Ремонт жасатып жатырмын. Кілең ер адамдар қызмет етуде. Рахат-ақ!
Артық эмоциясыз, нақ-нақ, тақ-тақ жүреді жұмыс. Әрі әйел баласы болғасын бәрін бастан-аяқ өздері тындырып беруге тырысады. Бәрінде солай ма екен? Әлде маған кездескен ер-азаматтар ғана солай боп тұр ма?😁
Ремонт үйге емес, офисқа. Кабинетіме. Қабырғаны қырып, еденін көтеріп, есік-терезеге дейін ауыстырып, капитальный ремонт жүруде. Жаңа 2025-жылдағы жұмыс тәсілім өзгергелі тұр.
Тікелей, адамдармен бетпе-бет кездесіп жұмыс істеуге басымдық беремін. Жеке терапияға да бірнеше адам аламын. Бұйырса.
Қысқасы, қараша айынан бастап қарқынды өзгеріс орнап кетті. Бәрі жаңа боп жатыр🥰

❤32👏5👍2❤🔥1🏆1
Армандаймыз, мақсат қоямыз, жетістікке жеткіміз келеді, табысты болғымыз келеді.
Елестетіңізші, Құдай сұрағаныңызды бір сәтте берді. Қабыл ала аласыз ба?
Ұялмай, қорықпай, “ақысы көп болар” демей, өзіңізді кінәлі сезінбей, қабылдай аласыз ба? Беріп тұрғанын көре аласыз ба жалпы? Байқай аласыз ба? Сене аласыз ба?
Әлде “қоя тұр, бір айналып келейін, ойланайын” дейсіз бе?
Үнемі сұраушы, тіленші боп жүру бар да… Құдай ұсынған мүмкіндікті “достойно” алу бар. Екеуі екі бөлек.
Кей жанға тек сұраушы, тіленші болу қауіпсіз. Алғаннан гөрі.

👍22❤1🤷♀1
❤️ Қойған мақсатыңызды, арман-қалауыңызды алу ӨЗІҢІЗДІ ЛАЙЫҚ КӨРУге тікелей байланысты.
Аспандатып қойған арман-қалауыңызға, мақсатыңызға өзіңізді шын лайық көресіз бе? Әлде құр қиялдау ма?
Бұл туралы еш ойланбаған болсаңыз, қазір ұйқы алдында ойланудың дәл уақыты.
МЕН ОСЫ МАҚСАТТАРЫМА ӨЗІМДІ ЛАЙЫҚ САНАЙМЫН БА? ӘЛДЕ ӨЗІМДІ ТӨМЕН БАҒАЛАЙМЫН БА?

👍25❤6🥰1
“Өмірде проблема, қиындық, сәтсіздік көбеюі үшін ештеңе істеудің қажеті жоқ. Өзі-ақ қаптап кетеді.
Ал сәттілік, қуаныш, жетістік, бақ-береке көбеюі үшін біраз еңбектену керек” (с)
Авторы кім екенін білмеймін. Аса ұнаған цитата.
Расында, біз ұмтылатын сапалы өмірге құн төлеу керек. Энергиямызбен. Талпынысымызбен. Кем дегенде, ойымызды таза ұстап, таза ниетімізбен.

❤32👍5🥰1
🎯 29.12.2024 күні сағат 13:00-де “МАҚСАТ-2025” атты zoom-сессия өтеміз.
• сессия 3 сағат болады
• 2024-ті қорытындылайміз, бастысы, психикамызды аяқталған жылдан алып шығамыз
• осы сәтке оралып, ертеңімізге қадам басамыз
• 2025-жылға мақсат, ресурсымызды дайындаймыз
• ақпарат, практика, топтық терапия болады.
🎄Бұл zoom-сессияға 2024-жылы клиентім болған, қызметімді не өнімімді алған жандар қатысады.
Ақысыз, менен сыйлық.
Арнайы топ ашып, чатқа қосып жатырмыз. Жинала берейік.
Жобамның чаттарында болсаңыз, сілтемесін сол жақтан көріңіз. Болмасаңыз, Жаңылға жазсаңыз, түсіндіріп, чатқа қосады: wa.me/77759754541
Мұқият оқимыз: 2024-жылы клиентім болған, қызмет/өнімімді алған жандар қатысады.

WhatsApp.com
Share on WhatsApp
WhatsApp Messenger: More than 2 billion people
in over 180 countries use WhatsApp to stay in touch with friends and
family, anytime and anywhere. WhatsApp is free and offers simple, secure,
reliable messaging and calling, available…

🥰4👍1🏆1
Аяқталған қатынастар мен ситуацияларды жіберіп, олардан “өзімді алып шығып” ем… 2024-жылдағы ситуациялар деп қарағам. Арыға кетіп қалған сияқтымын…
Түсімде қызымның әкесінің үйіне барып, ата-анасы, туыстары қуана қарсы алып, мен қызымның мектеп бітіретінін, оның жаңалықтарын айтып жатырмын. Олар қуанып… батасын беріп… мәре-сәре болуда. Ажырасқасын күйеумен ғана емес, оның ата-тегімен де қоштасу маңызды.
Инстамды ашсам, өткеннің естелігі қал-жағдайымды сұрапты.
Кейде өткеннің адамдары, ситуациялары осылай “есік қағады”. Бұл - аяқталған не аяқтау керек қатынастардың белгісі. Басқа ештеңе емес.
Терапия алып, практика жасап жүрген жандардың бейсанасы түс арқылы біраз ақпарат береді.
Үйреткен сабағын меншіктеп, бергенін алып, алғыспен шығарып салу маңызды мұндайда.
Бейсана қатпарларында не жатқанын білмейміз. Аяқталмаған, жібермеген көп “жүк” энергияны алып тұрады.
Жаңаға, жаңа мақсаттарға, өмір қозғалысына ілесу үшін “құпия сандығымыздан” орын босату қажет. Соны жасаймыз zoom-сессияда✅

👍16❤7🔥4🥰1
Forwarded from Кундуз Елдисбекова
Осы жылы ешқандай білім алмаған болса ақылы қаншамен қатысуға болады
🎉1
“МАҚСАТ-2025” атты zoom-сессияны ақылы өткізу жоспарда жоқ. Бұл - клиенттеріммен өтетін жоба.
🥰16🏆1
Forwarded from Эльмира
Асыға күтемін Эльвира ханым рақмет сізге әр дайым осылай силық жасап отырасыз жер сілкінісі болған кезде де осылай терапия жасап көмек бергенсіз жеңіл өттік ❤️❤️❤️😍
👏14❤2
🎁 “МАҚСАТ-2025” атты zoom-сессияны қазір аяқтадық.
3,5 сағат болды. Көөөп қабат сезім-эмоцияны аршып, көп жүкті тастадық.
Әрине! 2025-жылы мақсатымызға ләззат алу үшін барамыз😍
Әдемі, терең сессия болды. Қатысқандар, көп рақмет!❤️

❤28🕊3
Жаңажылдық демалыста бір құты мандаринді қасыма алып, түрлі фильм, шоу көріп жатырмын.
Бүгін “Энканто” мультфильмін қайта көрдім. Бұ жолы қазақша аудармасын.
2021-жылы шыққанда қарап, түйгенім көп еді. Бірнеше жылдан соң да қандай “әдемі туынды” деп отырмын.
• Адам бойындағы қабілеттер
• Ата-тектен қуылу (инключенный болу) зардабы
• Ата-тек ресурсы
• Ата-тектегі құпия салдары сияқты тақырыптар қызық болса, осы қырынан көруді ұсынамын. Әсіресе, студенттеріме қосымша материал болады.
Сілтемесі: https://m.vk.com/video-70095498_456240959
Көрген бе едіңіз бұл мультикті?

VK Видео
Энканто (2021) қазақша
Смотрите онлайн Энканто (2021) қазақша 1 ч 42 мин 25 с. Видео от 11 декабря 2023 в хорошем качестве, без регистрации в бесплатном видеокаталоге ВКонтакте! 99070 — просмотрели. 626 — оценили.
❤19👍1
“Миссия, қабілет” туралы…
… біз көбіне өте таныс, қарабайыр қабілеттерімізді мойындамаймыз. Эгоға салсақ, біз ерекше дарынға ие болу керек едік… Ерекше болғанда өте ерекше, ешкімде жоқ. Білген адам аузын ашып, таңданғаннан жағы түсіп қалатындай🥰
“Энканто” мультфильмінде
• өзгеге керек болмай қалудан қорқып, бүкіл ауылдың қара жұмысын атқаруды ерекше қабілет санайды.
• махаббатпен ас дайындап, адамға күш-қуат беруді де,
• ашуланғанда айналаңды найзағайдай қырып, борандай үйіруді де,
• мінсіз болып, айналаңды қуантып жүруді де,
• өзгенің жүріс-тұрысы, дауысын айнытпай сала алуды да ерекше қабілет санайды.
Расында, ерекше қабілет ғой. Оны үнемі жасап жүруге көп ресурс кетеді.
Бір-бірімізге ұқсамайтынымызбен ерекшеміз және түрлі ғажайыпты жасап жүрміз✨

❤28🔥9
Жаңажыл сияқты массалық мерекеден кейін адамда апатия болады. Неге, білесіз бе?
Себебі қанша күн бұрын мерекені жан-жақты, қызыл-жасыл жарнамалайды. “Міне-міне, ғажайып болады” деп уәде етеді.
Ондайда адамда шектен тыс дофамин бөлінеді. “Бірдеңе өзгереді, бәрі өзгереді, бірдеңе болады” деп күтеді.
Сағат 00:00-ді соғады. Календарь ауысады.
Бац!💥
Ғажайып та жоқ. Ештеңе өзгерген де жоқ. Сол баяғы бірсарынды күндер. Алданып қалғандай сезім.
Әрі толассыз тамақ, тәттілер, алкоголь, ары-бері шайқалған эмоция, ұйқы режимінің бұзылуы, бәрі-бәрі қосылып, бір шұңқырға оңбай түсіреді:
ДОФАМИН ШҰҢҚЫРЫ.
Сосын көңіл-күй жоқ, ештеңеге құлшыныс жоқ, көңілсіздік басып, сұп-сұр күн туады.
🎄Жарқ-жұрқ мерекелік тойлаудан кейін қандай күйдесіз?

❤26👍9💔8
Бүгін студенттеріме сабақ бердім және бір топқа терапия жүргіздім.
Апта ішінде белгілеген күнде, белгілеген уақытта кездесіп тұрамыз. Үйреніп алдық.
Әр жанның ішкі күйі жайлы әңгімесін естіген сайын елжіреймін.
“Ғажайып басқа жақта, басқа әлемде, оған жету үшін қалтқысыз үздік, мінсіз болуың керек” деген қатқан нанымнан арылып… “ғажайыпты өзім жасаймын, мақсаттарыма өзім барамын, ішкі күшімді танимын, қолданамын” деген нық сенімге келе жатқаны қуантады. Әрқайсының.
“Өмірімде жамандықты жасайтын өзгелер, жақсылықты да жасайтын өзгелер. Қолымнан көп нәрсе келмейді. Бар жақсыны өзгелер әкеп беру керек. А мен жақсы адам боп, жағынып жүрейін” деген сайын инфантилизм шырмауынан шықпаймыз.
Ал… “Мен таңдаймын. Рұқсат етуді не рұқсат етпеуді өзім шешемін. Өз шекарамның қожайынымын” деген ұстанымның адуыны да мықты.
Расында, ғылыми, діни кітаптарда аса құрметтелетін, заң баса қорғайтын ең қадірлі құралымыз бар. Ол - сіз бен біздің таңдау еркіміз. Қай ілімді ашсаңыз да, таңдау еркіміз бары, таңдай алатынымыз және оған ешкім қол сұға алмайтыны қайталанады.
“Сиқырлы күшіміз - таңдай алатынымыз және қайта таңдай алатынымыз (таңдауды өзгерте алатынымыз).
Қандай жағдай болса да, өзіңізді таңдаңыз❤️

❤32👍9
Келесі кітабым қай тақырыпта болғанын қалар едіңіз? Сізге маңызды сала делік, өміріңіздің саласы.
Қай тақырыпта жан-жақты біліп, ізденуді көздейсіз?

👍10❤1