Эльвира Ерғалина | ПСИХОЛОГИЯ
2.68K subscribers
336 photos
71 videos
2 files
120 links
Психикасын, сезім-эмоциясын сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️
Download Telegram
👆🏻Аудиода айтқан соңғы пункт осы туралы
👍5🤩1
Forwarded from Акмарал Нурлановна
Сізбен 100% келісем, менің ажырасқаныма 10 жылдан асты, 7-8 жылдай артқа қарағым келмей, жасырып, тіпті күйеуім қайтыс болды деп өтірік айтқан кездерім де болды, сосын өзіммен біраз жұмыстар жасап, кешіріп, бұрынғы жолдасымды өзім іздеп тауып, балаларымен араластырдым, ажырасу ешқандай да кайф емес
👍9
Өзіңіздің тәжірибемен бөліскеніңізге рақмет! Бұл өте маңызды қадам💐
👍7
📚 Кітабым шыққасын хаттың түр-түрін алатын сияқтымын. Тым өткір тақырыптар қозғалған еді🥰
👍11❤6
Forwarded from Эльмира
Сәлеметсіз бе калайсыз Эльвира ханым тезірек кітап шықса екен асыға күтіп жүрмін
Кітап бойынша процесс жүріп жатыр. Редакциялық жұмысына уақыт керек. Мына хатта жоспарлаған уақыт жазылған👆🏻

Енді обложкасына кірісеміз. Сосын ішіндегі терапияларды дайындаймын.

Кітабым жәй кітап емес, терапия-кітап болады. Күтуге тұрарлық қазына болады, бұйырса. Әр деталь, әр ситуациялық тізбекке махаббатпен назар аудардым.

Өзім де асыға күтіп жүрмін🥰
❤68🥰6👍3
АГРЕССИЯ, АШУ туралы сөйлесейік.

⚡️Адам бойында көтерілген агрессия, ашу нені білдіреді, сіздіңше?

Сіздердің нұсқаны оқып алайын, сосын подкаст жазам👇🏻
❤14
Жеке мәселемді айта бермеймін, бүгін бөліспекпін.

Мен де тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғам. Таяқ жеу, бас жарылу, ісіп-көгеріп жүру, шаштан сүйреуді талай өткергем. Түн ішінде үйден қуылып, қарным шермиіп (ай-күнім жақындап қалған), вокзалға түнеген кез де болған. Салдары көп болды, ұзақ жыл қалыпқа келуіме, “емделуіме” тура келді.

Салтанаттың сот процесі басталғанда үнсіз бақыладым. Айтарым жоқ болғаннан емес. Ішімде бір толқын көтерілді. Түрлі естелігім тірілгендей болды. Бұ жолы боль, ашу, реніш араласқан естелік емес, тек ситуацияларым көз алдымда көлбеңдей берді. Эмоция тартып кетпеді, жарам жазылып, тыртық қалған екен. Жүріп өткен өмір жолымның бөлшегі деп құрметтедім. Сол кездегі Эльвираға рақметімді жаудырып, өзіме қауіпсіздікті, махаббатты сездіруге тырыстым.

“Өткенімнің салдарынан айыға алдым ба?” деген сұрақты жиі қойдым өзіме. Айықпасам, тереңде тығылған сезімдерімді көріп, байқап, онымен жұмыс істеуіме жақсы мүмкіндік деп қарадым. Күйімді бақылаумен болдым.

Қызығы… Бүгін кешкі асқа ресторанға бардым. Орныма жайғасып, көрші үстелдегі жандарға көзім түсті. Көп адам жиылыпты, абыр-сабыр әңгіме айтып отыр. Анодай шетте отырған апай көзіме оттай басылды. Мені байқаған жоқ, а мен бірден таныдым. 15 жылдан кейінгі кездесу!

Көрген бойда 5-10 секундқа кідіріп қалдым да, орнымнан тұрып, сол кісіге беттедім. Жанына жақындап барып, сәлем бердім (амандастым). Маған көзін сығырайта қарап, біраз уақ еске түсіре алмай тұрды да… Кенет: “Эльвирамысың? Тоқта! Мен орнымнан тұрайын” деп, ілтипатын білдірді.

Құшақтастық, қал сұрастық. “Сенің өміріңде біз жоқ болсақ та, біздің өмірімізде орның бар. Үнемі еске алып, айтып отырамыз. Тіпті сені алып кетуге келгенде үндеместен шәй құйып, соңына дейін келіндік міндетіңді атқарғаныңды жиі айтады бауырларым” деп, мейірлене қарады. YouTube жобаларымды көретінін, балаларымен талқылайтынын айтты. Кітабым шығатынын жеткіздім. “Тұсаукесері болса, келемін, қолдаймын” деп, қуантты. Әрине қызымды сұрай берді. Ұзақ жылдан соң табысқан туыстардай шүйіркелесе сөйлестік.

Иә, ортада қызым барда арамыздағы туыстық байланыс еш үзілмейді. Мейлі, ажырасып кетсек те, ол - қызымның өз жұрты. Кездескен кісі экс-қайынатамның әпкесі болатын.

15 жыл! Ортадағы балаға қарамастан мүлде байланыссыз, хат-хабарсыз үзілген байланыс бүгін қайта жалғанғандай болды.

Көрмеген адамдай болып, айналып кете салуыма да болар еді. Қадамды өзім жасадым. Қызымның тегі, қаны. Қызымды қалай жақсы көрсем, оның өз жұртын солай құрметтеймін. Екі адам екі жаққа кеткенмен, ортадағы бала, туыстар ажырамау керек.

Қанша жыл бойы қызымды өз жұртымен, әкесімен таныстыра/табыстыра алмай жүргем. Бүгінгі кездесудің сый болғаны…

Иә, өткенімнің салдарынан айыға алған екем. Сұрағымның жауабын осылай алдым.

Кезінде зорлық-зомбылықтан шығуға күш таба алған Эльвираға алғысымды жаудыра бердім. Ондай қатынастан тек шығып ғана қоймай, жанын емдеп, аяққа нық тұрып, ортадағы бала үшін туыстық қатынасты қайта жаңғыртуға қадам жасаған батылдығы үшін де рақмет айттым өзіме.

Өмір сондай қызық…
❤160👏34👍15🥰5
Forwarded from Moldir 🐝
Сотты көргелі бері 2-3 күн мазам жоқ. Ештеңе істемей жатқым келеді. Желание де кетіп қалды. Оның алдында энергичная болып жүргенмін. Не істесе болады?😭
❤5
Болып жатқан сот процесі өте көп адамның ішінде тығылып жатқан естеліктерді оятты-ау. Зорлық-зомбылық жасаған, бірақ жазасыз қалған образдарды тірілткендей.

Біреу тиран күйеуді (бұрынғы болса да), біреу анасын сабаған әкені, біреу қатыгез бастықты, біреу зәбір көрсеткен билік өкілін, біреу әділетті емес, ақшаны таңдаған қандай да бір адамды еске түсіргендей. Ал кей жанның өзі құрбан болған, сатқындық көрген сәті көтерілді. Не болса да, тұншыққан ашу-ыза, шер, түрлі эмоция оянды.

Бұрын ішкі процеске назар аудармай, сыртқа көңіл аударып жүре берсек… қазір сот процесі барлық экранда, барлық ауызда. Ішкі процеспен, эмоциялармен кездесу болып жатқан болар?

Не істеуге болады?

✅ Осы көтерілген сезім-эмоция, қорқыныш, боль, ашумен жұмыс істеуге болады. Қалқып шыққанда “ұстап алуға” жақсы.

✅ Өзіңізге сол күйді өткеруге рұқсат беріңіз. Эмоцияларыңызға “құлаңыз”. Бірақ батып кетпеу қажет. Эмоцияға сүңгу және одан шыға алу машығы болмаса, өзіңізді күтіңіз.

✅ Жоқ дегенде, бірнеше күн әлжелгі кірмей, сот туралы еш ақпар қарамай, кеңістігіңізді “тазартыңыз.

✅ Тәніңізге, қазіргі өміріңізге оралыңыз. Өміріңізге тікелей қауіп төніп тұрмаса, тікелей әділетсіздік болып жатпаса, иллюзияға батып кетпеуді ұсынамын. Белсенді әрекет, серуендеу, адамдармен сөйлесу, спорт, би, т.б. әрекеттер көмектеседі.
👍26❤8
Көтерілген эмоция, ашу-ызаны шығаруға тырысыңыз.
Ол үшін сыртқы тірек керек.

✅ Адамды тірек етуге болады. Құрбы-дос, псиохотерапевт не жақыныңызбен сөйлесіп, іштегіні, естеліктерді шығарып алыңыз. Бастысы, қауіпсіздікті сезіп, эмоцияны босату.

✅ Тәнді тірек етуге болады. Табаныңыз еденге тиіп, арқаңыз тік болып, тәнге нық сүйеніп отырыңыз. Ішкі уайымды, қорқынышты дауыстап айтып, эмоцияларды шығарыңыз. Жылаңыз, айқайлаңыз, т.б.

✅ Қабырғаны тірек етуге болады. Қабырғаға (стена) қолды тіреп, итеріп тұрып, айқайлап, іштегі эмоцияны барынша шығарыңыз. Басында шықпайтындай көрінер, қайталай берсеңіз, шығады.

✅ Затты, жастықты тірек етуге болады. Жастықты тоқпақтап ұру, үй жинау, жер аудару, ағаш шабу сияқты белсенді жұмыс арқылы да бойдағы агрессияны, қорқынышты шығаруға болады. Бастысы, әлденеге “билік жүргізіп”, сіз ықпал етіп жатқаныңызды сезініңіз. Қауіпсіздік барын сезініңіз.

Бұл тәсілдер қазір көтерілген сезім-эмоцияға батып кетпей, тәнге жұтып қоймай, шығаруға көмектеседі. Тыныштандырады. Бірақ мәселені түп-тамырымен жойып жібермейтінін ескертемін. Қазіргі күйіңізге көмектеседі.
❤34👏16🤝2
❓ Қалай ойлайсыз, сізде билік бар ма?
❤2
Болып жатқан сот процесі көп жанның бойында түсініксіз сезімдерді көтерді. Апатияға түсіп, үрейленіп, паникалық шабуыл басып жатыр. Үміті үзіліп, шарасыз күйге түскендер де бар.

Сізде болып жатқан процеспен жұмыс істеуге терапиялық топ ашамын.
• Неге сізге мұнша қатты әсер берді?
• Қандай бейсаналық процесс болуда?
• Психикаңыз қай естеліктерді көтерді?
• Оның бәрінен шығып, қалай қалыпқа келуге болады?

❗️Терапиялық топ:
⁃ тәуелді, аб*юз қатынаста жүргендерге
⁃ өзін құрбан етіп, көніп шаршағандарға
⁃ зор*лық-зом*былықпен үнемі кездесетіндерге
⁃ жеке шекарасын, өзін қорғауды үйренгісі келетіндерге
⁃ кінәлі сезіну, ұятқа батып кететіндерге,
⁃ зор*лық-зом*былықтан қатты қорқатындарға
⁃ аб*юз қатынасқа түспей, алдын алғысы келетіндерге
⁃ сексуалды, физикалық, психо-эмоциялық зор*лық көргендерге
⁃ аб*юз қатынастан шықса, ары қарай қалай өмір сүрерін білмейтіндерге арналады.

✅ 1 ай бойы “Аб*юз, тәуелді қатынас” тақырыбын жан-жақты ашамыз.
✅ Жалпы саны 20 сағаттық топтық терапия болады.
✅ Топтық терапия zoom арқылы өтеді.
✅ Аптаның бір күнінде 5 сағаттық терапия өтеді, сосын чатта анализ жасау, талқылау болады.
✅ Ортақ чат, кері байланыс болады.
✅ Запись болмайды, ақпарат сыртқа шықпайды.
✅ Қауіпсіздік бар, қолдаушы орта болады.

“Аб*юз” туралы сезім-эмоцияңызды, бейсаналық сценарийлерді
📍өз опытыңыздан
📍отбасы, ата-ана оптынан
📍ата-тек опытынан аршып алыр, терапия жүргіземіз.

Запросыңызға қосымша қозғалатын тақырыптар:
• тиран әкенің, қатал ананың ықпалы
• ата-анадан келетін аб*юз
• тәуелді қатынас сценарийі, тану, шығу, түспеу
• жертва-тиран сценарийі, одан шығу
• жеке шекара, тану, қорғау, құрметтеу
• зор*лық-зом*былық энергиясы
• тектегі аб*юз сценарийі, т.б.

✅ Топта максимум 20 адам болады
✅ Өзіңіз байқамаған мәселелер ашылады
✅ Запросыңызға жан-жақты жауап, шешім аласыз
✅ Өзіңізге қолдау беру, анализ жасау машығы қалыптасады
✅ Менен ғана емес, топтан қолдау аласыз, қауіпсіз қатынасты сезінесіз.
✅ Қауіпсіз, тірек болатын орта болады.

Тіркелу номері 8775 975 4541

Сұрағыңызға жауап беремін👇🏻
❤11👍3
Кітап мұқабасының (обложка) дизайнын таңдау біраз жұмыс екен. Бұл мәселеде біраз опыт алып жатырмын🫠

Кітаптың мұқабасы қаншалықты маңызды? Аса мән бересіз бе?
❤9
Forwarded from Гулжахан
Маған іші берер құндылығы маңызды, сырты жылтырағанның бәрі алтын емес...
👍5
Өзім кітап аларда алдымен мазмұнын ашам, сосын мәтінді шолып шығам. Әрине қағаз сапасына, дизайнға қараймын.

Бәрі бір-бірін толықтырады деп қарайды екем
👍11❤1
Forwarded from Onlyyou
Кандай дизайнмен болса да бірінші сіздің кітапты мен сатяп алайын деп тұрмын, Эльвира ханым 🥰
❤11
🫶🏻 өзім де, сіздер де біраз күттік. Күткенімізге сай кітаптың берері көп болады, бұйырса. Біраз еңбектендік.

Шығатын уақыты жақындағанда бәәәрін түсіндіріп берем. Айтылатын тұсы көп
❤21🔥1