Эльвира Ерғалина | ПСИХОЛОГИЯ
2.68K subscribers
336 photos
71 videos
2 files
120 links
Психикасын, сезім-эмоциясын сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️
Download Telegram
“АТА-ТЕК РЕСУРСЫ” атты жаңа терапия-курс дайындап жатырмын. Сабақтарын түсіріп бастадық.

Жүйелі, терең, практикасы + терапиясы көп курс шықты.

Қатысқан жандардың күйіне де, өзіне де, өміріне де біраз өзгеріс келгелі тұр, бұйырса.

Бұл тақырыпта курс жасауға ұзақ пістім. Жиған білім, тәжірибем көп болса да, жинақтап ұсынуға уақыт енді жетті.

✅ 10.05.24 күні бастаймыз.

Программасымен танысып, дайындала беріңіз. Жаңа деңгейге аттаймыз💎
🔥8❤2👍1😁1
Forwarded from Сатай Гулзейнет
Каз да 1ші рет шыгар мұндай ауқымды курс ата тек туралы
барі родология деп сол жерден қайтады гой
👍3
“Қазақша мен бірінші жасадым, ешкім айтпайды” деп, кеудемді кермеймін. Ешкімге ештеңе дәлелдемеймін. Мақсатым бұл емес.

💎 Мақсатым:
• ата-тегімдегі задачамды (бұл өте маңызды) орындау;
• жиған білімімді ары қарай беру (жия берсем, ауыр жүк болады);
• клиенттеріме қызмет ету;
• маман ретінде өсу, тәжірибе жию.

Психология саласында клиентпен жұмыс істеп жүрген әріптестерімді де шақырамын курсқа. Өзіңіз өтіп, терапия аласыз. Білімді сіңірген соң қызметіңізге де көмегі тиеді. Тәжірибе алмасу, біліктілік арттыру деп те келіңіз. Күтем.

Психолог маман клиенттердің түрлі сезімін, запросын өз психикасымен өңдейді, білесіз. Сол өңдей алу процесіне көмегі тиері сөзсіз👌🏻

P.S. Бір салада жүрген әріптестерді бір-біріне айдап салып, шағыстырып, төмендетіп алаламауды сұраймын. Маманның эгосын өсіргеннен клиентке зиян көп.
🔥23❤11
💥💥💥ААААА!💥💥💥

Кітабымның дизайны дайын болды. Дизайнның өзі шедевр🙏🏻

Редактура, коррекция, читка да аяқталып қалды. Сосын беттеп, баспаға жібереміз. Шүкір! Шүкір!

Терапиялары да дайын.

Қанша жыл армандаған, әр детальға аса мән берген кітабым шығуға санаулы қадам қалды😍

Кітап атауын тауып көріңізші? Қандай идея бар? 👇🏻
🔥38❤9👍2
А тағы… Бүгін “АТА-ТЕК РЕСУРСЫ” терапия-курсымның съемкаларын аяқтадық.

Үлкен жобалар жасауға, идеяларымды жүзеге асыруға ресурсым да, күш-қуатым да сарқылмасын. Барлық ресурсты шашпай-төкпей қолдана алғаныма, сол машықты меңгергеніме қуанамын😍🙏🏻
❤32🔥8
Қолдау, құттықтау, кері байланысыңызға рақмет! Өте құнды🙏🏻💎

Кітапты оқығанда көп мәселемді ұғарсыздар, мені жақынырақ танырсыздар.

Дәл қазіргі күйіме, өміріме, деңгейіме жетем деген титтей де үміт болған емес кезінде. Бір тамшы да.

Мені “қараңғылық, қиындық воронкасынан” алып шыққан білім + терапия + еңбек болды.

Жолыммен, біліміммен бөлісіп, өмір бар тірі кітап шыққанын қатты қаладым. Дайындалу процесі де тірі адамды дүниеге әкелумен тең этаптармен жүріп келеді. 9 ай көтеріп, дүниеге әкеліп, атын қойып, мәпелеп өсірген бала сияқты)
❤42🔥6👍1
🎤Подкаст: ӨЗ РЕСУРСЫҢДЫ ҚОЛДАНА АЛУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНА АЛМАУ. БЕЛГІЛЕРІ, СЕБЕПТЕРІ
❤20👍2
❗️Бар ресурсын өз мақсатына қолдана алмаған адам өзгенің мақсаты тез орындалуына көмектеседі.
❤21
❗️”АТА-ТЕК РЕСУРСЫ” терапия-курсыма тіркелу ашық!

Бағасы, пакеттері, программасы, толық ақпарат мына сілтемеде:

https://elviraergalina.tilda.ws/ata-tekresurse

Бүгін инстада тікелей эфирге шығып, кімге керек, не үшін керек, қалай жұмыс істейміз, бәрін түсіндірдім. Көріп шығуды ұсынамын. Сілтемесі:

https://www.instagram.com/reel/C6mEwRGoVx5/?igsh=M3lkNnp4b3VkemQx

💥”АТА-ТЕК РЕСУРСЫ” терапия-курсты 10.05.2024 күні бастаймыз!
❤1👍1
Ұзақ жыл өзіммен жұмыс (мамандардың көмегімен) істеу, травмаларымды емдеу, установкаларымды өзгерту барысында маңызды пунктке тірелдім.

Ең жылдам көмектескен құрал сол болды. Әрі қайталана беретін ситуациялардың бетін сипалап қоймай, түп-тамырымен өзгертуге көмектесті.

- Бойымдағы “фоновый” үрей (тревожность) кетті
- Тұрақталдым, босаңсыдым
- Ешкімге ештеңе дәлелдемей, өз өмірімді сүре бастадым
- Потенциалым, қабілетімді ашып, еркін қолдана бастадым
- Маман ретінде сенімділік келді
- Клиенттеріме бұрынғыдан да мықтырақ көмектесе бастадым
- Табысым артты, тұрақталды, сәйкесінше қалауларымды орындаймын
- Идеяларымды сенімді жүзеге асырып, өз саламда салмақты орным айқындалды
- Жобаларыммен жарыққа шыға бастадым
- Өмірімде бәрі жүйеленді: жұмысым, жобаларым, табысым, қатынастар, уақыт, білім, т.б.

Көмектескен құрал - ата-тегіммен жұмыс істеуім еді.

Өзім пайдасын, нәтижесін көргесін осы салада білім алдым. Қатты қызық болды. Сосын жоба, терапия-курс, терапияларымның бәрінде шетінен қолдана бастадым. Нәтижесін клиенттерім де көруде.

Ата-тектің маңызы туралы айтып жүргеніме 3 жылдың көлемі болыпты. Енді жинақтап, тек осы тақырыпта терапия-курс жасадым. “АТА-ТЕК РЕСУРСЫ” деп атадым.

Психология психо-травмаларды емдейді. Әрине 90% ата-анадан келетін травма. Ал оның тамыры ата-тектен бастау алып жатады.

Осы жобам ерекше болуда. Тым құнарлы әрі толған қазына. Қатысқан жанның өміріндегі 4 саланы қамтиды:
- денсаулық
- ақша, табыс
- қарым-қатынас
- реализация (қабілеті, ісі, кәсібі).

Әр практика, әр терапия, әр сабағын дайындаған сайын “предвкушениеде” жүрмін.
Терапия-курсымның басталуына 3-ақ күн қалыпты.
Келіңіз, қатысыңыз, сізді де күтем.
👍23❤6🔥4👏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❗️МАҢЫЗДЫ ХАБАР!

“Ата-тек ресурсы” терапия-курсымның басталу уақыты өзгерді.

17.05.2024 күні бастаймыз
🔥10❤3
Жеңіс күні! Соғыс… Қазіргі бейбіт күніміз үшін майданда арпалысқан барлық ата-бабамызға алғыс айтамыз! Тағзым етеміз.

Соғыстан кейін тірі қалған ұрпақ. Біз және соғыстың психологиялық салдары.

❗️Қазір мына симптом көп:
• Негізсіз үрейлену, қорқу
• Аш не өліп қалатындай қорқыныштың басылмауы, жанталасу
• Өмірінен, жетістігінен ләззат алмау, еш босаңсымау
• Балаға, жақындарға эмоциялық суықтық, қатыгездік
• Тек жамандық болардай қауіптену, босаңси алмау
• Ер адамға сенбеу, үнемі кетіп қалатындай, айрылардай сезіну, оны аңду
• Ер-азаматының асырай алмайтынын ойлай беру, соған назар аудару
• Ұлы үшін негізсіз уайым
• Ұлын қасынан, назарынан жібере алмау
• Ер-адамдармен мүлде қатынас құра алмау
• Еркектерге өкпе, жасырын агрессия
• Әйелдің отбасын жалғыз асырауы, ауыр жүкті арқалауы
• Әйелдің жалғыздығы, негізсіз шарасыздығы, ашынуы… т.б.

☝🏻Мұның бәрі - соғыстан қалған салдар.

❓Атаңыз соғысқа қатысқан ба? Қандай оқиғаны білесіз?👇🏻
❤7
☝🏻Мұның бәрі - соғыстан қалған салдар.

Психологияда ерекше назар аударатын “трансгенерациялық (ұрпақаралық) травма” деген бар. Өте қиын жағдаймен (өліммен) кездесіп, эмоциялық қатты шок алған жандардың тірі қалған ұрпағы (немере, шөбере) сол сезімді сезеді. Үрейді, күйді қайта өткереді. Генетикалық жад, ұжамдық бейсана, тән мен эмоция арқылы.

Яғни атамыз соғысқа қатысып, әжеміз балаларын жалғыз жеткізуге тура келді ме, сипмтомдар бізде болады.

Текте болған әр жайттың ықпалы шырмап тұрады. Себеп біреу ғана: ұрпақ тірі қалу үшін, өмірді сақтау үшін.

Бұл - ата-баба үшін жауап беру емес. Олардың “жанталассаң да, тірі қал” деген “батасы”, кеңесі. Сақтандыруы.

Бұл шырмаудан шығуға болады. Білім, тәжірибемді жиып, арнайы “АТА-ТЕК РЕСУРСЫ” терапия-курсымды дайындадым. Қатысыңыз. Ақпарат мына сілтемеде https://elviraergalina.tilda.ws/ata-tekresurse
Forwarded from Nazerke
Мен нейроақша курсын алдым, бірақ техникаларын түгел орындамадым, мимен ұқсам да, санама енді жетіп жатыр сол курста айтылған нәрселер, техникалар.Қазір түсініп, орындап жүрмін.Енді осы курсты алсам, түсіне алам ба, ілесіп кете аламын ба, әлде бұл курсты алу үшін де психикаға біраз дайындық керек пе ? Басқа да курстарыңыз бар еді, олар енді болмай ма? Сепарация алам деп жүр едім, оның орнына осы курсты алуға бола ма?
1) Назерке ханым, “АТА-ТЕК РЕСУРСЫ” терапия-курсымда терапиялар өтеміз. Ал НейроАқшада терапия жоқ, тек орындау керек тапсырма көп еді.

2) Терапия - бұл өзіңіз, сезімдеріңіз қатысатын процесс. Ішкі кедергілерді менің сүйемеліммен өтесіз. Үш пакет үш түрлі сүйемелмен: кері байланыссыз, кері байланыс + топтық терапиямен немесе жеке сүйемелмен. Қалағаныңызды таңдайсыз.

3) “АТА-ТЕК РЕСУРСЫ” терапия-курсымның тағы бір ерекшелігі - фигураларды көп қолдандым. Арнайы көзбен көріп, түсіну үшін. Миға жету үшін.

4) Бұл курста сепарация, ата-анаға терапия болады. Ата-текпен жұмыс ата-анадан басталады. Міндетті.

5) Осы курсты алуға болады. Нақты талап жоқ. Сабақты, барлық қарапайым, түсінікті тілмен жеткіздім, фигуралармен көрсеттім.

6) Бірнеше рет қайталауға, уақыт салып практикаларды қайта өтуге ұзақ доступ бердім. Gold пакетте 6 ай доступ.
❤8