Эльвира Ерғалина | ПСИХОЛОГИЯ
2.68K subscribers
336 photos
71 videos
2 files
120 links
Психикасын, сезім-эмоциясын сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️
Download Telegram
Forwarded from Мухсина 🌿
Эльвира ханым кітабыңызды оқып жатырмын. Кішкентай ғана бала жүрегіңіз соншалықты қиыншылықты қалай көтерген, таң қалудамын. Қәзір сол кездегі ішкі күйлеріңізді толықтай босата алдыңыз ба? Әлде кейде сол сезімдерді оятатын жағдайларда қайта қозғалып кетеді ме?
👍1
Өткенді, психо-травманы толықтай өзгертіп жібере алмаймыз. Жалпы өткенді өзгерте алмаймыз.

Терапия көмегімен:
• сол кездегі жаралы жаныңды, сезім-эмоцияны жібересің, тұншыққанның бәрі шығады, тыртық қалады;
• өткеннің ықпалымен болған түрлі ішкі конфликтті тарқатасың, әрекеттерің мен шешімдеріңнің себебін ұғынып, өзгертесің;
• өткеніңді жойып тастамай, қабылдап, сонымен ары қарай өмір сүрудің меңгересің;
• жаңаға ашылуды, дамуды таңдайсың, өткенге жабысып алмайсың;
• өткеннің орнында тыртық ғана қалғандықтан ол сыздамайды, тіпті көмескіленіп, ұмытыла бастайды, миыңның “естеліктер” деген папкасына кетеді.

Жоқ, өткеннің сезім-эмоциясы қайта қозғалмайды. Сол сәттегі адамдарды қайта көрсем, опыт үшін алғыс тұрады.
❤18
Forwarded from Гулжахан
Иә, әр терапия - практиканы өткен сайын,қайталаған сайын қабат-қабат аршылып жатқанымды сезінудемін. Ең басында бәрі түсініксіз болған.
Адамда сана (ой, түсіну, ұғыну, анализ) бар да, сезім-эмоция (сезіну, тәндегі зарядтар) бар.

“Проработанный” адамды қазақ “сана-сезімі жетік” деп айтып жатады.

Екеуі бірге жүреді, бір-бірін толықтырады.

Терапия-курсыма келген адам басында бәрін санасына салуға ұмтылады. Түсінуге. Бұл қалыпты.
А терапия - алдымен сезім-эмоциямен жұмыс. Тұншыққанның бәрін шығарып, қайта өткеру, қайта өңдеу.

Сезім-эмоцияға салмаған ақпарат - әлі білім емес, тек ақпарат ғана. Тез ұмытып қаламыз кейде. Ал сезімнен өткізгенде білім болады.

Терапияда көтерілген, шығып жатқан түрлі сезім-эмоциясын ұқпай, санаға салғысы кеп, арпалысады. Курс бағдарламасында, кері байланыста қанша ұғындырып айтсаң да, сезім-эмоцияның аласапыраны басылғанша түсінбейді. Қорқады, сұрақ көбейеді, маман “жалғыз емессің, қасыңда бармын” деп, осы процестен өтіп кетуіне сүйемел көрсетеді. Ол “аласапыран” ұзаққа бармай, басылады, артынан түсінік келеді. Көп нәрсе айқындалады, шешім-әрекеттеріңнің себебін көре бастайсың, ұғасың. Бұрын ұмытып не жоқ қып жіберуге ұмтылған құпияларыңа тура қарайсың, баяғыдай жан сыздатпайды. Шешім өзгереді, қадамың да батыл болады. Сосын психика ары қарай қозғалысын жалғастырады.

Терапияға келген адамның басында ештеңе түсінбеуі қалыпты. Қашып кетпесе, артынан бәрі айқындалады. Маманның “қолынан ұстап”, соңына дейін баруы маңызды.

Жалпы өзің жайлы білгеннің айналасында жүріп, бір шеңберді айнала бергеннен… білмегенге қадам басып, жаңаны еңсерген нәтижелі. Іштей өсу солай жүреді.
❤26👍4🔥4
💣 Инфобизнесте жер астынан тоқтамастан атылған мина сияқты бірінен кейін бірі дүмпулер боп жатыр.

Әлгі провокациялық рилс түсіретін, түсіруді үйрететін Теменов дауын жаңа ғана білдім. Қарыштап ұшқан биіктен омақаса құлапты. Мысқылдайтын жайт емес…
Тек… бірнеше ұстанымды нақтыладым.

▫️Кез келген система бірден өзгеріске беріле салмайды. Мың есе жылдамдықпен қорғаныш механизмін қосады. Қарсы шабады. Халықтың жүйесі де дәл солай.

▫️Ұлттық құндылық, тектің намысын аяқ асты еткендер ұзаққа бармай “исключенный” болады. Ата-тегінде сондай сценарий болса, тіпті тез іске қосылады.

▫️ Жақсы маман болу үшін хайп емес, адаммен, аудиториямен сау қатынас құра алу бірінші орында.

▫️ Сенен шыққанның бәрі қайта айналып, өзіңе оралады. Себебі өмір айналымнан тұрады🔄

▫️ Биыл - карма жылы. Қазір жасағанның есебін қазір аласың. Бұрын жасағаныңның есебін де қазір аласың. Жақсылықты да, қастандықты да.

Биыл не болды сізде? Карманың дәні өсіп, не жиып алдыңыз?

Мен биыл қанша жыл тіртінектеп жиған білімімді сыртқа шығарып, жемісін жиып жатыр екем. Кітабым, “Психолог-практик” курсым. Шүкір! Бұл да бір сынақ сияқты болды ғой😁
❤33👍3
А иә, қоса салайыншы… Абьюзға өзін өзі тастау, самобуллинг, аутоагрессия “сенімділік, мықтылық” белгісі емес.
❤27
Есіме түсіп жатыр…
Қайбір жылы “внутренний ребеноктың” қалауын орындау, ойыншықтарын, аңсағанын алып беру” деген хит-техника болды. Нарықта салмағы бар ментор/наставниктен бастап, нонеймнің бәрі сол практиканы жасамақ боп, дүкеннен қымбат қуыршақ, машина, самолет құшақтап шығып, сториске жарыса салған-ды.

Иә, бұл техника жақсы. Терапия балалыққа саяхаттан, сол жақта рұқсат етуден басталады. Бірақ!

Бірақ… қаупі де бар. Келесі этапқа өтпей, осы балалықтағы ойыншыққа мәз болған энергиямен қалсаң… онда лап-лап еткен балаң күйде ұзақ жүріп қаласың. Тапқан табысыңды балалықтың желпілдек эмоциясын аулауға арнайсың. Үлкендердің “ойыншығын” іздеу басталады. Киім-кешек. Ойын-сауық. Керекті/керексіз шопинг. Эмоция беретіннің бәрі.

Бір күні қарасаң, қалтаңнан күн көрінеді. Көп ақша тауыпсың-ақ, желпілдеп жүріп, оны желге ұшырып жіберіпсің. Ұстай алмапсың. Тіпті, қарызға күмп етіпсің. Ертеңін ойламайтын “балалықпен”.

Ересекпіз. Қажеттіліктеріміз де ересек. Ақша таба алуға бір бөлшегіміз көмектессе, оны ұстап тұруға басқа бөлшегіміз ықпал етеді. Ересек қажеттіліктерді түгендеу үшін жанымыздың бөлшектері де түгел болу керек. Ресурсты басқара алу маңызды. Әйтпесе, “қымбат ойыншық алуға өзіме рұқсат еттім” деп жүріп, ойын аяқталғанда реал өмірді қалай сүруді білмей дал болатындар көп.

Тек ішкі бала бөлшегімізді үлкейте бермей, ересек күйімізді де еске алсақ. Терапияның этаптары, даму кезеңдері бар екенін еске салып қояйын💐
👏39❤18💯11
Бас-аяғы жоқ ойымды осында “қойып қалам”😁
Ішінен түпкі ойымды теріп, керегін аласыздар әйтеуір) Мұндай ой-толғауыма үйреніп те қалдыңыздар деп білем. Осы контентім пайдаңызға аса ма? Игілігіңізге жарап жатыр ма?)
❤61👍25
Forwarded from Альбина Абылқасым Бел
Осы кезеңдерден қалай өтеміз? Сіздің қай курсыңыз көмектеседі?
Инстамда контентті жүйелі ұсынуды бастадық💥

🎁 Бүгін “ТАБЫСЫҢДЫ АРТТЫРУДЫҢ 4 ҚАДАМЫ” атты сабағымды сыйға беріп жатырмын.

Ішіндегі ақпараттар + практика арқылы қаржылық күйіңізге диагностика жасайсыз.

Сабақты алып алыңыз, мына сілтемеде ақпараты бар:
https://www.instagram.com/reel/DBBxuVnozVK/?igsh=dXVna3ZhdjMwaHFj
❤13👍1
🎤Подкаст: ТЕРАПИЯ ПРОБЛЕМАНЫ ШЕШКЕННЕН БҰРЫН ӨСУ КЕЗІНДЕ КӨБІРЕК КЕРЕК
❤16
🎤Подкаст: МЕНДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
❤9🥰1
🏆Адам өз ісінің шебері (мастері) болу үшін не қажет, сіздіңше?
Клиент іздейміз

Қайырлы кеш!
“Психолог-практик” курсымның студенттері біраз методиканы меңгеріп, енді клиентпен жұмысқа кірісіп жатыр.

Алған білімді қолдануға, машықтануға, тәжірибе жиюға клиент керек!

• өте қолжетімді бағада (5 мыңға дейін)
• мен қолданатын методтар арқылы жүретін
терапия алғыңыз келсе, осы жазба астына ватсап номеріңіз бен есіміңізді қалдырыңыз.
Сіздің запроспен жұмыс істейді.

Студенттерім өздері хабарласып, сөйлесіп, келісімге келесіздер.
Кездесу (онлайн не оффлайн) уақытын да келісесіздер.

Студенттерімнің дипломдық жұмысында зертеу объектісі болып қаларсыз, бәлкім.

Аты-жөніңіз, ватсап номеріңіз👇🏻
❤16
🎤Подкаст: ТАЛПЫНЫС + БІЛІМ + ТЕРАПИЯ + ЕҢБЕК НӘТИЖЕСІН БЕРЕДІ

20.12 күні терапиялық топ бастаймыз. НейроАқша 2.0
• 1,5 ай тікелей терапия, топтық терапия, арт-терапия, практика, сабақтар болады
• ешқандай запись емес, тікелей менің сүйемелдеуіммен болады
• топ шағын, әр қатысушының запросына тоқталамыз (уақыт жетеді)
• жылды аяқтап, жаңа жылға мақсат айқындап, ресурс арнап, дайындықпен кіреміз

Топта орын бар. Қатысамын десеңіз, Жаңылға жазыңыз: 8775 975 4541
❤5💩1
Forwarded from Aйсулу
салеметсіздер ме
мен де жазылдым 1 студентіңізге, өзім практик психолог болсам да, бәрін білем, мен психологпын деп емес, дым білмим деп, тек клиент ретінде барғым келіп тұрмын. өзімнің запросымды шешуге фокус арнаймын, психолог тарапынан ешқандай минус плюсын аңдымай, керісінше түсіністікпен қараймын деп шешіп отыр едім, әрине алғашқы бастап жатқан маманда қобалжу болуы мүмкінго, ол норм деп ойлаймын
👍1
⁉️ 2024-жылы сіз үйренген басты
3 әдет/қабілет/машық қандай?
👍1
⁉️ 2024-жылы сіз түйген
басты ой-тұжырым қандай?