🤖 Итоги — 30 июля.

❗️ Конкурс строго 21+ ❗️

📄 Полные правила

Удачи!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎8❤3
Ендігі чемпион қай ауылдан шығады? AUYL SPORT-тың үшінші маусымы басталмақ

26 тамызда Алматыда Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қорының ауыл балаларына арналған AUYL SPORT ауқымды әлеуметтік жобасының үшінші маусымы ресми басталды. Жаңа маусымда жоба Қазақстанның барлық 17 облысын қамтып, өңірлік жарыстарға 15 мыңға жуық жас спортшы бақ сынайды.

15 мың бала, 17 облыс, 8 спорт түрі
AUYL SPORT жобасы 2024 жылы Halyk қайырымдылық қорының бастамасымен ауыл балалары арасында бұқаралық спортты дамыту, балалар мен жасөспірімдерді спорт арқылы тәрбиелеу, сондай-ақ, ауыл жаттықтырушылары мен төрешілерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында іске қосылды.

Алғашқы маусымда алты спорт түрінен басталған жоба бүгінде сегіз спорт түрін қамтиды. Екі жылдың ішінде өңірлік және республикалық турнирлерге 10 мыңнан аса ауыл баласы қатысты.

2026 жылғы үшінші маусым бұдан да ауқымды болмақ. Өңірлік турнирлер Қазақстанның барлық 17 облысында өтіп, оған 15 мыңға жуық спортшы қатысады. 10-15 жас аралығындағы жасөспірімдер каратэ, баскетбол, волейбол, бокс, еркін күрес, шахмат, үстел теннисі және футболдан бақ сынап, 510 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Өңірлік жарыстар 10 қыркүйекте Жамбыл облысынан басталып, 10 қазанға дейін жалғасады.

«Біздің мақсатымыз – ауыл баласына үлкен спортқа жол ашу»
Halyk қайырымдылық қорының Атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықовтың айтуынша, AUYL SPORT үшінші маусымға жай ғана бұқаралық турнир ретінде емес, ауылдағы талантты балаларға жаңа мүмкіндік беретін жүйелі жоба ретінде қадам басып отыр.

«AUYL SPORT-тың басты мақсаты – ауыл баласының қай жерде туғанына қарамастан, өз қабілетін көрсетуіне және үлкен спортқа жол ашуына мүмкіндік беру. Екі жылдың ішінде жобаға 10 мыңнан аса бала қатысты, ал биыл біз 15 мыңға жуық жас спортшыны қамтуды жоспарлап отырмыз. Ең маңыздысы – жоба жеңімпаздары республикалық деңгеймен шектелмей, халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғап, нақты нәтижелер көрсетіп жүр. Бұл ауылдағы талантты балаларға мүмкіндік берсең, олардың әлемдік аренаға дейін жете алатынын көрсетеді», – деді Ғалымбек Жақсылықов.


AUYL SPORT жеңімпаздары халықаралық аренаны бағындырып жүр

Жобаның алғашқы екі маусымының жеңімпаздары бүгінде халықаралық жарыстарда Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүр. Мәселен, 2025 жылы Сербияда өткен Дүниежүзілік Гимназиадада AUYL SPORT спортшылары бокстан үш алтын, еркін күрестен бір қола медаль жеңіп алып, шахматтан екі Fair Play жүлдесіне ие болды.

Жоба түлектер Қытай, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде Қазақстан қоржынына медаль еншіледі.
Айта кетейік, жоба аясында спортшылардың жүріп-тұруы, өмір сүруі, киім және спорт жабдықтары толық қамтылады.

Ауыл спортына жаңа мүмкіндік: 10 спорт алаңы және білім гранттары
2026 жыл Halyk қайырымдылық қоры үшін де ерекше жыл – Қордың құрылғанына 10 жыл толып отыр.
Осыған орай AUYL SPORT аясында жоғары нәтиже көрсеткен ауылдарда 10 жаңа спорт алаңын салу жоспарланған. Сонымен қатар, республикалық және халықаралық жарыстарда ерекше нәтиже көрсетіп жүрген спортшыларға оқу гранттарын беру, спорттық санаттар тағайындау мәселелері қарастырылып жатыр.

Жоба тек жарыстар өткізумен шектелмейді. Кейінгі жылдары ауыл жаттықтырушылары мен төрешілеріне алғашқы медициналық көмек, каратэ және еркін күрестің жаңартылған ережелері бойынша кәсіби семинарлар ұйымдастырылып, шахмат бапкерлері халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасты.

Үшінші маусымның басты мақсаты – жаңа есімдерді ашу
AUYL SPORT-2026 өңірлік жарыстары 10 қыркүйек пен 10 қазан аралығында еліміздің 17 облысында өтеді. Жарыстар жергілікті атқарушы органдар мен аккредиттелген спорт федерацияларының қолдауымен ұйымдастырылады.
Жобаның үшінші маусымы ауылдағы мыңдаған бала үшін алғашқы үлкен жарыс қана емес, республикалық құрамаға, халықаралық турнирлерге және кәсіби спортқа бастайтын мүмкіндік алаңына айналмақ.
👍12❤7👏2🙊1