Еңбек министрлігі 🇰🇿 Министерство труда
3.41K subscribers
4.22K photos
921 videos
5 files
3.39K links
🇰🇿 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми арнасы

🔹️ 🔸️ 🔹️

🇰🇿 Официальный канал Министерства труда и социальной защиты РК

📩 kense@enbek.gov.kz
Download Telegram
▫️8 Наурыз мерекесіне орай Президент атынан мемлекеттік марапаттар табысталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Мемлекет басшысының атынан әлеуметтік-еңбек саласында қызмет етіп жүрген нәзік жандарға мемлекеттік марапаттарды салтанатты түрде табыс етті. Жиынды ашқан ведомство басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан берілетін бұл марапаттар - әйел затының қоғамдағы жасампаз рөлі мен кәсіби жауапкершілігіне, соның ішінде еліміздің әлеуметтік саласын ілгерілетуге қосқан қажырлы еңбегіне көрсетілген айрықша құрмет екенін атап өтті. Министрдің айтуынша, сала мамандарының күнделікті тиянақты жұмысы мен өз ісіне деген адалдығының арқасында әлеуметтік қорғау жүйесі нәтижелі қызмет етіп, мыңдаған азамат мемлекеттің қамқорлығы мен қолдауын сезініп отыр. Мемлекет басшысының Жарлығымен көпжылдық адал еңбегі үшін Әсия Құрманқұлова мен Гүлмира Сүлейменова «Құрмет» орденімен марапатталса, Ғазиза Иманғали, Гүлзәуре Ерғалиева және Саягүл Еркебекова «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды. Сонымен қатар кәсіби біліктілігі үшін бірқатар қызметкерлер «Еңбек ардагері», «Әлеуметтік саланың үздігі» ведомстволық марапаттарымен, сондай-ақ Министрдің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Шара соңында Асқарбек Ертаев әріптестеріне мықты денсаулық, отбасылық береке және ел игілігі жолындағы қызметтеріне табыс тіледі.

Толығырақ

***

Вручены государственные награды от имени Президента в честь 8 Марта

В преддверии Международного женского дня Министр труда и социальной защиты населения РК Аскарбек Ертаев от имени Главы государства вручил государственные награды женщинам, работающим в социально-трудовой сфере. Глава ведомства подчеркнул, что награды от имени Президента Касым-Жомарта Токаева являются признанием особой роли женщин в обществе, их профессиональной ответственности и преданности делу. По словам министра, благодаря ежедневному труду и искренней вовлеченности сотрудников система социальной защиты работает эффективно, обеспечивая гражданам необходимую поддержку. Указом Президента за многолетний добросовестный труд орденом «Құрмет» были награждены Асия Курманкулова и Гульмира Сулейменова, а медали «Ерен еңбегі үшін» удостоены Газиза Имангали, Гульзауре Ергалиева и Саягуль Еркебекова. Ряд специалистов также получили ведомственные награды «Еңбек ардагері», «Әлеуметтік саласының үздігі», почетные грамоты и благодарственные письма. В завершение встречи Аскарбек Ертаев пожелал коллегам крепкого здоровья, семейного благополучия и дальнейших успехов в работе на благо страны.

Подробнее
👍10❤3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
▫️Асқарбек Ертаев Қазақстан әйелдерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев барша қазақстандық әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Толығырақ

***

А. Ертаев поздравил женщин Казахстана с 8 марта

Министр труда и социальной защиты населения РК Аскарбек Ертаев поздравил казахстанок с Международным женским днем, пожелав им крепкого здоровья, семейного благополучия и весеннего настроения.

Подробнее
👍10❤3
▫️Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2026 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 3 828 адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 1218 адам пайдаланды.

Толығырақ

***

Благодаря внедрению Цифровой карты семьи с начала 2026 года 3 828 человек получили SMS для проактивного предоставления государственных услуг в социально-трудовой сфере. При этом возможностью беззаявительного получения пособия или выплаты воспользовались 1 218 человек.

Подробнее
👍5❤2
▫️Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті, онда арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың негізгі мәселелері, «МАК» ӨСҚ» АҚ-ның 2026 жылға арналған жұмысының негізгі бағыттары және басқа да мәселелер қаралды.

Толығырақ

***

Сегодня под председательством Министра труда и социальной защиты населения РК Аскарбека Ертаева состоялось аппаратное совещание, на котором были рассмотрены основные вопросы назначения специальных социальных выплат, ключевые направления работы АО «КСЖ «ГАК» на 2026 год и другие вопросы.

Подробнее
👍7❤1
▫️ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың ҚР «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер Конфедерациясы Төралқасының төрағасы Жұмабек Жанықұловпен жұмыс кездесуі өтті.

Толығырақ

***

Состоялась рабочая встреча министра труда и социальной защиты населения РК Аскарбека Ертаева с председателем Президиума Национальной Конфедерации работодателей РК «PARYZ» Жумабеком Жаныкуловым.

Подробнее
👍6❤2
▫️Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «QSR» ЖШС-не (Burger King) қатысты жүргізілген жоспардан тыс тексеруді аяқтады. Тексеру қызметкер Қаратай Әлібектің өтініші негізінде жүргізілді.

Толығырақ

***

Департаментом Комитета государственной инспекции труда по г. Алматы завершена внеплановая проверка в отношении ТОО «QSR» (Burger King). Проверка была инициирована на основании заявления работника Каратай Алибека.

Подробнее
👍5❤2
▫️2026 жылғы ақпанда Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 99 мың бос жұмыс орнын жариялады, ал жұмыс іздеушілер 124,9 мың түйіндеме орналастырды. Қаңтар айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 3,7%-ға (-3,7 мың) азайды, ал жарияланған түйіндемелер саны бұдан да айтарлықтай – 23,1%-ға (-37,5 мың) қысқарды.

Толығырақ

***

В феврале 2026 года на Электронной бирже труда Enbek.kz работодателями размещено 99 тыс. вакансий, а соискатели опубликовали 124,9 тыс. резюме. По сравнению с январем количество вакансий сократилось на 3,7% (-3,7 тыс.), тогда как число размещенных резюме снизилось более существенно – на 23,1% (-37,5 тыс.).

Подробнее

Aitu | Instagram | Facebook | Threads
👍5❤1
▫️«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ алаңында «Конституциялық реформа: дамудың негізгі аспектілері» тақырыбында сараптамалық кездесу өтті. Қатысушылар еліміздің жаңа Негізгі заңының жобасы аясында әлеуметтік саясат эволюциясын, еңбек құқықтарын қорғауды және цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Толығырақ

***

На площадке АО «Центр развития трудовых ресурсов» состоялась экспертная встреча на тему «Конституционная реформа: ключевые аспекты развития». Участники обсудили эволюцию социальной политики, защиту трудовых прав и обеспечение цифровой безопасности в проекте нового Основного закона страны.

Подробнее

Aitu | Instagram | Facebook | Threads
👍3❤2
▫️Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бала 1,5 жасқа толғаннан кейін әйелдердің жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлемдерді рәсімдей алатыны туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таралуда.

Толығырақ


***

В социальных сетях и мессенджерах распространяется недостоверная информация о возможности оформления женщинами социальных выплат по безработице после достижения ребенком возраста 1,5 лет.

Подробнее

Aitu | Instagram | Facebook | Threads
❤2👍2
▫️2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 30,3 мың отбасындағы  163,3 мың адамға 5,2 млрд теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 62,7 млрд теңге қарастырылған.

Толығырақ

***

По состоянию на 1 марта 2026 года адресная социальная помощь назначена 163,3 тыс. человек из 30,3 тыс. семей на сумму 5,2 млрд тенге. В текущем году на эти цели из бюджета предусмотрено 62,7 млрд тенге.

Подробнее

Aitu | Instagram | Facebook | Threads
👍3❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▫️РЕСМИ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ АЯСЫН КЕҢЕЙТУ ШАРАЛАРЫ

ҚР Парламенті Сенатында «Өңір» депутаттық тобының «Формальды емес жұмыспен қамтуды қысқарту – әлеуметтік қорғалған қоғам құрудың жолы» тақырыбында отырыс өтті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев сенаторларға еңбек нарығына жасалған ағымдағы талдауды таныстырып, азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру бойынша жүйелі қадамдарды ұсынды.

Талқылау барысында мемлекеттік қолдау шаралары мен әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қол жеткізу үшін ресми жұмысқа орналасудың маңыздылығына басты назар аударылды.Ұсынылып отырған шаралар әрбір жұмыскер толыққанды әлеуметтік және зейнетақы кепілдіктеріне ие болуы үшін еңбек қатынастарын жетілдіруге және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бағытталған.

Толығырақ

***

МЕРЫ ПО РАСШИРЕНИЮ ОФИЦИАЛЬНОЙ ЗАНЯТОСТИ

В Сенате Парламента РК прошло заседание депутатской группы «Өңір» на тему «Сокращение неформальной занятости - путь создания социально защищенного общества». Министр труда и социальной защиты населения Аскарбек Ертаев представил сенаторам текущий анализ рынка труда и предложил системные шаги по повышению уровня социальной защищенности граждан.

В ходе обсуждения основной акцент был сделан на важности официального трудоустройства для доступа к мерам господдержки и системе социального страхования. Предложенные меры направлены на совершенствование трудовых отношений и усиление информационной работы, чтобы каждый работник мог рассчитывать на полноценные социальные и пенсионные гарантии.

Подробнее

Aitu | Instagram | Facebook | Threads
👍4❤2
▫️ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі HR Enbek порталының штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын және деректерді әрі қарай қабылдауға ешқандай шектеу қойылмағанын хабарлайды.

Толығырақ

***

Министерство труда и социальной защиты населения РК сообщает, что портал HR Enbek функционирует в штатном режиме и не ограничивает дальнейший прием данных.

Подробнее

Aitu | Instagram | Facebook | Threads
👍3❤2
▫️ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2026 жылдың басынан бері Астана және Алматы қалаларында аталған қызмет 77,2 мың рет көрсетілді, оның ішінде ақпан айында – 38,6 мың рет.

Толығырақ

***

В рамках реализации пилотного проекта по использованию агрегаторов такси при оказании услуги инватакси для людей с особыми потребностями, инициированного Министерством труда и социальной защиты населения РК, с начала 2026 года в Астане и Алматы данную услугу получили 77,2 тыс. раз, в том числе в феврале – 38,6 тыс. раз.

Подробнее

Aitu | Instagram | Facebook | Threads
❤2👍2
▫️ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мүгедектігі бар балалардың ата-аналарымен және қоғамдық бірлестіктердің көшбасшыларымен екінші кеңейтілген жұмыс кездесуін өткізді. Талқылаудың негізгі тақырыбы инватакси қызметтері тиесілі мүгедектігі бар адамдар үшін медициналық көрсетілімдер тізбесін әзірлеу болды. Кездесу конструктивті түрде өтті.

Толығырақ

***

Министр труда и социальной защиты населения РК Аскарбек Ертаев провёл вторую расширенную рабочую встречу с родителями детей с инвалидностью и лидерами общественных объединений. Основной темой обсуждения стала разработка перечня медицинских показаний для лиц с инвалидностью, которым положены услуги инватакси. Встреча прошла в конструктивном ключе.

Подробнее

Aitu | Instagram | Facebook | Threads
❤3👍2