Эльвира Ерғалина | ПСИХОЛОГИЯ
2.68K subscribers
336 photos
71 videos
2 files
120 links
Психикасын, сезім-эмоциясын сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️
Download Telegram
Идеяларыңызға рақмет! Бәрі шетінен “сен тұр, мен атайын” екен😍

Бір жанға сыйлық беремін деген уәдем бар. Жоғарыдағы пікір иесі, Әсия ханым, сыйлық сізге бұйырды.

🎁 10 терапия, 5 медитация, 10 сабақ, мықты практикалары бар “ӨСУ” практикумымды сыйлаймын сізге!

Егер ӨСУ-ді өтіп қойған болсаңыз, ендеше
• НейроАқша
• Сезім. Махаббат. Ақша
• Мен. Ата-ана. Сепарация
терапия-курстарымның бірін таңдаңыз. Курстар туралы толық ақпарат мына сілтемеде: https://elviraergalina.tilda.ws

Жаңылға хабарлассаңыз, доступ ашып береді: +7775 975 4541

Құттықтаймын!💕
❤11🔥6👏3
Тағы көреміз бе идеядан? Әлде тоқтатайық па?

Белсенді оқырмандарыма ара-тұра түрлі сыйлық жасап тұрамын енді осылай🥰
❤24
Forwarded from Nashko
Өмірден алынған , терапияға келген жандардың хикая желісімен сериал түсірер едім .турецкий сериал бар гой кырмызы ода деген сияқты.кітап оқымайтын , терапияға бармайтын тек сериал қарап жататын жандар үшін ойланарлық туынды болар еді
🔥7
Нашко ханым, сізге де “ӨСУ” практикумым бұйырды. Құттықтаймын!

Жаңылға хабарласыңыз +7775 975 4541
👍14
Қиял, идеяңызға көп рақмет!❤️

Неге сұрағанымды айтайын ба? Әр идеяға шетінен пікірімді айтып, талдап көрейін бе? Қажет емес пе?

❤️ - “Иә”
🔥 - “Жоқ”

Сіздер шешіңіздер👇🏻
❤45
💌 Ал айтайын…
Әр идеяға жеке жауап жазам. Көп жазба болады. Каналымның дыбысын өшіріп қойыңыз.

Өмірде жасалатын жоба, техника, өнімнің бәрі бір адамға ғана идея болып келе салмайды.

✅ Алдымен, көп адамға келеді. Жасаушы ретінде емес, тұтынушы ретінде. Кеңістікте қажеттілік, сұраныс туындайды. “Төөу, осыны жасайтын бір адам болса, осылай жасалса” деп. Ашық айтпаса да, ой күйінде тұрады.

✅ Сосын ол идея бірнеше адамға келеді. Жасай алатын, ресурсы бар жандарға. Кім “ауада қалықтап тұрған идеяны, қажеттілікті” қағып алады, кімнің ішкі кедергісі аз, кім жылдам - жасайды. Жеке проблемасына көміліп жүрген адам мұндай “мүмкіндіктерді” (идеяны) көп ойдың бірі деп, мән берместен өткізе салады.

Жасайтын барлық жобамды “сұраныс, қажеттілікті” естіп барып жасайтыныма біраз болды. Бұ жолы сіздердің сұрақ, хаттың арасынан оқып емес, тіке сұрап отырмын.

Көп идея жазылды, демек, жүзеге асады бұйырса🥰

Қалай мұндай “подход”?👇🏻
👍18❤8
Forwarded from Sunshine Lady
Көріп шыққанда бір терапиядан өтіп шыққандай болатын психологиялық кино түсірер ем.
❤13
👆🏻 Негізі мынадай фильм көп. Өте көп. Шетелдік болсын, отандық болсын, фильмде бір не бірнеше месседж болады көрерменге жеткізетін.

Бірааақ! Бірақ адамдар фильмді “терапия алайын, ой түйейін” деп қарамайды. Эмоция алу үшін, күйбең тірліктен ой бөліп, демалу үшін көреді.

Осыны анық түсінгенде “КИНОТЕРАПИЯ” деген айдарымды тоқтаттым. Инстада жиі болушы еді. Ютуб арнама да жасамақ болғам. Есіңізде болса.
❤22
Forwarded from Aйсулу
просто жеке өмірімді, өзімді, күнделікті жасап жүрген әрекеттерімді по полочкам түсіріп, сторис салар едім, не істерін, қалай рахаттанып өмір сүру керектігін көрсететін бір үлгі ретінде күнделікті мини видео, стористер түсірер едім, қаншама қыздарға/әйелдерге мотивация болатын, мысалы марафон, кездесулер т.б😅
❤18
👆🏻мына идеяны “почти” барлық блогер/эксперт жасап жүр. Күнделікті өмірі, жеке өмірі, түйген ойы, бәрін-бәрін.

Упс! Әлеуметтік желіге де көп адам “кімнен мотивация алсам екен, кімнің әрекеттері қандай нәтижеге әкелді” деп қарамайды. Эмоция алу, қызық көру, сырттан бақылау үшін қарайды. Кейбірінің интригасына қосылып кетеді. Сериал қарағандай))
❤19👍2
Forwarded from Amangul 🤍
Шет елдік аудиториямен жұмыс жасап көру
❤7🥰3
👆🏻 “Шетелдік аудитория бос жатыр, игерілмеген адам көп” десеңіз, қателесуіңіз мүмкін.

1. Әр аудиторияның, әр үлкен жүйенің маңызды орындары бос тұрмайды. Қанша уақыттан қалыптасқан, шыңдалған мамандары болады.

2. Әр ұлттың “ұлттық коды” болады. Ерекшелігі. Мысалы: ресейліктер жаппай қолданатын терапия бізге жарай бермейді. Сүзгіден өткізбесе. Себебі оларда “қазақтың ұлттық кодына айналған” баланы ата-әжеге беру жоқ. Психиканың базасы мүлде басқа болады. Америкада “позитивная психология” мықты дамыған. “Аффирмация, визуализация, программалау, тек жақсы ойлау, т.б.” Себебі оларда ұлттық, гендік травма біздікіндей емес. Ата-тектің тұтастығы, ұят, кінә деген аз не жоқ.

Шетелдік аудиторияға өнермен, шығармашылықпен шығу күшті. Ал психологиямен… көп нәрсені нөлден бастау керек, тарихын, гендік кодын сіңіру керек… жылдар кетеді.

Ерекшелікті түсіндіре алдым ба?
🥰17❤13🔥3
Forwarded from Гулшат
Курстарыңызға, жеке терапияңызға біз сияқты қолы жетпей жүргендерге бағасын арзандатып мини курс, бір екі терапия сатар едім🫢
❤8
👆🏻Бағаға қатысты сіздер байқамайтын құпияны айтайын. Психолог мамандар жақсы түсінеді мұны.

Баға өте қолжетімді болған сайын клиенттің тәуелділікке түсу қаупі басымырақ. Яғни емделуден бұрын кей мәселесін ушықтырып жүруі ықтимал.

Қалтаға еш салмағы жоқ, “қайда кетпей жатқан ақша”? Маманға барады, сырттан алмаған назарды, түсінуді, қолдауды алады. Тәуелділік не дефицит болса, соның орнын толтырып, жарасын сипалап жүре береді. Уақытша ғана әсер болады. Кей клиент маманнан мамасын көре бастайды. Бұл басында көмек болғанмен, ұзаққа созылса, қауіп.

Баға - клиент пен маман арасындағы көп шекараның бірі. “Қомақты қаржы төледім, жинақталайын, бар зейінімді салайын” дейді. Психиканың өзі жинақталады.

Баға құр ақша туралы емес.

Жалпы барлық жобамда дедлайнмен, бағамен, ережемен, күндермен, сағатпен, терапия/практика санымен көп шекараны бекітемін. Клиенттің психикасына көрсетемін алдымен.

Өзім жылдап терапияда жүру дегенге іштей қарсымын (бұл менің шешімім). Шекараны и так түсінбейтін (басында солай болады) клиентке тіпті “размытый” боп кетеді. Нақты біраз терапияны алып, соны қорытып, біраз уақыттан соң жаңа түсінікпен қайта жалғастырғаны нәтижелірек деп білем. Тағы айтам, бұл - менің шешімім.
❤18💯5👍3
Forwarded from 🕊
Жасоспиримдерге арналган жоба жасайтын едим, жан жакты дамуына, болашактагы омирлик фундаменттеринин дурыс калануына мумкиндик беретин жоба..
❤9
Жасөспірім, жеткіншек кезіңізді еске түсіріңізші. Не қызық еді?

Вечер! Достар! Киім! Қыдыру! Қыз жігіт боп жүру! Кете береді…

Кішкентай бөпелерге мультик, бағдарлама, контент көп. Ересектерге көп. Ал жеткіншектерге неге аз? Неге өте аз? “Почти” жоқ?

Себебі жеткіншек шақ - өтпелі кезең. Бұл кезде болашағымды ойлайын деген бала аз болады. Гормондар атқылап, ойын-сауық, эмоция керек боп тұрғанда “психологияң өзіңе” дейді ғой😁

Ізденіске, психологияға 25+ жандар көп келеді. Бойдағы энергия пикке жетіп, таусыла бастайды. Өмірде басын тау-тасқа ұрған. Лапылдаған эмоциямен емес, басқа жолды көрейін деп келеді көбі)
❤17👍1
👆🏻жоғарыға қосымша.
Тик-токта неге жеткіншек көп екенін түсінген боларсыз? Ойын-сауық, күлкі, тренд, “крутость”, т.б.
👍13
Forwarded from Мөлдір Асқанқызы
Терапия, практика жұмысы кіріктірілген 7-8 күндік ретрит ұйымдастыру, және оны екі айда бір рет сатылай ретрит өткізу. Арт терапия, МАК карточкаларымен тимбилдинг форматында ұйымдастыру, өз практикаңыздағы бірнеше жобаларыңызды түрлендіріп қосар едім.
❤10👍1
8 күндік ретрит өткіздім. 3 жыл қатарынан.

8 күн байланыссыз, тауға кетіп, көгалдағы арнайы орында, ПП тамақпен, МҮЛДЕ СӨЙЛЕМЕЙ, тек практикалар, терапиялар өткіздім.

Өөөте мықты инструмент. Қатысқан адам сезіміңіз не, бүкіл бейсанасына сүңгіп, “до/после” боп шығады.

Сұраныс көп, қатысам деуші көп. Ал шындығына келгенде “8 күнге күйеуім жібермейді, енем жібермейді, мысығым ауырып қалды” деп, бармай қалады.

Қазір ретрит деп семинарды, шетелдегі тренингті көп көріп жүрмін. Ол эмоцияның шуы, эмоциямен лапылдау. Лекция тыңдап, адамдармен танысып, қыдырып қайту сияқты.
Ал нағыз ретрит, үн-түнсіз, сырттан түсетін ақпаратсыз өзіңмен қалу. Ішіңе үңілу. Сонда трансформацияның көкесі болады.

Көп практика, терапия, ретрит көріп тастағасын тым “специфический” қараймын бәріне) “Нәтиже алатын не фаст-фуд” деп бөлемін іштей.

Қазір осы ретритімді қайта сұраушылар көбейіп келеді. Алдында өткізсем бе деп ойланып қалғам.
❤20👍6🥰6
Осы 8 күндік ретритіме келген жандардың біраз айдан кейінгі жаңалығы сұмдық болды.

• Бір кәсіпкер жігіттің табысы күрт өсіп, өзі игере алмай қалған. “Ақша таусылмайтын сияқты болды. Күніне таксиге Майбах сияқты бизнес такси шақырып, құтырдым. Сонша көп ақшадан шошыдым, өзім қуып кеттім. 5 айдан соң (қателеспесем) қайтадан минусқа түстім, көп ақшаға шыдай алмадым” деп еді. Көп ақшаны игеруге де ішкі дайындық керек.

• Бір келіншек бала көтере алмай жүріп, ретриттен кейін сүйінші сұраған. Былтыр осы каналға салдым, ұл дүниеге келіп, танысып қайтқам.

• Балдақпен жүретін бір ханым қазір белсенді. Түрлі шараларды ұйымдастырып, ЖОО оқуға түсіп, студент боп жүр екен. Парақшасынан көрдім. Ретритке келгенде “қасымда сүйемелдейтін адам керек үнемі, басқа қалаға жалғыз өзім алғаш шығып тұрм” деген еді.
❤17👍5