Эльвира Ерғалина | ПСИХОЛОГИЯ
2.68K subscribers
336 photos
71 videos
2 files
120 links
Психикасын, сезім-эмоциясын сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️
Download Telegram
Кәсіби маман терапияда психикасымен “емдейді”. Ақпаратпен ғана емес.

Ол үшін маманның психикасы “емделген” болуы тиіс. Сондықтан “психолог болу үшін жеке терапияң + супервизияң болу керек” деп талап қояды.

Психологтар өмір бақи оқып, дамып, біліктілік арттырып, терапия/практикалар алып жүреді.
Себебі заман, қоғам тез өзгереді. Соған қарай адамдардың да психикасында, санасында өзгеріс болып отырады.

Психология мен техниканы параллель алуға болады. Техника жыл сайын жаңарып, дамып отырады. База бір, бірақ көп өзгереді. Психологияда да адамға ықпал етер методикалар, зерттеулер, жаңалықтар дамып отырады. База қалғанмен.

Түсіндіре алдым деп ойлаймын.
❤17👍4
Жасанды интеллект алмастыра алмайтын мамандықтың/саланың бірі - психология🥰

Көп мамандықты ЖИ алмастырып кету болжамы бар. Алдағы 5 жылдықта.
❤19
‼️Алматы!

20-маусым “КӨЛЕҢКЕ — ЖАРЫҚ” кітабымның тұсаукесері болады🥳

Бұл күнге де жеттік!
🎉52❤13
20-маусым жаздың ең ұзақ күні.

КӨЛЕҢКЕ (түн) ең қысқа, ЖАРЫҚ (күндіз) ең ұзақ күн.

“Кітаптың да, оқырманның да өміріндегі жарық (сәуле) көп болсын” деген ниетпен… тұсаукесер осы күнге сәйкес келді.

Созылып-созылып осы күнге дөп түсті.
👍53❤20🥰4❤‍🔥2
“КӨЛЕҢКЕ — ЖАРЫҚ” кітабым оқырманға аттанғалы тұр.

Тұсаукесерге жиналып, ақ батамен “жолға” шығарып саламыз🙏🏻

Мынау - шақыру қағазы.

Ертең Алматыдағы тұсаукесер уақыты, мекен-жайы туралы ақпарат айтамын.
👍34❤11🔥2🥰1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
‼️АЛМАТЫ! ТҰСАУКЕСЕРГЕ ШАҚЫРАМЫН!

Құрметті алматылық оқырманым!
Сізді “Көлеңке - Жарық” кітабымның тұсаукесеріне шақырамын.

Жаңа кітапты ақ батамен оқырманға шығарып саламыз. Сатылым ашылады. Әрине… қолтаңбамды қойып, бірге суретке түсеміз.

📚Кітап тұсаукесері:
• 20-маусым күні
• сағат 17:00 басталады.

📍Мекен-жайы:
• Алматы қаласы
• Достық, 132
• COFFEE BOOK (Мазмұндама баспасының жаңа кеңістігі)

Ал кітапты алғыңыз келсе,
20-маусым Каспи дүкенде сатылымға шығады.

Сізді күтемін, құрметтім!💐
❤28❤‍🔥1
Сағат түнгі 1:40. Соңғы күндері кеш ұйықтап жүрмін.

Жұмыстың көптігінен емес. Түрлі сезім буырқануда. Қорқыныш та, қобалжу да, қуану да, алғыс та… бәрі аралас.

Кітабымның шыққанына қуанам.
Сонша талпынысымның соңы әдемі аяқталғанына алғыс айтам.
Ал… қорқынышым мен қобалжуым…

Жан сырымды, ішкі процесімді, түрлі сезімімді оқырманның “қолына ұстата салуға” қорқақтап жүрмін. Сонша жыл серік қылған қазынамды ашып көрсете салатындай күй.

Иә, мені әрлі-берлі тербеп жүрген осы. Ішкі әлеміме, тұнығыма оқырманымды енгізгелі тұрмын. Кітабым арқылы сүңгімек.

Бұрын-соңды болмаған құбылыс. Мені сырттан танитындар көп-ақ, ал ішкі әлеміме назар салғандар санаулы. Міне, көбеймек.

Бұған дайын болсам да, уақыты жақындағанда сезіну мүлде бөлек екен.

Енді әр оқырманыммен бар сезіміммен, тұңғиығыммен құшақтасатындай күйдемін…
❤54👍1
Forwarded from Еликбаева Райгуль
Мазмұнын оқып ақ сындым, құладым, жаттым🤩
Бізден де осындай керемет психологиялық кітап шығады екен ғооой деп қуаныштан көзіме жас келді❤️
❤30
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Кітаптарыңызды Alqa баспасының қыздары сартылдатып жіберіп жатыр.

Кімге қандай сурет түседі, метафоралық әсеріне мән беріңіз❤️

Кітапқа тапсырыс беру үшін мына сілтемені басыңыз

https://kaspi.kz/shop/p/el-vira-er-alina-k-le-ke---zhary--139083329/?c=750000000&ref=shared_link
❤14🔥2🥰2
📚КІТАБЫМА АТЫҢЫЗ ЖАЗЫЛҒАНЫН ҚАЛАЙСЫЗ БА?

Алғашқы оқырмандарыма ерекше сыйлық дайындадым. Көбі өз аудиториям, “жақын жандар” ғой.

Кітапты алып, оқып, аудиотерапияларды жасап… соңында шынайы, жүрекжарды пікірімен бөліскен жанның аты-жөні кітабыма шығады. Шарттарын кітапта толық жазғам.

Келесі басылымда “Оқырман хаты” деген айдар қосылады кітап соңына. Жазылған бірнеше хатты іріктеп, ішіне қоса басамыз🤩

Кітаптың ішінде толық аты-жөніңіз тұрады. Әдемі естелік болады.

Қалай бұл идея?👇🏻
👍33❤8🔥7
Алматыда “Көлеңке—Жарық” кітабымның тұсаукесерін өткізіп алдық.

Қолдап келген әрбір жанға алғысым шексіз!❤️🙏🏻

Презентациядан фотограф түсірген фотолар мына сілтемеде: https://disk.yandex.com/d/wsjqwfUZMRYB9Q

Екі папкаға салыпты. Өөөте көп фото бар. Келген жанның бәрін түсірген сияқты.
🔥8❤2👍1
Аудиториямдағы әр жанға “адам” деп қараймын. Бизнес тұрғысынан “ақша әкелетін капитал” деп қарауым қажет-ақ.

Жооқ! Мен үшін әрбір аккаунттың артында түрлі тағдыр, тірі жан отыр. Адам отыр.

Осы ұстанымымның әсері: әр оқырманыма құрмет көрсетем, контентімді максимум сапалы етуге тырысам. Әр жобама “жанымды салам”.

Осыны кеше презентацияда бір оқырманым нақ-нақ айтты. Сырт көз бәрін көреді, біледі емес пе?!

“Қанша жыл болды, бақылаймын. Продажа үшін көлік, ақша ойнатпадыңыз. Жылап-сықтап, эмоциядан баспадыңыз. Қызыл-жасылмен қызықтырмадыңыз” деді.

Тосылып қалдым… Бәрі бар, бәрі қолжетімді заманда адамға адам қымбат болады екен.

“Адамға” арнап жазған тағы бір жобам - кітабым оқырманның қолына жетіп жатыр. Жанға дауа кітап болсыншы деп тілеудемін❤️🙏🏻
❤77🔥6👍5
Кітап шығару деген өзі қызық екен ғо(й)🥰

Бүгін бір ер кісі менеджеріме хабарласыпты. Номерімді инстадан алса керек.

“Эльвира әлі жас, кітап жазуға оған ерте. Маған кітапты адресіме салып жіберіңдер. Мен ол кітапты көруім керек. Өзім 40 жыл профессор болған адаммын. Оған әлі әлі ерте кітап жазуға,” депті.

Қызық енді басталады-ау😁
🤣38❤9😁5👍1
Өз өміріңді сүріп, арман-мақсатыңды орындағаның біреулерге балағат боп тиіп жатады. Айдалада жүріп ренжіп қалатындар болады. Өмір сонысымен қызық.

Кітап әлемінің де “полицейлері” бар екен. Барлық сала сияқты🥰
😁27❤8🙈6👍2
“Түрім оттай береді” демекші… Жасым Жамбылдың жасына келгенін қалай білдірем? Маңдайыма жазып алып жүрейін бе? а? 😅
🤣30❤12👍3
Forwarded from Жанил.С
Салем Эльвира ханым
Кітабыңызды алып оқып бастадым ,бастапқы жаттығудан,,өзіңді танудың алғашқы қадамы,,екі күн бойы көз жасымды тия алмадым өкірп жыладым,кітап өте керемет өмірге көзқарасыңды өзгертеді екен,балалық шаққа апаратын емдеу терапиясы тіпті керемет, кітаптан басыңды ала алмай қаласын магнит сияқты жабысп😍
Кітабыңыз Психологқа барғандай әсер берді,әлі түгел оқыған жоқпын бастапқы бір екі жаттығуды жасап болдым,ұйқым келе беред,шаршап жүрм жата бергім келед,психикам өткен бала кещімдегі ауыр ситуацияларды босатпаған екенін білдім,кітап бағасы тіпті қымбат деп ойласам өте арзан екен ғо
Эльвира ханым рахмет алғысым шексіз сізге деген,кітабыңыз,идеяңыз көбеие берсін,шығармашылық табсы тілеймін,биіктен көріне беріңіз,сіз лайықтысыз әлемдегі бар жақсылыққа🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍😘😘😘
❤19👍6
Forwarded from Moldir Dauletbaeva
Біраз нәрсені түсініп жатырмын кітапты оқып. Бірақ артынан басқа сұрақтар пайда болағанда жауап бере алмадым. Өте құнды кітап болды мен үшін. Ұзақ жылдар қайталап оқитыныма сенімдімін🫰🏼
❤15👍1
Әр оқырманның өзімен қауышуына тамшыдай болса, үлес қосатын кітап болса деп едім. Мынадай кері байланысты оқып, шүкір деп, осы жолда жетелеген Жаратқаныма алғыс айтып отырмын🥹🥹🥹🙏🏻
❤37
Қатты аңсаған қалау-мақсатыңа қол жеткізгенде не болады, білесіз бе? Жеткен адам қандай күйді кешеді?

Жеке тәжірибеңіз, бастан өткен оқиға болса да, бөлісіңізші👇🏻
❤10