Эльвира Ерғалина | ПСИХОЛОГИЯ
2.68K subscribers
336 photos
71 videos
2 files
120 links
Психикасын, сезім-эмоциясын сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Кітаптарыңызды Alqa баспасының қыздары сартылдатып жіберіп жатыр.

Кімге қандай сурет түседі, метафоралық әсеріне мән беріңіз❤️

Кітапқа тапсырыс беру үшін мына сілтемені басыңыз

https://kaspi.kz/shop/p/el-vira-er-alina-k-le-ke---zhary--139083329/?c=750000000&ref=shared_link
❤14🔥2🥰2
📚КІТАБЫМА АТЫҢЫЗ ЖАЗЫЛҒАНЫН ҚАЛАЙСЫЗ БА?

Алғашқы оқырмандарыма ерекше сыйлық дайындадым. Көбі өз аудиториям, “жақын жандар” ғой.

Кітапты алып, оқып, аудиотерапияларды жасап… соңында шынайы, жүрекжарды пікірімен бөліскен жанның аты-жөні кітабыма шығады. Шарттарын кітапта толық жазғам.

Келесі басылымда “Оқырман хаты” деген айдар қосылады кітап соңына. Жазылған бірнеше хатты іріктеп, ішіне қоса басамыз🤩

Кітаптың ішінде толық аты-жөніңіз тұрады. Әдемі естелік болады.

Қалай бұл идея?👇🏻
👍33❤8🔥7
Алматыда “Көлеңке—Жарық” кітабымның тұсаукесерін өткізіп алдық.

Қолдап келген әрбір жанға алғысым шексіз!❤️🙏🏻

Презентациядан фотограф түсірген фотолар мына сілтемеде: https://disk.yandex.com/d/wsjqwfUZMRYB9Q

Екі папкаға салыпты. Өөөте көп фото бар. Келген жанның бәрін түсірген сияқты.
🔥8❤2👍1
Аудиториямдағы әр жанға “адам” деп қараймын. Бизнес тұрғысынан “ақша әкелетін капитал” деп қарауым қажет-ақ.

Жооқ! Мен үшін әрбір аккаунттың артында түрлі тағдыр, тірі жан отыр. Адам отыр.

Осы ұстанымымның әсері: әр оқырманыма құрмет көрсетем, контентімді максимум сапалы етуге тырысам. Әр жобама “жанымды салам”.

Осыны кеше презентацияда бір оқырманым нақ-нақ айтты. Сырт көз бәрін көреді, біледі емес пе?!

“Қанша жыл болды, бақылаймын. Продажа үшін көлік, ақша ойнатпадыңыз. Жылап-сықтап, эмоциядан баспадыңыз. Қызыл-жасылмен қызықтырмадыңыз” деді.

Тосылып қалдым… Бәрі бар, бәрі қолжетімді заманда адамға адам қымбат болады екен.

“Адамға” арнап жазған тағы бір жобам - кітабым оқырманның қолына жетіп жатыр. Жанға дауа кітап болсыншы деп тілеудемін❤️🙏🏻
❤77🔥6👍5
Кітап шығару деген өзі қызық екен ғо(й)🥰

Бүгін бір ер кісі менеджеріме хабарласыпты. Номерімді инстадан алса керек.

“Эльвира әлі жас, кітап жазуға оған ерте. Маған кітапты адресіме салып жіберіңдер. Мен ол кітапты көруім керек. Өзім 40 жыл профессор болған адаммын. Оған әлі әлі ерте кітап жазуға,” депті.

Қызық енді басталады-ау😁
🤣38❤9😁5👍1
Өз өміріңді сүріп, арман-мақсатыңды орындағаның біреулерге балағат боп тиіп жатады. Айдалада жүріп ренжіп қалатындар болады. Өмір сонысымен қызық.

Кітап әлемінің де “полицейлері” бар екен. Барлық сала сияқты🥰
😁27❤8🙈6👍2
“Түрім оттай береді” демекші… Жасым Жамбылдың жасына келгенін қалай білдірем? Маңдайыма жазып алып жүрейін бе? а? 😅
🤣30❤12👍3
Forwarded from Жанил.С
Салем Эльвира ханым
Кітабыңызды алып оқып бастадым ,бастапқы жаттығудан,,өзіңді танудың алғашқы қадамы,,екі күн бойы көз жасымды тия алмадым өкірп жыладым,кітап өте керемет өмірге көзқарасыңды өзгертеді екен,балалық шаққа апаратын емдеу терапиясы тіпті керемет, кітаптан басыңды ала алмай қаласын магнит сияқты жабысп😍
Кітабыңыз Психологқа барғандай әсер берді,әлі түгел оқыған жоқпын бастапқы бір екі жаттығуды жасап болдым,ұйқым келе беред,шаршап жүрм жата бергім келед,психикам өткен бала кещімдегі ауыр ситуацияларды босатпаған екенін білдім,кітап бағасы тіпті қымбат деп ойласам өте арзан екен ғо
Эльвира ханым рахмет алғысым шексіз сізге деген,кітабыңыз,идеяңыз көбеие берсін,шығармашылық табсы тілеймін,биіктен көріне беріңіз,сіз лайықтысыз әлемдегі бар жақсылыққа🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍😘😘😘
❤19👍6
Forwarded from Moldir Dauletbaeva
Біраз нәрсені түсініп жатырмын кітапты оқып. Бірақ артынан басқа сұрақтар пайда болағанда жауап бере алмадым. Өте құнды кітап болды мен үшін. Ұзақ жылдар қайталап оқитыныма сенімдімін🫰🏼
❤15👍1
Әр оқырманның өзімен қауышуына тамшыдай болса, үлес қосатын кітап болса деп едім. Мынадай кері байланысты оқып, шүкір деп, осы жолда жетелеген Жаратқаныма алғыс айтып отырмын🥹🥹🥹🙏🏻
❤37
Қатты аңсаған қалау-мақсатыңа қол жеткізгенде не болады, білесіз бе? Жеткен адам қандай күйді кешеді?

Жеке тәжірибеңіз, бастан өткен оқиға болса да, бөлісіңізші👇🏻
❤10
Forwarded from RINAT R
Эйфория басылып қалады.
Бір күнделікті дүние сияқты сезіледі.
Тіпті кейін ұмытып кетуің де мүмкін, ол сезімді.
❤7
Мақсатына, көздегеніне, арман-қалауына жеткен адам әрине қуанады. Эмоциясы атқылайды, біраз уақ эйфорияда жүреді.

Эмоция тез басылады. Сосын жан-дүниесінде “опустошение” бола бастайды. Құлазу, өмірден мән кеткендей сезіну. “Енді ары қарай не болады?” деген сұрақ басталады.

“Осыған жетсем, бәрі өзгеріп, бәрі ғажап боп кетеді” деген иллюзиясы болса, онда депрессияға ұшырайды.

Неге мұндай болатыны қызық болса, тарқатайын👇🏻
❤19🥰2
Адамның психикасы көп нәрсеге “үйреніп алады”, айналаның бәрі тұрақты болғанына ұмтылады.

Күнде армандап, сәт сайын ойлайтын арман-мақсатқа да үйренеді. Оның “кеткенін” аса көздемейді.

Ал арман-мақсатқа жеткен соң ол “ұшып кетеді” емес пе? Ол орындалған соң бұрынғыдай ойыңда, жоспарыңда, әр әрекетіңде болмайды. Ол орындалды, галочка ұрылды✅

Міне, осы сәтте психикада ауыс-түйіс процесі жүреді. “Енді жоқ нәрсенің” орны мен маңызы тым үлкен болса, “жоғалту травмасына” ұласуы мүмкін.

Мысалы: “күйеуге шықсам, бәрі ғажап болады” деп ойлаған қыз бойдақтығын, тағы көп нәрсесін жоғалтқанын елемейді. Бірақ көңілде құлазу қылаң береді.

Бала босанған әйелде неге депрессия болады? Баяғы еркіндігін, өзіне ғана тиесілі уақытын, мүсінін, балалы болу туралы қиялын көп нәрсені “жоғалта бастайды”.

Арман-мақсат, қалау деген де сол сияқты. Бір нәрсеге жеткенмен “жоғалтқаның” да біршама болады.

Бұл үнемі болатын процесс, тек бейімделу қажет. Қоштасып үйренбегендер, осындайда болатын сезімдермен кездесуден қашатындар бір орында қалуды көздейді. Жетістікке жету, жаңа деңгей, жұмыс ауыстыру сияқты аса маңызды қалауларын орындаудан бас тартуы мүмкін.

Ақшамен қоштасудан қорқатындар да жиі кездеседі. Яғни ақша жаратқан сайын ол мүлде жоқ боп, қайта келмеске кететіндей көрінеді.
❤21🔥10👍2
Арман, мақсат, қалауға жетуді көздеу, соны аңсау ғажап. Бірақ ең бірінші “қоштасуды” үйрену қажет.

Сонда келесі деңгейге шыққанда өткен деңгеймен қоштасасың, сезімдерді өткересің, ары қарай жылжисың.

Қоштасудың басы - балалықтағы сезімдер, ата-анамен сепарация. Құрсағынан шыққан анаға қатысты көп сезімді “жіберіп”, қоштаса алсаң, ары қарай жеңілдей береді. “Маманы іздеу” не “маманың проекциясы” болмайды не аз болады.

Дініміздің өзі “қоштасуға” бейімдейді, байқайсыз ба? “Садақа, зекет беру, т.б.” амалдар арқылы бейімдейді. Қолда барды беталды тарата беру емес, “қоштасуды үйрену”.
❤20💯5
2020-шы жылы аз уақытта 9,5 млн теңге таптым. Оған дейін мұндай сома сұмдық арман болатын. Ақшаға қатысты түрлі практика жасап, ізденіп, көп әрекет жасаған арманым еді.

Соған бір күні жеткенде не болды? Құлазу, енді ештеңе қызық еместей, ақшаның өзі еш маңызды еместей күй басталды.

Әрине ол кезде менде мұндай процесс болып жатқанын білмеймін. Ол туралы әлі білім жоқ.

Ештеңеге зауқым соқпай, басқа нәрсе іздегім кеп кетті. Карантин, аяқ-қолың матаулы. Сонда өзімді жазғыра бастадым: “қанағатсызсың, шүкірің жоқ, сенде бірдеңе дұрыс емес, Эльвира” деп. Психикамда маңызды процесс жүріп жатқанын қайдан білейін.

Сосын Астанадан Алматыға көшу, бей-берекет қыдыру, көөөп бейтаныс жандарды жан досыңдай жекеңе кіргізу басталды. Шекара ашылғанда басқа елге көшу… Өзімдегі күйден қашқам. Жан-дүниемдегі құлазуды әрнемен толтыруға тырысқам. “Қоштасу, жоғалтудағы” сезіміммен кездескім келмеген. Тіпті соңы депрессияның симптомдарын бұрқ еткізді. Мұны кейін білдім ғой.

Мұндай жайт бұған дейін де болған. Тек осы оқиғадан кейін “неге бұлай” деген ізденіс басталды.

Психиканың реакциясын, процесін білмесең, өзіңді жанталаспен түтіп жеп қоясың. Тоздырып жібересің.
❤25👍6
Дәл қазір де менде “қоштасу процесі” болып жатыр. 2 күн болды жатам, көөп ұйықтаймын. Ешқайда шыққым келмейді.

“Кітабыммен” қоштасу процесі қазір. Қанша жыл көкейімде тасыған арманыммен қоштасып жатырмын. Өзің қолмен жазып, әр деталын айлап-жылдап дайындаған соң жаныңның бір бөлшегіне айналады екен.

“Ой, шаршадым, енді демалуым керек” деп, шетелге, саяхатқа тартып кетуіме болады. Ондай вариантты бәріміз білеміз. Бірақ онда сезімдерімді түкпірге тығып тастап, ішкі процесімнің толық өтуінен қашқан болар ем. Түбі тән ауруы не депрессия боп шығып тынар еді.

Осы сәтке, осы күйді өткеруге дайындалдым. Бұ жолы жеңілдеу өтуде. Ұйқы арқылы қалыпқа келіп жатырмын. Ұйқы бейімдеп жатыр.

“Кітабым шықты, бәрі ғажап боп өзгеріп кетті. Бақыттымын. Өмірім жеңіл, күйім жеңіл” деп, өзімді де, өзгені де алдай алмаймын. Арман-қалауға, мақсатқа жетудің артында осындай маңызды процесс тұрады.
❤25👍7👏2
Психиканың жұмысы, сезімдер басқаша жүреді. Оны санамен ұға бермейміз. Ойға, санаға, логикаға салсақ, бәріне шүкір етіп, қуанып, шаттанып, бақытты боп жүруіміз қажет. Сосын өзін оймен жеп, кінәлауға ұласады: “тәкаппарсың, қанағатсызсың, шүкірің жоқ” деп. Айналаның қысымына қоса, адам өзін-өзі жазалап, шаршатып жібереді.

Жоқ, құрметтім, шүкірмен, қанағатпен, жалпы сөзбен бәрі шешіле салмайды. Өзіңізге, жаныңызға, психикаңызға күтім жасау ең үлкен “шүкір”, ең үлкен құрмет.

Қысты жібермесек, көктем келмейтіні сияқты өткен деңгейді іштей жібермесек, келесі деңгейге өте алмаймыз. Психикаға сұмдық ауыр жүк болады. Ресурс таусылып, энергия жетпеудің көкесі сонда болады.
❤27
“Үздік оқушылар” сол баяғы… мектеп қабырғасындағы “жетістіктерімен” қоштаса алмауы мүмкін. Жаңаны басынан бастау үшін “дымбілмес” күйге түсесің емес пе? “Позор!”

Қоштасуды, жіберуді, одан кейін болатын қайғыруды меңгеру аса маңызды екен. “Көлеңке—Жарық”-ты оқығандар түсінеді. Қоштасудың, қайғырудың қаншалықты маңызды екенін жазғам. Әсіресе, өз иллюзияңмен қоштасуды.
❤30
Болып жатқан күйіммен бөлісіп қояйын дедім. Бір иллюзияңыздан арылуға көмектесер🥰

Мақсатқа жетудің артында қажырлы еңбек тұрады. Тек физикалық еңбек емес, менталды, эмоциялық, психикалық еңбекті де қосыңыз.

Осында жазып, бөлісіп жатсам, демек, бетім бері қарап келеді-ау🥰
❤36