БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ
4.92K subscribers
2.01K photos
64 videos
7 files
1.23K links
"БЖЗҚ" АҚ-ның ресми телеграм-арнасы | Официальный телеграм-канал АО "ЕНПФ"
Download Telegram
Қарағанды облыстық филиалының жаңа мекенжайы

2026 жылғы 5 қазаннан бастап БЖЗҚ Қарағанды облыстық филиалы жаңа мекенжайда жұмыс істейді:
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Московская көшесі, 4/1 құрылыс.
Келушілерден филиалға баруды жоспарлау кезінде жаңа мекенжайды ескеруді сұраймыз.

Новый адрес Карагандинского областного филиала

С 5 октября 2026 года Карагандинский областной филиал БЖЗҚ будет находиться по новому адресу:
Карагандинская область, город Караганда, район имени Казыбек Би, улица Московская, строение 4/1.
Просим учитывать новый адрес при планировании визита в филиал.
Ерікті зейнетақы жарналары – зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы

Жинақтарыңыз туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен және БЖЗҚ/ЕНПФ мобильді қосышасынан  тексере аласыз.
Добровольные пенсионные взносы – эффективный способ пополнить пенсионный капитал.
Проверить свои накопления можно в личном кабинете на сайте enpf.kz и в мобильном приложении БЖЗҚ/ЕНПФ.
БЖЗҚ сайтында қолжетімді зейнетақы калькуляторы болашақтағы зейнетақы төлемдерінің мөлшерін болжамды есептеуге мүмкіндік беретін ыңғайлы онлайн-құрал.

Неліктен бұл маңызды?
Болашақ зейнетақы көлемі еңбек өтіліне, табыс деңгейіне және жарналардың тұрақты аударылуына тікелей байланысты. Сондықтан уақытылы тексеріп, қаржылық болашағыңызды жоспарлаған жөн.
Есептеу үшін қажет деректер:
✔️туған күні
✔️еңбек өтілі
✔️жалақы мөлшері
✔️жинақ көлемі және жарналардың жүйелілігі
Жеке кабинетке кірген кезде деректердің бір бөлігі автоматты түрде толтырылады.
Кеңес:
Есептеу кезінде ерікті зейнетақы жарналарын қосып көріңіз, калькулятор болашақ төлемнің қалай өсетінін бірден көрсетеді.

На сайте ЕНПФ доступен пенсионный калькулятор - удобный онлайн-сервис, который помогает заранее оценить размер будущих выплат и спланировать финансовое будущее.

Зачем он нужен?
Размер будущей пенсии напрямую зависит от стажа, зарплаты и регулярности взносов. Поэтому важно периодически делать прогноз.
Какие данные нужно ввести:
✔️дату рождения
✔️стаж
✔️размер заработной платы
✔️текущие накопления и периодичность взносов
Если вы авторизованы в личном кабинете ЕНПФ, часть полей заполняется автоматически.
Лайфхак:
Добавьте в расчёте добровольные взносы. Калькулятор сразу покажет, насколько может вырасти будущая пенсия.
400 мыңнан аса жас қазақстандық Ұлттық қор қаржысын пайдаланды

2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қазанға дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалану бойынша жалпы сомасы шамамен 88,86 млн АҚШ долларына 407 145 алушыға төлем жасалды. Оның ішінде 267 986 алушыға жалпы сомасы 58,29 млн АҚШ доллары тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, ал 139 159 алушыға 30,57 млн АҚШ доллары білім алуға ақы төлеу үшін аударылды.

2026 жылдың басынан бастап 1 қазандағы жағдай бойынша НЖ төлемдерін жалпы сомасы 57,59 млн АҚШ долларына 211 748 қазақстандық алды. Бұл ретте 145 981 алушыға тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 38,86 млн АҚШ долларынан астам, ал 65 767 алушыға білім беру ақысын төлеуге 18,73 млн АҚШ доллары аударылды.

Қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды. Еске салайық, НЖ алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) 10 жыл бойы сақталады. Одан кейін пайдаланылмаған қалдық алушының ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылады.
Более 400 тысяч юных казахстанцев воспользовались средствами Национального фонда

Выплаты целевых накоплений (ЦН) в рамках программы «Национальный фонд – детям» в период с 1 февраля 2024 года по 1 октября 2026 года получили 407 145 казахстанцев на общую сумму более 88,86 млн долларов США. Из них 267 986 получателям перечислено 58,29 млн долларов США на улучшение жилищных условий, а 139 159 получателям – 30,57 млн долларов США на оплату образования.

Выплаты ЦН с начала 2026 года по состоянию на 1 октября получили 211 748 казахстанцев на общую сумму 57,59 млн долларов США. При этом 145 981 получателю в целях улучшения жилищных условий перечислено более 38,86 млн долларов США, а 65 767 получателям на оплату образования – 18,73 млн долларов США.

Средства перечислены уполномоченным операторам для последующего зачисления на банковские счета заявителей. Напомним, получатель ЦН может использовать как всю доступную сумму, так и ее часть. Неиспользованные средства продолжают храниться на целевом накопительном счете (ЦНС) в течение 10 лет. По истечении этого срока оставшаяся сумма переводится на индивидуальный пенсионный счет получателя для учета добровольных пенсионных взносов.
БЖЗҚ байланыс орталығының жұмыс тәртібі
Жұмыс күндері: сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін
Сенбі және жексенбі – демалыс күндері

Режим работы call-центра ЕНПФ
Будни: с 9:00 до 18:00 часов
Суббота и воскресенье – выходные дни
Қазақстан мен Өзбекстан зейнетақы саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
«Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) мен Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы бюджеттен тыс Зейнетақы қоры зейнетақымен қамсыздандыру және жинақтаушы зейнетақы жүйелері саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумның басты мақсаты – екі елдің зейнетақы қорлары арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды нығайту, зейнетақы жүйелерін дамыту, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша озық тәжірибемен алмасу.

Ынтымақтастық Қазақстан мен Өзбекстан үшін қызығушылық тудыратын мәселелердің кең ауқымын қамтиды.
Негізгі бағыттардың бірі автоматтандыру, зейнетақы тағайындау, ақпараттық жүйелерді жетілдіру және сервис пен қызметтерді дамыту міндеттері аясында зейнетақы қызметтерін цифрлық трансформациялау саласындағы үздік тәжірибелермен өзара алмасу болмақ.

Казахстан и Узбекистан развивают сотрудничество в пенсионной сфере
АО «Единый накопительный пенсионный фонд» (ЕНПФ) и внебюджетный Пенсионный фонд при Министерстве экономики и финансов Республики Узбекистан подписали Меморандум о сотрудничестве в области пенсионного обеспечения и накопительных пенсионных систем.

Главная цель заключения Меморандума - укрепление профессионального взаимодействия между пенсионными фондами двух стран, обмен современным опытом по развитию пенсионных систем, повышению качества и доступности услуг для населения.

Сотрудничество охватывает широкий круг вопросов, представляющих интерес для Казахстана и Узбекистана.
Одним из ключевых направлений станет взаимный обмен лучшими практиками в области цифровой трансформации пенсионных услуг в рамках задач по автоматизации, назначения пенсий, совершенствования информационных систем и развития сервисов.

Зейнетақы жинақтары: инвестициялау мүмкіндіктері туралы көбірек біліңіз

Зейнетақы жинақтары – бұл тек міндетті жарналар есебінен қалыптасатын қаражат қана емес, сонымен қатар инвестициялық табыс алу мүмкіндігі.

Салымшыларға зейнетақы активтерін басқару мәселелерін түсінуді жеңілдету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz ақпараттық порталын іске қосты.

Порталда инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ), олардың инвестициялық стратегиялары мен ұсынатын портфельдері туралы ақпарат жинақталған. Пайдаланушылар сенімгерлік басқару шарттарымен танысып, компаниялардың ұсыныстарын салыстыра алады және инвестициялау бағыттарының ерекшеліктерін зерделей алады.

Бүгінде порталда алты басқарушы компания туралы ақпарат ұсынылған. Олардың әрқайсысы зейнетақы активтерін басқарудың өзіндік тәсілі мен инвестициялық стратегияларын ұсынады.

Ұсыныстармен танысып, толық ақпаратты invest.enpf.kz порталынан алуға болады.
Пенсионные накопления: узнайте больше о возможностях инвестирования

Пенсионные накопления – это не только средства, которые формируются за счёт обязательных взносов, но и возможность получать инвестиционный доход.

Чтобы вкладчикам было проще разобраться в вопросах управления пенсионными активами, ЕНПФ создал информационный портал invest.enpf.kz.

На одной площадке представлена информация об управляющих инвестиционным портфелем (УИП), их инвестиционных стратегиях и предлагаемых портфелях. Пользователи могут ознакомиться с условиями доверительного управления, сравнить предложения компаний и изучить особенности каждого направления инвестирования.

Сегодня на портале представлена информация о шести управляющих компаниях. Каждая из них предлагает собственный подход к управлению пенсионными активами.

Изучить предложения и узнать подробности можно на портале invest.enpf.kz.