ELITAR.KZ
1.64K subscribers
12K photos
5.4K videos
5 files
8.27K links
Главное медиа креативной экономики.
Люди. Деньги. Индустрия.
Казахстан • Центральная Азия
Download Telegram
🔥 «Қайрат» «Реал», «Интер», «Арсенал», «Брюгге», «Спортинг», «Олимпиакос», «Пафос» және «Копенгаген» командаларымен кездеседі

✅ Монакода УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің жеребесі тартылды.

Алматылық «Қайраттың» қарсыластары келесідей:

🏠 «Реал» Мадрид
✈️ «Интер» Милан
✈️ «Арсенал»
🏠 «Брюгге»
✈️ «Спортинг»
🏠 «Олимпиакос»
🏠 «Пафос»
✈️ «Копенгаген»

📅 Матчтар 16 қыркүйек пен 28 қаңтар аралығында өтеді. Нақты күнтізбе алдағы уақытта белгілі болады.
❤1👍1
Еліміздің кей аймақтарында төтенше өрт қаупі сақталады

Төтенше өрт қаупі:
- Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Қызылорда, Шымкент — +40°C-қа дейін, ТЖҚ
- Ұлытау, Абай, Маңғыстау облыстары — +35...+38°C, шаңды дауыл
- Астана (29 тамыз) — найзағай, дауыл, шаңды дауыл
- Алматы (29–30 тамыз) — +35°C-қа дейін

Салқындау:
- 28 тамыздан бастап еліміздің орталық және солтүстік өңірлерінде ауа температурасы +13...+18°C-қа дейін төмендейді
ELITAR.KZ
🔥 «Қайрат» «Реал», «Интер», «Арсенал», «Брюгге», «Спортинг», «Олимпиакос», «Пафос» және «Копенгаген» командаларымен кездеседі ✅ Монакода УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің жеребесі тартылды. Алматылық «Қайраттың» қарсыластары келесідей: 🏠 «Реал» Мадрид…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Қайрат» ойыншыларының «Реалға» қарсы ойынға реакциясы: тарихи сәтке дайындық басталды

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алған алматылық «Қайрат» футбол клубының ойыншылары «Реал Мадридке» қарсы өтетін матчты ерекше ықыласпен қабылдады. Команда үшін бұл, еурокубок тарихындағы ең жауапты және айтулы кездесулердің бірі болмақ.

Айта кетейік, УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі матчтар 2025 жылдың 16 қыркүйегінен 2026 жылдың 28 қаңтарына дейін өтеді. Ал нақты күнтізбе мен матчтардың кестесі алдағы күндері жарияланады.
😁1
Тауға шығып, жарақаттанған әйел құтқарылды

Ақмола облысының 112 пультіне Бурабай ауданында әйел аяғын жарақаттап, "Көкшетау" тауынан өздігінен түсе алмайтыны туралы хабарлама келіп түсті.

Таулы аймақты еңсергеннен кейін құтқарушылар теңіз деңгейінен 250 метрден астам биіктікте әйелді тауып, оны таудан аман-есен түсіріп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ребенок упал с эскалатора и пролетел один этаж в Петропавловске

По предварительным данным, он находился в торгово-развлекательном центре вместе с младшим братом, но без присмотра взрослых. В момент игры его одежду затянуло в перила подъемного механизма, что спровоцировало падение со второго этажа.

Падение ребенка зафиксировали камеры наблюдения. Видео распространилось в соцсетях. На нем видно, как пролетевший один этаж ребенок упал на пол и лежит неподвижно.

В настоящее время полицией проводится проверка – устанавливаются обстоятельства произошедшего, изучаются условия безопасности в помещении ТРЦ.

Ребенок в больнице.(kazakh_inform)
😱1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте сотталғандардың құқықтарын қорғау және ұстау жағдайлары талқыланды
 
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Ішкі істер министрлігімен Шымкент қаласы прокуратурасының қызметкерлері 6 түзеу мекемесін аралады.

Көшпелі ведомствоаралық кеңес аясында негізгі мәселелер қаралды: жедел-режимдік жағдайды қамтамасыз ету, сотталғандардың конституциялық құқықтарының сақталуы, медициналық көмектің қолжетімділігі және білім беру бағдарламаларының сапасы.

Ерекше назар заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллект элементтерін енгізуге, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сай жаңа үлгідегі мекемелер салу мәселесіне аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға нақты тапсырмалар берілді.

Бұл жұмыс түзеу мекемелері тек жазаны орындап қана қоймай, сонымен бірге сотталғандардың әлеуметтік қайта әлеуметтенуіне және олардың қоғамға толыққанды оралуына жағдай жасауға бағытталған.
❤1
Жыл басынан бері «Visit Shymkent» киосктерінде екі мыңнан астам туристке қызмет көрсетілді

Еліміздің үшінші мегаполисіне келушілер ағыны жыл сайын артып келеді. 2025 жылдың басынан бастап туристік-ақпараттық орталық «Visit Shymkent» 2 мыңнан астам туристке ақпараттық қызмет көрсетті.

🚶‍♀️ Ең үлкен белсенділік Арбат жаяу жүргіншілер демалыс аймағындағы нүктеде байқалады – туристердің барлық сұранысының 71%-ы осында өңделеді. Бұл нүкте «Miras» университетімен бірлесіп ашылған және кеңес беруден бөлек, мұнда тегін «ақылды» СГТ (санитарлық-гигиеналық тораптар) мен «Miras Tazalyq» душ кабиналары орнатылған. Жоспар бойынша бұл алаң коворкингі, кездесулерге, жергілікті шараларға және қалалық бастамаларға арналған кеңістігі бар бизнес-орталыққа айналмақ. Қалған туристер Шымкент және Түркістан қалаларының халықаралық әуежайларындағы ақпараттық орындарды таңдады.
РУСЛАН БЕРДЕНОВ ӨЗ ЕРКІМЕН ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

Руслан Берденов өзінің өтініші бойынша Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті. Ол бұл қызметті биылғы жылдың ақпан айынан бері атқарып келген.

Руслан Берденов 1985 жылдың наурыз айында Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және КИМЭП университетін “Іскерлік басқару магистрі, қаржылық менеджмент маманы” мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы “Procter & Gamble LLP” компаниясында бастаған. 2010-2012 жылдары “EASTCOMTRANS” ЖШС-нің жылжымалы құрамды жалға беру департаментінің директоры, 2012-2018 жылдары “Ақ ниет” ЖШС-нің бас директоры, 2018-2019 жылдары “Ақ ниет” ЖШС-нің бақылау кеңесінің мүшесі, 2019-2023 жылдары “Aq Niet Group” бақылау кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

2023 жылдың наурызынан қала әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті VIII шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.

Шымкент қаласының әкімдігі
❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматы әуежайындағы кезекті оқиға: Жолаушы өз тамағын кесіп тастады

Алматы әуежайының T1 ішкі рейстер терминалында дәретханада тағы бір оқиға болды. Жолаушылардың бірі дәретхана бөлмесінде өз-өзін өлтірмек болды.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, жағдайды дереу медициналық қызметке шақырған қызметкерлер уақтылы байқаған. 

Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ол дәрігерлердің бақылауында. (baqkz)
Астанада жиын басталды 😍

✅ Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу матчтарына дайындығын бастады.

⌛️ Команда әлі толық емес. Алдағы уақытта біртіндеп жігіттер қатарымызға қосылады.

⚡️ Айта кетейік, қыркүйекте «Астана Аренада» Уэльсті қабылдап, сырт алаңда Бельгиямен кездесеміз.

🇰🇿 Қазақстан – Уэльс 🏴󠁧󠁢󠁷󠁬󠁳󠁿
🏆 ӘЧ-2026 | Іріктеу кезеңі
📆 04.09.2025 | 19:00
🏟️ «Астана Арена», Астана
🎟️ Билеттер Ticketon.kz сайтында

➖

🇧🇪 Бельгия – Қазақстан 🇰🇿
🏆 ӘЧ-2026 | Іріктеу кезеңі
📆 07.09.2025 | 23:45
🏟️ «Лотто Парк», Брюссель

#KFFTeam
❤1