Forwarded from Gulsaya Yessenkulova
Күтіп жүрмін. Дизайнынан бөлек, сіздікі болған соң берері мол болатына сенемін.
❤13
“Кітап жазам, кітап шығарам” деп жүргеніме көп болды.
2018-жылдан бері біраз әрекет жасағам.
Былтыр жаздым. Қағазға қаламмен түсіріп алдым ішімдегінің бәрін. Компқа терілгесін тағы біраз тұрды.
Қазір саралап отырсам, ертерек шықпағаны жақсы болыпты. Қазіргі мазмұны піспес еді.

👍19❤2
Кітаптың жазылу стилі алдымен идея ғана болды. Анық картинасын өзім де көре алмадым.
Сондай идеямен жазылған кітап бар ма екен деп те іздедім. “Беседа с Богом” деген кітапты таптым. Сосын басталды.
Потокпен жазылды, өңдедім, қысқарттым, қайта қостым. Сюжет линияларын өріп отырдым. Үш линияны қатар алып жүруге тырыстым. Жазылуының өзі қызық болды. Бірнеше идеяны бір картинаға біріктірген суретші сезіндім өзімді)
Енді біраз жұмысы қалды. Сосын оқырманға жол тартады🥰
Әзірге, ең ұзақ дайындаған проектім осы кітап болып тұр.

❤🔥39❤9👍1
Құрметтілерім!
Ораза айт мерекесі құтты болсын! Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Өмірлеріңіз нұрға бөлене берсін!🫶🏻

❤51🔥2
Адамның дамуы (жан дүниесінің) қадам-қадаммен, этаптармен жүреді.
“Бәрін білем” деген максимализм де, сосын құлдырау да, бір арнаға түсу де, бір орында айналып тұра беру де, қым-қуыт қатынас та, бәрі болады.
Сіздің даму кезеңдеріңіз қалай жүрді? Қазір қай этаптасыз?👇🏻

❤22🙈1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Адамның жанының/психикасының өзгеру, даму процесі де осылай жүреді. Дәл уақытында ауыр, біткесін әдемі 🦋
❤32
Бүгін сіздермен маңызды тақырыпты талқыламақпын. Ол үшін сіздің сараптаған, түйген ойыңыз/жауабыңыз қажет.
Сөйлесуге дайынсыз ба? Жауап жазуға мүмкіндігіңіз бола ма? Белгі беріп кетіңізші

🔥24🥰2
Соңғы болған жайттарды бақылап жүріп, бірнеше ой түйдім:
• Қазақтілді аудиторияға психологиялық сауатты кеңінен ашу керек екен;
• Эмоциялық интеллект, психиканың күйі, өзін таңдау сияқты тақырыптарда көп жұмыс керек екен;
• Психологиялық жобалар, оның ішінде терапия аса қажет екен.
Бұл түйгенім ғана. Еліміздегі орыстілді аудитория бір қадам болса да, ілгері екенін байқадым (төмендету емес). Оның себебі қазақша контенттің, өнімнің, қызметтің аздығы да болуы мүмкін.
Біраз жоспар құрып, жобалар жасауды ойластырудамын. Алдымен, сіздермен ақылдасып алайын.
Сізге сауалым мынадай:
1. Терапия дегенді қалай түсінесіз? Өзіңізге керек/керек емесін білесіз бе? Жәй ермек сияқты көрінуі де мүмкін ғой. Бәлкім, сиқырлы таяқша көрінер.
2. Өзіңізбен жұмыс істегіңіз келсе, қандай себеп ықпал етеді? Мысалы: ақша, қатынас, ішкі күй, өмірдің мәні, т.б.
Қазір “ақша” деген тақырыпты айқайлатып, көп нәрсе сатуға болады. “Ойбай, ақша табасың” десе, продажа болады. Бірақ адам жаны деген тек ақшаға байланбайды, шулы соттан байқадық.
Осы екі сауалға жауап жазсаңыз, ақылдасып алармыз👇🏻

🔥11❤6
Психологияның тармағы өте көп. Әрқайсысы әр сұранысқа бағытталады.
Мысалы: коучинг - психологияның тармағы, бірақ мәселеге тереңдемейді. Адамдағы мәселенің тамырына назар аудармастан, ары қарай шешіліп кету жолын іздейді.
Ерлі-зайыпты арасында дау-дамай жиі болады делік. Психотерапия оның қайдан бастау алғанын, себеп-салдарын, тамырын (травманы) іздейді. Ал коучтар мәселенің тамырына қарамай, шыққан даудың ары қарай жақсарғанын, енді қайталанбау жолын іздейді.
Екеуі де өте жақсы құрал. Бірақ адамның қазіргі мәселелері психотравма ықпалымен болса, ол жиі қайталана беруі мүмкін.
Мұны неге айтып жатырмын?👇🏻

🔥12👍2
Психологияға енді бет бұрғанда коучингті оқып, ақша тақырыбында коуч болып бастадым.
Психологияға ары қарай сүңгігім келіп, білім алдым. Сосын терапия арқылы мәселенің тамырын іздеуді меңгердім. Түрлі методика, түрлі құралды үйреніп жүрмін. Жалпы психологтар өмір бақи білім алады.
Мәселені дәл қазір шешу бір басқа да, тамырымен емдеу мүлде бөлек. Екеуінің процесі бөлек. Әркім даму этабында қайсысы керегін таңдайды.
Бірақ осы элементарный пункттерді ажырата алмайды адамдар. Қай құралды қайда қолдану керегін білмей жатады. Оған ешкім кінәлі емес, тек насихаттайтын ақпаратты көбейту керек.
Психология бойынша базалық, негізгі ақпараттарды тарататын мемлекеттік жобалар болса, қатты қуанар ем.

❤18
Қоғамда проблема көп. Қоғамда деп ауқымды алмай-ақ, әрқайсымыз жеке өмірімізге қарайықшы. Ақша жетпеу, апатия, шым-шытырық қатынас, сенімсіздік, үрей деп кете береді.
Оны шешу үшін көп әрекет жасаймыз. Шешіледі. Бірақ келесі жолы басқа проблема болып қайта шығады.
Бұл тұста тереңдегі себеп-салдарға үңілу көмектеседі.
Жалпы біз тарихи жайттардың ықпалынан өте көп травма алған ұлтпыз. Ол ұрпақтан-ұрпаққа тамыр жайып келеді. Бізге көөөп терапия алу керек, егер жақсы өмірді қаласақ.
Мемлекетке, өзгеге жалтақтамай, қолдан келгенше осы тақырыпты насихаттап бастасам деп ойладым. Жақында шығатын кітабым тамшыдай болса да, сеп болар. Тағы қандай жолы бар деп, сіздермен ақылдасып отырғаным ғой

❤18👍4
YouTube-ты ашып қарадым. Подкаст көбейді, қуантатын жайт. Қазақша контент көбейіп келеді.
Ал психологиялық жобаларды іздесем, өте аз. Жоқтың қасы. Бар. “Ислами психология” туралы өнім көп. Сосын эзотерикалық өнім көп. Эзотерика деп “былай жасасаң, ақша шақырасың, былай жасасаң, жолың ашылады” сияқты ақпараттарды айтам.
Ғылым, психология ғылымы туралы ақпаратты да көбейтіп бастау керек-ау. Тағы бір сұрақ туындайды. Ол халыққа керек пе?

👏29❤1
Ал енді кезек сіздердің пікірде. Ойымды, сұрағымды жаздым. Жауабыңыз шешім қабылдауыма көмектесер👇🏻
👍4❤2
Forwarded from Жанар Сұлтанхан ПРОФ ТАРГЕТОЛОГ/САТУ МАМАНЫ/МЕНТОР
Өте ауыр халде өтіп жатқан кезде аяқ асты кіріп қалдым сіздің каналға,Аллаһ өзі кіргізгердей. Иа иллюзиямен бастаған екенмін, чек көтереміз, бай боламын деп бастадым расында, бірақ 2 жыл болды әлі өзіммен жұмыс жасаудамын. жасым44 келген соң ба, әлде травмаларым өте көп болған соң ба, тым ұзаққа созылған сияқты. Бірақ мен басқа психологтармен жұмыс жасадым. Біраз өзгерістер болып жатыр. Әлһамдулилләһ
❤6
Адам өзімен жұмысқа кіріскенде ИЛЛЮЗИЯмен бастайды. Бұл - өте жақсы иллюзия. Алғашқы қадамға “рывок” болады.
Бұдан кейін дамудың келесі деңгейлері басталады. “Өзіммен сонша жұмыс істеп жүрмін, неге нәтиже жоқ” деп, қолды бір сілтеп, түңілмес бұрын… дамудың деңгейлерін білу маңызды.
Қайда бара жатқаныңды, қандай күйде екеніңді білуге көмектеседі. Бастысы, кей деңгейде ұзақ жылдар қалып кетпеуге көмектеседі.
Бұл өмірде барлық нәрсенің маршруты, аялдамалары бар. Тіпті өзіңмен жұмыстың, дамудың да.

❤23👍2
Бүгін 20:30 инстаграмда тікелей эфир өткіземін.
“Келесі деңгейге өткізетін құпия 3 сезім. Сананың даму деңгейлері” деген тақырыпта.
Бұл эфирді көру керек. Келіңіз, күтем💎

🥰16❤🔥14❤9👍3