Еңбек министрлігі 🇰🇿 Министерство труда
3.42K subscribers
4.23K photos
926 videos
5 files
3.4K links
🇰🇿 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми арнасы

🔹️ 🔸️ 🔹️

🇰🇿 Официальный канал Министерства труда и социальной защиты РК

📩 kense@enbek.gov.kz
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 МАНСАП ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ІЗДЕГЕН АЗАМАТТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

Жұмыс табу кейде оңай бола бермейді. Біреуге мамандығына сай жұмыс керек болса, енді біріне жаңа кәсіп үйреніп, қайта даярлықтан өту қажет. Осындай кезде азаматтар тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына жүгініп, жұмысқа орналасуға және басқа да мемлекеттік қолдау шараларын алуға болады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың жұмыспен қамтылуына көмектесетін бірқатар шараны жүзеге асырып келеді. Бұл мүмкіндіктер тек жастарға емес, жұмыс іздеп жүрген барлық азаматтарға арналған.

Мансап орталығына келген азамат алдымен өзі туралы қажетті мәліметтерді толтырады. Одан кейін мамандар оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне және қандай жұмыс іздеп жүргеніне қарай тиісті ұсыныстар береді. Қажет болған жағдайда кәсіптік оқуға немесе басқа да жұмыспен қамту шараларына жолдама беріледі.

Тараз қаласы бойынша Мансап орталығының филиал басшысы Сабит Мусреповтың айтуынша, азаматтың жағдайы жеке қаралып, оған қажетті көмек ұсынылады.

«Тараз қаласының жұмыссыз азаматы Мансап орталығына келіп, сауалнаманы толтырады. Одан кейін оның жағдайына қарай тиісті қолдау көрсетіледі. Қажет болса, кәсіби оқуға шақырамыз», – деді орталық басшысы.


Мансап орталығының көмегін жастар да пайдаланып келеді. Солардың бірі – Шапағат Дүйсебаева. Ол «Жастар практикасы» арқылы жұмысқа орналасып, алғашқы еңбек тәжірибесін жинауға мүмкіндік алған.

«Жастар практикасы бағдарламасымен жұмысқа орналастым. Алғашында көп құжат жинап, уақытым кететін шығар деп ойладым. Бірақ Мансап орталығының көмегімен еш қиындықсыз жұмысқа орналастым. Жастарға осындай мүмкіндік жасап отырған мемлекетке және орталық мамандарына алғысымды білдіремін», – деді ол.


Бүгінде жұмыс іздеп жүрген азаматтарға ұзақ уақыт бойы өз бетімен ізденіп, бірнеше мекемеге барудың қажеті жоқ. Тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына жүгініп, қолайлы жұмыс орындары мен қолдау шаралары туралы ақпарат ала алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың жұмысқа орналасуына, жаңа мамандық меңгеруіне және еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды игеруіне қолдау көрсетуді жалғастырады. Мақсат – жұмыс іздеген азаматқа қажетті көмекті дер кезінде көрсетіп, оның тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасау.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads
👍6❤3👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Жасанды интеллект қазақстандықтарға жұмыс табуға көмектеседі

Қазақстанда азаматтарды
жұмысқа орналастырудың жаңа цифрлық жүйесі енгізілуде. Жасанды интеллект адамның білімі, еңбек өтілі мен дағдыларын талдап, оған сәйкес келетін мамандықтар мен бос жұмыс орындарын ұсынады.

Жаңа жүйе азаматтардың жұмыс іздеу процесін жеңілдетіп, жұмыс беруші мен жұмыс іздеушіні тиімді байланыстыруға мүмкіндік береді.

▶️ Цифрлық қызмет қалай жұмыс істейді, азаматтарға қандай мүмкіндік береді және жұмыс іздеу процесі қалай өзгереді? Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жұмыспен қамту департаментінің директоры Мұхтар Төлеу 24kz телеарнасына айтып берді.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤4👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
СЕНІМ МЕН САНДЫРАҚТЫҢ ШЕКАРАСЫ

Интернетегі теріс идеологияның ықпалына түсіп, түзу жолдан адасқан тағдырлар аз емес. Олар өз жолын дұрыс деп санады, білгеннің тілін алмады. Ақыры қылмыс жасап, құрықталды. Бүгінде жасаған істері үшін өкінеді. Олардың өмір жолы – кейінгілерге сабақ.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads
❤1👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇷 Қазақстан Оңтүстік Кореяның EPS (Employment Permit System) жүйесіне қатысушы 18-ші ел болды. Бұл қазақстандықтарға Кореяда ресми әрі заңды түрде жұмыс істеуге жаңа мүмкіндік береді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Қазақстанның EPS жүйесіне қосылуы, қазақстандықтар үшін ашылатын жаңа жұмыс мүмкіндіктері және алдағы жоспарлар туралы айтып берді.

▶️ Осы және басқа да маңызды сұрақтарға Qazaqstan ұлттық телеарнасының бейнематериалынан көре аласыздар.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤2👏1
🇰🇿 ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ПЕН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ: ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ТҰРАҚТЫ ТАБЫСҚА ҚАЛАЙ ЖОЛ АШАДЫ?

Қазақстанда табысы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетумен қатар, олардың жұмыспен қамтылуына да қолдау беріледі. Мұндай тәсіл азаматтарға қиын кезеңде қаржылай көмек көрсетіп қана қоймай, өз табысын табуына мүмкіндік беруге бағытталған.

Әлеуметтік қолдаудың негізгі шараларының бірі – атаулы әлеуметтік көмек (АӘК). Ол табысы төмен отбасылар мен азаматтарға олардың материалдық жағдайын ескере отырып тағайындалады. Осы жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша елімізде 38,7 мың отбасы АӘК алып отыр.

Алайда әлеуметтік көмек тек ақшалай төлеммен шектелмейді. Егер отбасында еңбек етуге қабілетті азаматтар болса, олардың жұмысқа орналасуына және табысын арттыруына мүмкіндік беретін шаралар да ұсынылады.

Азаматтың жағдайына қарай оған тұрақты немесе уақытша жұмыс, кәсіптік оқыту және қайта даярлау, біліктілігін арттыру, қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу мүмкіндігі беріледі. Сондай-ақ жеке ісін ашқысы келетін азаматтарға кәсіпкерлік негіздерін үйрету қарастырылған.

Яғни әлеуметтік көмектің мақсаты – адамды ұзақ уақыт бойы жәрдемақы алушы ретінде қалдыру емес. Негізгі міндет – отбасының қиын кезеңнен шығуына көмектесіп, мүмкіндігінше өз бетінше тұрақты табыс табуына жағдай жасау.

🔗 Толығырақ

Instagram | Facebook | Aitu | Threads
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤3
🇰🇿 СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ И ЗАНЯТОСТЬ: КАК МЕРЫ ПОДДЕРЖКИ ПОМОГАЮТ ВЫЙТИ НА УСТОЙЧИВЫЙ ДОХОД?

В Казахстане социальная помощь малообеспеченным семьям сочетается с мерами содействия занятости. Такой подход позволяет не только поддержать человека в сложный период, но и помочь ему получить собственный источник дохода.

Одним из основных инструментов поддержки остается адресная социальная помощь. Она предоставляется семьям и гражданам с низкими доходами с учетом их материального положения. По состоянию на 1 августа 2026 года АСП получают 38,7 тыс. семей по стране.

При этом денежная выплата – только одна часть поддержки. Если в семье есть трудоспособные граждане, им предлагаются возможности для трудоустройства и повышения доходов.

В зависимости от ситуации это может быть постоянная или временная работа, профессиональное обучение и переобучение, повышение квалификации, участие в общественных и социальных рабочих местах, а также обучение основам предпринимательства для открытия собственного дела.

Таким образом, задача социальной помощи заключается не в том, чтобы на длительное время закрепить человека в статусе получателя выплат. Ее цель – помочь семье пройти сложный период и по возможности перейти к самостоятельному устойчивому доходу.

🔗 Подробнее

Instagram | Facebook | Aitu | Threads
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇷 Казахстанцам открывается новый официальный путь для трудоустройства в Южной Корее. Страна вошла в число участников системы EPS (Employment Permit System), которая позволяет иностранным гражданам работать в Корее на законных основаниях.

Как будет проходить отбор кандидатов, какие требования необходимо выполнить и что нужно знать тем, кто планирует работать в Южной Корее?

▶️ Подробнее – в видеоматериале 24KZ

Instagram | Facebook | Aitu | Threads
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Баланың дүниеге келуі – әр отбасы үшін маңызды оқиға. Осы кезеңде ата-аналардың мемлекет тарапынан қандай қолдау алуға болатынын білгені маңызды.

Бала туған кезде қандай мемлекеттік жәрдемақылар беріледі? Республикалық бюджеттен төленетін бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақыны кімдер ала алады? Төлем мөлшері неге байланысты және оны қалай рәсімдеуге болады?

▶️ Осы және басқа да сұрақтарға бейнероликте жауап береміз

Instagram | Facebook | Aitu | Threads
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Рождение ребенка – важное событие для каждой семьи. В этот период особенно важно знать, на какую поддержку со стороны государства могут рассчитывать родители.

Какие государственные пособия предусмотрены при рождении ребенка? Кто имеет право на ежемесячное пособие по уходу за ребенком до полутора лет, выплачиваемое из республиканского бюджета? От чего зависит размер выплат и как их оформить?

▶️ На эти и другие вопросы отвечаем в нашем видео

Instagram | Facebook | Aitu | Threads
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤2
🇰🇿 ӘЛЕУМЕТТІК ДИАЛОГ НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ: ҚАЗАҚСТАНДА ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТАР САНЫ АРТТЫ
 
Қазақстанда жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы өзара түсіністік пен келісімге негізделген еңбек қатынастары кеңейіп келеді. 2026 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша елімізде 19 683 ұжымдық шарт цифрландырылды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 11 мыңнан астам келісімге өскен.

Әлеуметтік әріптестікті дамыту – еңбек саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Тәжірибе көрсеткендей, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында тұрақты әрі ашық диалог орнаса, еңбек дауларының алдын алуға, жалақыға қатысты мәселелерді уақытында шешуге және жұмысшылар үшін тұрақты жағдай жасауға болады.

Ұжымдық шарттарды цифрлық форматқа көшіру тараптардың өз міндеттерін қалай орындап жатқанын бақылауды жеңілдетеді.

🔗 Толығырақ

Instagram | Facebook | Aitu | Threads
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤2
🇰🇿 СОЦИАЛЬНЫЙ ДИАЛОГ УКРЕПЛЯЕТСЯ: В КАЗАХСТАНЕ РАСТЕТ ЧИСЛО КОЛЛЕКТИВНЫХ ДОГОВОРОВ
 
Сегодня все больше предприятий делают ставку на партнерство между работодателем и работниками. По состоянию на 1 августа 2026 года в стране оцифровано 19 683 коллективных договора – более чем на 11 тыс. больше, чем за аналогичный период прошлого года.

Развитие социального партнерства остается одним из ключевых направлений государственной политики в сфере труда. Практика показывает, что именно открытый диалог между работодателями и трудовыми коллективами позволяет предупреждать большинство трудовых споров, своевременно решать вопросы оплаты труда и создавать стабильные условия работы.

Цифровизация коллективно-договорных отношений делает систему более прозрачной, позволяет оперативно контролировать исполнение обязательств сторон и значительно повышает эффективность государственного мониторинга.

🔗 Подробнее

Instagram | Facebook | Aitu | Threads
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 ТАРАЗДАҒЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АЗАМАТТАРДЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРГЕ БЕЙІМДЕЛУІНЕ КӨМЕКТЕСЕДІ

Бүгінде мүгедектігі бар адамдардың денсаулығын қалпына келтіруге, күнделікті өмірге бейімделуіне және өз мүмкіндігін барынша пайдалануға жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл ретте оңалту қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға басымдық беріліп отыр.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде қолдап келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде заманауи оңалту орталықтарын дамыту жұмыстары қолға алынған. Қазіргі таңда 6 оңалту орталығы пайдалануға берілді, тағы 4 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Ал 2 нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Жамбыл облыстық оңалту орталығы да осы бағыттағы маңызды нысандардың бірі. Мұнда 18 жастан асқан І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ жасы ұлғайғанына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын азаматтарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Орталық 150 адамға арналған. Мұнда қимыл-қозғалысы шектеулі, өздігінен жүріп-тұруы қиын адамдар да оңалтудан өтеді. Орталық мамандары үшін ем алушының жасаған әрбір кішкентай қадамының өзі маңызды нәтиже саналады.

«Бұл жерге әртүрлі қызмет алушылар келеді. Кейбір адамдар қолын мүлдем қозғалта алмайтын кездері болады. Кейбірі өздігінен орнынан тұра алмайды. Әр адамның жасай алмайтын әрекеті бар. Сондықтан қолын сәл көтерудің өзі немесе өздігінен қозғала бастауы – қызмет алушы үшін үлкен жетістік. Бізде жүру тренажері де бар. Бұған дейін мүлдем жүре алмаған адамдар осы құрылғының көмегімен алғашқы қадамдарын жасай бастайды. Оның өзі біз үшін де, ем алушының өзі үшін де үлкен қуаныш. Әр адамның кішкентай жетістігінің өзі – үлкен жеңіс», – деді Жамбыл облыстық оңалту орталығының маманы Нұркелді Серікбаев.


Орталықта қызмет алушыларға бірнеше бағыт бойынша көмек көрсетіледі. Мамандардың жұмысы адамның жағдайын жақсартуға ғана емес, оның күнделікті өмірде өздігінен әрекет ету мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

«Өте жақсы оңалту орталығы. Осында жұмыс істейтін мамандардың барлығы өз ісін жақсы біледі. Осы кабинеттің өзінде қаншама көмек алдық. Барлық қызметті тегін алып жатырмыз. Бізге көрсетіп отырған қолдау үшін алғысымыз шексіз», – деді орталықта ем алып жатқан Майрам Жұмалықызы.


Министрлік алдағы уақытта да мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін әлеуметтік және оңалту көмегін жетілдіру жұмыстарын жалғастырады.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤1
🇰🇿 РЕАБИЛИТАЦИОННЫЙ ЦЕНТР В ТАРАЗЕ ПОМОГАЕТ ГРАЖДАНАМ АДАПТИРОВАТЬСЯ К ПОВСЕДНЕВНОЙ ЖИЗНИ

Сегодня особое внимание уделяется созданию условий для восстановления здоровья людей с инвалидностью, их адаптации к повседневной жизни и максимально возможной реализации собственных возможностей. При этом приоритетом остается повышение качества и доступности реабилитационных услуг.

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан системно поддерживает работу в данном направлении. В соответствии с поручением Главы государства в стране ведется работа по развитию современных реабилитационных центров. На сегодня введены в эксплуатацию 6 реабилитационных центров, еще 4 объекта находятся на стадии строительства. По 2 объектам разрабатывается проектно-сметная документация.

Жамбылский областной реабилитационный центр является одним из важных объектов в этом направлении. Здесь специальные социальные услуги предоставляются людям с инвалидностью I и II групп старше 18 лет, а также гражданам, которые в силу преклонного возраста не могут самостоятельно себя обслуживать. Центр рассчитан на 150 человек. Реабилитацию здесь также проходят люди с ограниченными двигательными возможностями и трудностями при самостоятельном передвижении. Для специалистов центра каждый, даже самый небольшой, шаг получателя услуг считается важным результатом.

«К нам приходят разные получатели услуг. Бывает, что человек вообще не может двигать рукой. Некоторые не могут самостоятельно встать. У каждого есть действия, которые он не способен выполнять. Поэтому даже возможность немного поднять руку или начать самостоятельно двигаться становится для получателя услуг большим достижением. У нас также есть тренажер для ходьбы. Люди, которые раньше вообще не могли ходить, с его помощью начинают делать свои первые шаги. Это большая радость и для нас, и для самого получателя услуг. Маленькое достижение каждого человека – это большая победа», – рассказал специалист Жамбылского областного реабилитационного центра Нуркельды Серикбаев.


В центре получателям услуг оказывается помощь по нескольким направлениям. Работа специалистов направлена не только на улучшение физического состояния человека, но и на повышение его способности самостоятельно выполнять повседневные действия.

«Очень хороший реабилитационный центр. Все специалисты, которые здесь работают, хорошо знают свое дело. Только в этом кабинете мы получили очень много помощи. Все услуги получаем бесплатно. Мы безмерно благодарны за поддержку, которую нам оказывают», – поделилась получатель услуг центра Майрам Жумалыкызы.


Министерство и в дальнейшем продолжит работу по совершенствованию социальной и реабилитационной помощи, оказываемой людям с инвалидностью.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Арнайы әлеуметтік төлем – зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істейтін қызметкерлерге берілетін қосымша қолдау.

Бұл төлем кімдерге беріледі? Ол қандай төлемдерден тұрады? Қауіпсіз еңбек жағдайына ауысқан жағдайда төлемді алуға бола ма?

▶️ Осы және басқа да сұрақтарға жауапты бейнероликтен көре аласыздар.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Специальная социальная выплата - дополнительная поддержка работников, длительное время занятых во вредных условиях труда.

▶️ Кто имеет право на выплату, из чего она состоит и можно ли получать ее, продолжая работать на безопасном производстве - рассказываем в видео.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Мыңдаған елордалықты біріктірген орталық: аға буын өкілдеріне қандай қолдау көрсетіледі?

Астанада егде жастағы тұрғындар үшін денсаулықты нығайтып, белсенді өмір салтын ұстануға мүмкіндік беретін орталық жұмыс істейді. Оның филиалдары қаланың барлық алты ауданында орналасқан.

▶️ Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы елорда тұрғындарын қалай қолдап отырғаны туралы 24KZ бейнематериалынан көре аласыздар.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤4👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Центр, объединивший тысячи жителей столицы: какая поддержка оказывается представителям старшего поколения

В Астане работает центр для пожилых жителей, где созданы возможности для укрепления здоровья и ведения активного образа жизни. Его филиалы расположены во всех шести районах города.

▶️ О том, как «Центр активного долголетия» поддерживает жителей, смотрите в видеоматериале 24KZ

Instagram | Facebook | Aitu | Threads
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤3👏1
🇰🇿 «МАНСАП КОМПАСЫ» – МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КӨМЕКТЕСЕТІН ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМА
 
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамандық таңдауға бағыт-бағдар беретін «Мансап компасы» цифрлық платформасы арқылы кәсіби бағдар беру жұмыстарын жалғастырып келеді.

Платформа мектеп оқушылары мен ересектерге болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі. Сонымен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға және экономиканың қажеттілігіне сай кадр қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде платформа арқылы 166 мың адам кәсіби бағдарлау диагностикасынан өткен. Оның ішінде 136 мыңы – мектеп оқушылары, 30 мыңы – ересек азаматтар.
Тек 2026 жылдың өзінде еліміздің барлық өңірінен 7-11 сыныпта оқитын 27 мыңнан астам оқушы кәсіби бағдарлау тестінен өтті.

Платформаны Қызылорда және Маңғыстау облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары белсенді пайдаланып отыр. Жыл соңына дейін 100 мыңнан астам оқушыны кәсіби бағдарлау диагностикасымен қамту жоспарланған.

«Мансап компасында» қазіргі таңда экономикаға қажетті 730 мамандық туралы ақпарат жинақталған. Олар экономиканың 16 бағытына бөлінген.

Пайдаланушылар өзіне қызықты мамандық туралы толық ақпарат алып, оның қай салада қажет екенін, қай өңірде жұмыс табуға болатынын, жалақы деңгейін және басқа да маңызды мәліметтерді қарай алады. Сонымен қатар таңдаған мамандық бойынша білім алуға болатын оқу орындары мен білім беру бағдарламаларын табуға мүмкіндік бар.

🔗 Толығырақ

Instagram | Facebook | Aitu | Threads
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤1
🇰🇿 «МАНСАП КОМПАСЫ» КАК ОРИЕНТИР ДЛЯ ВЫБОРА ПРОФЕССИИ
 
Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан продолжает работу по профессиональной ориентации на базе цифровой платформы «Мансап компасы».

Платформа помогает школьникам и взрослым осознанно выбирать профессию и вносит вклад в формирование кадрового потенциала страны в соответствии с потребностями экономики.

На сегодняшний день профессиональную диагностику на платформе прошли 166 тыс. человек, из них 136 тыс. школьников и 30 тыс. представителей взрослого населения.

Только в 2026 году профориентационное тестирование прошли более 27 тыс. учащихся 7–11 классов из всех регионов страны. Наиболее активно платформой пользуются жители Кызылординской и Мангистауской областей, а также города Алматы. До конца года планируется охватить профориентационной диагностикой более 100 тыс. школьников.

Платформа содержит актуальную информацию о 730 востребованных профессиях, распределенных по 16 направлениям экономики. Пользователи могут получить сведения об образовательных программах, перспективах трудоустройства и подобрать профессию с учетом различных параметров – отрасли, региона, уровня заработной платы и других критериев.

🔗 Подробнее

Instagram | Facebook | Aitu | Threads
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕКЕ КӨМЕКШІ ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША 24 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТАПСЫРЫС ОРЫНДАЛДЫ
 
2026 жылдың басынан бері елімізде мүгедектігі бар азаматтарға жеке көмекші арқылы 24 мыңға жуық көмек көрсетілді.

Жеке көмекші қызметі мүгедектігі бар адамға күнделікті қажетті жерлеріне баруына, түрлі жұмыстарын атқаруына және өз бетінше жүріп-тұруына көмектесуге бағытталған.

Қызмет көрсету үшін үш тарап арасында келісімшарт жасалады. Оған мүгедектігі бар адам, жеке көмекші және жергілікті атқарушы орган қатысады. Келісімшартта қызметтің қалай көрсетілетіні, сондай-ақ әр тараптың құқықтарымен міндеттері жазылады.

Маман тек нақты көрсеткен қызметі үшін ақы алады. Бір қызметтің құны АЕК мөлшерінің 54,56%-ына тең. Бір реттегі қызмет көрсету уақыты 4 сағаттан аспауы керек. Бір ай ішінде 60 қызметкедейін көрсетуге болады.

🔗 Толығырақ
 
 Instagram | Facebook | Aitu | Threads
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤2