Еңбек министрлігі 🇰🇿 Министерство труда
3.4K subscribers
4.22K photos
916 videos
5 files
3.38K links
🇰🇿 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми арнасы

🔹️ 🔸️ 🔹️

🇰🇿 Официальный канал Министерства труда и социальной защиты РК

📩 kense@enbek.gov.kz
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▫️Еңбек министрлігінде «DIGITAL NAURYZ 2026» IT-бағдарламасының қорытындылары шығарылды

Еңбек ресурстарын дамыту орталығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың қатысуымен «DIGITAL NAURYZ 2026» IT-интенсивінің жабылу рәсімі өтті. Бағдарлама әлеуметтік-еңбек саласы қызметкерлерінің цифрлық құзыреттерін арттыруға бағытталды.

Толығырақ

***

В Минтруда подвели итоги IT-программы «DIGITAL NAURYZ 2026»

В Центре развития трудовых ресурсов с участием Министра труда и социальной защиты населения РК Аскарбека Ертаева состоялось закрытие IT-интенсива «DIGITAL NAURYZ 2026». Программа была направлена на повышение цифровых компетенций сотрудников социально-трудовой сферы.

Подробнее
👍6❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
▫️Наурыз мейрамы құтты болсын!

***

С праздником Наурыз!
❤3👍2
▫️2026 жылы «Жастар практикасы» жобасы шеңберінде 25 мың жас қазақстандықты жұмыспен қамту шаралары жоспарланып отыр.

Толығырақ

***
 
В 2026 году в рамках проекта «Молодежная практика» планируется охватить мерами занятости 25 тыс. молодых казахстанцев.

Подробнее
👍4❤1
▫️Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби біліктілік жүйесін дамыту жалғасуда. Бүгінгі таңда ел бойынша 2,3 мыңнан астам маман кәсіби біліктілікті ресми тану рәсімінен сәтті өтті. Еске сала кетейік, бұл тетік ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан мамандықтың мәртебесін арттыру және көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында енгізілген.

Толығырақ

***

В Казахстане продолжается развитие системы профессиональной квалификации социальных работников. На сегодняшний день более 2,3 тыс. специалистов по всей стране успешно прошли процедуру официального признания профессиональных квалификаций. Напомним, данный механизм внедрён Министерством труда и социальной защиты населения РК с целью повышения статуса профессии и качества оказываемых специальных социальных услуг.

Подробнее
👍4❤1
▫️ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ҚР Парламенті Сенатында өткен зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайту және зейнетақы аннуитетін дамыту тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысына қатысты. Кездесуге қатысушылар қолданыстағы модельді және одан әрі жетілдіруді талап ететін жүйелі мәселелерді талқылады.

Толығырақ

***

Министр труда и социальной защиты населения РК Аскарбек Ертаев принял участие в заседании круглого стола в Сенате Парламента РК по тематике укрепления финансовой устойчивости пенсионной системы и развития пенсионного аннуитета. Участники встречи обсудили действующую модель и системные вопросы, требующие дальнейшего совершенствования.

Подробнее
❤3👍3
▫️ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кадрларды даярлау жүйесіне виртуалды шындық технологияларын енгізе бастады. Бұл жұмыссыз азаматтарға теорияны ғана емес, нақты жұмыс жағдайларына барынша жақын цифрлық ортада практикалық дағдыларды пысықтауға мүмкіндік береді

Толығырақ

***

Министерство труда и социальной защиты населения РК приступает к внедрению технологий виртуальной реальности в систему профессиональной подготовки. Это позволит безработным гражданам не только изучать теорию, но и отрабатывать практические навыки в цифровой среде, максимально приближенной к реальным рабочим условиям.

Подробнее
❤2👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▫️Ондаған мәселенің шешімі бір-ақ күнде… Еңбек министрлігінің байланыс орталығы қалай жұмыс істейді?

Консультант болу — тек қоңырауға жауап беру емес. Бұл — еліміздегі әлеуметтік қызметтерді бүге-шүгесіне дейін жатқа біліп, хабарласқан халыққа дұрыс бағыт сілтеу. Кейіпкеріміз Меруерт Ыдырысова бізді өз жұмысының ішкі тынысымен таныстырды.

• Әлеуметтік қызметтер порталы – aleumet.egov.kz
• Электрондық еңбек биржасы –
enbek.kz
• Еңбек ресурстары порталы –
hr.enbek.kz
•
SkillsEnbek.kz – тегін оқыту
•
BusinessEnbek.kz – жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттарға өтінім беру
• Көші-қон порталы –
migration.enbek.kz
және басқалары.
👍4❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▫️Один день – десятки решенных вопросов. Как работает контакт-центр Минтруда?

Работа консультанта – это не просто ответы на звонки. Это навигация по огромному миру социальных сервисов Казахстана. Наша героиня Меруерт Идрисова проводит нас за кулисы своей работы.

• Портал социальных услуг – aleumet.egov.kz
• Электронная биржа труда –
enbek.kz
• Портал трудовых ресурсов –
hr.enbek.kz
•
SkillsEnbek.kz – бесплатное обучение
•
BusinessEnbek.kz – заявки на гранты для новых бизнес-идей
• Портал миграции –
migration.enbek.kz
и другие.
👍4❤1
▫️Астанада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен «Aleumet» әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы мәселелері жөніндегі Координациялық кеңес отырысы өтті. Талқылауға салалық комитеттердің өкілдері, ақпараттық жүйелерді әзірлеушілер және мүгедектігі бар азаматтардың қоғамдық бірлестіктерінің басшылары қатысты. Кездесу барысында негізгі назар жосықсыз жеткізушілермен жұмыс істеу тетіктерін жөндеужәне порталда ұсынылған тауарлардың сапасын арттыру мәселелеріне аударылды.

Толығырақ

***

В Астане под председательством Министра труда и социальной защиты населения РК Аскарбека Ертаева состоялось заседание Координационного совета по вопросам работы Портала социальных услуг «Aleumet». В обсуждении приняли участие представители профильных комитетов, разработчики информационных систем и руководители общественных объединений лиц с инвалидностью. Основное внимание в ходе встречи было уделено вопросам совершенствования механизмов работы с недобросовестными поставщиками и повышения качества товаров, представленных на портале.

Подробнее
👍3❤1
▫️2026 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне еңбек шарттарын есепке алу саласындағы ашықтық пен тәртіпті арттыруға бағытталған өзгерістер күшіне енеді.
Осыған байланысты HR Enbek порталында жұмыскерлер өзекті емес мәліметтерді өз бетінше түзету үшін сұраным жібере алады. Жұмыс берушімен байланысу мүмкіндігі болмаса, түзету сұранымын жеке кабинет арқылы тікелей жолдауға болады.

Толығырақ

***
 
С марта 2026 года вступают в силу изменения в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях, направленные на повышение прозрачности и дисциплины учета трудовых договоров.
В связи с этим на портале HR Enbek работники могут самостоятельно инициировать исправление неактуальных сведений о трудовых отношениях. Если нет возможности связаться с работодателем, запрос на корректировку направляется напрямую через личный кабинет.

Подробнее
👍4❤1👏1
▫️Әлеуметтік желілер мен бейнехостингтерде таралып жатқан зейнетақы төлемдерінен 20% ұстап қалу енгізілді деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Толығырақ

***

Распространяемая в социальных сетях и на видеохостингах информация о введении 20-процентного удержания из пенсионных выплат не соответствует действительности.

Подробнее
❤3👍2
▫️ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Қатысушылар жаңа Конституция нормаларын іске асыру үшін заңнамалық түзетулер пакетін дайындауды, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек саласын жаңа технологиялық шешімдерге көшіру мәселелерін талқылады.

Толығырақ


***

В Министерстве труда и социальной защиты населения РК под председательством Аскарбека Ертаева состоялось аппаратное совещание. Участники обсудили подготовку пакета законодательных поправок для реализации норм новой Конституции, а также переход социально-трудовой сферы на новые технологические решения.

Подробнее
👍4
▫️ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Асқарбек Ертаевтың Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматовпен кездесуі өтті. Тараптар қол қойылған Ниет туралы мәлімдеме және Қазақстанға 2026–2030 жылдарға арналған Елдік бағдарлама шеңберіндегі әріптестіктің негізгі бағыттарын талқылады.

Толығырақ

***

В Министерстве труда и социальной защиты населения РК состоялась встреча Аскарбека Ертаева с Заместителем Постоянного Представителя Программы развития ООН в Казахстане Сухробом Ходжиматовым. Стороны обсудили ключевые векторы партнерства в рамках подписанного Заявления о намерениях и Страновой программы для Казахстана на 2026–2030 гг.

Подробнее
👍2
▫️Қазақстанда мамандарға өздерінің кәсіби білімдері мен дағдыларын ресми тануға мүмкіндік беретін Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жалғасуда. Бұл процедура ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келісім бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аккредиттеген мамандандырылған орталықтар базасында жүргізіледі. Бүгінгі таңда елімізде ең сұранысқа ие салаларда, соның ішінде IT-технологиялар, туризм, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп бағыттары бойынша 85 түрлі кәсіпті қамтитын осындай 16 орталық жұмыс істейді.

Толығырақ

***

В Казахстане продолжается развитие Национальной системы квалификаций, которая позволяет специалистам получить официальное признание своих профессиональных знаний и навыков. Данная процедура проводится на базе специализированных центров, аккредитованных Национальной палатой предпринимателей «Атамекен» по согласованию с Министерством труда и социальной защиты населения РК. На сегодняшний день в стране уже действуют 16 таких центров, охватывающих 85 различных профессий в самых востребованных отраслях, включая ИТ-технологии, туризм, сельское хозяйство и промышленность.

Подробнее
👍2❤1👏1
▫️Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Базарбайұлы Жазықпаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Толығырақ

***

Постановлением Правительства Республики Казахстан Жазыкпаев Бахтияр Базарбаевич назначен на должность вице-министра труда и социальной защиты населения.

Подробнее
👍6❤2👏2
▫️ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Азаматтарды қабылдау орталығында еліміздің әр өңірінен келген алты қазақстандықтың өтініштерін қарады.

Толығырақ

***

Министр труда и социальной защиты населения РК Аскарбек Ертаев провел прием граждан в Центре приема граждан, где рассмотрел обращения шести казахстанцев из разных регионов страны.

Подробнее
👍3❤2👏1
▫️ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Асқарбек Ертаевтың Қырғыз Республикасының Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрі Қанат Сағынбаевпен екіжақты кездесуі өтті. Келіссөздердің негізгі тақырыбы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы практикалық тәжірибе алмасу болды.

Толығырақ

***

В Министерстве труда и социальной защиты населения РК состоялась двусторонняя встреча Аскарбека Ертаева с Министром труда, социального обеспечения и миграции Кыргызской Республики Канатом Сагынбаевым. Ключевой темой переговоров стал практический обмен опытом в области цифровизации государственных услуг и обеспечения социальных прав граждан.

Подробнее
👍3❤2
▫️ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бахтияр Жазықпаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында әлеуметтік-еңбек саласының жүйелі трансформациясы туралы айтып берді.

Толығырақ

***

Вице-министр труда и социальной защиты населения РК Бахтияр Жазыкпаев на брифинге в Службе центральных коммуникаций при Президенте РК рассказал о системной трансформации социально-трудовой сферы в рамках объявленного Года цифровизации и искусственного интеллекта.

Подробнее
👍4❤1