Еңбек министрлігі 🇰🇿 Министерство труда
3.41K subscribers
4.22K photos
923 videos
5 files
3.39K links
🇰🇿 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми арнасы

🔹️ 🔸️ 🔹️

🇰🇿 Официальный канал Министерства труда и социальной защиты РК

📩 kense@enbek.gov.kz
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Күндузой Джалғасбекова жолдасы және ұлымен бірге жаңа мүмкіндіктерге қадам басып, маңызды шешім қабылдады. Олар ерікті қоныс аудару бағдарламасы аясында туған өңірінен Павлодар облысының Ақсу қаласына көшіп барды.

Отбасына мемлекет тарапынан қарастырылған әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, қоныс аударуға субсидия, тұрғын үйді жалға алу ақысын өтеуге материалдық көмек және баспана сатып алуға арналған экономикалық ұтқырлық сертификаты берілді.

Ақсу қаласының Мансап орталығы Күндузойға жұмыс табуға да көмектесті. Бүгінде ол Ақсу қалалық орталық музейінде еңбек етіп жүр.

▶️ Күндузойдың жұмысқа орналасу жолы және оған көрсетілген қолдау туралы толығырақ видеодан көре аласыздар.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍4👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Қарағанды облысында бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік бейімдеу және қайта әлеуметтендіруге бағытталған пилоттық жоба іске қосылды. Ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылуда.

Жобаға қатысушылар жаңа мамандықтарды меңгеріп, бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірге бейімделуге көмектесетін қажетті дағдыларды игере алады.

▶️ Бұл бастаманың азаматтарға қандай мүмкіндіктер ұсынатынын Qazaqstan телеарнасының бейнесюжетінен көріңіздер.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤4👏1
🇰🇿 Қадірлі кеншілер және тау-кен саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Шахтерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Кенші мамандығы қашанда темірдей төзімділікті, үлкен жауапкершілікті, қайсарлық пен жанқиярлықты талап етеді. Жер қойнауындағы қазынаны ел игілігіне жарату жолында атқарып жүрген еңбектеріңіз зор құрметке лайық.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бүгінде еліміздің тау-кен өндірісі саласында 120 мыңнан астам адам еңбек етеді. Бұл – мыңдаған отбасының әл-ауқатына, еліміздің өндірісі мен экономикасының дамуына үлес қосып отырған үлкен еңбек ұжымы.

Көмір өндірісі – отандық өнеркәсіп пен энергетика саласының маңызды тіректерінің бірі. Осы саланың дамуына кеншілердің күнделікті еңбегі тікелей әсер етеді. Сіздер өз жұмыстарыңызбен өндірістің тұрақты жүруіне, елдің энергетикалық әлеуетінің нығаюына елеулі үлес қосып келесіздер.

Ел игілігі үшін маңдай терін төгіп жүрген азаматтардың еңбегін бағалау, құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Осы бағытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тау-кен саласында еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына ерекше мән береді. Кеншілердің денсаулығын қорғау, еңбек жағдайын жақсарту, санаторийлік-курорттық ем алуына жағдай жасау бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.

Жер астында еңбек ету оңай емес. Әр ауысымның артында үлкен жауапкершілік пен маңдай тер тұр. Сондықтан әр жұмысшының үйіне аман оралуы және еңбегінің бағалануы біз үшін маңызды.

Алдағы уақытта да кәсіби біліміңіз бен мол тәжірибеңізді ел игілігіне жұмсап, отандық экономиканың дамуына және еліміздің энергетикалық қуатын арттыруға өз үлестеріңізді қоса бересіздер деп сенемін.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге береке тілеймін!

Ізгі ниетпен,
ҚР Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі
Асқарбек Ертаев
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤3👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 ҚАЗАҚСТАНДА ӘЙЕЛ КУРЬЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Бұл бастама өмірлік қиын немесе дағдарысты жағдайға тап болған әйел курьерлерге атаулы көмек көрсетуге бағытталған.

Жобаның негізгі мақсаты – әр отбасының нақты жағдайын ескере отырып, қатысушыларға қажетті қолдау мен бейінді қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету.

▶️ Толығырақ Qazaqstan телеарнасының сюжетінен көріңіздер.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤1👏1
🇰🇿 ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДАРДЫ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРДІ

Жұмыс берушілер қызметкерді жұмысқа қабылдағанға дейін бос жұмыс орындарын Enbek.kz сайтына орналастыруға міндетті. Ал азаматтың жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде есепке алынады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілердің бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді жариялау тәртібін, сондай-ақ азаматтардың жұмысқа орналасуын есепке алу және оларды жұмыссыз ретінде есептен шығару тетігін түсіндіреді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жұмыс берушілер барлық бос жұмыс орындары туралы мәліметті олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Электрондық еңбек биржасы Enbek.kz сайтына орналастыруға міндетті. Бұл ретте бос жұмыс орны қызметкерді ресми түрде жұмысқа қабылдағанға дейін жариялануы керек.

Белгіленген тәртіптің сақталуы бос жұмыс орындары туралы ақпараттың өзекті болуын қамтамасыз етеді. Бірыңғай цифрлық платформа азаматтарға қолжетімді жұмыс орындары жөніндегі мәліметтерді ұсынады. 

Бос жұмыс орындарын белгіленген мерзімде жарияламағаны, сондай-ақ алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босатылатыны туралы мәліметті ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Заңбұзушылықтың сипаты мен қайталануына қарай ескерту жасалады, ал қайталанған жағдайда айыппұл салынады.

Министрлік жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтардың жұмысқа орналасуын есепке алу тәртібіне де ерекше назар аударады. Қазақстанда аталған үдеріс автоматтандырылған түрде мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара ықпалдастығы негізінде іске асырылады.

Жұмысқа орналасқан жағдайда, бес жұмыс күні ішінде мансап орталығына тиісті ақпарат беруге міндетті. Алайда азаматтың мансап орталығына хабарласпауы оның мәртебесін жаңартуға кедергі болмайды.

🔗 Толығырақ

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤2👏1
🇰🇿 МИНТРУД РАЗЪЯСНИЛ ПРАВИЛА ПУБЛИКАЦИИ ВАКАНСИЙ И АВТОМАТИЧЕСКОГО СНЯТИЯ ГРАЖДАН С УЧЕТА ПО БЕЗРАБОТИЦЕ

Работодатели обязаны размещать вакансии на Enbek.kz до приема сотрудника на работу, а сведения о трудоустройстве граждан автоматически учитываются через государственные информационные системы.

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан разъясняет порядок публикации работодателями сведений о свободных рабочих местах, а также механизм учета трудоустройства граждан и снятия их с учета в качестве безработных.

В соответствии с законодательством Республики Казахстан работодатели обязаны размещать сведения обо всех свободных рабочих местах на Электронной бирже труда Enbek.kz в течение пяти рабочих дней со дня их появления. При этом публикация вакансии должна осуществляться до официального приема работника на работу.

Соблюдение установленного порядка обеспечивает актуальность информации о вакансиях и позволяет гражданам получать доступ к сведениям о доступных рабочих местах через единую цифровую платформу.

За несоблюдение сроков размещения вакансий, а также за непредоставление сведений о предстоящем высвобождении работников предусмотрены меры административной ответственности. В зависимости от характера и повторности нарушения законодательством предусмотрены предупреждение, а при повторном нарушении – штрафные санкции.

Отдельное внимание Министерство обращает на порядок учета трудоустройства граждан, состоящих на учете по безработице. В Казахстане данный процесс автоматизирован и осуществляется посредством интеграции государственных информационных систем.

При трудоустройстве гражданин обязан самостоятельно уведомить карьерный центр о факте трудоустройства в течение пяти рабочих дней. Вместе с тем отсутствие такого обращения не препятствует актуализации его статуса.

🔗 Подробнее

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤2👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Қарыздан қаржылық тұрақтылыққа: берешекті реттеудің нақты жолдары

Бірнеше несие алып, төлемдерді уақытында төлей алмаған жағдайда қарыз мәселесі күрделене түсуі мүмкін. Әсіресе бірнеше несие бойынша берешек жиналып қалса, ай сайынғы төлемді өтеу қиынға соғады. Дегенмен қаржылық жағдай күрделеніп кеткен кезде де қарызды реттеуге және берешек көлемін азайтуға көмектесетін мүмкіндіктер бар.

▶️ Қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға мемлекет тарапынан қандай қолдау шаралары қарастырылғанын видеодан түсіндіреміз.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 От долгов к финансовой стабильности: реальные механизмы поддержки

Долговая нагрузка может стать серьезной проблемой, особенно если у человека несколько кредитов и просроченных обязательств. Однако даже в сложной финансовой ситуации существуют механизмы, которые помогают урегулировать задолженность и снизить долговую нагрузку.

▶️ Какие меры государственной поддержки доступны гражданам, столкнувшимся с финансовыми трудностями, – рассказываем в видео.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤3👏2
🇰🇿 ЦИФРЛЫҚ ОҢАЛТУ: ТЕХНОЛОГИЯ МАМАН МЕН ОТБАСЫҒА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕДІ?

Цифрлық технологиялар оңалту жүйесінің мүмкіндігін кеңейтіп келеді. Бүгінде оңалту көмегі орталықтағы немесе маман кабинетіндегі қызметпен ғана шектелмейді. Заманауи цифрлық құралдар оңалту бағдарламасын үйде жалғастыра отырып адамның жағдайындағы өзгерістерді қадағалауға, маман мен отбасы арасындағы тұрақты байланысты сақтауға жағдай жасайды. Осылайша оңалту бағытын дер кезінде анықтауға мүмкіндік туады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы осындай технологиялық шешімдерді оңалту саласына енгізіп келеді. Негізгі мақсат – маман жұмысын толықтырып, оңалту көмегін адам мен оның отбасына қолжетімді әрі жеке қажеттіліктерге бейім ету. 

Орталық 2024 жылдан бері «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен және Министрлікпен бірлесіп «QH. Мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту» жобасын іске асырып келеді. Қазір жоба Шымкент қаласы мен Қызылорда, Павлодар және Абай облыстарында жалғасып жатыр. Маңызды ерекшеліктерінің бірі – оңалту жұмысының үйде де жалғасуы. Мамандармен өткізілген сабақтан кейін бала өзіне жеке іріктелген жаттығуларды үйде орындайды. Ата-аналар берілген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалғанын цифрлық оңалту күнделігіне белгілейді. Ал мамандар баланың жағдайындағы өзгерістерді қадағалап, қажет болса, оңалту бағдарламасын түзете алады. Осының арқасында маман мен отбасының байланысы кезекті қабылдаумен шектелмей, оңалту жұмысы үздіксіз жалғасады.

🔗 Толығырақ

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤3
🇰🇿 ЦИФРОВАЯ РЕАБИЛИТАЦИЯ: КАК ТЕХНОЛОГИИ ПОМОГАЮТ СПЕЦИАЛИСТУ И СЕМЬЕ?

Цифровые технологии расширяют возможности системы реабилитации. Сегодня реабилитационная помощь уже не ограничивается услугами, оказываемыми в центре или кабинете специалиста. Современные цифровые инструменты позволяют продолжать реабилитационную программу дома, отслеживать изменения в состоянии человека, поддерживать постоянную связь между специалистом и семьёй и при необходимости своевременно корректировать направление реабилитации.

Национальный научный центр развития сферы социальной защиты Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан внедряет такие технологические решения в практику реабилитации. Основная задача заключается в том, чтобы использовать технологии как инструмент, дополняющий профессиональную работу специалиста и делающий реабилитационную помощь более доступной, системной и адаптированной к индивидуальным потребностям человека и его семьи.

С 2024 года Центр совместно с общественным фондом «Қазақстан халқына» и Министерством реализует проект «QH. Реабилитация детей с инвалидностью в домашних условиях». В настоящее время проект продолжается в городе Шымкенте, Кызылординской, Павлодарской областях и области Абай. Одна из его важных особенностей заключается в том, что реабилитационная работа продолжается и дома. После занятий со специалистами ребёнок выполняет индивидуально подобранные упражнения в домашних условиях. Родители отмечают выполнение рекомендаций и заданий в цифровом дневнике реабилитации, а специалисты отслеживают изменения в состоянии ребёнка и при необходимости корректируют реабилитационную программу. Благодаря этому взаимодействие специалиста и семьи не ограничивается очередным приёмом, а реабилитационный процесс сохраняет непрерывность.

🔗 Подробнее

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 2027 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтары бойынша біржолғы өтемақы төлеу тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарының инфляция деңгейін ескере отырып сақталуына мемлекет толық кепілдік береді.

Төлем тәртібінің өзгеруі зейнетақы жүйесінің дамуымен байланысты. Азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке компаниялардың сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігі берілді.

▶️ Бұл видеода өтемақы төлеу тәртібінің қалай өзгеретіні және 2027 жылдан бастап қазақстандықтардың зейнетақы активтерінің қалай қорғалатыны туралы толық түсіндіреміз.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 С 2027 года в Казахстане меняется порядок предоставления единовременной компенсационной выплаты по пенсионным накоплениям. При этом государственная гарантия сохранности обязательных пенсионных взносов с учетом уровня инфляции сохраняется в полном объеме.

Изменение порядка выплат обусловлено развитием пенсионной системы: граждане получили право передавать до 100% своих накоплений в доверительное управление частным компаниям.

▶️ В этом видео мы подробно разъясняем, как обновляется порядок компенсационных выплат и как с 2027 года обеспечивается защита пенсионных активов казахстанцев.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруда қандай өзгеріс бар?

2026 жылдың сәуір айынан бастап субсидияланатын жұмыс орындарын бөлудің жаңа, сараланған тәртібі енгізілді. Жұмыс берушілерге қойылатын талаптар әр ұйымның жағдайына қарай сараланады. Бұл ретте штаттағы тұрақты қызметкерлер саны мен субсидияланған жұмыс орнында еңбек еткен азаматты кейін тұрақты жұмысқа қабылдау мүмкіндігі де ескеріледі.

▶️ Қоғамдық жұмыстарға қанша жұмыс орнын құруға болады және қандай жағдайда олардың саны 50%-ға артады? Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібінде тағы қандай өзгерістер бар, толығырақ видеодан біле аласыздар.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤5👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Что изменилось в организации субсидируемых рабочих мест?

С апреля 2026 года введен новый, дифференцированный подход к распределению субсидируемых рабочих мест. Теперь требования к работодателям определяются с учетом типа организации, наличия постоянных работников в штате и возможности принять человека на постоянную работу после завершения его участия в субсидируемом рабочем месте.

▶️ Сколько рабочих мест могут создавать НПО, в каких случаях их количество может быть увеличено на 50% и какие еще изменения действуют при организации субсидируемых рабочих мест – подробнее рассказываем в видео.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10👏3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔔 Қымбатты оқушылар, құрметті ұстаздар мен ата-аналар!

Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен бірге келетін айтулы мереке - Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Білім - адамға бағыт-бағдар беріп, оның мүмкіндігін кеңейтетін, елдің ертеңін айқындайтын ең маңызды құндылықтардың бірі. Ұлы ақын Абай атамыз: «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез», - деп білім мен талапты ұштастыра отырып, ізденіс пен еңбектің адам өміріндегі маңызын терең танытқан.

Бүгін - әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін ерекше күн. Қолдарына алғаш рет қалам ұстап, білім әлеміне қадам басқан бүлдіршіндердің қуанышын ата-аналары мен жақындары да бірге бөлісуде. Баланың мектепке алғаш келуі - оның өміріндегі жаңа кезеңнің бастауы ғана емес, әр отбасы үшін жүрекке жылы, есте қаларлық сәт.

Қымбатты оқушылар Алдарыңызда біліммен қатар, жаңа мүмкіндіктер мен үлкен мақсаттарға толы кең жол тұр. Мектеп - тек білім алатын орын ғана емес, адамның тұлға болып қалыптасатын, арманын айқындап, өз болашағына жауапкершілікпен қарауды үйренетін маңызды орта.

Әр сабақты жаңа мүмкіндіктің бастауы деп қабылдаңыздар. Көп оқыңыздар, ізденіңіздер, сұрақ қоюдан және қателесуден қорықпаңыздар. Өйткені үлкен жетістікке апарар жол табандылықтан, еңбектен және үздіксіз ізденістен басталады. Армандарыңыз биік, мақсаттарыңыз айқын болсын.

Қадірлі ұстаздар! Сіздердің еңбектеріңіз - ұрпақ тәрбиесі мен ел болашағына қосылған баға жетпес үлес. Ұстаздың шәкіртіне берген білімі мен тәрбиесі оның бүкіл өмір жолына ықпал етеді. Сондықтан жас ұрпаққа сапалы білім беріп, олардың бойына адамгершілік, жауапкершілік пен еңбекқорлық қасиеттерін сіңіріп жүрген барша ұстаздарға шынайы ризашылығымды білдіремін.

Құрметті ата-аналар! Балаға білім беруде мектеп пен отбасының өзара түсіністігі мен қолдауының маңызы зор. Перзенттеріңіздің әр жетістігіне қуанып, әр қадамына демеу болып, олардың арманына сеніммен қараңыздар. Балаға берілетін ең үлкен тәрбие – оның бойына білімге деген құштарлық пен еңбекке деген құрметті қалыптастыру.

Жаңа оқу жылы баршаңызға жаңа мүмкіндіктер, толағай табыстар мен жарқын жетістіктер әкелсін! Оқушылардың білімге деген қызығушылығы артып, ұстаздардың еңбегі жемісті, ата-аналардың қуанышы еселене берсін. Әр мектепте ізденіс пен жаңашылдық, әр отбасында береке мен шаттық болсын.

Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы сәтті басталып, баршаңызға үлкен жетістіктер әкелсін!

Ізгі ниетпен,
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤4
🇰🇿 СҚО-ДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ КҮНДЕЛІК СЫНАҚТАН ӨТЕДІ

Солтүстік Қазақстан облысында үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алатын мүгедектігі бар балаларды сүйемелдеудің жаңа тәсілін сынақтан өткізу жоспарланып отыр. Жоба барысында әр саланың мамандары тартылып, FSM Social цифрлық платформасы пайдаланылады.

Жобаны Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы жүзеге асырады. Сынақ аясында 180 баланы қамту көзделген. Оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған 20 бала және психоневрологиялық бұзылыстары бар 160 бала бар.

Басты мақсат әр балаға өзіне қажет көмекті уақытында көрсету. Сол үшін мамандар баланың жағдайын жеке бағалап, қолдау түрін соған қарай анықтайды. Жобаға 7 дәрігер, 9 логопед және 8 психолог қатысып отыр. Мамандар үйге барып жұмыс істейді, ал қажет жағдайда онлайн кеңес өткізіп, ата-аналарға баланың дамуы мен оңалуына көмектесетін кеңестер береді.

Баламен жүргізілетін жұмыстың барлық кезеңін бір жүйеге біріктіру үшін FSM Social цифрлық платформасы қолданылады. Оны оңалтудың цифрлық күнделігі деуге болады. Платформада мамандардың ұсынымдары жазылып, берілген тапсырмалардың орындалуы белгіленеді. Бұл балаға көрсетілетін көмекті жүйелі түрде жалғастыруға және мамандардың кездесулер арасындағы жұмысты бақылауына мүмкіндік береді.

🔗 Толығырақ

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤3
🇰🇿 В СКО АПРОБИРУЮТ ЦИФРОВОЙ ДНЕВНИК РЕАБИЛИТАЦИИ ДЛЯ СОПРОВОЖДЕНИЯ ДЕТЕЙ С ИНВАЛИДНОСТЬЮ

В Северо-Казахстанской области планируется апробация модели сопровождения детей с инвалидностью, получающих специальные социальные услуги на дому, с привлечением междисциплинарной команды специалистов и использованием цифровой платформы FSM Social.

Проект Национального научного центра развития сферы социальной защиты предусматривает охват 180 детей, в том числе 20 детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата и 160 детей с психоневрологическими нарушениями.

Особенность подхода заключается в том, что сопровождение будет выстраиваться с учетом индивидуальных потребностей каждого ребенка. К работе планируется привлечь 7 врачей физической медицины и реабилитации, 9 логопедов и 8 психологов. Специалисты смогут дополнять очную работу в рамках надомного обслуживания дистанционными консультациями и рекомендациями.

Для объединения всех этапов сопровождения будет использоваться цифровая платформа FSM Social. Она станет своего рода цифровым дневником реабилитации, позволяющим фиксировать рекомендации специалистов, отслеживать выполнение назначенных мероприятий и обеспечивать преемственность работы с ребенком в период между очными консультациями.

🔗 Подробнее

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ: КӨМЕК ШЫН МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА БАҒЫТТАЛАДЫ

Әлеуметтік қолдау әр азаматқа дер кезінде жетіп, нақты қажеттілігіне сай көрсетілуі керек. Өмірлік қиын жағдайға тап болған әрбір отбасы мемлекет көмегін сезініп, ертеңгі күнге сеніммен қарауы тиіс.

Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау жүйесін ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Оның негізінде әділдік, объективтілік және ашықтық қағидаттары жатыр.

Маңызды өзгерістердің бірі – мемлекеттік ақпараттық жүйелердің деректеріне негізделген мұқтаждықты бағалаудың цифрлық тетігін енгізу. Бұл тәсіл әлеуметтік қолдауға мұқтаждықты айқындау рәсімдерін жеңілдетіп, шешім қабылдау барысында адами фактордың ықпалын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Отбасының әл-ауқат деңгейін бағалау кезінде бір ғана көрсеткіш емес, әлеуметтік-экономикалық факторлардың жиынтығы ескеріледі. Атап айтқанда, отбасының табысы, материалдық жағдайы, жұмыспен қамтылуы және тұрғын үй жағдайы назарға алынады.

Бұл отбасының нақты мұқтаждық деңгейін неғұрлым объективті айқындап, мемлекеттік қолдауды оған шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағыттауға мүмкіндік береді. Жаңа жүйе әлеуметтік көмек көрсету тетігін неғұрлым әділ, ашық, түсінікті және атаулы етуге, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бағытталған.

▶️ Мұқтаждықты бағалаудың жаңа тетігі қалай жұмыс істейді және оның қазақстандық отбасылар үшін маңызы қандай? Бұл туралы толығырақ бейнематериалдан көріңіздер.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤2👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОМОЩЬ – ТЕМ, КОМУ ОНА ДЕЙСТВИТЕЛЬНО НЕОБХОДИМА

Социальная поддержка должна быть не формальной, а своевременной, адресной и эффективной. Каждая семья, оказавшаяся в трудной жизненной ситуации, должна получать реальную поддержку государства и иметь уверенность в завтрашнем дне.

В Казахстане продолжается масштабная модернизация системы социальной защиты населения. В её основе – принципы справедливости, объективности и прозрачности.

Одним из ключевых изменений становится внедрение цифрового механизма оценки нуждаемости, основанного на данных государственных информационных систем. Такой подход позволяет сократить бюрократические процедуры и минимизировать влияние человеческого фактора при определении права на государственную поддержку.

При оценке уровня благополучия семьи учитывается не один отдельный показатель, а совокупность социально-экономических факторов: доходы, материальное положение, занятость и жилищные условия.

Это позволяет более объективно определять степень нуждаемости семьи и направлять государственную поддержку тем гражданам, которые действительно в ней нуждаются. Новая система призвана сделать механизм предоставления социальной помощи более справедливым, прозрачным, понятным и адресным, а использование бюджетных средств - более эффективным.

▶️ Подробнее о том, как работает новый механизм оценки нуждаемости и что он означает для казахстанских семей, смотрите в нашем видеоролике.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤3👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Металлургияға 40 жылын арнаған маман: Ерлан Сыздықовтың өнегелі жолы

Ерлан Сыздықов металлургия саласына 40 жылға жуық ғұмырын арнады. Ол кәсіби жолын 1985 жылы электр дәнекерлеуші болып бастап, бүгінде Балқаш мыс балқыту зауытының мыс балқыту цехындағы газ жолын пайдалану учаскесін басқарып келеді.

Осы уақыт ішінде Ерлан Сыздықов өндірістің қыр-сырын меңгеріп, білікті маман ретінде қалыптасты. Жылдар бойы жинаған білімін кейінгі буынмен бөлісіп, жастарға бағыт-бағдар беріп келеді. Ол жас қызметкерлердің кәсіби тұрғыдан қалыптасуына, өз міндетіне жауапкершілікпен қарауына және еңбекті бағалай білуіне ерекше мән береді.

Көп жылғы табанды қызметі үшін Ерлан Сыздықов III дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталған.

▶️ Өз ісіне деген көзқарасы, өндірісте жинаған білімі, жастарға тәлімгерлік етуі және кейінгі буынға берер ақыл-кеңесі туралы Ерлан Сыздықов бейнероликте айтып берді.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤3👏2