QR ORTSAILAUKOM | ЦЕНТРИЗБИРКОМ РК
8.07K subscribers
663 photos
94 videos
5 files
1.05K links
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ақпараты
Download Telegram
ҚР ОСК-да ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Сайлауды байқау жөніндегі Шектеулі миссиясының байқаушыларымен кездесу өтті

2020 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Сайлауды байқау жөніндегі Шектеулі миссиясымен кездесуі өтті
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашев жақында Нұр-Сұлтан қаласына келген ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Сайлауды байқау жөніндегі Шектеулі миссиясының мүшелерін қарсы алды.
ОСК Төрағасы Миссия мүшелерін сайлаудың жарияланғанынан бастап дауыс беру күніне дейінгі науқанының негізгі кезеңдерімен қысқаша таныстырды.
Миссияның басшысы, Елші Ярослав Марчин Домански қазақстандық тарапқа қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, Миссияның Негізгі тобының мүшелерімен таныстырды.
Тараптар бүкіл сайлау кезеңінде белсенді өзара іс-қимыл жасау туралы уағдаласты.
Кездесу соңында тараптар дәстүрлі түрде қалыптасқан ынтымақтастық пен ізгі ниет қатынастары 2021 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде өз дамуын табатынына сенім білдірді.
В ЦИК РК состоялась встреча с наблюдателями
Ограниченной Миссии БДИПЧ/ОБСЕ по наблюдению
за выборами

8 декабря 2020 года состоялась встреча членов Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан с Ограниченной Миссией БДИПЧ/ОБСЕ по наблюдению за выборами.
Председатель Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан Берик Имашев приветствовал членов Ограниченной Миссии БДИПЧ/ОБСЕ по наблюдению за выборами, которые недавно прибыли в город Нур-Султан.
Председатель ЦИК кратко ознакомил членов Миссии с основными этапами кампании, начиная с объявления выборов и до дня голосования.
Глава Миссии, посол Ярослав Марцин Домански, поблагодарил казахстанскую сторону за прием и представил членов Основной группы Миссии.
Стороны договорились об активном взаимодействии в течение всего избирательного периода.
В заключении встречи стороны выразили уверенность, что традиционно сложившиеся отношения сотрудничества и доброжелательности найдут свое развитие в период выборов депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан 2021 года.
Құрметті сайлаушылар!

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жергілікті атқарушы органдардың Call-орталықтарына жүгіну арқылы өзіңізді сайлаушылар тізімінен тексеруге болатынын еске салады.
Жергілікті атқарушы органдардың Call-орталықтарының нөмірлері келесі сілтеме бойынша орналастырылған: https://www.election.gov.kz/kaz/banners/index.php?section=for-voters&ID=5768

Сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарын сайлау бойынша 119 нөмірі бойынша тегін құқықтық кеңес алуға болады. Ұялы байланыс операторларын қоспағанда, Қазақстанның қалалары мен ауылдық округтерінен қоңырау шалу тегін.
Сондай-ақ, консультация 58-00-58 нөмірі бойынша беріледі. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан немесе +77086935631 нөмірі бойынша WhatsApp онлайн-мессенджері немесе «Әділет» АҚЖ сайтында «Құқықтық кеңес алу» айдары арқылы қоңырау шалу тегін. www.adilet.zan.kz ).
Уважаемые избиратели!

Центральная избирательная комиссия Республики Казахстан напоминает, что проверить себя в списках избирателей можно обратившись в Call-центры местных исполнительных органов.
Номера Call-центров, представленных местными исполнительными органами, размещены по следующей ссылке: https://www.election.gov.kz/rus/banners/index.php?section=for-voters&ID=5768

Кроме этого, получить бесплатную правовую консультацию по выборам депутатов Мажилиса Парламента и маслихатов РК, можно по номеру 119. Звонок бесплатный с городов и сельских округов Казахстана, за исключением сотовых операторов связи.
Также консультация предоставляется по номеру 58-00-58 - звонок бесплатный с гг. Нур-Султан, Алматы, либо посредством онлайн-мессенджера WhatsApp по номеру +77086935631 или рубрики «Получить правовую консультацию» на сайте ИПС «Әділет» (www.adilet.zan.kz).
ПРЕСС-АНОНС

2020 жылғы 10 желтоқсанда сағат 11.00 және 16.00-де Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының екі отырысы өтеді.
11.00-дегі отырыс мәселелері:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында партиялық тізімдерді ұсыну және тіркеу қорытындылары туралы;
2. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауы бойынша саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы;
3. Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінде Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысы туралы (оның ішінде, ұлттық байқаушылардың өкілеттіктерін іске асыру мәселелері бойынша).
16.00-дегі отырыс мәселелері:
1. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында сайлау алдындағы үгітті жүргізу тәртібі туралы;
2. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында үгіт баспа материалдардын орналастыру орындарын белгілеу туралы;
3. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы.
Отырыстардан кейін БАҚ өкілдері үшін отырыстың күн тәртібі бойынша брифингтер өтеді.
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты және уәкілетті органдардың ұсынымдарына сәйкес отырыстар мен брифингтер қашықтықтан өткізілетін болады.
БАҚ өкілдерінен отырысқтарға және брифингтерге жеке қорғану құралдарын міндетті түрде пайдалана отырып, телеарнадан бір оператордан қатыса алады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері брифингтерге Zoom платформасы арқылы қатыса алады, сілтеме кейіннен қоса берілетін болады, қосылу үшін алдын ала ұялы телефон нөмірін ұсынуды сұраймыз.
Тілшілерді брифингтерге аккредиттеу және сұрақтар кезегін 10 желтоқсан сағат 9.00-ге дейін (бірінші отырыс бойынша) және 14.00-ге дейін (екінші отырыс бойынша) келесі электрондық мекенжай бойынша: a.khusainova@election.gov.kz және 87719045763 телефон арқылы жүргізіледі.
Zoom конференциясына кірер алдында қатысушының аты-жөнін көрсету қажет, өйткені конференцияға қосылу қатаң түрде аккредиттеу тізіміне сәйкес жүргізіледі.
Сондай-ақ, көрсетілген электрондық мекен-жайға брифингтерге арналған сұрақтарды жібере аласыз.
ҚР ОСК интернет-ресурсында Ортсайлауком отырыстарының және брифингттердің онлайн көрсетілімі ұсынылады https://www.election.gov.kz/kaz/news/releases/index.php?ID=5511
Операторларды тіркеу а.ж. 10 желтоқсан сағат 9.00-ге дейін (бірінші отырыс бойынша) 14.00-ге дейін (екінші отырыс бойынша) дейін келесі телефондар бойынша: 8 (7172) 75-23-69, +77017115495
және келесі электрондық мекенжай бойынша жүргізіледі:
v.zheksembekova@election.gov.kz

Операторлардан отырыстың басталуына дейін 30 минут бұрын келуді сұраймыз!

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection
ПРЕСС-АНОНС

10 декабря 2020 года в 11.00 и 16.00 часов состоятся два заседания Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан.
Вопросы заседания на 11.00:
1. Об итогах выдвижения и регистрации партийных списков на очередных выборах депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан;
2. Об избирательных бюллетенях для голосования за политические партии по выборам депутатов Мажилиса Парламента и маслихатов Республики Казахстан;
3. О ходе рассмотрения обращений физических и юридических лиц, поступивших в Центральную избирательную комиссию на этапе регистрации партийных списков (в том числе, по вопросам реализации полномочий национальных наблюдателей).
Вопросы заседания на 16.00:
1. О порядке проведения предвыборной агитации на очередных выборах депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан, назначенных на 10 января 2021 год;
2. Об установлении мест размещения агитационных печатных материалов на очередных выборах депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан, назначенных на 10 января 2021 года;
3. Об аккредитации наблюдателей международной организации на очередные выборы депутатов Мажилиса Парламента и маслихатов Республики Казахстан, назначенные на 10 января 2021 года.
По итогам заседаний состоятся брифинги для представителей СМИ в рамках повестки дня.
В связи с распространением коронавирусной инфекции и в соответствии с рекомендациями уполномоченных органов заседания и брифинги будут проводиться в дистанционном режиме.
Из представителей СМИ на заседаниях и брифингах смогут присутствовать по одному оператору от телеканала с обязательным использованием средств индивидуальной защиты.
Корреспонденты средств массовой информации смогут принять участие в брифингах посредством платформы Zoom, дополнительно будет предоставлена ссылка, для этого просим предоставить номер мобильного телефона.
Аккредитация корреспондентов на брифинги и очередность вопросов будет проводиться по электронному адресу: a.khusainova@election.gov.kz и
тел.: 8 7719045763 до 9.00 (по первому заседанию) и до 14.00 (по второму заседанию) 10 декабря 2020 года.
Перед входом в конференцию Zoom, необходимо указать фамилию и имя участника, добавление в конференцию будет производиться в соответствии со списком аккредитации!
Также по указанному электронному адресу Вы можете направить вопросы для брифингов.
На интернет-ресурсе Центризбиркома будет представлена онлайн-трансляция заседаниий и брифингов https://www.election.gov.kz/rus/news/releases/index.php?ID=5510
Аккредитация операторов будет проводится до 9.00 (по первому заседанию) и до 14.00 (по второму заседанию) 10 декабря 2020 года, по телефонам: 8 (7172) 75-23-69, +77017115495
и электронному адресу:
v.zheksembekova@election.gov.kz

Операторов просим прийти за 30 минут до начала заседания!

Пресс-служба
Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection
10 желтоқсанда Ортсайлаукомның отырысы өтті
 
2020 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі науқан шеңберінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Отырыста келесі мәселелер қаралды:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында партиялық тізімдерді ұсыну және тіркеу қорытындылары туралы;
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарын сайлау жөніндегі саяси партиялар үшін дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы;
3. Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінде Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысы туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Ортсайлауком төрағасының  орынбасары Константин Петров баяндама жасады.
Ол Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну 2020 жылғы 10 қарашада басталып, а. ж. 30 қарашада жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталғанын хабарлады.
Ортсайлауком ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына қатысуға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен тіркелген 6 саяси партияға рұқсат берді.
Белгіленген кезеңде ОСК-да Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 5 саяси партиядан: «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан; «Nur Otan» партиясынан; «ADAL» саяси партиясынан; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан; «Қазақстанның Халық партиясынан» кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну туралы құжаттар ұсынылды.
Партиялар ұсыну кезінде қарастырылған және тіркеуге қажетті құжаттардың тізімін ұсынды.
Сайлау заңнамасына сәйкес бір саяси партиядан оған саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санының отыз процентінен аспайтын адамдар саны енгізілген бір ғана тізім жіберіледі. Партиялық тізімде әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.
Ортсайлауком уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген кандидаттарды тексеруді жүзеге асырды және партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттардың Конституция және  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтады.
Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар Ортсайлаукомның шотына саяси партиялардың қаражатынан партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының он бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7% - ын және одан көп алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді. Конституциялық заңға сәйкес, сайлау жарнасын «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мен «ADAL» саяси партиясы енгізді.
Осылайша, Орталық сайлау комиссиясы бес саяси партияның партиялық тізімін тіркеді, барлығы 312 кандидат: 19 адамнан тұратын «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы; 126 адамнан тұратын «Nur Otan» партиясы; 16 адамнан тұратын «ADAL» саяси партиясы; 38 адамнан тұратын Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы; 113 адамнан тұратын «Қазақстанның Халық партиясы».
Партиялық тізімдерге 90 әйел және 222 ер адам енгізілді. 29 жасқа дейін 19 адам. Ең жас кандидаттар 1995 жылы туған, егде жас – 1950 жылы туған. Орташа жасы-46,7 жас. Партиялық тізімдерге VI сайланған Парламент Мәжілісінің 34 депутаты енгізілді. 12 ұлт өкілдері ұсынылған, оның ішінде 79,8% қазақтар, 13,8% орыстар, сондай-ақ тізімде корцтар, белорустар, өзбектер, ұйғырлар, украиндар, әзірбайжандар, немістер, поляктар, татарлар, чуваштар бар.
Партиялық тізімдерді тіркеу туралы мәліметтер саяси партия ұсынған кандидаттар мен олардың жұбайлары декларациялаған  кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің анықтығын тексеру үшін Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органына жіберілді. Саяси партия ұсынған кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің анықтығын мемлекеттік кіріс органдары партиялық тізім тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексереді.
Партиялық тізімдерді тіркеу негізінде саяси партияның сайлау қорының арнайы уақытша шоттары ашылды.
Баяндама аясында К.Петров «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жоюдың немесе адамды партиялық тізімнен шығару туралы шешім қабылдаудың негіздері көзделгенін айтты.
Мәселен, Орталық сайлау комиссиясы мынадай жағдайларда партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жояды: партиялық тізімді ұсынған саяси партия, өзі ұсынған кандидаттар, оның сенім білдірген адамдары сайлау алдындағы үгітті тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін жүргізген; бүкіл партиялық тізімнің елу пайызынан астамын құрайтын адамдар партиялық тізімнен шыққан жағдайларда партиялық тізімді тіркеу туралы шешім күшін жояды; партиялық тізімді ұсынған саяси партияның немесе оның сенім білдірілген адамдарының кандидаттың, партиялық тізімді ұсынған басқа да саяси партияның немесе партиялық тізімге енгізілген адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтер тарату фактісін сот анықтаған; партиялық тізімді ұсынған саяси партияның немесе оның сенім білдірілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін сот анықтаған; осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда жүзеге асырады.
Бұдан басқа, ОСК партиялық тізімге енгізілген адамды мынадай жағдайларда тізімнен шығару туралы шешім қабылдайды: партиялық тізімге енгізілген адам өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызметтік жағдайын пайдаланған; партиялық тізімге енгізілген адам сайлау алдындағы үгітті партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін жүргізген жағдайда; Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидаттың, партиялық тізімді ұсынған саяси партияның немесе партиялық тізімге енгізілген басқа да адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, олардың беделіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтерді тарату; партиялық тізімге енгізілген адам мен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің анық еместігі анықталған жағдайда, сот партиялық тізімге енгізілген адамның және оның жұбайының (зайыбының) ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан; партиялық тізімге енгізілген адамның немесе оның сенім білдірген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін сот анықтаған; Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда жүргізіледі.
Партиялық тізімдер тіркеу кезеңі аяқталғанға дейін тіркелді. Бұл ретте сайлау алдындағы үгіт Конституциялық заңда белгіленген мерзімде, 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18-ден кейін басталады.
Отырыстың екінші мәселесі бойынша Ортсайлаукомның Хатшысы Сабила Мустафина баяндама жасады.
Ол «ҚР-дағы сайлау туралы» КЗ-ның 12-бабына сәйкес ОСК Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеннің нысаны мен мәтінін, мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысанын белгілейтінін хабарлады. Ортсайлауком сондай-ақ оларды жасау тәртібі мен қорғалу дәрежесін белгілейді; Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін дайындауды қамтамасыз етеді.
Сайлау заңнамасына сәйкес саяси партиялар үшін дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне саяси партиялардың атаулары жеребе арқылы анықталған ретпен енгізіледі.
Осыған байланысты ОСК отырысында саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетеніне енгізу туралы жеребе тартылды. Жеребе тастау Ортсайлауком белгілеген жеребе өткізу ережелеріне сәйкес жүргізілді.
Көлемі мен түсі бірдей конверттерге тіркелген партиялардың санына тең реттік нөмірлері бар парақтар салынды. Бір конвертте нөмірі бар бір ғана парақ болды. Конверттегі нөмір - бұл саяси партия бюллетеньге енгізілетін нөмір. Конверттер мөрленіп, араластырылып, отырысқа қатысушылардың барлығының көз алдында тұрған үстелге қойылды. Әр саяси партияның өкілдері кезек-кезек үстелден кез-келген конвертті алып, нөмірі бар парақты ашып, оны жариялады.
2021 жылғы 10 қаңтарда партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі сайлауында дауыс беруді өткізу кезіндегі жеребе қорытындысы бойынша сайлау бюллетеніндегі саяси партиялардың атаулары мынадай тәртіппен орналастырылатын болады:
1. «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі.
2. «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігі.
3. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі.
4. «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі.
5. «ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігі.
Баяндама аясында С.Мұстафина сайлау бюллетенінің нысаны ҚР Ортсайлаукомының 2018 жылғы 23 тамыздағы №11/192 қаулысымен бекітілгенін хабарлады. Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы бойынша саяси партиялар үшін дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің мәтіні жеребе тастау нәтижелеріне сәйкес бекітілді. Бюллетеньдерді дайындауда қауіпсіздік дәрежелері әзірленді.
Сайлау бюллетеньдері сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 процент резервімен сайлау округіндегі сайлаушылардың санына тең мөлшерде дайындалады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Қазақстан Республикасындағы сайлаушылардың жалпы санының 1 проценті резервін қоса алғанда, сайлау учаскелеріне дайындалуға және жеткізілуге жататын сайлау бюллетеньдерінің саны: 12 038 433 (он екі миллион отыз сегіз мың төрт жүз отыз үш) дананы құрайды.
Сайлау заңнамасына сәйкес сайлау бюллетеньдері учаскелік сайлау комиссияларына сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервімен сайлауға дейін кемінде үш күн бұрын және бір күн бұрын жеткізіледі. Сайлау бюллетеньдері орналасқан үй-жайға мөр басылады және ішкі істер органдарының күзетіне тапсырылады.
Отырыстың үшінші мәселесі бойынша Ортсайлауком мүшесі Ерлан Дауылбаев сөз сөйледі.
Ол сайлау науқанының әрбір кезеңін қорытындылай келе, Орталық сайлау комиссиясы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қорытындыларын әрдайым қарайтынын айтты.
Ол ағымдағы жылдың 26 қарашасы мен 8 желтоқсан аралығында Орталық сайлау комиссиясына 22 өтініш келіп түскенін және оның ішінде: 3 – заңды тұлғалардан, 1 – БАҚ – тан, 18-жеке тұлғалардан.
Көтерілген мәселелердің сипаты бойынша өтініштер былайша бөлінді: 69% (15) – сайлау заңнамасын түсіндіру туралы; 4,5% (1) – сайлау процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат беру туралы; 4,5% (1) – сайлау заңнамасын және ОСК қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар; 22% (5) – өзге де мәселелер бойынша.
Көрсетілген кезеңде келіп түскен 22 өтініштің ішінен: ОСК аппараты 3 өтінішке белгіленген мерзімде өтініш берушілерге толық жауап берді; 4-уі Ортсайлауком құзыретіне кірмейтін ретінде заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарға жолданды; 15 өтініш қаралуда. Орындалмаған өтініштер жоқ.
22 өтініштің 9-ы немесе қаралып жатқан барлық өтініштердің 40% - ы Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарына үміткерлерге өзін-өзі ұсынушылар ретінде тіркелу мүмкіндігіне қатысты. 5 өтініш немесе әрбір төртінші-бұл тұрғын үй беруге көмек көрсету туралы қайта өтініш, автокөлікті сапасыз жөндеу бойынша мүліктік құқықтардың бұзылуы және диагностикалық орталық басшылығын жауапкершілікке тарту қажеттілігі туралы қоғамдық қордың шағымы. Мұндай өтініштер мәселенің мәні бойынша басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберіледі. Бір өтініш сайлау заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынысты, атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдар үшін ҚР Парламенті Мәжілісіне квота бөлуді қамтиды.
Сонымен қатар, Ортсайлаукомның ағымдағы жылғы 4 желтоқсандағы №44/371 қаулысының қабылдануына байланысты байқаушылардың өкілеттіктерін іске асыру мәселелеріне қатысты қоғамдық ұйымдардан бірқатар өтініштер келіп түсті.
Ал фото - және бейнежазбаны жүзеге асыру дауыс беру құпиясын және сайлаушылардың дербес деректерін қорғауды ескере отырып жүргізілуге тиіс екенін ескертеді.
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның нормасы, атап айтқанда, бейнеленген адамның келісімі талап етілмейтін жағдайлар келтірілген 14-баптың 1-1-тармағы байқаушылар болып табылмайтын БАҚ өкілдеріне ғана қолданылады.
Байқаушылар түсірген фото -, бейне -, шығарылған аудиожазбалар мақсаты бойынша, яғни іс-әрекеттерге арнайы баға беруге уәкілетті тиісті органдар қараған кезде бұзушылықтардың дәлелі ретінде пайдаланылуы тиіс. Тек бақылаушының мұндай әрекеттері үшін түсірілген адамның бейнесін пайдалану кезінде келісім қажет емес.
Ал егер ол келешекте пайдалануға, яғни, басқа тұлғаларға таратуға, орналастыруға, ілуге, басқаша айтқанда, осындай жазбаларды жариялауға ниет білдірсе, онда байқаушы ҚР АК талаптарын сақтауға тиіс.
Осылайша, осы қаулыны қабылдай отырып, Ортсайлауком Қазақстан Республикасы заңдарының мүлтіксіз және дәл сақталуын басшылыққа алды.
Отырыстың үшінші мәселесін қорытындылай келе, Ортсайлауком Төрағасы Берік Имашев бақылау субъектілерінің сайлауға қатысуы сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ететінін атап өтті. Ортсайлауком бақылаудағы азаматтық белсенділіктің өсуін құптайды. Бұл ретте байқылау субъектілерінің қызметі құқықтық өріс шеңберінде жүзеге асырылуға тиіс.
Отырыстан кейін бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өтті, онда Ортсайлауком мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап берді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection
Осы мәселе бойынша қосымша баяндамада ОСК мүшесі Сыдықов Серік Сламжанұлы толық баяндады.
Ол аталған қаулының қабылдануы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген ОСК өкілеттіктерінен туындайтын сайлау туралы заңнаманың, біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету қажеттілігінен туындағанын хабарлады.
Статистикалық деректерді талдау Ұлттық бақылау субъектілері белсенділігінің бір жарым есе өскенін көрсетті. 2015 жылғы сайлауға 30 мыңға жуық байқаушы қатысты, ал 2019 жылы президенттік сайлауға 47 мыңға жуық байқаушы қатысты. Сонымен бірге, процеске қатысушылардың құқықтық мәдениетінің әрдайым тиісті деңгейі және оларды сайлау комиссияларының тіркеу мәселелерінде біркелкіліктің болмауы байқалады.
Сайлау процесіне жекелеген қатысушылардың сайлау рәсімдерінен көрінетін құқықты білмеуі, бүкіл заңнама негізінде сайлау процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты нормалар жиынтығын қосымша түсіндіруді талап етті. Осы қаулының ережелері құқықтық салада, сайлау процесіне барлық қатысушылардың, соның ішінде байқаушылардың және оларды тіркейтін сайлау комиссиялары мүшелерінің іс-әрекеттерінде белгіленеді.
«2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған ҚР Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарын сайлау бойынша сайлау процесіне қатысушылардың жекелеген санаттарының өкілеттіктерін іске асыру мәселелері туралы» ОСК қаулысы нормативтік құқықтық актілерге жатпайтын заңнаманы түсіндіру актісі болып табылады.
Осы қаулының құқық қолданушысы аумақтық, учаскелік сайлау комиссиялары болып табылады, олар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде, олардың тәуелсіздігін ескере отырып, оны нақты жағдайларда қолдану туралы дербес шешім қабылдайтын болады. Сондай-ақ, осы қаулының құқық қолданушыларының қатарына сайлау күні сайлау учаскесіне қатысатын басқа да қатысушылар: бақылаушылар да, сенім білдірушілер де кіреді. Олардың әрқайсысы учаскелік сайлау комиссиясының деректерді есепке алу журналына енгізу жөніндегі іс-әрекеттерінің заңдылығын тексере алады. Олардың әрқайсысы учаскелік сайлау комиссиясы қабылдайтын шешімдердің негізділігі жөнінде мәселе қоюға құқылы, өйткені заңда байқаушылар мен сенім білдірілген адамдар құқықтарының көлемі бірдей.
Егер бұл азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарын іске асыру мен қорғауға қатысты олардың жарғылық мақсатына сәйкес келетін болса, КЕҰ сайлауын бақылау үшін адамдарды жібере алады. Жарғыларында осындай мақсат бар барлық КЕҰ өзінің бақылаушыларын сайлауға жіберу бойынша қолданыстағы заңнамамен берілген өкілеттіктерді пайдалана алады.
Мұндай мақсатты көздемеген басқа КЕҰ-лар өздерінің жарғыларына өзгерістер енгізуге құқылы. Мемлекеттік тіркеу туралы заңда КЕҰ жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізудің хабарлама тәртібі қарастырылған. Әділет органдары жарғыға өзгерістерді КЕҰ-дан алынған электрондық хабарлама негізінде хабарлама берілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізеді..
Осының негізінде ОСК Қаулысында жарғыда азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға және қорғауға бағытталған мақсаттың болуы туралы ереже қамтылған. Ұйымдар уәкілеттік берген адамдарды тиісті сайлау комиссиялары байқау субъектілері ретінде тіркегеннен кейін, олар жария-құқықтық қатынастардың қатысушылары болатынын ескере отырып, заң олардың өкілеттіктерінің тиісті түрде ресімделуін, оның ішінде жарғының үзінді көшірмелерімен расталуын талап етеді.
Баяндама аясында Серік Сыдықов Конституциялық заңда трансляцияны жүзеге асыру құқығы қарастырылмағанын да жеткізді. Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңына сәйкес фото-, аудио-, бейнежазба трансляцияға (тікелей эфирге шығуға) ұқсас санат болып табылмайды.
Байқаушылар сайлау процесінің заңды қатысушылары болып табылады, тиісінше олардың қызметі «ҚР сайлау туралы» КЗ және өзге де заңнамамен нақты реттеледі. Қызметті реттеу тек міндеттерге ғана емес, сонымен қатар өз функцияларын жүзеге асыратын бақылаушының сайлау учаскесінен бейне хабар тарату құқығының болмауын қамтитын құқықтарға да қатысты.
Сонымен бірге, қаулы фото -, аудио - және бейнежазбаны жүзеге асыруға тыйым салмайды.
10 декабря состоялось заседание Центризбиркома
 
В рамках избирательной кампании по выборам депутатов Мажилиса Парламента и маслихатов Республики Казахстан, назначенных на 10 января 2020 года, состоялось заседание Центральной избирательной комиссии
Республики Казахстан.
На заседании были рассмотрены следующие вопросы:
1. Об итогах выдвижения и регистрации партийных списков на очередных выборах депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан;
2. Об избирательных бюллетенях для голосования за политические партии по выборам депутатов Мажилиса Парламента и маслихатов Республики Казахстан;
3. О ходе рассмотрения обращений физических и юридических лиц, поступивших в Центральную избирательную комиссию на этапе регистрации партийных списков.        
С докладом по первому вопросу повестки дня выступил заместитель Председателя Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан Константин Петров.
Он сообщил, что в соответствии с Календарным планом основных мероприятий по подготовке и проведению очередных выборов депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан, выдвижение кандидатов началось 10 ноября 2020 года и завершилось в 18.00 часов местного времени 30 ноября т.г.
Центризбиркомом к участию в очередных выборах депутатов Мажилиса Парламента РК, были допущены 6 политических партий, зарегистрированных в установленном порядке в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
В установленный период в ЦИК были представлены документы о выдвижении партийных списков кандидатов в депутаты Мажилиса Парламента Республики Казахстан от 5-ти политических партий: Народно-демократическая патриотическая партия «Ауыл»; Партия «Nur Otan»; Политическая партия «ADAL»; Демократическая Партия Казахстана «Ак жол»; «Народная партия Казахстана».
Партиями представлен перечень необходимых документов, предусмотренных при выдвижении и необходимых для регистрации.
В соответствии с избирательным законодательством, к регистрации допускается только один список от одной политической партии с количеством включенных в него лиц, не превышающим установленного числа депутатских мандатов, распределяемых среди политических партий, на тридцать процентов. В партийном списке количество женщин и лиц, не достигших двадцатидевятилетнего возраста, должно составлять не менее тридцати процентов от общего числа включенных в него лиц. Данное требование обеспечено всеми партиями, которые представили документы о выдвижении партийных списков.
Центризбиркомом, совместно с уполномоченными государственными органами, осуществлена проверка кандидатов, включенных в партийный список для избрания депутатом Мажилиса и установлено соответствие кандидатов, включенных в партийные списки, требованиям Конституции и Конституционного закона «О выборах в РК».
Политические партии, выдвинувшие партийные списки, вносят из средств политических партий на счет Центризбиркома избирательный взнос в пятнадцатикратном размере установленной законодательством Республики Казахстан минимальной заработной платы за каждое лицо, включенное в партийный список. Избирательный взнос не уплачивается политическими партиями, получившими на предыдущих выборах депутатов Мажилиса Парламента 7% и более голосов избирателей от числа, принявших участие в голосовании. В соответствии с Конституционным законом, избирательный взнос внесен Народно-демократической патриотической партией «Ауыл» и Политической партией «ADAL».
Таким образом, Центральной избирательной комиссией зарегистрированы партийные списки пяти политических партий, всего 312 кандидатов: Народно-демократическая патриотическая партия «Ауыл» из 19 человек; Партия «Nur Otan» из 126 человек; Политическая партия «ADAL» из 16 человек; Демократическая Партия Казахстана «Ак жол» из 38 человек; «Народная партия Казахстана» из 113 человек.
В партийные списки включены 90 женщин и 222 мужчины. В возрасте до 29 лет 19 человек. Самые молодые кандидаты 1995 года рождения, возрастные – 1950 года рождения. Средний возраст  -  46,7 лет. В партийные списки включены 34 депутата Мажилиса Парламента VI созыва.